Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет15/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25

                                    
ПІРСІЗ 
 
Қатысушылар: Құрбы əйелдер Маржан, Дəржан жəне Досан.  
 
Маржанның  үйінің    ауласында  Маржан  мен  Дəржан  əңгімелесіп 
отырып керісіп қалады. 
 
Дəржан: Қалың жақсы ма, əйтеуір. Борекеңнің жағдайы қандай? 
Маржан: Борекен жүр ғой... Ісінде береке жоқ. Жылында он қызметтің 
басын  шатады.  Бұрынғы  жұмысы  табысты  еді.  Енді...  Тағы  бір  жұмысқа 
ауысқалы  жүр.  
 
Дəржан:  Ер-азамат  болмаса,  өміріміз  не  болады?  Кейіме...  Азамат-
алтын қазық емес пе?   
Маржан: Осы дереу «Қазық» дейді екенсің. Сол сүмелектің маған не 
себі  бар?  Үйге  келсе  шөптің  басын  сындырмайды.  Дайын  нанды  турап 
жемейді, керенау.  
Дəржан: Азаматты ардақтай білу керек қой. Сөйтіп...  
Маржан:  Магазиннен  нан  əкел  десең,  тіл  алмайды,  салқарын  бөшке. 
Қарны қабақтай болып, даяр астың иесі... Кержалқау.  
Дəржан:  Боқаңдай  мал  тапқыш  болса,  Еріміздің  садағасы  болар  едік. 
Үстіңде  ұй, астыңда машина, қораң тола мал, не арманың бар? Қойшы сен... 
Маржан:  Дайын  мал  болса,  айдап  келуді  мен  де  білемін.  Еркектігін 
міндет қылмаса, əйелден несі артық?..Кесапат... 
Дəржан: Тек ей, пірсіз!  
Маржан: Өл-əə!  Пірсіз болсаң өзің бол! Борпықты сонша қорғайсың, 
керек болса тиіп ал, білдің бе?  
Дəржан:  Қой,  ей!Өз  бас  ием  де  жетеді.  Азамат  аман  болсын  де. 
Асқақтама! 
Маржан:  Асқақтамасаң,  асқақтама! «Іріктің  аузынан,  шірік  сөз 
шығады » деп... 

Дəржан:  Борпықты  қорғасам,  ол  жастайымнан  бірге  өскен 
замандасым... оның несі айып. Қойшы ей сен... Айқаспа менімен 
Маржан:  Е,  сен  «айқасып» , менің  байымды  тартып    алайын  деп  пе 
едің? Неге шыжылдайсың-ей? Шыжылдақ.   
Дəржан: Ер-азаматтың қадір-қасиетін білу керек деймін. «Жаманға бір 
сөз айтсаң, қорс етеді» деп. Қойшы ей!.. 
Маржан: Қорс ететін мен шошқа емеспін. Тілінді тарта сөйле, білдің 
бе? 
 
Дəржан: Тартсаң тарт тіліңді. Өзіңді сыйламасаң  жатқа қор боласың. 
Жазығым біріңді бірің сыйла дегенім бе? О несі, ей. 
Маржан:  Тəп-тəуір  адам  деп  жүрсем,  пірсіз  дейсің. «Пірсіз»  болып, 
неңді бүлдірдім?  
Дəржан:  Қалай-қалай  сөйлейсің,  Маржан... (Сəлем  беріп  Досан  кіріп 
келеді). 
Досан: Ассалау...Сəлеметсыздар ма? Борекең қайда? 
Маржан: Борпықты  қамап отыр дейсің бе? Жүрген де... 
Досан: Маржантай , ашулысың ғой... 
Дəржан:  Маржан,  айтсам  кешір.  Жақсы...  кетейін.  Жай  амандасып 
шығайын деп келіп едім (кетеді). 
Маржан: Ұяты жоқ! Кесірлі! Кесепат!  
Досан: Дəржан екеуің дос едің ғой... Қалайша өкпелесіп қалдың?  
Маржан:  Мені  «пірсіз»  дейді,  кесепат. «Еріңді  сыйла»дейді.  Өз 
күйеуін-ақ сыйлап алсын, кесапат. 
Досан: «Пірсіз» деген сөздің мағынасын білесің бе? 
Маржан: Қазақтың қара сөзін білмей не  болыпты?! 
Досан:  «Пір»  деп  басшы  тұтып  сыйлайтын,  құметтейтін  адамды 
айтады, Ал «пірсіз»  деген сөз пір тұтатын, сыйлайтын адамы жоқ деген сөз. 
Маржан: Бар болған сол ма? 
Досан:  Бұл  жерде  сен  күйеуіңді  пір  тұтпайсың,  сыйламайсың  дегені 
ғой  Дəржанның...  
Маржан: Борпықты ма? Оны «пірім» деп... Сонша...  
Досан: Енді... Бас иеңді сыйла деген сөздің  қандай оқыстығы бар?  
МаржанСолай екен-ау, ə?! Дəржанды босқа кінəлаған екенмін ғой... 
Досан: Ер азаматты сыйлай білмеген əйелді пірсіз деуге болады.  
Маржан:  Əйелдің  қадірін  білмейтін,  басқаның  еңбегін  қанайтын 
еркект кім дейміз? 
Досан: Оны «дүн-дүн» дейміз.  
Маржан: Онда Борпық та, сен де «дүн-дүн» болдыңдар. 
Досан:  Қой  Маржан.  Қатты  сөзге  Барыспайық.  Сыйласу  екі  жақтан 
бірдей болады. 
Дауыс: Бірін-бірі сыйлаған ерлі-зайып,  
              
Бірлігіне бақ табар, өркен жайып. 
 

  
ЕСЕКЕҢЕ СОЛ КЕРЕК 
 
Қатысушылар:  Есентай - өсекшіл жігіт,  
                              
Залман – тақуа жігіт, оның досы,  
Нілжан – Есентайдың əйелі,  
Роза – Залманның əйелі.  
Есентайдың  үйі.  Ауызғы  бөлме  мен  төр  бөлме  қатар  көрінеді
Есентай  төр  бөлмеде  отыр.  Өзі  масаңдау,  көңілі  шат,  өлең  айтып,  əн 
салмақ боладыБірақ келістіре алмайды 
 
Есентай (əндетіп) 
 
Қара тау кейде қарлы, кейде қарсыз... 
Есігіңнің алдына су төгіп қой... 
Сүйгенім менің қалада!.. 
Ақау керім, бұнаң белім... 
Əдемі-ау!.. 
Елігіма-ай, елеңдеймін: 
Бір сен үшін өлем деймін, 
Сəулем-ай!.. 
Сəулел, сəулем, сəулемсің,  
Сəулем болмасаң əуремсің! 
Шилі өзен қамыс-ай 
Бізді ойлып жүр таныс-ай... 
«
Таныс»болмай, мұқым құрып қал! Тəлпіш қара. Піш-ту... 
Сабырлы  кеіппен  Залман  келеді,  ол  ауызғы  бөлмеден  аяндап  еніп
төргі бөлменің есігін қағады. 
Есентай: Бұл кім-ей. Кір бері сызылмай. 
Залман: Сəлем Есеке! Қалай, амансыңдар ма? Өзің көңілдісің ғой. 
Есентай: Құрбың жоқта мөлдір қымыраннан қыл-қытып алдым... көңіл 
көкке самғап, əндетіп отырған жайымыз бар. Ха-ха-ах, Ха-ха-ха! 
ЗалманКөңілдің көтерілгені жақсы. 
  
Көтермесе көңілді кір басады,  
Көңіл кірін дос жоқта  кім ашады?   
сентай: Дұрыс айтасың. Көңілдей нəзік нəрсе жоқ, бірақ сол нəзік гүлді 
əйел заты кейде ақшаға айырбастай салады... 
Ақша жоқ-сыйласым жоқ. Бұл замандағы бəле - ақшада. 
Залман:  Е,сол,сол  əйел  затын  қойсаншы...  Əйел-ана,  əйел-махаббат, 
əйел-алтын қазық дегенге алшаңдап, кесірленіп кететіні бар. Ия...  
Есентай: Міне... міне... Дұрыс айтасың. Айттым ғой. Əйел дегенің бір 
қызылкөздің өзі. Айлығыңнан алты тиын қалдырмай сарқып алады, мұқым. 

Оның  үстіне  тапқан  табысыңды  судай  ағызып,  берекесін  кетіреді.  Қарашы 
(
жыламсырап)  осы  үйде  іліп  алар  не  мүлік  бар. (Ауыз  бөмеге  Роза  мен 
Нілжан  енеді.  Олар  төргі  бөмедегі  дабырды  естіп,  бір-біріне  ымдасып
дабырды тыңдап тұра қалады.) Шашылып жатқан қоқсық!.. Мұқым 
Залман: Ия... Əйелің кесірлі болса, берекең кетеді, ия...  
Есентай: Байқаймын сенің əйелің де оңып тұрған жоқ... Кесірлі кердең 
сияқты. Ер сыйлауды білмейтін сұрбеттің өзі... Ондай кесапсқа қолды бір-ақ 
сілтемейсің бе?  
 
Залман:  Тек,  ей!  Жар  дегенде  жалғызым.  Көп  баланың  анасы  ғой. 
Балалар үшін-ақ бетегеден биік, жусаннан аласа болып, күн көру керек емес 
пе, досым-ау.  
Есентай: Өйтіп көрген «күн» құрсын. Шала боп Бықсығанша, өртеніп 
өлген артық! Менің байқауымша, сенің «сұлуың» жігіттерге көз салудан да 
құралақан емес. Сызыла қарап, сызаттанып, шіркін... тізгінді босатпа. Тізгін 
қолда болса, əйел оңда болады. (Ауыз үйдегілер абыржуда).  
Залман:  Əйелдің  тілін    табу-менің  миым  жетпейтін    шаруа...  Ия... 
Əйтеуір селбесіп өмір сүрсек болғаны да... Ия.  
Есентай: Бүйткен өмірдің мұқым керегі не? Ерін сыйлап, еміренбеген 
тасбауыр əйелдің бұты бес тиын.Тфу! 
ЗалманТек! Ол не дегенің? Əйелсіз қалай күн көреміз. Бойдақ адамда 
береке бола ма? Жас балапандарымды шұрқыратып қайда барамын?  
Есентай:  Мың  күн  атан  болғанша,  бір  күн  бура  бол.Əлсіз  екеніңді 
сезіну өлімнен де жаман. Егер қадіріңді біліп, төбесіне көтермесе, не керке?! 
Əрі қысқа , əрі нұсқа бір-ақ сөз. Не жөнді əйелім бол, не жолың анау-кет! Іс 
бітті  
Залман: Əйел ана ғой... Дегенмен... Былайша нетіп... Ия  
Есентай:  Учит!  Əйел  адам  бір  бұзылса,  қайтіп  түзелуі  қиын 
болады.Болса  жөнімен  болсын.  Болмаса,  мұқым,  бордай  тозсын! (Нілжан 
мен Роза шыдай алмай кіріп келеді).  
Нілжан: Есеке, не деп бықсытып отырсың? Ə?  
Есентай: Ойбай-ау!.. Өйтіп не көрініпті? 
Нілжан:  Қуып  шығудың  көкесін  танытайын  мен  саған!  (Есентайдың 
ышқырындағы белдігін алыпөзіне тап береді). 
Есентай: Ей-ей! Мұның не? Қой, əрі! 
Роза:  (ажыратып)  Нілеке,  қой  бұның  қалай!  Құдай  көрсетпесін... 
Қайтсе  де бөрік киген еркек қой. 
Нілжан: Еркек болмай, емірен қатсын!  
Есентай:  Айналып  кетейін,  Нілеке!  Сен  туралы  менің  қылдай 
кінəрəтым жоқ.  
Нілжан:  Өсек  айтып,  біреудің  семьясын  бұзбақсың! (жыламсырап). 
Сендей еркек болғанша... (Жылап отыра кетеді). 

Есентай:  Өй,  Нілеке!  Қойдым,  ендігəрі  өсек  айтсам,  өңешім  үзілсін. 
Əшейін, пікірлесіп дегендей, бір нəрсені бықсытсам керек. Кешір... Роза, қой 
деші... 
Роза: Нілеке таусылмаңыз. Еркек дегеннің тізгіні біздің қолда емес пе?  
Нілжан: Бүйткен тізгіні құрысын!  Осыда тізгін бар  ма? (ол орнынан 
тұғанда Есентай ышқырып ұстапқаша жөнеледі).  
Залман: Есекеңе сол керек!  
Дауыс: Өсек тасып, шаужаңдаған-  
             
Өсекшіл «дос»-жаудан жаман. 
 
 
 
ҚОЙБАҚ ПЕН БОЙДАҚ 
 
Қатысушылар: Қойбақ-қойшы,  
                             
Жапал-құрбысы. 
Жайлауда  гүлмайсалы  өрісте  Қойбақ  қой  бағып  жүр.  Қаладағы 
жандай  досы  Жапал  қиян-қиырдағы  жайлауға  келеді  деп,  оның  үш 
ұйықтаса түсіне енген емес. 
 
Қойбақ: Шəйт! Шəйт, ай мүйізді ақ серке! Өрісіңді тап серке!.. 
Қойтан  қой  қайтарып  жүргенде,  Жапал  көктен  түскендей  оның 
алдынан шықтыӨзі көңілденіп əн салып секендеп қояды.  
Жапал(əндетіп). Бүл өмір күйбелең: 
Сүр бойдақ атандым! 
Тағы да үйренем, 
Талжаннан хат алдым! 
Лə-лə-лəй! Лə-лə-лəй!.. 
          
Қойбақ: Ой-хой! Амансың ба, бойдақ?! 
Жапал: Еһе! Аманбысың, Қойбақ! 
Қойбақ:  Ия!  Денің  сау  ма?  Қаладан  қашан  келдің?  Қайда  барасың 
жортып? 
Жапал:  Жұмыстан  əбден  қалжырадым!  Енді  демалыста  жүрмін... 
Автобус  алып  келді.  Жайлауға  шығып,  қозы  етін  жеп,  қымыз  ішіп,  қыз 
айттырып дегендей... 
Қойбақ: Ия! Мұнда келгенің дұрыс болған. Біздің үйде де біраз болып, 
ас-су  ішіп,  аунап  –қунап  қайтарсың,  амандық  болса.  Не  ішем,  не  жеймін 
демейсің. Құрбың аман болса, күтусіз болмассың! 
Жапал: Ниетіңе рахмет... Ей Қойбақ! (Ол Қойбақтың иығын тұртіп 
қалады). 
Қойбақ: Не дейсің, Бойдақ? 
Жапал: Ауылыңда айттыратын қыздар бар ма, ə? 

Қойбақ: Құдайға шүкір қызсыз, емеспіз... Бірақ сен біраз жасқа келіп 
қалған жоқсың ба? «Кəрілеу» екен деп жүрмесе... айтпақшы сен осы  талай 
рет төсек жаңғыртты деп естіп едім...  
Жапал:  Ей,  қойшы  соларды!  Бірінші  алған  əйелім  тəпелтек  тəмпіш 
болды, одан кейінгісі маңғаз маңқыш болды, үшіншісі жайбасар жатыпатар, 
төртіншісі шошақбас, шошала шаш, бесіншісі қолаңса қолтық, нəуетек... ал 
былтырғы  əйелім  көзіне  көк  бояу  жағып  алатын,  көкдауыл  екен,  қит  етсең, 
жағаңа жармасады...  Е, досым несін айтайын, əйтеуір құтылдым ғой. Жаным 
жаһаннамға кетпей қалғанына шүкір. 
Қойбақ:  Мынауың  сұмдық  екен...  Əй,  Жапал,  шыныңды  айтшы,  əйел 
алғанда көзіңді жұмып жүріп аласың ба?  
Жапал: Ха-ха-ха! Қойшы сен! Қыз күнінде бəрі сұлу, бəрі жақсы емес 
пе?  Қызығамын  аламын.  Бір-екі  айдан  соң, «құқайы»  көріне  бастайды. 
«
Жолың əне жатыр» деймін де, қуып шығамын. Оларға сол керек! 
Қойбақ:  Сұмдық  екен! «Ынтымаққа  құдайда  құлшылық  етеді»  дейді 
халық. Ынтымағың болмаған ғой... шамасы... 
Жапал:  Қайтіп  ынтымақ  болады?  Бір  де  біреуі  көңілден  шықпаса!.. 
Ашуың  келіп,  жаның  кейиді,  кеюден  ішу,  ішуден  ажырасу  шығады.  Міне 
пəле! 
Қойбақ:  Е,  Жапал-ай!  Қырықтың  қырқасына  шыққанша  от  басын 
ойрандауды қоймаған екенсің ғой, сабазым!  
Жапал: Мен- бойдақпын! Еркім өзімде! Бұйырса,т ағы да бір сұлу қыз 
табылар мынау кең дүниеден... 
Қойбақ: Сені сонда қандай бойдақ демекпіз? 
Жапал: Е, бойдақтың қандай түрлері болушы еді? 
Қойбақ:  Үр  бойдақ,  сүр  бойдақ,  жас  бойдақ,  қас  бойдақ,  еріншек 
бойдақ, еміншек бойдақ, зор бойдақ, қор бойдақ, сор бойдақ... 
Жапал: Мен сонда солардың қайсысына жатамын? 
Қойбақ: Осы уақытқа дейін тиянақты семья құрып, бала сүймеген сені 
сор бойдақ демей кім дейміз? Көңіліңізге келсе де, бұл- шындық, досым. 
Жапал: Қойшы-ей, сен! Бала сүюден мүйізің шықты ма? Қанша балаң 
бар? 
Қойбақ: Құдайға шүкір, бала дегенің баршылық! 
Жапал: Əй сен оларды қалай асырап жүрсің? Ер екенсің ей! 
Қойбақ: Еркек болған соң, ер бол... 
Жапал: Онда мен үйленемін! 
Қойбақ: Əй қайдам, сендей сергелдеңге сенім жоқ. Одан бойдақтығың 
артық емес пе? 
Жапал:  Міне  жаным!  Оллахи-  биллахи!  Енді  ажыраспаймын!  Мені 
тағы бір сынашы, құрдас! 
Қойбақ: Көрерміз ол жағын... «Жығылған күреске тоймайды» деп... 
Дауыс:  Қойбақ  «бойдаққа»  сенбеді.  Əңгіменің  жібі  үзіліп  кетті. «Е, 
досым, саған тағы да қандай сормаңдай кездесер екен» деп ойлады Қойбақ. 

Жапал  болса,  жарқылдай  күліп,  жайрандап,  аяғының  басын  шошаңдатып, 
билеп қояды. «Бойдақ» қой. 
Опасыз жігіт қандай-ды? 
От басын құрай алмайды. 
 
 
 
КӨК ДƏПТЕР 
 
 
Қатысушылар: Əділет- доцент, 
                             
Əбен- студент. 
  
КафедраƏділет Əбеннен емтихан алып отырƏбен жазу дəптерін 
доценке ұсынып отырады. 
 
Əділет: (билетке қарап). Ыбырайдың педагогикалық еңбектері..  
Əбен:  Өзіңіз  білесіз,  ағай,  Ибраһим  Құнанбаевич-  ұлы  педагог  қой.  Ол 
кісінің əрбір өлеңі- жатқан философия. 
Əділет:  Мен  Ибраһим  Құнанбай  ұлы  Абайдың  ағартушылық  қызметі 
туралы  сұрап  отырған  жоқпын,  Ыбырай  Алтынсаринның  педпгогтық 
еңбектері туралы сұрап отырмын.  
Əбен:  Өзіңіз  білесіз  ағай,  ыбырай  Алтынсарин-  педпгог.  Ол  кісінің 
педагогтық еңбектерін мен жақсы білемін. Ол кісі мұғалім болған... 
Əділет: Аспай-саспай, сөзге қонақ беріп сөйлеңіз. 
Əбен: (күліп) Ағай, сөзде, «қонақ» бола ма? Кешіріңіз, қазақ тілін мен 
жақсы білемін. Өзіңіз білесіз, Ыбырай педагог болған, ол кедейдің балаларын 
оқытып жүріп қайтыс болған. 
Əділет: Жауабыңыз жамырап кетті. 
Əбен:  (күліп)  Ағай,  жауап  жамырайтын  лақ-  қозы  емес  қой.  Өзіңіз 
білесіз,  мен  бұл  туралы  толық  жазғам,  оның  бəрі  мына  көк  дəптерде  таңба 
басқандай айқын көрініп тұр. Оның несін айта беремін. Қысқартып айтқанда, 
Ыбырайдан басқа бізде педагог жоқ деуге болады.  
Əділет: Мен жауабыңызға қанағаттанбай отырмын. 
Əбен:  Ағай  «қанағат  қарын  тойғызар»  деген  мақалды  өзіңіз  білесіз... 
қанағат бəрімізге де керек қой. Енді... көп нəрсе көк дəптердің ішінде. 
Əділет: Екінші сұраққа көшіңіз. 
Əбен: Ағай бірінші сұраққа толық жауып бере аламын, «сұйемел» сұрақ 
беріңізші.  Бейнетін  көріп,  тауқыметін  тартып,  жатпай-  тұрмай  дайындалып 
едім,  ағай.  Бəріде  көк  дəптердің  ішінде  сайрап  тұр.  Нанбасаңыз,  беріңізші. 
Көрсетейін.   
Əділет:(билетке қарап). Еңбек тəрбиесі... 

Əбен:  Ағай,  өзіңіз  білесіз,  адамды  адам  еткен  еңбек  қой.  Еңбексіз  жан 
жоқ. Кішкентай бала да еңбек етіп жүреді, ағай. Қазіргі заманда еңбек етпей, 
гулять  жасап  жүру-  ұят...  мəселең,  өзіңіз  білесіз  кейбір  студенттер  еңбекке 
епсіз,  ұйқыға  бейім,  лекцияға  кешігіп  келеді.  Немесе  өтірік  ауырып  жатып 
алады, ағай. 
Əділет: Сөзге тиек қойып сөйлеңіз.  
Əбен:  (маңғаздана  күлімдеп).  Ағай!  Сөзде  «тиек»  бола  ма?  Сөз  деген 
домбыра,  немесе  қобыз  емес  қой?  Қазақтың  тілін  қадірлеймін  ағай.  Тоқ 
етерін айтқанда: «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей!». Міне, еңбек 
тəрбиесі – осы.    
ƏділетЕңбек тəрбиесі туралы ұлы  адамдардың пікірлерін айтыңыз.   
Əбен: Еңбек тəрбиесі туралы ұлы адамдар туралы көп  айтқан. Сан мың 
адамның саналы сөздерін тіркей берсек, том-том кітап болады, ағай... «Оқу 
мен  еңбек,  бəрін  де  жеңбек»  деген  халық  мақалымен  жауабымды 
тəмамдағым келеді.  
ƏділетЖауабыңызға көңілім толмай отыр. 
Əбен: Ағай, өзіңіз білесіз,  көңілді толтыру қиын ғой. Ол философияның 
заңы: көңіл бірде - көл, бірде – шөл болады. Ал мен мақалдап, мақамдап та өз 
ойымды  жеткіздім.  Арғы  жағын  өзіңіз  білесіз.  Көп  мəлімет  көк  дəптердің 
ішінде,  оның  бəрін  шұбыртып,  сіздің  уақытыңызды  алмайын  деп  отырмын, 
ағай.   
Əділет (билетке қарап). Əңгіме əдісі.  
Əбен:  Əңгіме  əдісі  дегеніміз - əңгімелесу.  Сіз  бен    біз    əңгімелесіп 
отырмыз,  мысалға  бұл  да  бір  əңгіме  əдісінің  практикалық  түрі.  Əңгіме 
түрлері  менің  шашымнан  да  көп,  ағай,  мен  Сіздің  уақытыңызды  алмай, 
қысқартып  айтып отырмын.   
Əділет:  Сіз  сөздің соңын жұтып қояды екенсіз.  
Əбен (күлгенсіп). Ағай, «жұтқан жұтамас» дегендей, енді, «ондай ондай 
хан  қызында  да  болады»  дегендей...Менің  бар  айтарым  осы.  Əңгіме  əдісі 
туралы сіз лекцияны жақсы оқығансыз. Ол туралы көк дəптерге жан-жақты 
талдап жазғамын. Нанбасаңыз көріңіз.   
Əділет:    Тыңдау,  жазу  бір  басқа.  Ал  оқып,  ойда  қалдыру  деген  қасиет 
сізде болмаған секілді.  
Əбен: Ағай, ол не дегеніңіз менде бəрі де болған. 
Əділет:  Ормантайға ұқсап оқу керек...  
Əбен:  Оның  білмейтіні  жер    астында.  Ол  бəрін  біледі,  ағай.  Ол  менің  
көк дəптерімді де пайдаланған пайымды жігіт. Ол – керемет шешен жігіт өзі. 
Оның  анада Асанның үйлену тойындағы көрсеткен өнеріне жұрт таң-тамаша 
болды,  ағай...  Ол  менің    көк  дəптерімде  не  жазылғанын  бес  саусағындай 
біледі. Сенбесеңіз, шақырып  алып сұраңыз, сампылдап сайрай жөнеледі.  
Əділет:    Əңгіме  əдісінің    тиімділігі  туралы,  қазіргі  əдебиет    сабағында 
бұл  əдісті қолдану тəсілдері туралы айтыңыз.  

Əбен: Ағай,  қиналған жерім осы болды. Кейін  мектепке  барып сабақ  
бергенде,  теорияны  практикамен  ұштастырып,  қатырамыз  ағай.  Бірінші 
сұраққа – жақсы, екінші сұраққа - өте жақсы жауап беріп  едім, мына сұрақ 
менің  аузымды    аспанға  қаратып  кетті  ағай.  Тағы  да  сұрақ  беріңізші. 
Суыртпақтап, нетіңізші, былай.   
Əділет:    Бағаңыз – қанағаттанарлықсыз.  Барлық  сұраққа  атүсті,  шала, 
күңгірт жауап бердіңіз.  
Əбен: Ит  масқара болдым ғой, ағай.  
Əділет:  Солай... Өз тірлігіңізге сəйкес баға алдыңыз. Сау болыңыз!  
Əбен:  Ағааай!  Мен  бəрін  білемін..  Еш  болмаса , бір  балл  қосыңызшы,  
бəрі де көк дəптерде жазулы, ағай...       
Əділет: Жақсы дайындалып, асықпай жауап бере аласыз. Мен сенемін. 
ƏбенМақұл,ағай. Енді,амандық болса, қатырамын.... 
Дауыс: Ықылассыз ынта жігер болмайды,  
             
Ыждағатсыз білім басқа қонбайды.    
   
 
ӨКІЛ МЕН ӨКЕН 
 
Қатысушылар: Өкен – жастар ұжымын  басқарушы,  
                             
Өкім – нұротан партиясының  өкілі.  
Жас қанат комитетеінің бөлмесіндегіі əңгіме.  
 
Өкен: (шыдамсызданып). Уақыт тығыз... не сұрайсыз, Өкіл жолдас?    
ӨкімМен  сізден  ешнəрсе  сұрамаймын. Талап  етемін: Сіздің жастар 
ұйымын басқарудағы кесірлі кемшіліктеріңіз көп екен.   
Өкен:    Сынды  мойындамаймын,  бір  өзім  əрі  бригадирмін,  əрі  жастар 
ұйымын  басқарамын,  салауаттылар  қоғамын  ұйымдастырып  жүрмін  бəрі  де 
оңай  жұмыс  емес.  Былайша  айтқанда,  үстемелі  бейнеті  көп  жұмысты 
үлгерудің өзі қиямет екен.  
Өкім:  Ауылда  жастар    арасындағы  жұмысты  құлатып  тастапсыз,  бұл  
дұрыс емес.  
Өкен:  Осынша  жұмыстарды  орындауға  уақыт    жетпейді. (Орнынан 
тұрып,  асығыс  жүріп,  əр  нəрсені  айтып  кетеді).  Уақыт  тығыз.  Кеше  ауыл  
жастарының бірі Аманай көшеде сандырақтап жүр,  удай мас. Ол қағысарға 
қара таппай, тісін  шайнап, тістеніп жүр екен «пəледен машайық қашыпты» - 
жоламай кеттім.  
Өкім:  Салауаттылар  қоғамы  бар  емес  пе?  Жеке – дара    желіккендерді 
неге  жөнге  салмайсыздар?  Бұл  дұрыс    емес.  (Орнынан  тұрып  сес 
көрсетеді).  
Өкен:  Вообще,  арақ  деген  пəленің  дəрежесін  көтеріп,  қымбаттатпау 
керек  еді.  Осы  арақ  қымбаттағалы  жастар    ішуге,  анаша  тартып  алуға 
əуестеніп  алды, жұмысқа жұмылу деген қасиет жойылып барады.  

Өкім:  Алыстан    арақ  əкеліп,  артық  бағасымен  ішкілік  сатып  жүрген 
жастар бар  көрінеді, бұл дұрыс емес.  
Өкен: Бұлар  алысқа барып, əуре болып жүрген жоқ, былайша айтқанда, 
«
жақыннан  дорбалап»  самогон  сатушылар  сараншадай  көбейіп  кетті. 
Құрылыстағы  бөшкелер,  сиыр  фермасындағы  флягтар  дейсің  бе,  бəрін  де 
ұрлап  тауысты,  құрып    кеткірлер,  магазиндерде  шекер  қалмады,  бəрін  де 
жалмауыздар жалмады.   
Өкім: Жеке адамдарды өйтіп масқараламаңыз. Бұндай жүгенсіздікке сіз 
де кінəлісіз. Ұжымшар жастарының  көпшілігі жұмыс істемейді, оны білесіз 
бе?  
Өкен:  Сынды  мойындамаймын.  Оларда  ұят  жоқ. (Орнынан  тұрып,  əр 
нəрсені  айтып    кетеді).  Іс  бар  жерде  кемшілік  бар.  Жастардың  бəрін  мен 
«
жұмыс  істе»  деп  зорлай  алмаймын. «Сүйреп  қосқан  тазы  түлкі  алмайды». 
Əркім жұмыс істесе, өз ықтиярымен істесін. Бір де біреуі, маған жұмыс бер 
деп  келді  ме  екен?  Жоқ.  Бұларды  басқарғанша,  тиынның  татын  жалап, 
саудагер болып кеткім келеді. Бұлар  адам ба?    
Өкім:  Жастар  ұжымын  өйтіп  сөкпеңіз.  Жастармен    əңгімелесіп,  тіл  
таппайды екенсіз. Бұл дұрыс емес.  
Өкен:  Қайтіп  тіл    табасың?  Бұлардың  көпшілігі,  əуелі,  өз  ана  тілін 
жақсы білмейді, орыс тілін нашар біледі.  
Өкім:  Мəдениетпен  сөйлеңіз.  Əдептілік    керек.  Сізде  əдептілік 
жетіспейді, бұл дұрыс емес.  
Өкен:  Мəдениеттен  бəрі  де  жұрдай,  жүнін  жұлған  тауықтай  болып 
жүрсе,  мен не істемекпін, қызық екенсіз, өкіл, өкіл дегенге, шыли, өкіреңдей 
бермеңіз.  Уақыт  тығыз,  тағы  не  сұрайсыз?  Мен  кетемін,  жұмыс    басына 
баруым керек.   
Өкім: Өке, мəдениетті жасайтын жастар. Бұл  ауылда көркемөнерпаздар 
үйірмесі  жоқ,  қабырға  газеттері  шығарылмайды,  мəдени  кештер 
ұйымдастырылмайды, спорт жұмысы түбімен жоқ... бұл дұрыс емес.  
Өкен:  Сынды  мойындаймын.  Бірақ  құр    алақан  емеспіз.  Жастар  анда-
санда кино көреді. Үйлену  тойына қатысып тұрамыз.  
Өкім: Жастардың үйлену тойын жаңаша өткізу керек. Ал анада Асантай 
деген  жігіттің  үйлену  тойында  жастар  мас  болып,  жақ-жаққа  бөлініп, 
төбелесіпті, бұл дұрыс емес.  
Өкен:  Былайша  айтқанда,  мен    көрінген  есалаң  үшін  нервімді 
тоздырмаймын. Əркім өзі үшін жауап берсін.  
Өкім: «Есалаңыңыз» кім?  
Өкен: Əлгі жастар – төбелескіш қаныпезер... бұзақылар.  
Өкім:  Өзіңіз  айтқандай, «уақыт  тығыз»,  бүгін    жастар  жиналысын 
шақырыңыз.  
Өкен: Е-е, не боп қалды? Екі жылдан бері жиналыс ашпай-ақ, күнімізді 
көріп жүрміз.  
Өкім: Күнді былай «көруге болмайды?  

Өкен:  Кешіріңіз,  жариялылықты  жаным,  сүйеді,  ашығын  айтайын 
қазіргі  жастардың  сайда – санын,  құмда – ізін  білу  оңай  шаруа  емес. 
Жұмыста  жүргендерін  жұмыстан  қол  үздіре  алмаймын,  ал  еңбексіз  жүрген 
есерлер маған бағынбайды. Мен енді жұмыс басына  кеттім (кетеді).  
Өкім  (көрермендерге)  Жо-оқ,  достар!  Мұндай  жауапсыздыққа  жол 
берілмейді!  Жастар,  бүгін  клубқа  дискотекаға  келіңдер!  Соңынан  диспут, 
яғни пікірталас болады.  
Дауыс: Ел басқара білмесең,  
             
Кінə артасың кімге сен?!   
 
 
КІМ ƏКІМ БОЛАДЫ


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет