Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

 
Қатысушылар: Жарас –ауыл əкімі жəне Жақан, Жалтай. 
  
Əкиматтағы    кеңсе.  Жарас  пен  Жақан,Жалтай  болашақ  сайлауға 
əзірленіпкеңесіп отыр.  
 
Жарас: Бүкіл  ауылды басқару үшін халықтың  анасындай адам керек. 
Қазір    ел    басқару  оңай  емес.  Ол  агрономияны,  зооветеринарияны, 
экономиканы,  техниканы,  саясатты  бес  саусағындай  білетін  ғалым  əрі 
тəрбиеші  педагог  болу  керек.  Ойланып,  кімді  төрағалыққа  ұсынуды  көздеп 
отырсыңдар? Соны айтыңдар.   
Жақан: Саяст сауаты бар аға малшы Асқарбекті ұсынсақ қайтеді?  
Жарас: Бүткіл өміріңде бір ғылыммен шұғылданып  көрген  емес. Оның 
қой  бағудан  басқа  қолынан  ештеңе  келе  қоймас.  Оның  үстіне  былтыр 
жайлауда  ішкіліктен  іші  өтіп,  жатып  қалды  деп  естігем.  Бұл  ұсынысқа 
келіспеймін.  
Жалтай: Оның  практикасы болғанымен теориясы  жоқ, Жəке, өзіңізден 
артық  шаруашылық  пен  саясатты  білетін  адам  бұл    ауылда  жоқ  қой,  өзіңіз 
білесіз... 
Жақан: Саясатқа сүйенсек, біз халыққа ерекше еңбегі сіңген адамдарды 
жоғарылатуға тиіспіз. Менің ойымша механизатор Меңдібек ел басқаруға ебі 
бар жігіт-ау деймін. Былай...  
Жарас: Бүткіл механизаторларды жақсы басқарып, көп жақсылық істеп 
келеді,  ісі  тындырымды.  Дегенмен  де  Меңдібектің  агрономиядан  жəне 
зоотехникадан хабары жоқ.  
Жақан:  Жəке,  агрономияны,  зоотехниканы,  механиканы,  экономиканы 
сіз бен біз де толық білмейміз, солай емес пе?  
Жарас: Солайын солай ғой. Бірақ бізге тепсе темір үзетін жігерлі, алған 
жұмысын  абыроймен орындайтын іскер, шыныққан  адам керек.  
Жалтай: Жəке! Осы сізден  артық  кім бар? Он жыл бойы орныңыздан 
түспей-ақ ел басқарып  келесіз... бес жылдан бері монша құрылысы бітпегені 

болмаса,  мемлекетке  біраз  қарыз  болып  тұрғанымыз    болмаса,  кез-келген  
адаммен  тіл    табысып  келесіз...  меніңше,  өзіңізді  қайтадан  ұсынсақ, 
қателеспейміз. Онсыз да он рет қайта сайландыңыз... 
Жақан: Саяси жағынан алсақ та, механизатор Меңдібек  бастық болуға 
лайықты жігіт.  
Жарас:  Бүкіл  өмірінде  үнемі  сыйлық    алып    келеді,  бас  механизатор 
меніңше, оған осы дəреже де жетеді. Солай емес пе, Жалтай?    
Жалтай: Əрине, солай, Жəке! Практика жүзінде ол ел басқарып көрген 
емес. Нағыз  практикант – сіз өзіңізсіз... Басқаның керегі не?  
Жақан:  Саясатқа  сүйенсек,  жəке,  сіздің  орынбасарыңыз,  əрі,  жастар 
ұжымының төрағасы мына Жалтайды  əкімдікке ұсынсақ қайтеді?  
Жалтай:  Жəкең  тұрғанда  мені...  Қойыңдар.  Аудан  басшылары  қолдап,  
еңбегімді  елге  көрсетіп,  былай  бұрыннан  дайындалмағаннан  соң,  ел  қайдан 
білсін,  демократияның  аты  демократия.  Ал,  егерде  практика  жүзінде  бүкіл 
халық қолдап жатса, онда мен қарсы бола алмай қалар едім.  
Жарас: Жалтай – жалтақ. Өзінше шөптің басын сындырмайды. Бұл тек 
менің тапсырмамды орындауға əдеттенген əдепті адам.  
Жалтай:  Жəкең  дұрыс  айтады.  Осы  əдептіліктен  басқа,  елге  елеулі 
зияным  жоқ.  Əйтеуір,  күндіз  күлкіні,  түнде  ұйқыны  білмей,  салып  ұрып 
жүрген  адаммын.  Жалпы  жұрт  үшін  жанымды  аямеймын.  Іс-қабілетім, 
құдайға шүкір, ешбір басшыдан кем емес. 
Жақан:  Саяси    салғырттыққа  салынбайық,  жолдастар,.  Меніңше, 
демократияны  бұзбай,  механизатор – Меңдібекті,  атақшы  шопан – 
Асқарбекті, бұрынғы əкім – жарасты, оның орынбасры – Жалтайды көпшілік 
дауысқа салу керек. Көптің  көзі көреген,  елдің тілі дуалы,  ел білсін.  
Жалтай:  Ол  үшін    былай,  практика  жүзінде  аудан  басшыларымен 
келісіп, кімнің кім екенін оларға түсіндіру керек емес пе?  
Жарас:  Жоғары  жақтың  араласуынсыз  жəне  олардың  келісімінсіз  мен  
сайлауды өткізе алмаймын.  
Жалтай: Жəкең, дұрыс айтады. Басшыларды сыйлау керек.  
Жақан: Əрине, саяси сауаттылық керек. Біз  аудан  басшыларына да өз 
ұсыныстарымыздың ішкі мəнін бүкпесіз, толық жеткіземіз. Ал кімді бастық 
етіп сайлау мəселесін көпшілік біледі.  
Жарас: Бүкіл бастық өмірімде көпшілік тарапынан не бір қарсылық, не 
бір    елеулі  мəселемен  ұсыныс  жасап    көрген  емеспін. «Көпшілік  біледі» 
демей, сол көпшілікке «білдірту» керек.  
Жалтай:  Жəке,  сізден  басқа  адам  ауылды  басқара  алмайтынына 
көпшіліктің көзі жеткен. Бұл – айқын мəселе!   
Жақан:  Саясаттан  тыс  кетпеуге  тиіспіз,  ағайындар.  Көпшілікке  салып 
көрейік. Егер жұрт Жəкеңді ұнатса, қайта сайласа, онда қарсылық жоқ.   
ЖалтайАузыңа май, айналайын Жақаным! Меніңше,  практикасы бар 
Жəкеңді сайлау керек.  

Жарас: Халықтың аузына қақпақ бола алмайсың. Сондықтан, əуелі  елге 
еңбегімнің мəнін түсіндіре білетін, мына сенсің – Жақан.  
Жақан:  Қазір  халық  сауатты,  ол  əрбір  адамның  ішкі-сыртқы  сырын, 
қабілетін,  мінезін,  қолынан  не  келетінін  жақсы  біледі.  Сондықтан  түпкі 
түсінікті жүргізе отырып, халыққа сену керек. Демократия!  
Жарас: Бүкіл еңбегімді ескерсін  ел.  
Жалтай: Ура! Жəкең бастық болады! (Көпшілікке қарап). Ау, халайық, 
əділдігін  айтыңдар! Мені сайласаңдар да қарсы емеспін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

СЫҚАҚ ƏҢГІМЕЛЕР 
  
АЗАМАТТЫҢ АУЫЛЫ 
 
«
Өркениет»  аулына  келіп,  Көктөбедегі  көктеуде  жиені  Жидебайдан 
сый-сияпат  көріп  отырған  Асылбай  ақсақал  алты  қанат  ақ  үйдің  алдында 
анау ақшағала ауылға қарап əңгімесін қозғап отыр:  

Аллаға  шүкір,  Жидебай  жиенім  ауылдың  сəнін  кіргізген  екен.  Ер 
басқара білсе, ел өркендейтін заман болды ғой, іншəлла!  
- «
Өркениет»  деген  аты  да  жақсы  екен...  Асеке,  мұндай  өркендеген 
ауылды  бірінші  рет  көріп  отырмын, - деп  қаладан  келген  Қалқабай  қалың 
қасты қабағын ашып, жадырай сөйледі.  

Іншəлла! «Өшкен  ауылдан», «көшкен  ауылдан»  сақтасын,  бұл  «өскен 
ауыл», - деп Асылбай ақсақал мақтанышпен нұрлана күлімдеді.  
- «
Өшкен»  ауыл  қандай  болады,  ақсақал? – деп  Қалқабай  қартқа 
қапыстан сұрақ қойды.  
- «
Өшкен»  ауыл  деп,  осы  ауылдың  көршісі  анау  «Жолдыбай»  ауылын 
айтамыз.  

Ол неге «өшкен» ауыл болды?  

Онда  ауыл  басқара  алатын  азамат  болмады.  Əлгі  терішінің  баласы 
Телбек  деген  қалқанқұлақ  ауыл  қаржысын  өз  «жамбасына»  басты,  ақниет 
ағайындарды басқарып, іске қоса алмады...  

Банкротқа ұшыраған ғой...  

Ее, шырағым, ол бір кербаққанның сылтауы болды ғой... Жер жекеше, 
мал  қорада,  өмір  еркін  одан    артық  не  керек. «Өкімет  бермеді»  деп,  өкіре 
бергенде не шығады?..  

Өкіметтен  көмек болмаған ғой...  

Ее,  заман-ай!  Егеменді  болдық  деп,  еркіндікті  жүгенсіздікке  сайып, 
елді бұзғандар көп болды ғой... Телбек тегіне тартпады, қара басының қамын 
ойлайтын  хайуан  болды,  сеніп  тапсырған  билікті  қор  қылды.  Ауыл    азды, 
дүние тозды. Не бірлік жоқ, не тірлік жоқ, не амал жоқ, не егін жоқ. Ауыл 
мектебі  де  «тарап»  кеткен.  Мəдениеттен  жұрдай  болған  ауыл  өшті, - деп, 
Асылбек ауыр күрсінді.  

Бұл сұмдық екен! Ал енді «көшкен» ауыл дегеніңіз қандай ауыл?  

Қалқабай балам, сонау сағымданып көрінген бес алты үйді көрдің бе?  

Ия, көріп тұрмын. Бұл да ауыл ма?  

Ол  да  ауыл  болатын.  Ол  ауылдың  пысықайлары  қалаға  көшіп, 
«
Шаңырақ» деген көше құрып, ауылды сол жаққа көшіріп кетті... Е, заман-
ай! Қаланы асырып отырған ауыл еді. «Енді ауыл құриды, қалаға көшіңдер» 
деп Жекен желікпе желіктіріп, ел іргесін бұзды...  

Ауылдың  ауыл  болуы  «несиеге»  байланысты  емес,  ауылдың  көркеюі 
біздің Жиенбек жиен сияқты білімдар, іскер азаматтарға байланысты.  


Мемлекет несие берсе, анау өткен ауыл жанданатын шығар, тегі...  

Кім  біледі?  Телбектей  тексіздер  несиені  де  иемденіп,  ел  бүлдіріп 
жүрмесе...  

Ее,  шырағым  дұрыс  айтасың.  Алла  сондай  сорақылардан  сақтасын, - 
деп Асылбек ақсақал тағы күрсінді.  
Елді ойлаған екі кісі ұзақ толғанып отыр...  
 
 
ҚҰБЫЛМА 
 
Айдай  жарқын  Ажардың  қоңырқай  көзінің  «оты  бар»,  мұрны  пістедей, 
қап-қара  шашы  толқынданып  көз  тартады.  Нағыз  «ай  қабақ,  алтын    кірпік, 
қызыл еріннің» өзі. Оның жүзіне қарасам, жүрегім лүпілдеп, өзегім өртеніп, 
бойымнан  от  өрбіп,  лапылдап  жанғандай  боламын.  Үмітімді  үдертіп, 
махаббатымды ашып  айта алмай жүргенімде қызық оқиға болды.  
Ажар  екеумізде  университеттің  төртінші  курсында  оқимыз.  Семинар 
сабағында отыр едік. Ол  сабақты тыңдамай. Маған  хат жазды:  

Мен сен үшін  жанымды беремін, өлемін! – депті ол.  

Неге? – деп, сол қағазын сұрақ қойып қайтардым.  

Сен қыран жігітсің, шын айтам, сен – орелсің!  

Сабақта əдеп сақта.  

Жүрегім алып ұшып барады... Оңбаймын...  

Қасыңдамын ғой... Сабақтан соң...  

Өзіңді сүйгім келіп, өртеніп барамын...  
Кенет  ұстаз  арамыздағы  «ақ  қағазды»  ұстап    алды.  Кейіді: - «Орынсыз 
ыржаң, болымсыз қылжаң, бола ма дəулет, нəсіп бұл»- деді.  

Ағай бұл Абай атамыздың сөзі ғой, - деп, Ажар ыржалақтады.  
Менің  бетім  қызарып,  жүрегім  зуылдап,  қап,  мына  «сұлудың» 
сумаңдауындай-ай деп, ұялғаннан кірерге жер таппадым.  
Ажар екеуміз сабақтан мəкүрім болып, ұстаздан кейіс көріп, кесірге тап 
болсақ та, көшеге көңілді шықтық. 

Ал, енді сөйлесейік! – дедім, еркінсіп.  

Ей қойшы сен! Осы жігіт деген оңашада...  

Ажар-ай, сабақтағы «хатың» менің  жүрегімді...  

Ей,  қойшы  сен!  Жүрегің  түсіп  қалмас! – деп  сұрланып  теріс  қарады, 
тұштитып, тұлғасы өзгеріп кетті.  
Сөйтсем,  ажар    сабақта  əдеп    сақтамай,  зиялылық  сақтамай,  мені 
келемеждеген екен. Ықыласым ыдырап, жүрегім суып, өңім өзгеріп  кетті.  

Ажарың болғанмен, ақылың жоқ екен- деп, түңілдім.  
«
Құбылманың құлы қыла көрме жаратқан ием!» деп, күрсіндім де, оның 
«
махаббатынан» бір жола күдер үздім.     
 
 

 
ЕР АДАМДАРША СӨЙЛЕСЕЙІК 
 
Үш дос демалыс күні  аулада «карта тастап» əңгімелесіп отыр: 

Мен паспын! Не жаңалық бар? Əңгіме айта отырайық,-деді Дəуқара. 

Жүріс  менен!  Не  жаңалық  болушы  еді?!  Менің  əйелім  кешке  дейін 
сауда  жасайды.  Кешке  келіп,  өсек  айтып  құлағыма  маза  бермейді,-  деді 
Салбай  «сары сақал». 

Жігіттер, осы ер адамдарша сөйлесейікші, қол менікі,- деп қара мұртты 
аққұба жігіт Мұрат мұртын сипады. 

Əйелдер  басы  қосылса,  өсек  айтады. «Екі  əйелдің  басы  қосылса,  бір 
əйелдің  соры»  деп,  біздің  қазақ  тегін    айтпаған.  Əлгі  менің  əлжуаз  əйелім 
кіммен бас қосса да, аудан əкімін жамандаудан аузы босамайды,-деді Сары 
сақал, сөйтті де картаны ауыстырды. 

Сен  оны  айтасың-ау,  əуелі  менің  салқарын  əйелім  обылыс  əкімінен 
бастап  елбасына  дейін  сыпыра  сынап  сыпсыңдайды-ей!  Бұл  заманның 
əйелдері  еркінсіп,  жүгенсіз  кетті.  Ауздарына  ие  бола  алмай  қалды-ей - деп 
аққұба  жігіт  Аңғалбай    ақылгөйсіп,  танауын  көтеріп,  өсіп  кеткен  мұртын 
сипады. 

Ойбай-ай!  Бұл  əйелдерде  бет  жоқ.  Менің  «Сұржебем»  менен  бастап 
əкімдердің бəрін де менсінбейді, əуелі «Сары сайтан» деп мені де жамандап 
отырады,- деп, Дəуқара  Сарсақалдың көкшиғен көзін шұқып ала жаздады. 

Əй  осы  сенің  «Сұржебең»,  шынында,  əкім  болуға    лайық-ей!,-деп 
Сарсақал ішек- сілесі қатып қалды, өзі картадан жеңіліп, «дүрəк» болды.  

Жігіттер шындықты айту керек: Егер əйел заты əкімді жамандаса, одан 
бір  «пəле»  бар.  Əйелің  біреуді  көзіңше  жамандайды,  бірақ  ішіне  қулық 
сақтап, амалдайды,- деп, аққұба жігіт Аңғалбай қалың қасты қабағын түйді... 
Екі реттен «дурак» болса да, үш достың əйелдер туралы «əңгімелері» əлі 
аяқталар емес. «Ер адамдарша сөйлесіп» отыр. 
 
 
ТАҚСІРЕТ 
 
Тəпенгүл  өзінше  «тəрбиені  тəпіштеп  жүрмін,  бір  адамдай-ақ  бұл  іске 
зерекпін»  деп  ойлайды.  Сөйтеді  де  баласының  басындағы  бір  кемшілікке 
кейіп, кешке дейін миын шоқиды:  

Ей, ақымақ! Сен оңбайсың! Сен оңсан, мен мұрнымды кесіп берем!-деп 
зəр  шашып,  қабағынан  қар  жауып,  екі  елі  маңдайы  тырысып,  еріксіз 
баласына  екі сағат ұрсады. Балғын баланы итке де, шошқаға да теңейді. 

Е-е!  Е-е-е,  енді оңамыз  ғой,-  деп  Батай  баласы  басылып,  салпы  ернін 
жинап, бұртиып, су мұрнын сүртеді де, одан əрі мыңқ етпей безереді. 


Ей, есалаң, елдің баласы «беске» оқиды! Сені не қара басты?! Сорлы 
басым, сені неге тудым екен?! Сендей баланы туғанша , қубас жүргенім он 
есе артық болар еді,- дейді де, баланың басынан «мəтек» алады. 
«
Тəтелбегін»  тəртіпке  келтіре  алмаған  Тəпепгүл  ертесіне  тағы  да 
торсылдап, тас-талқаны шығады: 

Ей, көрлат! Сен ендігəрі мектептен «екі» алып келсең, ұрып өлтіремін! 
– 
деп Тəпенгүлдің тəртібі үдеп кетеді... 

Е-е! «Екі» қойған апайдың өзі ғой! - деп Батай байбалам салады. 

Ей,  топас!  Оқуың  оңбады!  өзің  тілазар  болдың!  Енді  көзіме  көрінбе! 
Қараңды өшір! Жоғал! – деп ол отқа түскендей ыршып, шоршып, қаршадай 
баласына қарғыс жаудырады. 
-
Е-е!  Е-Е!  Кетсем,  кетем! –деп , Батайдың  бар  ашуы  бетіне  шығып, 
үйден  шыға  жөнелді.  Тепенгүлдің  есі  кетіп,  баласына  көшеден  қуып  жетіп, 
үйге  желкелеп  ертіп  келді.  Сөйтеді  де  «тəрбиелеуді»  қайта  бастады. 
«
Оңбайсың » деді.Бала қалайша «оңады»? 
Баланың  жақсылығын  көрмей,  ұрсып,  ұрып,  жерлеп,  қорлап 
«
тəрбиелеудің»  масқарасын  осыдан  көресің.  Бұдан  бала  «оңбайды».  Бұл – 
тақсірет. Келешегіміздің бір кесірі – осы. 
 
 
ҚЫСҚАСЫН АЙТҚАНДА 
 
Үкеннің үйлену тойында оның əкесі Əсембекке сөз берілді. Қолақпандай 
қолымен  инеліктей  тостақтың  қылдай  білтесінен  ұстап,  кеспектей  мұрнын 
көкке көтеріп, бастаған сөзін аяқтар емес: 

Ағайындар,  құда-құдағилар,  жекжат-жұрттар!  Менің  Үкенім – үлгілі 
азамат.  Бұл  жұрттың  бос  мойын,  бота  тіркес  балаларына  мүлдем  ұқсамай, 
өнегелі болып өсті. Үкендей бала тауып берген мына бəйбішеме мың да бір 
рахмет  айтқым  келіп  тұр...  Қысқасын  айтқанда,  құда,  сіздің  бақытыңыз 
батпандай екен... Ия, бұл өзі ерекше бала болып өсті... 
Əсембек  əңгіме  басын  баласын  мақтаудан  бастап,  жарты  сағаттан  соң 
сөзді өзіне қарай сабақтады: 

Қысқасы  айтқанда,  менің  балам    өзіме  тартқан...  өсек-аяңмен  ісі  жоқ, 
өзі  шестный.  Мені  өздерііңіз  білесіз,  бүкіл  ауыл,  қала  берді  аудан,  обылыс 
дейсіз  бе,  бəрі  біледі.  Құдайға  шүкір,  арақ  ішуді...  тек  тойда  ғана  бір-екі 
тартқаным болмаса, бұл пəледен аулақпыз... Ал əлгі «солға» кетіп қалу деген, 
ол  ия...  бұрын  болған,  енді  алладан  иман  тілеп,  қарие  салтанатын  құрып 
жүрміз... 
Əсембеқ  «өзім  дегенде  өзегін  салып»,  мақтанып  бола  алмай,  сөзін  енді 
ата-бабасымен сабақтады: 

Қысқасын  айтқанда,  біздің  жетінші  атамыз    батыр  болған,  сегізінші 
атамыз  жырау  болған,  арғы  атамыз  Мысырды  он  жеті  жыл  билеген...  Біс 
мақтанбаймыс! Біс шындықты айтамыс!.. 

Үкен  мен  оның  жас  жұбайы  Үлпек  тірсегі    талғанша  тік  тұрып, 
«
құттықтаймын» деген əке сөзінің соңына жете алмай, діңкесі құрыды. 
Қысқасын  айтқанда,  қиын  болды:  екі  жастың  аяғы  талды,  құдалардың 
құлағы сарсыды. Үлгі, өнеге, бата, бақ тілеу əлі жоқ. Əсембектің əңгімесі əлі 
бітетін емес... 
 
 
                              « 
ƏКЕҢ...АУЫС...КЕЙІН» 
 
       
Тағдыр  айдап,  емхананың  тар  бөлмесіне  бір  шаруа  қожасы,  бір 
фермер жəне мен –профессор бірге жаттық. Бірер күннен соң етіміз үйреніп, 
ашық əңгімелесетін болдық. 
         
Шаруа қожалығының бастығы Байбол  қарнын сипап қойып, əңгіме 
айтқанда  шекесі  тырысып,  танадай  көзі  алабұртып  кетеді  екен  ---  -
:
Əкең..ауыс...кейін!  Мен  өз  еңбегіммен  байыдым...Əкең  ауыс...  туысқандар 
көре  алмайды.  Əкең...  қарызға  ақша  сүрайт...Мə,  əкең..ауыс!...  ол  əжім 
торлаған бетін тыжырайтты. 
            - 
Х...Оларға сол керек! Менің фермерімдеде ондай мəмбеттер бар, 
мен  оларға  « на  х»  деймін  де,  хұмыстан  қуып  жіберемін,-деп  Демеубай 
бөскенде, демігіп, қиғаш мұрты едірейіп, шегір көзі шедірейіп кетті. 
                
Оспадарлық  сөздермен,  арланбай  анайы  сөйлегендердің  
əңкілдек əңгімелері менің қазақтық қасиетіме тиіп, намысымды  налытты. 

Жігіттер  біз  əдепті  халықтың  ұрпағымыз.  Əдеппен  сөйлесейік,-дедім 
мен қызараңдап. 
                 «
Бай болсаң, бақырауық болма» дегендей, нағыз адам байыған 
сайын    ақыл  жинау  керек  емес  пе?  Ақылын  ақша  билеп  кеткендер  өстіп. 
өресінен  шығып,  бейпіл  ауыз  болып  беделін  кетіреді  екен.  Əдеп  ақылдан 
шығады. Ақымақ байдың адамдық  əдебі  болмайды екен. Рухани азғыннан 
əдептілік күтпеңіз, ағайын. 
 
 
 
                               «..... 
ДЕЙ САЛ» 
 
    
Ауылдың  бір  байы  Бақалды  обылыстық  əкім  Əлдебай  «авпарат» 
қылып,    өзіне  орынбасар  етіп,  сайлап  алды.Оныншы  сыныпты 
ондағылардың  қолдауымен  «оңай»  бітірген    Бақал    білімсіз-ақ  білдей  бай 
болуына əсер еткен жай - жеке меншік  жеке тірліктің жемісі еді. Ол  əкім 
ағасын  жиі  қонаққа  шақырып,бірнеше  шапан  кигізді.Енді  міне,ойламаған 
жерден  «орынбасар»  болып, шыға келді. 
    
Орынбасардың  «оңаша»  орнына  орналасқан    Бақал    «Əй,  мынау  бір 
жақсы орын екен ғой» деп,жадырап қалды. «Үш ұйықтасам түсіме кірмейтін  
бұл қызметті қалай орындар екенмін» деп, ол ойланып қалды. 

«
Ееее, бір амалын табармын» деп іштей ой қорытты. 
  
Қызметке  кіріскеніне  бір  ай  болмай-ақ  «əкімнің  орынбасары»  əдіс 
тапты.Ол  хатшысына  «дей  сал»  деген  тəсілді  үйретті.Кеңседен  өзін 
«
меймандыққа» шақырған жерге асығыс шығып бара жатқан Бəкең: 
 -
Мені біреу іздесе,  «жиналыс өткізіп жатыр» дей сал,-деді. 

Мақұл ағай, «дей салам ғой» ,-деді хатшы 
Қонаққа  жиі  барып,  қоңданып  қалған  орынбасар  орнында  жиі  болмай, 
кергіп,  кешігіп  келетін  болды.  Хатшы      «дей  салып»«хабарын»  жеткізіп 
тұрды: 

Қарынндас бұл фермер Бұлдабай ғой,Бəкеңмен байланыстырып  жіберіңіз-
ші 
-
Бəкең жиналысқа кеткен. . 
..-
Қызым,айналайын,мен Алматыданмын...Бəкеңмен сөйлесейін деп едім... 
-
Бəкеңнң алдында кісілер бар... 
         «
Дей салдың» түбі қайырлы болған жоқ Бəкең «ұсталып» қалды.Үнемі 
қалта  телефонымен  байланыс  жасайтын  Ажар  бұл  жолы  Бəкеңнің  жұмыс 
телефонына қоңырау шалды: 
       -
Алло! ,маған Бəкең керек еді... 
       - 
Бəкең жолсапарға кеткен... 
        
Маржан сыраханада сылқиып отырған  ерінің қалта телефонын шалып, 
оның жауап беруін күтті: 
     - 
Алло! Бəке, қайда жүрсің? 
     - 
Осында жүрмін.. Маа-ма-маржантай... 
     -
Қызмет қайда? 
     - 
Орнымда  отырмын...Ма-ма-маржантай...Оллаһи!!-деп,Бəкеңнің  шегір 
көзі шекірейп кетті.қалың ерні дірідеп, тілі күрмеліп қалды. 
  - 
Оңбайсың!-деді,Маржанның  алмадай  беті  алаулап,-..  Хатшың  «Бəкең 
жолсапарға  кеткен»  деп,  кергіп  отыр..Сендердің  қитырқыларың  белгілі 
болды. сені орынбасар еткен .ағаң да ақымақ екен, өзіне бəрін айтам. ... 
        
Маржан  ерінің  есерлігін    бастығына  айта  алмады..  Əдепсіз,  əрекетсіз 
«
орынбасар»  оңалар  емес,  қызмет  қырсыз  болды,  ел  елеусіз  қалды.  оңып 
жатқан жоқпыз, ағайын.... 
          
-
       
                                   .. 
                             
КӨКЕННІҢ  КӨКЕЙІ 
Көп ақша көкейін тескен Көкен баласы Балдайдың мына замандағы  
«
қылығына» қиналып, күнде күңкілдеп, ұрсатынды шығарды:  

Балам, мына түріңмен адам болмайсың! – деп, ол қарынды денесін бір 
қозғап, баласына бажырая қарады. 

Көке, тұлданбай, турасын айтыңызшы. Мен сонда «адам» болу үшін не 
істеуім  керек? – деп  Балдай  қисық  аузына    қиғаш    біткен  қара  мұртын  бір 
көтеріп қойды. 


Балам  «заманың  түлкі  болса,  тазы  боп  қу»  деген  қазақ  атаң...  Сен 
қулық-сұмдық  дегенді  мүлдем  білмейсің,  жұртты  алдай  алмайсың.  Мына 
заман алдағанның  аузына май салады.  Сен оны білесің бе?  

Көке, мен есеп қызметкерімін. Есеп алдамайды.  

Балам мына заманда өтірік айтпасаң, алдай алмайсың, – деп Көкеннің 
шегір көзі шекірейіп, шарасынан шығып кете жаздады. Толық денесі толқын 
соққандай жұлқына қозғалып кетті. 

Көке,  көп  кейімеңіз.  Баяғыда  сіз  адал  еңбегіңізбен-ақ  елге  елеулі 
болғансыз, - деп Балдай байыптап сөйлеп, əкесінің ашуын басты.  

Балам, ол кезде заң қатал болатын, жегісі келген жетесіздердің желкесі 
қиылатын. Қазір «есебін тауып, екі асауға» болатын заман... 

Көке, ар-намыс, адалдық деген қасиеттер сіз арқылы менің қаныма сол 
кезде – балалық  шағымда  сіңген  болатын.  Ал  бұл  заманның  өз  заңы  бар. 
«
Арам ас бойға сіңбейді» деуші едіңіз ғой, - деді баласы. 

Балам,  мына  сөзіңмен  мені  жеңіп  отырсың.  Алла  адал  адамда 
жарылқайды, - деп Көкен ақылға келіп, баласына сүйіне қарады. 
Əке: «Балдайым  бақытты  болады  екен»  деп  іштей  толғанып,  Аллаға 
шүкіршілік жасады. 
 
ТАЛЖАННЫҢ ТАЛҒАМЫ 
 
Талжан тал шыбықтай жас еді. Айдай ақ мыңдайы, қарақақтай күлімкөзі, 
құлын  мүсіні,  керім  келбеті  талай  жігітті  тамсандыратын.  Оның  қалада 
қараған мөлдір қара көзі үмітті жігітті үйіріп алатын. Отты қыз он жеті жасқа 
жетпей-ақ қалжыңы жарасқан қара жігітке қашып кетті. 

Жаным-ау!  Сырын  білмеген  сыпсың  жігітке  хабарласпай  қашып 
кеткенің қалай?! – деп,  артынан  келген  Айжан ана аһ ұрып,  көз жасын көл 
қылды.  

Апа, болары болды! Келдім! – деді Талжан ойланбай сөйлеп.  

Енді  бұйрық  шығар  келген  жеріңе  тастай  батып,  судай  сің,-  деп, 
ақкөңіл ана көз жасын  сүртіп, батасын берді. 

Мен тас та емеспін, суда емеспін,! – деп Талжан аңқылдады... 
Ерке  қыз  екі  жыл  болмай  еңіреп,  бөбегін  көтеріп,  қара  шаңыраққа 
қайтып келді. «Жарымес» күйеуін жамандап келді.  

Өзі  бір  ішкіш,  кім  көрінгенмен  жүргіш,  былапыт,  жалқау,  жатыпішер 
екен! Төбесінен алтын құйсаң да, адам болатын емес, сволыш!.. 

Шаңырақ  көтеру  оңай  емес,  қызым!  Асығыстық  жасадың.  Сүймей 
жатып,  сүйрегенге    көне  салдың.  Бұған  өзің  кінəлісің. «Ұрғашы  қарық 
шырақты»  деген...  Əлі  жассың.  Талғамың  болса,  басиелікке  жарйтын  жігіт 
табылар, - деп Айжан ана ақыл берді. 
Арада алты ай өтпей жатып, Талжан тағы да бір жігтпен кенеттен келісіп 
қойды. 

Талғамды қайдам, таңдауым – осы! – деді. 


Енді,  шырағым,  бұның  асығыс  болды...  Əуелі  танысып,  білісіп 
дегендей алды-артыңды байқамайсың ба? – деп, Айжан абыржып қалды. 

Мен өзімді-өзім билеймін. Айттым, бітті! – деп, Талжан тарсылдады... 
Төрт  ай  болмай  төркініне  қайтып  келген  Талжан  енді  күйкі  мінезді, 
«
күйдірген» күйеуін жамандап келді: «Оңбағанның он қатыны бар екен. өзі 
өлгенше ішеді»... 
Біз  Талжан  тағы  да  бір  «пəлеге»  ұшырап  қалар  ма  екен  деп 
уайымдаймыз.Ардақты ана тілін алмаған  «арсылдақ» қыздың көретін күні – 
осы. 
 
 
                                                     
ҚАРҒЫС 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет