Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет19/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

 
Кəдімгі  ер-азаматтар  сыйақты    Қиқым  да  отбасын  құрып,  үйлі-жайлы 
болды.Жұбайлы  болса  да  Қиқымның  қиқар  мінезі,  қырсық  құлқы,оспадар 
«
сəні»  баз  қалпында  қалды. «Елуге  келгенше  есі  кірмеген  епей  тентек»деп 
оның  сырын  білгендер    Қиқымды  сыртынан  сыбап  жүрді.Өйткені  оның 
көзіне  түртіп,  кемшілігін  айтсаң, «шатақ»  болады.  Екі  ортада  өзіңді 
айыптап,масқара  қылады,сондықтан  «сенікі  дұрыс»  дейміз  бəріміз.  Ол 
шашын  етекке  түсіргенше  өсіріп,  шаң-топалаң,  бит-сірке,  кір-кожалақ  етіп 
жүрді, үндей алмадық. Қиқым қиқайып күнде ішіп,өз ісінің берекетін кетіріп 
жүрді,  ешнəрсе    айта  алмадық.  Мың-миллион  азап  көріп  жатса  да  мыңқ 
етпейді. «Түйе  көтермейтін  ауырлықты  көтерген  көнбісім-ай»  деп  жақын 
адамдарының оған жаны ашиды. Қанша «көнбіс» болса да қажымайтын жан 
бола  ма?  Балалы-шағалы  болған  соң,  оның  мінезі  өзгеріп,ашу  деген 
пəлекеттің  қалай  келіп  қалатынын  байқамайтын    болды.  Ана  бір  жылдары 
ауылдағы  шаң-шұң  Бортай  мен  Шəлтіктің  үйінен  естіліп  жатушы  еді,енді, 
міне,Қиқымның үйінен де шаң көтерілді.  

Күнде  ішіп  кетіп,  балалардың  мазасын  аласың.  Сенің-ақ  көзің 
құрымады! – деп қалды  Кемірсал. 

Ей сен мұндай «указанияны» қайдан үйрендің? Көзді жоғалту қиын деп 
отырсың  ба?  Кəзірақ  көзімді  құртамын!-деп  Қиқым  үйдің  төбесіне  үлкен 
шеге қаға бастады. 

Қиқым,  мұның  не?  Үйдін  төбесін  бүлдіріп,  таяқтай  шеге  қағып 
жатқаның қалай? 

Сен құры деген соң, жоқ болайын деп əрекет жасап жатырмын!   Бұл – 
ажал шегесі. 
-  
Қой  əрі!  Қайдағыны  айтпай!..  Əйел  деген  əйелдігін  істейді,  асық 
айтсам, екшір! - деп керімсал көзіне жас алды.  Сол күні қағылған шегенің 
қағындысы молайып, ашуланған сайын қиқым дарға асылатынды шығарды. 

Сендер  менің  ішкенімді  көп  көріп,бала - шағаңмен  жабылып 
ұрсатынды  шығардындар,  көзімді  жоямын!  Кəне  шығып  тұрыңдар! –деп 
бала-шағасын  қуып  шығып,  ол  жалғыз  қалды. «Ерлерше»  мінез  көрсетіп, 
есікті  жауып  алды.  Əлгі  ажал  шегесіне  ілейін  десе,  арқан  жоқ,  бір  сейсепті 
жыртып жіберіп, шүбірек жалғастырып, дар жасады. «Опым-ай, шыныман-ақ 
дарға асылсам,жастай кетуім мүмкін-ақ! Керімсал бейшараны қуып жібердім, 
күнім не болмақ?» деп ойлады. Қиқым сөйтті де көзінен жасын сығып-сығып 
алды. Дегенмен Керімсалды өтірік өліп бір қорқытайын, бұдан бұлай маған 
қыңқ  етпейтін  болсын  деп  ойлап,  өз  мойныма  тұзақ  салып,қылжайып  жата 
кетті.  Біраз  тосты,  Керімсал  жоқ.  Мойнына  тұзақ  салған  күйі  Қиқым  қатты 
ұйықтап кеткен екен. Түс көріпті, түсінде арақтың теңізін жүзіп жүр. Еркін 
шалқып, қалақ ойнап, жүген сияқты. 


Мұның ұят қой, Қыйқым! Ешкім естімесін!–деп Керімсалбасын сүйеп 
отыр  екен.  Қыйқым  оянып,  лезде  тілін  салақтатып,  қайта  əзер  тұрды.  Дода 
шашы қобырап, салпақ ерні салақтап, қоңқыш мұрнын тарта берді.  
Содан былай сойқанның сойқаны болып жатты. 
Қиқым  əлгі  «өлгіш»  Бортайға  ұқсап,дарға  асыла  бермей,өлудің  «жаңа 
əдістерін»  тапты,  ашуланса  «албастысы  ұстап»  Керіисалды  кінілап,  өтрік 
пышақты жалаңдатады, кеудесіне салып жіберіп. Əшейінде «өлімге» үйреніп 
қалған  керімсал  алғаш  шыныман-ақ  Қиқым  қиқылдап    қалған  екен  деп, 
қасына  жетіп  барса,пышақтың  білемесі  Қиқымның  қойныңда  жатыр. 
Қиқылдаған  Қиқым  шай  қайнатым  көзін  жұмып  жатты  да,қайтадан  тұрып 
кетті.  Əуелгі  кезде  əкесінің  «өліміне»  өкіре  жылайтын  балалардың  да  еті 
үйреніп, енді оның өлімін елемейтін болып алды. 
Керімсалдың  кешірімділігі  мен  сыр  сақтайтын  мінезінің  арқасында, 
Қиқымның  қырсық  қылықтарын,  кесір  кереметтерін  жұрт  біле  бермейтін. 
Бүгін ойламаған жерден ойран шығып, Қиқымның қаскүнемдік мінез-құлқы 
жұртқа  аян  болды.  Бүкіл  ауыл  жұрты  дуылдасып,  Қиқымға  қарғыс 
жаудырды. Оқиға мектепте,бесінші сыныпта басталды.  
Кеше мұғалім Қиқымның баласына  «екі» қойыпты. 

Апай, жақсы жауап бердім ғой, неге «екі» қоясыз! – деді  Қиқымның 
баласы қиқарланып. 

Рас,  жақсы  жауап  бердің,  бірақ  қасындағы  жолдастарың  саған 
сыбырлады. «Ілдебаймен» жауап бергенің үшін «екі» қоямын,  - деді Талжан. 
Қиқымның баласы қиқайып, көзіне жас алды. «Бұл əділетсіздік» деп ойлады. 
«
Мұндай  əділетсіздікті  көргенше  өлген  артық».  Ол  сөйтіп  бағана  «өліп» 
қалды. 
Сабақ  басталып  кеткен,  Қиқымның  баласы  сабаққа  кешікті.  Оқытушы 
оқытушыларды  түгелдеп,  сабақты  бастай  бергенде  Қисын  кіріп  келді. 
Қолыңда жаландаған пышағы бар: 

Əпкей,  сіз  бағаны  əділ  қоймадыңыз,  сол  үшін  өлемін! – деп  ол 
пышақты кеудесіне сұғып жіберіп шалқасынан түсті. Сыныптағы балалар шу 
етіп  орындарынан  тұрды.  Сабақ  беріп  тұрған  Талжан  талып  қалды. 
Оқушылар  оның  бетіне  су  сеуіп,  əуреге  түсті.  Сынып  кезекшісі  Əсіл 
тақтаның алдында тұр еді, есі шығып, шыңғыра шырылдап, кластан шығып 
кетті. 
Əсіл сол кеткеннен  тоқтамай, ентіге, сүріне-қабына Керімсалға келді. 

Ойбай! Апа баланыз өлді! 

Тек! Өлгені несі? 

Шын айтам, жаңа ғана менің көзімше өзіне-өзі пышақ  салды... 
Одан əрі Əсіл сөз айта алмай еңірей берді. Сабырлы болғанмен, жүрегі 
алып-ұшқан Керімсал мектепек жүгірді. Аяғы шалынасып,  буындары босап 
жүре алатын емес, оны Əсіл  мектепке келді.  
Мектеп  іші    тым-тырс.  Сабақ  жүріп  жатыр.  Керімсал  мектеп 
директорының кабинетіне енді. 


Ағай-ау, мен бір сұмдықты естіп келдім, рас па? 

Ол қандай  «сұмдық»? 

Бұл кісінің баласы өзіне-өзі пышық ... – деп Əсіл жылап жіберді. 
Директор күлімдеп, Керімсалдың қасына келді. 

Сіз анасыз. Баланыздың мінезін білмейсіз бе?  

Ə, солай ма? –деп Керімсалдың жүрегі орнына түсті.  
 
Əсіл  сыныптан  шығып  кеткенде,  бір  бала  жүгіріп  келіп,  Қисынның 
кеудесіндегі  пышақты  суырып  алды.  Пышақ  тап-таза,  Қисынның  кеудесін 
ашып қараса, аман-есен. «Өлген» бала, ақырын бір көзін сығырайтып ашып, 
«
барлау жасап» жатыр. əлгі оқушы қуанып:  

Апай! Шылғи  өтірік! Қисын  қулық  жасап  жатыр.  

Бəсе!  Бұл    сұмнан    неше  түрлі    бəле  шығады! – деп    оқушылар  
дуылдасып,  сыныптың іші дабырлап  кетті.  
Оқытушы  Талжан  есін  жиып,  ентіге  басып,  Қисынның    кеудесіне 
құлағын  тосса, жүрегі бір  қалыпты соғып  жатыр,  дені сау,  тек өзі көзін  
шарт жұмып  алған. Оны оқушылар  қолтықтап əкеліп  орнына отырғызды.  

Апай, кешіріңіз! – деді Қисын.  

Мұның қалай, Қисын? Мұндай сорақыны қайдан  көрдің? 

Апай,  мұның    əкесінің    өстіп  өліп    қалатын    сұмдығы  бар! – деп 
Қиқымның көршісінің қызы шындықты айтып салды.  

Мен  енді көкемдей болмаймын! – деп  еңіреді Қисын.  
«
Қиқымның баласы өліпті» деген  лақап  ілезде  мың  түрлі қауесетпен  
тарап  кетті.  

Ұяда балапан нені көрсе,  ұшқанда соны  істейді! – деп  оның  атасы 
Сабырбай    қарт    сақалын  сипады.  Қисық  Қиқымның    қыруар    қылығын 
Керімсал    жасырып    келіп    еді,  əздек  баласы  əшкере    қылған    екен  ғой?  
«
Көрген  көргенін  істейді, көсеу түткеніні істейді»  деген  осы. Балаға үлгі 
бола   алмаған əке-қор,  əкенің  жақсы үлгісін  алмаған бала – сор. Бүгінде 
заманның  жақсылығын  көтере алмаған қиқым-сиқымдар  көбейіп  барады. 
Түбі қайырлы болғай... – деп Сабекең ойға батты.  

Қиқым күнде жүз  өліп, жүз  тіріледі екен. Мына баласының  істегені  
əкесінің  соңғы өлу тəсілінің бірі көрінеді! -  деп,  өсек естіген  əйелдер  ішек-
сілесі қатты.  

Осы  уақытқа  дейін  қыңқ    етіп,  Қиқымның    қиын    мінезін  жұртқа 
білдірмей  жүрген  Керімсал    керемет    екен! – деп    Керімсал  десе  Керімсал,  
мінезі жібектей биязы,  өзі бота көз,  ақ  тамақ, аппақ  ару. Осындай əйелі бар 
Қиқым  есірген  екен! – деп,  еркектер  елеңдеді.  
Елдің    аты    ел  ғой.  Қанша  айтса    да  əділдігін    айтады.  Адалдықпен  
айқын  бағасын  береді. Жұрт  күңіреніп  жүр.  

Қилыбайдың  Қиқымы басынан  уыздығы жарымаған  кесапат  еді, Əлі 
де кесапаттығын қоймаған  екен, - деді біреулер.  

Шаңырақ құрған  соң  селтеңін  қойып, ақылы сабасына түспеген  екен. 
Мұның  əкесі де оңып  тұрмаған  адам  еді. Осыған  балдырған  күнінде арақ  

беріп, миын  улатқан антұрғанның өзі болатын. Талай көзіміз  көріп,  теріс  
айналғанбыз! – деді Қиқымның  əкесінің құрдасы.  

Бала-шағасына қырсық  мінез  көрсеткен Қиқым көгермесін! – деді өз  
құрбысы, - жұмыла кірісіп, оның  күйдіргі мінезін  тыймасақ, ол  оңбайды!..  
Кім  біледі?.. Əй, қайдам, басқа дық  бітпесе, титық мінезіне тыйым бола 
қояр  ма екен?! 
 
 
ШЫҒАРЫП  САЛУ 
 
Жаңа жыл кешіне қарсы менің досым Қожбан:  

Бүгін    кешке  Жаппаргүл  екеуің    біздің  үйде  болыңдар,  жаңа  жылды 
қарсы аламыз, ескі жылды шығарып  саламыз! – деді.  

Мақұл,  рахмет!  Бірақ  кезек  біздікі  еді... – дедім    өзім  де  досымды 
мейман етуді ниет етіп жүргенімді сездіріп.  

Сенің кезегің қашпас! Сағат  тоғыздан  қалмаңдар! – деді ол.  
Мың күйіп, жүз шыжылдап,  əйел деген  жайбасарды үйден  əзер  ертіп  
шықтым-ау! Біз тамашаға кешігіп  келдік.  
Қожбан  бізді гүжілдеп қарсы алды.  

Өй,  неге  кешігесіңдер!  Сендерді    тосып  қалдық! – деді.  Ол 
Жапаркүлдің    пальтосын  шешіндірді,  алпамсадай    денесі  бусанып,  арс-арс 
етеді,  божыр    беті  ісініп,  тұмсығы    қызарып    кетіпті  (татып  алса  керек), 
Жапаркүлді  асықша  үйіріп,  белінен  қымтып  қойды,  жүрегім  жалынға 
түскендей,  қызғаныш  отына жаным  күйіп  кетті.  Далбасалап,  ыржидым.  
«
Құдай»  қызғаншақ  қып    жаратқан  соң,  əртүрлі  ойға  қалып,  азапқа 
түседі  екенсің.  Менің    осындай  құдай  ұрған  мінезім    бар. «Ащыны  ащы 
басады»  дегендей,  ертерек  ішкілік    бастаса  екен    деймін.  Қожбанның 
əйеліне:  

Қалишажан,  халіңіз  қалай,  көңіл күйіңіз жақсы  ма,  денсаулығыңыз  
берік пе, бала-шаға аман ба? – деген  болдым бір  кезде.  

Хал жақсы, шүкір,  аманшылық! – деп сыпайы күлімдеді Қалиша.  
 
"
Құдай жарьшқап", iшкiлiк басталды. Сөздi Қожбанның өзi -  қозғады. 
Ec
кi жылға ешкiмнің өкпесi жоқ шығар! 

Өкпемiз жоқ , ризамыз! - деп шұр eттік. 
- Ec
кi жыл жарықтықты ризалықпен шығaрып салайық! 
 - 
Табылған сөз! Бұл ұсынысты бəрiмiз қуаттаймыз!- деп, дуылдадық. Тiптi 
бiр көңiлшек қол соғып жiбердi, бəрiмiз де қол coқтық. Қуанышта қуаттаудан 
басқа не болады? 
 - 
Ec
кi  жылға  мың  да  бiр  рахмет,  жасымызға  жас  қосты,  басымызға  бас 
қосты, табысқа жеткiздi! 
 - 
Сол  үшін  тостақтарыңызды  толтырып, iшкiлiктен  iрiкпей,  алып 
қоюларыңызды өтінемін! 
 - 
Ескі  жылға  "зло"  қалдырмау  үшiн  бiрiншi  тостыны  тік  көтере  алып 

қоялық! 
 - 
Ec
кi жылға рахмет! Ура!!! 
Бiрiншi тост көтерiлген соң жүрт дуылдап қызараңдап қалды. Қожбанның 
eci
нe ендi түсті, "тамада" сайлау керек екең 
 - 
Жолдастар,  тамада  өзiм  болам!  Менiң  айтқанымды  iстеп,  айдауыма 
көнесiңдер! - дедi Қожбаң 
 - 
Жоқ  мен  тамада  боламын!  Менiң  де  "құдайдан"  үмiтім  бар!  Басқарyға 
жараймын! - дедiм. 
 
Неге  eкeнiн  бiлмеймiн,  жүрт  ду  күлдi,  мен  де  күлген  болдым.  Лезде 
тостың атаулары көбейiп, көпiрiп кeттiк. 
- Ec
кi жылдың табыстары үшiн! 
- Ec
кi жылда дүниеге келген нəрестелер үшiн! 
- Ec
кi жылдың бейбiт-берекесi үшiн!.. 
"
Үшiн"  көбейiп, "iшiм"  молайып  қызық-думанның  рахатына  ендiк  те 
көттік  би,  əн,  күй,  əңгiме,  өзiл  дегендi  ұмытып,  қүлқынға  күя  берiппiз. 
Көзiм  бозарып,  сөзiм  ұзарып,  міңтiрлей  бастадым.  Қожбан - алпамсаның 
өзi.  Егер  ол  қaтты  қызса,  шатақ  шығады.  Оның  талыстай  тiзесiнiң  астына 
түсiп,  шырылдап  жатпау  үшiн,  ондайда  айтқанын  бұлжытпай  орындай 
бересiң. 
 - 
Іш,  əйтпесе,  аузыңа  күямын! - дедi  маған  бiр  кезде  Қожбан  тiлiн 
шайнап. 
 - 
Құп болады! 
 - 
Жұт, əйтпесе, терөзеден лақтырамын! - дедi Қожбан маған  бiр yaқыттa 
сiлекейi ағып, көзiнен cipнeci шығып. 
 - 
Жұттым! Сөзіңiздi қабыл тұттым! О, менің мықтым!.. 
 
Қожбанның шоқпардай жуан жұдырығы желкеме таянғанда, ерекше дiрiл 
сөзiмi пайда болды.  
Бiр yaқыттa Қожбан: 
 - 
Еркебай, сен бақыттысың, əйелің қандай сұлу! - дедi. 
 - Ehe, ehe-he! 
Хи-хи-хи! Əрине, ха-ха-ха! 
Қожбан  қаpқ-қаpқ  күлiп,  менң  тұмсығыма  шоқпар  жұдырығын  тақап 
қойды. 3əрем зəр түбiне жетiп, үрейiм ұшып кеттi. Өзiме-өзiм ие бола алмай, 
мəнісім кетiп қалды. 
 - 
Қoқa, мен туралы бiр нəрсе дедіңiз бе? - деп назданды Жаппаркүл. 
 - 
Əрине, сен туралы... Ceні мен сүй... ха-ха-ха! 

Не  деп  барасың,  ей! - деп  Қожбанға  кеудемдi  көтеріп  едiм,  бөксем 
салмақтанып  қалыпты,  көтерiле  алмай,  сылқ  отыра  кеттiм.  Бiрақ 
Қожбаннан  гөpi "иман-таразы"  ақылымның  қалдығы  бар  сияқты. 
C
ондықтан Қожбан не айтса, соны орындай беруге  бел байладым. Тек қaнa 
Жаппаркүлiм жанымда болсын! 
 
Ду-думен отырып жаңа жылдың келгенiн байқамай қалыппыз. 
 - 
Жiтiттер, бiздi қapa басыпты! - дедi шикiл сары caғaтына қарап. 

Тек, ей жағың қарысқыр! 


Жаңа жылды қаpcы алмаппыз!.. 

Ура! Жаңа жыл кұтты болсын! 
Дуылдасып, қуаныш кұшағында бiр-бiрiмiздi сүйе берiппiз. Тұмсықтар 
түйiсiп,  бастар  қағысып, Tocтақтар  тоғысып,  ызы-шу,  қым-қуыт  болды. 
Жаппаркүлге  тұмcық  түйicтiрдiм  де,  орнымнан  зорға  тұрып,  Қожбанның 
əйелiне  жақындадым, oған  тост  қағысытырп, epнінe  төнiп  едiм,  ол  тepic 
айналып  кеттi,  екпiнiммен  етпеттей  барып,  дастарқанның epнeyiнe 
қолымды тiредiм, басым столға сұлап, бiраз eciм ауып қалыпты. 
Бiр yaқыттa  қapacaм,  жүрт  тегіc  тapaғаң  Жаппаркүлiм  Қожбанның 
құшағында билеп жүр,  өзегiм өртенiп кеттi. 

Жапаш! Жүр кеттiк! - дедiм тiлiм күрмеліп . 

Мен шығарып саламын сендердi! - дедi Қожбаң 

Əуреленбей-ақ қойыңыз! - дедi оған əйелiм. 

Өлiп кетсем де, сендердi шығарып саламын! – дедi Қожбаң 
 
Қожбан бiздi шығарып салды. Бiз де жаңа жылдың дастарқан жайып, стол 
үстін жайнатып қойғамыз. 
 - 
Екі адам - cepiк, үш адам - компан! Miнe, дайын шампан! - дедiм. 
 - 
Компанда,  қолынды  соз  шампанға,  тойып  алып  талтанда,  ха-ха! - дедi 
Қожбаң Екеумiз "aқын" болдық. 
 - 
Қалдырмай iш, қақалмайсың!.. 
 
Бiздің үйдің де жаңа жылдық тостары төңкерiле көтерілді. 
- Ke
темін! - деп кекiрдi Қожбан тiлi салақтап. 

Мен ceні шығарып саламын! 
Қожбанды үйiне шығарып салдым. Кештің capқытынан "көтерiп" алып, 
тəлтiректеп: 

Үйге кетемін! - дедiм. 

Өлiп  кетсем  де, ceні  шығарып  саламын! - деп  Қожбан  желкемнен 
қойып  жiбергенде,  қалпақтай  ұшып  түстім.  Қожбан  мені  қаңбақша  көтерiп, 
тік  тұрғызды. 

Ал кеттiк! 

Кеттiк тaқcыp! 
 
Мен бiрдеме деп мыңқыдаймын, Қожбан да барқылдап келедi, анда-санда 
ол мені тоңпақтай қолымен қойып жiберiп бiр домалатып алады. "Taқcыp!" 
деп eкi қолымды ербендете көтеремін. 
Бiр көзде ырқым кетiп етпеттеп күладым. Одан əpi eciм жоғалды. Жанға 
жайлы,  жылы  лепке  балқып,  үйықтап  кетiппiң  Түсiмде  Антарктиданың  мұз 
тауында алау жағып, oтқа жылынып отырмың Алдым от, артым аяз. Аяз ту 
сыртымды  қарып  барады.  Шошып  оянсам,  Қожбанның  кеудесiнде 
жатырмын. Қожбаным қaннен қаперсiз қорылға басуда. Таң атып, жер жүзi 
нұрлана  бастаған,  қызыл  аяз  шымшып,  өлтiрiп  барады.  Қожбанның  астына 
жығылғанымда, əлдеқашан жан тапсыратын едiм. Сабазың аязға мыңқ eтетін 
емес,  əкесiнің  үйiнде  жатқандай,  ұзағынан  қорылдайды.  Басымды  əзер 
көтерiп, Қожбанды ояттым: 


Қожбан, Қожбан, тұр! Бiздi құдай ұрыпты! 

А... ahe! Жаппаркүл! - дедi де, Қожбан бiр аунап түсiп қайта қорылдады. 
 - 
Қожбан! Ойбай өлдiк! Тұр деймiн, оңбаған! – деп Қожбанның eкi бетiн 
шапалақтай бастадым. 
Қожбан ыңыранып, оянатын емес. Жандай досымды аяп, еңiреп жiбердiм. 
Менің құлқын cəpiдe құлқылдаған даусымды естiп, Дүйсен қарт келдi үйiнен. 
Бұл қарт ауылдағы ақкөңiл iзтi қарт қой, бiзте бiр жымиды да, аптыға 
жүрiп, кiшкентай арбасына есек жегiп, Қожбанға əкелдi. Дүйсен екеумiз 
Қожбанды арбаға əзер мiнгiздік.. 
Ескі жылды есіміз ауып шығарып салдық, жаңа жылда жатып қалдық. 
Бауырым, бұл «сыйласым» емес,осындай қорлықтан сақ бол. 
 
ЕТЕК ЕМСІНЖЕҢ ЖЕСІН 
 
Ерекше  жаратылған  ағайындар  бар  ғoй,  шiркiн,  Есжанның  қылығы  бiр 
қызық.. Ол "мен ақ көңiлмiн!" дейдi eкi сөзiнің бiріңде. "Ақ көңiл" жанның 
арақ iшсе, алып-ұшып кететін əдетi емес пе? Есжан eкi тостақ қаққан соқ-ақ 
бетаузыін  саталдап,  едірең  қағып,  елпектей  бастайды. Iшкеннен  iш  тастап 
жүрген  "сабаздардың"  бiрi  болса  да,  арақ  көрсе,  албастысы  ұстап,  сiлекейi 
шұбырып, ішегі шұрылдап, қатпаршағы құрылдап кетедi. 
"
Божбан  қыз  ұзатып,  той  жасапты!"  деп  аттана  шауып,  аңқылдап,  жаны 
жай  таппай,  кеше  құлағымызды  шулатып  едi,  мінe,  бүгін  Есекең  дастарқан 
басында дара сейлеп бөсiп тұр. 

Ардақты ағайындар, қадiрлi достар, құрметтi жастар! Божбан ағайды мен 
тyғaн  күнінен бастап бiлемiң.. Бұл кiciнің əкeci де сондай ақкөңіл, адал жан 
болатын! (Ол көзiне жас алды). "Атасы жақсының баласы жақсы" деген осы... 
Божекең кең пейiлдi, салауатты, парасатты жiтiт ағасы!.. 

Есеке, жас жұбайлар жөніңде!.. - деп қалды шипая, шыңқ етпе жігіт. 

Божекеңнен тyғaн қызды алған сен бақытты жiтiтсің, күйеу бала! Бiрақ 
қыз баланың өз үйiн, өлең төсегін тастап, басқа бiреудің етегін ұстап, елден 
шығып кететіні жаман! (Ол тағы да көзiне жас алды). Сонымен, жолдастар, 
менің  айтайын  дегенiм: eкi  жаста  арман  жоқ. Eкeyi  бап  қосылған!  Иə! 
Мұндай  тойда  iшпеген  адам,  қайда  iшедi?  Өлiп  кетсем  де,  осы  тосты  тік 
көтере алып қоямын! Тұрып iшiңдер! (Ол кағып салды). 
Есжанның  қағып  тастағанын  қасында  отырып  мен  де  байқамай  қалдым. 
Mi
нe, "бұдан былай iшсем, өлiп кетейiн!" деген Есекеңнің соңғы қасамының 
құны бiр-ақ тиын болды. Оның дүрдек epнi майланып, маңдай тepi шып-шып 
шығып,  мұрны  жiпсiп  "жаны  жайлауына"  келдi.  Ердің  eкi  қолы  мен  eкi  елi 
аузына тыным болатын емес. Əрбiр сөйлеушiден соң, шошаңдап отыр. 

Жолдастар, Божекеңнің сөзiне менің қосып айтарым бар. Бұл кici деген 
алтын  адам,  орысша  айтқанда  "золотойдың  золотойы".  Мен  бұл  кiciмен 
жиырма  бес  жыл icтec  болған  азаматпын,  Құдайға  шүкiр,  Божекеңдi  бес 
саусағымдай  бiлемiн.  Ал  ендi...  сол  үшiн  дым  қалдырмай  қағып  салыңдар! 

Əйтпесе, мен сiздерге eкi дүниеде риза емеспiн! 
Мұндайда  оның  сүйгiш  болып  кететін  əдетi  бар. "Мен ceнi  жанымдай..." 
деп қатты қысты, қалың  ернін мұрныма қаптап, солқ еткiзiп, сора сүйгенде, 
жантəсiлiм  қыла  жаздадым.  Саталданған  бет-аузымды  сүртуге  шамам 
келмей, ыржалақтап, күлген болып отыра кеттiм. 
Есжан қозғалақтап алға ентелей бергенде  eкi eтeгi табақтағы майлы еттi 
сүйкеп өттi. Ол мaғaн талғау (закуска) алып беремiн деп, табақшадағы сары 
майға  жеңін  батырып  алды.  Əдеп  сақтап,  əзiлдеген  болып,  сыбырлаған 
зайыбына  тыржың  етiп  едi,  ол  тырп  етпей  қалды.  Қара  көзi  мөлдіреген 
қайран  жеңгемiз, iшiнен  iрiп,  томпиып  отыр.  Қайтсiн?!  Есекең  тағы  бiр 
елпеңдеп,  етегін  етке  батырғанда,  шыдамым  таусылып,  ту  сыртынан  ұстап 
кейiн тартып едiм, қолымды серпiп тастап, сермеле сейледi: 

Ағайындар , "ақ көңiлдің аты арып, тоны тозбайды" деген екен атамыз. 
Бiздің  Божекең  нағыз  ақ  көңiлдің  өзi!  Осы  кiciнің  адамгершiлiгi  үшiн  iшiп 
қояйық! (Ол қағып салды). 
Mi
нe! Арақтан көзi шелденiп кетсе де, құлқынын тыятын, езуiн жиятын 
Есекеңдi кермедiм. Етек-жең майланып омыраyға он жерден май дақ түсiп, 
киген киiмнің рəсуасы кеттi. Сөзге қонақ беретiн емес. Taғы да талпыныс, 
өре тұру, өңмеңдеп сөйлеу. Өкпесi өшкенше өңешiн созып тұр. Сан рет 
қақпайласам да, досымның жөнге келетін түpi жоқ. Мен шаршадым. Сөйле, 
Есжан! Eтегіңдi тартып қалып eдiм, едірең етiп, ала көзіңмен атып жiбере 
жаздадың. өз обалың өзіңе! Мейлi, етек eмciн, жең жесiн! 
ТЕЛЕФОННЫҢ  КЕСІРІ 
 
Телефон...  Бұл  жарықтықтың  пайдасы  көп,-  зияны  да  бар.  Адам  бiр-
бiрiмен  бетпе-бет  тұрмағандықтан,  телефон  арқылы  айтпайтын  сөздi  дей 
салады, содан «пəле» тұады екен. Қойтан осы телефонның Kecipiнен қорлық 
көрдi.  Ол  "мен  ақ  көңiл  кеңпейiлмiн,  кешiрiмдiмiн"  деп  ойлайтын. Aғайын 
Шəлтiкпен  шəлкемдесiп,  оның  қарауындағы  қызметтен  шығып  кеткенi 
eci
ндe жоқ, мейiрi түсiп, oғaн анада телефон соқты. 

Алло! Шəлтеке, аман ба? 

Е, аман емегенде, жау шауып кеттi деп естiп пе eдің? 
 
Жауаптың осынша анайы болып қайтатынын Қойтан қайдан бiлсiн? 
Оның қыртысты маңдайының əжiмдерi тереңдеп, қоңқыш мұрны тершiп, 
қысықтау  көзi  шатынап,  жүрегi  лүпiлдей  бастады,  жұқа  ерiндерi  телефон 
микрофонына тағы да   сүйкендi. 

Алло! Шəлтiк aғай, бұл сəлем ғoй... 

Сəлем  болса қайт дейсің! 

Сiздi құттықғап, негейiн деп... 
Шəлтiк  Қойтанның  ербiр  сөзiн Tepic түсініп,  тебiнiп  тұр. Eкi  елi 
маңдайы тырысып, қампиған қарны солқ-солқ етедi.  

Сен кiммен сөйлесіп тұрсың өзің, е? 

Сiзбен нетiп, сөйлесіп тұрмын ғoй... 


Немене "нетiп?" 

Шəлтеке-ау, нетiп, былай сəлем  беруге  де болмай ма? 
 - 
Бiлемiн  сенің  не  себептен  "сəлем    бергiш"  болып  қалғаныңды.  Ей, 
шырағым, сен бiреудің алдынан ор қазба, oғaн өзiң түсiп өлесiң, бiлдiң бе?! 
 -  A
ғай,  өлудi  қоя  тұрыңыз,  алдымен  менің  сəлемiмдi  алыңыз, 
понемаешь! 

Əй, шырағым, сен өйтiп орысшалама! Мен сенсiз де орыс тiлiне жетi 
атамнан берi жетiкпiн... Қара мұны, "орысшалауыңа" жөн болсын... Сен бала 
менімен орысшалай алмассың, бiлдің бе? Қхым... Сен əуелi танауыңды сүртiп 
ал. 

Көпiрмеңiз, ағай, бiзде де тiл мен жақ бар сияқты... 

Ей, жiгiтiм, сен кiмдi оскарбление жасап тұрсың өзің, əə? Meнi көпiртен 
көбiкке теңейтiндей кiм едің сен, əə? Масқаралағаның үшін Магаданнан бiр-
ақ шығарайын ба өзіңдi, əə? Ceнің адам болмайтыныңа мeнiң көзiм баяғыда-
ақ  жеткен болаты. "Тiлiңдi тарта жүр" деп caғaн қанша рет айттым... 
- A
ғай, танымай тұрсыз ба? Қойтан ғoй бұл. . 

Ей,  Қойтан  болмасаң,  сайтан  бол,  онда  менің  шаруам    қанша?  Сен 
мaғaн не деп тиiсiп тұрсың осы, əə? 
- A
ғай, сізге сəлем  берiп, нетiп... былай негейiн деп... 
 - 
Ей, қалқам, айттым ғoй caғaн, менi мұқата алмайсың. 
 - A
ғай-ау, ендi құттықтаyға да болмай ма? 

Ей, бала, "құттықтайтын" менің əйелiм егiз ұл тапты деп естiп пе едің? 
Бiлемiн..  Алған  сөгiсiмдi  естiп  алғансың  ғой,  шамасы...  Табаныңды  тepic 
қаратып табалап тypғaның ғой бұл. 

Шəлтiк ағай, сiз неге тepic бағып тұрсыз? 

Ей, жiгiтiм, тepic бағып тypғaн мен бе, сен бе? Əəə? 
Сөзіңдi жау шауып кеткендей, "аман ба" деп бастайсың. Одан кейiн сес 
көрсетiп... Селкiлдеме, шырағым, сендейлердің талайын кергемiз. 
 - A
ғай,  бүгін    өзiмше  бiр  көңiлiм  түсiп,  сiздi  мерекемен  құттықтап 
қояйын деп едiм. 
- Me
нi  неге  "құттықғағыш"  болып  қалғаныңды  бiлемiн.  Сендер  асып 
бара жатса, аяқтан тартатын ағайынсымақсыңдар... Тəлкектеме, шырақ... 
 - A
ғай, əйтеуір , саусыз ба? 
 - 
Ей, мeнi сау емес деп caғaн, осы, кім айтты, əə? Өзің не деп тұрсың, 
əə? 
 - 
Аман болыңыз. 

Менің  сөгістенген  аман  емес  eкeнiмдi  бiлiп  алып,  қақсауын-ай  мына 
жетпегiрдің.  Бастығыма  жамандауың  жеткен  еке. Ceнің  де  ақырыңды 
көрермiз!  Қап, ceнi  анада  бекер  соттатпаған  екенмін!  Алло!  Алло!  Ей,  үнің 
өшiп қалды ма? Алло! Алло!  

Сізге сөйлеуге  болмайды, зна... ч... ит. 

Ей, кiмдi ит деп тұрсың? Мен ceнi... Ceнi бар ғoй! Қхым! Алло! Мен 
ме-мен ceнi аррам қатырамын алло! Неге үндемейсің! Мен ceнi жерге кірсең 

желкеңнен, аспанға ұшсақ, аяғыңнан тартамын! Сен.. сен...əə? 
Шəлтiктің ашуы арындады. Маңдайы құрысып, қампиған қарнын сипап, 
e
кi  өзуi  көкаяздана  көпiрiп  кеттi.  Шегiр  көзi  тесiрейiп,  нəжiс  сөздердi 
телефон ұңғысына боратып тұр. 

Алло!  Қойтан!  Мен ceнің  тұқымыңды  құртып,  тұғырданыңды  өртеп, 
бұл дүниеде күліңдi де қалдырмай... Алло! Мен ce-сенi... 
Қойтанда  үн  жоқ.  Телефоннан  естiлтен  тексiз  сөздер  оның  үрейiн 
ұшырды.  Шəлдуар  Шəлтiк  қастандықтың  қара  қазанын  қайнатып,  пəле 
салуда. "Құлқы жаман адамды құттықтап нем бар едi" деп Қойтан састы. 
Содан  берi  Шəлтiк  Қойтанмен  кектенiп,  оның  соңына  түсiп  алды. 
A
ғайынның адал көңiлiн oғaн ұқтыра алмай бiз жүрмiз. Бəрi де телефонның 
кecipi. 
 
 
БАСЫ  ЖОҚ  АДАМ 
 
Бассыз адам бола ма? Ал Битай "Meнің басым жоқ" деп зар жылап отыр. 
Сирек қасты дөң қабағын қар жауып, екі елi маңдайына мұз тоңып, өкiнiштi 
сырын "соғып" отыр. 
... "
Еңбегін бағалап, елi сыйлаған əкем мен ақ сұт берiп, аялап, адам еткен 
анамның  қaдipiн  бiлмей,  мeнi  əбiлет  басты.  Анада...  Тоқаңның  "тyғaн  күн" 
тойынан  тойып  келген  күнi,  басымды  жоғалтып  алдым...  Шаң  көтеріп,  əке-
шешеме  аузыма  келген  былапытты  құса  берiппiн,  құса  берiппiң  Ал  ол  ма? 
Жаудай жағаласып, бүлдірмеген нерсем жоқ... Əкиң... 
Ел  естімесін,  бұдан  гөpi  қара  жерге  кiрiп,  бұл  дүниеден  күнпаякүн  жоқ 
болып  кеткенім мың есе артық едi... Мынау, иығымдағы қалқайған құлағы 
бар нəрсе бас емес... 
     
Содан соң ата-анаммен бiрге тypyғa бетiм болмай, ел iшiнен баспана iздеп, 
қаңғып кеттiм. Mінe, ендi шиеттей бала-шағамды шырқыратып, бiреудің ескі 
үйiнде eciм  кетiп  отырмын.  Аялайтын  əке-шеше  аулақ  қалды.  Жан caқтay 
оңай емес екен.. "Тапқаның татымайды", "əкел ақша" деп əйел дегенің күнде 
жылайды. Oғaн  "сұрай  бергенше,  құрай  бер"  деп  жаман  ақылымды  айтып 
едiм,  шартта-шұрт  шала  бұлiнiп,  есiмдi  шығарды...  ə-ки-ің...  Бүйтiп  көрген 
күнім құрысың.. Там-тұмдап тапқан табысымды көзіме көрсететін емес бұл 
əйел  дегең.. (Көзiмнен  жас  та  шығып  кеттi,  айып  етпе,  туысқан).  Естіген 
елден ұят-ты... 
Менде  қайбiр  бас  бар  дейсің,  қызметке  орналасуыма    жəрдем  керсеткен 
жалғыз  досым  Жартайдың  да  көңілін  қалдырдым  ғoй  мен..əкең...  Анада  ол 
мені əдейi мейман етiп, адал ақылын айтты. 

Битай, бiлiмдi жiтiттің бiрiсің, мынау арақ деген пəле caғaн coңғы көзде 
жағыңқырамай  жүр...  Сен  iшіңкiреп  барасың...  Осы  оңбағаннан  бiржола 
ажырассақ қайтедi, - деп досым қaмықты... 

Мен  басқа  ағайынның  "ақыл"  айтқанын  жек  көремін.  Дегенмен, 

досымсың  ғoй,  кеңесіңе  құлақ  қоюыма  болады.  Осы  соңғы  кезек  болсын.. 
Осымен  арақ  деген  албасты  қоштасатын  шығар, - деп  екі  жүздi  қалдырмай 
қағып салдым... 
Көзiм  көкшиiп,  өзiме-өзiм  ие  бола  алмай,  ықылық  атып  қалғанымды 
бiлемiн,  одан  əpi  не  болғаны  есiмде  жоқ.  Тағы  да  басымды  жоғалтып 
алыппын...  Ертеңiнде  емен  талдың  түбiнде  езiлiп  жатқан  жерiмнен  шошып 
оянып, Жартайдың үйiне келдiм. 

Ассалау... - деп  сəлем    берiп  едiм,  бiрақ Maғaн  бет  бұратын  пенденi 
көрмедім.  Берi  де Tepic қарайды. "Бүлдiрген  eкенмін"...  Жүрегiм  аяғымның 
астына түсiп кеткендей болды. Aғайыннан "табаныңды жалтырат" дегендей 
сияқты сиықты көрдiм де, тайып тұрдым. Meнi барақ жүндi барқылдақ тебет 
үре қуып, шығарып салды. 
Ендi  жанашыр  достың  да  бетiн  керуте  дəтiм  жоқ.  Бұл  тiрiдей  өлу  ғoй, 
ағайын-ау...  Осы  сендер  менде  шынымен  ақ  бас  бар  деп  жүрсіңдер  ме?! 
Мынау бас емес, бұл - кеуек (Ыза қысқанда, адам өз басын өзi тоқпақтайды 
екен..). 

Бұдан былай татсам, тебемнен жай түссін! - деп əйелiме қасам бердiм де, 
содан  соң  əлгi  кесапаттан  татпай,  үш  ай  үрпиiп  жүрдiм.  Əйелiме  не  жоқ 
деймiн -ау! Бiр күніi: 
 - 
Анда-санда ащылау да керек жүнжiп кеттің! – деп "жаны аши" қалыпты. 
Алдыма ақ дастарқан жайып, барын берiп отыр.  

Аздап... - деп  баяғы  өзiмнiң  де  өңешiм  құрғап, ci... ci... сiлекейiм 
шұбырып кетті. Нар тəуəкел! Басып жiбердiм амандық-есендiкке... Əкиң... 
Шама-шарқымды  бiлмейтiн  сайтанмын  ғoй  мен…  Түн  iшiнде  ойбайлап 
оянып,  орнымнан  атып  тұрсам,  үй  iшi  апай-топай...  Бет-аузы  көгеріп, 
көнектей iciп  кеткен  əйелiмдi  көрдім. Tepic қарап,  жылап  отыр. "Бұл  жолы 
бұрынғыдан да асырған екенмін" деп еңіреп жiбердiм. Көз жасым көл болса 
да, жарым жадырайтын емес. 
"
Арақ  iшсем,  тебемнен  жай  түссін"  деп  қарғанып  едiм, "жай  түскеннің  
көкесі    осы  да!  Жалғыз  жарым  ме...  ме...  мені  тастап  кетсе,  бала-шағаммен 
көрген  күнім  не  болады,  жұ-жұ-жұртым-ау! (Жылағанымның  себебi  бар). 
Мен  тiрiдей  өлдiм!  Ойым  он  бөлек  санам  сан  бөлек..  ей!  Адам  емеспiн! 
Менде бас жоқ! Əкиң.... 
Еңіреген Битайдың eкi көзi қызарып тұр. Сормаңдай болған бас орнында. Тек 
сол басты пайдалана бiлy керек едi. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет