Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет10/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

 
 
НЕ ҚАМ БАР?! 
 
Қатысушылар: Қиқым мен Сиқым – достар.  
 
Дауыс:  Ауыл  кеңсесінің    алдында  сəнқой  Қиқым  мен  оның  құрдасы  
Сиқым  кездесіп  кездесіп  қалды.  Сиқым  қалаға  кеткелі  көптен  көрмеген 
Қиқыммен жолықанына қуанып, оны құшырлана құшты.  
Сиқым (қуана айғай салыпқұшақтап): Ау, келуіңмен! Көрмегелі көп 
болды ғой! Амансың ба?  
Қиқым:  О-кей!  Аман-саумысың,  бала-бақыр  аман  ба?  Кел,  сүйісейік! 
(
Сиқым Қиқымның ернін тістей сүйіп алады).   
Сиқым: (қымсынып): Үй-үй, ый! Ақырын, ей ернімді тістеп  алдың ғой! 
Мұның не, қыршаңқы атша қыршып апғаның қалай?!  
Қиқым: Ха-ха-ха! Культурадан хабарың жоқ-ау, Сиқым! Не понимаешь! 
Сиқым: (ернін  сүртіп):  Пайнемаешің  өзіңе!...  Мына  қалпыңмен  əйел 
алсаң, жарыңның ернін жалбыратып тастайтын сайтансың ғой сен!  
Қиқым:  (танауын  көтеріп):  Сен  не  көрдім  дейсің?  Сенде  эстетика, 
этика, вкус жоқ! 
Сиқым:  Əрине...  Амандасу  айып  емес...  Бірақ,  бүйтіп  бүруге  бола  ма? 
Ия... қалай? Қаладан қашан келдің? 
Қиқым:  (тізесін  былқылдата  кербезденіп):  Келіп  қалдық! 
Понимаешь...  Шаруашылықтың  қожасына  кіріп  шықтым...  Қызмет  сұрасам, 
«
шошқа бақ» дейді... Тапқан екен... Бақсын өзі!... 
Сиқым:  Ей,  Қиқым-ау,  оқу  қайда?  Сені  қаладан  үлкен  маман  болып 
келеді деп жүрсек! Мұның не, жолың болғыр... 

Қиқым:  Ничего,  оқымаған  сен  ғұрлы  бір  ауылды  басқаруға  шамам 
келеді.  
Сиқым: Қолыңнан іс келсе, жақсы ғой! Ондай атты күн қайда? Өзім қой 
бағып, орнымды саған-ақ  бере едім.  
Қиқым: Е, бəсе! Сөйтсеңші. Айтшы анау қоқаңдаған қожаңа. Менімен 
ойнамасын!  Не  «халам-балам»!  Тост  бермесе  де  пост  берсін...  Бас  барда, 
басқару қолдан  келеді.  
Сиқым:  Талабың  болса,  бəрі  болады.  Ия,  айтшы...  Сонымен...  Оқуды 
неге тастадың?... Ауырып қалдың ба?... 
Қиқым:  Хе!  Сөзінің  сиқын!  Ей,  Сиқым,  ауырсаң,  ауыра  бер!...  Мен 
аурыған жоқпын, оқудан өзім отказ бердім! 
Сиқым:  Осы  күні  оқуға  түсу  үшін  жұрт  жанын  салып,  таласып-
тармасып  жүрген  жоқ  па?  Əкеңнің  салған  мол  ақшасын  «күнпайакун»  етіп, 
өзің де оқуға əзер түсіп едің ғой, неге оқымай кеттің? 
Қиқым:  (қолын  сілтеп,  кербездене  кекиіп):  Оқу,  оқу  деп,  бас 
қатырып... Не керегі бар! Қаладан қызық көріп қайттым! Қызық! Бұл өмірдің 
қызығын көру дегенге түсінесің бе?  
Сиқым: Қандай қызық?! 
Қиқым:  (əрбір  биді  көрсетіп)  Міне  мынадай:  (əндете  билеп)  итіңіз, 
түйтіңіз,  битіңіз – «Битлз!»... (Сиқымды  жұлқылап  биге  қосып)  Рит-тым, 
сыриттым – «Ритмі», Жа-са-са, бас асса – «Ча-ча-ча!» Күліс-біліс, - «твист»... 
Сиқым:  Құтырған  итше  жұлқылап,  өлтіретін  болдың  ғой.  Қиқым-ау! 
Қой деймін, ойбай! 
Қиқым:  Күшейіп, ішейік – «Шейкі!» Тум-ба, тум-ба! Трум-ба, трум-ба 
– «
Румба!».  
Сиқым: (есі кетіп): Ойбай! Жібер! Сені жын ұрған екен! Ей, сенің есің 
дұрыс па? Өстіп те билей ме екен?!  
Қиқым:  Вот!  Міне  қызық!  Билесең,  өстіп  биле,  ха-ха-ха!  Би-білмеу 
топастық.  
Сиқым  (есеңгіреп):  Бұл...  Бұл  да  би  ме? «Биші»  болсаң,  биді 
масқараламай, жөндеп билемейсің бе?  
Қиқым: Қойшы-ей, сен! Малда жүріп, малға ұқсап, ешнəрсені түсінбей 
қалыпсың, Сиқым! Культурадан қалғансың, понимаешь... 
Сиқым: Ол қандай «культура». 
Қиқым: Мереке, туған күн, сейіл, серуен, той-томалақ, тағы не керек?! 
Жиырма бірінші ғасырдың жылдамдығына ілесе білмей, ілбіп жүру – қорлық 
болады, Сиқым,  жолдас. 
Сиқым: Бəсе! Сен қу оқу оқымай, қызық іздеп, қыз қуып жүрген екенсің 
ғой! 
Қиқым: Өмір бір-ақ рет келеді! Өмірдің қызығын осындайда көріп қалу 
керек! Əрі-беріден соң, оқуың маған бір-ақ тиын!   
Сиқым: Сен де нан жеп, су ішетін адам емессің бе? Тіршілік қайда? 

Қиқым:    Қалада  жүргенде  маған  қап-қап  ақша  салып  тұратын  əке-
шешеңнің енді ризығы таусылып қалды дейсің бе? Сен не деп тұрсың өзің?! 
Жігіттің серкесі, өмірдің еркесі міне, мына көкең!...  
Сиқым: Мұның ұят, Қиқым! Əке-шешеңе қашанғы масыл боласың?!  
Қиқым:  Қойшы-ей,  сен!  Əке-шеше  бар,  не  қам  бар? «Мен  сенің 
пенсияңа жармасамын!» (Ол əндете билеп шығып кетеді). Мерси!  
Сиқым  (көкрермендерге):  Уа  жұртым,  ата-ананың  көлеңкесіне  мас 
болған сақалды додабасқа не дауа бар?  
 
 
ОҚУ, «ШОҚУ» ЖƏНЕ «ҚҰЙРЫҚ» 
 
Қатысушылар: Қадір – атасы 
                              
Аман - немересі 
                               
Дауыс: Қалада оқып жүрген немересі Аман келгенде Қадір қария қуана 
қутындап,  Бір  желпініп  қалды.  Ол  аппақ  сақалын  тарамдап,қызара  бөртіп, 
қызыл шай ішіп отыр. Қарт ойлы көзін немересіне қадап, оған сауал қоюда. 
            
Сахнаға Қадір мен Аман шығады 
Қадір: Жө-ө-өн, балам... Сонымен каникулге келдім де... 
Аман:  Атам  қызық...  Каникуле  келмегенде,  саникулге  келді  дейсіз  бе? 
Странно сұрақтар қоясыз, ата... 
Қадір: Е, шырағым, не оқу жоқ, не жұмыс жоқ Сəнікүлін құшақтап, сəн 
құрып жүрген бос мойын, бота тірсектер  аз ба? Ал  саған  сауал қойғаным – 
дүдəмалданып отырғаным ғой...  
Аман: «Дүдəмал» деген не? Сіз осы непонятный сұрақтарды көп қоясыз, 
ата. Миымды компосир қылмаңыз, онсыз  да шаршаған ми.  
Қадір:  Дүдəмал  дегенім – күмандану,  секем  алу,  саған  сеніңкіремей 
отырмын, балам.   
Аман: Маған қалайша сенбейсіз, ата?  
Қадір:  Саған  бір  əңгіме  айтайын:  баяғыда  мен    сияқты  бір  шалдың 
шалдуар, шатақ  мінезді қызы болыпты. Қызы бой жетіп, оны күйеуге ұзатып 
жатқанда  анасы  егіле  жылапты  бейшара,  ананың  аты  ана  ғой.  Əкесі  де 
еңірепті.  Қызын  ұзатып    салған  соң  оңашада: «Ей,  шалым-ау,  сен  қызыңа 
мұнша егілмеуші едің ғой»  депті ана. Əкесі: «Сен қызың кетті деп жыладың,  
ал  мен болсам қызым  қайтым  келеді-ау деп жыладым» деген  екен.  
Аман:  Мен    күйеуге  ұзатылған  қыз  емеспін  ғой,  ата.  Сіз  қызықсыз 
«
қайтіп  келетін» кім сонда?  
Қадір: Е, шырағым, оқуға ұзатылдың ғой... Оқуын  тастап, қайтып келіп 
жатқан  балаларды көріп, жүрегім зулайды... Шыныңды айтшы оқып, жүрсің 
бе, шоқып жүрген жоқсың ба?  
Аман: Ха-ха-ха! Қызықсыз, ата! Оқуыңыз-оқу, ал «шоқуыңыз» не?  

Қадір: Оқыған  азамат білім  алады, ал «шоқу»  деген  сөздің мəні оқуға 
ниеті  ауып,  ықыласы  болмай, «дəурен»  жасап,  дəурігіп  сабақтан  қалып, 
сандалып жүрсең, «шоқу» деген  сол болады.   
Аман: Ə-ə-ə! «Шоқу» деген орысша «чокнутый» деген сөз ғой ол.   
Қадір: Дұрыс  айтасың, «шоқынутый» деген - сол, ал «оқынутый» одан 
жақсырақ болады.  
Аман: Сіз қалай ойлайсыз? Мен шоқынутыймын ба, əлде  оқынутыймын 
ба?  
Қадір:  Е,  шырағым,  шашың  иығыңа  түсіп,  қасыңды  бояй  бастапсың... 
Соған  қарағанда  сенің  «шоқынытилығың»  басым  ба  деп  қорқамын.  Əр 
нəрсенің өз үйлесімі бар. Сендер оған қарамай... 
Аман: Ата, сіз қызықсыз! Бұл – сəн ғой!.. 
Қадір: Жарайды, «сəн» шығар. Ал мəн қандай? Əлгі сендерше не деуші 
еді? «Құйрық» жоқ па балам? Соны айтшы.  
Аман: Ə-ə-ə! «Хвостыны» айтасыз ба? Оның не керегі бар сізге?  
Қадір: Ол құрсын! Ол саған да керек емес. Бірақ амалсыздан сен де ол 
болып қалса, не болады? Книжкаңды көрсетші өзі, кəне.  
Аман:  Ничево,  ата!  Бір  сабақтан  ғана  өткізе  алмадым,  ол  «құйрықты» 
қиналмай-ақ жоюға болады. Оған уайымдамаңыз, ата! 
Қадір:  Міне,  бұл-оқу  емес,  шоқу  болады,  балам.  Сен  менің  сенімімді 
ақтамапсың.  Аманыма  «құйрық»  жабыспаса  екен  деп  тілеп  едім.  Əкеңе  де 
тартпапсың, ол тек «өте жақсы» деген бағамен оқитын.  
Аман: Мен сонда оқымай, «шоқып» жүр деп ойлайсыз ба?  
Қадір: «Шоқып» жүрмесең,  сенде мынау құйрық болмас еді, балам!   
Аман: Қызықсыз, ата! Сіздер – қарттар түсінбейсіздер: бəрі де чепуха!  
Қадір: Ши бұқаның маған керегі жоқ! Маған  сенің  жақсы оқуың керек. 
Саған  айтатын аталық сертім  сол: ендігі келгеніңде мынау «құйрық» деген 
пəлені құртып  кел, балам!   
Аман: Аташка, менің құйрығымда сіздің  жұмысыңыз  болмасын, вот!  
Қадір: Ей, аман! Құйрық құрысын! Арың болса, абыройыңды сақта!  
Аман: Онда... Онда мақұл, ата!   
Дауыс: Оқу парқын білмесең, ғылым қонбас,  
              
Он диплом алсаң да, білім оңбас.  
 
 
БҰРАЛҚЫ СӨЗ 
 
Қатысушылар: Шалтай есепші,  
                             
Əлім – тексеру комиссиясының төрағасы. 
Шалтай кеңседе есепшот қағыпмəз  болып отырƏлім келеді.  
 
Əлім: Шалтеке,  сəлематсыз ба? Отбасы аман ба? Құрбымның халі ... 
Шалтай: Аман ба?.. Кел, тексерудің төрағасы. Көрінбей кеттің ғой...  

Əлім:  Қойтанның  шаруа  қожалығына    есеп  жүргіздім.  Былық  бар... 
Маған оның есеп құжаттарының түпнұсқасы керек... Соны бер... 
Шалтай:  Қойтанның  қандай  «былығы»  бар  екен?  Еркіндік  заманда 
елермей сөйлеші осы, пони...   
Əлім: Мен шындықтың бетін ашсам деймін. Бұл заманда иемденуге жол 
бергенмен, иесіздікке, жүгенсіздікке жол бермеу керек.  
Шалтай:  Əй,  шырақ!  Осы  бір  даурықпа  сөзді  қоя  тұрсақ  қалай  болар  
екен?  Сен  «жекешелендіру»  дегеннің  не  екенін  білесің  бе?  Қойтан 
жекешеленіп жүр... Ол тіміскілеп, тісіңді басатын жігіт емес, поним...   
Əлім: Шал-те-ке! Қара басының қамын ойлап,  халық ризығына қиянат 
жасауды қашан қояды бұл жұрт?! Қайырымдылық пен шындық қайда?!  
Шалтай:  Əй,  шырақ!  Байқап  сөйле.  Қойтан  оспандар  жігіт  емес, 
понимаешь.  
ƏлімЕркіндік деп, есімізден  танып, жүрегіміз  қарайып, жүгенсіз боп 
барамыз. Жеке  байлықты қуып,  басымызда ми қалмай барады...  
Шалтай:  Екіленбей  сөйле!  Еркіндіктен  не  зиян  көріп  отырмыз,  жеке 
меншігін байытқандар байысын, понимаешь...   
Əлім:  Шал-те-ке!  Дарақы  болмаңыз.  Құдайдан  иман  тілеп,  əділетті 
болып, қылмысқа жол бермеңіз. Адамның кінəсін Құдай кешірмейді. 
Шалтай:  Əй,  шырақ!  Қойтанның  қорасын    тексеріп,  қойқаптағыны 
қазғанда сен  не таптың! Ал мына «дарақы»  деген сөзіңнің мəн-мағынасын 
білесің бе? Əлде ана тілін  білмейтін мəңгүртсің бе?!   
Əлім: Сіз қызық екенсіз! Адам  мағынасыз  сөз айта ма? 
Шалтай:  «Дарақы»  деген  қыршаңқы  сөз.  Ондай  қышыма  қыршаңқы 
сөзді айтпа маған. Қыршаңқы атқа ұқсап, тістеп алатының бар, поним...  
Əлім: Мені қиямпырыс, қыршаңқы атқа теңемеңіз... Құлқынды күйттеп, 
қылмысты жасырған жақсы ырым  емес...  
Шалтай: Əй, шырақ! «Дарақы» деген сөздің  қазақшасы, ал орысшасы 
«
дурак»... Се-се-сен! Кімді масқаралап тұрсың,  понимаешь?! 
Əлім:  Шал-те-ке! «Дарақы»  деген  сөз  ақкөңілділікті  білдіреді...  Сіз  
шындықтың    бетін  бүркеп,  дарақыланбаңыз.  Шындықты  бүркеп,  арыңызды 
ақшаға айырбастамаңыз.  Қазақ «жаным-арымның садағасы» дейді.    
Шалтай: Міне! Міне! Бұл – нағыз қыршаңқы сөз! Ой, кесепат қышаңқы! 
Ме-мен бір Қойтанды қорғай алмасам, несіне отырмын бұл жерде?!  
Əлім:  «Ішкіліктен  іш  тастап»,  есеп  еркіндігін  пайдаланып,  елді  де, 
мемлекетті де алдап жүрген Қойтанның қылмысын қорғау – арамдық.   
Шалтай: Əй, шырақ! Сен кімді «арам» деп тұрсың? Үйбай-ай! Қолыңда 
өлем!  
Əлім:  Шал-те-ке!  Сөзді  қойыңыз!  Тексеру  комиссиясына  қажетті 
құжаттарды  даярлаңыз...  Шындықты  жасырсаңыз,  халық  алдында  жауап  
бересіз...    

Шалтай: Ме-ме-ме-е-е-ен?  Шындықты жасырып отырмын ба? Үйбай-
ай,  мына  соққан  қыршып  алды-ау!  Ме-ме-е-е-ен!  Кеңірдегіңді  жұлып  
аламын!  
Əлім:  Пəс-пəс!  Рухани  азғындамау  керек.  Тек  тəн    азығын    күйттеген 
адам    айуан  болады.  Қойтаннан    қой  жедім  деп,  оның    қылмысын  
жасырмаңыз...   
Шалтай:  Əй,  кесепат!  Қыршаңқы  сөзің  үшін,  жұлыныңды  жұлып, 
қыршыныңнан қиямын. Енді екі дүниеде де ісім сенімен болады! Үйбай-ай!  
Əлім: Қайтсеңіз де, шындық жеңеді. (Көпшілікке қарап) Солай емес пе, 
ағайындар?   
Дауыс:Пəлеқордың құмар жаны керіске,  
            
Пəк сөзіңді шығарады теріске.  
 
 
 
                          
НАРЫҚТЫҚ  ПЕЙІЛ 
 
Қатысушылар: Асан -  ағасы,  
                            
Ажар – жеңгесі,  
                           
Сатан – інісі.  
Асанның үйіол газет оқып отырАжар дастарқан жайыпкелетін 
кісіні күтіп,  күйбелектеп жүр.  
 
Ажар: Əй, Асан, əлгі кердеңдеген келінің мен ілтипатсыз  інің əлі жоқ... 
Көшеге шығып, былай... қарсы алмайсың ба?   
Асан:  Олардың  көлігі  бар  ғой...  Келіп  қалар.  Сабыр    ет... (Кербезденіп 
Сатан  келеді).  
Сатан: Əссəлəмəлікін!... Жеңеше, аман-сау бармысыз?!  
Ажар:  Бар  емегенде жоғалып  кеткен жоқпыз, түге! Əй, келін қайда? 
Тағы не боп қалды?  
Асан:  Келініңіз  келе  алмады.  Осы  үйге  келейік  десем,  басының  
сақинасы ұстап,  жүрегінің  қыспасы пайда болып... Оңбайды.  
Ажар:  Баяғыда  айттым  ғой  осы,  атасы  жаманнан    абырой  таппаймыз 
деп... Ол  келін  емес,  кесір  болды ғой бізге...  
Асан: Жə! Жə! Осы оспадар  қылығыңды  қоятын  күнің бола ма?  
Сатан: Жеңеше, «абыройыңызды»  табасыз ба, таппайсыз ба?!  
Онда менің  шаруам жоқ! Əйел - менікі! Солай... 
Ажар: Айналайын ақкөңіл қайным-ау! Өстіп, ол бізді қорлап жүре бере 
ме? Абысыным алшаңдамасын!... (Жылап жібереді). 
Асан:  Жə-жə-жə!  Дастарханыңды  даярла...  айында,  жылында 
шақырумен зорға келген қайныңды қажама.  
Сатан: Солаай! Бұл үйге келмегеніме бақандай екі жыл бопты. О, дүние-
ай! Нарықты қуып, нан  іздеп, ағайынды да ұмыттық.  

Асан:  Төрге  шық...  Қалай?  Келін,  бала-шаға  аман  ба?  Мерседесің,   
қауымдастығың, бəрі құтты болсын.  
Сатан:  Солайы  солай  ғой...  Қарызға  белшемізден    батып,  ауылдағы 
малдарды түк қоймай сатып,  таяқ ұстап  тақырлап қалдық қой. Асеке! Баяғы 
сіз  басқарған  кеңшар жоқ болды.  
Ажар (Шай ұсынып): Ағай ішпейтін болды. Əлгі жылпылдақ Жылтайға 
қымыз əкел деп  тапсырып едім, үфит-суфит деп, оны да жоқ қылды.   
Асан:  Нарықтық  үнемде  үнемсіз  қала  жаздап,  қалт-құлт  етіп  отырған  
жағдай бар.  
Сатан: Ақкөңіл  ағам, желікпе жеңешем! Мына пейілдерің маған  ұнап  
отырған  жоқ. Кербез  келіндеріңіздің  келмей қалғаны қандай жақсы болды. 
Пейіл тарылған соң дүниенің кеңдігінен не пайда?   
Ажар: Құдайға шүкір, келінімізге ұқсап,  кесірленіп, пейілімізді тартып  
отырған  жоқпыз.  Жақында  той  жасап,  қызымызды  күйеуге  берейік  деп 
жатырмыз...  
Асан: Мынау қыспақ заманда қыз ұзату қиын.  
Ажар: Қақсауық қайным-ау, сені мынау ағаң босқа шақырып  отырған 
жоқ. Ағайынның  ағайындығы осындайда білінеді емес пе?  
Асан: Қазақ «күш-бірлікте», «ағайын тату болса, ат көп» дейді. Қыздың 
тойына бір жылқы, екі қой соймақпыз. 
Сатан: Міне, мұның дұрыс, «Кең пішкен тон жарасымды болады».   
Асан:  Мына  жеңгең  екеуміз    жылқы  соғымын  сен    көтереді  деп  
отырмыз... Оған  келін  де қарсы бола қоймас деп  ойлаймыз.  
Сатан:  А-а-а!  О-о-о!  Ол    бола  қоймас...  Асаға!  Мен    лыпасыз  қалған  
адаммын. Қарыздарым  басымнан  асады. Кредит  деген  ит тағы бар.   
Ажар: Мінгенің - мерседес!  Ұстағаның - дүкен! Дүңгіршегің тағы бар! 
Қақсауық қайным-ау, пейіліңді сонша  тарылтпа. 
Асан: Қақсауық, қақсауық демей жөнімен сөйлеші, ей! Желікпе!  
Ажар:  Мына  заманда  ат  тергеуге  болмай  ма?  Əй  сен  аузымды  жаппа. 
Назымды қайныма айтпағанда кімге айтамын?!  
Асан: Біз  ағайындармыз... Өзіміз келісеміз, сен  килікпе білдің бе?  
Сатан: Короче! Мен  келісе алмаймын! Менің де бала шағаларым бар. 
Қарыздарым басымнан  асып  кетті.  
Ажар:  Əй,  қақсауық  қайным!  Жетер    енді  жер  тістей  бергенің.  Əлгі 
кесірлі келінім келістіріп жіберген екен.  
Асан: Қақсамашы-ей, қатын! Сатанжан, ағайынбыз, келісейік...  
Сатан: Мен  аузын ашса, ақша төге салатын миллионер емеспін, білдің 
бе? Короче, менің жұмысым көп. Кеттім! Енді сендерге келудің қажеті бола 
қоймас. (Кетеді).  
Ажар:  Міне!  Ардақтаған  ағайының  нарықтық  үнем  деп,  намыстан  
ажырады.Бірлік жоқ  қой бұл қараң қалғырда! ( Жылап жібереді)  
Асан: Дүние тарылып, су ақпай қалған жоқ. Бəрі де өзімізден!Қазақтық 
қасиетімізді жойып алдық. Берекенің кетіп, пейілдің тарылғаны- өлім ғой...    

«
ДЕФИЦИТ» ЖАСАУШЫЛАР 
 
Қатысушылар: Далабай-дүкенші, 
                             
Есен – ревизор,  
                             
Есенгүл – сатып алушы.  
Дүкенде  Далабай  мен  Есен  отыр.  Есен  есеп  шотты  қағып  отыр
Далабай оған  таяу келеді.  
 
Далабай: Тексерудің қорытындысы қандай, Есеке?   
Есен:  Ревизияның  қорытындысы  нашар,  ағасы,  түсім  аз,  кіріс  жоқ, 
қарыздар болып шықтыңыз...  
Далабай:  Інішегім-ау,  енді...  бір  атаның  баласымыз...  Жабатын    жерін 
жауып    дегендей,  ағаңды  ажалдан  құтқара  сал,  құдай,  аруақ  риза  болсын... 
Бала-шағаңның қызығын көр, жаныңа жамандық келмесін.  
Есен:  Ағашка,  жетпейтін  ақшаны  қалай  жасырамын,  мынау  елге  не 
деймін? Құлағына сыбырлап)  Қолымды майласаңыз көрерміз. 
Далабай:  Інішегі-ау,  енді... «қол  майлайтындай»  қор  бар  ма  менде?  
Қалта түбінде қалтарыс қалған дүние болса, сенен аяймын ба? Барым  болса, 
əріңнең садаға, жаным.  
Есен: Бір заттың бағасын  арттырып, өткізе алмапсыз. Сауда қызметкері 
деген  саудагер  болмаса,  ісінде береке бола ма?  
Далабай:  Інішегім-ау,  мен  не  істеймін,  жұрт  дүкендегі  бар  заттан 
қалағанын  алады.  Қаламаған  дүниені  кімнің  қойнына  салып,  қоншына 
тығамын.  
Есен: Дефицит жасау керек, ағасы!   
Далабай: Бар затты қалай «дефицит» жасаймын?  
Есен: Былай етіңіз: ешкімге мен үйретті деп тіс жармаңыз. Саудада бір 
құпия сиқыр бар. Алақанды жайып абырой таппайсыз, жұртқа қымбатсынып 
қыр  көрсетіп, пəлсініп пəле жасау керек.  
Далабай:  Інішегім-ау,  енді  менің  пошымымда,  мінезімде  ондай  қасиет 
жоқ қой. Енді...  
Есен: Сауданы «мынау зат сізге лайықты, бұл ең соңғысы еді, таусылып 
қалды» деуден бастау керек.  
Далабай: Бар  затты қалай «таусылып қалды» деймін.  
Есен: Халыққа керекті заттардың бірен-саран  шетін көрсетіп, басқасын 
тығып тастаңыз.  
Далабай: Ойбай-ау, інішегім-ау, онда тым құримын ғой. Бар заттың өзін 
өткізе алмай тұрып, тығып  тастау деген не пəле?!  
Есен:  Мəселен,  сабын,  тіс  шайғыш,  шыт  мата,  қол  орамал  сияқты 
күнделікті  тұрмысқа  қажетті  заттарды  сұрап    келген  алушыға  «жоқ»  деп 
жауап беріңіз, «бұл өзі дефицит болды»  деген  сөзді жиі айтыңыз, анда-санда  
бір    алушыға, «осы  қалғаны  еді.  Сізді  сыйлағандықтан,  сіздің  əріңізді  
құрметтеп,  өзіме алып қалған затымды беріп отырмын» деп соғыңыз, ағасы.   

Далабай: Сонда сатылатын зат «дефицит» бола ма?  
Есен:  Болғанда  қандай. «Отыз  тістен  шыққан  сөз  отыз  рулы  елге 
жайылады»  деген  мақал  бар. «Сабын  дифицит»  бопты  деген    сөзді  естіген 
жұрт  жапа-тармағай  жабылып,  сауда  жасай  бастайды.  Сонда  «қалғаны  осы 
еді,  сізді  сыйлағандықтан  сатып  тұрмын»  деген    сөзбен  жебелеп,  бағаны 
қаншаға арттырсаңыз да алушы қыңқ демейді, ағасы. (Кетеді).  
Далабай: Ой рақмет! Бəрін түсіндім. Ия... Мынауың маған бір  академия 
болды-ау, інішегім! Көзім  енді ашыла бастады. (Есенгүл келеді).   
Есенгүл:  Амансыз  ба,  ақпейіл  қайным.  Айналайын,  сен  магазин 
ұстағалы  бар  зат  өз  орнына  тұратын  болып,  жарып  қалдық.  Өстіп, 
көпшіліктің көңілінен шыға бер, жаным!   
Далабай: Келіңіз, көңілшек жеңеше! Не керегіңіздің бəрі дайын, өзіңіз 
үшін  сақтап қойған «дефицит» заттар бар.   
Есенгүл:  Деписитіңді  неғыламын,  барыңды  көріп,  керегімді  аламын. 
Анау сүлгі қанша тұрады? Бері əперші.   
Далабай:  Қалғаны  осы,  қазір  сүлгі  деген  дефицит  болды.  Ауыл-село 
тұрмақ  қалалық  дүкендерден  табылмайды.  Кеше  Кемелтайдың  əйелі 
бағасына бес сом қосып, жалынған соң біреуін соған  беріп  едім, осы біреуі 
сізге бұйырып тұр екен.  
Есенгүл:  Мə,  жеті  сом  қостым  бағаңа,  əкел...  Сабын  бар  ма,  ақ  көңіл 
қайным, кеше бар сияқты еді, бүгін көрінбей қапты ғой.   
Далабай:  Жеңеше-ау,  сізден  несін    жасырайын, «магазиндерде  сабын 
болмайды» деген сыбысты естіп, сіз  сияқты жақсы жеңгелерге керек бола ма 
деп, бір құтысын тығып  тастап  едім. Енді.  
Есенгүл: Ақпейіл қайным, бағасына қосатыныңды қос та, сол бір құты 
сабыныңды  маған  орап  бер,  айналайын,  бала-шағаңның  қызығын  көргір 
(
Есенгүл риза болыпкетедіЕсен  келеді).   
Есен: Қалай, ағасы, сауда жүре бастады ма?   
Далабай: Мың жаса, інішегім! Дефицит жасауды бастадым. Енді мен де 
қарық, сен де риза боласың... Тəсіл тауып берген тəліміңе тəнтімін, інішегім. 
Ағайын деген өстіп, ақылын үйретпесе, ағайын бола ма? Мың жаса! 
Дауыс: Арамға шатпа басыңды.  
             
Адалдап бергін асыңды.  
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет