Əдебиетті мəнерлеп оқудағы просодикалық ТƏсілдер



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі127,82 Kb.
#16988
  1   2


КӨРКЕМ

 ƏДЕБИЕТТІ МƏНЕРЛЕП ОҚУДАҒЫ ПРОСОДИКАЛЫҚ 

ТƏСІЛДЕР


 

 

ϖазаϗ  тіліндегі  мәнерлеп  оϗудыϟ  негізін  ϗϭрайтын  интонациялыϗ 

жϫйесін 

аныϗтауда 

оныϟ 

синтагма 



арϗылы 

тϭтастыϗта 

тϭратын 

просодикалыϗ  тәсілдерініϟ  маϟызын  крсеткен  дϭрыс.   уен,  ϗарϗын, 

ϭзаϗтылыϗ, кідіріс, ϫдемелілік,  тембр –  интонацияныϟ негізгі  компоненттері 

ретінде зерттеліп келеді. Оны басϗаша просодикалыϗ тәсілдер деп те атайды 

[1,  35  б.].  Интонацияныϟ  аталϏан  компоненттері  сз  аϏымында  бірімен-бірі 

тыϏыз  байланысты  болып  кркем  сйлеудіϟ  негізін  ϗϭрайды.  Сйлеуші  мен 

тыϟдаушыныϟ тілдік бейініне ϗарай  олардыϟ барлыϗ тϫрлері әр уаϗытта бәрі 

бірдей  орын  алады  және  бәрі  бірдей  тыϟдаушыϏа  аныϗ  естіледі  деп  айта 

алмаймыз.  Жалпы  алϏанда  интонацияныϟ  компоненттері  тіл-тілдердіϟ 

бәрінде  ϗолданылатын  ортаϗ  просодикалыϗ  тәсіл  болып  табылады.  Бϭл 

компоненттер  негізінен  тілдердегі  сйлемдердіϟ  айтылу  маϗсатына  ϗарай 

ажыратуϏа ϗатысады.  

Интонацияның  компоненттері  сөйлеу  ағымында  жеке-жеке  емес, 

тұтасып, бір-бірімен бірігіп, кейде біреуі басым түсіп, кейде барлығы бірдей 

деңгейден көрініп сөйлемді ұйымдастырып, безендіріп тұрады. Əуен, ырғақ, 

кідіріс,  қарқын  сияқты  танымдық  тəсілдер  қолданыс  тілі  стилистикасының 

барлық  саласында  өзінің  стильдік  бояуымен,  көркемдігімен  ерекше  рөл 

атқарады.  Көркем  мəтінді  дауыстап  дыбыстап  оқығанда  просодикалық 

тəсілдер маңызды орынға ие. Стильдік заңдылықтар сөз сазымен сабақтасып 

мағынасыз,  мəнсіз  ойдан  тазартады.  Просодикалық  тəсілдер  арқылы  кез 

келген  сөйлеу  үрдісінде,  шығарма  тілінде,  мəтінде,  тіл  дыбыстарында 

стилистикалық бояу анық байқалады.  

Интонацияның маңызды да белгілі компоненттерінің бірі – пауза немесе 

кідіріс.  Сөйлеу  ағымында  болатын  үзілісті  пауза  дейді.  Кідіріс  қызметіне 

қарай  синтагмалық,  физиологиялық,  эмоциялық,  жағдаяттық,  логикалық 

деген  түрлерге  бөлінеді.  Кідірістің  тілдегі  қызметі  дегеніміз,  оның  бір  бүтін 

мəтінді фразаларға, синтагма, ырғақты топ, сөздерге бөлу ғана болып қоймай, 

сонымен 


бірге 

интонацияның 

басқа 

компоненттерімен 



қосылып 

сөйлемдердің  түрлі  мазмұндық,  эмоциялық  т.б.  қарым-қатынастарын 

анықтауға қатысуы деп айтуға болады.  

Кідіріс  акустикалық  жағынан  дыбысталудың  тоқтағанын,  физиология 

тарапынан артикуляцияның тыйылғанын білдіреді.  

Сөйлемдегі  кідірістің  орнына  байланысты  сөздердің  өзара  қарым-

қатынасы  мен  функциясы  өзгеріп  отыратынын  С.Мырзабеков,  Ə.Жүнісбек 

дəлелдеген.  Мысалы  ретінде  ағашүйдөғой  жəне  ағаш  //  үйдөғой  деген 

тіркестердің  ара  жігін  ашып  немесе  жауып  айтып  көруге  болады.  Сонда 

ырғақтық  топтар  аралығындағы  кідіріс  ритмикалық  топтар  ішіндегі 

кідірістен  1,5  жəне  2  есе  артық  болады  екен.  Фразалар  аралығындағы 

кідірістер  синтагмалар  арасындағы  кідірістен  əлдеқайда  көлемдірек  болып 

келеді.  Қазір  тəжірибеде  кідірісті  транскрипциялау  үшін  /,  //,  ///  белгілерін 



пайдалану  дəстүрі  қалыптасқан.  Сонымен  бірге  ой  екпінін  (~)  көрсету  де 

кездеседі.

 

 

Сөйлеу  ағымын  дыбыстап  айту  дағдысының  нəтижесінде  қарқынды 



түрлендіруге  мүмкіндік  аламыз.  Көркемсөз  шеберлері  мəтіннің  тегіне 

байланысты қарқынды жылдам өзгерте алады. Мысалы бір жайтты нақтырақ 

айту  қажет  болғанда  сөзбен  сөйлемдерді  анық  айтуды  сақтаумен  қатар  өте 

жоғары  жылдамдықпен  айту  қажет  болады.  Басқа  жағдайда  мəтін  жанры 

сөзді  дыбыстау  жылдамдығын  баяулатуды  талап    етеді.  Сөзді  дыбыстағанда 

баяу дыбыстау – қарапайым əрі кең таралған тəсіл болып шығады. Осындай 

тəсілмен  дыбысталған  сөздер  ерекшеленеді  жəне  қосалқы  эмоцияға  немесе 

мағынаға ие болады.  

Қарқынның  құбылып  тұруы  көркем  əдебиет  стиліне  тəн  болып  келеді. 

Негізінен бұл мəтіндердің қарқыны орташа деп анықталады, минутына 70-80 

сөз.  Ал  ойнақылықты  қажет  ететін  əзіл  əңгімелерде  минутына  90  сөзден 

асады.  Ауызекі  сөйлеу  тілі  стилінің  қарқыны  70–80  сөз  аралығын  қамтып 

отырады.  Сонымен  бірге  қарқынның  мөлшері  туралы  сөз  қозғағанда 

сөйлеушінің жеке бас қасиеттері мен экстралингвистикалық себептерге назар 

аударып  отыру  да  қажет.  Қазір  тəжірибеде  қарқынды  жазба  мəтінде 

транскрипциялау үшін                 ,              ,           белгілерін пайдалану дəстүрі 

қалыптасқан. Таңбалардың тəртібі баяудан жылдамға қарай орналасқан. 

Интонацияның  басты  құрамдас  бөлігі  –  əуен.  Əуенсіз  ауызекі  сөйлеу 

тіліндегі  сөйлем  ешбір  тиянақты  ойды  білдіре  алмайды.  Түптеп  келгенде, 

сөйлеу  тілінің  ағысын  бөлшектерге  мүшелеп  жіктейтін  де,  олардың  басын 

қосатын  да  əуен  мен  кідіріс.  Екіншіден,  сөйлемдердің  коммуникативтік 

түрлерін  анықтауда,  яғни  олардың  айтылу  мақсатына  қарай  (хабарлы, 

сұраулы,  бұйрықты,  лепті)  бөлінуінде  үлкен  қызмет  атқарады.Үшіншіден, 

грамматикалық  жəне  лексикалық  тəсілдермен қосылып сөйлемдердің  жалпы 

мағынасын  беруге,  оның  стильдік  ерекшеліктерін  анықтауға  қатысады. 

Төртіншіден,  сөз  тізбектерінің  синтагмалық  жинақталуымен  қосылып, 

сөйлемнің  логикалық  жəне  эмоциялық  мазмұнын  жеткізуде  маңызы  зор.      

Қазір тəжірибеде əуенді жазба мəтінде транскрипциялау үшін 

,     

 

,   



    белгілерін  пайдалану  дəстүрі  қалыптасқан.  Таңбалардың  пішіні 

қалыпты, жоғары немесе төмендейтінін көрсетеді. 

Аталған  просодикалық  тəсілдер  экспрессивтік  қызмет  атқарады,  осы 

сөйлеудің  дыбыстық  жағы  барлық  сөйлеу  мəтіндерінде  тыңдаушыға  алуан 

түрлі эмоционалды əрі экспрессивті əсер бере алады. Көркем əдебиет тілінің 

де,  əдеби  тілдің  де  негізгі  материалы  –  халық  тілі,  халық  тілі  байлығының 

барлық  қат-қабаты.  Сондықтан  дəуірлер  бойы  қалыптасқан  нешеме  түрлі 

көркемдік  амалдар  сөз  орайына  сəйкес  үйлесімін  тауып  қолданысқа  түсіп 

жатады. 

Мəнерлеп  оқу  кезінде  барлық  стильдік  ресурстар  пайдаланылады,  оның 

басты  белгілеріне  аса  бейнелі  тілдік  бірліктер:  метафора,  фразеологиялық 

тіркестер;  тура  мағынадағы  сөздің  ауыспалы  мағынаға  ауысу  қабілетінің 

күштілігі,  сөз  тіркестерінің  семантикалық  қызметінің  шексіздігі  жатады. 

Көркем  оқуда  ұтымды  сөздер,  фразалар  мен  мақал-мəтелдермен  қатар 




лексиканың  түрлі  қатпарлары  да  пайдаланылады.  Онда  əдеби  нормадан 

жөнді-жөнсіз  жəне  мақсатты-мақсатсыз  ауытқулар  да  көп  ұшырайды, 

сондықтан  мəнерлеп  оқу  үлгісінің  нақты  бір  жалпыға  ортақ  үлгісі 

қалыптаспағаны көрінеді.  

Сөйлеу  ағымында  мəтін  құрылуы  мен  жасалуында  қызмет  атқарып,  əрі 

ондағы 


айтылған 

сөздің 


коммуникативтік 

мағынасын, 

эмоциялық-

экспрессивтік қырларын анықтауда сөз əуенінің жоғарылауы мен төмендеуі, 

сөз  бөлшектерінің  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  ұзақтылығы  мен,  сөз 

ағымындағы 

кідіріс, 

айтылымының 

қайсыбір 

бірлігін 

ерекшелеп  

тұлғаландырудағы  қарқын  жəне  де  адамның  көңіл-күйі  ахуалын  жеткізудегі 

тембр  деген  тəрізді  интонация  компоненттерінің,  яғни  просодикалық 

тəсілдердің орны бөлек.  

Көркем əдебиетті мəнерлеп оқу кезіндегі просодикалық тəсілдерді дұрыс 

пайдалана  білу,  сөздің  мағыналы  əрі  мəнді  болуына  əсер  етеді.  Осының 

қаншалықты іске асыруға болатынын тексеру үшін білім алушылармен біріге 

отырып мəтінге мынадай транскрипция жасап көрдік. 

Жазба нұсқасы: 

Ертеректе жасы тоқсанға келген бір хан елінің аса көрікті жас қызына 

көңілі  ауып,  сол  қызды  жар  етпек  оймен  құда  түсуге  адамын  жіберіпті

Қыздың əке-шешесі жаушыдан хабарды естіпне деп жауап беруге сөз таба 

алмаптыСонда қыз хан жаушыларына жұмбақтап былай деген екен



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет