«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет11/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Қалидолла:
Әр уақытта жөн болар
Әдептен көп аспаған.
Жаңа өзің мақтаған
Қазыналы маңғыстау
таусылмайтын дастан ән.
Құлақ түріп отырған
Бүкіл әлем, астанам!
Жер астына жеті қат
тұңғыш түрен тастаған.
өтебаев сафи мен

191
Айтыс 4 ТОМ
өзбекқалиев Халелдер,
өтесінов рахмет,
табиғаты қатал деп,
Қиындықтан қашпаған.
Жер жарып тұр бүгінде,
маңғыстаудың атағы.
Қарбалас қызу еңбекпен,
таңы ерте атады,
Күні кештеу батады.
сонда-дағы мамандар
ағыл-тегіл уақытпен
запас бөлшек жеткізбей,
айқайласып жатады.
маңғыстаудың бір кезде,
Бой бермеген фонтаны.
тұншықтырып алыпсың,
Кеңге салып арқаны.
өзеніңді өрелеп,
Жетібайды тұсапсың,
есіңде бұл жөніңде,
Қозғау салар көңілге,
тереңнен ой қазғаны,
«Правданың» жазғаны.
осы жолда сендердің
Қолдарыңды байлаған.
Жетпейді екен тұщы су,
түтікпенен айдаған.
зиян шегіп сондықтан,
Қағылыпсың пайдадан.
ағайынға сәлем айт,
мыңғыртып мал айдаған,
Жарты аралды жайлаған.
мол су күтіп отырған,
сонау амудариядан!
тілеумұрат, досым-ай,
Кемшіліктің сендерден
Көрдік біз де талайын,
дүрбі салып қарайын.
он жыл бойы салса да,

192
Қазақ өнерінің антологиясы
Бітіре алмай келеді
Құрылысшылар өзенде
мұнайшылар сарайын.
Шалғайдағы маңғыстау
ауданында әлі күн.
Шүкір еткен үйлер бар,
Білте шамның жарығын.
мәдениет жағына
Көңіл бөлмей басшылар,
Көшелерін шаң басып
Жатыр кейбір ауылың.
ағаш егіп бір кезек,
Көркейсеңші, бауырым!
Шайыр, таушық, ақтөбе,
оңды, сазды, Бекінің
Клубтары қыс болса,
Жабық тұрар салты бар.
осы жайлы ашынып
Жергілікті халықтың
облыстық газетке,
Жазған талай хаты бар.
Шаруашылық жақта да
ақсап жатыр аяғың.
Кей жылдары шопандар
ұстап қалды таяғын.
мал басының сондықтан
өсуі де шамалы.
Қойларыңды еңкейген
Кемпір-шалдар бағады. 
маңғыстау мен Бейнеуде,
неге қолдау таппайды,
Шұбартаулық жастардың
Бастамасы бағалы?
Тілеумұрат:
ерік бермей жүр еді бойдағы арын,
Шабытыма от берді қайрағаның.
арындап ысқырығың жер жарғанмен,
Боп жүрмесін бес ешкі айдағаның.

193
Айтыс 4 ТОМ
сұлу сөз нақтылы істі айшықтайды,
алайда, қызыл тілден май шықпайды.
мен енді табысымды баяндайын,
Құлақ салып, ақыным, ұқсаң жайды.
мұнайшылар мықты ғой, жаны жайсаң,
солар жайлы айтайын қабыл алсаң.
Қалайша мақтанбайын төрт-ақ жылда,
алпыс миллион тонна мұнай алсам.
Барлаушылар мұнайды таппасын ба,
Бір жаңалық естиміз аптасына.
«мнгр» экспедициясын жазып қойдық,
облыстық «Құрмет тақтасына».
газ аттырған ғазизді тұңғыш рет,
Бәрі айтады «тамаша бұрғышы» деп.
Жалғасбаев, Қадыров еңбек ері,
алдан күтер әлі де ырысы көп.
сайысып көр солармен болсаң мықты,
Жүлдегер жаңа есімдер тағы шықты.
мастерлер Байболов пен тапсұлтанов,
төрт-ақ жылда бітірді бесжылдықты.
Құрылыс та қарқынмен қызып жатыр,
тасты тіліп, тауларды бұзып жатыр.
түрлі құбыр төселіп жер астына,
Көшеде солардың көп ізі жатыр.
салған үйлер мақталмас саныменен,
Қалаларым көркейді сәніменен.
Биік үйлер ақ шаңқай көк тіреген,
газондарым сияқты қалы кілем.
Қайтемін өнерімді аяп қалып,
Көкірегім жырласын ән ақтарып.
өзен деген қаламда алпыс құрылыс –
газ заводы келеді аяқталып.

194
Қазақ өнерінің антологиясы
тауса алмаспын мен бәрін түгел санап,
Құрылысымды көрдің ғой өзің қарап.
Бір өзі бір қала боп Шевченко да,
Пластмасса заводы жайды қанат.
Бұрын-соңды болмаған кереметті,
естігенде құлағы елең етті.
Күшіменен атомның ащы теңіз,
тұщытылып, ауыз су елге жетті!
Жыр қылдым озаттардың табыс жайын,
олардың бәрін қалай тауысайын.
маңғыстауды әзірге қоя тұрып,
мен енді гурьевке ауысайын.
Жазда бардым, еліңіз аман екен,
гурьевте өзгеріс шамалы екен.
Жаңбыр жауса ми батпақ табанды ұстап,
Бәтеңкеңіз әр жерде қалады екен.
Бүгінгі ісің мықты емес кешегіден,
Құрылысшылар кеш тұрар төсегінен.
гурьевте бір-екі үй тапсырыпты,
өліп-талып өткен жыл есебінен.
советтер үйін айтсам жоспардағы,
Жеті жыл өтіпті ғой басталғалы.
Әлі тұр қабырғасы көтерілмей,
осы ма іскерлікпен басқарғаны?
іргеңде ақ Жайығың ағып жатыр,
су айдайтын қондырғың неғып жатыр?
Қаланың қақ жартысы суға зәру –
іс-шараң орындалмай қалып жатыр.
Көңілімді көншітпеді гурьевің,
Әнге қосқан атақты «жер биігің».
сәлем айт басшыларға – жақсыларға,
Әр іске сала жүрсін көз қиығын.

195
Айтыс 4 ТОМ
Қаланың ортасында бақ бар еді,
Шілдеде білінбейтін аптап демі.
Қаланың басшылары көңіл бөлсе,
сол бақты гүлдендіріп баптар еді!..
Қалидолла:
ақ Жайықтың суынан нәр аламыз,
сіздерге айтсақ бұл жайды болады аңыз.
Бақша-бауға ауылдар тұрған тұнып,
нанбасаңыз тағы бір аралаңыз.
Жиырма шақты халықтық театр бар,
Қамқорлық пен қолдауға риза олар.
москва, Прагада күйін төкті,
Балды бармақ рысбай, наримандар.
Жырладық жерімізді, елімізді,
теңіздей шалқып жатқан кенімізді.
еңбегімен халыққа үлгі болған,
тау қопарған толағай ерімізді.
айныма сен де осынау шабысыңнан,
атағыңнан, жер жарған дабысыңнан.
Әрқайсымыз мақтадық жерімізді, ―
«Қанына тартпағанның қары сынған».
Басжылдықтар – шыңдарым, ұлы асуым,
Шабыт көзі, қайнарым, жыр асылым.
Әр жыл сайын көрейік туған елдің,
табысына тасқын сел ұласуын!
Тілеумұрат:
осы айтқан сынымыз
Әзірге қалар жарап та.
ақ ниетті сөзімді
салмақпенен сарапта.
Бүгінгі істер жұмысты
ертеңгіге қаратпа.
мұраттарға бастасын,
Әрбір күн мен әр апта.
Шабыт берсін ұлы той
ақындық өнер талапқа!
1980 жыл.

196
Қазақ өнерінің антологиясы
ЖҰМАШ ПЕН АЙТУҒАН
Жұмаш:
«ер жігіт алғы сөзді бастай ма?» деп,
отыр ем тәуекелге баспай кенет.
үлкендер жолды маған ұсынған соң,
Жыр туын көтерейін саспай демеп.
айтыстың алғы сөзін бастағанда,
от берер соның өзі жас адамға,
ұсынып қолды үлкендер отырғанда,
Бастамай мен де бүгін жасқанам ба?
еңселі «ешкіөлместің» бауырынан,
Шырқатып мен әрқашан саламын ән.
Қырандай қалықтамай тұрам қалай,
Шыққан соң Жетісудың алабынан?
есенбісің, айтуған әріптесім,
алдымен бастады деп жарыс көшін.
айыпқа бұйырмассың бұл Жұмашты,
тартысып тағар кезде әр іске сын.
еңселі «ешкіөлместің» бауырынан,
Әйгілі сара апамның ауылынан.
мен келдім қалтарыста қалып жүрме,
Шайқалып жүрегімнің дауылынан.
Әрқашан айтыс десе гүл ашатын,
тізгінін сөздің алар Жұмаш ақын.
елімнің асқаралы алпыс жылдық,
тойында кезің келді сынасатын!
Айтуған:
сенбісің Қапалдағы әйгілі ақын.
сыртыңнан естілуші ед әйдік атың.
облысың алты ай бойы мәпелепті,
Жаратқан бапкердей-ақ бәйге атын.
ойлама осал жан деп белдескенің,
сырымды білсең мұнда келмес те едің.

197
Айтыс 4 ТОМ
Көп жайды аңғартпай ма, іздеп барып,
«ешкіөлмес» бауырында кездескенім.
Шалқытып шабытымның нұр-жалынын,
өлеңнің селдетейін сырлы ағынын!
сараның сіңлісі сен болсаң егер,
мен-дағы заманымның Біржанымын.
Құмартқан алатаудың бұлағына,
ұқсайсың киіктің жас лағына.
осы жол мықты болсаң, ілдірмей кет,
Кез болдың Хан тәңірдің қыранына.
сөзімде серпіні бар сүйінбайдың,
Жұмаш-ау, жырда саған сыйынбаймын.
ағаңды жеңем десең, мықтап жеңгін,
Қарсы айтсаң, барған сайын қиындаймын.
Жаныңа құйғандай-ақ шаттық нұрын,
Шабытты шақта екенсің, қалқам бүгін.
Жүйріктей қаным қызып, жүрек тулап,
менің де бабында тұр тарпаң жырым.
Бар ұлтпен достастырып арамызды,
Көтерген таудай биік санамызды,
Жырлайық Коммунистік партия мен
аяулы Қазақстан – анамызды.
сөйлесем айға білеп азуымды,
Шамданба шыңға балап әзілімді.
Жаны – жаз, көңілі – көктем, құрбыласым,
тыңдайық енді сенің наз үніңді.
Жұмаш:
облыстың орындауда аманатын,
Болмаспын оңай олжа саған, ақын.
талаптың тұлпарына ер салғайсың,
Жел сөздің қамшыламай шабан атын.
Бұл күнде алсаң-дағы қай жағынан,
Шалқыған шаттықпенен аймағым ән.

198
Қазақ өнерінің антологиясы
еселі ер еңбектің екпінімен,
тулайды толқынданып бойдағы қан.
санамай мені әріптес қатарына,
Жасырын барып қайттың Қапалыма.
түлкідей қыр айнала бұлаңдаған,
Жараспас шын ақынның атағына.
Белгілі қаншалықты сөз білерің,
мақтанар кезім келді енді менің.
Пір тұтам жиырма сегіз панфиловшы – 
Батырдың бізден шыққан он бір ерін.
аяулы талдықорған атырабы,
ырыс қонған торқалы топырағы.
Басталған арынды ақын ілиястан
Жыр толқып, күй күмбірлеп, шалқыр әні.
Кей шақта жыр шарпыса өзегімді,
мен одан ләззат алар сезем үнді!
тықыршып сен де отырсың, айтуған-ау,
Берейін енді өзіңе кезегіңді.
Айтуған:
Әзілін кек көрмейтін қыз баланың,
Жеңбейсің алатаудың мұзбалағын.
аяулы алматының ақынымын,
егерде ішің күйсе тұз жалағын.
дәулетті бір ауданым – Күрті деген,
Бұл күнде облыста дүркіреген.
өсіріп жүз саулықтан жүз он қозы,
Көш бастап келе жатыр көркіменен.
Әрине, туған жерді мақтан қылам,
іленің толқындары жатқан бір ән.
Жұмашжан, Балқашыма қонақ болғын,
ондатр тон кигізіп аттандырам.
Көз жетпес Балқашымның аумағына,
Қондырған бақыт құсы бау-бағына.

199
Айтыс 4 ТОМ
Халқымның жарық жұлдыз маңдайдағы,
депутат димаш аға ауданымда!
дәуірдің ұранындай Жамбыл әні,
ұрпақтан-ұрпақтарға жаңғырады.
отаны ұлы ақынның – ұзынағаш,
өлеңмен сусыныңды қандырады.
мақтаған араладым Қапалыңды,
Кей жайы көңілімді қапа қылды.
Көрем деп жақсы жағын әуре болып,
Жүргенде астымдағы ат арыды.
«Көлтабан» өзің туған ауыл екен,
Құт қоныс, сайы – пана, тауы – мекен.
Қашатын қонақ келсе сол колхоздың,
өзіңе бастықтары бауыр екен.
Жүйрік деп естіп едім Қапалдағы,
Жол жорға, жабы екенсің қатардағы.
«арасан» колхозының бастықтары,
Қой жұтып, есіңде ме қақалғаны?
Құмар ем айтысуға көптен бері,
Қыруар мін түзелді ме өткендегі?
тартпайды қырық кило үлкен қойың,
соншама қоян болып кеткен бе еді?
Белгілі сырды айтпай сырғытарың,
онымен деп отырсың кімді ұтамын?
Бір кезде қойларыңа шөп орнына,
Беруші ең қарағайдың қу бұтағын.
Әріптес, кеңесіме сал құлағың,
Бір емес сөз түсінсең, сан құладың.
Күн сайын күрт төмендеп келе жатыр,
Қой завод асыл тұқым сарбұлағың.
Қызылжар дейтін бардым ауылыңа,
Күреңбел қоныстанған бауырында.

200
Қазақ өнерінің антологиясы
Халыққа кітап берер апайыңыз,
Шауып жүр ет дайындап сауығыңа.
ал, Жұмаш, шырқашы бір дара самғап,
Берейін сөз кезегін өзіңе арнап.
Бірақта сөйлер болсаң, анық сөйле,
мен емес кететінің балаша алдап.
Жұмаш:
Жалғыз-ақ мақтай берме ауданыңды,
Көрсеңші алысырақ аумағыңды.
Көргенде толып жатқан олқылықты,
тістерсің өзің-дағы бармағыңды.
сезбесең өлеңімнің жай тастарын,
орынсыз меніменен шайқаспағын.
өзі де аз уақытты «ұрлап» болып,
Шұбыртпа шумағыңмен ойқастадың.
Бір сәтке қоя тұрып басқа жағын,
Бақсаңшы халқыңның да қас-қабағын.
салына берме, ақыным, бос мақтанға,
Жамылып абыройын астананың.
астана бәрімізге ортақ қала,
орынсыз ортақ іске жалпақтама.
сіңірген адал еңбек, теріңменен,
еңбекті айт, ерлеріңді айт, ақын бала!
сен болсаң өлең сөзден іркілмеген,
Болғанмын, айтуған-ау, Күртіңде мен.
ауданда үш күн қонғам, машинаңмен,
Жүре алмай үш шақырым күркілдеген.
заманда мынау бақыт жайған гүлін,
Жаныңа батар анық қойған мінім.
Шашылған техникаңды жинадың ба,
ақши мен арасынан айдарлының?
Жөн болар жүйесімен сөге білген,
Бар-жоқты өз көзіңмен көре жүрген.

201
Айтыс 4 ТОМ
Жеті өгіз бақташының мойынына,
Жетпіс боп еселеніп неге мінген?
орынсыз шүйілгенше дүркін-дүркін,
сақтасаң, дұрыс сақта қоғам мүлкін.
Қойларың шала-пұла таз тырнадай,
Қырқылған, көрген сәтте келер күлкің.
ақыным, асқақтадың мақтанғанда,
мәзбісің сылтау тауып сақтанғанға?
совхозың тоқаш Бокин атындағы,
Бәйгеге тоқтыларын баптаған ба?
Япыр ай, семірткен бе қамап торға?
Әдейі қамқорлықпен алып қолға.
Байлаған бордақыға тоқтыларың,
салмағы он үш кило тартар зорға.
айтыста жыр пернесін басып көптен,
Қайтейін табысыңды тасып-төккен.
Бәрінен озат Жамбыл ауданыңның,
сүттері неге әр кез ашып кеткен?
екпінді, ұзынағаш, топарыңда –
алыста малшы ауылы отарыңда.
Бір тамшы суға зар боп отыр халық,
Күш жоқ па су құбырын апаруға?
Жүрмісің халқым өзі сезеді деп,
сахара шөліне де төзеді деп?
ал, кәне, бұл сауалға жауап берші,
тықыршып отырсың ғой кезек бер деп.
Айтуған:
Жұмаш-ай, өр екен ғой көкірегің,
Бел буып, енді мен де бекінемін.
орынсыз артық жайға неге бардың,
Белгілі айтқаныңа өкінерің.
Жырлаймын бүгінгі күн өренімді,
Жігітпін жұртқа жайған өнерімді.

202
Қазақ өнерінің антологиясы
Көз салсам алысырақ аумағыма,
Жырлаймын берекелі Кегенімді. 
ер ұлын ел мерейі қолдаса анық,
Бақыттан шыңға шырқар жолдас алып.
одаққа аты әйгілі ағайым бар,
атақты аға шопан молдасанов.
өлкемнің ең шетінде нарынқолы,
санайды алтын бесік әр ұлт оны.
ұлы ақын мұқағали мақатаев,
осы жердің толағай дарынды ұлы.
Шелекке келсең егер қонасың ба?
мерейлі ел, берекелі жер осында.
еріксіз күйеуіңді көндірер ең,
тырысып тұрақтауға селосына.
Байқамай жанған отты бастың анық,
өзіңді өз мініңнен қаштың алып.
алакөл ауданының совхоздары,
тауыса ма жанар майды ат суарып?
сырыңды білетінмін бұрында мың,
Қалқашым, жеңілесің ұрынбағын.
Кей ағаң сойып алып қоғам малын,
тулатты іште жатқан құлындарын.
Көргенде көркем қала үштөбені,
өң түгіл, көмескі жай түске енеді.
сапасыз киіз үйдің құнын даулап,
совхоздар күнде мұнда жүз келеді.
Көтерген алдында күн, арқасына ай,
алматым Жетісудың алқасындай.
сырғаңды сыйға беріп құтылмасаң,
Жолыңыз бола қоймас, қалқашым-ай!
Бәйгеден тұрса деймін жыры аты кеп,
өтелер сонда ақындық мұраты көп.

203
Айтыс 4 ТОМ
Білетін сөз мәнісін жан екенсің,
Жұмашжан, шын көңілден рахмет!
Жұмаш:
таусылса, айтуған-ау, жаттағаның,
Жөн болар құр терлемей тоқтағаның.
Қазандай ішің қайнап отыр білем,
дөп тимей бұл Жұмашқа оқтағаның.
Әдептен, әріптесім, аттамалық,
өзіңді әлі-дағы бапта барып.
Жұмашпен айтысуға тағы бірде,
Келерсің жігеріңді топтап алып.
Жойылмас қасиеті бойда бардың,
нәр алып сусындайды ойдан әр күн.
ұмтылмай есіл жүрек өз еркімен,
Күшімен келгенсің-ау айдағанның.
Көрсетсең көңіліңнің күптілігін,
Болмас ол, айтуған-ау, мықтылығың.
Жүз жерден жолбарысша жұлқынсаң да,
Жеңбейсің бұл Жұмашты тіпті бүгін.
мен емес сенен, ақын, жасқанатын,
өлеңнің қарыштатып қос қанатын.
Жырыммен қаусатармын қабырғаңды,
Көтеріп облысымның аспанға атын!
Бұл жерде кешке дейін қақсасаң да,
өлеңнің жүз шумағын жаттасаң да,
Жорғамын, шаңымды да шалдырмаймын,
өзіңді бір жыл бойы баптасаң да!
өмірдің алға тартқан көшіменен,
Әрқашан ілесетін досым өлең.
орынсыз көп алдында шайқаспайық,
айтуған, аяқтайық осыменен.
1980 жыл.

204
Қазақ өнерінің антологиясы
ШОЛПАН МЕН ЕЛЕУСІЗ
Шолпан:
сөздері жай оғындай жарқылдаған,
ақындар айтысудан тартынбаған.
алдында алқа топтың сөз бастайын,
рұқсат етсеңіздер, халқым, маған!
мерейі мерекеге шабыттанып,
Жүректер жыр бұлағын ағытты анық.
сүрінбей сыннан өткен сан жүйріктер,
Келіпті бұл сайысқа бағытталып.
Қоздырып көпшіліктің арқаларын,
осынау ақындардың марқаларын.
Әсімхан, Қалихан мен Көкен, манап,
танытқан талай көкпар тарта аларын.
Бойымды билеп алып тұр бір ағын,
дегендей: «ағыт, ағыт жыр бұлағын!».
Құлпырған қызғалдақтай көктемдегі,
армысың өнер сүйген құрбыларым?
армысың уа, астанам, туған қалам?
мен де бір сөз өнерін қуған балаң.
ұсынам жүрегімнен жыр шоқтарын,
атынан оралымның думандаған.
армысың, алатаудың ақындары,
саф алтын кәусар сөздің батырлары?
мүшелі Қазақстан тойы алдында,
Қызықтап жыр сайысын жатыр бәрі.
Бәтуа сөзге келмей тарқамалық,
Жыр үшін жігерімді сарқам анық.
Әбділда, мұхаметжан ағаларды,
Көргенде, кеттім қазір арқаланып.
Қайнаған қызу еңбек даламыздан,
еңбеккер үлкен-кіші, баламыздан.

205
Айтыс 4 ТОМ
сәлемші – мен оралдың қарлығашы,
Бас иіп тәжім етем араңыздан.
сәулетті құшағында замананың,
мен еркін қанатымды қаға аламын.
торқалы Қазақстан тойы алдында,
Жырламай қалай тағат таба аламын?
Кенге бай, мол қазына әр төбесі,
ақ бидай алқабында – дән төресі.
Жылма-жыл миллиардтың межесінде,
елімнің арта берсін мәртебесі.
осындай елдің құрыш қыранымыз,
Бейбіт күн, коммунизм ұранымыз.
Жасай бер, гүлдене бер, Қазақстан,
арналған бір өзіңе жыр-әніміз.
атады тамылжыған әнмен әр таң,
Бейбіт күн, ұлы еңбектің күйін тартам.
Шалқысақ, шабыттансақ, жыр толғасақ,
отаным, Компартиям, сенің арқаң.
төрінен орын алып сахнаның,
Жыр селін шабыттана сапырамын.
ақынын көрші облыс ақтөбенің,
өзіммен айтысуға шақырамын.
Жырларым жанарымда жарқылдайды,
Шабытым – теңіз, буы сарқылмайды.
сөзбенен сілкілесіп көрейікші,
Шын жүйрік сайыстардан тартынбайды.
Елеусіз:
алатауым, армысың,
Қарт шежіре, бармысың?
Баяғыдай сәукелең –
төбеңдегі қарлы шың.
«Қайдан келіп қалды» деп,
мен балаңа таңбысың?

206
Қазақ өнерінің антологиясы
тап өзіңдей сабырлы
Көргенім жоқ тауды шын.
Бір өзіңнен табылар
Барша сурет, бар мүсін.
талай ақын арнады,
ықылас пен алғысын.
алатауым – қарт бабам,
тарих сырын сақтаған.
мұндай сайыс көргем жоқ,
айналам жүйрік қаптаған.
Қас тұлпарын өнердің,
емеспін бұрын баптаған.
Желеп, жебеп шабыт бер
Қадамыма аттаған!
толқиды екен қалайда 
осындай бір шақта адам.
ақын Шолпан Жайықтан,
Барымды саған ақтарам.
өзіңдей жүйрік дүлдүлмен,
Кездескенге мақтанам.
еліңнің көріп табысын,
сен үшін бүгін шаттанам.
өзіңе бердім кезекті,
назыңды жырмен айт маған.
Шолпан:
өтті ғой содан талай арада күн,
Келмейді көп алдында қаралағым.
оқудың түбін тескен жан болсаң да,
Жалғыз хат жолдауға сен жарамадың.
Болады бізде басым төзім деген,
Жігіт пе ең әлде қызды көзге ілмеген?
«сарасы ақ Жайықтың – мен» дегенде,
Біржан боп келе алмадың өзің неден?
Бойыңда жалындаған күшің тасып,
тұрғанмен, ақын жігіт, ісің жасық.
аулыңнан серік ертіп ала келдің,
Жүргендей сені менің мысым басып.

207
Айтыс 4 ТОМ
тастайын сынды бірден сірестіріп,
соғайын сөзден қамал тірестіріп.
елеусіз, мен өзіңді жеп қоярдай,
Келіпсің жұбайыңды ілестіріп.
мен өзім айтысудан тартынбаймын,
егессең, найзағайдай шартылдаймын.
Көзіңе кішілеу боп көрінгенмен,
айтыста салмақтымын, алтындаймын.
Жер болсаң, гүлің болып ашыламын,
Күн болсаң, нұрың болып шашыламын.
Байқамай, намысыма тиер болсаң,
Шоқ болып табаныңа басыламын!
Шабытым ақ Жайықтың ағынындай,
екпінім жанартаудың жалынындай.
Қол созған жігіттерге жеткізбеймін,
Көктемгі көк жиектің сағымындай.
айтып бер, ақтөбелік табысыңды,
Байқайын топ алдында шабысыңды.
елімнің сенім артқан еркесі едім,
ешкімге жібермеспін намысымды.
Елеусіз:
мен өзім «тұлпармын» деп мақтанбаймын,
Және де «жабымын» деп жасқанбаймын.
Әділін тура айтамын кім де болса,
Жаныма, намысыма батқан жайдың.
ақ Жайық дәстүрі мол, салты бар ел,
өсірген талай-талай даңқы бар ер. 
сүймеймін жұрт алдында асқақтауды,
Кім жүйрік, кім шабанын халқым білер.
ақынға салтымыз бар қуанатын,
Әрдайым жақсылықпен құп алатын.
Шолпанжан, халің қалай, қарындасым,
Шәкірті тайыр, Хамза, Жұбан ақын?

208
Қазақ өнерінің антологиясы
Көршіміз жалықпайтын сырласудан,
Жүрекке жылу алған күн қасынан.
Жырлайық халқымызды, елімізді,
Шабыт ап, коммунистік бұл ғасырдан.
Кеудем – күй, жүрегім – ән, жаным – дастан,
Келемін сол қарқыннан жаңылмастан.
дәстүрін ақын сара жалғастырған,
өзіңдей айналайын, қарындастан.
өнер мен өлеңім ғой бағымды ашқан,
Бүгінгім нұрлы шапақ таңға ұласқан.
айтыста жеңілсем де арманым жоқ,
өзіңдей сүйкімді бір қарындастан.
өйткені жолың – үлкен, сырың – нәзік,
ағаңа дидарың мен жырың азық.
айтатын тілегім бар, айтыстан соң,
Қалмайын, қарындасым, көзім жазып.
артса егер мойыныма жүгін елім,
Әділдік ел алдында жүгінерім.
дауысың ақ бұлақтай сылдырлайды,
осылай шырқарыңды біліп едім.
Шықтың-ау әзіліңмен дараланып,
ойлама, қалар-ау деп ағаң налып.
Шолпанжан, қайдан білем күйеуіңнің,
үйіңде қалатынын бала бағып.
айтысқа жүрейін деп жатқаныңда,
үйіңнен еретін жан таппадың ба?
Шолпанжан, ең болмаса телефонмен,
«Күйеуім келмейді» деп айтпадың ба?
ақынның осындайда қиялы көп,
Келеді әзілдері зиялы боп.
Шырағым, шалғай жерде жүргеніңде,
Болғаны әйеліңнің зияны жоқ.

209
Айтыс 4 ТОМ
Шолпан:
Жырлайын мен өзімше бөгелместен,
Күркіреп көкірегімнен өлең көшкен.
Көңілден шықпай жатсам кешіріңіз,
Көпшілік құлақ түріп елеңдескен.
несіне мен өзімді ұсақтайын,
гурьев, ақтөбе, орал – үш ақ қайың.
Жатады ел аралас, қой қоралас,
Кездессек, қуанамыз, құшақ дайын.
иесі болмасам да жыр тағының,
Бойына жинай білген сыр, тағылым.
«үш жүзге ән оздырған» әнші мұхит,
елінің өнер қуған ұрпағымын.
ұқтырған күймен мұңын, зарын-дағы,
Қазақтың күй атасы, дарындары.
дина мен Құрманғазы перзентімін,
даңқы өшпес махамбеттің нарындағы.
Қойдыңыз білместікпен сұрақ маған,
төрінен мен тарихтың сыр ақтарам.
оралдың төрт ғасырлық шежіресі,
Пушкин, даль, толстойлар тұрақтаған.
Жайнаған бүгінгі күн гүл өсірді,
Қаламның отты жылда үлесі ірі.
ерліктің символындай аспанында,
Пугачев, Чапаевтың жүр есімі.
Жолында құрбан болған біздің арман,
есімін жүректе ел тізіп алған.
ерлердің Фрунзе мен Фурмановтай,
оралдың көшесінде ізі қалған.
мақтаныш Қазақстан ұл, қызына,
Шығыстың жарқыраған жұлдызы да –
ордада туған біздің мәншүк батыр,
даңқына бүгін әлем тұр қызыға.

210
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешесі мен бүгіні толы аңызға,
Кәрі-жас көңіл бөлген мол аңызға.
Қазақстан жерінде ең бірінші –
тігілді советтік ту ордамызда.
ерлігін ерлерімнің дәріптеген,
таныстың тарихы зор тарихпенен.
«ер Чапай, батыр мәншүк» деп қазір де,
оқиды жас ұрпақтар «Әліппеден».
Күн санап өркендеген салтымыз бар,
Білікті өнер сүйген халқымыз бар.
сүйікті Компартия аясында,
еңбекпен шыққан елдік даңқымыз бар.
Белгілі көзбен көріп танысқаның
оралдың қол жеткізген табыстарын.
Қызыл ту желбірейді жеңіп алған,
өзіңмен социалистік жарыстамын.
Көрікті қаламыз да, даламыз да,
Білікті анамыз да, баламыз да.
ғылымға үлес қосқан оралдықтар,
Жүр бүгін астанада, арамызда.
талантты өнерлі елде туады адам,
Ән мен жыр тұнып тұрған дарқан далам.
өр Қасым, ғалым Қажым, Хамза, тайыр –
Халықтың ұлдары ғой, мақтана алам.
өнердің өрісінде қарыштады,
Қадыр мен сағынғали, ақұштабы.
ескендір, ғарифолла жолын қуған,
Белгілі таланттардың тағы ұшқаны.
Жоқ менің сөйлер сөзден тоқырарым,
Шындықты айтпай қалай отырамын?
таралған бір тамырдан еңбек, өнер,
ақ Жайық қасиетті топырағым!
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет