Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет12/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

                        
ҚҰМДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС 
 
Қатысушылар: Басбух – Мақан,  
                             
Прораб- Сақан.  
Бухгалтер  Мақан  кеңседе  есеп  жұмысын  жүргізіп,  өзінше  кейіп 
отыр.  
 
Мақан:  Түкке  түсінсем  бұйырмасын,  осы  жұрттың  бəрі  сауатты,  ал 
бірақ  есеп  пен  экономиканы  білмейді.  Кредит,  дебит  дегеннің  не  екенін 

түсінбейді. Осы жұрттың былығын түзеймін, шылығын күзеймін деп жүріп-
ақ шашым ағаратын болды (Сақан келіпотчет тапсырады).  
Сақан: Отчетты тастай қылдым, мінекей көр, тексер.  
Мақан  (отчетты  тексеріп):  Ым,  сонымен  Құмда  қанша  қора 
салдыңдар?  
Сақан: Міне, көрсеттім ғой, он бес қора салдық, бəрі қатып тұр.  
Мақан:  Сен  «қатқанды»  қоя  тұр.  Анау  құрылысшыларың  «аң  аулап, 
аунап-қунап» қайттық деп, бөсіп жүр дейді.  
Сақан: Бəссе, бөсе берсін, отчет – тастай, көр, тексер...  
Мақан:  Мəссаған!  Əй,  досым,  осындай  да  оспадарлық  бола  ма?  Бір 
қораға бір тонна шеге кетті деп жазыпсың. Əй, батыр, мынауыңа адам тұрмақ 
құдай да сенбейді ғой, бұның не?  
Сақан: Сен сенсең, құдай қайда қашады дейсің. (Құлағына сыбырлап),  
басқа жерге сыйғыза алмадым.   
Мақан:  Бұл,  болмайды!  Мен  заңсыз  отчетты  қабылдай  алмаймын. 
Мынау елге не деп жауап  беремін?! Кешегі құрылысшылардың бөскеніндей-
ақ  бар  екен.  Сендер  қора  салмай  жора  салып  келген  екенсіңдер.  Тексеру 
комиссиясы  барып  тексеріп  келсін,  содан  кейін,  мына    құжаттарды  қайта 
жасау керек.   
Сақан:  Мақа,  сен  бұлай  етеді  деп,  менің  үш  ұйықтасам  түсіме  кірген 
емес.  
Мақан: Өң – түс керек емес, іс керек.  
Сақан:  Міне,  бұл  дұрыс  болды.  Сол  үшін    саған  бір  тай  сыйлық. 
Қағазды қабылдасаң, шаш етектен пайда табамыз. Жаңадан үй салып  алмақ 
ойың бар. Ол жағы да сəтті болады.  
Мақан: Хе-хе-хееей! Əй, сен менің көңілімнің кілтипатын дəл таптың-
ей.  
Сақан:  Басымды  сыйлағанға  байлық  тауып  берем.  Көп  жақсылығыма 
көнбесе, пысқырып қарамайтын қағындым бар.  
Мақан: сөйтіп, Құмдағы  құрылыс жүріп жатыр де, Сəке! Мұның дұрыс 
екен. Нарядтарыңды дұрыс жазыпсың, отчетты ойдағыдай жазыпсың.  
Сақан: Бес жыл босқа оқыған жоқпыз ғой екеуміз. Документация жағын 
қатырам  ғой,  екі  бастан.  Қағаздың  бетіне  қала  орнатсаң  да  көтереді.  Тек 
керіссіз келісім болса, болғаны. 
Мақан:  Мына  қағаздағының  бəрі  де  заңды.  Өстіп  шаруаны  шылқыта 
береміз...амандық болса... 
Сақан:  Мақан,  сен  əлгі  тексеру  комиссиясын  жіберемін  деген  пəлеңді 
қой. Құс ұшып жете алмайтын қиянды кім тексеріп жатыр. Онда алтын сарай 
орнаттық  десек  те,  кім  көріп  жатыр.  Тек  екеуміздің  қағаздағы  өрнегіміз 
жақсы болса, болды емес пе?  
Мақан: Қағаз жағын қатырамыз... 

Сақан:  Міне  жұмыстың  жұлынын  үздік,түбін  түсірдік.  Есеп  қуғанша, 
ерлік  жасап,  алдымен  тұрмысымызды  жөндеп  алайық, «адамды  тұрмыс 
билейді». 
Мақан: Хе-хе-хей! Неше айтқанмен оқығанның аты оқыған-ау, шіркін. 
Кірпігіңе кір жуытпайсың, шалғайыңа шаң тұрмайды-ау  шіркін. 
Сақан:  Əлі, «Құмдағы  құрылыс»  сен  екеумізге  талай  табыс  береді. 
Амандық болса, «боранмен қарысып, аязбен алысып», құмдағы құрылыстың  
құжаттарын қатырып əкелемін.  
Мақан:  Хе-хе-хей!  Мынау  қатып  кетті-ей.  Бірақ  есіңде  болсын, 
арамыздағы құпияны аброймен сақтай біл. Жедім десең, қатталасың, бердім 
десең, сотталасың.  
Сақан:  Əй,  шындығында,  жариялықтың  жарық  сəулесі  біздің  ішкі 
дүниемізге түсіп кетіп, өзімізді өзіміз бүлдіріп жүрмейік, Мақа. 
Мақан: Қам жеме, қатырамыз. Түлкі құйрықтық тəсілдердің алуан тілін 
игердік  қой,  амандық  болса  алдағы  байлықты  жерге  тастамаспыз.  Тек 
«
керіссіз келісім» деп сен айтқандай ымырамыз құпия болсын. 
Сақан: Мақұл! Саған деген нəрсені қыл үстінен жарып берем,өзімнен он 
есе артық етіп, алып берем.  
Мақан:  Хе-хе-хей! «Суық  қолды»  сайтан!  Мақұл!  Тек  қисық  ізіңді 
қыңырға  сездірмей  жүр.  Анау  құрылысшылардың  өсек  тасып,  өз  ішімізді 
бүлдірмесін.    
Сақан:  Мақұл.Олардың  емі  қиын  емес, «ауыз  жаптырықты»  ымдасам, 
қыңқ етпейді. 
Мақан: Хе-хе-хей! Қатып кетті-ей! Білеміс қой... 
Сақан: Ақырын! Мынау ел естімесін. Қылмысымыз жиылып, мойнымыз 
қиылып кетуі де мүмкін.Айтпақшы, өкіметке кейін «құмдағы құрылысты құм 
басып қалды» деп, есептен шығарып, қатыру керек. 
Мақан:  Қорықпа!  Бəрін  де  қатырам.  Бəрі  де  заңды  болады.  Жүр,  сол 
үшін бір тартып жіберейік! (Кетеді) 
Дауыс. Ел мүлкін жеу- мол қылмыс, 
              
Елді алдау-қорлық іс. 
 
 
 
АЛАҚАН МАЙЛАУ 
 
Қатысушылар: Арсалаң-сантехник 
                          
Асан- зейнеткер. 
Асанның үйіСəлемдесіп Арсалаң келеді
Арсалаң: Ассалаумəлікін, жезде! Не боп қалды? Телефон шылдыратып, 
маза бермедіңіз ғой, тегі? 
Асан:  Арсалаң,  аман  ба?  Ас  бөлмедегі  ыстық  судың  шүмегінен  су 
тоқтамай тұрғаны. (газет оқиды). 

Арсалаң: Кəне, тамырын ұстап көрейік (ішке кіріп кетіптез шығады).  
Асан: Тез шықтың ғой, жөндедің бе?  
Арсалаң: Ым, болыңқырамай тұр. 
Асан: Не болыңқырамай? Неге мүлəйімсіп тұрсың? 
Арсалаң: Жезде, айып етпеңіз, қаным кеуіп тұр. Аздап алақан майлаңыз. 
Асан: Ой, онбаған тентек. Одан да сөйтіп айтпайсың ба? Пəтшағар!.. Мə, 
пенсиямнан  жырып  берейін.  Шіркін-ай  қыз  балдыз  болсаң  ғой.  (Шымшып 
аладыАрасаң билепішке кіріп кетеді) 
Асан:  Өзі  бір-  қутақым,  жезде  деп  желпіндіріп  алады  да,  көңілімді 
тауып, көпсітіп жібереді. (Арсалаң шығады)   
Арсалаң: Қатырдым жезде. Бəріде ойдағыдай болды. 
Асан: Ал енді анау бұлау бөлмедегі машақатты көр, суағары бітеліп, су 
жүрмей қалды. 
Арсалаң:  Осылай,  бір  нəрсені  бүлдіресіз  де  жүресіз,  қоқыр-соқырды 
ваннаға тастамаңыз деп, мен сізе мың рет айттым ғой. 
Асан: Əй, жүнбас! Мен ондай олбыр-олақ, мəдениетсіз мəңгүрт емеспін. 
Балалар кір жуып, байқамай кеткен шығар енді. 
Арсалаң: Қазір барып, қатырамын! (ішке кіріп тез шығадыАсан гзет 
оқып отыр
Асан: Алақаның майланып еді ғой, неге тез шықтың? 
Арсалаң: Жезде, өзіңіз білесіз ... Қиын ғой. 
Асан: Не қиын? Суағарды тазалау қиын ба?  
Арсалаң: Тамағым кеуіп барады (қиқылдайды) 
Асан:  Тек  ей,  өліп  кетерсің.  Əй,  тексіз  тентегім-ай! (Елу  грамм  арақ 
береді). Осы бір елу грамм арақ балалардың тойынан қалып еді, нəсібің бар 
екен. 
Арсалаң:  (арақты  қағып  салып)  Пах!  Өңешімді  өртеп,  тұла  бойымды  
тұтатып, қара табанымнан бір-ақ шықты ғой.  
Асан: Тіліңді тілерсегіңе үйкемей, іске кіріс енді. 
Арсалаң: Мақұл, жезде! (Билепішке кіріп кетеді. ) 
Асан:  Əй,  жастық-ай!  Жаны  жадырап,  жігері  қайнап,  тұлабойы  ойнап 
кетті ғой.(Газет оқидыАрсалаң шығады) 
Арсалаң: Жөндеп қойдым жезде... 
Асан:  Əй,  балдыз!  Сенің  жүрген  жеріңе  шөп  шықпайды.  Анада 
«
жөндедім»  деп,  шала  бұрап  кетіпсің  ғой,  əжетхананың  суағары  суды 
тоқтатпайды.  Сенің  мынау  мұрныңа  ұқсап  пышылдайды  да  тұрады.  Мұның 
қалай, пəтшағар?! Жұмыс істесең, тындырып істемейсің бе? 
Арсалаң: Онда тұрған не бар? Қазір бұрандасын бұрай саламын (Ішке 
кіріптез шығады) 
Асан: Тез шықтың ғой, тентегім, не болды! 
Арсалаң: «Ат шаппайды, бап шабады » ақсақал. 
Асан: Апырмай,енді... Сен ат емессің ғой. 
Арсалаң: Өстіп ымды білмейтін қазақ мақалдың қадірін  кетіреді. 

Асан: Сені «баптайтын» нəрсем жоқ. 
Арсалаң: Жезде он грамм тапшы. Бұдан кейін арақ ішсем, қыршыным 
қиылып, жастайымнан жайрап кетейін. 
Асан: Менің саған жақындығымның пайдасы тимейді-ау көктей солғыр. 
Басқа  танымайтын  біреу  болса,  өз  міндетін  атқарып,үн-түнсіз  жөніне  кетер 
еді. Бұл-өз міндетің емес пе? 
Арсалаң: Ал, керек болса! Мен кеттім.Жөндетіп ал. 
Асан: Əй, əумесер! Басшыларыңа айтам. 
Арсалаң:  Айтып,  шақырып  алдыңыз  ғой...  Егер  түк  істемесем,  сол 
уақытта айтарсыз. Ал қалған жұмысты кейін істеуге болады. 
Асан:  «Бəле  қайда,  бассаң  аяқ  астында»  деген  осы  екен-ау.  Сен 
айлығыңа майлық қосып, қайдағыны шығарма, балдыз.  
Арсалаң:  Жезде,  сөзді  қайтесіз?  Одан  да  үйде  қалған-құтқан    шарап, 
шампан, бальзам,  спирт  қалдығы болса, беріңіз. Бұдан  кейін татсам, тайып 
жығылып  өлейін!  
Асан:  Əй,  жетпегір!  Саған    шашымды  жұлып  берем  бе!  Өлсең,  өліп, 
мүрдем  кет. Басымды ауыртпа! Бар жөніңе! Жүйкемді жүзге бөлме!   
Арсалаң:  Ал    керек  болса,  мені  əлі-ақ  шақырасың.  Менсіз  тірлігің 
бітпейді  жезде!  (ішке  кіріп,  тез  шығып  кетеді.  Судың  шорылдағаны 
естіленді).   
Асан:  (Ішке  кіріп,  шығып).  Жұртым-ау!  Енді  қайттім?!  Арсалаң 
бүлдіріп  кетіпті.  Əжетханада  топан    суы  тоқтамай  тұр. (Телефонға 
жармасып).  Апаттан    сақтау  бөлімі  ме?  Ойбай,  опат  болып  жатыр...  Тез  
жетіңдер! Себебін  содан  кейін айқындарсыңдар! Айналайын, тез, тез! Адрес 

Өркен  көшесі 13 үй, 13 пəтер. 
Дауыс: Берекесіз маскүнем:  
              
Ісі-қырсық, қаскүнем.  
 
ЕРКЕ КЕЛІН 
 
Қатысушылар: Зиялы-қайынене  
                          
Зияда – келін.  
Ауыз үйде Зиялы дастарқан жайып жүртөргі бөлмеде Зияданың үні 
естіледі.  
 
Зиялы:  Зиябас-ау,  тұрсаңшы.  Сүт    əкеліп,  шай  қайнатып  қойдым. 
Дастарқан  дайын. Сағат он  екі болды.   
Зияда: Мам! Просто, құлқын  сəріден қылқылдап  мазамды алдыңыз ғой. 
Бір  еркін ұйықтар  күн бола ма?  
Зиялы: Жарығым-ау, ұйқың əлі қанған жоқ па?  
Зияда: Мам! Көйлегімді, іш киімімді өтектеп, əкеп  беріңізші. Жалаңаш 
отырмын.     

Зиялы: Қазір, жарығым! (Ішкі үйге кіріпшығыпбасқа бөлмеге өтеді
қайта келеді).  
Зияда: Мам! Еденді жуып, кілемді жинап тастадың ба?  
Зиялы: Кілемді тазалап, төсеп қойдым, жарығым!  
Зияда:  Мам!  Кілем  шаң  жұтады.  Шаңның  исін    өлердей  жек  көремін. 
Жинап тастаңыз!     
Зиялы: Мақұл, жарығым! (Келесі бөлмеге кіріпшығады).  
Зияда. (шығыпЗиялыны сүйеді). Мам,  самса жегім  келеді.   
Зиялы: Сенен  жаным  садаға! Міне, самса  дайындап қойғам. Жей ғой, 
жарығым! Ұйқың қанбаған  ба, ұйпаланып тұрсың ғой өзің?!  
Зияда:  Мам!  Просто,  балаңыздың  жаны  маған    ашымайды,  түнімен 
түрткілеп, ұйқы бермейді, онысы несі, ə?  
Зиялы:  Жарығым,  жастың  ұйқысы  сергек,  көңілі  шат,  еңбегі  мол  
болғаны жақсы ғой. Кел  асқа отыр. (Екеуі əңгімелеседі).  
Зиялы: Сендерден  немере көріп, балапандарымды бағып жүріп  өлсем, 
менде арман  болмас еді.  
Зияда:  Мам!  Ондай  ұят    сөзді  естіртпеңіз  маған.  Боқ-сідік  арасында 
боздағым  шығып  отыра алмаймын. Мен таза жүргенді ұнатам. 
Зиялы: Амандық болса,  үй тірлігін өз қолыңа аларсың.   
Зияда: Мам! Мен бұл  үйге малай болу үшін  келгем жоқ.   
Зиялы:  Бір  қуанышым – дипломың  бар.  Өз    мамандығың  бойынша 
мұғалім    болып    орналас,  мен    мектеп  директорымен    келісіп    қойдым.  Үй 
тірлігін  өзім ақ...  
Зияда: Мам! Мұғалім  болып  істеу менің  қолымнан  келмейді. Ол үшін 
ерте  тұрып,  кеш  жату  керек,  балалардың  тілін    тауып,  ыңғайын  біле 
алмаймын.  
Зиялы:  Ең  болмаса,  кітапханашы  болып  жұмысқа  орналассаңшы, 
жарығым-ау.  
Зияда: Мам! Менің өзім  лайықты жұмыс  тауып беріңдер деп, баяғыда-
ай  айтып    едім  ғой.  Просто,  бір  жұмыс  тауып  беруге  шамаңыз  келсе  де, 
ықыласыңыз  келмейді.  Менің  қадірімді  білмейсіздер.  Осыны  ойласам, 
просто, жыным  келеді.     
Зиялы:  Амандық  болса,  жұмыс    табылар.  Үйде  тамақ  дайындаудың 
тəсіл-тəжірибелерін  үйретем.  Қуырдақ  қуыру,  тоқаш,  шелпек  пісіру,  күріш  
басу, ет асу, ең ақыры сүт  пісіру, айран ұйытуды да үйретем. 
Зияда:  Мам!  Оның  бəрі  өз    қолыңыздан    келеді  ғой,  мені  əуре  қылып 
қайтесіз?  
Зиялы: Істі үйрену керек. Мен өлгенде қиналып қаласың. Əйел болған 
соң, оның  əйелдігі болады.  
Зияда:  Мам!  Сіз  өлесіз,  онда  тамақты  асан    екеуміз    асханадан  барып  
ішеміз.  

Зиялы: Ас дайындауды білмеу ұят. Ал  енді киім  пішіп,  оны тігу əрбір  
əйелдің  қолынан    келетін    іс.  Өз    көйлегіңді,  жейде-желеңді  тіге  салуға 
əдеттенуің керек.  
Зияда:  Мам!  Менің  ондай  əдетім  жоқ.  Дайын    киімдерді  магазиннен  
сатып  алмаймыз  ба?  Ине  ұстап,  итініп    отырғанша,  импорт  киімдерді 
магазиннен алып кимеймін бе? Сіз де ойламай сөйлейді екенсіз.  
Зиялы: Ас дайындау, киім тігу, үй-ішін жинау ғана емес, əйел  адам  ер  
азаматқа қызмет  етуді де үйрену керек.  
Зияда:  Пəлі!  Мам,  сіз  не  айтып,  не  қойғаныңызды  білмей  отырсыз. 
Біздің  мынау  мəдениетті  заманда    əйелге  ер    азамат  қызмет    ету  керек. 
Өйтпесе,  неге  үйленеді.  Балаңыз  мені  «алақаныма  салып  жүрем»  деген. 
Күтсін! Күтпесе, просто мен өмір  сүре алмаймын...   
Зиялы: Жарығым, өмір  сүру үшін  сол  өмірге икмеді болу керек. Еңбек 
етіп,  өз  тірлігінің  өтесіне  шықпаған    адам  өмір  сүре  алмайды.  Адам  
болмайды.  
Зияда:  Мам!  Менің    көңіліме  қаяу  салып    көрген    емес  едіңіз.  Мына 
сөзіңіз  маған  ауыр  тиді. Мен өмір  сүре алмайтын  болсам,  онда несіне тірі 
жүрмін. (Еңірейді).  
Зиялы:  Өсте-өсте адам боп кетесің, жарығым!  
Зияда: Осындай пəленің боларын біліп  едім. Ата-анамның  аялауынан 
ажыратқан    Асан    кінəлі  бұған.  Қазір    барам  да  кеңседе  отырған    жерінде 
керіп өлтіремін».(Кетеді).  
Зиялы: Зияда жарығым, тоқташы! (Көпшілікке қарап). Жұртым-ау, ерке  
келінге қайтсем жағам?!  
Дауыс: Еркеге ақыл қонбайды:  
              
Еңбекке бейім болмайды.  
 
 
 
ҰРЫС ЖҰҒЫСАДЫ 
 
Қатысушылар: Ажар –анасы,  
                            
Алдан – үлкен баласы,  
                            
Қалдан  - кіші баласы.  
(
Ажардың  үйі,  ол  ауызғы  бөлмеде  тірлік  жасап  жүр.  Ол  Алданды 
шақырыпжұмсайды.)  
 
Ажар: Алдан! Əй, Алдан! Ей балам, қайдасың?  
Алдан. (жүгіріп шығады). Ау, апатайым! Не боп қалды?  
Ажар: Əй, жүгермек, асханадағы ыдыстарды жуып қоймапсың ғой, əлі. 
Бар, тез жуып қой ыдыстарды.  
Алдан:  Бармаймын!  Мені  жүгермек  дедіңіз,  жүгірмеймін  (ішке  кіріп  
кетеді).  

Ажар: Алдан! (Алдан жүгіріп шығады). 
Алдан: Ау, апатайым! Сонша неге айқай салдыңыз?!  
Ажар: Əй, жабысқыр,  еденді жу! Еңбекке үйрен!..  
Алдан:  Жумаймын!  Жабысқыр  дедіңіз...жабысамын!  (ішке  кіріп  
кетеді). 
Ажар: Алдан! (Алдан жүгіріп шығады). 
Алдан: Ау, маматайым! Не боп қалды? Мынау елден ұят қой, айтатын 
сөзіңді ақырын айтпайсыз ба?  
Ажар: Əй, жуадай солғыр! Сабағыңды оқы!  
Алдан:  Оқимыз  ғой  енді,  мынау  жұрттан  ұят  болды  ғой,  апатайым-
ау...Жуадай солғыр деген жаман сөз емес пе, неге сонша қарғайсыз?! ішке 
кіріп  кетеді). 
Ажар: Алдан! (Алдан жүгіріп шығады). 
Алдан: Не болды, мама? Айғайыңыз Алматыға жетті ғой, тегі.  
Ажар: Сен, жетпегір, көгермейсің.   
Алдан: Неге «көгермеймін?». 
Ажар: Аяқ киіміңді неге тазалап қоймағансың?  
Алдан: Тазалаймын ғой енді, сіз айтпасаңыз да... 
Ажар: Сен оңбайсың, мүрдем кеткір 
Алдан: Неге оңбаймын?   
Ажар: Əй, əумесер, өз киіміңді өзің неге өтектеп қоймайсың?   
Алдан: Киімімді өтектеп жүрмін ғой. Бір рет өтектемеген  екенбіз, тегі, 
сонша ұрсасыз.  
Ажар: Əй, мақұлық, мен қалай ұрыспаймын? Осы уақытқа дейін оқуда 
«
үштен» басқа бағаң жоқ. Сенің миың бар ма?  
Алдан: Енді, миымыз бар ғой, енді. Сонша ұрыспаңызшы.  
Ажар: Ей, есалаң басыңды көтеріп тұр.  
Алдан: Мама! Басымды көтеріп тұрмын ғой.  
Ажар:  Əй,  кеще  үлкеннің  айтқан  сөзін  ұғып  ал, «жақсы  сөз – жарым 
ырыс» дейді халық. Жақсы сөзді жаттап ал.  
Алдан: Сөзіңізді жаттап  алам ғой енді.  
Ажар:  Міне,  мұның  дұрыс.  Менің    айтқандарымды  орында. (Шығып 
кетеді).  
Алдан:    (Ажар    кетісімен  Алдан  Қалданды  шақырады)  Қалдан!  Əй, 
үнің өшіп қалды ма?  
Қалдан: Ол не, көке? Сонша айқайладыңыз ғой.  
Ажар: Əй, жайрағыр, асханадағы ыдыстарды жуып қоймапсың ғой, əлі. 
Бар тез...  
Қалдан:      Бармаймын!  Ұрыспай  жұмсамайсыз  ба,  көке?(ішке  кіріп  
кетеді).  
Алдан: Қалдан (Қалдан жүгіріп шығады). 
Қалдан: Ау, көке! Не боп қалды? 
Алдан:  Əй, жуадай солғыр! Сабағыңды оқы! 

Қалдан: Оқимыз ғой енді, сіз айтпасаңыз да... 
Алдан: Сен оңбайсың, мүрдем кеткір! 
Қалдан:  Неге оңбаймын?   
Алдан:  Əй,  əумесер,  өз  киіміңді  өзің  неге  өтектеп  қоймайсың?  Саған  
мен қызмет  етуім  керек пе?    
Қалдан:  Енді, ұрыспай-ақ айтсаңыз болады ғой... 
Алдан:  Əй,  мақұлық,  мен  қалай  ұрыспаймын?  Осы  уақытқа  дейін 
ағаңның тілін  алып көрген емессің. 
Қалдан:  Мен мақұлық емеспін, өзің мақұлықсың.  
Алдан: Сен  кесір қырсықсың, томырық топассың!  
Қалдан (жылап) Əəə! Ааа! Мен –топас емеспін! Ойбай! Мен мақұлық 
емеспін, ойбай! (Айғай-шуды естіпАжар келеді). 
Ажар: Əй,жүгермектер, не болды, сонша?! 
Алдан: Мынау, нақұрыс, тілімді алмай қойды!  
Қалдан:  Мама!  Бұл  мені  топас  деп  масқаралады,  ұрысты...  Содан  тіл  
алуға бола ма?  
Ажар: Ей, есуас, ұрыспай жұмсамайсың ба?  
Алдан: Өзіңіз ғой, ылғи ұрсып, қарғап сілеп жұмсайсыз. Содан мен де 
сізге ұқсап тұрғаным ғой.  
Ажар: Алдан, айналайын балам, асханадағы ыдыстарды жуа салшы.   
Алдан: Мақұл, мама! (ішке еніп кетеді). 
Ажар:  Қалдан,  шырағым!  Сен  тілалғыш,  ізетті  баласың.  Сен  бар, 
сабағыңды оқи ғой.  
Қалдан: Мақұл, мама! (кетеді).  
Ажар: (көрермендерге қарап). Міне, ғажап. Қалай тез  тіл  алды? Тəрбие 
жөні - өстіп, тіл  алу екен ғой... Өзіміздің мінімізді өзіміз байқаймай қаламыз-
ау кейде. Жоқ! Мен  енді балаға ұрсуды қоям! Шын  айтам!  
Дауыс: Əдепсіз  болса  сөздерің,  
              
Əдебін күтпе өзгенің.  
 
 
 
 
ҚОСЫМША САБАҚ 
Қатысушылар: Əлкен - əкесі,  
                            
Балтай  - баласы.  
Балтай  сабаққа дайындалып отырƏлкен оның  қасына келеді. 
Əлкен: Балам, əмсе, бүйтіп шұқиғаныңды көрген  емес едім... Неғылды? 
Пышырап отырсың ғой өзің. Бозала көзденіп, бозарып отырсың ғой.   
Балтай:    Көке,  кешіріңіз  кеше  əдебиет    сабағынан  «екі»  деген    баға 
алып  қалдым... Дайындалу керек.  
Əлкен: Балам, сен қазақсың ба, əлде мазақсың ба?  
Балтай: Көке, мен нағыз қазақ емеспін бе?.. 

Əлкен: қазақ болсаң, қазақ  əдебиетінің  сабағынан «екі» алғаның өлім  
емес пе?  
Балтай:  Сол    ұяттан,  намыстан  өлмей,  əзер  қалып,  енді  сабағымды 
оқиын деп отырмын ғой, көке.   
Əлкен: Қандай сұраққа жауап  бере алмай қалдың?  
Балтай: Асқар ағай «Абай жолы» романының қысқаша мазмұнын  айт  
деді.  Мен  ол  романды толық  оқыған  жоқ  едім... 
Əлкен:  Осы  уақытқа  дейін,  оныншы  сыныпқа  келгенше, «Абай» 
романын  оқымасаң,  шынында,  қазақ    емес  екенсің.  Оны  оқымай  не  бітіріп 
жүрсің?   
Балтай: «Бітіргенімізше» бітіріп жүрміз ғой енді...  
Əлкен: Бір  күнде бір романды оқып шықпақсың ба? Қой, бүйтіп үлгере 
алмайсың.  Бұл    кітапты  оқушы  күнімде  емес,  əмсе,  қайталап,  жаттап 
оқитынмын...  Бүгін – демалыс.  Мен    əдебиеттен  саған  қосымша  сабақ 
оқытуыма болады.    
Балтай: Сіз мұғалім емессіз, агрономсыз ғой.  
Əлкен:  Мұғалім  де,  сол,  өз  білгенін  үйретеді.  Мен  бұл  романның 
бақайшағына  дейін  білемін,  сондықтан  қосымша  сабақ  өткізуіме  əбден 
болады.  Кəне  тыңда...  Ықылас  қоя,  ыждағатпен  тыңда,  мен  «Абай» 
романының мазмұнын айтып берейін.  
Балтай: «Абай жолы» екі том, бəрін қайтіп айтасыз? 
Əлкен:  Егер  қысқартып  айтса,  екі  кітаптың  мазмұнын  екі  ауыз  сөзбен 
айтуға болады.  
Балтай: Жақсы, көке!  Құлағым сізде... 
Əлкен:  Романның    басында  он  үш  жасар  Абай  атпен  шауып  келе 
жатады.  Жаздың  күні.  Жайлауда  ата  шаптырып  көрген  жоқсың  ғой  сен. 
Өйдөйт,  деген-ай!  Былтыр  «сусамыр»  жайлауында  Досымның  Тұрымтай 
деген  жүйрік  дөненін  мініп  алып,  Айғыржалдың  баурайында,  дəл  осы 
Абайша  ағыза  шаптым-ау  дейсің.  Ой  қызық-а!  Тұрымтай  ұшқан  құсқа 
жеткізбей бір  ағылды дейсің. Басы қатты екен, зорға тоқтаттым. 
Балтай:  Тоқтатыңыз  жақсы  болды.  Енді романдағы  негізгі оқиғаларды 
айтып беріңіз. 
Əлкен:  Абай  Тоғжан    деген  қыздың  ауылына  барады.  Ай  жарық.  Ақ 
жұмыртқадай  отау  үй.  Оңаша  кездесу...  Баяғыда  мен  де  Абайға  ұқсап 
шопандар  ауылына  түнде  барып,  мамаңмен  түнде  кездескем.  Ондағы  жан 
толғаныс, жүрек лүпілі, дене қызуын сұрама. Жан терге түсіп, жалғыз ауыз 
сөз айта алмай, Маржантай жеңешемнен сөгіс естігенім бар. Махаббат деген 
өрт бар балам. 
Балтай: Көке, махаббатты қоя тұрыңыз, мазмұнды айтыңыз.  
Əлкен:  Махаббатты  қалай  қоям!  Нағыз    қызық    жеріне  келдім  ғой,  
балам. Білесің бе сол түні Абай не істегенін! Өзіңдей жас жігіт кезі, шіркін, 
қылшылдаған  кезі. Өйдөйт деген-ай!  

Балтай: Көке, əуелі «Абай жолы»  романындағы ұнамды кейіпкерлерді 
атап-атап айтып беріңізші.  
Əлкен:  «Абай  жолы»  романындағы  ұнамды  кейіпкерлер:  Абай, 
Айгерім, Тоқжан, Базарбай... 
Балтай: Базарбай емес, Базарəлі деңіз...  
Əлкен:  Əй  сен,  əмсе,  сөзімді  бұзасың-ей.  Өзің  білсең  неменесіне  мен 
қосымша сабақ өткізіп, əуре боп отырмын? Ал  ендеше, екі том кітапты төбе 
қылып жинап ал да, өзің оқып шық.   
Балтай: Ол кітаптың бəрін оқуға уақытым жетпеді.  
Əлкен:  Əй  сен,  əмсе,  уақытым    жетпейді  дейсің  де  жүресің.  Қалай 
уақытың  жетеді.  Оныншы  сыныпта  оқып  жүргеніңді  ескермей,  футбол 
қуалап, доп теуіп, дискотекаға барып, кино көріп, театрды қызықтап кетесің. 
Оның  үстіне  бізге  де  маза  бермей  түн    ортасына  дейін  телевизорға  тесіліп  
отырасың. Қанша уақытың бос кетеді?!  
Балтай:  Оның  бəрі – оқу  ғой,  көке.  Дене  шынықтыру,  өнер  үйрену  
кино көріп тарихты білу – білім  алудың жолдары осылар емес пе?   
Əлкен:  Ондай  уақыт  тапшылығы  болса,  тыңда  кəне,  «Абай  жолы»  
романының мазмұнын толық айтып берейін. Сөйтіп, Абай Айгерімге ғашық 
болады.  Баяғыда  бізде  де  сондай  сезім  болған.  Мамаң-атақты  шопанның 
қызы  болса  да,  маңғазданбайтын  инабатты,  ілтипатты,  дəлме-дəл  Айгерім 
сияқты еді. Шіркін, жастық-ай!  
Балтай: Көке, қосымша сабақты бүйтіп оқытпайды. Егер бір романның 
мазмұны,  идеясы  туралы  айтқыңыз  келсе,  оның  мазмұнын  жоспарлау, 
кейіпкерлерін  топтау,  жеке  кейіпкерлерге  мінездеме  беру,  шығарманың  
идеясын ашу деген болады.  
Əлкен:  Міне!  Міне!  Бəрін    өзің  біледі  екенсің  ғой.  (Сағатына  қарап). 
Менің  басқа да тірлігім  бар. Қалғанын өзің оқып ал балам. (Кетеді). 
Дауыс: Əр минутты пайдалана білмесең,  
             
Өткен іске өкінесің күнде сен. 
 
 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет