Әдептілік- әдемілік



Дата04.04.2022
өлшемі4,29 Mb.
#29846

ӘДЕПТІЛІК- ӘДЕМІЛІК

Әдептілік- әдемілік

3 “а” сынып

Дайындаған: Қабакаева А. Е

ӘДЕПТІЛІК- ӘДЕМІЛІК

Библиофреш

Библиофреш - (анг. Fresh- жаңарған) жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасау болып табылады. Оқушылар кітаптың авторымен жақынырақ танысып, кітаптың құрылымымына шолу жасайды.

Өтетілеуұлы Ермек — 1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған.1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы педагогтік институтыңың филология факультетіне оқуға түседі, кейін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің мамандығын алып шығады. 1962—1964 жылы Целиноград (қазіргі Ақмола облысы) Қорғалжын аудандық "Шамшырақ нұры" газетінде қызмет істеген. 1964—1974 жылы республикалық "Балдырған" журналында, 1974—1976 жылы "Жазушы" баспасында редактор, 1976 жылдан жаңадан ашылған "Жалын" баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарады, кейін балалар әдебиеті баспасы — "Балаусада" еңбек етеді.

1987 жылдан бастап, "Жалын" баспасында "Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы" сериясы ашылады. Осы серияның бірінші томы "Асыл сөз" атты жинақтың ("Жалын" — 1987), одан кейін көптеген кітаптардың редакторы болады. "Асыл мұра" атты айдармен "Жалын" баспасынан шыққан, балаларға лайықталып әңгімеленген халық дастандары "Алпамыс батыр" (1979) және "Қобыланды батыр" (1983) кітаптарын саралайды. "Ерте, ерте, ертеде..." (Элем халықтарының ертегілерінен. "Жалын" — 1984); "Бесік жыры" (Өлеңдер. "Жалын" — 1989); "Қазақ совет балалар жазушылары" (Шығармашылық өмірбаян. "Жалын" 1990); "Шынашак" (Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы. "Балауса"— 1991) деген шығармалары шыққан.


Ермек Өтетілеуұлы

Белгілі ақын Ермек Өтетілеуовтын тәрбиелік мәні зор балаларға арналған өлең жолдары енгең, әдемі безендірілген бұл басылым кішкентай оқырмандарды әдептілік атты таңғажайып әдемге қызықты саяхат жасауға шақырады. Кітап балаларға ұйде, конақта, мектепте, көшеде өздерін қалай ұстауды ұйретіп, үақытыңда айтылған жылы сөздің қасиетін түсіндіреді.

Әдептілік тәрбие бастауы


Әдеп сөзі- Әдеп сөзі-қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп дегеніміз-адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу, жұмсақ сөйлеу және оқыс қылықтардан аулақ болу дегенді білдіреді. Яғни, бір кісінің басқа кісілермен инабатты түрде қарым-қатынас жасауы және сөйлеген сөздері мен істеген істерінде, көрсеткен қылықтары мен жасаған әрекеттерінде сыпайы, мәдениетті болуы әдептіліктің нышаны болып табылады.Сондай-ақ, әдеп сақтау-туған халықты, елді, жерді, Отанды және жалпы адамзатты ардақтау болып табылады. Өйткені, бұл-ұрпақтық парыздың нақты көрінісі қазақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет