«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет3/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Аманжол:
ал енді егіс жөнін хабарлаймын,
есіме мол дәулетті неге алмаймын.
Балбырап жүрегімді қуантады,
сары алтын көкке бойлап өскен сайын.
Жеріміз сыналатын алдымызда,
ерінбе егін көре бардыңыз ба?
өнімін қарағанда көңіл жылып, 
үміт зор шығам деген алдыңызға.
атақты комбайнер мещановты,
өмірден дей алмайсыз кеш қалыпты.
москвадан екі барып орден алды,
еңбегін зор бағалап, еске алыпты.
ал аға, әділ сынды кектемессіз,
өкпелеп, айтылмасын текке жел сөз.
сынадық жұрт алдында бар менен жоқ,
сондықтан мені, Бәке, жек көрмессіз.

37
Айтыс 4 ТОМ
атағын әлем білген бақшамыздың,
саны көп одан өнген ақшамыздың.
осыдан табысыңды айтып берші,
алдына үздік шыққан басқаңыздың.
өнімін көп алған соң огородтан,
Қызметін анамыздың көп ұнатқан.
облыс көлеміне даңқы шығып,
сол үшін омырауына орден таққан.
мінеки, бұдан тағы асамыз біз,
өнбейтін кер жұмыстан қашамыз біз.
миллиардқа ортамыздан үлес беріп,
тонналап таразыны басамыз біз.
Бұл айтыс игілікті күресіміз,
маңызын өзіңіз де білесіңіз.
мақтауда, сынауда да көп табыс бар,
Біз берген осы болар үлесіміз.
осымен сұлу жырым тамам болды,
інім деп санарсыңыз аманжолды.
ауырлау кеткен жерім болса-дағы,
Жеңермін миллиардта әкел қолды.
Бекболат:
Жырладық елімізді, жерімізді,
табиғат сый ғып тартқан кенімізді.
еңбекте ерлік етіп орден таққан,
үлгілі халық алдында ерімізді.
Бірлесіп, қол ұстасып жігерленіп, 
Жоялық жұмыстағы кетімізді.
ұранын бейбітшілік ту қып ұстап,
Жырлайық еңбек сүйген елімізді.
отанға міндеттен тыс астық беріп,
атағын халқымыздың көтерейік.
отанға ең қымбатты алтын дән ғой,
сол үшін шырқата біз жыр төгейік.

38
Қазақ өнерінің антологиясы
мың рахмет, миллион рахмет партияға,
Бастаған қиын жолдан, нұсқап алға.
Бірлесіп екі аудан бір кісідей,
алайық облыстық туды қолға.
елім бай, бейбітшілік жерім құтты,
салса да көтеремін қандай жүкті.
Қуанып мәз-мейрам боп, судай тасып,
Береміз ұлы отанға миллиард пұтты.
 1957 жыл.
БИКЕН МЕН ӘКПАР
Бикен:
ардақты ұлы отан аясында,
ер жеттім туған өлкем саясында.
Қорғалжын алтын бесік елім сенен,
өр қызың өткір жырын аясын ба.
арқаның жер сұлуы Қорғалжыным,
Көтеріп атағыңды қорғар жырым.
Бүркіттей түлкі көрген шүйіл-дағы,
Қырбайды өткір тілмен қолға ал бүгін.
осы бір сұлу жердің қызы едім,
Байлыққа қойны толған дүзі де едім.
екі аудан айтыспақ деп естігенде,
намысты қорғаймын деп қызып едім.
ағызған сұлу жырдың дариясын,
Жаттап ап біз шырқаған ариясын.
Көтерген достық туын бірінші рет,
Кім білмес Қорғалжынның мариясын.
Әкпар-ау, қалдырамын жолда сені,
Қорғалжын ен байлықтың орда кені.
Жырымды асқақтата шырқағанда, 
Шолпан мен мария апай қолдар мені.

39
Айтыс 4 ТОМ
Әкпар:
естуші ем Қорғалжынның ақын қызын,
Көрінді бүгін, міне, жарқын жүзің.
таласпа Баранкөлдің байлығына,
Қорғалжын, сенен менің озат ісім.
Қалқам-ай, шыға шауып омақастың,
Көрсетіп шырт мінезін олақ жастың.
Жоқ па еді жасы үлкенге амандығың,
Жүйріктей ауыздықпен жағаластың.
уа, Бикен, құр сөзіңмен алдамайсың,
өзің де шаңда отырып қалмағайсың.
Кәнеки, асып жатқан жеріңді айтшы,
өйтпесең алысқа ұзап самғамайсың.
сыйғыздың Қорғалжынға сұлулықты,
сонда да шыға қоймас сының мықты.
сен бүркіт бола қалсаң, мен – саятшы,
Кигізер сан бүркітке тұмылдырықты.
Шын айтсам Баранкөлді нардай дер ем,
ешкімнен шынтуайтта қалмай келем.
Қорғалжын қырықтағы қырма сақал,
озамын жас болсам да талай желем.
Жерім кең шалғай жатыр дала сәнді,
Шектескен Қостанай да, Қарағанды.
терісаққан, есіл өзен, сандықсуым,
нәр беріп ой-қырына таранған-ды.
Бикен:
ал енді айтысып қал қапы қалма,
тезірек домбыраңды қолыңа ал да.
Жүремін алып кетіп көкпардай ғып,
осал қыз ер жігітті шақырар ма!
Шапсаң да оза алмайсың Қорғалжыннан,
Жисаң да байлығыңды ой мен қырдан.

40
Қазақ өнерінің антологиясы
Әй, Әкпар, білмеуші ме ең құр қалғанын,
Бойына сенемін деп түйе жылдан.
Құты мол, алқабы зор анам нұра,
тоя ма нұра десек жүрек жырға,
мақтасам жер-суымды асып түсем,
тек қана қалтырамай сынға шыда.
нұраның бір саласы – Құланөтпес,
Жеріңнің бар өзені бұған жетпес.
Шөбі май, ағып жатқан суы балдай,
таңданбай бір көрген жан сірә кетпес.
Қорғалжын тебіренткен ақын жанын,
туғызған жас жолбарыс рақымжанын.
Қазақтың адал жүрек батыр ұлы,
ел үшін, бақыт үшін қиған жанын.
Көрсетпей кемшілікті қаламын ба,
еліңде жақсы да бар, жаманың да.
Көл-көсір Баранкөлде олқылық тұр,
Байыптап көз жіберіп қарадың ба?
Клубы директорға өкпелейді,
Көрсеттім талай кино көпке дейді.
ескеріп, ренжітпей жөндей салса,
Бір шелек ақ лайы көп пе дейді.
отырып есіңде ме құлағаның,
сүзе кеп қабырғаны сұлағаның.
Шошынып бес тақтайдың кескінінен,
ұялып басқа орындық сұрағаның?
Әкпар:
нұраны таласым жоқ ана десем, 
есілді қателестің бала көрсең.
арқаның есіл ару еркесі ғой,
Қадалып көзің тоймас қарай берсең.
нұрада көпірің жоқ қарыс жарым.
Қайықпен алғашқы рет танысқаның.

41
Айтыс 4 ТОМ
өтерде зәрең кетіп ұмытылмас.
Бауырыма ағатайлап жабысқаның.
Шалқисың мақтай беріп жер, сағымды,
сонымен бүркейтіндей кем жағыңды.
еліңде жеріңе сай жақсы үй аз-ау,
Жарытпас пана болып тең жарымы.
сән түзеп тұрған жоқ қой орталығың,
майысқан көрдім көп үй арқалығын.
теректей жаңбыр өтсе екі жауып,
Жояды көз алдыңда бар қадірін.
райкомхоз кемшілік бар сынай қалсам,
Көрсетер ол не көмек сұрай барсаң.
уа, Бикен, сыры кеткен жерлерің көп,
Қайтеді, қыз емес пе ең, сылай салсаң.
моншаң тұр құр қаңқиып жоқ жылуы,
Жұрт қойды ізтілеуге жолығуды.
ауыз су әрі тапшы, әрі лай,
Байлайды батпақ көше тобығыңды.
сөйлесе телефонмен Байтілесов,
Жұрт ұғар керісінше қателесіп,
Жөндесе несі кетер байланысты,
Жүргенше өтірікті желдей есіп.
Жанбайды әлі күнге электрің,
таусылмас теріп айтсам себептерін.
ескі ауыл тәріздісің бүгінгі емес,
тұрмысқа талайы жоқ керектердің.
таңдағы тамсандырған шұғылаға,
Бөленген бәйшешекке бүгін қала.
өмірге жаңа келген балғын бөбек,
Қарайды келешекке күлім қаға.
оранған жасыл жібек көшелерім,
Көбейтіп биыл тағы еселедім.

42
Қазақ өнерінің антологиясы
үйлерім шебер салған суреттей ғой,
уа, Бикем, қоныстауға келсең едің.
тағы бар бір көрнектім стадион,
Қорғалжын ол не демей ұқса да жөн.
тең келмес бар құрылысың, тассуатқа,
Жасайтын жезден алтын ұстаға тең.
сүйкімді мектеп, клуб бәрі жаңа, 
Бикенжан, жабырқамай бермен қара,
осындай Қорғалжынның көркі қайда,
мойындап кемдігіңді берік сана.
Бикен:
мақтайсың ауданыңды баса-көктеп,
Бүлкілдеп өсек айтып, желдей өкпек.
Былтырғы үй құрылысың ғажап екен,
ішінде ербиіп тұр жусан көктеп.
одан да жырласаңшы байлығыңды,
Қой, Әкпар, налып мұнша қайғыруды.
мен салсам оңды-солды сөз семсерін,
Көрсетпе көп алдында тайлығуды.
Жетпей қап кей кербезге папкаларың,
Жөн емес жұмыссызды сақтағаның.
Қоймады Бөкенов пен ахметовтер,
Жұп жазбай әр конторды ақтағанын.
Баздарың былығып тұр құлап қалған,
Қисайып қабырғасы сұлап қалған.
Құдықтай маңайында шұңқырлар көп,
оңдамай дәтің қалай шыдап қалған.
еңбекте біздің жастар ерінбейді,
Кердеңдеп кер маралдай керілмейді.
Шайпау тіл асанова секілді олар,
Жұмыстан ешқашан да жерінбейді.
Көруге байлығымды бармайсың ба?
Жарады төтеп берсең талмай сынға.

43
Айтыс 4 ТОМ
тұзың жоқ дүкеніңде арнап келіп,
Қарызға бір салым тұз алмайсың ба?
Көлімнің бір байлығы – ондатырым,
Көрмеген мұндай аңды арқа бұрын.
Жайнаған жарқ-жұрқ етіп жанат түсті,
өзің де таңданарсың көрсең түрін.
Жасайтын неше түрлі дәмді тамақ,
Жейтұғын аңсағанда етке балап.
ақмола, Қарағанды асханасын,
Балығым мекендеген қашаннан-ақ.
Байқасаң ойым теңіз, сөзім кеме,
Бұл топта екеумізге халық төре.
Көрінер ой жүйрігі жырымыздан, 
Көрсетіп жеңіл мінез желпектеме.
Әкпар:
ей, Бикен, ашынасың қалай-қалай?
сылдырап сылдыр сөзбен алдымды орай.
мініңді қалың топтан жасырсаң да,
айтайын есіңді бір тандырғандай.
демеймін жеріңе сай малыңды көп,
Жайқалып текке жатыр шалғының көк.
Шіркін-ай, қой мыңғырар сол өрісті,
етті ғой кей бастығың табысы жоқ.
Қайда жүр Қанатбеков құйқылжыған,
Шақпақтап әрбір сөзден қиқым жиған.
алса да жұмасына жеті сөгіс,
Кей істің басқара алмай сиқын бұзған.
Білеміз айтпасаң да арықтыны,
малдарын биыл қыста арық қылды.
Бірталай садырбайда қозы да өлді,
Кетесің, Бикен, қалай танып мұны.
айып жоқ болса-дағы қонысынан,
Байлыққа еркін батпай қонышынан.

44
Қазақ өнерінің антологиясы
Бірқатар колхоздарың ет пен жүннің,
Әлі отыр құтыла алмай борышынан.
Бар екен “ушаковта” бес-ақ жылқы,
емес пе өзің айтшы осы күлкі?
Көрмеден көргендей боп бастықтар жүр,
өсірер сірә олардың жоқ-ау құлқы.
Қайсыбір колхозыңда былықтар көп.
түйіліп талдап айтсам сұрыптай кеп.
Әлжанов қарта десе жан береді,
Әр үйдің берген асын суытпай жеп.
Белгісіз бір табын қой қайда екені,
Әзірге ашылып тұр қайғы екені.
Шөп іздеп жылы жаққа кеткен шығар,
Жоқтықтан қыстан шығар жай-мекені.
айызың мен шырқасам қанар ма еді,
ауданым ен дәулеттің қайнар кені.
дос болсаң біздің елдің басымдығы,
өзгедей ренжітпес халқым сені.
«есілім» ел аузында екпіндеген,
Жарыста жетістікті көпсінбеген.
Қызыл ту қызықтыра желбірейді,
Шақырып, мен мұндалап жетсін деген.
немесе, «Шолақсандық» өзің көрген,
Жыл сайын асып мұнда төлім өрген.
атақты Бекбай шопан көптен бері,
Бір қойдан қос қозыдан өсім берген.
тағы айтсам таңданарсың ет пен жүнді,
Шын табыс деп ойларсың өткен күнді.
алты айда жылдық жоспар орындадық,
Қорғалжын қалар тыңдап өктем үнді.
Фермада қой қырқады электрім,
Бұл жөнде арықтыңнан ерек тұрмын.

45
Айтыс 4 ТОМ
Ковалев, ахмет пен ишанбектер,
Көрсеткен шын өнердің керектігін.
одақта аты әйгілі бір совхозым,
атында ұлы ленин комсомолдың.
совхозград деп атайды сүйсінген ел,
Көргенде гүл жайнаған оң мен солын.
саналар мұнда байлық миллионмен,
Жас батыр келеді өсіп қиын жолмен.
табысы селдей ағып, судай тасып,
ұласар биылғы жыл жиын, тоймен.
Басқарған демиденко жас ұланым,
Комсомол, кеудесінде сөнбес жалын.
Көргенде көңілің толып дер едің ғой,
Болсайшы дәл осындай сүйген жарым.
Бикен:
тоғытсам тамсандырып тілдің майын,
тыңдай бер табысы мол елдің жайын,
есілген мұнайлы өңір естембетте,
Көпірген көбік атқан кенім дайын.
Қорғалжын шөпке де бай, суға да бай,
малға ық қалың қамыс, нуға да бай.
Қайтейін, кейбір бастық кесірінен,
Жатырмыз әлі күнге пайдаланбай.
мыңғырған отарымда сансыз қойым,
еңбекпен араласар бақыт тойым.
Жанған соң адал еңбек аса түсіп,
Көркейіп, сол арқылы өсті ойым.
Қажымай қой өсірген зағи апам,
сескеніп елемейді қысты қатаң.
тең келмей табысына бұл ісінің,
Қалпақтай ұшып түсер талып адам.
дос болсаң, мен достықтан қашайын ба, 
Бетіңнен достық үшін қақпаймын да.

46
Қазақ өнерінің антологиясы
арыған малдарыңды маған жібер,
сен түгіл басқа ауданды сақтаймын да.
мақтандың арықтымнан күшің көптей,
«донской» жүрген жоқ па соған жетпей.
Белгісі осалдықтың сол емес пе,
Қалыпты жоспарланған сүті жетпей.
екпіндеп «ишимді» айтып есілдің бір,
Шешенсіп көп көргендей көсілдің бір.
Жүргенде ырғалумен Бертай ағаң,
астықтан артта қалған былтырғы жыл.
ауылына «Баян сұлу» Қозы келді,
олардың жан тербетер сөзі келді.
Көрсетіп ғабит жазған пьесаны,
Жастарым жадыратты таман елді.
Кем жерін өз еліңнің сынамайсың,
Қайда деп жамандықты сығалайсың.
Жерінде Шолақсандық радио жоқ,
мәнісін оның неге сұрамайсың.
түрінен баспахана адам шошыр,
Шашылып қиқым қағаз қоқыр-соқыр.
рататор, әліптергіш, редакторың
үйіліп, үйме-жүйме бір жерде отыр.
Әкпар:
Қалқам-ай, қыз екенсің қызба мінез,
таусылар алыс кетпей шыдамың тез.
түймеден түйе жасап әңгірлейтін,
Болмашы жас басыңнан тым қатыгез.
өзіңше бұзып-жарып шығандайсың,
сонда да көңілден бір шыға алмайсың,
ауданың артта екені айдан анық,
сабырмен сын сөзіме шыдағайсың.
Қуанам көптігіне мал басының,
Қайдан сен асырайсың ел жасығын.

47
Айтыс 4 ТОМ
отарда шөп шабылмай өткен жазда,
ақпанда ақмоладан жем тасыдың.
толтырмас миллиардқа дайындығың,
Жолыңның тар көпірдей жайын ұғын.
Шашылса ақ бидайың тасығанда,
Жасырып қоямысың жауып жоғын.
Әлі де үйренбепсің тың жыртуды,
Қоймай жүр бастықтарың тымырсуды.
«Күшті екен Баракөлде тың толқыны»
деген бір ауданыңда сыбыр туды.
Баракөл тың дәнінің қазынасы,
Құлпырған жаз гүлінің жазирасы.
Бермесін табиғаттың тартып алу,
тыңдағы ерлерімнің қағидасы.
секілді жасыл кілем сан алқабы,
сарқылмас құт бұлағы сарыарқаның.
Қосатын миллиардқа үлесім көп,
Жақын ғой шаттық әнге салар шағым.
Бикен:
Қорғалжын топырағы май, суы қаймақ,
өсірген тәрбиелеп талай саңлақ.
Жүлде алған топтан озып талай ер бар,
еңбекте өнерлері еліме айғақ.
вера қыз жас сауыншы комсомолка,
екінші үлес қосқан ұлы тыңға.
мәпелеп жас төлдерді Құлпан да жүр,
озам деп Баранкөлден осынау сында.
Бидайы орын тепкен қысқы қардан,
Әлі де бастықтар жоқ есіне алған.
өткен жыл сарайларың жоқ болған соң,
астықтан аудандарың артта қалған.
мақтарлық «львовты» айтып сыйқың да жоқ,
дөп тиер әрқашанда атылған оқ.

48
Қазақ өнерінің антологиясы
Шіркін-ай, текке кетті-ау есіл еңбек,
себілген жүгеріден қиқым да жоқ.
сұлу жер сабындыдай колхозды елім,
өрбіткен шопандарым егіз төлін. 
Шаруасы іс жүзінде өркендеген,
Басшысы елі сүйген төлен ерім.
Қақ жарып қара жердің тас бауырын,
тілімдеп трактормен тың сауырын.
Қажымай қайраттанып еңбек еткен,
Қалабай, сайлаулардай жас бауырым.
Көрдің ғой біздің жердің көркемдігін,
толқыған алтын бидай өлкем түрін.
аҚШ-ты басып озу мақсатымыз,
асқақтап әдемі әнді шерттім бүгін.
Жырласам ел туралы, тың туралы,
теңіздің толқынындай тың шулады.
Қызығып тыңды өлкем келбетіне,
тасқындап жүрегімде жыр тулады.
тау болып тың астығы тасқындаса,
Көркеймек ұлы отаным алға басса.
Бастаған ұлы іске Компартия,
Жасай бер, бейбітшілік жаса, жаса!
табысқа біздің елдер мақтанбайды,
Бас иіп жаудан ешбір жасқанбайды.
аралап әлем жүзін еркін жүзіп,
Шалықтап Жер серігім аспандайды.
Құрметпен ардақталсын алтын ана,
Жасқанбай ер боп өссін сәби бала.
атомның бомбасына жол бермейміз,
Бақытпен өсе берсін сәнді қала.
Шақырам келер жылы кездесуге,
Кел бізбен күшің жетсе белдесуге.

49
Айтыс 4 ТОМ
мойындап айтқан сынды істі түзе,
менімен дәмең болса теңесуге.
елімде етек алған сан миллиард,
тау-тасты тебіренткен тың миллиард,
Көргенде миллион, миллиард жойқын күшін,
аузына дұшпандардың құм құйылад.
Әкпар:
сарқылмай төгіл жырым тау суындай,
отанға бақыт нұры жаусын нұрдай.
ел даңқын миллиардпен асырайық,
дұшпандар көре алмаған қалсын былай.
Қорғалжын, Баранкөлмен бір тілекте,
Бір мақсат, бірге соққан бір жүректе,
айтыстық, Бикен қалқам, әр жағдайды,
Жасқанбай әділ сынмен сыр білмекке.
Күтемін келесі жыл сабан тойды,
Жүректен сақтамақпын саған төрді.
Қош, сау бол, көріскенше қуанышпен,
Қорғалжын қуып жетсін Баранкөлді.
1957 жыл.
ТЕМІРБЕК ПЕН ЖҰМАБАЙ
Темірбек:
алайын көпшілікке сәлем беріп,
отырмын жүздеріңді жаңа көріп.
Құттықтап бүгін думан мерекеңді,
Бұлақтай ағызайын сөзді теріп...
Жалпақ тіл, қара сөзбен қошеметтеп,
өзіммен үйлесетін келсе серік.
Жиналған тамашаға үлкен-кіші,
Шашудан татсын деймін мейіз, өрік.
Шығады айқайласам оттың лебі,
Көрінед байқағанға сөздің демі.

50
Қазақ өнерінің антологиясы
ақыны обағанның, Жұмабайым,
Келдің бе айтысуға іздеп мені.
Болады түсінгенге сөзден нұсқа,
сен жүйрік көрінесің сөзің ұста.
ақынның жаны тату деген бар ғой,
сөйлейік жағдайласып облыста.
аударған ақындыққа ықыласың,
Көрінед менен кіші сенің жасың.
алдыңа елестетіп көрсетейін,
ауданның табысы мен дәрежесін.
Жолына коммунизм түстім беттеп,
Көркейсін қолы жеткен жемістен жеп, 
Жайқалған жеті көлдің ортасында,
ат қойған сол себептен семиозер деп.
дейтұғын аманағаш орманым ну,
Көлінде қиқулаған қаз бенен қу.
миуасы жанға, шөбі малға жайлы,
Көлеңке бір жағы ағаш, бір жағы су.
ақыным, таңқалмайсың бұған неғып,
сылдырап сұлу қыздай теңге тағып.
тауынан Құсмұрынның мөлдір бұлақ,
Жатады қысты күні жылжып ағып.
менде көп жетістіктің қолда бары,
Қалмаңыз бейқам болып әрі-сәрі.
Байламай, қауғаламай аяғынан,
Шұбыртып ішіп жатад малдың бәрі.
Барыңды айтпайсың ба сен жасырып,
Қалады көтермесе сөз басылып.
Жерінен Құсмұрынның көмір шығып, 
Жаңадан жатқан жоқ па шахта ашылып.
мен сізді түйремейін сөзбен шалыс,
дейді екен сүйем жақын, қарыс алыс.

51
Айтыс 4 ТОМ
мал байлық, ел байлығын қоя тұрып,
айтып бер болса егер өзге табыс.
арттырар білім, өнер ердің бағын,
Кемістік көрінбейді сізде шағын.
ауданың облыста нешінші орын,
айтыңыз мәдениет үлгі жағын...
Жұмабай:
айтайын, ей темеке, малдарымды,
Шаттандырып көтерген бойларымды.
Қой басы артығымен орындалды,
төрт түлік түгел бізде аңғарылды.
тасмағамбет, дәуренбек шабандарым,
Қашаннан қойды баққан мамандарым,
Жүз саулықтан жүз отыз қозыны алып,
еңбекпен таңдандырған жердің шарын...
темеке, қосыларсыз сіз де бізге,
Шегі жоқ мақтаныштың мың ба, жүз бе.
алдағы коммунизм мақсатымыз,
Көп табыспен жетелік сіз де, біз де.
Шөп орнына қойыңыз сабан жеген,
Комиссия барғанда көзі көрген.
Базыңның есігінен тесігі көп,
Бастықтар мұны көрмей қайда жүрген.
сексен сегіз қосыңыз тағы жүдеу,
таңырқап қарай қалад барса біреу.
Қисайып базыңыз тұр құлайын деп,
сыртынан жиырма-отыздан қойған тіреу.
Құймақкөл совхозында жалғыз құдық,
айдайды сиыр, бұзау, қойды тізіп.
сиыр тұр суға қанбай басын шайқап,
Бұзау, қой судан қайтты күдер үзіп.
Процент жүзден артық бердім жүнді,
сапалы әрі құнды, әрі пұлды.

52
Қазақ өнерінің антологиясы
үкіметке бізде қалған бересі жоқ,
темекең мұны анықтап өзі білді.
Темірбек:
сізбенен айтысуға түстім сынға,
үлгілі болып отыр елге тұлға.
«сұлукөл» совхозында шопандарым,
Жеткізді қойдың басын елу мыңға.
 
Көрмейді шығын болып төлінде жас,
Жарымай болған емес уыздан аш.
Бір жылда күз бен жаздың арасында,
өскені бір мың бір жүз он жеті бас.
еңбектің істегенге алды жарық,
Қалады кейінгіге сөз боп тарих.
сағиым дәуренбеков озат шопан,
малшылар слетіне қайтты барып.
елімде айта берсем озаты көп,
наград, медальменен тағылған шоқ.
Қалима еңбекшіге үлгі болып,
сайланды облысқа депутат боп...
Жақсыны демейтін бе ед қатық алды,
Кім айтад жалқаулықтан заты бар-ды.
Бейсенбай, Әбжан деген қарияның,
Жазылып алтын кітапқа аты қалды.
Болады өнерлінің артық ісі,
Шықпасын жаңылыс боп сөздің мысы.
аяғын соза бермей тоқтатайық,
сөзіңнің түгел болсын қорытындысы.
Жұмабай:
тыңдаңыз, мен айтайын табысымды,
темекең сынаса да шабысымды.
Болғанда жерім құнды, малым бұлды,
адал дос түсінеді айтқан сынды...

53
Айтыс 4 ТОМ
 Қарасаң қолдан еккен ағашыма,
Пұл жетпес сатып алсаң бағасына.
Бұлбұлдың сүйкімді үні сүйсіндіріп,
Шаттықта жастарым жүр арасында.
мен-дағы айтар сөзге бөгелмедім,
темеке, тыңнан шыққан өлеңдерім.
асқабақ, қарбыз, қауын, қиярларға,
реттеп желі тартып көгендедім.
темеке, келтірмеші намысымды,
айтайын жұрт алдында табысымды.
мал мен бас, жер мен суда кемісім жоқ,
алдыңа салып өтер бар ісімді.
сенің де айтқаныңда жоқ қой кеміс,
Қалдырмай мақтап өттің бәрін тегіс.
егер де мендей жалқау, жаман болса,
аларсыз бұл үлестен сіз де бөліс.
елімде толып жатыр табыстарым,
Шапса да қандай жүйрік қалыспадым.
тұқымы жеткілікті совхоздардың,
табыспен басып озам жарысқанын.
темеке, айтқаныңның бәрі дұрыс,
егіс те келешекке керек жұмыс.
Қамына бітік егін ерте бастан,
Жұмылды ауданымның бәрі тегіс.
дейсіңіз тұқымының бәрі дайын,
тексеріп мен де өттім тұқым жайын.
Жалғызкөлде тұқымың шіріп жатыр,
Жасырып көргенімді не қылайын.
Жүйрікпін озып шыққан шаршы топтан,
темеке, ауырлама сөзім батқан.
тағы бар «ново-нежин» совхозыңды, 
тұқымдық астықтарың шіріп жатқан.

54
Қазақ өнерінің антологиясы
Бар екен қар астында астықтарың,
сұрасаң бірі білмейд бастықтарың.
тұқымсыз «тимофеев» отырғанда,
Шірігені жарай ма, қолда бардың.
Бар ма екен тексергенде менде кеміс,
тұқымды құйып алдық бәрін тегіс.
егіске ертеңгі күн не себесің?
темеке, ойлағаның болмас теріс.
Бұл сөзді әдейі сізге қастағам жоқ,
Кемістің бетін рас ашпаған көп.
Кезінде астығымды жинап алдым,
астықты қар астына тастағам жоқ.
зябіңді толықтырмай орындадың,
облыста нешінші орын алдың.
таранның үндеуіне жауап бермей,
Әшейін бетін бүркеп қоя салдың.
Жүз сексен мың гектардай егін егем,
Көбіне баданадай бидай себем.
Әр гектардан жүз пұттай өнім алып,
он миллион пұт қоймаға астық берем.
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет