Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

«
АЙНАЛЫМ» 
 
Əлгі «жылтыр» Айнабекте «айналым»  деген  ауру пайда болды. «Ауру 
батпандап  кіріп,  мысқылдап шығады»  дейді халық. Мына сабаздың  ауруы 
асқынып    кетті.  Сонау  жылдары  жоғарыдағы    таныстары    арқылы 
біреулерден «шляпа»  («оқшима»)  алудан  «айналым»  бастаған, ол қанағат  
қылмай, « ақшалылардан» қарыз  сұрай бастаған.  

Ахан    аға,  құдай  жарылқап  тұр,  бір    мың  доллар    беріңіз,  мен  
айналдырып,  сізге  бір    аптадан    соң  екі  есе  қылып    қайтарамын! – деді  ол 
«
бизнес»  ағасына.  Сөйтіп  қысық    көзін  күлмеңдетіп,  қолақпандай  қолын  
кеудесіне басты.  

Көңілі  қайтпаған    інім    едің,  егер  уəдеңде  тұрсаң?! – деп  Ахан 
«
айналымға» ақша беріп, оның «екі есе»  қайтарымын  күтті.  

Бай  келіншек  Бағила,  он    мың  доллар  «айналымға»  берсең,   мен  
шетелмен «бизнеске» түсіп,  келесі аптада үш  есе қылып  қайтарамын! – деп  
ол Бағиланың  ернінен сүйіп өзеуреді. «Көңілдендірді»,  көркемдігіне ғашық 
болып,  қасында жүрді,  көндірді...  
Айнабектің «айналымы» бітпеді. Қарыз қанқақсатып, қайтар емес. Ахан  
аһ ұрып жүр. Бағиланың  бағы тайды. «Қарыз  күліп  барып, жылап  қайтады» 
деуші  еді  қазақ,  бірақ  мына  бейбақтар  он  жыл  қасіреттеніп  жүр, «жылап  
қайтатын» қарыздың  қарасы көрінбейді. Міне,  қасірет!  

Айнабеқ мені жылаттың,  сені Құдай жылатсын! Бала шағамның  көз  
жасы  ұрсын! – деді  жұмыссыз  қалған    қасіретті  Бағила.  Сөйтті  де  ол  басы 
айналып, жығылып  қалды.  
Айнабек  «айналым»  жасап  жүр.  «Өлмессек  өтейміз  ғой»  деп  қарыз  
бергендерді қатты «сынайды». Адам  сияқты, бірақ  тірлігі адамға ұқсамайды. 
Ақшақұмар    адамның  ар-ұяты  да,  абыройы  да,  адамдық    бейнесі  де 
болмайды екен. Ағайындар, Айнабектің айналымына түсіп қалмаңыздар.  
 
 
БАЛДЫР БАЙ БОЛДЫ 
 
Аллаға шүкір,  сауда жасап, тіршілік  етіп,  Балдыр да бай болды.  Ол  
оңашада    ақшасын    бірнеше  қайтара  санап, «Менің    бақытым  -осы»  деп  
ақшаны иіскеп қояды.  Қарны қампиды.  


Ата-ананың  аулына  із    салмадық, - деп    күңкілдеді  əдемі  келіншек 
Əсем.  

Олардың  пенсиясы  бар.  Қайта  олар    бізді  асырасын! – деп  Балдыр  
батпандай  қолын  сілтей салды.  Қолақпандай  мұрнын  көкке көтеріп,  шырт  
түкірді.  

Адамға ұқсап, ағайынды дастарқан  басына шақырып,  сыбаға беруден  
қалдық, - деп Əсем қарақаттай  көзіне жас алды.  

Ағайын  деген  кім    ол?!  Менің    байығанымды  бəрі  көре  алмайды. 
Олардың « ағайындығын» ұрдым! – деп  мыңқ  еткен Балдырдың салпақ  ерні  
салпиып,  езуі  көпіріп  кетті. Тоқпақтай жұдырығын  түйіп  алды.  

Дос  жарандардан  да  ажырадық, - деп  Əсем    əбіржіп,  төгіліп,  төмен 
қарады.  

Ей,  есуас!  Қазіргі  заманда  дос  бар  ма?  Əркім  өз  құлқына    тартады. 
Досқа берсең – дос, бермесең,  сені любойы  сатып  кетеді! – деп,  Балбыр  
балпылдап,  сөз аяғын бір  сағатқа созды.  
Анада  арақ  жақпай,  Балдырдың  жүрегі қысылып қалды. Əсем əбігер  
болып,  ағайындарға,  дос-жарандарға    хабарлады.  Ағайын    достар    көңілін 
телефон  арқылы сұрады да қойды.  

Мені  ағайындардың  бір    де  бірі  құрметтемейді, - деп,  Балбыр  
барпылдап,  сырттай сөгіп, шыр-пыр  болды.  
Байлықтың  қызығын  көре  білмеген    адамның    бақытсыз    болатынын 
байқаған Əсем  іштей күйініп, жылап отыр.  
 
ҚАПАН БАЛАНЫҢ ҚАСІРЕТІ 
 
Қапан  бала  оқушы    болғалы  ойшыл    бола  бастады. «Мен    кімге 
тартқанмын»  деп,  өзін    айнадан    сынап,  қара  көзіне,  бұйра  шашына,  
қалқайған  құлағына зер  салып,  анасына сұрақ  қойды.  

Апа,  осы мен  кімге тартқанмын? – деді ол.  

Сен  Көбей көкеңе тартқансың! -  деді,  ақжарқын Ажар  баласына.  

Мен  ол  көкеме тартпаймын! – деп Қапан  қалың қасты қабағын түйді.  

Неге жаным-ау! – деп,  ана аңырып,  оған  күлімдей қарады.   

Көбей көкем арақ  ішеді,  темекі  тартады, өтірік  айтады.  
Онда тұрған  не бар, балам-ау,  арақты сенің  əкең де ішеді ғой.  

Онда мен  əкеме де тартпаймын! – деп Қапан əкесінің  талай рет мас  
болып,  анасын  абыржытып,  балалардың    мазасын    алғаны    есіне  түсіп,  
жыламсырады. Алмадай беті қуарып  кетті.  

Əкеге тартпайтын  бала болмайды, жаным, - деп  ақпейіл  ана абыржып  
қалды.  
Ажар    ана  «үлгі  болатын    үлкендерден  жас  баланың  күдер  үзуі  қандай 
қасірет» деп  тебірене күбірлеп, терең күрсінді.  
 
 

ҚЫРПЫШАҚ 
 
Қырбектің Қырмызы келіні кесірлі болды. Ол  отбасында ойран  салып, 
қит    етсе,  қылдай  себеп    тауып,,  қылқынып-жұлқынып,  қырпышақ  қылып, 
«
қырып-жойып» жібереді.  
Бүгінгі қырпышақ бір  сөзден  отша тұтанды. Есер  келіннің енесі Есей 
баласы Батайға:  

Құдай тастөбеңнен ұрып,  тағы да «ірің-сідігіңді»  ішіп  келіпсің ғой, 
əбілет басқыр,  албасты! – деді,  алақандай  əжімді беті тыржиып  кетті.  

Ыңқы! Ішкен  жоқпын,  аздап  татып  едім, - деді Батай.  

Ішсе    несі  бар?!  Ана  жылдары  өзіңіз  де  ішкесіз! «Құдай  төбесін  
ұрмайды!  Ішеді»  деді  Қырмызы.  Ол    қызараңдап    салпақ    ернін  тілімен  
жалақтап, Батаймен  бірге  ішіп келгендігін  көрсетіп,  қисалақтады.  

Тек  ей, тексіз! Ішкен  адам  оңа ма? Жақсы болса,  маскүнем  болып  
көше  кезіп  кетіңдер! – деп  Есей  есірініп,  қарасұр  жүзінен  қара  түнек 
қаптағандай,  ақкөбік    аузынан  айқайы  шығып,  қырпышақ    шатақты    қалай 
шығарғанын өзі де байқамай қалды.  

Естіп тұрсың бар, ей, ешақ! Сен екеумізді   аялайтын  ана бар ма? – деп, 
Қырмызының  қаны  қашып,  сұрланып,  сұқ    қолымен  байының    басымен 
қоса,  екі көзін бірдей шұқып  ала жаздады.  

Мен    ішсем,  мас  болып    ішпеймін    ғой! – деп,  Батай  шешесіне 
шедірейе қарады.  

О, Құдай төбеңнен ұрғыр! Құлқының құрып  тұрады да,  бала-шағаны
əке-шешені,  мына бетпақ қатыныңды  да араққа сатып жібересің, - деп, Есей  
есінен  танып,  шалқасынан    құлады.  Ананың    ашуын  кектегендер  оны  
табалап тұр.  

Құдай ұратын  адамын  өстіп  ұрады! – деп Қырмызының  қызыл беті 
қуарып кетті. Батай жалпақ  ернін  бұртитып,  көкке қарады.  
Ененің  есі  кірді.  Енді  Есей  ене  болып,  Қырмызы    келін    болып,  сөз 
тоқтататын    емес.  Қырпышақтың  аяғы    қырық    күнге  созылатын    түрі  бар.  
Күйкі өмір күйіп жатыр. «Сөз  қуғандар пəлеге жолығады» деген – осы. 
 
 
ӨМІР  КЕШІРМЕЙДІ 
 
Əділбек  қария  ақ    сақалын  тарамдап,  шүңет  көзі  жасаурап,  Балбай 
баласына насихат айтып  отыр.  

Балам, «ұрлық  түбі - қорлық»  деген    екен.  Саған  ол    жөнінде  талай 
айтып таусылдым. Қауымдастықтың  қауынын тасып  кетіп, обал  жасадың. 
Менің ағайын  алдында  абыройым  кетті.  Аллланың  алдында кінəлісің.  

Алла  кешіреді,  жəке! – деп,  Балдай  желкесі    күжірейген    басын 
бұлғақтатып, қампиған  қарнын сипады.  

-
Балам, Батырбек ініңді қауымдастықтағы  бар  жұмысқа жұмсап,  еңбек 
ақысын  төлемей  жүрсің.  Мына заманда ағайынның  арасында  адалдық жоқ 
боп бара ма деп қорқамын.  

Ағайын  кешіреді! – деп Балдай  бапылдап, қалың  қасты қабағын түйіп  
алды. «Ақыл  айтқанды жек көрем  осы»  деп  міңгірледі.  

Балам,  ананың  ақ  сүтін  ақтау,  əкенің борышын өтеу оңай болмайды.  
Сен  соңғы  уақытта  кемпір-шалдың қант-шайын да азайта бастадың...  

Ата-ананың  зейнет  ақысы  бар  емес  пе?  Сендерге  сол  да  жетеді,-деп, 
Балдайдың  басы  қисайды. – Сендер  қайта  мені  асыраңдар!-  деп  ол 
тағаттанбай, талағынан тарс кетті. 

Ата-анаңа дауыс көтерме! Бұл мінезің күнə болады, балам! 

Ондай- ондай «күнəні» Алла кешіреді!- деп, Балдай сөзін шорт кесті. 

Е-е-е, балам! Алла бəрін де кешіреді, бірақ есінде болсын, өмір ешбір 
кінəні кешірмейді. Өз кінəң өзіңді бақытсыздыққа ұшыратады,- деп Əділбек 
қария терең күрсінді. 
Қарияның айтқаны келді. Балдай ұрлықтан қорлық көріп, сотталды, оған 
ата- ананың қарғысы тиді, өмірде ол отбасының қызығын көрмей жүр. 
 
                                      
БАТАБЕКТІҢ  НАЗАСЫ 
 
Үнемі  үмітсіздікпен  үре  сөйлейтін  «балпылдақ»  Балтабек  көк  езуін 
көпіртіп, шегір көзін шекшитіп, баласы Балабекке: 

Ей,  ақымақ,  сен  анау  Батайдың  баласына  ұқсап  рекіт  болсаң  да  ақша 
таппайсың ба? Сен адам болмайсың!- деп назаланды. 

Қарақшы болып, қан төгіп ақша тапқанша өлгенім артық!- деп өртене 
қызарған Балабек бар ашуын шақырды. 

Өлмесең, ома қап! Атаңа нағлет, ақылсыз, жатыпішер, жалмауыз!- деп 
Балтабек шатқаяқтап, шарт кетті. 

Əрекет  жасай  алмай,  əке-  шшешеме  насыл  болдым!  Бұдан  өлгенім 
артық!  Өле-е-ем!  Өле-е-е-ем?!-  деп  Балабек  «өлетін  жаққа»  бет  алып, 
орнынан атып тұрды. Əкеге «ə» дей алмай, есікті тарс жапты. 

Ей,  есалаң,  нақұрыс,  кеще,  топас!  Тоқта!-  деп  Балтабектің  көзі 
шарасынан шығып, беті сұрланып, құп-қу болды, аузы қисайып кетті... 
Қазақ «əкенің қарғысы- оқ» деуші еді, əрі қарғап, əрі назаланған əке өз 
өртін  өзі  сөндіре  алмай,  абыржып  қалды.  Балабек  қайрылар  емес...  Түбі 
қайырлы болғай. 
 
                                 
ЖАН МЕН ТƏН 
                                    (
тағлымдық мысал)              
Адамдағы Жан мен Тəн бірлесіп өмір сүрді. Тəнді Жан басқарды. Адамға 
тəн  азығын  тəн  жинап,  жан  азығын  жан  беріп,  оның  адамдығын  сақтауға 
қамқорлық жасады. Бір заманда Тəн өз азығына құнығып: 


Мен  адамды  тек  тəн  азығымен  байытамын!-  деп  көкіп,  адамның 
қанағатын бұзды. Адам тəн азығын ғана күйттеп, жан азығына көңіл бөлмеді. 

Ау,  Тəнеке!  Тəн  азығы  мен  Жан  азығы  тепе-тең  болмаса,  Адам  өмір 
сүре ала ма? Өмір сүрсе де, ол айуан болып кетпей ме?- деп Жан тебіренді.  

Ей,  қойшы  сол  «жан  азығыңды»,-  деп,  тəн  азығына  семірген  адам 
қарны қампиып адам қарқ-қарқ күлді. Тəн мəз-мейрам болды. 
Тəн  азығын  күйттеген  адам  əдеп,  иман,өнер,  ар,  намыс  сияқты  жан 
азықтарын нантепкі қылып, қорлаған соң, Жан азаптанып, ауырып, ақырында 
Тəннен  безініп,  шығып  кетті.  Жансыз  Тəн  тіршілік  ете  алмай,  мерт  болды, 
оның қоқсық дүниесі «артында» қалды.    
 
 
 
 
ТІЛЕКТІҢ ТІЛ ЖАҢАЛЫҒЫ 
 
     
Тіл  қоғамының  жиналысында  Тілекке  сөз  берілді.  Ол  маңғаз  басып, 
мінбеге  алшая  тұрды,  бір  иығын  қисайта  қиқайтып,  аузын  арандай  ашып, 
ернін  шүйіріп,  төбеге  ақиып  тұрып  алды.  Сөзін  қашан  бастар  екен  деп, 
торыға  тосып  отырмыз.  Ол  өзі  жазған  əріптерді  танымағансып,  қағазға 
шұқшия үңілді де, сөз бастады: 
     -
Ардақты, ағайындар! Мен ғалым емеспін, дегенмен, ана тілін жақсы 
білем.  Сондықтан  қазақ  тілінде  тəп-тəуір  жаңалықтар  ендіргім  келеді.  Осы 
байқайсыздар ма? Біздің тілімізде де ескіліктің қалдықтары бар. Сіздер нағыз 
қазақ болсаңыздар, «қырқым», «күзем қырқу» деген қоқсықты қойыңдар да, 
«
қой қырқу» деген тура сөзді қолдаңыздар. «Күйек алу» деген бір қарапайым 
қазақ  түсіне  бермейтін  сөз  бар.  Оның  орнына  «қойды  қашыру»  деу  керек. 
Осы  «бойдақ  сиыр», «бойдақ  қой»  деген  не  сұмдық?  Жануарлар  қашанғы 
бойдақ  болып  жүреді?!  Сондықтан  оларды  «еркек  мал»  деу  керек.  Егер 
қошқар, теке, бұқа, айғырлар уақытша бойдақ болып қалса, бойдақ қошқар, 
бойдақ бұқа, бойдақ теке, бойдақ айғыр деп, затты, зəдінде, өз атауымен атау 
керек...   Осы  күні  қазақтың  жаңа  сөздері  көбейіп  кетті:  Диялект-миялекті, 
жаргон,  говор  дей  ме,  немене  мен  ғалым  емеспін,  кешірерсіздер.  Шырпы, 
сіріңке,  оттық,  шақпақ,  кəуірт  деп  жатпай,  тоқ  етерін  бірақ  айтайық:  оттық 
дейік. (Осы  кезде  «шақпақ  тасты  қайтеміз?». «Жалғыз  тал  оттықты  шырпы 
демей  ме?»  деген  кимелеу  сұрақтар  көбейіп  кетті.  Жиналыстың  төрағасы 
микрафонды тықылдатып, жымиып қойды.) Оттықтан артығы жоқ! (Жалғай 
жария  сөйлеп,  жұртқа  бажырая  қарады  да,  мінбеге  тұрған  стақандағы  суды 
бір қылқып алды). Өң, рең, сиық, дидар, пішін, жүз, нұр деген шұбыратпалы  
сарсаңды  қойыңдар, «бет»  деңдер! (бір  ұшқалақ  оған  қол  соғып  жібере 
жаздады).Міне  бұл  есте  болатын  жай.  Ғалымдардың  «құлағына  алтын 
сырға»... Тілекең жиналыс басқарушыларға қайрыла қарап, қоңқыш мұрнын 
бір тартып қойды. 

       «
Əйелдерге  əдептілікпен  көз  қарас  болатын  уақыт  жеткен  сияқты, 
ағайындар!  Сондықтан  менің  бір  жаңалығым:  бұдан  былай  əйелдерге 
əдеппен, сөзді əсемдеп қолдану керек. əйелдермен амандасқанда «сəлеметсіз 
бе?»  деп  сөзді жіңішкертіп  айту керек. «Əйел жолы жіңішке»  деген мəтел 
де  бар  емес  пе?  Ер    адамдарды  қартайғанда  «қарт»  десеқ  əйел    адамдарды 
«
кəрт»дейік.  Сөйтіп    əйел    əулетіне  айтатын  сөздердің  бəрін  жіңішкертіп  
айтсақ,  бізді  ешкім  «дөрекі»  дей  алмас.  Ағайындар,  енді  өркениетті  ел 
болдық:  мəдениеттілік  кереқ  əдептілік    керек!  Имандылық,  инабаттылық 
осындайдан    басталады.  Əйелдер    əулетіне  бəріміз  де  кіріптармыз, 
ағайындар!  Сондықтан  оларға барынша  байқап  сөйлеу керек».  
Тілектің  өз  сөзіне өзінің  айызы қанып,  пайызы қызына бастады.  Ол  
жиналыс  төрағасы    берген    белгіге  де  қарайтын  емес,  неге  екені  белгісіз 
бұрын    кимеген    көзəйнегін  енді  ысқылай  сүртіп,  көзіне  кербездене  киіп  
алды. Ол жұртқа маңғаздана бір қарап  алып, қағазын  оқуға қайта кірісті:  
«
Ағайындар!  Мен  аудармаға  да  маңыз  беріп,  машықтанып    алдым... 
қазақ    тілін    көркейтеміз    десек,  бəріміз  де  аудармашы  болуымыз    керек.  
Осы  орыс  тіліндегі  кейбір  сөздерді  қазақшаға  аударып  айтса  жарасып-ақ 
тұратын    сияқты.  Мысалы: «трақтор»  дегенше, «тырылдақ»  десеқ  біздің  
тілімізді  біреу    кесіп    ала  ма?!» «Комбайн»  демей  «диқанат»  деу  кереқ 
ағайын!» 
Тілектің    «аудармашығына»  жұрт  қыран    күлкіге  батып,  ду  қол 
шапалақтады. Ол  жұртқа күлімдей қарап, сүйсіне бас иді. Шешен қағазына 
тағы да шұқшия бастап  еді, жұрттың ду қол шапалағы қайта басталып,  сөз  
бастауға  мұрша  бермеді.  Ол    тақыр    басын    сипап,  көз    əйнегін    алып 
көпшілікке  «бұл  қалай»  дегендей  қарап    еді,  қол  шапалақтау    ұлғайып  
кетті...  Сөйтсе,  жұрттың    осынша  қол    соққаны – олардың  «Тілек  желікпе 
сөзің  жетеді,  енді мінбеден  түс»  деген белгісі екен.  
 
ДАЛАБЕЗЕР 
 
Маңғаз  Мақан  бала  тəрбиесіне  өзінің  де  кінəлі  екенін  сезетін  емес,  
өзінше күйініп тұр. «Жұртым-ау, ақылым айран  болды!» жан дегенде жалғыз  
балам  Жабықбай  үш    күннен  бері  үйге  түнеген  жоқ.  Жетпегірдің  желкесін  
үзер    едім,  заң  көтермейді  ғой.  Менің    титығымның    құрып    тұрғаны  сол: 
Жабықбай  жанымды  күйдіріп,  тілімді  алмайын  кесапат  болды.  Осы 
жайрағыр  аман  болсын. Жаман  болмасын  деп не істемедім?» 

Папа! – деді алғаш  тілі шығып.  
-  
Тіліңнен  айналайын! – дедім. Бала тілі тəтті емес пе?  Ол тілін  бұрап  
сөйлейтінді шығарды,  сақау болды.  

Папа, телевизой сатып  бей! – деді төрт  жасында.  

Сенен жаным  садаға,  айтқаныңды істеймін! – дедім.  
Телевизорға телміріп, балалық  шақтың  бар  уақытын босқа өткізді.  

Папа, давай, велосипед əпер! – деді он  жасында.  


Сенен  малым  садаға,  керек  болса    мотоңикл    сатып    алып    берем! – 
дедім.  
Велосипедті аяғы сынғанша тепті.  

Папа,  слушай меня,  давай мотоңикл! – деді он  бес жасында. Ол  да 
орындалды. Апаттан  қалғанына шүкіршілік  еттім.  
Оның  айтқанын  орындамаған күнім болды ма? Ол  үшін  отқа күйдім, 
суға  түстім.  Оның    қорғаны,  қорғаушысымын  ғой  мен    бейбақ.  Тіпті 
шешесіне маңдайын  шерттірдім бе?  

Папа, мамам тəртіпсізсің  деп ұрсады! – дейді еңіреп.  

Баланың сағын  сындырма! – деймін  əйеліме. Балам  үшін  талай рет  
қызыл  кеңірдек болып қиқылдасып  қалдым.  

Мына бейбақ  сабағын  оқымай қойды! – дейді ол.  

Сабағын    орынламаса  мейлі,  оқуым    болмаса  да  жүрмін    ғой  мен  де, 
тіпті болмаса өзіме тартып  тракторшы болар.  

Ойбай-ау,  трактор    айдау  үшін    де  білім    керек  емес  пе?  
Мұғалімдердің алдына бара алмай,  бетіміз күйді ғой, тілазарды не істейміз, 
Мақан-ау?!  
-  
Қақпа бетінен, қайсар, батыл  болып өссін! Өзімнің ынжық, жасқаншақ 
болып өскенім де жетеді, - дедім.  
Ол  мектепке  барғалы 8 жыл  болды.  Анада    алғаш  рет  мұғалімдерге 
(
шақыра берген соң)  барып  жолықтым.  

Жабықбай  «қиын  бала»  болды,  мұны  қайта  тəрбиелеу  керек! – дейді 
тəмпіш  мұрынды келіншек.  

Е, қиын  болып  сендердің егіндеріңді өртеді ме?  

Балаға ара түспеңіз,  ақылға көндіріңіз...  

Жалғыз    балама  ара  түспегенде,  шайтанға  болысамын  ба?  Баладан  
жаным  садақа!  

Баланы аясаңыз,  жөндеп  тəрбиелейік,  ол  нашар  оқиды, тəртіпсіз!  

Нашар  оқыса,  жақсы  оқытыңдар!  Ал    тəртіпсіз  деген    адамның    өзі 
тəртіпсіз. Менің  баламды елден  ерекше жын  соққан  жоқ! Қудаламаңыздар,  
жазамын тиісті жерге!  

Балаңыз  сабақта тыныш  отырмайды,  мұғалімді мазақ  етеді...  

Мұғалімді  мазақтаса,  ол  неге  тəртіпке  салмайды.  Оқушыға  мазақ 
болған оқытушы ондыра ма?  

Мұндай  баланы  тəртіпке    салу  үшін  ата-анадан    көмек  сұрайтын  
боласыздар,  несіне мұғалім болып,  айлық  алып  жүрсіздер?  

Сізге дауа жоқ  екен.... 

Дауа жоқ  болса,  дауласпаңдар! 
Мен есікті тарс жауып  шығып  кеттім. Не үміт, не қайыр?! Менен  көмек 
сұрап  жүрген ұстаздар  кімді  тəрбиелей алады. Міне,  енді бала жоқ! Неге 
тəрбиелемейді  баланы? «Қиын    бала»  деп  қақая  қалыпты    əлгі  тəмпіш  
келіншек. «Мен класс жетекшісімін»  деп  күн  сайын  есігімді тындырмайды. 
Өзімен    сөйлескім    келмей  жүр.  Əйелмен    əйелім    сөйлессін,  ал  мен  

еркекпін!  Шаруашылық  жұмыстан  бір    сағат  қолым  босап    көрді  ме?  Ол  
келіп  «тұра  тұрыңызшы», «сөйлесейікші», «əңгімелесейікші», «оңаша  сөзім 
бар  еді»  дейді. Əйел  адаммен  сөйлесіп  көр батыр  болсаң, əйелім Əсем 
анау-мынау емес,  ондай келіншектің шашын жұлады. 
 
Мұғалімдерге:  

Балам    жолдастарының    үйіне  барып  қонып  қалатынды  шығарды. 
Тауып  беріңдер  баламды, - дедім.  

Балаңызға біз  қарауыл  емеспіз! – дейді əлгі тəмпіш  келіншек.  

Қарауыл  болмағанда не бітіріп отырсыңдар! «Бала тəрбиелейді»  деп  
сендерге сеніп жүрсек...  

Баланы сіз де тəрбиелеуіңіз керек.  

Мен  трактор  айдаймын ба, жоқ бала тəрбиелеймін бе?..  

Бала да тəрбиелейсіз, трактор да айдайсыз!  
Міне ауырлықты ата-анаға  арта салатын  осындай «ұстаздар» бар! Енді 
балам біржола далабезер болып  кетті. Анада оған: 

Балам-ау, үйге уақытылы келмей қйда жүрдің? – дедім.  

Гулять  еттім, немене, тегі, тергей қалыпсың? 

Айналайын-ау, еш  болмаса,  үйге түнесеңші.  

Мен  басымды алып жүретін дəрежеге жеткемін! Айқайламай, ақырмай 
отыр! 

Не  дейсің-ей?- деп, мен қылқынып  қалдым.  

Көрдіңдер ме? Мұны мектеп  көрген  деп  кім  айтады? Енді, міне, бала 
жоқ!  Жұртым-ау,  баламның  бір    пəлеге  ұрынып  қалмауына  кім    кепіл!» – 
дейді Мақан.  
Ал  Мақанның    өзі  не  бітіріп  жүр?  Баласының    далабезер  болуына, 
шынында,  кім  кінəлі? Төрелігін өздеріңіз айтыңыздар. 
 
 
АРАМЫЗДА БІР ДАУ БАР 
 
Əбігерленген Əсем əңгіме соғып  отыр: «Əлеуметті зерттеуші ғалымдар  
əділдігін    айтса,  ер    де,  əйел  де  тең  жаралған    дер    еді.  Қоғамда    кейбір  
əйелдер  өздерін    жоғары  бағалайды,  ал    кей  еркек  кердеңдеп, «бөрік 
кигендігін» міндетсінеді. Ал  біз  Боржық  екеуміз өйтіп бір-бірімізді кемсітіп  
көрген  емеспіз. Ерлі-зайыпты екеуміздің арамызда бір-ақ дау бар:  

Мені майласаң да, көже қайната алмаймын, - дейді ол.  

Немене? Сен  де тірі жан, тісті басқа емессің бе? Май тұшыт,  су қайнат  
кеспе сал...  

Қанша рет  миыма құйсаң да,  тамақ  пісіру қолымнан келетін  емес, 
осы бір  мехнатқа мені жұмсай көрмеші! – деп  жалынады Боржық.  

Тамақ  істей алмасаң,  бала жуат.  

Ондай нəрсе  қолдан  келеді ғой! – деп  міңгірлейді ол.  

Бір    күні  бала-шағаны  Боржыққа  тапсырып,  өзім    базарлап    кеттім. 
«
Қуырдақтың    көкесін    түйе  сойғанда  көресің»  дегендей,  ер    адамның 
«
қызықты»  ісін    сонда  көрдім.  Базардан    келсем,  Боржығымда  рең  жоқ. 
Қалың  қасты  қабағы    түйіліп,  алақандай  маңдайы    қырық  қырыстанып,  
бетінің    əжімі  көбейіп,  жағы  үрпиіп    кетіпті.  Мен    есіктен    келгенде, «уһ» 
деді.  

Əсем-ау қайда жоғалып кеттің, көрдім-ау азапты! 

Е, не болды? 

Көрмей  тұрсың  ба?  Міне,  шалбарыма  Сəмбет  кіш  етіп  қойды!... 
Мəмбетті  мойныма  мінгізіп  едім,  төбеме  «какай»  етті.  Сүт  пісіремін  деп 
тасытып алдым... Бүйткен тіршілік құрсын!.. 

Төсек-орын шашылған... бұл не топалаң? – дедім кейіп. 

Топалаңнан да жаман! – деп ол күрсіне күйінді. 

Əй, Боржық-ай, бір-екі сағат əйел қызметін атқара алмадың –ау! – деп 
кейідім. 

Оһ!  əйел  болып  жаралмағаныма  шүкір!..Ана  болу  азап  екен  ғой! 
Ойпыр-ау, осынша тірлікті қалай үлгеріп жүрсіңдер?! 

Бұл  заманда  «əйел» , «еркек»  деп  ешкім  бөлмейді.  Үй  тіршілігіне 
аралас! Қазыргі еркектерше жалықпай үйрен тірлікті! 

Айналайын, Айым-ау, мені есек  етіп, мініп алсаң да көнейін, бірақ ұй 
тіршілігіне араластыра көрме! 

Е, неге? Адам бəріне де көнеді, бəріне де үйренеді!  

Садагаң кетейін, айтпашы маған ол сөзді! Мен бүлдіріп аламын! Міне , 
көріп тұрсын ғой сиқымды...  
Боржықтың  бет-аузы  тыржиып  кетті.  Ол  жылап  жібереді  екен  деп, 
жүрегім  лүпілдеп  тұр.  Шырылдаған  сəбилерімді  лезде  жуатып,  Боржықты 
аядым. 

Бар, бас-аяғыңды тазала! 

Е, сөйтшеңші, маған енді бала жуаттыра көрме! 

Жоқ,  егер сен менің  адал ерім болсаң, айтқанымды істейсің, бала жуат 
десем, бала жуатасың от жақ десем, от жағасың!.. 

Айналып  кетейін  Айым-ау,  қолдан  келетін  жұмыс  беріп  қинасаңшы 
жанымды. Мен нетіп бүлдіріп аламын ғой... əйел жұмысын... 
- «
Əйел  жұмысы», «еркек  жұмысы»  деп  бөліп  қойған  жұмыс  жоқ  бұл 
заманда , егер менімен бірге өмір сүргің келсе, бірдей еңбек етесің! 
Боржық  күйіне  күбірлеп,  жуынуға  кетті.  Еріміз  екеуміз  бір-бірімізді 
сыйлаймыз.бірақ екеуміздің арамызда осындай бір дау бар. Мен оған қайтсе 
де,  тақақтап  жүріп,  тамақ  пісіруді  үйретемін!  Үйренбесе,  қабырғасын 
күйретемін! 
Жұртым-ау, даудың аты-дау, ол оңдырмайды. Даудан қалай құтыламыз?! 
 
 
 

ҰЯДА НЕ КӨРСЕҢ... 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет