«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет5/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 БОЛМАН МЕН ЖЕЛЕУ
Болман:
уа, мереке болды қызық, жұртты жиып,
айтуға аузым толып, жатыр сыйып,
Бақ қонған, қыдыр орнап астанамда,
Бәріңе сәлем берем, басымды иіп.
өйткені, менің жырым елдің жыры,
ел үшін еңбек еткен ердің жыры.
Қара алтын, сары алтынмен көмкерілген,
Көк майса, көделі өскен жердің жыры.
ақыны оңтүстіктің келгеннен соң,
Қозғалсын жүрегімнен ойдың сыры.
мінекей, естен қалмас өмірімде,
мәңгілік партияның төккен нұры.
Қозғайын әңгімені жүрегімнен,
өзімнің міндетті ісім тілегіммен.
ал енді, Желеу ақын кезек бердім,
өзіңнің шын сөйлеші, жүрегіңнен.
сөз келді бас-басыңа табылатын,
даусыңды жұртың отыр сағынатын.
Бұрынғы көзің көрген кәрі тарлан,
Жері жоқ табан тайып жығылатын.
Желеу:
ассалаумағалайкүм, ақын Болман!
ақынсың шын шежіре қойның толған.

73
Айтыс 4 ТОМ
мысалы өміріне таусылмайтын,
Халқым бар биік өсіп, берік қорған.
ақындар құтты болсын, бас қосқаның,
үлгілі қарт, білімді жас достарым!
а, Бөлеке сөзді біраз қозғайықшы,
өлеңнің кеңнен жайып дастарқанын.
екеуміз келген жоқ ек айтысқалы,
мінекей, сөзіңе сөз қайтысқаны.
мерт болсақ екеуіміздің біреуіміз,
адамның жамандамайд қай дұшпаны!
сондықтан алды-артыңды сөйле байқап,
Кетпесін табысыңды кесір шайқап.
Халқым ең Қарағанды берекелі,
Әлі де кемшілікте жүрсің малтып.
ақсақал, түсіндің бе, мен не дедім,
Кездесіп бұдан бұрын көрмеп едім.
сөйлейік тәртіппенен көп алдында,
Жұмысын істемейік сенбегеннің.
демеңіз Желеу сөзді тәмамдады,
Бұл сөзден осынша жұрт хабарланды.
Жасыңның үлкеніне бас иемін,
ақсақал, енді міндет саған қалды.
Болман:
Шырағым, жолға түскен жорғадайсың,
Шекердей көктен тамған сорғалайсың.
мінімді айтат деген кісідей-ақ,
ағалап мұнша неге қорғалайсың.
айтайын жерім менен елдің жайын,
Көп созып сөз аяғын не қылайын.
ұлытау, Қарқаралы қатар жатқан,
ағызған төрт түліктен малдың майын.
Болғанда малым сондай, кенім қандай,
дүние сәулеленіп нұр жанғандай!

74
Қазақ өнерінің антологиясы
Кетеді, о, шіркін-ай денем қызып,
толғанып домбыраны қолға алғанда-ай.
өндірісін Қарағанды айтып өтсем,
Болады қорқып жүрек қозғалғандай.
сен-дағы кезегіңде айтарсың сөз,
мәнісі табысыңыз болса сондай.
ер мінез ер көңілі түзеле ме,
осындай атағы асып, бақыт қонбай!
Шырағым, жасың кіші баласың ғой,
Кетпеңіз жығылдым деп осы жолда-ай.
Қарағанды – Қазақстан босағасы,
олардың бірдей өскен мал мен басы.
Бұл күнде жұрттың бәрі жырлап отыр,
солардың қанша қазына, ықыласы.
Жезқазған ар жағында жедел жатқан,
ағады алтын болып таудың тасы.
сөзіңді өлшеп сөйле, қарақтарым,
олардың болмас тіпті қатарласы.
Желеу:
уа, Бөлеке, мен сөйлейін берсең кезек,
сөйлеме, жоқты-барды тілді безеп!
Барды бар, жоқты жоқ деп, шын сөйлейік,
орынсыз келіспейді сабын езбек.
Халыққа отыр сөзің жария боп,
Бұрыннан келе атыр ең дария боп.
«Жарымым» деп ініңді кемітесің,
мен сізді сыйлап едім «қария» деп.
Көрейін ерегессең ерегісіп,
Көрген жоқ ем бұрын да ісім түсіп.
нәрінен қарт кісінің түңілсеңіз,
Көрейін келсеңіз кел арқаң қышып.
өтеді сөз сүйектен, таяқ еттен,
ұрынар аруаққа елді сөккен.
Әйтеуір сыпайгершілік жасап тұрмын,
Бұрынғы ағамыз деп нардай шөккен.

75
Айтыс 4 ТОМ
інісі еркелейді ағасына,
Жақсының жаман жетпейт бағасына.
өзіңді үлкен, басқаны кіші біліп,
Біреудің қап жүрмеңіз табасына.
Бөлеке, мына сөзге біраз тоқта,
Біреу үшін күймейді біреу отқа.
Әлгінде сіз айттыңыз, бір кемшілік,
ол жағдай бізде бар да, сізде жоқ па?
отырмыз кемшілікті сынағалы,
өлеңнің таяғына шыдағалы.
егер де жаламенен ерегіссең,
Беремін шындық сөзбен сыбағаңды.
Бөлеке, қариясыз көпті көрген,
табамыз таппасақ та, жоқты жерден.
абайлап алды-артыңды байқап сөйле,
Кемі жоқ деген сөз бар ердің ерден.
Балалар сөз тыңдасын есіктегі,
Жұмыстың жарамайды кешіккені.
үгіттеп сізді енді не қылайын,
Білмейтін бала емессің бесіктегі.
Болман:
Кетеді сөйлегенде қызып арқам,
ерлерім жаңалықтан өскен дарқан.
өзіңнің ерте шапқан ардагерің,
сөзіме құлақ салып тыңда, қалқам!
Көрдің бе Қарақұм мен Қоңырқұмды,
талайға осы күннен берген сынды.
өреді өлкесінде үш жүз мың қой,
айтсам мен жан шыдамас Қарағанды.
сен-дағы жоғарылап көтеріле бер,
осындай еткен ісің, талабыңды.
Қоңырқұм, Қарақұммен қатар жатқан,
Құзында қыран шалқып қанат қаққан.

76
Қазақ өнерінің антологиясы
сендерге табысымды көрсетпекке,
мінекей, бетім осы-ау келе жатқан.
Балқашпен қатар жатқан теміртауым,
Жан сүйер Қазақстан, біздің қауым.
осындай дәлдеп айтшы табысыңды,
термейік қазақшылық құрғақ дауын.
Көрсеңіз таң қаларсың болатымды,
ұшан-құйрық қонатын қанатымды.
мінекей, қарсы келме бұл ағаңа,
Шығарған сол кендерім ұлы атымды.
ал қалқам, сендер жассың бердім кезек.
сөйлеп көр, көп ішінде тілді безеп.
Шыныңды айт, былтырғы өткен, биылғымен,
мінекей, болсаң жасым адал жүрек.
Желеу:
оңтүстік облысы үлкен орда,
Байлығы таусылмайтын ескі қорда.
Байқайсың, есітесіз көрмесең де,
табыстың барлық түрі жатыр сонда.
елім бар күміс қазан, алтын қасық,
алтынды күнде ұстаймын жалтылдатып.
Бере алмай алтын түгіл көміріңді,
сіз отырсыз планды кейін тартып.
ақсақал, алды-артыңды сөйле байқап,
далаға жаққан оттан кетпе шалқып.
мен сізді «қария» деп сыйлап тұрмын,
Кетер ем басқа болсаң бір-ақ шарпып.
елімнің қасиетті кісілері,
Бастырып абыроймен істі ілгері.
отанның бар керегін беріп тұрмын,
табысы кем демейді ешкім мені.
Құлақпен естігенді көзің көрер,
табыс үшін жұмсалды барлық өнер.

77
Айтыс 4 ТОМ
Әрі-бері ортамызда поезд жүріп,
Кеп жатыр неше түрлі машиналар.
орнатып бұл табысты ленин берген,
Бұрыннан ел емес пе ек кешеулеген.
Жағынан мәдениет бос қалмаңыз,
Бөлеке, ойың болса өсем деген.
елімде шалқып өскен мал менен бас,
Құлпырып, бәйшешектей үлгілі жас.
Шыққанда бір-екі леп парад түзеп,
Әскери тәртібіне боласың мас.
айтайын айыбыңды енді тыңда,
өтірігі жоқ, Бөлеке, тұрсаң шынға.
тауығыңның планын толтыра алмай,
үйден жинап сен жүрсің осы жылда.
алды бес жүз, аяғы жүз елуден,
Жеткен колхоз көрінет қойы мыңға.
Кебенек кеп ешкісін қырып жатыр,
ауданның «Қызыл туы» қалып шуға.
айтайын нұра ауданның масқарасын,
Келіспейт көрген істі ашпаған соң.
тұрғанда ойсыраған олқылықтан,
неменеңе жетісіп мастанасың.
алашадан кигізіп қамыс күрке,
малшыңның көріп келдім бас панасын.
Береке малдарыңа қайдан кіред,
тоқтың қоздап, шыбышың қашпағасын.
Шет аудан, бір колхозың «ұзынарық»,
Жылап тұр күш-көлігің көрмей жарық.
активтер оларыңды жіберме деп,
өгізің көтеремнен болды кәріп.
ақсақал, бұл жерге кеп айқайлама,
Болмай ма, өзің үшін бетке салық.
Болман:
Әй, Желеу, жас бала едің білед деген,
ер күшін еңбекпенен білектеген.

78
Қазақ өнерінің антологиясы
айтқаны бұрынғының осы емес пе,
«Жығылған сүрінгенге күлет» деген.
айтайын жұмысыңды сынап тағы,
ақын да сөз аяғын ұзатпады.
он жеті мың бас қойың былтыр өліп,
сенделіп адамдарың бұлғақтады.
тағы да айтып өтем мақта жағын,
мақтамен сен де шырақ не ақтағаның.
Былтыр да борасынды толтыра алмай,
осы ма маған әкеп сақтағаның.
Паш етем байлығымды алдарыңа,
үлкен-кіші қыздар мен шалдарыңа.
өтірік айтпа шырақ, жас басыңнан, 
топалаң келгені жоқ малдарыма.
мінеки, осы отырған білер халық,
Кім кемін, кім артығын бәрін анық.
Шіркін-ай, сөз кезегі кейін қалды,
толғанып домбыраны қолыма алып.
созақтың былтырғы қыс жұтағанын,
отырсыз өзіңіз-ақ мойныңа алып.
Бұл күнде үш жүз мыңға қойым жетті,
Қойым бар мыңғыраған егіз тауып.
мен Болман, Жезқазған мен Қарағанды,
Жұрт жинап отыратын құрметпенен.
сөйлесем таусылмайтын көмірімді,
Көмірім өркендеткен өмірімді.
Қарағым, жас та болсаң қатар болдың,
сөзіңмен қалдырма өзің көңілімді.
мен әлі айтқаным жоқ оннан бірін,
Шалқыған, қайнап аққан теңізімді.
ал енді кезек бердім өз басыңа,
аңдып айт, байқап сөйле жолдасыңа.
Жаңағы айтқан сөзің бәрі өтірік,
ақыры келіп қалар өз басыңа.

79
Айтыс 4 ТОМ
Желеу:
Халқымсың өсіп-өнген Қарағанды,
Қандырдың табысыңмен бар адамды.
азырақ сол жеріңе өкпелеймін,
Жаратпай отырсыздар жарағанды.
айтайын оңтүстіктің алыптарын,
өздерін алыптықпен танытқанын.
Қамырдай қара тасты күшпен илеп,
Береке еңбегіне дарытқанын.
елімнің қасиетті кісілері,
Бастырды абыроймен істі ілгері.
осындай бар табысты шындық айтсам,
Бұл жерде кінәламас ешкім мені.
айтайын нартаевтың жеке басын,
Жеті айда орындады жыл нормасын.
мұндай алып сіздерде табыла ма,
елімнің күшпен ашқан қазынасын.
онан соң Бидайбаев забойшігім,
Босатып күшпен тартып таудың жігін.
Бес айда жылдық ісін орындады,
Баянды етуменен істің түбін.
Қолында машинасы дүрілдеген,
Жас жігіт жарқын жүзді күлімдеген.
отанның туылған ер тілегіне,
ешқандай кемшілікке сүрінбеген.
отанның туғызып біз тілегіне,
Күші бар арыстандай білегінде.
Шешесі жерік болып туған екен,
Басында жолбарыстың жүрегіне.
өзі де жолбарыстай туған нағыз,
Әр топта жырға қосып айтар аңыз.
туады алып анадан, ат биеден,
дегендей ел аузында боп жүр аңыз.

80
Қазақ өнерінің антологиясы
осындай ерлерім бар елге ырыс,
Жау мойнын қырқатын өткір қылыш.
екпінді ерің болса, сіз де атағын,
еңбегін батырлардың айтпақ дұрыс.
Жұмыстың басқарамыз ауыр жағын,
Көздейсіз жеңіл ұшып тәуір жағын.
Бар болса, батырыңды тағы айтып бер,
осында, алматыда Бауыржаным.
Болман:
Шопан ер, естіп пе ең мұқан ерді,
неше рет осы топқа талай келді.
омырауда қос ордені жарқылдаған,
Шіркін-ай, жақындатқан алыс жерді.
Жүз қойдан он мың қойды өзі өсіріп,
осындай бір тамаша өнім берді.
осындай жақын қылған алысыңды,
Жіберме бұл жарыста намысыңды.
өсиет-үлгі берген талай жанға,
мен-дағы айтып өтем Қанышымды.
ертеден естіп пе едің ықыласты,
олардың жұрағаты өрге басты.
өсірген партиядан айналайын,
Қойғанын жарыстырып кәрі-жасты.
отырмыз қызықпенен нұрға батып,
Әр сөзге сөйлемейік басты шатып.
Шырағым, байлығыңды салыстырма,
Бір қорған мысымменен алам сатып.
сенің де кем демеймін табысыңды,
сыртыңнан естіп жүрмін дабысыңды.
өзің де таппадым деп айта алмассың,
мінекей, көмір менен сол мысымды.
Кетесің кейде өзіңді өзің мақтап,
Қалдырма бар сөзіңді ішке сақтап.

81
Айтыс 4 ТОМ
онымен өзің мақтап шыға алмайсың,
Шаршы топ көп ішінде кетсем ақтап.
1961 жыл.
 ҚАЛИХАН МЕН ӘБІКЕН
Қалихан:
«өлең сөздің патшасы» – деген абай,
Қиыннан қиыстырып айтқан талай.
абайдың бас шәкірті – дана мұхтар,
арысы әр қазақтың қарқарадай.
сұлу сөздің сұңқары ұшқан түлеп,
тоқтатпай елін сүйген үлкен жүрек.
төгілді естігенде көзден жаңбыр,
Кеудеңде найзағайдай бұлт күркіреп.
салт емес бірақ бізде әуел бастан,
отыру жоқ таянып, бекер жүдеп.
мұқаңның аруағы үшін мына айтыста
Шабытым өршеленсін, дауылша үдеп.
ежелден ел серкесі семей еді,
өнерге семей қашан кедей еді?
дауысымен еуропаны таң қалдыра,
Ән төккен Әміренің көмейі еді.
ат беріп, ақын деген өзіме де,
Жіберді осы топқа арнап халық.
Болғанда сіз ақ шортан, мен балықшы,
ал кеттім, ертіс бойлай қармақ салып.
Әбікен, аманбысың, замандасым,
ерекше ұнап кетті маған басың.
тұлпар болсаң шығарсың суырылып,
мәстек болсаң белгілі шаба алмассың.
мынадай салтанатты бас қосқанда,
неғылып ақын қиял шабандасын.
татырлық бір адамға азаматсың,
Қызықпай қыздар қалай жамандасын.

82
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешегі үш орденді ақын Жамбыл,
секілді шелектеген төкпе жаңбыр.
Жәкеңнің жүріп өткен ізін бастың,
Боларсың өзің-дағы үлкен даңғыл.
сүбелі өлең керек мына топқа,
не керек көке жасық болса шандыр.
Кетіп ең кеше біраз іліп-қағып,
ал енді кұмарыңды бүгін қандыр!
Жер өтпес жер жәннәті Жетісудан,
ілияс, ақын сара, ғали туған.
алдыңда ұстазың бар үмбетәлі,
Жасынан өлең дарып, өнер қуған.
ардағы алатаудың ақын Кенен,
айтысып, «ақ ешкімен» күңіренген.
Құлағың ептеп қана шалған шығар,
деді ғой кеше бізді құнан, дөнен.
сен кімсің, құнанбысың, дөненбісің,
үйірден ерте жеріп шығармысың?
соқтырсам сарыарқаның егіз желін,
Көбендей күйі кеткен ығармысың?
тағы да бір ұстазың – ақын Қалқа,
Жетісу даңқын білген сыр мен арқа.
сабалап сөз ұйқасын сапырғанда,
тыңдайтын тына қалып, ел құмарта.
тырнағы мұқалды деп естуші едік,
тынымсыз домбырасын тарта-тарта,
Қарқыны ақсақалдың әлі күшті,
сен сөйле, иегіңді соған арта.
өзенің лепсі, ақсу, іле, сарқан,
ені бар кей жерінің ұзын арқан.
өзенің жеті түгіл, жетпіс болсын,
өңешіне сыйғызар ертіс дарқан.
семейден шыққан емес қораш ақын,
Бәрі де ортан қолдай тамаша ақын.

83
Айтыс 4 ТОМ
Біз емес баяғының сасық кеуде,
рушылы төбелеспен тарасатын.
Кесте біздей сыпайы өткір келсе,
Әзілің атаңмен де жарасатын.
ортамда ет комбинат алыбым бар,
атағы шекарадан әрі асатын.
Білектей шұжығынан татқан кісі,
Жөні жоқ, қисын тауып таласатын.
өмірге жаңа жоба жасап берген,
ал жырла, партияның саясатын.
Әбікен:
аяңдап сегіз перне түстім жолға,
Барлығымыз бас қостық астанада.
айтысқын меніменен жөнін тауып,
Әбікен бір кеткен соң түспес қолға.
домбыра алдым қолыма, 
ақынның түсіп жолына.
сілтеп біраз көрейін,
оңы менен солына.
айтыспай қалай кетеміз,
үмбетәлі, Қалқаның
ілескен соң соңына.
Жаңбырдай құйып төгейін
сөз асылын терейін,
айналсын алтын қорына.
риза боп халайық,
аз айтсақ та барына.
мына отырған семейім,
семейге сәлем берейін.
Бұл абайдың ұрпағы, 
соңынан мұның ерейін. 
Әкең

бастап келіпті,
ту астанаға еніпті.
Келгеннен соң ақындар,
сөйлеуіне беріпті.
Қыздарды қосып Қалихан,
1
Әкең деп – Әкірем Ысқақовты айтады.

84
Қазақ өнерінің антологиясы
Қалайша бұл желікті.
Жамандамас қыздар деп
Әбікен соған сеніпті.
Жетісудың ақынын,
атын түгел атадың.
сенде де ақын аз емес,
Әлемге жеткен атағың.
сапакеңнің
2
 жиені
сен емес пе ең қатарым.
Шәкір
3
 атты ағаң бар,
Біледі түгел отаным.
айтысуға келіпсің,
сәтті болсын сапарың.
Қаратал, Көксу, ілені
Халқым түгел біледі.
Жетісудың бас қосқан,
Болады Балқаш жүрегі.
Балқаш көлім ертіспен
Қатар өмір сүреді.
ұйымдасқан бірлестік –
еліміздің тілегі.
астананың төрінде,
Бақытты туған елімде,
Жүйріктер кеп жарысты,
домбыраны қағысты,
екі жақтан екеуі,
Жібермейді намысты,
Қалихан құрбым, айта бер,
еліңдегі табысты.
Қалихан:
Қозы өскен, Баян өскен, аякөзде,
оқып па ең, хикаясын бала кезде?
Бұл күнде сәнді шаһар қанат жайды,
Қазақ жоқ баяғыдай дала кезбе.
мақтамай тұра алмаймын «Қарақолды»,
Бір өзінен төрт адам герой болды.
2
Халық ақыны – Сапарғали Әлімбетов.
3
Халық ақыны – Шәкір Әбенов.

85
Айтыс 4 ТОМ
Жүзінен жүз алпыстан қозы өсіріп,
ерлікке бірінші боп салды жолды.
Батырдан құр емеспіз, таза-тақыр,
«абайдың» бір өзінен он төрт батыр.
тымақ киіп алмасаң мұнан былай,
Батырлық тақияңа тап кеп жатыр.
естідім Жаркентіңде бар деп мешіт,
арабша жазу жазған қақпалы есік.
Шұжық жеп бұл дүниеде біз жүрейік,
Жұмаққа сендер-ақ бар түгел көшіп.
Бір тұтам біздің совхоз «Шалабайды»,
Бәріңді мал жағынан ағалайды.
өсірген ақ бас сиыр асыл тұқым,
мән беріп бүкіл одақ бағалайды.
астаудай әукесі бар бұқасының,
салмағы бір тоннаны жағалайды.
сәйгел қуып сыпсиған сиырларың,
Біздің жақ мал деп оны санамайды.
Құйма алтын қақырығы Шар ауданым,
Қадаған шахтасына жалауларын.
озады өндірістен баса-көктеп,
Жинасаң алматының бар ауданын.
Жеріңнен алтын түгіл жез шықпайды,
алтынсыз адымы аршын сөз шықпайды.
тауыңды бес жыл қарап, он жыл тінтсең,
Қайнаған бақыршықтай көз шықпайды.
Бөке, даубай, еспе мен суықбұлақ,
Бар шығар естігенің ұзынқұлақ.
ыстығың көтерілсе қолтыққа қыс,
Шығады біздің жерден мөлдір сынап.
дән қоймасы Көкпекті, үржар, Жарма,
астығын күнде тасып жүр отарба.
гагарин аспанға ұшқан бұл заманда,
салынған Қоғалыңда тас жол бар ма?

86
Қазақ өнерінің антологиясы
сарқанттың кеңшілігін айтам таңдап,
ағайында Журишкин екі саңлақ.
Жұрт жұмылып жатқанда жазғы еңбекке,
оларың жүреді екен балық аулап.
айтайын алакөлді тура нұсқап,
ондағы жағдайың да қиын-қыспақ.
алажаздай бір рет суармапты,
Жүрмеңдер жүгеріден жүген ұстап.
Қапалдың ауданынан таптым шындық,
Шөбің бар жиырма процент, бұл не сұмдық!
сендерге мал азығын дайындауға,
Керек пе тағы да бір жеті жылдық?
«Коммунизм» совхозында шошқа малын,
Жек көріп жүргендерің маған мәлім.
Жүз грамның артынан асханада,
Көрер ем закускаға татпағаның.
Әбікен:
заулайын мен ылдидан салып өрге,
Қалихан кезек бастап шықтың белге.
естірттің ауылыңның мамандарын,
Бар екен он төрт батыр сіздің елде.
он төртке он төртті мен қосайын,
Көріп қайт өз көзіңнен бірге жүр де.
елім бар еңбек сүйгіш, қажымайтын,
еңбектен озып алған талай жүлде.
сен айттың мақтан етіп кендеріңді,
Жететін жерің бар ма текеліге.
Байлығын текелінің бір көрсетсем,
адасып жете алмассың мекеніңе.
айтасың мешіт бар деп жалған сөзді,
Қай жерде мешітімді көзің көрді?
Әлде сен молда болып тұрып па едің,
Жауап бер, айтатұғын кезің келді.
иман боп сол мешітте елді жинап,
Қалихан, алып па едің боз інгенді?

87
Айтыс 4 ТОМ
музейді түсінбестен мешіт дейсің,
Бұл жөнде, Қалиханым, таяқ жейсің.
үзіліп менің мойным қалар болса,
сен де сондай боларсың кешікпейсің.
Басшы барса сендерге,
тиянақтап тұрмайды.
ойыңда қазір бар шығар,
Білемісің мұндайды.
сендерге ұқсап алматым,
Басшыларын қумайды.
семейге бар деп жұмсасаң,
Бармаймыз деп шетінен,
Жүректері зулайды.
айтып айтпай не керек,
Бұларыңыз болмайды.
ағыттым, ал, Қалихан, тілді безеп,
тіредім аттың басын саған тежеп.
тынықтың бір сағаттай деміңді алып,
сөзіңді бастай бергін, бердім кезек.
Қалихан:
Қайткенмен мешіттерің бетке шіркеу,
Жарамас домбырасын көкке сілтеу.
«сасқан үйрек артымен сүңгиді» деп,
етіпсің музей деген сөзді бүркеу.
Бұрынғы фамилияң талдықорған,
ұмыт боп осы күнде қалды қорған.
Қайталап ерге шыққан жас әйелдің,
Күйеуіне жазылу салты болған.
сондай-ақ алматы боп жазылыпсың,
Қонысың құтты болсын, ірге қонған.
собығын жүгерінің шикі сатып,
ел екен сарыөзегің әккі болған.
Күніне үш-төрт мезгіл поезды аңдып,
Кейбірі қалта сауып, тиын сорған.
Кәрі тұрсын, саудагер қыздарыңның,
Шіріген жұмыртқаға қойны толған.
іле халқы сатса егер шикі шабақ,

88
Қазақ өнерінің антологиясы
талғарыңның тағы жоқ қымызы оңған.
іріткі ме, шалап па біле алмадық,
ақша санап берсек те мына қолдан.
облыс өз алдына шалқыған ел,
Шаңқан боз, сегіз қанат семей ордам.
семеймен терезең тең болу үшін,
облыс бол, өз алдыңа келсе қолдан.
Әйтпесе малтаңды езбей сөзді доғар, 
мен қонақ шаршап келдім алыс жолдан.
деген бар көп сөз күміс, аз сөз алтын,
Әр жүйрік жүгіретін байқап шарқын.
«тоқсан ойдың түйіні тобықтай сөз»,
Қазақтың ұстанайық осы салтын.
исадай шалқар емес, шағын едім,
демеймін қара ертістей ағын едім.
Жүрекке Программа шабыт берді,
сиынып домбырамды қағып едім.
Әбеке, осыменен қош болып тұр,
араздасып айрылар не ғып едім?
ғапу ет, ақсақалдар, артық айтсам,
өзі тиісті аузымды бағып едім.
Болашақ бас қосатын күндер туса,
Күшімді көресіңдер тағы менің.
Әбікен:
Желпініп желіп отыр бала ақын,
сөзімді қабыл алсын барша халқым,
семейдің бар жағдайын түгел айтып,
Көрсетті білгенінше шама-шарқын.
Көрсеттің қырын қарап ызғарыңды,
Келгеннен байқағанмын ызбарыңды.
семейден талай келіп сарыөзекке,
ұрлаған сатып едің былғарыңды.
Кеттің ғой саудагер деп мені шарпып,
сөйлесем сөз қала ма түптен тартып.
өзінің саудагерін өзі көріп,
отыр ғой пайдақор деп, маған артып.

89
Айтыс 4 ТОМ
саудагер анық семей сен емес пе?
Жерім жоқ, сауда қылған сенен артып.
ойыңда жүргеніңді айтып бердің,
Келгенде астанаға қолма-қолтық.
Әрине, облысым талдықорған,
өзі мығым, шаруаға жайлы болған.
«Қосылсын екі облыс бір жерге» – деп,
орталық Комитеттен қаулы болған.
Қайтпаған жас баласың талабыңнан,
Кенен айтқан емес пе ең бала құнан.
Қосылдың алматыға деуің қате,
сен де соның тарайсың тарабынан.
Әлде өзің елеуреп қалғанбысың,
алматының ішіп ап шарабынан.
ақын деген, әрине, ел еркесі,
ақын ақын болмайды елеуресе.
Бес облыс қосылып осы күнде,
Қарашы, болып отыр тың өлкесі.
мен де жақсы көремін ұғынуды,
Көрсеткен тату-тәтті қылығыңды.
суатта су болмаса, Қалиханым,
айтпаспын саған қаз деп құдығымды.
Көп сөзден аз сөз дәмді дегенің рас,
ағытып алып жүрме тығыныңды.
айтпадың ауданыңның табыстарын,
ат салып жеті жылға жарысқанын.
айтпасаң, өз жерімді мен айтайын,
Жақсы ғой «Күреңбелмен» танысқаның.
Батырдың жиырма сегіз бәрі бізде,
еңбектің жайнап тұрған сәні бізде.
соғыста «гвардия» атақ алған,
Батырлар – өзек біздің әнімізге.
Көшенің Шоқан жатыр жағасында,
матайдың асқар биік сағасында.

90
Қазақ өнерінің антологиясы
орыстан білім алып, үлгі пішкен,
Қазақтың теңдік іздеп баласына.
Шоқанның орнаттық біз ескерткішін,
Жоғары бағалаймыз ердің ісін.
айтпадың «құтты болсын» ескерткішке,
өзіңе ұнап тұр ма, осы ісің?!
Житняк – еңбек ері бізден шықты,
Қайратты, жылы жүрек болды мықты.
табысы колхозымның он бір миллион,
еңбекпен сүйсіндірді барлық жұртты.
тамаша таусылмайтын Көксу кенім,
Шалқыған Балқашымдай бар ма көлің.
Кәнеки, жақсы жаймен қоштасалық,
Құрбыға ренжімей қолың бергін.
 1961 жыл.
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет