Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет2/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

   
ТЕКСІЗДІҢ  ІСІ  
 
Білмейді ата бабасын,  
Тілдейді «ит» деп баласын.  
Құлатар  шалып  ағасын,  
Жылатар  алып  анасын.  
 
Тегін де қорлар ұшынып,  
Тексізде болмас кісілік.  
 
 
БЕЗБҮЙРЕКТІҢ  ІСІ 
 
Ісің түссе, бұлданады,  
Кісімсініп, тұлданады, -  
Құлап түсіп мансаптыға,  
Құрақ ұшып құл болады. 
 
Безбүйректен қайырым жоқ:  
Безсең одан  айыбың жоқ.  
 
          
ШОРДЫҢ СОРЫ  
 
Жас кезінде «Ханға сəлем бермеді»,  
Мас кезінде қартты қорлап, жерледі.  
Қартайғанда тістеді Шор бармағын:  
Əл  тайғанда жастардан «сый көрмеді».  
 
Тəрбиелік қасиетің болмаса,  
«
Қариелік өсиетің» далбаса.  
 
 
        
КЕСІРЛІ КЕСЕЛ  
 
Қайрақбай қарнын сипап, керіледі:  
«
Қайғысыз қара суға семіреді!».  
Салмағын  арттырып ап, бойы борсып,  
Сал қарын ,  жер басуға ерінеді.  
 
Наданға қарын бітер есірік боп,  
Адамға артық заттың кесірі көп.  
 
ҚАСТЕКІНІҢ  КЕСІРІ  
 

Дау көтеріп,  дат қылып,  
Жақынды да жат қылып,  
Қастекі Шор бүлдірді  
Қас боп досқа, қақтығып.  
 
Іші – қабан, сырты -  адам,  
Ел  бүлдірер қырт надан.  
 
 
 
МІНШІЛ ТАУБАЙ  
 
Таудай ісіңді міндеп,  
Таубай жамандар тілдеп.  
Есіл жандарды күндеп,  
Кесір: айтқаны – кіл кек.  
 
Міншіл – тірліктің жауы, 
Күншіл – бірліктің жауы.  
 
МƏҢГҮРТ КЕР  
 
Өз тілін Кер жетесіз  
Үйренбей жүр қырыстап:  
Аты жөнін қатесіз  
Жаза алмайды дұрыстап.  
 
Сор болады салғырттық,  
Қор қылады мəңгүрттік.  
 
ЖАПАЛДЫҢ ДИПЛОМЫ  
 
«
Оқудың құты – білімде,  
Сиырдың сүті - тілінде», -  
Десе Кер, Жапал жалтақтап  
Қарайды сиыр  тіліне.  
 
Диплом алсаң, ол – жалаң:  
Білімсіз болсаң, сол – жаман.  
 
      
ҚАРТ БОЙДАҚ  
 
Төсегін  жиі «жаңартып»,  

Төрт  əйел  алған Нұр бойдақ 
Қыздардың көзін алартып,  
Қырық жыл болды, «сұрбойдақ».  
 
Үйлену – үйің, бір басқа, -  
Үй болу қиын жылпосқа.  
 
 
 
МАСКҮНЕМ МЕН АЖАЛ  
 
«
Арағым жақын жаныма,  
«
Қарағым» сіңген қаныма!» -  
Деді де, Мақан тойлады, -  
Демілдеп ішті, - тоймады.  
 
Ар атқан тартып азабын,  
Арақтан табар ажалын.  
 
      
КЕСАПАТ  
 
Елге тілеп Пес опат,  
Жамандықты төндірді:  
«
Құримыз» деп, кесапат,  
Жанған отты сөндірді.  
 
Қайырымсыз настан без,  
Қаражүрек  «мастан»  без.  
 
 
 
ƏЙТЕНІҢ ӨМІРІ 
 
Əнші бола бастады,- 
Əйтен оны тастады. 
Өлең жаза бастады,- 
«
Өнбей» жатып, тастады. 
 
Жалқаудың өнбес өнері: 
Жанбай жатып, сөнеді. 
 
ДОБАЛ - БАСШЫ 
 
Басқарсын деп жастарды  

Сайлап едік Добалды,- 
Бір өзінен басқаны. 
Ұнатпайтын боп алды. 
 
Басшы болсаң, жалынды бол, 
Көпке қамқор, тəлімді бол. 
 
 
ҚАҢҒЫБАС 
 
Кер істе кергіді, 
Кесір боп, жеріді. 
Құрбының көзіне, 
«
Құбыжық» көрінді. 
 
Ақылсыз қаңғыбас, 
Адам боп, мандымас.       
        
ҚОҚЫМНЫҢ БАЙЛЫҒЫ 
 
Қоқым бай боп мақтанды: 
Қоқыр-соқыр «шайлығы»,- 
Білмеген соң сақтауды, 
Шіріп кетті байлығы. 
 
«
Дүние қоңыз»-жаман ат,-       
  
Көзтоймастық жаман-ақ! 
 
  
      
ҒАЛЫМ МЕН ЗАЛЫМ 
 
Ғылым сөзді ғалымдардан көшіріп, 
Ғылымды өзі жасағандай есіріп: 
Ғалымдық пен баға бермей ғалымға, 
Залымдықпен мұқатты Кер өшігіп. 
 
Ғалым ісі- елге мұра аманат,- 
Залым ісі - ғылымға жат, жаман ат! 
 
     
ЖЫЛТАЙ-ЖЫЛАУЫҚ 
    
Жылтай пасық «кер заманды» сынады: 
Жылай жасып, жалқаулыққа құлады. 

Өнер, еңбек, білім қумай, сөз қуып, 
«
Өлем мен!»-деп, өзін бейбақ қылады.  
 
Ерінген жан ризықты теруге, 
Кергіген паң  жығылар  өз көріне.  
 
 
           
НАҚҰРЫС 
 
Елден жүрген дүниеге кең сиып, 
Енді ол неге «кербез» болды кеңкиіп? 
Қас қағымда көтере алмай өз бағын, 
Мастануда мансабына «ең биік». 
 
Нақұрыстың өмірде мол азабы: 
Мансабы өссе, ақыл-ойы  азады. 
 
 
         
ƏКІМ - БЕК 
 
Əкім Бек «шаш ал десе , бас алады», 
«
Қақым көп, құртамын!»-деп, қасарады. 
Алартар көзін досқа дау іс құрып, 
«
Жаңартар» кадырларды «ауыстырып». 
 
Кей Əкім бойына сөз асырмайды: 
Кадрды құл етеді басыбайлы. 
 
 
     
ДҮНИЕҚОР ДҮМШЕБАЙ 
 
Дүниеқор Дүмшебай залым болды: 
Ұрлық, қорлық, зорлығы мəлім болды. 
Құрғап өтер пейілі, санасы да . 
Құрбан етер мал үшін баласын да. 
 
Дүниеге тоймай ез құмартады: 
Қылмыс жасап, мойнына күнə артады. 
 
         
ІШУ МЕН ҚҰСУ 
 
«
Қойып,-ішіп» қызметі жуылды, 
«
Тойып ішіп», Кер жұмыстан қуылды. 

«
Ой қып» ішіп жанұядан суынды, 
«
Той қып» ішіп, -өлемін деп, буынды. 
 
Жүз бұраңдап, масты құдай атады: 
«
Жүз грамдап» бар бақытын сатады. 
 
 
ҚАСАРҒАН ҚАСЫМБЕК  
 
Анасына Қасымбек тілалмайды: 
Жаңашырға қасарып бұлаңдайды. 
Құдіретін сезініп анасының, 
Құрметін көрсетіп, сыналмайды. 
 
Сүйіп нұсқа-ата-ана өсиетін, 
Биік ұста қадірін, қасиетін. 
 
АШУЛАНШАҚ ƏЙЕЛДЕР 
 
Маржан ерін ұрсумен аздырады, 
Қаржан ердің ашуын қоздырады. 
Ашу-жаңсақ мінезбен екуі де 
«
Ашуланшақ байым!»деп, сөз қылады. 
 
Ер көңілін асыл жар аялайды,- 
Ерке-қырғын тасырлар аямайды. 
 
         
ҚАРАНИЕТ 
 
Қайғылансаң, нұры тасып, 
Қарқ-қарқ күліп, қуанады. 
Қуансаң, оның құты қашып, 
Қуқылданып, қуарады. 
  
Қастық ойлап, шаужаңдаған 
Қараниет-жаудан жаман. 
 
ПАЙДАКҮНЕМ БАСШЫ  
 
Өз бас қамын қолайлап, 
Асырып жүр айласын,- 
Көрген емес ол ойлап 
Көпшіліктің пайдасын. 

 
Баспайдашыл обыр нас 
Басшы болып оңдырмас. 
 
 
     
ЖЫЛПОС 
 
Атасын да алдады. 
Анасын да алдады: 
«
Ешен-жылпос»демеген  
Ешбір адам қалмады. 
 
Жылпос, суайт өзін де  
Алдай салар, кезінде. 
 
 
ОЙҚАН –СОЙҚАН 
 
Сөздері –құр жалаң, 
Мінезі –ыржалаң, 
Ой, мақсат, ары жоқ: 
Ойқанда бəрі жоқ. 
 
Болбыр, ез, жігерсіз- 
Болады жүгенсіз. 
 
 
ДҮБАРА ТІЛ 
 
Ана тілдің сарасын 
Ажар жақсы білмейді: 
Шатастырып санасын, 
Шала сөйлеу –тіл дейді. 
 
Не ол емес , бұл емес: 
«
Қойыртпақ» тіл-тіл емес: 
 
         
КЕСІР 
 
Елан судай сіміріп, 
Елдің мүлкін сіңіріп, 
Қылмыс демей, құн демей, 
Қылғи берді «үндемей». 

 
Кесір дейді ел қың істі: 
Кешірмейді қылмысты. 
 
 
КӨКЕБАЙДЫҢ ЖҰБАЙЫ 
 
Көкебайдың жұбайы 
«
Көргем жоқ,-деп,- табысын», 
«
Өлтіреді» ұдайы: 
Келтіреді намысын. 
 
Ер қадірін білмесең, 
Езгілейсің күнде сен. 
 
ТҰЛДАНҒАН ƏЙЕЛ 
 
Өзденбектің жұбайы- 
Өзбілерман «құдайы»: 
Туыс, достан бездіріп, 
Тұлданады «сөз қылып». 
 
Ойсыз болса қосағың, 
Ойрандалар ошағың. 
 
 
КӨШЕДЕГІ МАХАББАТ 
 
Көшеде жастар сүйісті. 
Көрісіп, бастар түйісті: 
Бір апта болмай, енді олар 
Біріне-бірі тиісті. 
 
Əдепсіз сорға кез болар: 
«
Əсіре қызыл тез оңар». 
 
КЕРБАҚҚА КЕМЕЛ 
 
Үлкенді сыйлап қол бермей, 
Кішіге кергіп жол бермей, 
Керенау Кемел  кербаққан 
Кергумен жүріп,жер қапқан. 
 

Тізгінсіз болса кесір, қың 
Тигізер елге кесірін. 
 
 
КҮНШІЛ КӨШЕН 
 
Жақсыны бір көрмейді, 
Жамандайды, жерлейді. 
Көшенді жұрт сондықтан 
«
Көре алмайтын көр»дейді. 
 
 
Күндеп, жұртты қорлайды: 
Күншіл-елге сор, қайғы. 
 
  
ҚАСТЕКІ БАСТЫҚ 
 
Ез қастекі өлсе де 
Елге бақыт қимайды: 
Кесірлеліп кеңседе, 
Кең дүниеге сыймайды. 
 
 
Басшы қойма сараңды- 
Баққа қырсық арам-ды. 
 
      
ҚЫҢЫР 
 
-
Өзімдікі -дұрыс тек, 
Өзгенікі –бұрыс!-деп, 
Бірбек қыңыр «қайтпайды»,- 
Бір түзу сөз айтпайды. 
 
Сөзге көнбес адам боп 
Қыңыр пестен жаман жоқ. 
 
 
ОҢҒАҚ СЫНШЫ 
 
«
Жолдас» болған тасырдың 
Жоғын бар деп,мақтайды,- 
Ал дарынның асылын 
Айтуға сөз таппайды 

 
Оңғақ сыншы оңбайды: 
Онда əділдік болмайды. 
 
 
ҚЫЗҒАНШАҚ СЫНШЫ 
 

Айтқұл кейіп ісіме, 
Айтқаны жала –күйкі «зар»... 
-
Ол «сыншының» ішінде  
Қызғаныш деген иті бар. 
 
Болсаң да дарын, шын мықты,- 
Қызғаншақ айтпас шындықты. 
 
     
КЕРДІҢ КЕСІРІ 
 
-
Арымнан жаным садаға! 
Арыма сенші, жан аға!- 
Деген Кер тұрмай сөзінде, 
Сатты тез арын, өзін де. 
 
Табансыз ездің «шатағы»- 
Табанда арын сатады. 
 
 
МАНСАПҚОРДЫҢ МАҚТАНЫ 
 
Төрде жұмасқ орындық- 
Қызмет орын, «ірі» еді: 
-
Бұл –менікі, орным-нық!- 
Деп Манспқор шіренді. 
 
Мақтанғанмен əңгідүк,- 
Мансап болмас мəңгілік. 
 
 
АҚАУБЕКТІҢ АҚЫЛЫ 
 
Ақшадан ақыл аз болды,- 
Ақаубек соған мəз болды: 
Ерекше оның мақтаны- 
Еңбексіз ақша «тапқаны». 

 
Ессізге құрар мазақ тор: 
Еңбексіз  табыс –азап сор. 
 
      
ҚАСТАНДЫҚ 
 
Мақтап Тайсан тасырды,  
Мақан қулық асырды: 
Мақтағанға Тайсан да  
Маңғазданды,  тасыды. 
 
Борықтырар «асқан»қып: 
Бос мақтау да –қастандық. 
 
     «
ҚҰЛАҚСЫЗ» 
 
Күй тыңдадық құлап біз, 
Күйші сезім, ой берді,- 
Діңкелеп, ез құлақсыз: 
«
Діңгілдетпей, қой!» -деді. 
 
Күйде көп ой, «жаналық»... 
Күйші болу-даналық. 
 
 
ЖАМАН КӨРШІ 
 
Көршілерін жамандап, 
Көрпетайда тыным жоқ. 
Ұрынып, не амалдап,  
Ұрыспайтын күні жоқ. 
 
Жаман көрші –кенедей, 
Жақсы көрші –енедей. 
 
ЖАҒЫМПАЗДЫҢ ӨМІРІ  
 
Əлде жұрттың өсегі, 
Əлде өзі бөседі: 
«
Көз алдағыш жағымпаз 
Көп өледі» деседі. 
 
Жағымпаз сұм күнде өлер,- 

Жанын жалдап күн көрер. 
 
 
        
ДАҢҒАЗА 
 
Аузына тисе жүз грамм,  
Аубекті сол да «қыздырған»: 
Бақырып, «əн сап», өрлейді, 
Басқаға кезек бермейді. 
 
Өнерсіз масқа əн қонбас,-  
Өлеңсіз, тойда сəн блмас. 
 
     
СЫЛДЫРБАЙ 
 
Өзіңше бір іс тындырмай  
«
Шөптің басын сындырмай»,  
Бұйрықты ғана орындап, 
Бұйығып отыр Сылдырбай 
 
Өрнегін таппай ақылмен 
Өнбейді жұмыс  « мақұлмен» 
 
ТЕКТІ МЕН ТЕКСІЗ  
 
Тек жамандық ойлаған 
Тексіз пəле теріп жүр,- 
Тек жақсылық ойлаған 
Текті бақыт көріп жүр. 
 
Текті тегін  жоймайды,- 
Тексіз, пəле ойлайды. 
 
ӨСЕКШІНІҢ ƏДЕТІ 
 
Естіген елден өсекке  
Есберген қосып, кесектеп: 
-
Ақикат,-дейді,-Алла! Шын! 
Айтқаным өсек болмасын! 
 
Өсекшіл сөзін оздырар: 
Өсекті өзі қоздырар. 
 

БАСШЫ БОЛСАҢБАҚЫРМА 
Көшен бастық құрысты, 
Көрінгенмен ұрысты: 
Ойбай салып жүрсе де, 
Оңбай қойды жұмысы. 
 
Басшы болсан бақырма: 
Басшылық- ой, ақылда. 
 
     
ҚҰРҒАҚ АҚЫЛ  
 
«
Дені  саудың-жаны сау,- 
Деп,-таза жүр, жаным-ау!»  
Сор əкесі  ұлының 
Сорып тұрды шылымын. 
 
Жұрт үлгіңді құптайды;- 
Құрғақ ақыл жұқпайды. 
 
    
ЖҮРБЕКТІҢ ІСІ 
 
Жүрбек «күйсін » іс мейлі,- 
Жүрдім бардым істейді. 
-
Бұл нең? –десек,- Былтырдан 
Қалған жоқ қой іс, -дейді. 
 
Жұмсалмаған күш-жетім, 
Тындырымсыз іс–жетім. 
  
РУШЫЛ  ҚҰРМАШ 
 
-
Анау ру –нашар, тек 
Мынау ру жасар! –деп, 
Құрмаш туған елін де 
Құмар топқа бөлуге. 
 
Халқын бөліп, ауытқып,  
Қарайған пес- қауіпті. 
 
         
ЖЫЛПОС 
 
-
Сен үшін жанды қиам,-деп,  
Сендірген сөзбен Қиалбек  

Қызметтен досы түскенде, 
Қисайды «мен іш жиам»деп. 
 
Жылмаңдап келер саған да, 
Жалпостан сақ бол əманда. 
 
ЖАЛҒЫЗДЫҚТАН ЖАМАН ЖОҚ 
     
Бəтенде өкпе, егес көп: 
-
Бəрі де адам емес! –деп,   
Жақынын қорлап зекіді: 
Жалғыз қап, кейін  өкінді. 
 
Көпшіл бол  жаспен, кəрімен: 
Жалғыздық жаман бəрінен. 
 
АШЫҚҚАН МЕН ҚҰНЫҚҚАН 
 
Сиқымбек ашылып араны, 
«
Сыйлық» деп алады параны. 
Кіл дайын дүние құтыртып, 
Күн сайын құнығып барады. 
 
Ашыққан ас қамын ойлайды,- 
Құныққан параға тоймайды. 
 
ЖҰРТПАЙ «КҮШТІ» 
 
-
Билігім  қолымда!- деп 
-
Кім тұрар жолымда?!-деп 
Құтырған Жұртпай «күшті» 
Қызметтен мұртбай ұшты. 
 
Мақтанба «күшіңе» сен: 
Білім мен  ісіңе сен. 
 
КӨШЕННІҢ БИЛІГІ 
Елге істеп жақсылық, 
Ес жасады басшылық. 
Көшен жасап «билікті», 
Көрінгенге килікті. 
 
Ақылшы бол, би болма: 

Ақыл кімде, сый-сонда. 
 
ӨЗІМБЕКТІҢ ӨЗ ОЙЫ 
 
-
Өстім, жеттім өзім!-деп, 
Өрекпиді Өзімбек. 
Көппен бірге өскенін 
Мойындамас безілдеп. 
 
Əуей –көппен жаны қас: 
Əкесін де танымас. 
 
САУДАГЕРДІҢ МИЫ 
 
Саудагердің шаққан миын- 
Саудыраған шақа-тиын: 
-
Тиын үшін өлем!-дейді,- 
Онсыз өмір сүру қиын! 
 
Саудаға сап, өзін сатқан, 
Саудагерден безін, сақтан. 
 
ОРБЕКТІҢ ƏДЕТІ 
 
-
Егін пісті орағы кеп, 
Қашан бұйрық болады?-деп, 
Орталықтан хабар күтіп, 
Орбек отыр қабақ шытып. 
 
Бұйрық күтіп басшылардан, 
Бұйықпайды жақсы маман. 
 
АҚЫЛ  МЕН БАҚЫТ 
 
Əкенің көсіп «байлығын», 
Көрмеді Бекен қайғы-мұң; 
Асқақтап айтар сөзін де: 
-
Ақыл мен бақыт өзімде!.. 
 
Еңбексіз ақыл толмайды: 
Ақылсыз бақыт қонбайды, 
 

МАМАН МЕН ЖАЛҚАУ 
Маман тыным алмады: 
-
Мақсатыма жетем!-деп, 
Жалқау өзін алдады: 
-
Жан қинамай өтем!-деп,  
 
Еңбек етпей, бақ бар ма? 
«
Жан жуымас жатқанға». 
 
БАТЫР МЕН ПАҚЫР 
 
Жауынгер асқан ерлікпен 
Жан қиды қорғап намысын. 
Керанау пақыр керлікпен 
Қарбанды қарын қамы үшін. 
 
Батырдың даңқы –мəңгілік,- 
Пақырдың аты қалды ұмыт. 
 
ҚАУЛЫ –ҚАҒАЗДА 
 
-
Міндеттеп канал қазуды, 
Қаттама қаулы жазылды,- 
Дəп, əкім сөзге мəз болды,- 
Сөзі көп, ісі аз болды. 
 
Ісі тек қаулы –қағазда: 
Не дейсің əкім сабазға?! 
 
ҚЫРСЫЗ БАСШЫ 
 
Жағымпаздың жан досы, 
Өсекшінің паң досы,- 
Ұжымында бірлік жоқ: 
Құжырында тірлік жоқ... 
 
Қырсықтарды қолдайды, 
Қырсыз басшы оңбайды. 
 
АСАННЫҢ АРАНЫ 
 
«
Алғыш боп параны, 
Асанның араны 

Ашылып барады»,- 
Деген сөз тарады. 
 
Арсыздық «зор » қылар, 
Араны қор қылар. 
 
СƏТТІҢ БІЛІМІ 
 
Сəт көшіріп «ілдебай», 
Бөсті адамдай тілге бай: 
«
Өсу-тірлік, заңдылық, 
Ал, қозғалыс мəңгілік!»  
 
«
Ілдебаймен» бөс мейлі,- 
Одан білім өспейді. 
 
     
ЖУҒЫШ МАҚАН 
 
Жаңа киген шұлығын да жуады, 
Жаңагүлдің  қылығын да жуады. 
Мақан күнде себеп тауып, «тойлайды»: 
Мас болып ап, маймылдарша ойнайды. 
 
Қапы қалар көп ырдумен той қуған. 
Бақыт табар еңбек етіп, ой қуған. 
 
      
ЖƏКЕННІҢ ЖАРИАСЫ 
 
-
Ашық айтып, қаймықпандар! Кінам бар... 
Аямаңдар! Кемісімді сынаңдар!- 
Деді Жəкен. Сөйлеушілер көп болды,- 
Ал, «бастықтың» ешбір міні жоқ болды. 
 
Қулық, сұмдық, есеп қуған айла көп,- 
Жəдігейлік «жариадан»  пайда жоқ. 
 
     
ДИПЛОМДЫ ДҮМШЕ 
 
Зілбас алды дипломды-дəрігер,- 
«
Дімкəс» малды  емдей алмай, əбігер. 
Емдеу тұрмақ, кесел түрін білмейді, 
Елдің сөзін құлағына ілмейді. 
 

Алған білім көрінбесе кіл істе, 
Жалғандығын мойындап, ол-қылмыс де. 
 
          
ШЕНҚҰМАР 
 
Қапысыз «Крышаға» сеніп жүрген, 
«
Сатысыз» көтерілген шені бірден, 
Сасекең телефонмен «көңіл ашып», 
Қол қойып, отырады мөрін басып. 
 
Тегі - нас,шенқұмарда ар болмайды. 
«
Тегін ас»-қызмет тауып, «арбалайды». 
 
 
     
ЕСТІҢ  «БІЛІМІ» 
 
Тебіреніп: «Ашыппын  ғылымды, 
Теңіздей тасыттым білімді»,- 
Дейді Ес, көшіріп кітаптан,- 
Өзінен шыққан жоқ бір үлгі. 
 
Өзіңнің жалының жанбаса, 
Өзгені қайталау-далбаса. 
 
КЕСІРБЕКТІҢ КЕРГУІ 
 
Кесірбек-керауыз, өркеуде: 
-
Уақыт болады ертең де!- 
Деп, ісін қалдырды ертеңге: 
Бос қалды айтылған серт елге. 
 
Уақыт қарамас артына: 
Өкінтер, жетпесең парқына. 
 
ЖЕКЕННІҢ ЖЕКЕМЕНШІГІ 
 
Жер алып,-жемісін термеді, 
Мал алып,-қызығын көрмеді... 
Іс көзін таппады Жекен де, 
Кедей боп, меншігін «жерледі». 
 
Еңбек пен ақылда байлығың: 
Еңбексіз өмірің –қайғы-мұң. 

 
 
      
АҒАНЫҢ ƏБЕСТІГІ 
 
Аман айтты:-Ғалым болам, жан аға! 
Ал ағасы:- Қарасаңшы шамаңа!- 
Деп кекетті ойын міңдеп інінің, 
Ісін байқап, зерттемеді білімін. 
 
Талаптыны талмай іздеп, таба біл, 
Таланттыны өз жолына сала біл. 
 
      
КЕЛІННІҢ КЕСІРІ 
 
Қартайғанша енесі асыл еді,- 
Қартайғанда келіні «масыл»деді. 
Бала-шаға мазағын көрген ене, 
Оңашада төгеді жасын енді. 
 
Ол да балаң-келінің жақсы болса,- 
Ол-зобалаң, ақылы тапшы болса. 
 
     
КІНƏШІЛ АҒАЙЫН 
 
Кінəмшілдің мінезі қиындайды: 
Кінə-кілжің, «Айыбы» тыйылмайды. 
Алайынның жоғалып берейіні, 
Ағайынның арасы қиырлайды. 
 
Татулықтың төрінен өкпе қазып, 
Тату жұрттың жүрегін теппе нəзік. 
 
  
КЕКШІЛ КЕЛБЕК 
 
Келбек досқа өкпеледі, 
Кекті сөзі, өктем енді: 
-
Аяғыңды көктен енді  
Келтірем!-деп, кектенеді. 
 
Кектеніп, өз досын сатқан 
Кесірліден шошып, сақтан. 
 
ӨЗДЕНБЕКТІҢ МІНЕЗІ 

Өзденбектің райы  
Өзгереді ілезде: 
Қалыбында тұрмайды, 
Қайранбыз бұл мінезге. 
 
Жердің нұры-күн көзі, 
Ердің нұры-мінезі. 
 
     
ҚЫЗҒАНЫШ 
 
Өзденбек жарын қызғанып, 
Өртеніп күнде жүз налып, 
Сенетін болды өсекке: 
Өлетін болды сызданып. 
 
Қызғану түбі-жауығу: 
Қызғаныш-індет ауыру. 
 
ЖАРАСТЫҢ ЖАР СҮЮІ 
 
Жаттап алып ақынның махаббатын, 
Жалын сөзге қосымша  атап атын, 
Жармасты көп сұлуға, «сүймені» бар,- 
Жарас бірақ тұрақтап сүймеді жар. 
 
Тұрағы жоқ сезімнің түбі –қайғы, 
Тұрақты шын махаббат құбылмайды. 
 
     
ТƏЛІМСІЗ ƏКЕ 
 
Ұрлықпен ұлы «байыды», 
Айтты əке:-Асқар биігім! 
Сотталды ұл, əке қайғылы: 
-
Сотқарым, батты күйігің! 
 
 
Қиаң ұл-қайғың өсірген: 
Тыя біл жастай кесірден. 
 
             
ӨКІНІШ 
 
-
Жас күнімде масылы боп əкемнің, 
Мас күнімде оған қайғы əкелдім,- 

Деп, Делбебек ішкеніне өкінді: 
«
Бұдан былай ішпеспін!» деп бекінді. 
 
Жан ауыртар жазылмайтын жараң боп, 
 
Өзек өртер өкініштен жаман жоқ. 
 
    
ҚЫРЫСТЫҢ ҰРЫСЫ 
 
-
Кергіме де, келшілікті жоя біл, 
Келешекке мақсатыңды қоя біл!- 
Деген досқа Демеу кейіп, құрысты: 
-
Өз ақылың өзіңе! –деп, ұрысты. 
 
Асқан ойлы болсаң да шын данышпан, 
Айтқан сынды қабылдай біл қалыстан. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет