«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Әбікен:
Көз салып бір қарашы Қапалыма,
еңбекпен аты шыққан қатарына.
Жыл сайын кейіндемей алға бастап,
үдетіп үлес қосқан отаныма.
Кім білмес курорт «Қапал-арасанды»
еңбекпен ақсу құрған тамашаны.
Көркейген ауыл-село, қала-қыстақ,
Ән салсам ортасына жарасады.
өмірге «Құлагердей» жыр әкелген,
ілиясқа қандай ақын таласады.
Қапалдан шыққан ақын ғалиым бар,
Жәкеңмен жақын болған алақаны.
сөзіміз мағлұм болды барша көпке,
тетелес екі ақында болмас өкпе.
Келер жылы табыспен көрісерміз,
ал енді қоштасайық, айып етпе.
сәлем айт Көкшетаудың ерлеріне,
Қайда жүрсең аман бол қызметте.
екеуміз азды-көпті сілкілестік,
Кездессең бұдан былай сыртқа теппе.
Көкен:
Әбеке, Көкшетауға келіп кетші,
гүлденген аймағымды көріп кетші.
Күндестіктен бірлестік жақсы деген,
табысыма зор баға беріп кетші.
 1972 жыл.
МҰҚАШ ПЕН ӘСІМХАН
Мұқаш:
Қабыл ал, үлкен-кіші, сәлемімді,
тілеймін қашан болса аманыңды.

151
Айтыс 4 ТОМ
Көңіл шат амандықта жүрсіңдер ме,
еліңе есіттірместен жаманыңды.
торқалы Кенен тойын құттықтаймын,
ардақтап құрметтеймін адалыңды.
Батыр, байлық, әділдік бәрі түгел,
өсірді өрімдей қып маманыңды.
Электрлі шалқыған шаруам бар,
өнеріне лайық талабымды.
лениндік жұлдызбен жарқырадым,
Қолға алам домбырам мен қаламымды.
Коммунизм таңына үлес қосқан,
Халқыма: «Қайырлы ет, – деп, қадамымды».
ленин көсем сілтеген сара жолын
нұрға бөлеп жайнатты заманымды.
алматының жүйрігі кез кеп қапты,
Қарсы алам Әсімхандай қарағымды.
тойыңыз құтты болсын, қалың жұртым,
Қызықпен қызыл-жасыл іші-сыртың.
Халқымыз шат көңілмен шалықтады,
ешкімнің сұрамаймын ру, ұлтын.
Қала менен даламда айырма жоқ,
сайрандап аралаңдар біртін-біртін.
Қарт – қария, бәйбіше кең пейілді,
Жарасқан қыз-бозбала, қызыл қыршын.
достасып қол ұстасып, құшақтасып,
түрлі ұлтпен туыс болып бірге жүрсін.
алдыңдағы бақытқа қолын созып,
Жасым жайнап, елімде кәрім күлсін. 
тойында тоқсан жылдық Кенекеңнің, 
сәлемдесіп қоюға келді-ау қисын.
Әсімхан:
Бірінші сәлем жалпыңа,
ақын мұқаш қартыма.
екінші сөзді арнаймын,
тойға келген халқыма.
Кім риза болмайды,
Қазақтың осы салтына?
мұқа, сіз бүркіт болғанда,
мен бір қыран қаршыға.

152
Қазақ өнерінің антологиясы
аманбысыз, мұқашым!
үлкендік жақтан ұтасың.
өлеңіңмен, сөзіңмен
тыңдаушыңды ұйытасың.
алматым қара шаңырақ,
той күні тұлпар шабылад,
Жамбыл деп өлең бастасам,
сүйсінед денем жадырап.
Кенекеме кейінгі –
Барлық ақын бағынад.
ұстазын естен шығарса,
ол адам сөзден жаңылад.
сүйікті көсем ордені –
ең жоғарғы наград.
Кененнің бұл сыйлығын
Құттықтай кетсем, не қылад?
Жүз жылдық той болғанда
ақынға жұлдыз тағылад.
Шәкірттері Жамбылдың – 
үмбетәлі, Кенен ед,
есдәулет, Қалқа деген ед.
Біздерге ұқсап айтысқа
талай да талай келген ед.
Кенекем салған әндері
Басқа әндерден керемет.
суырып салма термеге
үмбетәлі терең ед.
маған да солар тапсырып:
«сен айтқын енді!» деген ед.
талдықорған сен едің,
«танымайды» демегін.
айтысқалы менімен
алыс жерден кеп едің.
мұқаш ақын, айтып бер,
алматым берген көмегін.
«Жақсы облыс атанып,
Жеңімпаз бол!» дегенін.
Қамқорлық талай етіп ек,
Бұл сөзім емес өтірік.

153
Айтыс 4 ТОМ
ақ отау тігіп басыңа,
еншіңді бердік екі рет.
отауымсың сол үшін,
Құтты болсын қонысың.
Қамқорлық жасап әрқашан,
Беріп жүрміз қол ұшын.
Қаншалық қазір жақсардың,
Жұмысты қалай басқардың.
ақын Қалқа аман ба,
ордасы болған дастанның?
ақындар бар ма ішінен,
топ жарып шыққан жастардың?
Жапсарбаев Қалқаны 
Қасыңа неге ертпедің? 
Келмеді-ау атын ерттегің. 
ұстазыңа жүр демей 
үйіне тастап кеткенің – 
Қызғандың ба Қалқаның
Киетін бір шекпенін?
Кененнен Қалқа кем бе еді? 
Халқына сіңген еңбегі. 
талдықорған ақынды 
сыйламайтын ел ме еді?
сөзіме жауап беріңіз, 
өлеңнен ұрық себіңіз. 
таразыға түссең де 
мен емес сіздің теңіңіз. 
Қайтадан барып аулыңа 
Қалқаны ертіп келіңіз.
Мұқаш:
Болғанда ақыл ойда, сымбат бойда, 
тұра ма ақын қарап мұндай тойда?! 
Желсіз күнде желігіп шаң ұшпайды, 
аспаннан нұрын төксе күн мен ай да. 
тоқсанның төбесіне шықты ағамыз, 
Халықтың арасында ақық айна.
Құрметті беделге ие белсенді інім, 
Әсімхан, інім едің тілің майда. 
ақыл, нақыл аталы сөз сөйледің,

154
Қазақ өнерінің антологиясы
Әр ақын да біледі ақыл айта.
Қатарыңнан қалмаған жүйрік едің, 
Халқыңа қазыналы етіп пайда. 
сөзімді таза тыңда, қапы қалма, 
ар-намысқа лайық алдың найза.
Білемісің, облысым – талдықорған,
Көксу менен Қаратал қалың орман.
ақсу менен лепсі, тентегі анау,
саясында сайраған бұлбұл қонған.
Жеті арнаның шұрайы талдықорған,
Шалдығып, шаршағанның мейірі қанған.
Қойныма, құшағыма сыйып жатыр,
еңбекке жеңін түріп іздеп барған.
Әсімхан меніменен салды жарыс,
отан үшін, халық үшін барлық табыс.
ағаның баласысың алшаңдаған,
ініңнен мақтанам деп кетпе алыс.
Жамбыл менен Кенен деп шалқаясың,
Бізге де олар-дағы емес алыс.
Қалқа менен Қуатты ұмыттың ба?
түзу бас аяғыңды қисық шалыс.
Қабаннан сүйінбай да бата алмап па ед?
адасып аңғырттанбай дұрыс қағыс.
Қабан, түбек, Бақтыбай еді дардай,
нұрмолдам жарқыраған атқан таңдай.
екі рет «еңбек ері» атақ алған,
отыр ма оны айтуға аузың бармай?
ертек боп ел аузына тарап кеткен,
Жансүгіров есіңде ме жанған шамдай?
Қорғасын, мыс пен күріш, шекер-қант,
Жүк тартқан желкесі анау шөккен нардай.
Әсімхан:
тұлпар деп оны кім айтар?
той күні тұрса жүгірмей,
Бәйгеден қалса ілінбей.
ақындық атақ кім берер,

155
Айтыс 4 ТОМ
Халқыма еңбек сіңірмей?
Әсем қала – алматым, 
Кілемнің ою түріндей. 
Құшағын жайып мейманды 
Қарсы алады күлімдей. 
Көп ұлтты ел тату, сыйласып 
Бірге туған ініңдей.
заманымыз жаңарып, 
ескіліктен тазарып, 
Жүз тоқсаннан қозы алды, 
Көккөзов пен назаров. 
Бұл сияқты озатты – 
өлеңменен мадақтап,
газеттерге жазалық.
миуалы жемісім,
малға толы өрісім.
Көк теңіздей толқыған
Жайқалып тұр егісім.
өткен жылы біз бердік,
миллиардтың көбісін.
облыстарға арттағы
Беріп жүрміз жең ұшын.
Құрылысымыз күрделі,
сапасы да ілгері.
мыңдаған жаңа үй дайын тұр,
Жұмысшылар кіргелі.
облыстың он тоғыз
алматым – алтын діңгегі.
Берекелі елім бар,
Көкорай шалғын жерім бар.
Шаруаның ырысы
Бетегелі белім бар.
алма, жүзім, бау-бақша,
он сегіз түрлі өнім бар.
Жетісуға лайық
Қапшағайдай көлім бар.
Қапшағай оңай келген жоқ,
маңдайдан аққан терім бар.
ссср-ге депутат 
Плахина келін бар.

156
Қазақ өнерінің антологиясы
мусин, дәдеш, сәмудің,
түймебаев сияқты
Жұлдыз таққан ерім бар.
маған әуре болмаңыз,
айтысатын теңің бар.
Мұқаш:
мекенім – алатаудың кенересі,
облысым – астананың керегесі.
астана шаңырағы көк тіреген,
Жұлдыз боп жарқыраған дөдегесі.
Күннің нұры орнады от басына,
айменен айшықталған терезесі.
төрінде ұлы көсем ильич отыр,
алтын заң аздырмайды ережесі.
ұл мен қыз еңбекпенен тың көтерді,
Әлемнің жібіп жатыр кенезесі.
Кенен аға тойында басты қостық,
ақынның дуда қызар делебесі.
ақындық дәрежеге ие болдық,
абай менен Жамбылдың шөбересі.
енші алу, енші беру ата салты,
Жетпей тұр Әсімханның неменесі?
Әсімхан:
Кенен ақын тойына
Жүз елу үй тігілген,
түндігі әсем түрілген.
Керегенің басына
газет пен журнал ілінген.
радиосы саңқылдап,
Бар жаңалық білінген.
ғасырға жуық Кенекем,
Халқына еңбек сіңірген.
ақын деп мені кім айтар,
Жырламай кетсем бүгін мен.
сәйгүліктер жарасып,
суытылып, таң асып.
Көкпарын тартып жігіттер
Жұлқыласып, таласып.
Қыздардың сөзі қылықты,

157
Айтыс 4 ТОМ
Қыз қуған қандай қызықты.
таңдай мініп тұлпарды
Желкелейді жетсе жігітті.
ал, қызға жігіт жеткенде,
Құшақтап беттен өпкенде,
Шалдар-дағы шыдамай,
ой жібереді өткенге.
Кемшілік емей немене,
тигізгің келмейді денеңе,
талдықорғанды әкеліп
алматыма теңеме.
айтатының текелі,
Басқаңды айтсаң не етеді?
Көп сөзім кетті жауапсыз,
осы да сізге жетеді.
1974 жыл.
МҮТӘЛІП ПЕН ҚАЛДЫБЕК
Мүтәліп:
Қалдыбек, аманбысың, замандасым,
сөзі – өткір, ойы – терең, ақ алмасым.
Қашаннан озып жүрген жүйрік едің,
тап бүгін атың қалай шаба алмасын?
деген бар топта сөйлер шешен кісі,
Шын ақын неге өлеңді таба алмасын?
айтысып көп ішінде отырған соң,
Бұл өлең саған да сын, маған да сын.
Кездессем жөн білетін ақынменен,
деп оны тілемеуші ем шабандасын.
Кеп тұрмын Қызылорда қаласынан,
Шаруа, малшы, егінші арасынан.
деген бар «сырдың елі – жырдың елі»,
дарияның ұзын аққан жағасынан.
Бір шетім Шымкент пен ақтөбеде,
Кең жайлау, мол жазира даласынан.
терістігім Қарсақпай, Жезқазғанда,
түстігім Қызылқұмнан әрі асылған.

158
Қазақ өнерінің антологиясы
Жерімнің шөбі шүйгін малға жайлы,
самал жел қоңыр салқын жанға жайлы.
малымыз бар жағынан қамтамасыз,
тамақ – тоқ, киім – бүтін, көлік сайлы.
Жоспарым егін, малдан орындалды,
айтқаным артық болмас осындайды.
өрбіген төрт түлік мал қырымызда,
түрлі дақыл егілер сырымызда.
Әр уақта нан бар жерде ән болады,
сол болмақ айтатұғын жырымыз да!
Қалдыбек, дидарластық танысқандай,
Қуандым дос пенен дос қауышқандай.
Берейін енді саған сөз кезегін,
айтысқа сен де қосыл қалыс қалмай.
Қолыңа домбыра алып, сөйле, ақыным
оныншы бесжылдықта табыс қандай?
Қалдыбек:
уағалайкүмассалам, ақын аға,
Кездестік осы бүгін сахнада.
мың сәлем көп халайық, сіздерге де,
төрешім, ақындарға берген баға.
Шымкентім – он бес аудан, он бес отау,
ғанибет жақсы жердің атын атау.
Қарасақ, әрқайсысының орны бөлек,
лайық өздеріне «жабдық-жасау».
аралап облыстың аудандарын,
Бір кезде ақын нартай көрген бәрін.
«оңтүстік – жерұйық» деп бағалаған,
осы сөз қашаннан да көпке мәлім.
мүтеке, айта берсем табыс мол-ақ,
Бұл жерде тауыса алмаспын бәрін санап.
Берейін енді сізге сөз кезегін,
отыр ғой үлкен-кіші бізге қарап.

159
Айтыс 4 ТОМ
Мүтәліп:
Қойды айтсам астаудай-ақ семіз бәрі,
Жақсарған малшымыздың жағдай-халі.
оныншы бесжылдықта төл алудан,
Жоспарын артығымен орындады.
«сиыр сүті – тілінде» дейді халық,
Қоңды етіп семіртеміз жақсы бағып.
Бір жүз жиырма екі мың алты жүз бас –
Жоспар тұр бесжылдықта орындалып.
түйе малы даланың кемесіндей,
өркеші асқар таудың белесіндей.
ауыр жүк артса-дағы сыр бермеген,
сүті – ем, мал біткеннің төресіндей.
он үш мың екі жүз бас түйе малы,
Бұл күнде сол мөлшерге жетті саны.
Бес жүз елу килодан етке өткіздік,
Жұрт көріп семіздігін таңданады.
Шапқанда суылдаған құйрық-жалы,
еті – бал жануардың, сүті – дәрі.
сойсаң – ет, саусаң – бұлақ, мінсең – көлік,
айрықша сүйкімді ғой жылқы малы.
Көргенде ірілігін құнан дейсің,
ойнақтап шауып жүрсе құлындары.
сендерде дәл осындай бар ма байлық,
Бар болса, Қалдыбегім, айтшы кәні?
Қалдыбек:
заводым бар «Химфарм» елге мәлім,
содан шығар алуан шипа-дәрің.
Білесің, неше түрлі шөп өсірген,
«дермене» совхозының бізде барын.
Шардара су қоймасы айтпағымыз,
сіз оған рахмет деп айтпадыңыз.
Қоймадан текше-текше су бермесек,
Қалайша ақ күрішті молайтасыз?

160
Қазақ өнерінің антологиясы
Қашаннан көрші жатқан іргелі елміз,
сондықтан не көрсек те бір көреміз.
аталған «сыр маржаны» күрішіңе,
Фосфордай тыңайтқышты біз береміз.
Жасампаз еңбек сүйгіш адамдарым,
Қарышты алға басқан қадамдарым.
Қалайша сіздің жағдай нашар болмақ,
Бізден барса көптеген мамандарың.
Жерім көп облыста елге мақтан,
суы – шипа, ауасы жанға жаққан.
сарыағаш, Шымған, манкент курортына,
Көп келер емделуге сіздің жақтан.
Білесіз Қазығұртты «кеме қалған»,
Бабата, Құмкент, сайрам – көне қорған.
отырар – сан ғасырдың куәгері,
Кезінде талай ғалым өнеге алған.
осындай өткен мұра қалдықтарын,
Бұл күнде қамқорлыққа алдық бәрін.
аз емес сыр бойында ескерткіштер,
Білейік, айтыңызшы, соның халін.
Мүтәліп:
отанның зор байлығы – алтын дәнім,
Келтірер нан көп болса елдің сәнін.
Қалдыбек, құлақ салып тыңдап отыр,
Келіп тұр сол туралы хабарлағым.
атасы ақ күріштің Жақаев бар,
екі рет еңбек ері жұртқа мәлім.
өзінің диқаншылық кәсібіне,
үйреткен кейінгі ұрпақ балаларын.
атанған еңбек ері, Батыр ана,
Бір дастан тарихы бар ұлбаланың.
Жылда алған жоғарғы өнім ақ күріштен,
мұны айтпай бүгін қалай құр қаламын.
өсірген тәрбиелеп он бір бала,
сәлима – жұлдыз таққан Батыр ана.

161
Айтыс 4 ТОМ
сайланды ссср-ға депутат боп,
Партия бағалады асқан дана.
ол былтыр жиырма гектар күріш екті,
аянбай күндіз-түні еңбек етті.
суарып баптап-күткен нәтижесі,
рекордтық өнімге қолы жетті.
тағы да Әлішева Күләшіміз,
(десеңіз қалдырмастан сыр ашыңыз).
сексен бес центнерден әр гектарға,
алды өнім, айтар бәрі сұрасаңыз.
тұршабек елеусінов – еңбек ері,
ерлерді ардақтайды совет елі.
Жүз екі центнерден гектарға алған,
Батырдың бос кеткен жоқ төккен тері.
 Қадиша мен екпінді Хегайым бар,
 талайды таң қалдырған өнімдері.
 Келтірген гектарына жүз центнер,
 Кей жылы бұдан-дағы болды ілгері.
 он тоғыз миллион пұт ақ күрішім,
 отанның қоймасына төгілді енді.
 елу бес центнерден әр гектарға,
облысым бойынша өнім берді.
аттарын түгел атап берер едім,
өлеңің деп айтпасаң ұзап кетті.
Қысқасы, абыройлы жастарым көп
риза еткен партия мен үкіметті.
Қалдыбек:
аз емес жасампаз жан еңбек еткен,
облысқа, одаққа даңқы кеткен.
өндіріс, шаруашылық саласында,
абыройға, атаққа қолы жеткен.
өршиді соларды айтсам асқақ үнім,
сайрайды сандуғаштай қызыл тілім.
осы отырған халықта кім білмейді,
мырзашөл мақтанышы Жұмагүлін.

162
Қазақ өнерінің антологиясы
Жұмагүл еңбегімен елге жаққан,
мақтадай нәзік дақыл бабын тапқан.
одақтық парламенттің депутаты,
омырауға жалау мен жұлдыз таққан.
Бір таңға таусылмайды менің жырым,
Білесіз Қалдыбектің ондай сырын.
мүтеке, мақтанғанмен оза алмайсыз,
Біздегі байқасаңыз істің түрін.
Білерсіз аңғарсаңыз сөз жағдайын,
сіздерде кейбір басшы өз жағдайын –
Көп ойлап, газеттерде сыналып жүр,
не болды, айтыңызша соның жайын?
Бұрынғыдай аралдың суы қайда,
сыр бойының тоғайы, нуы қайда?
табиғатты қорғауға мән бермейсіз,
не болады күріштен түскен пайда?
Мүтәліп:
ақыным, сөзбен бәрін тегістедің,
Жоқтай-ақ айтып жатсың кемістерің.
Жасырып кемшілікті қала алмайсың,
Келіп тұр кей сөзіңе келіспегім.
аулыңды бірнеше күн араладым,
ісіңді жақсы-жаман бағаладым.
Шымкент – өндірісті үлкен қала,
Қыдырып көшелерін жағаладым.
Шаң-тозаң, түтін торлап көк аспанды,
таза ауа қармансам да таба алмадым.
облысың қанша жақсы болғанымен,
Қалаңның осы жерін қаламадым.
сарыағаш қатар жатыр Келеспенен,
Келесте былтыр мақта тек өспеген.
Кезінде кемшілікті түзетпестен,
Жүріпсің құр айқайлап өңешпенен.
Биыл да мақтасының мазасы жоқ,
Әр жерде жалғыз талы елестеген.

163
Айтыс 4 ТОМ
Қалайша ол жоспарын орындамақ,
су жетпей өсімдіктің көгі өспеген.
«Күйікте» кемшілік көп орын алған,
мәлімет-ақпарының көбі жалған.
Жинаған мал азығын өлшегенде,
Бір жүз алпыс тоннасы жетпей қалған.
Почтасын «Байжансайдың» есіңе алғын,
мен бұған түсіне алмай аң-таң қалдым.
сердюков, нәлібаев деген қулар,
Жеп қойған пенсиясын кемпір-шалдың.
Қалдыбек, сен қырағы ақын болсаң,
ертерек соны көрмей қайда қалдың?
ауылыңның атап айтсам кемшілігін,
Жанашыр ол да менің кеңшілігім.
Әрине, бетке басып айтқан дұрыс,
ұнамсыз кей жұмыстың ерсілігін.
Қалдыбек:
мүтеке, айыбы жоқ сын айтқанның,
Әрине, жала жаппай шын айтқанның.
Әділ сынға жан пида, мойындаймыз,
Бәрі де рас осында сіз айтқанның.
сыныңыздан қорытынды шығарамыз,
Қандай қамал болса да біз аламыз.
Келер жылы көріңіз нәтижесін,
Келсеңіз құшақ жайып құп аламыз.
Шабытпен шат өмірдің жырын айттым,
арайлы октябрьдің нұрын айттым.
отан – ана, ел – халық, туған жердің,
Жасарып, жайнап өскен түрін айттым.
мүтеке, менің сырым сізге аян,
алмайын уақытыңызды етіп баян.
Көріскенше күн жақсы, міне, қолым,
осымен өлеңіме нүкте қоям!

164
Қазақ өнерінің антологиясы
Мүтәліп:
Шымкенттің ақыны едің жолы болған,
өлеңнің дариядай молы болған.
ағаңмын жасым үлкен – жолым үлкен,
үлкеннің айып емес қолын алған.
1980 жыл.
ҚАСЫМХАН МЕН ҒАЛИЯ
Қасымхан:
армысың арқалықтан, ғалия қыз,
торғайға ақындығы жария қыз.
Қоңыр қаз қонамысың, құрақ ұшып,
алдыңда айдын көлдей дария біз.
тотысың түлеп өскен нұр бағында,
өрен жыр – өршіл өмір құндағында.
асылдың сынығынан болармысың,
нұрханның үні қалған құлағыңда?
маралдың баласындай жаудыраған,
Шұғыла жанарыңнан жауды маған.
сымбатың өнер үшін жаралғандай,
торғайдың табиғаты айнымаған.
ақ иық қыранымын Қостанайдың,
таранып, тыныстаймын астында айдың.
арқадан көтеріліп, алатауға –
Жетіп мен, ақ болаттай жарқылдаймын!
Қияннан қас қарая қыраулатып,
Қайтпаса, тояттайды қыран қайтіп?
айлалы алпыс екі алтайыны,
еріксем, ермек етем мың аунатып.
арынды алқымыңда болса да екпін,
Қызығын көрсетейін жекпе-жектің.
Жан сауға, жалтаруға жеткізбейтін,
төбеңнен төне түсер тас түлекпін.

165
Айтыс 4 ТОМ
Қостанай қос орденді – құт мекенім,
Біледі бүкіл әлем құтты екенін.
тарихта талай-талай ізі жатыр,
ерліктің, батырлықтың, жыр-нөсердің.
атыңды жырға қоссам толғай-толғай,
Кетемін көтеріліп көкке самғай.
салғанда шаршы топқа шалдықпаймын,
Қостаушым – Қостанайым өзің болғай!
Ғалия:
Қырандай жыр көгінде самғап келем,
тербелген көкірегімде салмақты өлең.
торғайдың тотысымын, топшылымын,
тең түсер таралғымды таңдап келем.
тізгінін отты жырдың ағытайын,
мен бүгін ақындықты танытайын.
«Қызым» деп айтысуға елім салды,
тәуекел, белдесейін, қағытайын!
торғайым – жыр бесігі арқадағы,
Көңілдің сырын шертіп тарқатады.
Әр күні, әр сағаты байлық, бақыт,
арайлап күліп атар арқа таңы!
ақтылы қой қаптаған алабында,
ақ бидай басын иген танабында.
Жентектеп женттей ойып кенін қаздық,
ақынның жыр болардай қаламында.
Жәй тастап құлашымды көсілейін,
Бұрымын қыздай жырдың өсірейін.
төбеңнен жарқылдатып жай отындай,
торғайдың толқын жырын көшірейін.
ыбырай ашқан алғаш бастауыштан,
Білімнің оты көкке бастап ұшқан.
Бір кезгі бастауыштан институт,
Біз аштық, келді студент барлық тұстан.

166
Қазақ өнерінің антологиясы
өлеңге нұрхан атам құндақтаған,
алысып асау жыры шыңды аттаған.
Күдері, сейдахмет пен есенжолдар
Кезінде кімге жырын тыңдатпаған?!
Қайнекей, сырбай, ғафу өлкесінен,
мен келдім қарт торғайдың өр төсінен.
Құшақтап бала барса, қарсы алатын,
Қонаққа жайып тастар көрпесі кең.
торғайым – тұнық жердің алабындай,
Көркейіп күнде өсуде заманындай.
Жеңетін қиындықты ерлік ісім,
он орап Қостанайды алатындай.
Қостанай жүзге келген мақтанышым,
сан байлық бұлақ болып жатқаны шын.
айтуға астанада тура келді,
Жаныма жара болып батқан ісің.
Бір кезде болғанменен, небір мықты,
Жұмысын филармония доғарыпты.
тойына республикам алпыс жылдық,
Бұл сіздің табысың ба жаңалықты?
Бұл сіздің алпыс жылда өскенің бе?
Болмаса «жаңалыққа» көшкенің бе?
аузыңмен айға барып қоныс салдың,
Көп істер ойда қалды бөскеніңде.
Қолыңа ал, домбыраңды ақын ағам,
танылған әніменен сахнадан.
алысқа барар өзен жай ағады,
Бұлаққа басын иер сарқыраған.
Қасымхан:
тағы да жыр төгейін толғай-толғай,
айтарым, ен байлығым өзің болғай.
Жете алмас байлығына Қостанайдың,
енші алған өзімізден шағын торғай.

167
Айтыс 4 ТОМ
атасам алтынсарин ыбырайды,
Күдігің көңіліңдегі ыдырайды.
Күні боп көкжиектен көтеріліп,
Көп жерге оқу-білім нұрын жайды.
Қазақта кім білмейді Би-ағаны,
ол да бір бәйтерегім қиядағы.
Халықтың ұлт-азаттық қозғалысы,
«Жалбыр» боп көкірегімде ұялады.
ақын қыз айтарыңда жыр, әніңді,
Бойыңа өлшеп сөйле, біл әліңді.
Қостанай берді тұңғыш қазағыма,
Журналист мұхамеджан сералинді.
дарқанмын дарындарға не ғажайып,
Қаламын, еске алсам, мен тыңайып.
солардың ішінде бір біліктісі,
Кәдімгі профессор дарқанбаев.
айтамын наурызбаев Кәкімжанды,
Қолынан ұлы адамдар қайта оянды.
ең алғаш білесің бе осы дарын,
Қостанай топырағына ою салды?
Ғалия:
Әкемсіз, ақын аға, сыйласатын,
Жерің жоқ меніменен қинасатын.
Қостанай жүзге келген жүлделісің,
орынсыз мін тағуға қимас ақын.
ауданды таран атты араладым,
Келмейді, ақын әке, қаралағым.
Қимапсың таранға да ескерткішті,
Бұл істі ұмытқан деп шамаладым.
Күнделік өскеніңе мақтанасың,
сыпырып сылдыр сөзді ақтарасың. 
тарандар деген жоқ па өлерінде:
«Кейінгі ұрпағыма бақ қарасын!».

168
Қазақ өнерінің антологиясы
торғайдың топырағында жатыр таран,
мен оны құрметтеймін, есіме алам.
не айтар ең, сол таран жетіп келіп:
«саумысың, – десе саған, – ақын балам?».
Болыпты меңдіқара, Боровский,
дей алмас мұны ешкім жөн емес қой.
сол жерден Көбеевке бір көшені,
Берсеңіз, ақын аға, көп емес қой.
ұйқастың ел тілейді сай түсуін,
ырғақтың жұбын жазбай бай түсуін.
тыңдаушы ерсі екен деп ойламасын,
өнерпаз жас пен кәрі айтысуын.
«танымас күш атасын» деген нақыл,
Шындыққа айналды ғой бүгін ақыр.
Жекпе-жек жеңе алмассың, ақын әке,
Бойшаңдау бір жігітті тағы шақыр.
атақты шопаным бар Біргебаев,
табысы қанаттанған ірге жайып.
Жүз қойдан жүз қырықтан төл өсірді,
табыскер өресі өскен елге лайық.
Қойларың Бестау менен орқашыңда,
Жүр екен қара батпақ ортасында.
Қой емес баққандарың, қоян шығар,
Жоқ екен жылан қарақ сорпасында.
есілдің естідің бе Кереевін?
ол батыр жүрген жері кілең егін.
он бір мың тонна астықты берді тасып,
осындай болуыңды тілеймін мен!
Қысы-жаз танытқан соң алыптығын,
Бір мықтым – смыкалова дәріптерім.
іздері сайрап жатыр сарыарқада,
Жолындай жаңа үйренер әліппенің.

169
Айтыс 4 ТОМ
түнде бұлт қонақтаған төбесіне,
ұштасқан ұшы аспанның көбесіне.
Бокситім өзіңді де алып жүр ғой,
мінгізіп аппақ күміс кемесіне.
Кен қазған кеншім батыр Кенжебаев,
есімін мақтан етем елге жайып.
Жалыннан жаратылған нағыз батыр,
туғаннан ұл боп өскен кенге лайық!
ақыным, кемшілікпен санаспайсың,
Келсе де жүзге бұған таласпайсың.
Қостанай шұғасының комбинаты,
лас суы қайда барды, қараспайсың.
лас суың жетті егістік алқабына,
сіңуде ақ бидайдың тал-талына.
алдынан тоған салып қайырғанда,
тобылдың жетті шеті шатқалына.
осыны жаздың өзің газетіңе,
Керемет жаратардай қажетіңе.
тілеймін «кесір болып жүрмесін», – деп,
асқазан, жүрегің мен тәбетіңе.
танимыз Қостанайдың өскендігін,
еңсеңіз көрінеді төстен бүгін.
Базарда талтаңдайды саудагерлер,
дүкеннің затын сатар түстен кейін.
Келмейтін бүгінгі күн ажарына,
ұят қой жырға қосып жазарым да.
Бір тәртіп орнатыңыз Қостанайдың,
атақты нариманов базарына.
Шыққандай жарып, тіліп тасты қына,
сіз менің қызығасыз жастығыма.
мен болсам, ренжимін қостанайлық,
Әкемдей адамдардың мастығына.

170
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұл өзі өскендікке нұқсан, аға,
Жөн болар өткір сынды ұқсаң, аға.
отырмын қатты айтуға аузым бармай,
ұят қой басыңызды бұқсаң, аға.
Көп айтып көңіліңді шегермеймін,
Бұл жайлар жөнге енді келер кейін.
Қолыңа домбыра алып әнге салшы,
Кезекті, ақын аға, берем дейін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет