«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет22/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Ақтан мен Көлмағамбет (1980).
Қос  ақын  Қазақстанның  60  жылдығы  құрметіне  арналған  республикалық  ай-
тыста сынға түскен. ақтан нұрбаев – Шығыс Қазақстан, Көлмағамбет нұрмағамбетов – 
Жезқазған (қазіргі Қарағанды) облыстарының атынан айтысқан.
мәтін  «Жыр  шашу»  (алматы,  Жазушы,  1982,  168  бет.)  жинағынан  алынып 
ұсынылды.
Қалихан мен Сара (1980).
айтыс Қазақстанның 60 жылдығы құрметіне 1980 жылдың 11-12 маусымында 

380
Қазақ өнерінің антологиясы
алматыда өткізілген. Қалихан алтынбаев – Шығыс Қазақстан, сара тоқтарбаева 
семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облыстарының атынан сынға түскен.
мәтін «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 1982, 168 бет.) жинағы бойынша берілді.
Аяз бен Камал (1980).
аяз  Бетбаев  –  Жамбыл  облысы,  Камал  ендібаев  Шымкент  (қазіргі  оңтүстік 
Қазақстан) облысының ақындары. екі ақын Қазақстанның 60 жылдығы құрметіне 
1980 жылдың 11-12 маусымында алматыда өткізілген айтыста өнер жарыстырған.
мәтін «Жыр шашу» (алматы, Жазушы, 1982, 168 бет.) жинағынан алынды.
Есенқұл мен Көпбай (1984).
есенқұл  Жақыпбеков  –  алматы  облысы,  Көпбай  омаров  Шымкент  (қазіргі 
оңтүстік  Қазақстан)  облыстарының  ақындары.  екі  ақын  Қазақ  телевизиясы 
ұйымдастырған айтыста үзеңгі қағыстырған. 
мәтін «AITYSKER» интернет порталынан алынды.
Есенқұл мен Әселхан (1984).
есенқұл Жақыпбеков пен Әселхан Қалыбекова алматы қаласында Қазақ теле-
визиясы ұйымдастырған республикалық айтыста сынға түскен. 
айтыс «AITYSKER» интернет порталынан алынып ұсынылды.
Әсия мен Есенқұл (1984).
Әсия  Беркенова  –  Қостанай,  есенқұл  Жақыпбеков  –  алматы  облысының 
ақындары. 
Бұл  айтыс  Қазақ  телевизиясы  ұйымдастырған  «Жарасым»  атты  жыр  сайы-
сында  өткен.  мәтін  «мәңгі  көктем:  осы  күнгі  қыз  бен  жігіт  айтысы».  //Құраст. 
а.Бұлдыбаев (алматы, Жалын, 1988, 7-17 беттер.) атты жинақ бойынша берілді. 
Әсия мен Ерік (1984).
айтыс Қазақ телевизиясы ұйымдастырған солтүстік Қазақстан және Қостанай 
облысының ақындар айтысында Қарағанды қаласында өткен.  «мәңгі көктем: осы 
күнгі қыз бен жігіт айтысы». //Құраст. а.Бұлдыбаев (алматы, Жалын, 1988, 117-121 
беттер.) атты жинақтан алынды. 
Әзімбек пен Құдайберді (1987).
Әзімбек Жанқұлиев – Жамбыл облысының, Құдайберді мырзабеков – Көкшетау 
облысының  ақындары.  Бұл  айтыс  1987  жылдың  11  қарашасы  күні  Қызылорда 
қаласында ғ.мұратбаевтың құрметіне комсомол жастар арасында өткізілген. 
мәтін  «өнердің  аққан  жұлдызы»  Ә.  Жанқұлиев  жайындағы  эссе-естеліктер, 
өлеңдер мен айтыстар. //Құраст. алтынбек Жанқұлиев. (алматы: «ол-Жас» баспа-
сы, 2014. – 160 бет) кітабынан алынды.
Манап пен Тәушен (1987).
Бұл айтыс Қазақ телевизиясы ұйымдастырған Қызылорда және Шымкент (қазіргі 
оңтүстік Қазақстан) облысының ақындар айтысында Павлодар қаласында өткен. 

381
Айтыс 4 ТОМ
мәтін «мәңгі көктем: осы күнгі қыз бен жігіт айтысы» //Құраст. а.Бұлдыбаев 
(алматы, Жалын, 1988, 311-320 беттер.) атты жинақ бойынша берілді.
Әзімбек пен Әселхан (1989).
Қос ақын 1989 жылы 4-5 сәуірде алматыда ұйымдастырылған республикалық 
ақындар айтысында өнер жарыстырған. 
мәтін  «өнердің  аққан  жұлдызы»  Ә.  Жанқұлиев  жайындағы  эссе-естеліктер, 
өлеңдер мен айтыстар. //Құраст. алтынбек Жанқұлиев. (алматы: «ол-Жас» баспа-
сы, 2014. – 160 бет) кітабы бойынша ұсынылып отыр. Бұл айтыс «алматы ақшамы» 
газетінің 1989 жылғы 15 сәуірдегі санында да жарияланған.
Дүйсенбай мен Әзімбек (1989).
дүйсенбай  Жұмасейітов  –  Жезқазған  (қазіргі  Қарағанды),  Әзімбек  Жанқұлиев 
Жамбыл облысының ақындары. алматыда өткен республикалық айтыста сынға түскен.
мәтін  «өнердің  аққан  жұлдызы»  Ә.  Жанқұлиев  жайындағы  эссе-естеліктер, 
өлеңдер мен айтыстар. //Құраст. алтынбек Жанқұлиев. (алматы: «ол-Жас» баспа-
сы, 2014. – 160 бет) кітабы бойынша дайындалды.
Ерік пен Әселхан (1989).
екі ақын алматы қаласында республикалық айтыста өнер жарыстырған.
мәтін  е.асқаровтың  «Жүрекжарды»  жыр  жинағы.  (астана,  Фолиант,  2009. 
(217-223 беттер.) еңбегі бойынша беріліп отыр. 
Қонысбай мен Ерік (1990). 
айтыс 1990 жылы 5 сәуірде алматы қаласында болған. 
антологияға  е.асқаровтың  «Жүрекжарды»  жыр  жинағы.  (астана,  Фолиант, 
2009. (223-231 беттер.) еңбегі бойынша ұсынылып отыр. 
Серік пен Мэлс (1990).
серік  Құсанбаев  пен  мэлс  Қосымбаев  алматы  қаласында  өткізілген 
республикалық «наурыз» айтысында сынға түскен.
мәтін Құсанбаев.с. Жырлаумен өткен 20 жыл: Эссе-баян, айтыстар. (астана, 
Фолинат, 2011. 229-238 беттер.) еңбегі бойынша әзірленді.
Серік пен Қуаныш (1990). 
айтыс 1990 жылы наурыз айнда алматы қаласында өткен. 
серік  Құсанбаев  –  Шығыс  Қазақстан,  Қуаныш  мақсұтов  –  Қарағанды 
облысының ақындары. 
антологияға  Құсанбаев.с. – «Байғыз». (Павлодар, «ЭКо» ғөФ, 2001 ж. – 147-
154 беттер.) еңбегі бойынша ұсынылып отыр. 
Әбдікерім мен Әселхан (1990). 
Әбдікерім манапов пен Әселхан Қалыбекованың айтысы Шымкент қаласында 
болған.
мәтін Қалыбекова Ә. ұлық ием алғанда кеңдігіне. – (алматы: 2011, 206-212 
беттер.) кітабы бойынша әзірленді.

382
Қазақ өнерінің антологиясы
СӨЗДІК
«Айман-Шолпан» – лиро-эпостық жыр. алғаш жазып алып, баспаға ұсынған 
Жүсіпбек Шайхысламұлы. 1896, 1898, 1901, 1906, 1910, 1913 жылдары Қазан ба-
спасынан жеке кітап болып басылып шықты. төңкерістен кейін де бірнеше қайтара 
басылды (1939, 1957).
  «айман-Шолпан»  –  реалистік  мәнерде  шығарылған,  аса  көркем  жырлардың 
бірі.  мұхтар  Әуезовтың  «айман-Шолпан»  жыры  бойынша  жазған  музыкалық 
драмасы (1934) Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының 
репертуарынан  көп  жылдар  бойы  түспей  келді.  1960  жылдан  драмалық  театрлар 
сахналарында қойыла бастады. 
Ақтабан – тәжірибелі, әбден машықтанып төселген адам. 
Ақтүтек – ат құлағы көрінбейтін қарлы боран.
Алтайы – терісі бағалы қызыл түлкі.
Артель – шаруашылықты оңтайлы етіп ұйымдастыру үшін біріккен, тең құқылы 
адамдар ұйымы.
«Арыстанды-Қарабас»  –  желдің  аты.  оңтүстік  Қазақстан  облысы  Бәйдібек, 
ордабасы аудандары аумағында байқалатын табиғат құбылысы. Қаратаудан бастау 
алатын арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады. Жылдамдығы 25 м/с-қа дейін 
жетеді. 
Боздақ – ботаның жақ жүні немесе түйе түлеген соң жаңадан шығатын сирек, 
селдір, жұмсақ, ұлпа жүн. сонымен қатар төлдің алғашқы жылғы жүні де боздақ 
деп аталады. ертеде қазақ емшілері тізесі, буыны ауырған адамның аяғына боздақ 
жүнді тұзды суға салып сорботқа тартқан. 
Әйдік – үлкен, зор, дәу.   
Әпкіш /иран/ – екі басына екі шелек іліп, су таситын ағаш, иінағаш.
Баршын – тың, күшті, асау мықты.
Бесжылдық – бесжылдық жоспар. Ксро-ның 1929 жылдан бастап әлеуметтік-
экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы.
Дардай – үп-үлкен, соқталдай.        
Дөдеге – қазақтың дәстүрлі баспанасындағы сән үшін үшіктің шетін айналдыра 
бастыратын киізден жасалып өрнектелген шағын жапсарма бұйым.
Дөкірлік – дөрекілік, тұрпайылық.  

383
Айтыс 4 ТОМ
Дүмбілез – шала піскен, толық пісіп жетілмеген.      
Еділбай  –  еділбай  қойы.  ет-май  өндіру  үшін  өсірілетін  қылшық  жүнді, 
құйрықты қазақы қой тұқымының бір түрі.
Жалбыр  –  е.г.  Брусиловскийдің  операсы.  либреттосын  Б.майлин  жазған. 
алғаш рет 1935 жылы 7 қарашада (қазіргі Қазақ акад. опера және балет театрында) 
қойылды.
Жамбақы – ұры, қарақшы.
Желқом – жауыр атқа салынатын ортасы ойылған тоқым.
Кебенек – ешкіде ғана болатын аса қатерлі, жұқпалы ауру.
Кежір – қисық, қыңыр, қияс, тоңмойын.   
Кобзарь  /укр/  –  кобза  мен  бондураның  сүйемелдеуімен  дума  және  тарихи 
әндерді орындайтын украин халық әншісі. 
Көпен – көкшіл түсті гүлі бар, көпжылдық шөптесін өсімдік.
Күшік күйеу – қалыңдығының ата-анасының қолына келіп кірген жігіт. 
Қайта құру кезеңі – Кеңес одағының коммунистік партия билеушілерінің 1987-
91 жылдардағы жүргізілген әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы атауы.
«Қапал-Арасан» – шипажай. алматы облысы, ақсу ауданындағы Бүйен өзені 
бөліп тұрған Қаракүнгей және Баянжүрек тауының аралығында, теңіз деңгейінен 
975 м. биіктікте, талдықорған қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан. емдік 
суының адам ағзасына шипалылығы 1848 ж. белгілі болған.
Қаракөл қойы – қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық 
жүнді қой тұқымдарының ішіндегі ең көп тарағаны. Қаракөл қойы негізінен оңтүстік 
және Батыс Қазақстанда (Жамбыл, Қызылорда, оңт. Қазақстан, атырау, маңғыстау, 
Батыс Қазақстан облыстары) өсіріледі. Қаракөл қойын сұрыптау жұмысымен Қазақ 
қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шұғылданады.
Қарқарадай – биік, еңселі, көркем.
Құмбыл – жинақы, нәзік.
Малта – кепкен қатты құртты ыстық суға салып, жібіткеннен кейінгі кішірейген 
қалдығы; ұлттық тағам.
Мәстек – тапал, кішкене бойлы жылқыға байланысты айтылады. 
«Невада-Семей»  –  ядролық  жарылысқа  қарсы  құрылған  халықаралық 
қозғалыс,  қоғамдық-саяси  ұйым.  1989  жылы  26  ақпанда  құрылып,  қазан  айында 
ресми тіркелген. 
Панты  –  қымбат  бағалы  дәрі  жасау  үшін  дайыналатын  марал  мен  теңбіл 
бұғының қатаймаған жас мүйізі.
Пәтуа  /араб/  –  белгілі  бір  іс  жөнінде  бітім,  келісім,  уәде,  нәтижелі  тоқтам, 
шешім.
Піспек – саба, мес, күбі сияқты ыдыстардың ішіне салып қымыз, іркіт пісетін 
сабы бар құрал.
«Рүстем-Дастан»  –  парсы  ақыны  Ә.Фирдаусидың  «Шаһнама»  эпопеясы 
негізінде т.ізтілеуов жырлаған дастан. 1934 жылы Фирдаусидің 1000 жылдық мерей-
тойы тұсында «Шаһнаманы» қазақ тіліне аудару ізтілеуұлына жүктелген. Әлемдік 
әдебиетте жоғары бағаланатын «рүстем-дастан» қазақ танымына мейлінше жақын 
етіп жырланған.

384
Қазақ өнерінің антологиясы
Саф /араб/ – қоспасыз, тап-таза.
Селеу – шөл далада өсетін бас жағы үлпілдеген селдіреуік ақ шөп. 
Тайқазан  –  түркістандағы  қасиетті  қазан.  оны  Қарнақ  қаласында  1399  ж. 
тебриздік  шебер  абд  ул-Әзиз  ибн  Шараф  әд-дин  7  металл  қоспасынан  құйып 
жасаған. алпыс шелек су сияды, салмағы 2 т. Қазан суы қасиетті су деп танылған. 
түркістан тайқазаны 1935 ж. санкт-Петербургтегі Эрмитаж басшыларының өтініші 
бойынша  3-халықаралық  конгреске  көрсету  үшін  әкетілген  еді.  Эрмитаждың 
төменгі қабатында 48-залда 54 жыл тұрып, Қазақстан үкіметінің талап етуі бойын-
ша 1989 жылдың 18 қыркүйегінде қасиетті т. Қожа ахмет Яссауи кесенесіндегі өз 
орнына қойылды. 
Тобарсы – аздап кебу, құрғау, дегду.
Тың  игеру  –  Ксро-да  астық  өнімін  арттыру  мақсатымен  1954-64  жылдар 
аралығында жүзеге асырылған мемлекеттік іс-шара. 
Ұрын – күйеуді айттырған қызға тойдан бұрын жеңгелеріне сыйлықтарын алып 
жөнелту салты.
Шаужай – аттың шылбыры мен тізгінінің түйіскен тұсы.
Шетен  –  суық  пен  қуаңшылыққа  төзімді,  биіктігі  15  метрге  дейін  жететін, 
қабағы қызыл қоңыр түсті ағаш.
Шоқыр – еті мен уылдырығы бағалы, тұмсығы семсер тәрізді бекіре тұқымдас 
балық. 
Ясли /орыс/– үш жасқа дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемесі. 

385
Айтыс 4 ТОМ
ТАРИХИ 
ЕСІМДЕР
Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты мұхамедғаріп) – 1856 жылы 
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,үшбиік ауылында туған.  абай дәстүрін 
бойына сіңірген ақындардың бірі. араб, парсы, қытай тілдерін де жетік білген. 1924 
жылы қайтыс болған. 
Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1925 жылы 
Парижде  өткен  Бүкіл  дүние  жүзі  сән  өнері  көрмесінде  «ағаш  аяқ»,  «Қанапия», 
«үш  дос»,  «Жалғыз  арша»,  «Қосбалапан»,  т.б.  әндерді  орындап,  күміс  медаль 
алған. оның әншілік қабілетін м.Әуезов, с.сейфуллин, и.Байзақов, Ә.марғұлан, 
Ж.елебеков, Қ.Жандарбеков, а.Жұбановтар жоғары бағалаған. 
Ғали Орманов (1907, алматы облысы, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылы – 
1978, алматы) – ақын.  Жамбылдың әдеби хатшысы,  Жазушылар одағының хатшы-
сы, секция меңгерушісі қызметтерін атқарған. 
Димаш,  Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаев  (1912-1993)  –  аса  көрнекті  мемле-
кет  және  қоғам  қайраткері,  үш  мәрте  социалистік  еңбек  ері,  Қазақ  Кср  ғылым 
академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1960-1986 жылдары – 
Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Дина Нұрпейіс келіні (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы.
Есенжол Жанұзақұлы – ақын. торғай ақындық мектебінің өкілі.
Жазылбек  Қуанышбаев  (1896-1986)  –  шопан,  малшы-селекционер,  2  мәрте 
социалистік еңбек ері (1948), (1958). 100 саулықтан 147-152 қозы алған. Жамбыл 
облысы, мойынқұм ауданы, Көктерек ауылында туған.
Жүрсін  Молдашұлы  Ерман  –  1951  жылы  12  ақпанда  Қарағанды  облысы, 
ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. ақын, публицист. 1972-1980 жыл-
дары ақындар айтысының теле нұсқасын жасау арқылы ата мұраны жаңғырту жо-
лын бастады. 1984 жылдың наурыз айынан бері отыз жыл бойы айтыстың телеар-
налардан насихатталуына талмай еңбек етіп келеді. Қазақстанның еңбек сіңірген 
қайраткері (2005). 
Қаныш  Имантайұлы  Сәтбаев  (1899,  Баянауыл  ауданы,  Павлодар  облысы  – 
1964 жылы, мәскеу) – қазақ және Кеңес одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ 

386
Қазақ өнерінің антологиясы
Кср ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ 
Кср академиясының академигі. Кеңес одағының және Қазақстанның металлогения 
мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
Құрекең,  Құрманғазы  Сағырбаев  (1818-1889)  –  қазақтың  ұлы  күйші-
композиторы. Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.
Мардан Келдібайұлы Байділдаев (1926, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, 
еңбек ауылы – 1994, алматы) — қазақ ауыз әдебиетін жинаушы, зерттеуші. “рүстем 
дастан”  (1961),  “үш  ғасыр  жырлайды”  (1965),  “Бес  ғасыр  жырлайды”  (1985) 
жинақтарын шығаруға қатысты. “ақындар творчествосы”, “ақын-жыраулар” атты 
зерттеу еңбектері бар.
Мөртай  –  ХХ  ғасырдың  басында  өмір  сүрген.  Жетісу  ақындық  мектебінің 
өкілі,  композитор  Кенен  Әзірбаев  өзінің  «мөртай»  деп  аталатын  әнін  осы  қызға 
ынтызарлықтан шығарған. 
Мұхамеджан  Қаратаев  (1910-1995)  –  Қазіргі  Қызылорда  облысы,  сырдария 
ауданы,  телікөл  ауылында  туған.  Әдебиет  зерттеушісі,  Қазақ  Кср  Халық  жазу-
шысы (1987), Қазақ Кср FA-ның академигі (1975). Қазақ Кср-нің еңбек сіңірген 
қайраткері (1974),  абай атындағы Қаз сср мемлекеттік сыйлығының иегері (1974).
Мырзаға, Мырзабек Төлегенұлы Дүйсенов (1928-1988) – Қызылорда облы-
сы, сырдария ауданында туған. Филология ғылымдарының докторы (1968).
Нұрмолда  Алдабергенов  (1906-1967)  –  екі  мәрте  социалистік  еңбек 
ері  (1948,  1958),  қоғам  қайраткері.  Қазақстандағы  колхоз  құрылысын  алғаш 
ұйымдастырушылардың бірі. алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарағаш ауылы, 
Желдіқора қыстауында туған.
Нұрым  Шыршығұлұлы  (1831,  атырау  облысы,  Қызылқоға  ауданы  –  1908, 
сонда) – ақын. ол “Қырық батыр” дастанын абыл ақыннан үйрене отырып, дамыта 
жырлады, Қашаған, ақтан, мұрын сияқты ақын-жырауларға ұластырды.
Ораз  Қыйқымұлы  Жандосов  (1889,  алматы  облысы,  Қарасай  ауданы, 
Қаскелең қаласы – 1938) – мемлекет қайраткері. 1928-1937 жылдары Қазақ аКср 
ағарту халкомы болды. ақын, композитор К.Әзірбаев тұтқынға алынған Жандосов-
пен өзінің қоштасқан сәті туралы “оразжан” әнін шығарған. 
Өмірхан  Аймағамбетұлы  Байқоңыров  (1912-1980)  –  тау-кен  инженері, 
ғалым,  техника  ғылымдарының  докторы,  профессор,  Қазақстан  ұлттық  ғылым 
академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері.
Рақымжан  Қошқарбаев  (1924-1988)  –  Берлиндегі  рейхстагқа  жеңіс  туын 
тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы (1999).
Рысбай  Хисметұлы  Ғабдиев  (1937-2004)  –  домбырашы,  дирижер. 
Қазақстанның  халық  артисі.  оның  шығармашылығының  негізін  күйтабақтарға 
жазылған қазақ халық композиторларының (Құрманғазы, дина, дәулеткерей, абыл) 
күйлері құрайды. домбыра тартуды үйрету жөніндегі көптеген кітаптардың авторы.
Сәду Шәкіров (1922-1977) – Кеңес одағының Батыры (30.10. 1943). 
Сырбай  Мәуленов  (1922,  Қостанай  облысы,  Жанкелдин  ауданы,  торғай 
поселкесі  –  1993,  алматы)  –  ақын.    Қырыққа  жуық  жыр  жинақтарының  авторы. 
Қазақстан республикасы мемлекеттік сыйлығынаң лауреаты (1970). 
Талғат  Жақыпбекұлы  Бигелдинов  –  авиация  генерал-майоры,  Кеңес 

387
Айтыс 4 ТОМ
одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы ақмола облысы,  
майбалық ауылында туған.
Тайжан Қалмағамбетов (1878, Қарағанды облысы ұлытау ауданы – 1938, сон-
да)  –  ақын.  Жезқазған,  Қарағанды,  Қарсақбай  сияқты  өндіріс  ошақтарына  арнау 
өлең-жырлар шығарған.
Тайыр  Жароков  (1908,  Батыс  Қазақстан  облысы,  Жәнібек  ауданы,  Жетібай 
ауылы  –1965,  алматы)  –  ақын.1938-42  жылдары  Жамбылдың  әдеби  хатшысы 
қызметін атқарды. 
Темірбек  Қараұлы  Жүргенов  (1898,  Қызылорда  облысы,  Жалағаш  ауданы, 
Жаңаталап а. – 25 ақпан 1938, алматы) – мемлекет қайраткері. 1930-33 ж. өзбекстан 
үкіметінің халық ағарту комиссары, 1933-37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту 
комиссары қызметтерін атқарды. ол 1934 ж. алматыда өткен Бүкілқазақстандық 
халық  өнерпаздарының  1-слетін,  1936  ж.  мәскеудегі  Қазақстан  өнері  мен 
әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. 
Шона Смаханұлы (1924, Жамбыл облысы, талас ауданы, ойық совхозы – 1988, 
алматы) – ақын, тіл жанашыры.
Шығанақ Берсиев (1881-1944) –  ақтөбе облысының ойыл ауданында туған. 
тары өсірудің әйгілі шебері. Жазушы ғ.мұстафиннің «Шығанақ» романы Берсиев 
өмірінен жазылған. 
Ыбырай Жақаев (1891-1981) – екі мәрте социалистік еңбек ері (1949, 1971), 
күріш өсіруші, егін шаруашылығының ардагері, ссср мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты (1946). Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қызылту ауылында туған.

388
Қазақ өнерінің антологиясы
ЖЕР-СУ 
АТАУЛАРЫ
Ақмола  облысы  –  Қазақстан  республикасының  орталығында  орналасқан 
әкімшілік-аумақтық  бөлініс.1939  жылы  құрылған.  1961-92  жылдары  Целиноград 
облысы болып аталды. орталығы Көкшетау қаласы.
Ақши – айыр тауының солтүстігіндегі қоныс. Павлодар облысы, Баянауыл ау-
данында орналасқан. 
Аңырақай  –  Жамбыл  облысы  Шу  ауданы  жеріндегі  тау  сілемі.  Шу-іле 
тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. 
Арал теңізі – Қазақстан мен өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. теңіз 
ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км
2
) әлемде төртінші орында болған болатын. 
1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.
Асы  –  іле  алатауының  шығыс  сілеміндегі  биік  таулы  жайлау.  алматы  облы-
сы, еңбекшіқазақ ауданының жерінде орналасқан. солтүстігінде Қараш тауы және 
Бақай тауларымен, оңтүстігінде сарытаумен шектеседі.
Бажы – Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілеміндегі асу. оңтүстік Қазақстан 
облысы  созақ  ауданында.  Бажының  солтүстік  беткейінен  сүйіндік,  оңтүстігінен 
Жамантас өзендері бастау алады.
Байжансай  –  оңтүстік  Қазақстан  облысының  Бәйдібек  ауданындағы  кент.  
Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. 
Балтатарақ  –  тарбағатай  жотасының  солтүстік-батыс  сілемінде,  еспе  және 
Борлы өзендері аралығында орналасқан тау. Шығыс Қазақстан облысының аягөз 
ауданының жерінде. 
Баранкөл (Балуанкөл) – ақмола облысы, Жарқайың ауданындағы ауыл.
Бөке, Бөкі – Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданындағы кент. іргесі 1949 
жылы қаланған.
Ертіс – солтүстік мұзды мұхит алабында жатқан өзен, обь өзенінің сол жақ 
саласы. Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. 
Бастауын  алтай  (Қытай)  сілемдерінен  (Бесбоғда  тауынан)  алады.  зайсан  көліне 
дейінгі бөлігі – Қара ертіс, көлден төмен қарай ақ ертіс немесе ертіс деп аталады. 
Еспе  –  Балқаш  алабындағы  өзен.  Қарағанды  облысының  ақтоғай  ауданы 
жерінде. 
Ешкіөлмес  –  Жетісу  (Жоңғар)  алатауының  тұтас  бір  сілемі.  Күреңбелдің 
күнгейін қыстап, қорек көрген ешкілер қыстан аман-есен шығып, төлдерімен өсіп 

389
Айтыс 4 ТОМ
өнеді. Бұны көрген халық қандай қақаған аяз, жұттан ешкі өлмей қыстап шығатын 
«ешкіөлмес жер» деп атап кеткен. осы жотаның баурайындағы «тоғыз құмалақ» 
мекенінде 1895 жылы Біржан сал мен ақын сара тастамбекқызының айтысы өткен. 
Жаманты  –  алматы  облысы,  алакөл  ауданындағы  өзен.  Бастауын  Жетісу 
алатауының  солтүстік-шығыс  сілемі  Жабық  және  Күнгей  жоталарынан  алып, 
Көктұма ауылы тұсында алакөлге құяды. 
Жарма – Шығыс Қазақстан облысындағы аудан.
Жәйрем – Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы Қаражал қалалық әкімшілігіне 
қарасты кент. 1951 жылы ашылып, 1976 жылдан өнім бере бастаған Жәйрем барит-
полиметалл және темір-марганец кен орындарының игерілуіне байланысты пайда 
болды. 
Жетіарал – Шығыс Қазақстан облысының тарбағатай ауданындағы ауыл.
Келіншектау  –  Қаратаудың  теріскей  жағында,  таукент  кентінің  жоғарғы 
тұсындағы  шатқалында  тізбектеліп  жатқан  тау  сілемдері.  ол  жүк  артқан  көшке 
ұқсайды. Көштің алдыңғы жағында атқа мініп, түйе жетектеген келіншек бейнесін 
байқауға болады.
Күреңбел  –  алматы  облысы,  ақсу  ауданындағы,  Көшкентал  ауылының 
оңтүстік-батысында  орналасқан  тау.  Күреңбел  туралы  Ш.уәлиханов  «Бүкіл  орта 
азияда бұған теңдес жер жоқ» деп толғанған. 
Күрті – іле алабындағы өзен. алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудан-
дары жерімен ағады. Жиренайғыр,  ақсеңгір, ұзынқарғалы өзендерінің қосылған 
жерінен бастап Күрті деп аталады. 
Қалдығайты – Жайық алабындағы ұзындығы 243 км. өзен. Батыс Қазақстан 
облысының Шыңғырлау, Қаратөбе аудандары жерімен ағады. 
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет