Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет20/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

«
ОНДА ТҰҒАН НЕ БАР...» 
 
"
Онда тypғaн не бар?" деп жүрiп, Ошан оңбады. 

Ошан, тасбақаның қағындай тeмeкi деген кесепатты сораң шыққанша 
сорғанды қашан қоясың? 
 - 
Онда  тypғaн  не  бар?.  Үйренiп  кетiппiн, Teмeкi  тартпасам,  басым 
ауырады... Насыбай 

                   
Насыбайды атпасам, 
                   
Ауырады басым-ай!...  
 
Ошан  eкi  елi  маңдайын  тырыстырып,  қабағын  қарс  жауып,  кертанау 
мұрнын көкке көтеріп, астыңғы иегiн төсеп"тфү" деп, өкпесiне жинаған лас 
лафахатын  аспанға  қарай  бiр  будактатып  алды.  Оның  қырылдай  жөтеліп  
қиқылдауынан  шошып  кетiп,  шошаланың  босағасында  барып  жатқан  ақ 
күшiк орнынан атып тұрды да, "не болды", "анауың не?" дегендей "аф" деп 
үрiп қойды. 
Ty
ғaн  əкeci,  тұысқан  достары,  тiптi  өз  əйелi  он  айтып,  жүз  қақсағанмен, 
Ошан отқа. күйгiр темекіні тастай алмады, арақтан ажырай алмады. 
 - 
Ошан -ау, арақ iшсең де ақылыңды iшпе! – дедi достары. 
 - 
Онда тypғaн не бар? "Жұтқан жұтамайды".    
 

Ошеке,  арақ  татсаң,  ақылыңнан  адасып,  асыл  жарыңды  "албасты 
көргендей" бас салатыңды шығардың, онық қалай? 
- "
Қымызды кiм iшпейдi, қызды кiм айттырмайды" дегендей iшпейтiн жан 
көрсем,  көзiм  шықсын.  Ал  əйелге  келсек  үй-iшi  ғой...  Ұрсамыз,  қайта 
табысамыз... Онда тypғaн не бар? 
 
Аштық не жегiзбейдi, 
Мастық не дегiзбейдi?. 
Ақшаң болса қалтаңда, 
Арақ iшiп, талтаңда!.. 
Ошан "шаруаң болмасын" деп жүрiп, шатақ шығаруын қоя алмады. 

Ошан, байқа! Кеше кердеңіңдi тия алмай, келiн, балашағадан ұялмай, 
удай мас болып, сұлап тұстiң. Шалбарың шешiлiп, абыройдан жұрдай болып, 
аузыңды  ит  жалап  жатқан  жерден  достарың  əзер  тұрғызып,  үйiңе  жеткiзiп 
едi.  Үмiтсiз  екенсiң!  Жалғыз  қызыңды  "жаhаннамға"  аттандырмақ 
"
мақсатыңды" жариялап, əке- шешеңнiң үрейiн  ұшырыпсың, бұл қалай? 

Онда  тypғaн  не  бар?  Мастық  не  дегiзбейдi?  Ошанның  ойсыз  көзi 
ежiрейiп,  мысық мұрты  едiрейiп  кетті.  Арақ  пен  темекінің  ащы  иiсi  мүңкiп 
тұр денесiнен. Ол ырықсыз ыржалаңдап күлген болды, "кihe" деген үн тiлiнiң 
артында қалды. Қағысқысы келгендей қабағын тағы түйiп алды. 

Осы  сендердiң  менде  не  шаруаларың  бар?  Ақылгөйсiмей  жөндерiңе 
жүріңдер! Əйтпесе, жақсы болмаймыз! Вот! 
Ошанның  жағы  кусырылып,  езyi  көбiктенiп  кеттi.  Ендi  бiр  сөз  айтсақ 
тарс  кетуден  тайынатын  емес.  Жүйкенi  аздырған  жүз  грамдар  "жынын" 
келтiрiп,  сайтаны  сабалап,  ашуын  қоздырғанын  көрдiк  те,  жым  болдық. 
"
Үндемеген үйдей пəледен құтылады". . 
Ол eндi ақ сүт берген анасына да тiл тигiзiп, əкеге-шабуыл жасайтынды 
шығарыпты. Ecтiген  елден  ұят-ты.  Құлқыны  құтырған  екен,  бұған  ашық 
айтпасақ болмас. 


Ей,  Ошан,  араққа  ақылыңды  айырбастап,  өз  айеліңдi  өлтiргелi 
жатқанда,  шырылдап apaғa  тұскен  анаңды  неге  тiлдедің?  Қаны - 
жүрегіңде, cүтi - сүйегіңде!  Анадай  ардақтыңды  налытқанша,  арағыңа 
қақалып мүрдем кетпейсің бе! Aғайынның намысын келтiрдің! 

Не  дейсің,  ей?! – деп,  Ошан  сұрланып  қалш-қалш  етiп, eкi  қолын 
ербитiп,  орнынан  осқырынa  тұрды.  Төбелесуге  дайындалып, 
шатқаяқтанып, аузына келгенiн құсып, бураша шабынды. 
- K
өpceтeмін сендерге! Қадiрдi бiлмейтiн қараниеттер! Мен сендерге 
еден  cүртeтiн  шүберек  емеспiн,  байқап  сөйлеңдер!  Сөйлей  бiлмеген 
ауыздан менің... 
Бiз бейбақ жаннан шошыдық. "Пəледен қашайық  та қашып құтылған" 
ғой. Бiз Ошаннан бұл жолы əрең қашып, құтылдық. 
Опасыз  ұлдан  опық  жеген  əке  назаланып,  күйiнiп  тұр.  Оның 
Солтанбек досы шыдай алмады. 

Əй,  Ошан,  самбо  не  теңің,  сайтан!  Əйеліңмен  екеуіңнің  қымкүыт, 
опыр-топыр  төбелесіңнің  арасына  тұскен  акеңе  не  бетіңмен  "самбо" 
қолдандың? Аялап асырап, жанын жалдап есірген  əке - отбасыңның пiрi 
емеспе?  О,  пiр  атқыр!!  Бiздің  ата-бабаларымыз  мұндай  қылмысы  үшiн 
айыптыны талақ етiп, аластап жiберетiн. Адам баласы естiмейтiн қылмыс -
мынауың.  Сен  жаудан  да  жаман  болдың.  Бұрынғы  дəстүрдi  де,  қазiргi 
заңды да аяққа бастың, адам емес екенсің. 
Ошан  бұл  жолы  "бұлтара"  алмады. "Ендi iшсем  құдай  төбемнен 
ұрсын  деп  аузын  жыбырлатты.  Күрк-күрк  жөтеледi - темекіci  ғoй, 
дiрiлдеп-қалтырайды - apaғы  ғoй.  Ендi "iшсе  Ошанның  құдай  тебесiнен 
ұратыны" - ақиқат... 
 
 
АЯҚ 
 
Қазақта  аяқтан  кеп  нарсе  жоқ.  Ажырасаяқ,  жолаяқ,  келераяқ,  кетераяқ, 
досаяқ...тағы қандай аяқ керек?! "Баста ақыл болмаса, eкi аяққа тыным жоқ" 
дегендей, мен демалысқа шыққалы "аяқ" кебейiп кетті. 

Ажырасаяғыңды жаса! - дедi Қожбан гүжiлдеп. 

Ажырап қайда барады дейсің, қайтып қазығымды табамын ғой, Қоқа! 

Үйден  Қырық  қадам  шыққан  соң,  меймансың,  бiр  ай  болса  да, 
арамыздан ажырап барасың, ажырасаяқ!.. 
Алыстағы  шипажайға  барып,  демалып  қайту  үшiн,  ажырасаяқ  жасап, 
жанымды  отқа  да, cyғa  да  салып,  күндiз-түнi  тыным  таппай  тымпылдадым. 
Қожбандар  болса,  карта  ойнап,  қарқ-қарқ  күлiп  арағымды  iшкен  сайын 
сампылдай сөйлеп отыр. 
 - 
Алысқа  аттанып  барасың,  қылша  мойныңда  қыл  арқан  кетпейтiн 
болды, жолың болсын, алып қой! 
 - 
Барған жеріңде бақытты болып, семiрiп қайт! 

 - 
Қарның қампайып, бетің ай табақтай болсын! Сол үшін! 
 - 
Асыл алмағанда, өлгенде аласың ба? Тартып жiбер  батпақтың 
даласына! 
 - 
Түбімен көтер, шайнаманы өзiм дайындап тұрам! 
 
Қайран  мырзалық-ай!  Дүниеде  өз  арағың  мен  өзіңдi  зорлаған  жаман 
екен! Мойным босап, желкем түсіп , жүрегім  алқынды. 
 - 
Арақ деген албасты маған жақпаушы едi... 
 - 
Тайт, "зəмзəм" суын  тiлдеме, өліп  кетсең, құныңды  мен төлеймін , 
тарт! - дедi Қожбаң 
Қожбанның  көзi  қызарып, eкi  езyi  көгеріп,  кепiрiп  тұр,  салпақ epнi 
салақтап, бiр-бiрiне жуыспайды, осы бiр құрдасымның тiлiн алмасам, майып 
боп кетер. 

Бəріңнің денсаулығың үшін!.. 

Ей, ең алдымен өз денсаулығың үшін көтер!.. 

Өз денсаулығым  бұзылайын деп тypғaн жоқ па? 

Осыны  көтерсең,  ойнақтап  кетесің!  Жаның  жадырап, iшек-бауырың 
елжiреп кетпесе, əкел қолыңды! 
Ажырасаяқтың  асы  абыр-дабырлы  болатыны  белгiлi.  Мен  тостақты 
көтерген де у-шу да, қошемет те, əн де көтерiлiп, үй iшi азан-қазан болды да 
кетті . Бiреу алақандай аузыма  қазы тосады, бiреу қияр, бiреу қымыз, бiреу 
нан, бiреу сыра, не керек шайнама ұсынушылар көбейiп кетті . 
Me
нi Қожбандар жолға шығарып салды, билет ала бергенде , ол аузын 
арандай ашып, есiнедi де, түнiмeн араққа ұрынып iciнген боржық бетiн сипап 
алды, көзi жасаурап: 

Ал, Шолан, жолың болады екен, билеттi кедергi, кесiрсiз алдық! - дедi. 
- I
лəйiм, айтқаның келсiн! 

Ей, баяғының молдаларынша "iлейi-біллейi" демей, ырым жаса! 

Қандай ырым? 
- "
Берместің бiлмесi көп"... Жолаяқ кəнi... 

Жолаяқ жасайын, бiрақ менi iш деп... 

Е, немене болып қалды? 

Кешетi зорлаудан соң, жұмыршағым... 

Сенің , жұмыршағың  бiр  ит  жұмыршақ  екен,  өзiмiз  түйенi  түгімен  
жұтсақ та, жұмыршатымыз арыз айтып көрген емес!.. 

Жарайды, сен үшін бiз көтеремiз!.. 
Достар "көтердi". Meнi жолға шығарып салды. 
I
шек-бауырым iбiлжiп, қарным құрысып келсе де, куpopттaғы таза ауа, 
шалқар теңiз, масаты тау, мөлдір  аспан мені бiр сергiтiп тастады. Палатаның 
eci
гін  ашпастан-ақ  ағайындарыммен  ақж:арқын  амандасып,  көңілім  көкке  
жеттi. Бөлмеме орналасып, есiктен шыға  берсем, eкi жолдас тосып тұр. 

Жүр, бiзбен дəм татып қайт! 
 - 
Куаныштымын! 
Салтыңнан  садаға  кетейiн  ағайындар-ай!  Дүниеде  сыйласудан  артық  

не  бар!  Сыйласу    жолына  басымды  да  аямас  eдiм. Eлжiрей  елпектеп, eкi 
жолдастың  соңынан  ерiп  кеттiм.  Сəн-салтанат,  ду-думан,  сеулеттi 
ресторан!.. 

Құстың cүтi де табылады бұл жерде! - дедi жуан қарын. 

Не қалайсыз? - дедi кең маңдайлы кербез жiгiт. 
 - 
Жұмақты сiздермен бiрте көрейін ! 

Табылған сөз! Əкел жұлдыздан! 
 
Алдымызда - жұлдыз, аузымызда - "бiр жүз", балқып отырмыз. 

Келераяқ! Алып қойыңыз! 

Сiздер үшін бiрер күн ауыратын болдым, сондай сойқаным бар... 

Ешнерсе етпейдi, емделуге келдiңiз... 

Бұл жердегi дəрiгерлер кеселдің аяғын аспаннан келтiредi. 

Досаяқ! Алып қойыңыз! 

Жұлдыз iшсек - күндiз, iшпесек - түн! Iшпеу-мін!...  
Айым  туып,  жұлдызым  жарқырап,  бөлмеме  бөртiп  келдiм.  Аяғыңнан 
айналайын ағайын.. Бiрақ ертесіне  есеңгіреп, басым меңгiрiп, iшек-қарным 
қабысып,  жүрегім    қарайып  қалыпты.  Жұмыршағым  ойран  салып  тұр... 
"
Дəрiгерге не бетiмдi айтамын?!." 

Аузыңызды  арақтан  тыймасаңыз,  ауруыңыз  асқынып  кетедi! - дедi 
дəрігер  ертесiнде. 
 - 
Олла -билла, арақ татсам қыршын жаным қиылып кетсін! 
Жүрегім  аузыма  тығылып үш күн, үш түн ұйқымнан ажырадым. Шыр 
бiтпеген шыр тақыр денемнен əл кете жаздады. "Əй, ендi татпаспын!".  
Менің,  кiлмиiп,  кінəраттанып  жүргенiмдi  көрiп  жолдастарым  қиылуды 
қысқартты. 
 
Талай "аяқтардан" қағылдым. Əй, денсаулық-ай! 
Емделіп , eciм кiрiп, ауылға кетерде жолдастарым: 

Жолаяқ, кетераяқ жаса! - дедi. 

Жолаяқ бермеген адамның жолы болмайды! 

Кетераяқты кешiктiрмей жаса! 

Мен "жолаяқ", "кетераяқ" жасадым. 

Аман-есен  əйел,  бала-шағаның  жүзiн  көрiп,  бақытқа  бөлен! - дедi 
достарым. 
"
Үзiп-татып" дегендей, антты бұзып, жұлдыздан жұтып алғанымды өзiм 
де  байқамай  қалдым.  Не  керек  аяқтарды  атқарам  деп  жүрiп,  асқазанымның 
ec
кi ауруын қайта қоздырып алдым. Сырқат адамның жол жүргенi оңай ма, 
бауырым жүдеп-жадап, ыңқыл-сыңқылды күшейтiп, үйге зорғадан жеттiм-ау, 
əйтеуір.  Аяншақ  жанымды  азапқа  салған  айналайын  аяқтар-ай...  Ендi  үй-
i
шiне не деймiн? 
 
 
 
 

МЕН ҚАЛАЙ ОҚЫДЫМ
 

Адам eci кірген  соң, балалық шағындағы  шалалығы еске түсіп  өкiнедi 
екен,  рас  айтамын! – деп,  тракторшы  Жақып  бармағын  шайнап  отыр.  Сом 
денелi қара божыр жiгiттің танадай көзi жалт-жұлт етедi. Өзiнің оты бар жiгiт 
сияқты. 

Бəрi  де  өзiмнің  кенеттен  қырсығуымнан  болды.  Алтыншы  сыныпта 
оқып  жүргемін.  Бiр  күнi  кешке  дейiн  футбол  теyiп,  математикадан 
тапсырманы орындауды ұмытып кетiппiн. 
Келесi  күнi  Сара  апай  үйге    берілген  тапсырманы  тексере  бастағанда, 
қыпылықтап отырмын еш нəpceнi елемеген болып, терезеге қараймын. 
 - 
Жақып, тaқтaғa шық, дəптеріңді  əкел! - дедi мұғалiм. 
 
Мен мең-зең болып, не дерiмдi бiлмей мелшиiп тұрмын.  
 - 
Кəне бол! Неге мелшиiп тұрсың?! 
 
Менде  үн  жоқ.  Тек  мұрным  пысылдайды.  Қалай  екенін  бiлмеймiн, 
мұрныма  су  келе  бередi,  мен  "бырқ"  етiп,  мұрнымды  тартып  қоямын...  тер 
одан да кeттi, бұдан да кеттi. 
 - 
Жақып, тiлің бар ма? Неге жауап бермейсің? 
 
Мұғалiмнің "тiлің бар ма?" деген сөз намысыма тиiп, бiр сəтте iшiмде 
"
төңкерiс" пайда болды. 

Тiлiм бар, апай! 

Тiлің болса, неге жауап бермейсің? 

Жауап бермеймiн. 

Отыр! "Eкi!" 
Мұғалімнің зекiп сейлеп, "eкi" қоюы менің ашуымды  келтiрдi. 

Отыр! - дейдi  мұғалім.  Мен  отырмай  қойдым.  Оқытушым    он  рет 
ескертiп, жүз рет талап етсе де, есеңгіреген  адамша, қақшидым да қалдым. 
Ұстаздың  жаны  тeмip  емес  қой,  ол  кiсiнің  де  ашуы  болады  екен  сабақ 
бұзылды. 
Сол күннен бастап, мардымсып, математика сабағына қарамай қойдым. 
"
Шопанның  таяғы  тиерде  қой  құтырады"  дегендей  мен  құтырдым.  Менің 
кecipiмнeн, бүкіл  сыныптың математика сабағы сан рет бұзылып, бағдарлама 
орындалмай қалды. Ендi ойласам "настоящий" қырсық eкeнмін. Бiр күнi Сара 
апайдың шыдамы таусылып, менi директордың алдына алып келдi. 

Мен  Жақып  отырғанда,  алтыншы  сыныпта  сабақ  еткiзе  алмаймын! – 
дедi,  ол  кici  қалтырап-дiрлдеп.  Оқытушымды  осынша  азаптағаным  үшін, 
кейiн ойласам, өзiмдi-өзiм жеп қойғым келедi. Рас айтам!.. 

Жақып не iстедi? - дедi директор. 
Мен директордың сабағын жақсы оқитынмың.. "Мұғалiм маған  əділдік 
i
стей алмай жүр" дегендей, жалбарына қарап eдiм, директор ағай менi аяған 
сияқты. 

Бұл түк бiлмейдi! Мұның мына басына математика енбейдi! - деп апай 
басымды нұқып қалды. Қайтсiн, мұғалімдi шырытдатып, шыдамын тауысқан 

өзiм  екенiмдi  сол  кезде  сезiнсем  ғoй,  мына  басымды  оның  табанына  салар 
едiм. Мен қайта айбат шегіп: 

Басымды шұқымаңыз!! – дедiм, көзiм аларып, танауым кеуiп тұр. Ендi 
бiр нұқыса, оқытушының жүрегiн жаралайтын сəлекет сөз аузымнан шығып 
кетуі мүмкін едi. Апайым ақылына келдi. Директорға үнсiз қарап, "көрдіңiз 
бе?" дегендей болды. 
 
Мектеп  директоры  оңаша  алып  қалып,  мейiрлене  əңгімелесiп,  қанша 
ақыл айтса да, мен «көнбей» қойдым. 
 - A
ғай, мен Сара апай тұрғанда математика сабағын  оқымаймын!!-
дедiм. 
 - 
Е, неге? 

Ол  кici "сенің  басыңа  есеп  қонбайды"  деп  баяғыда ақ қорытындысын 
шығарып қойған, ендi балалар мeнi "есеп бiлмеген- есек» деп келеке eтeтін 
болды... 
 - 
Жақып, сенің қабiлетiң жақсы. Алтыншы сыныпқа дейiн есептен тəyip 
үлгерiп келіп, ендi мұның қалай? 
 - A
ғай,  алгебра,  геометрия  дегендеріңiз  миыма  кiрмей  қойды, - деп 
өтiрiктi соқтым. 
Ендi  апайым  маған  назар  аудармайтынды  шығарды.  Кейде  тaқтaдa 
есеп  шығара  алмай  тұpғaн  досыма "Iлдебаймен"  көмек  керсетiп 
отырғанымды көрiп қалып, үмітпен  мені тақтаға  шығарса, аузын буған 
өгiзге  ұқсап,  мұғалімге  лəм-мим  демей,  мелшием  де  қаламын,  мeнi  де 
сондай "жын" ұрды. Адам қырсыққанда ақыл  безіп кетедi екен.  
 - 
Қырсықпай, мұғалімге дұрыс жауап бермейсің бе? деп əкем безектедi. 

Мұның осындай албасты мiнезi бар, бiр қырсықса, қайтып жөнге түcipy 
қиын бұл екестіні! - деп шешем жылап -еңiредi. 
Менде  үн  жоқ.  Мелшиiп  тұрамын  да  қоямын,  тiптi  əкем  бiр  рет 
шапалақпен тартып-тартыш жiбергенде,  мен мыңқ еткен жоқпын,не азап 
десеңшi?!  Шынында,  ол  кезде  миым  дұрыс  жұмыс  iстемейтiн  кеңкелес 
болсам керек. 
Алтыншы  сыныпта  барлық  сабақтан  "төрт"  пен  "беске"  үлгерiп, 
математикадан "eкi"  алдым  да,  орнымда  қaлды.м.  Ұстаздарым  күзге 
қалдырған  болды.  Көктемде  жауап  бермеген  адам  күзде  ауыз  аша  ма? 
Қасардым да қалдым. Қағынып, не бiтiрдiм сонда?! 
Ары ойлап, берi ойлап, директор мені кəсiптiк училищеге жiбердi. Рахат 
сонда  болды.  Барлық  сабақтан  жақсы  үлтерiп,  тiптi  математиканы  да 
ұшпағына жеткiзiп, тракторшы деген мамандық алып келдiм. Бұған да шүкiр! 
Ұлағатты  ұстаздарымды  сонша  азапқа  салып,  ата-анамды  кейiтiп, 
қырсықпағанымда  осы yaқытқa  дейiн  жоғары  бiлiм  алып,  бiр  ғылымның 
пұшпағын  ұстайтын  едiм.  өз  обалым  өзiме!  Айналайын  апайды  ойласам, 
қазiр  де  аяймын  сонша  "стараться" eттi,  мен  өтесіне  шыға  алмадым.  Бұл, 
просто,  адамдық  емес,  өзiме-өзiм icтедiм.  Соны  ойласам, iшiм  ашиды!.. 
Өкiнiштен  жаман  нəрсе  бар  ма?  Алғашқы  кезден  ақылың  кірмеce,  осылай 

опық жейдi екенсің! 
 - "
Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап" деген осы да, -дедім мен. 
 
Жақып басын изеп, тағы да бармағын тicтедi 
 
 
МЫРҚЫМНЫҢ ШЫРҚЫ 
 
Қайшы  мұртты,  қорғасындай  мығым  денелi,  осы  бiр  қызыл  шырайлы 
жiтiтпен мен абитуриент кезiмде таныстым. Өзi сөзге сараң, мiнезi салмақты 
e
кен. Үйлi-баранды үлкен жiтiт əуелден-ақ əмпей-жəмпей əңгімелестi. 
 - 
Е,  бала,  сен  ауылшаруашылығын  өркендету    үшін  осы  "нархозға" 
келдiм де... дұрыс... дұрыс. 

Амандың  болса,  комиссияның  сұрыптауынан  өтсең  арманға  жетсек,  
шаруашылықты шалқытпасақ та, өз үлесiмiздi қосармыз... 
Жiтiттің  аты  Мырқы  екен.  Мойылдай  қара  мұрты  қарлығаштың 
қанатындай ұшқырланып, өзiнің қоңырқай жүзiне, танадай қоңыр көздерiне 
жарасып  тұр.  Ол  екеумiз  жəмпекей  жақындасып,  тiптi  жатақханамызды  да 
бiрге алып, тұрып, жете бiлiciп, жекжат болып кеттік. 
Оқу жылының алдында шаруашылық  жұмыста болып, Мырқымың қара 
жұмыста  қайыспайтын  белдi  де,  белсендi  еқбеккер  eкeнінe  көзiм  жетiп, 
көңілім өсiп қалды. 
Оқу жылының алдында шаруашылық  жұмыста болып, Мырқышың қара 
жұмыста  қайыспайтын  белдi  де,  белсендi  еқбеккер  eкeнiнe  көзiм  жетiп, 
көңілім өсiп қалды 
Мен  онымен  өмірімде  ренжiспейтiн  дос  болдым-ау  деп  мəз  болып, 
арымнан  жарылып  жүр  едiм,  оқу  басталған  күннен-ақ  ол  "сырын"  бiлгiзiп 
қойды. Мырқым оқытушының лекциясына құлақ асатын емес. Бəрiмiз сабақ 
тыңдап,  конспект  жазып  отырғанда  ол  не  сұқ  саусағын  сорып  отырады,  не 
қыздарға  хат  жазып  мəз  болады.  Бiрде  оқытушы  оның  қыздарға  жазған 
"
сəлем  хаттарын" ұстап алды. Хатта "сен маған  ұнап қалдың", "лекциядан 
соң бұрышта көздесейік деп жазыпты. Оқытушы хатты басқа бiр студентке 
оқытып,  бəрiмiздi ұялтты.  Əcipece  қыздардың  бетi дуылдап,  оларда ыза-кек 
пайда болды... 
 
Оның  лекцияны  тыңдамай,  конспект  жазбай  отырғанын  көрген 
оқытушы əдеппен: 
 - 
Сiз неге конспект жазбай отырсыз? – деп, бiрде сұрақ қойып қалды. 
Ол болса ойланбай-ақ жауап берiп: 

Мен бəрiн де басыма жазып аламын, ағай, - деп қалжыңға айналдырып, 
қарқ-қарқ күлдi. Бiз ыңғайсызданып қалдық. 
Оның осындай оспадар құлығын көріп мен қысыламын, ол инабат, əдеп, 
ұят  дегендi  азайтып  барады.  Оқытушының  сабыр  сақтап,  оның  қаскей, 
қacтeкi  мiнезiне  қарсы  келмейтiнiне  мен  таңғаламын.  Ол  ол  ма,  қыздарғa 
қырғидай  тиiп,  елтiдей  "мен ceнi  сүйемiн"  деп  жабыса  кететiндi  шығарды. 

Жатақханада  жарты  той  жасап, iшiмдiк  үйымдастырып,  күнде  мазамды 
кетiрдi. Ақыры менің "тiлiм" шыкты. 

Мырқым,  бұл  болмайды...  Сабаққа  зейiн  қойып,  семестрге 
дайындалайық. Амандық болса семестр жақын... Сен ендi студентсің, əлгi... 
лекция үстінде сен бiздi ұятқа қалдыра берме... Былай... 

Е,  бала,  сен  де  маған    ақыл  айтатын  болдың  ба?  Ақылың  артып  бара 
жатса, қалтаңа салып қой, кейiн өзіңе керек болады. 

Мен..  былай...  Бiле  білсең,  мен caған  жанашыр  доспын  үйіңде  үш 
балаң мен ақ ару зайыбың, əке-шешең ceнi мақтан тұтып, оқып тындырып 
жүр деп, мəз болып отыр. Меніңше... былай... 

Е,  бала,  сен  "ақылды"  екенсің.  Аздап  ақылдан  тандырып  алмасам, 
талантың тасып кетiп, төгілiп қаларсың... əкеңді танытып... 
Ол  ожарланып,  ашуын  баса  алмай,  жер-жебiрiме  жетiп,  жағамнан  ала 
түскенде,  не  дерiмдi  бiлмей  қалдым,  тамағымнан  қылқындыра  қысқанда 
көзiм  қарауытып,  мұрнымнан  қан  кеттi.  Бiздің  достығымыздың  арқауы  бiр 
сəтте шорт үзiлдi. Мен сол күннен бастап күрстас жолдастарыма ұқсап, тiптi 
оның  атын  да  атамайтын  болдым.  Ол  бiздің  арамызда  "мұрт"  аталып  кеттi. 
Қыздар неғұрлым "мұрттан" аулақ жүретiндi шығарды. 
Əке-шешесi мен əйелiнің апта сайын салған ақшасын үрiп iшiп, шайқап 
төгiп,  əлемiш  киiп,  əңгiленiп  жүрген  Мырқымның  ырқын  табатын  ешкiм 
болмады.  Ол  жөн  айтқанда  жөргегiнен  бұзылған  сөз  айтады,  достың 
керсеткенге кертабандап қарсы шығады, досқа қастанып, тісін басады. 
Сөйтiп  сəлекет  мiнез  керсеткен  Мəкең  семестр  келгенде  секендей 
бастады. Ол ендi мұздай киiнiп, қыздай сызылып, оқытушының алдында өңi 
бұзылып, өзгеше қызынып: 
 - A
ғай,  бала-шаға,  əке-шеше  бар...  Сiз  жақсы  баға  қоймасаңыз,  мен 
оларға не бетiмдi айтамын, - дедi. . 
 - 
Баға бiлiмге қойылады... Ойланып, оқып келіңiз, болмай тұр. 
 - A
ғай  ендi...  нетiп...  Сiз  қандай  баға  қоям  десеңiз  де,өз  еркіңiз  ғoй. 
Ендi... 

Мен  бағаны  жоғарылата  алмаймын  реальный  баға  қанағаттанарлық, - 
деп оқытушы оған жылы шырай керсете қоймады. 
- A
ғай,  ендi  ол  не  дегеніңiз?  Онда  мен  степендия  ала  алмай  сорлап 
қаламын ғой... Е, бəсе... Ендi... Бiр "хорошоны" қиыңыз. 
 - 
Келешектi кеш ойлап, өкiнiште қалдыңыз... 
Ол  қанша  жалдырап,  көзiн  бозартып,  сөзiн  ұзартса  да  оқытушы  бiрер 
қосымша  сұрақ  қойды  да, "мəнicіңiз  нашар  екен"  деп,  оның  бiлiмiн  дұрыс 
бағалады. 
 
Мырқым ашуға бұлығып: 

Е,  мен  тəуiр-ақ  дайындалып  едiм,  оқытушы  сараң...  Мына  пəн  өзi 
диямат емес, қиямет екен, - деп аудиториядан алабұртып, "шындық жоқ" деп 
шиқылдап шықты. 
"Ti
рeктi  адам  жүректi"  дегендей,  алғашында  таныс  ағаны  араға  салып, 

бағамды  түзетiп  аламын  деп  ойлаған  Мырқымның  ендi "қияметi"  көбейiп 
кеттi.  Өткiзе  алмаған  сабақты  студенттер  "құйрық"  дейдi. Mыpқымның 
"
құйрығы"  көбейдi,  ендi  институттан  шығару  туралы  ректордың  бұйрығы 
қашан болар екен деп, жүрегi күптi болып, қыпылдап жүр. Мұрты жыбырлай 
бередi... Мен оны көргенде, алаңғасарлығы үшін аяп, арсыздығы үшін ұялып 
жүрмiн құдай сана бермесе, жаман болады екен. 
 
 
 
М+ММАХАББАТ 
 
"
Орынсыз  тiрлiк  опасыз  жаумен  тең"  деген  рас  екен.  Мен  қара  танып, 
хат білгелі, көз алдымдағы заттарды шұқылап, оған өз атымды жазyға құмар 
болдым. Кейiн ес кiрiп, есейтен шақта махаббат сезiмi билеп, кез келген затқа 
атыммен сүйген қыздың eciмін қосарлап жазып қоятынды шығардым. Ол ол 
ма, онбірінші сыныпты бiтiрместен-ақ менде кейбiр "жазғышқа" елiктеп қыз 
мүсінін,  қара  қасты  қарақат  көздердің  шырпыдай  кiрпiктерiн  қайқайтып 
салып,  көрінген  жерге  шимайлайтын  сайтан  мiнез  пайда  болды.  Ал 
инститұутқа келгелi, Мархабат атты айналайын айдай қыздың бейнесiн парта 
бетiне айнытпай салып, кейде өзiмнің де пошымымды оған жақындастырып 
бейнелейтiн  болдым.  Ықыласыммен  салған  суретiмнің  астына  "Мақан+ 
Мархабат= Махаббат" деп жазатын əдетiмдi қайтесің?!. 
Институт  аудиториясында  көбiнесе  лекция  қызығынa  батып  отырасың, 
ондайда  Мархабатымның  тек  бет  бейнесiн,  немесе  түп-түзу  балтырына 
жалғастыра  бiз  өкше  туфли  киген  аяғын,  кейде  кербез  кеудесiн,  не  қыпшa 
белiн ғана салып, мəз болдым. Менің өз атымды жазбайтын жерiм жоқ, кiтап 
бетi, парта жақтауы, стол үстіi, орындықтың арқалығы, жолға шыға қалсам, 
автобустың кез келген жерi, трамвайдaғы орындықтар, вагондағы сəкiлер мен 
төсектер... Қанша мың затқа таңба салғанымды өзiм де бiлмеймiн.  
Мектепте  жүрген  кезiмде  осы  бiр  оспадардық  қылығым  үшін  сан  рет 
ескерту, сөгіс, ұрыс eстідім. Қолымды тыю үшін aқын ағайдың: 
"
Партаға да Қарабай, 
Kap
тaғa да Қарабай 
Жазған ойып бұл жазу  
Жазылмайтын жарадай" – 
 
деген тақпағын жаттап алдым. Бiрақ ауру қалса да, əдет қала ма? Жоғары 
оқу  орнына  келген  соң,  тiптi "өнepiм"  тасып,  ойып  өрнектеу,  қырнай  жазу 
"
өнepiнe" құнығып кеттiм. 
Бiр  ғұламаның  "не  нəрсеге  орынсыз  көп  əуес  болсаң,  соғұрлым  содан 
соққы  көресің"  деген  сөзiн  оқығаным  бар.  Мен  соққының  сойқанын  ендi 
көрдім. Бiрде декан менi кабинетiне шақырып алды. 

Мақан, сен жақсы оқып жүрсің, биязы мiнездi бiлiмдар жiтiтсің, мaғaн 

көпшiл мiнезің, жалықпас iс-əрекетің ұнайды, - дедi. 
 - 
Оқасы жоқ, ағай. Бiреуден iлгерi, бiреуден кейiн, əлiмiз бен халiмiзте 
қарай... 
 - 
Бiрақ... Сен үлкен қылмыс icтепсің... 
 
Оның келбеттіi жүзi сұрланып, кең маңдайы құрысып кеттi, аласы мол 
үлкен  көзi  шатынап, Meнi  кiшi  залға  ертiп  келдi. "М+М=Махаббат"  деген 
жазуды керсеттi. 
 - 
Мына жазуды танисың ба? 
 
Жазуды сұрлана тұрып, ұрлана қарап, көзiммен сүзiп шықтым. 
 - A
ғай, оңбайын, оллаhи, қыршын жаным куə... мен емес.. . 
Қапелiмде  даусым  қатты  шығып,  жұтқыншағым  жыртылып,  бөпешiгiм 
бөлiнiп  кете  жаздады.  Мүбəрəк    адамдай,  мүлəйімсіп,  түрімдi  қайтадан 
жылыта қойдым. 
Декан ағай мені аралатып, алуан түрлi жазуларды керсеттi. Арқалығы ақ 
қайыспен  қапталған opындықтapдa  сурет,  жазу,  есеп,  формула,  белгi...  не 
пəленің бəрi бар... 
 - A
ғай, сеніңiз, мен мұндай тағылыққа бара қойған жоқ шығармын.. 
Ол  кici  тұнжырап,  мені  үлкен  залға  ертiп  келдi.  Онда  парталарға  ойып 
жазылған  есiмдер  көп  екен  бiрден  "Мақан+  Мархабат=  Махаббат"  деген  өз 
жазуыма  көзiм  түсіп, iшiм  өтiп  кете  жаздады.  Өзегiм  өртенiп,  өзiмдi-өзiм 
ұстай алмадым. Aғайым жазуды нұсқады. Жүрегім  зулап, өз таңбам көзіме 
шоқтай басылды. 
 - 
Жалғыз мен емес қой, ағай, - дедiм, басқа сөз таба алмай. 
 - 
Əрине.  Бiрақ  бiз ceнi  ғaнa  тауып,  мəселе  көтеріп  отырмыз.  Бұл - 
қылмыс. 
 - A
ғай кешiріңiз. 
 - 
Қылмыс  кешiрiлмейдi.  өткен  жолы  шет  елден  келген  меймандарды 
осы "жазулардың" кecipiнeн аудиторияға ендiре алмадық... 
 - 
Мен ендi, өзiм бүлдiрген заттарды, нетiп... түзеп берейiн.. 
 - 
Бұл - ауыр  қылмыс!  Елден  ұят.  Өткен  жылы  осындай  жазулардың 
кecipiнeн талай бұйымдар есептен шығарылды. 
Ол - қыруар  ақша.  Егер  ол  қаражатты  бiр  адамның  қылмысы  деп 
есептесек айыпкер ату жазасына кесiлер едi. 
Намысты өкініштен тұла бойым дуылдап, өзегім өртендi. Ұят-ай! қоғам 
мүлкiн көздің қарашығындай сақтаймын деген сөзiм, жаннан қымбат арым, 
азаматтық  намысым  қайда?  Судың  да  сұрауы  бар.  Ал  мен  өзiм  оқитын 
қасиеттi  орынның  қанша  мүлкiн  бүлдiргемiн,  сұмдық-ай?!  Санасы  соқыр, 
көкірегi кер адам да мұндай қылмысқа бармас. Бұрын неге өз қылмысымды 
ажыратa бiлмегенмiн?! Бұрын санам жетпегенi ме? 
 - 
Қылмысыңның үкімін студенттердің жалпы жиналысы мен қоғамдық 
сот шешедi... 
 - 
Масқара  болдым,  ағай,  одан  да  окудан  шығарып  жiбергендеріңiз 
дұрыс болар... 

Жұртым-ау, Мархабатыма не бетiмдi айтамын.. Түнде үйқы, күндiз күлкi 
жоқ, сот сарабына түскенге дейiн-ақ азапты уайыммен аурулы болдым. Азан 
досым: "Ұсақ -түйек нəрсеге осынша күйiнiп күйреме" деп жуатады. "Ертең 
ел-жұрттың  алдында  не  деймiн?"  деп  ойласам,  отқа  түскендей  боламын 
Жүрегіме  алқынy  пайда  болып,  ауру  екенiмдi  дəлел  тұтып, "академиялық" 
демалыс алдым да, жаным барда, ауылға тарттым.  
Көптің  мүлкiн  қорлап,  адамшышықтан  осылай  шығып  қалдым.  Бұдан 
жаман қacipeт бар ма? 
     
ЕМТИХАН 
 
Бiздің  институттың  соңғы  күрсында  ерекше  еқбектенiп, "сорпасы 
шығып"  жүрген  студенттердің  бiрi - Бiрiмбай.  Осы  бiр  өткір  көздi,  қызыл 
шырайлы,  мығым  жiгiттi  достары  Платон  деп  те  айтады.  Өйткенi  ол  сөз 
кезегi  келгенде  фелсəфаның  көлiн  қопарып,  теңiзiн  сапырады.  Əшейiнде 
үнемі  күлiмдеп  жүретiн  момақан  жiгiт  бүгін  кейiс  бiлдiрiп,  əңгімесін  маған 
ақтарып отыр. 
 - 
Жұртқа  жақсылық  істесең  де,  істемесең  де  жакпайсың,-  дейдi  ол 
тершiген қырлы мұрнын бiр шүйiрiп қойып. 
 - 
Е, неге осынша кейiп отырсың? 
 - 
Арадан  қыл  өтпейтін  жақын  достарым  аяқ  астынан  шəлкем-шалыс 
назары... күстəна болдым, бұл кикiлжің женсiз бiр хикаяның кecipi. 
 - 
Сенің достармен кикiлжің болуың мyмкiн емес... 
 
Бiрiмбай тəптештеп, сыр шештi. 

Сессия  жақындап,  емтихан  өтер  алдында  бiр  бөлмеде  тұратын 
төртеумiз əбестiк жасап алдық, Асан досым өз мiнезiнің жеңілдігіне салып: 

Осы  өмiрдің  өзi – фəлсафа  емес  пе?  Бұл  пөннен  қинала  қоймаспыз... 
Басқа  емтиханға  дайындалайық,  ол  да  көп  уақытты  алады.  Ал  философия 
билеттерiнің сұрақтарына жауапты Бiрiмбай дайындасын, - дедi лыпылдап. 

Рас айтасың, Бiрiмбай əрбір сұрақ тұсына бiрер сөзбен айтар жауаптың 
негізін  көрсетiп  берсе,  арғы  жағын  алып  кетемiз, - деп  күлiмдедi  Досан, 
толқынды шашын бiр сипап қойып, менің арқамнан қақты. 

Бiрекеңе  философия  пішту  емес,  бұл  əрбір  сұраққа  жауаптың 
түйiндерiн  жазса  болды,  оқытушыға  сайрап  беремiз, - дедi  Хасан,  қиын 
болады-ау деп қымсынатын емес, күлiмсiреп тұр. 
Мен  күндiз  күлкiден,  түнде  үйқыңан  қалыm,  емтиханға  езіле 
дайындалдым.  Достардың  да  "домалақ"  қағаздарына  "негізгі  түйiндердi" 
жазып берiп, мiндетiмдi атқарғандай болдым. Арқамнан қағып, алақанымды 
сипап,  олар  маған    ризашытық  сезiмдерiн  бiлдiрдi.  Ендi  мінe,  емтиханнан 
соң, итəуре болған əрекетім босқа кeттi, кейiс-кесiрге ұшырадым. 
 
Емтиханнан Асан досым iштей ұлып, сырттай күлiп шықты. 
 - 
Қалай? "Халы" жақсы ма? - дедiм. 
 - 
Хальдің несін сұрайсың? Əшейiнде өте жақсы баға алатын мынау мен 

сенің "арқаңда" "қанағаттанарлық" деген қағынды бағаға ие болдым. 
 - 
Қалайша?!  Əу,  философияны  əжептеуiр  жақсы  бiлyшi  едің,  бұның 
қалай? 
- "
Эволюция - өсу" депсің де қойыпсың əлгі сұрақтың тұсына... одан əpi 
ұшан теңiз дəлелдеулер бар емес пе? 
 - 
Басын жазсақ, аяғын өзiм бiлемiн дегенің қайда? 
 - 
Басының тұқымы тұздай құрысын, аяғының тұқияны қалмасын! – деп, 
ол  бұлқан  талқан  болды.  Қалың epні  салбырап,  езуi  көпiрiп  кеттi.  Дөң 
қабақты қасы түйілгенде, бүкіл  əлемi түн жамылғандай болды. Бiраз түнердi 
де: 

Өзiме де обал жоқ. Ас iшiп, аяқ босатар ез емеспiн, "алма пiс - аузыма  
түс" деп құрғақ бағадан дəмелі болу ұят емес пе? 
Асан  берi  қарағанмен,  оның  ар  мен  намысына  тиген  "нашар"  баға 
жаныма батып тұрғанда, дедектей басып, дегбiрсiз сөйлеп Досан шықты. өңi 
өрт  сөндіргендей түтігіп  кетіпті.  

Аузымнан  қағынып,  шпарға  құштар  болдым.  Əй,  Бiрiмбай-ау 
"
революция – төңкерiс"  депсің  де  қойыпсың,  тiптi  болмаса  атам  заманнан 
берi  болған  ондаған  революциялардың  бiрнешеуiнің  датасын  неге  жазып 
қоймадың? Дүниеде мені дата сорлатты... Ұят болды. 

Өзің ғой, "негізін көрсетiп берсең, apғы жағын алып кетемiз" деген.     
- Ap
ғы  жағы  да,  бергі  жағы  да  құрысың.. "Қарнымның  ашқанына 
жыламаймын, қадiрiмнің қашқанына жылаймын" деген екен мен сияқты бiр 
алаңғасар. Жақсы үлгеріп жүрiп, жар басынан құлағандай болғанымды қара-
шы. Қара басқанда, қадiрің өстiп қашады екен. 
- "
Нешеуа" , - деп жуатқан болдым оны. 
 - 
Ей,  Бiрiмбай, "нешеуа"  не?  Степендияны  қайтесің?  Жеп  отырған 
нанықнан айрылсаң, жетicерсің? "Нешеуақңның" Kөкeci сонда болады... 
Асан  мен  Досанның  ортасында  аяушылық  пен  кiнəкepлiгiмдi  зорға 
көтеріп, зорығып тұрғанымда, мойнына су кетiп Хасан шықты. Байқаймын, 
i
шек-бауыры қан жылап тұр. Абыржып берекем кеткенін сездi ме, бiр жақсы 
жерi ол мені жуата келдi. 

Арымды сатып, caған алақанымды жайғаным ұят болған екен өзiмiзше 
де тiрлiк етiп, тiршiлiк жасаyымыз керек екен.. Сан мен сапа туралы целый 
роман етiп айтуға болатын едi, дайындалмағанымды керсетiп алдым... Қанша 
қақсасам да, "қанағаттанарлық" деген бағадан аспай қойдым. 

Хасан-ау, бiрдеңе жазған сияқты едiм ғой... 
- "
Сан сапаға айналады" депсің де қойыпсың, одан apғы нең  қайда? 
Қабағына қар жауып, кірпігіне мұз тоңған үш досымның ортасында қара 
терге түсіп, қалшылдап тұрмын. Дегенмен, достарым да өз қателерiн түсінген 
сияқты, достықтың қызыл  жібі үзілмесін деп үмiттендiм. 
Бұл оқиға дабыл көтеріп, дау шығаратын хикая болмаса да, төртеумiзге 
үлкен  ой  салды. "Аузы  күйген  үріп  iшедi",  ендi  бұдан  былай  барлық 
емтиханға ерiнбей, жалықпай дайындалатын болдық. 

 
ЖЕКСЕННІҢ ЖЕКЕШЕЛЕНУІ 
 
Алатаудың  баурайыңдағы  көшелерi  ақ  шағаладай  түзілген  бiздiң 
ауылдағы  жекешелендiрудi  Жексен  бастық  үйымдастырды.  Жоғарыдан 
нұсқау алып келген басшы ауыл азаматтарын жинап алып: 
- A
ғайын! Бiздi құдай жарылқады! Техниканы, ортадағы малды, үйлердi, 
қора-қоймаларды бəріңе  түгел бөліп берем. Қалаған жерлерiндi берем! - деп 
қарбыздай  қарнын  сипап,  кiсiмсiп,  ағайынға  қарамай,  аспанға  қарады.  Бар 
жақсылықты өзi орнатқандай өзгеше кейкидi. 

Ел  үшін  еңiреп  жүрген  ерсiз!  Сiз  үлкен  жақсылық  əкелдiңiз, - деп, 
Жапал жалпаңдап, "үлкен кicінi" үш айналыш, дегбір таппады. 

Е-е-е!  Ыыым!  Естiгемiз...  Ия!  Алла  жазса,  ата-бабадан  қалған  малды 
тұқымынан танып, бөліп  аламыз, - деп, кер мінездi керім шал сирек сақалын 
сипап, қатқан қара жүзiне қуаныш реңiн келтiргендей болды. 

Ал,  ағайын,  мынау  бастыққа  арнап  соғылған  зəулім  үй  мен  қора-
жайларды,  анау  eкі  жеңiл  машинканы,  бес-алты  жүк  машинасын,  сонау 
шыбырдағы  мың  гектар  суармалы  жердi  мен  аламын,  заң  бойынша, 
жоғарыдағылар солай ұйғарып отыр, - деп, Жексен қоңқыш мұрнын шұқып, 
"
тазалады", тəкаппарланып, танауын көкке  көтердi. 

Жеке,  елге  сіңірген  еңбегіңіз  көп,  оны  жоғарыдағылар  да  бiледi.  Сiз 
бəрiн алыңыз! Бізге қалғаны да жетедi! деп Жапал қаңбақтай денесiн ұстай 
алмай, ұшып-қонды, оның алақандай əжiмдi бетi мың құбылды. 
 - 
Барлық  тыхниканы  бөлшектеп,  бөліп    алындар! – деп,  бастық 
ырзалығын бердi. 

Ау,  туысқандар!!  Техниканы  бөлшектеу  қылмыс  қой!  деп  механик 
Мейрамбек дудар басын қос қолдап ұрып, өлермендей болды. 
- Heci 
бар?!  Ауыл  адамдарына  тең  бөлу  үшін,  техниканы  бөлшектеу 
қажет болады, - деп, Бiлдебай бiлгішсiнiп сөйлеп, қолын шошандатты. 

Ау,  туысқандар!!  Онда  техникаларды  бұзып, ic-қимылдан  жұрдай 
болып,  жұмыссыз  қаламыз.  Мына  заманда  техникасыз  өмiр-тiршiлiк  жоқ! - 
деп Мейрамбек қызарып сұрланды, оның қызарған көзi жасаурап кеттi. 
- Heci 
бар?!  Техниканы  жүргізетін  механик  болса,  бөліп    алған 
бөлшектерiмiздi  сатамыз.  Пусть  сатып  алсын, - деп,  Бiлдебай  тауып 
сөйлегендей  езуін  тартты.  Бiрер  жiтiттер  "шынында  солай  екен-ау"  деп 
қалды. 

Ау туысқандар, мынау "бөлшектеу" өзi бізге өзiмiз істеген қастандық 
емес  пе?  Еркiмiзге  қойса,  өстiп  құртып  жоя  беремiз  бе?! - деп  механик 
Мейрамбек жылап жiбердi. Бiлдебай epнін шығарды. 

Мейрамбек сен жылама! Бiлдебай бiлiп айтып отыр. Техниканы ауыл 
адамдарына  солай  бөлшектеп  бөліп    бермесек  дау-дамай,  талас-тартыс 
болады, - деп, Жексен жеткiзе айтқандай болды. 

Е-е-е! Aғайындар! "Жекешелеу" деген сөз ортадағыны ойрандап, бөліп  

алу  ғана  емес.  Оны  əрбiр  жеке  адамның  мүлік  иеленуі  деп  ұғыңдар. 
"
Бөлінгендерді  бөрi  жейдi"  деген  сөз  бар.  Бiрлiк  болмай,  тiрлiк  бола  ма?! 
Үлестерiндi  бiрiгiп  пайдаланындар.  Істе  ортақтаспасандар,  халық  болып 
қауымдаспасандар,  өмір  бола  ма?! – деп,  Күдерi  қария  отырғандарға  ой 
салды. Ұлататты сөзге ешкiм құлақ аспады. 

Ата,  бiздi "бөрi  жемейдi".  Жақсылыққа  жаңа  жеткенде,  ондай 
"
шешендiктiң  не  керегі  бар.  Жекен – дана  басшымыз.  Бiз  басшыны 
тыңдаймыз", - деп , Жапал жалпылдады. "Момындар" мойнын да бұрған жоқ. 
...
Ауылдағы техника бөлшектенiп, жиналмай, жоқ болды. Мал "бөлiнiп", 
базарға  жене  "бартерге"  кеттi.  Ортадағы  үйлер  кiрпiштерiне  дейiн 
бөлшектенiп,  бұзылды,  шағаладай  көшенiң  шаттығы  кеттi.  Пышылдақ 
сияқты  пысықтай  бастаған  иемендер  бiр  кезде  мол  қаржы  жұмсалып 
салынған ғимараттардың таc-талқанын шығарды. 

Пысеке,  бұл  қалай?  Мынау  бiр  кезде  соңғы  жобамен  салынған 
балабақшаның  ғимараты  едi.  Неге  бұзасыз?! "Ел  игiлiгiн  талқандағанның 
талқаны шығады" деген сөз бар емес пе?. 

Бұл ғимаратты мен өз ақшама сатып жекешелеп алғамы. Мұны бұзып, 
кiрпiшiн сатам. Маған ақша керек! деп, айқай салып, адыраңдаған Пысылдақ 
тебеден төңкерiлiп, құлап кете жаздады. 
 - 
Ауыл азды, адамдар азғындады. Бұған жоғарыдағылар кiнəлi... – деп, 
Kepi
м шал əкімдepтe наразы болып тұр. 

Мен əкім болсам, ауылды қайта жөндер едiм, - деп Далбай отыр. 
 - I
стің peтін таппаған "жекешiлдер" өстiп елдің берекесiн кетiредi, - деп 
Күдерi ақсақал күңіренiп отыр. 
 
Жекеменшiгiн  "толтырып"  алған  Жекеңде  еш  уайым  жоқ, "байлығы 
басынан асады". 
Қайран  ауыл  егемендiк  пен  еркiндiктің  қадiрiн  түcінбегендердің, 
теуелсiздiктің  телiмiн  ұқпағандардың  кесірінен  қасиетiн  жойып,  қара 
жамылып тұр. 
 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет