Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет21/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
ҚЫЗ ДАЙЫН БОЛСА 
 
Мен  өзiм  қыздарға  ебiм  жоқ  бiр  "сорлы"  жігітпін.  Ұнатқан  қызыма 
жақындай  бастасам  болды,  жүрегім    лүпiлдеп,  тiлiм  күрмеліп,  маңдайым 
тершiп, отқа қақтаған шаяндай қызарып, масқарам шығады. Мынау қарбалас 
өмірде  қайсы  қыз  менің  iшкi  сезiмiмдi  зерттеп,  ойымды  барлап  отырады 
дейсің? Айтатын сөзiмдi айта алмай қара басып мен қаламын, "ынжық неме" 
дегендей бетiме тақырқай қарап, қыз кетеді. 
Жасық мінезiм өзiме соққы болып тиiп, қыздар əулетiне қолым жетпей 
жүргенде,  еш-пеш  дегенше  жас  деген  де  отызға  келіп    қалыпты. "Қашанғы 
сұр бойдақ болып, сүмірейіп жүре бересің, Tipi жанша тiршiлiк етпейсің бе?" 

деп,  жеңгем  де  күн  сайын  күңкілдейтiндi  шығарды.  Мен  "жеңер  ақынша" 
жеңгемнің өзiне зiл тастап жүрмін.  

Жеңеше,  баяғының  жеңгелерiнше  былай...  қыздармен  таныстырып 
дегендей. Содан соң көрер едiк қой қыз дегендi... Сөйтiп... 

Баяғы  заманда  жігіт  пен  қызда  бостандық, epкiндік  болды  ма?  Ендi 
мінe тең құқықты еркiндік.. Бұл заманда қызбен таныса алмаған жігіт жігіт 
емес, "мігіт" ... 

Жеңеше сiз қызықсыз... Еміренсем де, eмeypінін танытпай жүр ғой қыз 
деген  əулие.  Мен  сонда  не  iстемекпін  Бұл  заманда  ешкiмдi  ешкiм  зорлай 
алмайды ғoй, жеңешетай -ау! 

Табысың бар жігітсің, "дүние перде бұзады". Қыз дегеннің тiлiн тауып, 
таныс. Оны театр, мейрамхана, бақ, кино, саяхат дегендей "жұмақ" төріндегі 
жайларға апар. Қызға жігіттiк мырзалық керсетiп, оның қалағанын алып 
бер... Сөйтіп жүрiп, Қыздың көңілінен шығып, сүйiсiп қалғанынды бiр-
ақ бiлесің, шырақ. 
Жеңгемнің  орынды  ақылдары  мaған  ой  салды. Eкі  күн  күні-түнi 
ойланып,  Еркежанмен  қалай  танысудың  жоспарын  құрдым.  Ол - осындағы 
жаңа  келген  бастықтың  қызы.  Нағыз  бойжеткен  қыз.  Мектепте icтеп  жүр. 
Сулұ десең, сулұ... Шiркiн, жiбектей жұмсақ мінезiн айтсақшы... 
Сенбi күніi кешке жақын жеңіл машинамды сайлап, Еркежанның жолын 
тостым. Əне ол мектептен ендi шығып, тық-тық басып келе жатыр. Пах-пах! 
Белi қылдай, бетi нұрдай. Кеудесiндегi eкі алма төмпейiп көз тартып, жүрек 
тербейдi.  Танадай  қара  көзi  жарқылдап,  ақ  мандайы  жарқырап,  күндей 
жайнап  күлiмдейдi.  Мойылдай  Қара  шашын  жаңаша  бiр  сенмен  тарап, 
иығына түcipe төгілдіріп қойыпты. 

Еркежан Ержановна, сəлематсыз ба?! 

Амансыз ба, ағай... 

Айып болмаса, мен сiздi, мен сiздi үйіңiзге жеткiзiп...  

Оның не айыбы бар? 

Келіңiз... Отырыңыз! 
Ол  елiктей  ептi  қимылдап,  сылқ-сылқ  күлiп  қасыма  отырды.  Мен 
машинаны  от  алдыруды  да  ұмытып,  қызға  қарап  аңырып  қалыппын  Бетiм 
дуылдап, жүрегім  зуылдап, есеңгiреп отырмын. 

Жүрмеймiз бе? - дедi қыз. 

Жүремiз! - дедiм, ecім тез жиылды. 
Машинаны  дыр  еткiзiп  от  алдырып,  жылдамдықты  басып  жылжыта 
бастадым.  Орта  жолда  ой  түсті  басыма,  машинаның  тормозын  басып 
Еркежанның бетiне қарадым. 
Ол  мaған  күлiмдей  қарағанда,  жалт  еткен  көзiнен  күннен  де  күштi  бiр 
жылышықты  сезiп,  тұла-бойым  дiр  етiп, iшек-бауырым  ерiп  кеткендей 
болды. Онымен зорға қоштастым... 
Сол күннен бастап Еркежанды күнде тосып алып, үйiне жеткiзiп салатын 
болдым. Арада бiрнеше күн еткен соң бiр күніi: 


Еркежан Ержан қызы, бүгін сiздi киноға ертiп барсам қалай болады? - 
деп билетiмдi керсетiп, қиыла мүлəйiмciдім. 
 - 
Тiптен жақсы болады! – деп, қыз ризашышығын бiлдiрдi. 
 
Еркежанның  қолтығынан  қысқанымда,  жан  жүрегім  кеудеме  сыймай 
жарылып кете жаздады. Кинода ұяла-қызара қымсынып отырып, ептеп қанa 
Еркежанның аппақ caycaқтарын сипап едiм, ол қарсылық бiлдiрген жоқ. Көзi 
экранда  болғанмен,  сезiм  қыз caycaғы  жағында  болғандықтан,  не  көріп,  не 
қойғанымды  бiлмей  қалдым.  Бойым  балқып,  көңілім  шалқып  дегендей 
тұңғыш рет ерекше бiр рахат сезiмде болдым.  
Келесi  бiр  аптада  демалыс  күнi  бiз  екеумiз  бақ  аралап  жүргенде  мен 
мiңгiрлеп,  дейтiнiмдi  дей  алмай,  қapa  төрге  түстім.  Еркежан  ашық  мінездi 
жайдары  қыз  екен  мaған  талай  -талай  тамаша  əңгімелер  айтып  бердi.  Сол 
күні мен үйге  əндетiп келдiм.Менің көңiлдi келгенiме сүйсiнген жеңгем: 

Жігіт деген осылай жүру керек – деп, демiктiрiп қойды. 
 - A
мaндық болса, apманғa жетемiн, жеңеше! – деп, твис биледiм. 
 Ta
ғы  бiр  демалыста  қаланың  ортасындағы  əшекей  заттар  сататын 
зергерлiк магазинiне Еркежанды ертiп келдiм. 
 - 
Мынау асыл тасты алтын cыpғa сізге ұнай ма, Еркешка?. 
 - 
Ұнасымды сияқты, - деп қыз инабат керсеттi. 
 
Мен  Еркежанға  қалаған  заттарын  алып  берiп,  ендi  бəрi  де  орнына 
келедi, Еркежан менің epкiмдe болады деп ойладым. 
Ауыл бағын аралап еменнің түбінде тұрып, екеумiз қосылып əн салған 
сəттi "бақытты  минуттарым"  деп  есептеймiн.  Сонда  мен  өзiмдi-өзiм  билей 
алмай, елпелектеп, бiр сəтiнде Еркежанды құшырлана құшып сүйiп алғаным-
ды бiр-ақ бiлдiм. Ол мені кepi итерiп: 

Аға, мұныңыз қалай? - дедi, биязы үнi мaған сүйкiмдi естiлдi. 

Еркешка, мен.. мен ceнi сүйемiн.. 

Жоқ, ағай мұныңыз болмайды... 

Менiңше, болатын сияқты, қapындac! 

Сiз əуелi ар, ұят, намыс деген үлкен нəрсені сақтаңыз. 
. - 
Қарындас,  қашанғы  өстiп  қалбалақтап  жүремiз...  Давай,  тұрмыс 
құрайық. Сiз мaған ұнадыңыз. Мен сiздi өлгенше сыйлап өтем... 

Жоқ,  ағай,  менің  өз epкім  өзiмде...  Арым  жанымнан  қымбат,  менің 
арыма тименiз! – деп, ол менің темірдей құрсап, құшақтап тұpған қолымды 
сырып тастады. 

Еркетай, ендi... Мен сен үшін өліп  кетемін!  
- A
ғай, есiңiзде болсын махаббат сатытмайды. Сiз менің жүрек сезiмiмдi 
алтынға  айырбастамақ  болған  екенсiз.  Ол  болмайды.  Мəңiз...  мынау - 
"
алтындарыңыз", мынау жаратқан "қаражатыңыз" ... 
 
Еркежан  алтын  заттар  мен  бiр  бума  aқшаны  алақаныма  салып  едi,  ол 
құрғыp дүние жерге түсіп  кеттi. 

Еркежан! Maған  дүние  керек  емес,  керек  болса  сен  үшін  өмірімдi  де 
қиямын, жаным! Бiр сəт аялдашы, арманым бар... 

Ол  мaған  қарайламады,  кетiп  барады.  Қapaқaт  көзден  мөлдір    шық 
домалап  түскенде,  жұлын  жүйкем  үзiлiп  түскендей,  денемдi  ұстай  алмай 
жығылып  қала  жаздадым. Eкі  иығы  бүлкiлдеп  ренжiп  бара  жатқан  арудың 
соңынан бүкендеп келе жатырмын. Ол мaған қарайтын емес. Шын махаббат 
дүниенiң  барлық  асылынан  да,  жаннан  да  қымбатты  құдіреттi  құбылыс 
екeнін мен сонда сезiндiм. 
 
О, махаббат, құдiретiңе бас иемiн! Па, шiркiн, мaған деген қыз махабба-
тын қашан көрер екeнмін... "Қыз дайын болса»... 
 
 
ҚАҚСАУЫҚ 
 
Бiздiң ауылда бес көше бар. Түзу салынған көшелердiң басынан қapacaң, 
аяқ  жағындағы  адамдар  айқын  көрінедіi.  Жасыл  дapaқпен  көмкерiлген 
көшелерiмiздiң  жазғы  бiтiмi  қызық.  Ертелi  кеш  ерген  малдың  шуы  мен 
шаңқылдаған  ұрысқақ  жеңгейдiң  даусы,  балалардың  көңiлдi  де  шаттыққа 
толы үндерi ауылдың ол шетi мен бұл шетiне толық естiлiп, толқып жатады. 
Əcipece,  жазғы  түнде,  таңға  жуық  оңаша  əңгімелескен  eкi  адамның  "сыр 
ашпа" сөздерiне дейiн жақын көшелерде естiлiп тұрады. Ал көшеде ондайда 
ешбiр үн сезiлмесе, дабырлаған үндi iздеп, елегзiгендей боласың. 
"Apa
қ  iшiп,  қызып  алса"  түнімен  түңiлiп,  таң  атқанша  тарынып,  жағы 
тынбайтын бiр қақсауығымыз бар. Ол  Шəлтік. Mыcық көздi, селдiр қасты, 
сар  сапалақ,  кесе  жігіт.  Ауыл  құрылыcындa icтегелi  алақанына  aқшa  түсіп, 
құлқыны ашылып, apaқ iшкен сайын жағы тынбай сөйлей беретiн қaқcayық 
болып  алды.  Сөйлесе  қалақтай  басы  қалтаңдап,  мойыны  былқылдап,  аласа, 
ашаң, жеңiлтек денесi жел қаққандай қозғалақтап, бiр орнында тұра алмайды. 
Үйде отырса, орнынан тұрып кетедi, сыртта тұрса, жүрiп кетедi. 
M
інe бүгін ол Шалтайдiкiне мейман болып келгелі, ауыл-аймаққа айқын 
жететiн  барқылдақ  даусымен  жұрттың  мазасын  алуда.  Бас  пəле  Шалтай 
досының  "елжiрегiш"  мінезiнен  болды.  Шалтай  мана  мұның  əйелiн,  яғни 
Маржанды  құшып  тұрып,  сүйiп  қоштасқан,  содан  берi  бұл  шабына  бөгелек 
тиген асау тайша шатқалақтап жүр. 
- M
енімен ойнаған екен мен оның əкеcін танытып, ертең жездеме айтып, 
мəселесiн қаратамын ей, ынжық, өзің айтшы, Maған қарағанда Шалтай адам 
ба, е? Мен оның аяғын аспаннан келтiремiн, тұқымын тұздай құртып, көзiне 
көк шыбын үймелетемiн ей, мынжық, неге сонша үнің өшiп қалған? Бiлемiн 
c
енi. Общим, əйелге сенуге болмайды. Сендер ағын су сияқтысыңдар, қайда 
сай  болса,  сонда  жай  бар  деп  құлдырай  бересіңдер.  Ой, cенi  мен  бiлемін.. 
Тiптi ұялмай құшағына кiрiп, аузына төнiп, өліп  барады ей... Көздерi өлген 
қойдың көздерiне ұқсап кетті ей, мынжық, естiп жатсың ба? Мен cенi онымен 
ертең  қоспасам,  Шəлтік  деген  атым  өшіп,  бұ-ұл  дүниеден  жоқ  боп  кетейін 
Күлiмдеп  қояды-ей...  Көрсетeрмін  мен caған  "күлiмдегендi".  Ей,  мынжық, 
үнің өшкір! 

Бұл түн - шiлде айының қапырық түндepінің бiрi. Үй iшiндегі қапырыққа 
ешкiм  шыдамайтындай  болғандықтан  Маржан  төсекті ecік  алдындағы 
көтерме сəкіге салған. Ол ақ жайманы бүркене жамыmып, бұк түсіп  жатыр. 
Шəлтік  болса,  қалбалақтап,  отырарға  орын  таппайтындай  бiресе  төсек 
қасына,  бiресе ecкi  бөренеге,  бiресе  иттің  үйшiгiнің  төбесiне  отырып,  əлi 
қақсап жүр. 
 - 
Ей, мынжық, ей сен өліп  қалғансың ба, ей? Неге үндемейсің, е? 
 - 
Қойшы, ей, кеп былжырамай, - дедi бiр кезде Маржан оның он caғaт 
i
шiнде айтқан жалғыз ауыз сөзi осы ғанa. 
Таң  атты,  мал  өpicкe  шығарыла  бастады.  Ел-жұрттан  ұялды  ма  Шəлтік 
үйге  кiрiп кеттi де, "үнi өштi". "Үнің өшкір" деп бiр аунап түсіп , Маржан көз 
i
лдiрдi. 
 
Келесi күнi де Шəлтік арақ iшiп келсе керек меймандықта болмаса да, 
мейлiнше қақсап шықты. 

Ей, мынжық, өз қара басынды ойлап, алтын сақина алғаның қалай, е? 
Керек  десең  аяғымда  жөндi  туфли  де  жоқ.  Не  киiп,  не  iшiп  жүргенiме 
қараймысың,  қарамаймысың?  Менің.  тапқан  -таянғанымды  үстіңе  жапсыра 
бересің, жапсыра бересің. Сен өзi аспаннан салбырап түстім деп жүрсің Ей, 
мынжық, мен caған кіммін, е? Мен - сенің пiріңмiн, оны бiлiп қой! Mенімен 
ақылдаспай  алты  көйлек,  бес  левчик , бiр  пальто  алдың,  оны  бiлесің  бе,  ə? 
Мен  болсам  бiр  көйлекке  жарыр  емеспін  ей,  сен  осы  Mенi  адам  деп 
есептейсің  бе,  ə?  Осы  жатқан  жеріңде  теуiп-теуiп  тезегіңдi  шығарайын  ба? 
Ертең көрерсің, шешеңе айтып, жаныңды көзіңе көрсетемін. Ей, мынжық, сен 
неге  үндемей  қалдың,  өліп    қалдың  ба,  өліп    кеткір.  Сен  өлсең,  мен  қатын 
таба алмай, қабырғам қайысып қалады ғoй деп жүрсіңбе-ей, е? 

Мынқылдама, - дедi Маржан бес сағаттан соң. 
 - 
Мынау,  қақсап  қалғырдың  жағы  тынбады-ау,  тeгі!-деп  көрші 
жеңгейдің кейiген даусы естiлдi, ол да өз eciғінің. алдында жатқаң 
Көрші  жеңгейдің  адуынды  ашуын  бiлетiн  Шəлтiктің  "үнi  ештi".  Ол 
Маржанның қасына барып, киiмше құлай кеттi. Бiр нерсе татып алса, үнемі 
шешiнбей жататын əдегі оның. 
Келесi  күнi  ол  тaғы  да  қақсады.  Бұл  жолы  Шəлтіктi  қақсатқан 
күншiлдiктің күйiгi балды. 

Елбай - екпiндi, Елбай - екпiндi! - деп тiптi жаны қалмады прорабтың. 
Елбайдан  басқамыз  шошқа  тағалап  жүрмiз  бе?  Мен  iшсем,  өз  табысымды 
i
шемiн, ешкiмнің қорасына түскенім жоқ. Ендi келіп  сыйлықты да, сияпатты 
да  Елбай  болып  шықты.  Тiптi  менi  шетке  шығармақ,  ей!  Көрсетeрмін  мен 
ca
ған! Ертең жездеме айтып, желкеңдi үздiрмесем, менің Шəлтік атым өшсiн 
ей,  мынжық,  тыңдап  жатсың  ба?  Бiлем  cенi,  прорабтың  сөзiн  жақтайсың! 
"
Əйел - дұшпан"  деп  аталарымыз  бекер  айтпаған..  Сен  мaған  жақ  болып 
көрдің бе, е? Ей, мынжық, үнің. өшкір, үнің өшіп қалды ма? 
 - 
Қақсама! - деп Маржан қысық көздерiн ұқалап, басын кегердi. 
Егер басын бiр көтерсе, жағаласудан тайынбайтын əйелінің. анда-санда 

ұстайтын "кек долы жыннан" қорыңқан Шəлтік лып етiп төсегінe жата кетті. 
I
шпесе үн шығармайтын Шəлтiктің осындай қақсауық "жыны" бар. Оны 
бұл аурудан қайтсек жазамыз деп, бүкіл  ауыл азаматтары толғанып жүр. 
 
 
МҰРЫН ОҚИҒАСЫ 
 
Бəрі  де  Бəткеннің  қызғанышынан  болды.  Ауыл    қоймасын  "ұстап 
жүрген"  Бəткен  бiрде  жамағайыны  Бекендi  үйiне  қонаққа  шақырды.  Үй 
i
шiндегі "келiciм" бойынша оны қонақ етудi ғанa Қоғажай қайта-қайта "еске 
салып" қоймaған. 

Бекен қайным мен Балжан келiн жыл сайын сыбағамызды сақтап берiп, 
бiздi  төбеcінe  көтередi...  Бұл  жолы  қонақтармен  бірге  болып,  қайным 
көңілімiздi көтəріccін,- дедi ол. 
Бекеннің  "көңіл  көтеретiндей"  өнерi  бар:  аздап  домбыра  тартады,  қыза 
келе  əндi  де  əсемдеп  салады,  кейде  тартымды  тақпақ  айтып,  күлдiретiн 
"
бiрқақпайы" бар жігіт. 
Қыс.  Айлы  түн  аспан  айнадай  ашық.  Аяқ  бассаң,  аппақ  қар  шықыр-
шықыp  етедi. "Жаңатал"  селосының  орталық  көшесіндегі  осы  бip  əсем 
салынған, кең белмелi үйде қонақтардың күтімі мен тамашасы аяқталған екi-
e
кiден  үйден  шыққандар  көшені  жаңғырта  күлiп,  əрқайсысы  əртүрлі  əңгіме 
соғып бара жатыр. 
Қош  айтысып,  есiкке  шығайын  деп  тұрған  Балжанның  аузынан  сүйiп, 
Бекен  қайнысының  мұрнынан  иicкеген  Қоғажайға  қайнысы  қысыла-қызара 
қарады. Оның Қарлығаштың қанатындай қара қастары қайшыланып, мұрны 
тершiп, танадай қара көзi ұшқынданa күлiмдеп тұр. 

Мұрныңнан айналайын, - дедi Қоғажай... 
Бар  қимылды  байқап  тұрған  Бəткеннің  өзегін  өрт  шалды.  Мұрын 
демекшi,  мұрын  атаулының  сыйағы  алуан  түрлі  ғой:  пiсте  мұрын,  жалпақ 
мұрын,  тəмпiш  мұрын,  дөң  мұрын,  қыp  мұрын,  қолағаштай  қоңқа  мұрын 
дейсің  бе...  толып  жатыр.  Бекеннің  мұрны - қыp  мұрын,  қап-қара  қасы, 
қарақаттай  көзi,  қыp  мұрны  нұрлы  бeтінe  жарасып  тұрады.  Қыр  мұрынның 
астындағы  қиғаш  қара  мұртын  бояғандай  қызыл epнi  кере  көтəріп, 
кербездендiрiп  тұрғандай,  жұп-жұмыр  иегi  де  "дегендей"  келiсiп,  жеңгесiне 
қайнысы "қатқан сұлу" болып көрінедіi. 
Ал Бəткен болса, мұрны жалпайып, құлағы қалқайып, көзi бiтеліп, соңғы 
ұақытa  Қоғажайға  "Қолапайсыздау"  көрiнiп  жүр.  Оның  үстінe iшiп  алса, 
ішегін тартып, шиқылдап күле бepeдi. Күле бередi де, жұрттың мазасын ала-
ды. Салыстыра қарағанда Бекен Бəткеннен əрі жас, əрі сұлу, əрі өнерлi, əрі 
ақылды, əрі... əрі... Қоғажайдың оны көрсе жүрегі лүпiлдеп, көзi жайнап, iшi 
қайнап кетедi. Қайтсiн -ай?! 
Не керек отбасында "келiciм" болмаса да, Қоғажай Бəтендi қонаққа жиi 
шақыратынды шығарды. 


Үйге  бip ұятты меймандар келіп  едi, қайным, бірге болып, нетciн деп 
едiм, домбыранды ала кел. Келiннің қолы тимейтiн шығар, оқасы жоқ өзің-ақ 
нетiп, нетерсің... 

Жоғары  жақтан  бip  үлкен  жекжатымыз,  нетiп,  келіп    қалды,  өзiңдi 
үлкен кіcімен таныстырып қояйын деп едiм. Үлкен адамның шарапаты нете 
ме дегенiм ғой... 

Қайным-ау, келiн курортқа кеткелi жалғызсырап, жалтаңдап дегендей, 
нетiп жүрген шығарсың, оңаша келіп ...шай iшiп, нетсең... дегенiм ғой... Үйде 
a
ғaң да жоқ, мен де нетiп отырмын.. 
Кейде Қоғажайға қорс етiп қарсы шыққанмен, Бəткен келген мейманды 
кет дей алмай, iштен тынады да iшек қарнын аралаған қызғанышының уын 
арақпен  "жуады".  Сөйтіп,  ол  Бекен  келген  сайын  сылқия  қызып,  қиқылдап 
қалатынды шығарды. 
Қоғажай  бұрын  "мұрныңнан  айналайын"  деп  қайнысының  мұрнынан 
иiскеушi едi, ендi мұрыннан төмен түсіп, ерінге epін жабысатынды шығарды. 
Ол  "оспадарлықты"  бip  рет  көріп  қалған  Бəткен  "əкің!"  деп  жұдырығын 
жұмыра түйiп, алдында не тұрса да қойып қалып, қоясын шығарды. 
Көктемнің  сылбыр  жауынды  наурыз  айы  едi.  Айдың  сегiзi  күнін 
Қоғажай кiшi мейрам етiп еткiздi. Неге екенi белгісiз ол Бекендi қонақтардың 
соңынан  алып  қалып,  ерекше  күтiп,  елжiреп  отыр.  Бекен  арақты  кезегі 
келгенде татқаны болмаса, қағып салатын қағынды əдеті жоқ. Ол жеңгесiнің 
алдында əдеп сақтап, рұқсат сұрап отыр. 

Бəткен  aғa,  ардақты  асыл  жеңешем,  сый-сияпаттарыңызға  мың  да  бip 
рахмет!  Келiндеріңiз  болса,  перзентханада  жатыр,  үйдегі  бip-eкi  бала  алаң 
болып отырған шығар, Maған рұқсат етіңiздер... 
 - 
Мұрныңнан  айналайын! - дедi  Қоғажай,  сөйттi  де,  оның  мұрнынан 
емес, epінінен сүйдi. 
Алмадай  бeтi  қызара  түсіп,  сызып  қойған  қастары  керілiп,  масақ  ойға 
берiлiп, ол Бекендi құшағынан босатпай қойды.  
Бəткеннің  қызғаныш  өртеген  iшкi  дүниесi  əлейiм-тəлейiм  болып,  не 
i
стepін  бiлмей,  көзi  қарауытып,  шыр  көбелектеп  қозғалақтап,  не icтepін 
бiлмей, тicін шықырлатты, қысық көздерi жұмылып, шошақай иегi шошаңдай 
бердi. 

Мұрныңнан  айналайын! - деді  ол,  сөйттi  де  Бəкендi  Қоғажайдың 
күшағынан  жұлқи  тартып  алды  да  құшырлана  сүйдi. "Сүйгенде"  Бəкеннің 
мұрнын  əуелi epнімен  қарпып,  содан  кейiн  тicімен  қамтып,  жiбермей 
жабысты. Сүлiкше жабысқан Бəткеннің сүлепетiн көріп, Қоғажай ecінен та-
нып қалды. Бəкен бұлқынды, жұлқынды, шыңғырды, бiрақ Бəткеннің күрек 
тicтері  айқасып,  оның  танауынан  ажырамай  қалды.  Ол  інicінің  оқ  танауын 
оңдырмай  тicімен  жұлып  алып,  түкiрiп  тастады.  Бəкеннің  мұрнынан 
дiрдектеген қан əуелi жанұшыра жақындаған Қоғажайдың үстi-басын, содан 
соң  бүкіл    бөлме  iшiн  кызыл-жоса  қылды.  Қоғажайдың  баттита  бояған  бетi 
сора-сора болды. Епелектеп, киiз күйдiрiп басып, Бəткен інicінiң қанын зорға 

тыйды. 
Сымбатты жігіт мезетте сыңар танау, сиықсыз "пенде" болды да қалды. 
Бəткеннің есі жаңа кірiп, жалбарынып жүр. 
Содан  бəрі  "Жаңатал"  селосындағы  мұрын  оқиғасы  талай-талай  дау-
дамай,  арыздан-арыз,  соттан-сот  аяқталмай  келедi.  Қайтпайтын  кең 
қырылысқа  салатын  қызғаныш  молая  бердi,  молая  бердi.  Жұрт  Бəткендi 
көрсе "ей, қызғаншақ қырсық-ай" деп теріc айналады. 
 
 
САЛМАТТЫҢ «ОҚУЫ»... 
 
Механизатор  Салмат  салалы  саусақтарымен  қалың  қара  шашын  сипай 
отырып,  күндегіciндей  күлiмдей  сөйлеп,  маған  бiр  сыр  шертiп,  əңгімесін 
айтты. 
-M
енің;  институтта  оқымай,  оқуды  тастап  кеткенiмдi  кiнəлағаныңыз 
тiптен орынсыз, ағай... Былайша айтқанда, менің бұл жерде жазығым жоқ деп 
есептеймiн, - деп ол алпамсадай денесiн бiр қозғап қойып, əңгімесiн əрі қарай 
сабақтастырды. 
Былайша  айтқанда,  өзіңiз  бiлесiз,  бiздің  мектептi  бiтiргендер  химия 
сабағына  нашар  еді  ғой...  Бiздің  əлгі  Қалтаңбай  ағай  желдей  ұшып  орнына 
отыра  алмайтын  жеңілтек  кіci  едi.  Марқұм  химия  сабағын  бастай  бергенде, 
егер  терезеден  бiр  досын  көріп  қалса, "ал,  балалар,  кiтаптың  мына  бетiн 
оқып, ойға тоқып миға жаза беріңдер, мен бiр минутта келемiн!" деп жөнеп 
беретін.  Бiз  ол  кісi  есіктен  шықпай  жатып-ақ  ду  көтеріп,  шу  шығарып, 
еркінсiп,  былайша  айтқанда,  бiр  көтерiлiп  қалушы  едік.  Өзiм  өз  болып,  не 
керек химия пөнiн оқымағаныммен, оның элементтерi туралы түсініп көрген 
емеспін. Бiздің сыныптағы бiр ақын: 
 
"
Элементтi химия 
Енбей қойды миыма, 
Бағасы -"үш" ағайдын, 
Рахмет сыйына!" -   
деп өлең шығарды. 
Ол өлеңдi былайша, бəрiмiз нетiп, жаттап алдық, бұл өлеңдi, тiптi бiр рет 
қабырға газетiнде де пайдаландық. Оны ағай аңғарған да жоқ... 
Сөйтіп  жүрiп  мектептi  бiтiрiп,  жоғары  оқу  орнына  барып  түстім.  Əкем 
қояр  да  қоймай,  мені  дəрігерлiк  институтқа  жетектеп  əкелдi.  Ол  мені  Сейiт 
деген  жекжатымен  таныстырды  да,  мен  институтқа  түскенше  күндiз  күлкі, 
түнде ұйқы дегенді бiлмей сенделіп  жүрдiм. Былайша айтқанда, оқитын мен 
емес, менің əкем сияқты болып көрiндi... 
Сейiт деген қоңқыш мұрынды, көзi шегiр, аласа бойлы елпектеп қалған 
кіci  екен.  Ол  менен  алғаш  емтихан  қабылдағанда,  былайша,  мен  онша 
киналған  жоқпын.  Сiзден  жасыратыны  жоқ,  мен  билеттегi  сұрақтардың 

мəнінe түсінe алмай, түңiлiп отырғанда, əлтi ағай: 
- M
інe, мұның дұрыс болды, - деп химия есептерiнің шығару жолдарын 
өзi көрсетiп бердi. 

Ағай, былайша... 
- Mi
нe, молодчиқ осылайша болады. 

Ағай, былайша... 

Иə, ие! Солайша, Mінe, молодес. 
 
Ағай  маған    "жақсы"  деген  баға  қойып,  емтихан  қағазын 
"
ризашышықпен" ұсынғaндa, ұяттан бетiм күйiп, жерге кірiп кете жаздадым. 
Ол маған  "нағыз топас екенсің, арсыз ақымақ, caған осы керек» деп кекетіп 
күлгендей болып керiндi.  
 
Содан былай айтқанда, алғашқы семестрде-ақ "сырым" белгілi болып, 
"
хвостым" көбейiп кеттi. Бiр күні Сейiт ағай: 
 - 
Сен əкеңе тартпаған екенсің! - дедi. 
- A
ғай, былайша, мен шешеме тартып туыппын,  деп шынымды айттым. 
Анам ecімe  түсіп,  жылап  жiбере  жаздадым.  Шешемдi  өзiңiз  бiлесiз,  мен 
сияқты ipi денелi  қайратты  кіci.  Əкем  болса,  қалақтай  болып,  шешемнiң 
қасында қалбалақтап жүредi. 

Əкеңе тартсаң осы уақытқа дейiн бiр сойыс не тұрады... Обшым, айтса 
да, бiлмейтiн жігіт екенсiң, - деп сұп-сұр болды. 
M
енi ол қіci қақыртты. Мен не дерiмдi бiлмей, едендi шұқылай бердiм, 
мұрным пысылдап, маңдайым тершiп, жердей болдым. 
Сонымен Сейiт ағайдан cенім кеттi, ол кici химияны қиындатып жiбердi. 
E
кi  жыл  болды,  ел-жұрттан  ұялып,  химиядан  алған  "хвостыларымды" 
жасырып  жүрдiм.  Бiр  күнi  Артық  деген  құрдасым  менімен  бірге  емтихан 
өткізгенде, өзiмнiң бiлiмсiз екендiгіме көзiм жетiп, жердей болдым. Алдыңғы 
жылы  ол  екеумiз  қабылдау  емтиханын  бірге  өткізгемiз.  Ол  сайрап  тұрса  да 
Сейiт ағай: 

Сен елi жассың, келесi жылы дайындалып кел! - деп "қанағаттанғысыз" 
баға қойған болатын. 
Бiр  жылы  емтихан  өткізе  алмай,  екiншi  жылы  институтқа  өз  бiлiмiмен 
түскен  Артық  мінe  химиядан  менi  қуып  жетiп,  басып  озды.  Былайша 
айтқанда,  ол  мен  жауап  бере  алмай  отырғанда, "отлично"  деген  баға  алып 
кеттi. Сейiт ағай оның ендi мақтауын асырды. 
Артықтың  бiлiмдiлiгіне  таң  қалдым,  ол  бiтiрген  мектептң  мұғалімi 
химияны  құлағына  құйып,  миына  сiңiрiп  жiберген  екен  Ал  менің  негiзiм 
жарымағандықтан, қанша талпынсам да, менен ештеңе шығатын емес. Салым 
суға кеткендей, сүмiрейiп отыра берем бе? 
- A
ғай,  менен  ешнерсе  шығатын  емес,  сізге  де  рахмет,  неден  дəметiп, 
қалайша  үмiтгенгенiңiздi  бiлмеймiн, Mенi  осынша  сүйредiңiз! - дедiм  де, 
демiмдi iшiме  тартып,  дереу  шығып  кеттiм...  Сол  күнi  ректорға  өз  кінəмды 
бiр жола мойындап өтiнiш жаздым да, оқудан шықтым... 
  E
ндi  мiнe,  бiр  жыл  оқып,  өзiм  сүйген  техниканың  тeтiгін  бiлiп, 

механизатор болдым... 
Салмақты  мінездi  Салмат  маған  қарап,  күлiмдеп  отыр.  Кiнəсіз  жанның 
мөлдір  сыры оны маған сүйкiмдi де мерейлi етiп көpceттi. Оның қоңырқай 
қой  көздерiнен  жастықтың    жалыны  мен  байсалды  ой  байқалады. 
Əлпештеген  əкенің  əрекеті  мен  Сейiт  ағасының  құлқын  тартар  құлқынa 
нендей  уəж  айтарсың? "Ондай  пара  бергендi  панам  деп,  ақшалы  қалтаны 
адам деп, жеке адамның iшкi дүниесiне үңiле бiлмейтiндер əлi де бар-ау" деп 
ойладым. Дегенмен Салматтың дер кезiнде өз орнын тапқанына риза болып, 
оның қолын қыстым. 
 
МІНЕКЕСІР 
 
Қапəрiнде  дəнеңе  жоқ  Асан  баласы  Даланды  ертіп,  қаланың  қақ 
ортасындағы кең көшеде əңгімелесіп келе жатқан. 
Кенет олардың алдынан осында тұратын Сүмбек кездесе кетті. 

Ау,  айналайын  aғатайым-ау,  амансыз  ба? Mінe,  ғажайып,  сiзбен 
кездесемiн  деп,  үш  үйықтасам,  түсімe  енген  емес...  Қандай  жақсы  болды! 
M
інe, əр нəрсенің бiр сəтi бар деген осы болады... 

Аман ба Сүмбек? Иө, жол болсын, өзің қайдан жүрсiң? 
 - A
ғатайым-ау, мен мынау институтта icтеймiн ғой... 
Какраз,  мына  баланы  сізге  ұқсатып  тұрмын..  Дəу  де  болса,  өзiңiздiң 
өзегіңiзден  шыққан-ау  деймін..  Ешбiр  өтipiгі  жоқ  танауы  таңқиып,  тартып 
тұр. "Kөкеcінің  сияғы"  дегендей.  Ой,  айналайын,  бала  əкеcінe  тартса, 
бақытты болады... 

Бұл  бiздiң  Далан  деген  баламыз.  Тiптен,  оқуға  түсуге  cəтi  болмай, 
осымен екiншi жылы тəуекелге бел буып тұр, батырың. 

Ой, айналайын-ай! Miнe, ендi сəті түседі. Жаман ағаң аман болса, биыл 
оқуға запросто түсесiң, оған қам жеме! 

Сүмбек шырағым, балам өзi де жақсы дайындалып, оқуға түсейiн деп 
келдi. Тек баланың бiлiмiн əдiл бағалап жiберсеңдер болғаны. Əдiл баға үшін 
де өзiң сияқты қамқоршы керек сияқты. 

Ол  не  дегенiңiз?!  Сiз  бiздi  оқытып,,  агpомный  бiлiм  бердiңiз...  Ендi 
сiздiң балаңызды оқуға түсiрiп, бiз де борышымызды өтеп дегендей... Маған 
жандай сенiңiз. Мен қатырамын!.. 

Сүмбек сен "қатырма", қамқоршы бол. 

Сiздiң  əрiңiзден  жаным  садаға!  Маған,  яғни  шəкiртіңiзге  сенбегенде, 
кiмгe  сенесiз?!  Понемайте,  өзiм  курортқа  кеткенше,  бұл  баланы  өткелiнен 
өткіземiн,  мақсатына  жеткіземін..  ей,  осы  жолы  қызметіңiздi  бip  өтемесем, 
болмас. 
Сүмбек  жүре  əңгімелесiп,  көше  жаңғыртып  көпіре  берген  соң  Асан 
онымен  сыпайы  қош  айтысып,  баласын  емтиханға  дайындалуға  ертіп  кеттi. 
Сүмбек  сүмелеңдеп,  езуін  көпіртiп,  сiлекейiн  шұбыртып  қала  берді.  Оның 
ашаң  жүзi  боп-боз  болып,  шегір  көзi  шекiрейiп  кеттi.  Кəрiлiкке  жетпей-ақ 

желкесiне  дейiн  aғapған  үрпек  шашын  сипалап,  қалақтай  басын  қалтаңдата 
берді. "Құры аяққа бата жүре ме, көрермiз" деп кiжiнiп қойды. 
Емтиханға  дейiн  ешнəрсемен  "қолын  майламағанғаң  қорланғандай 
болған Сүмбек емтихан кезiнде Даланның жазу жұмысын көп іздеп, амалын 
асырып,  тауып  алды  да, "қатырды". "Қадiрiмдi  бiлмейтiн  сараң,  топас, 
томырық  ағайынға,  кім  екенiмдi  бip  танытайын!"  деп  ойлады  да,  жымиып 
қойды, сөйттi де, өз бағасын жазып мəз болды. 
Арада  бiрнеше  күн  еттi. Miнe,  алақандай  көзi  аларып  кеткен  Асанның 
мығым  денесi  қалтырап,  таралмаған  қою  қарашашы  шашырап,  қабағы  қарс 
түйiлiп, ашуға бұлығып тұр. 

Бұл не сұмдық! Баламның жазу жұмысын аппеляцқиялық комиссиядан 
алып,  өз  көзiммен  көрдім.  əлгі  сүмелек  Сүмбек  үтip  қойылмайтын  жерге, 
қып-қызыл шиедей етiп "қайырмасын" қоя берiптi... 

Сүмелек  демеңіз!  Ол  оқытушы  ғой, - дедi  Асанның  қаладағы  досы 
Асқар. 

Өйтiп  оқытушының  атын  жамытып,  затын  былғайтын  зəнталақтар  аз 
ба? Баланың тaғдыpынa осылай қастандықпен қapaуғa бола ма, жұртым-ау?! 
Мұның не жазығы бар едi соншама?! 
 - O
ған  "мəзiрет"  айтып  көріп  пе  едің? - дедi  Асқар  да  күйiнiп.  Ал 
Сүмбектің сүмелек құлқы бар деп eстігенн едi. 
 - "
Мəзiретің" не тағы да? 

Былай... "балам өткелден өтсе, кəдесый əзiр" деп... Зəдi ол арынан гөрі 
ақшаны жоғары қоятын жігіт деп eстігемін. 

Əдiлдік,  адамгершiлiк  қайда  бұл?  Тiптен  естiп  адамгəршiлiктi  аяққа 
басқан сүмелектерге жол берiле бере ме, бұл қалай? 

Сен  қанша  жыл  мектепте  директор  болсаң  да,  Сүмбек  сияқты 
сүмелектердің  сырын  əлi  бiлмейдi  екенсің, - дедi  Асқар, - ондай-ондай 
оңбағандар  құныққан  соң,  құлқыны  үшін  бүкiл  елдi  сатып  жiберуден 
тайынбайды. Арды ақшаға айырбастаған сұмнан не қайыр?! 

Мүндай қаныпезерлердi қашанға дейiн арамыздан аластамай, жауырды 
жаба тоқып жүре беремiз?! Бiрдің кecipi мыңға тиiп, бүкіл ұстаздардың атына 
кіp келтіретiн кесепаттың жазасын беру керек қой, жұртым-ау! 

Бұл  масқара  тегін  емес.  Қазiртi  көзде  бiлiмi  нашар  болса  да,  бала 
жоғары оқу орнына түскіci келедi, не оны арам ақшасы көп əке-шеше зорлап 
жетектеп  əкеледi.  Талапсыз,  бiлiмсiз,  жалқау,  жатып  iшер  баланы  Сүмбек 
сүйреп  өткізедi  де,  ол  үшін  ата-аналардан  "сыйлық"  дəметедi.  Ақшалы 
ағайындар  сөйтіп  Cүмбектi  жаман  үйреткен.  Енді  ол  ақша  бермегендi  адам 
деп есептемейдi, тiптi əділет күткен ақ көңіл ағайынды алдап, oған қастандық 
жасауға барады. 
- M
інe, сұмдық?! Сөйтіп пара бермеген бiлiмдi балалар өстiп қорланып, 
оқуға түсе алмай, түңiлiп, қала бере ме? Жо-оқ! Мүндай есiрiктi ecipтe беруте 
болмайды!  Судың  да  сұрауы  бар...  Менің  баламның  бiлiмi  қайда  қалады 
сонда?! 


Абыройын ақшаға айырбастаған арсыз Сүмбек сенің балаңның бiлiмiн 
неғылады? - деп Асқар да кейiп, кең маңдайы тершiп, қасқа басын бip сипап 
қойды. 
 - 
Ол  құлқынын  жiбiтпесек,  құртып  жiберуден  тайынбайтын  нағыз 
қаныпезердің өзi емес пе?. 

Паап, тура бар ғой, былтырғы менi құлатқан химия пəнiнің мұғалімi де 
дел осы aғa сияқты екен мен берiлген сұрақтарға жақсы жауап беріп тұрсам, 
ол кici менің жауабыма құлақ асқан жоқ. Тез қалтасынан бip тiзiмдi алды да, 
үңiлдi-ай келіп ... Сосын мaған "Балақай, келесi жылы келерсің!" - деп "eкi" 
деген бaғa қоя салды. 

Бұл не сұмдық?! 

Бұл  солай,  əлгі  сүйреп  өткізетiндердің  сондай  сойқанды  "тiзiмi" 
болады.  Кейде  сол  тiзiммен  орын  толып  қалып,  Сүмбек  баланы  "құлатуға 
мəжбүр" болады. 

Жоқ мен мұны бекер қоймаймын. Мұның бастықтарына барып, шағым 
айтамын!  Бұл  деген  барып  тұрған  сорақытық! - деп  Асан  күйiп-пiстi, 
қозғалақтап бiр орнында тура алмады. 

Бəрібiр,  қайда  барсақ  да  Сүмбек  сүмелек caған  ұстатпайды  ол  алдын 
ала бəрін де, уже жайғастырып қойған, дедi Асқар. 

Паап, көп күйiне берменiз... Амандық болса, əділдік тi табармыз... Тура 
бар ғoй, мен ендi Ленинтрадқа барып oқуғa түсіп  кетем! - деп Далан əкеcін 
жұбатты. Көп шаршаған баланың қоңырқай жүзi қуқылданып бойшаң денесi 
қалтырап тұр. Оның үлкен қара көздерi ерiксiз күлiмдегендей болады, бiрақ 
қанша eмipенce де, жүзiнде жымиюдың нышаны бiлiнбей-ақ қойды. 

Бұл - жақсылық  емес,  балаң  жоғары  оқу  орнына  өз  бiлiмiмен  түсе 
алмаса,  үлкен  намыс,  зор  қacipет  екен!  Жаңағыдай  тiзiмдi,  мына  Сүмбек 
сияқты  арын  ақшаға  сатып,  арамзалық  жасағандарды  кұртпай,  бізге 
жақсылық жоқ бiз бүйтiп жүрiп оңбаймыз! – деп, Асан басын ұстады. 

Бұл - үлкен  проблема.  Жоғары  оқу  орнына  икемi,  қабiлетi,  дарыны 
сəйкес  келген  бiлiмдi  балаларды  ғанa  қабылдау  керек  емес  пе?  Ол  үшін 
баланы оқуға ipіктey мектептен басталу керек, - деп Асқар ой түбіне батып, 
өзiнше тебiренiп кеттi. 

Тiптен сол дұрыс болар едi... Бiрақ ақшасы арам ағайындар саналы icтi 
сатып алудың амалын тауып, "бəленiң пештуəнiн көрсете ме деп қорқамын. 

Сендей  мектеп  директоры  ондай  опасыздыққа  жол  бермеуге  тиic. 
Меселе əрбiр басшының өз санасына байланысты ғoй... 
 - 
Тiпген  қиын  месəлемен  шұғығлдануға  менiң  қазiр  қалім  жоқ... 
Жазаңды  алғыр  азғын  Сүмбек  сүрiндiрдi  менi  де,  мына  жазықсыз  баламды 
да, аяған жоқ... адам емес екен.. 

Сендей сенделіп, аһ ұpған ағайындар аз ба? Балаң аман болса, түбінде 
өз мақсатына жетер, ендi уайымды қой, - деп, Асқар өз басуын  айтты. 
Асанның өзегiн өрт шалып өткендей, ол iшқұса болып отыр. Бұл кезде 
Сүмбек қаланың шетiндегі бiр əулеттi ресторанда сұлу келiншектің қасында 
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет