Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет25/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

 
 
 
 
 

ТƏМПІШТІҢ ƏЙЕЛ ТƏРБИЕЛЕУІ 
 

О, сүйінші!Е, сүйінші! А-а… сүйінші! 

Е-е, болсын! 

Тəмпіш үйленді! Үйленді тəмпіш! 

Тойда бір кеспек сыра, шарап- шампан! 

Ура! Компан! 

Е-е, бəсе, Тəмпіш те жігіт емес пе? Той- думанын өзім басқарам! 

Құда қаласа, ішкіліктің тұтқасын өзім ұстаймын!.. 

Тойға келіңдер, халайық!.. 

Той тойға ұлассын! 

Тəмпіштің үйінде той басталды, достар! Той құтты болсын! 
 
Жас отауға жаңаша бақыт толсын, жар-жар, 
Татулығы жастардың тəтті болсын, жар-жар. 
Бірін-бірі екі жас сүйіп өтсін, жар-жар, 
Жанұяның іргесін биік етсін, жар-жар. 
 

Екі жастың өмірі ұзақ, денсаулығы құрыш, татулығы тəтті болсын! 

Екі жастың махаббаты үшін, ура! 

Горько! Сүйіссін көзімізше! 
-
Ура, тағы сүйіссін! 
 
Е-ей, Тəмпіш үйге иесің, 
Бұл өмірдің жүйесін. 
Жақсы болсаң, жарынды 
Өмір-бақи сүйесің. 
Жаман болсаң, нетесің? 
Жағаласып өтесің. 
Өмірді қор етесің! 
Сүйіп алған жарыңды 
Бір күн тастап кетесің!- 
 
деп жырлады ақын жігіт. 
Той  өткен  күннен  бастап  Тəмпіш  Маржанды  «қолға»  алды. «баланы 
жастан, қатынды бастан» деген мақалды ол сол күнде жаттап алған болатын. 
Қайрат-жігермен «қатын» тəрбиелеудің қамына кірісті Тəмпіш. 

Сен жұмысқа шықпа… Өзім асыраймын! 
Е, қатардан қалам ба? Қайтіп қарап отырамын! 

Үй тірлігі де жетеді саған! 

Сен..заң бойынша… ерікті емессің бе? 

Отбасы болған соң, кеңесіп, келісіп тірлік етейік! 

Кеңеспегенде… керісіп тұрамын ба? Қасарма қатын!  


Үйде өңкиіп отырған жас адамға жараспайды!.. 

Бірер  айдан  соң  табиғат  заңы  бойынша  өзің-ақ  жұмыстан  «отказ» 
бересің… 

Ол не дегенің, əйел болған адам істен қалады деп, қандай киіз кітаптан 
оқыдың? 

Аңқаусың,  Маржашка,  егер  ертең  екіқабат  болып  қалсаң,  шермиіп 
қайда бармақсың? 

Қойшы əрі, о не дегенің! Көреміз де… 

Ей, Маруся, біз де тірі жанбыз… ондай жағдай болмайды деп үмітсіздік 
ойлама! 

Үмітсіз шайтан ғой, дегенмен… Қойшы əрі… о не дегенің? 
«
Өлсек бірге өлеміз», «Қозы Көрпеш- Баяндай, бір молада өлсек ай» деп 
əн  салған  Тəмпіш  үйлену  тойында. «Қыз  кезінде  бəрі  жақсы,  жаман  қатын 
қайдан  шығады? » деп  сұрақ  қойған  екен  бір  əпенде.  Қыз  кезінде  Маржан 
қызыл  гүлдей  қырмызы  көрініп,  Тəмпіштің  есі  ауып  құлай  сүйіп  еді,  енді 
міне  «бірге  тұрғың  келсе»  деген  шарт  қоя  бастапты.  Бұл  жігіттерге  не 
дерсің?! Ол ол ма? Тəмпіш күнде тəптештеп, «тəлім» жүргізеді… 

Маржан, сиырға шөп сал. 

Мақұл. 

Маржан, ешкіні сауып қой. 

Мақұл. 

Ей,  тыңдап  тұрсың  ба?  Мен  жұмыстан  келгенше  еденді  жу,  ыдыс- 
аяқты тазала, кір- қоңымды жуып қой… 

Тəке, мұның бəрін айтпасаң да, өзім істейтің тірлік емес пе? 

Айтқанымды орында, орындамасаң… 

Мақұл… 
Шатақ  кешінде  басталады.  Тəмпіштің  жүз  тапсырмасының  біреуі 
орындалмаса, Маржанға күн жоқ. 

Ей, сен адамға ұқсап тірлік ете алмасаң, неге күйеуге тиесің?! 

Сен тəптештемесең де істелетің тірлік қой осы… 

Ей,  есуас,  қатын  болсаң  қағынбай  бол!  Төсекті  неге  жөндеп 
жимайсың,ей? Көйлегім де өтіктелмепті, өй, олақ əрі салақ, нас екенсің!.. Сен 
бе? 

Тəке, татулық керек емес пе? Ақырын сөйлесіп, ақылдасайықшы, осы! 

Ақыл бар ма сенде! Ақыл болса үй тірлігін игерер едің-ау! 

Бүйтіп қырқысып өмір сүргенше, қоңыз теріп кеткен артық қой!- деді 
Маржан. 
Кештегі  керіс  осылай  басталып,  түн  ортасына  дейін  күйкі    күнкіл, 
қырыс-қиқаң,  қырқысу  аяқталмайды.  Тəтті  ұйқы,  жылы  төсек  болмаса, 
Тəмпіш  пен  Маржанның  үйіндегі  майданды  басуға  ешбір  құдіреттің  күші 
келмес еді. Көрген көршілерден, естіген елден ұят. 
Маржан мен Тəмпіш отбасыда өмірі осылай басталды. 
   - 
Ей, Тəмпіш!- дедім бір күні оған. 


Ау, ағай! 

Отбасыңдағы өміріңді неге осынша қорлайсың? 

Ағай-ау, мен əйелімді тəрбиелеп жүрмін! 

Тəрбие махаббаттан басталмай ма? 

Ағай-ау,  махаббат  қолдағы  нəрсе  ғой,  ал  тəрбие… «қатынды  бастан» 
демей ме қазақ… Мен- үй қожасымын… 
- «
Үй қожасы» болсаң, бар бол! О, бар болғыр! Бүйте берсең… Бір күні 
Маржаныңнан айырыласың! 

О не дегеніңіз?! 

Солай!.. 
-?! 
 
                  
ТҮБІН ОЙЛАМАҒАННАН ТҮҢІЛ 
 
Менің  атам  «түбін    ойламағаннан    түңіл»  деп  отырушы  еді  жарықтық. 
Жас кезінде ол  сөзге  мəн  берген  емеспін. Кейін байқасам,  ол сөздің мəн-
мағынасы үлкен  екен.  
Өзіміздің    ферма  меңгерушісі  Боржық  бойдақ  қой    бағатын  Тепеннің 
үйін дəл  біздің отардың қасына қондырды.  

Меке, қой бағу ғылымын бір  адамдай білесіз, мына Тепеннің отарына 
да көз-құлақ болып, ақыл-кеңесіңізді аямаңыз! – деді.  
- «
Жақсы  көрші  атаң  менен    енеңдей»  дейді  ғой  халық.  Ата-анадай 
болмасақ  та,  аға-жеңгелік  міндетімізді  атқарамыз!-деп,  қол  қусырып,  есік 
аштым.  Барған  жерінде  бас  жеуді  жақсы  көретін  Боржыққа  бір  қойымды 
сойып  тастадым.  Ерулік  жеуге  ерлі-зайыпты  көршім  де  келіп,  көл-көсір 
дастарқан басында кеңес құрып, келесі күндеріміз туралы мəжіліс жасадық. 

Тепен  отарындағы  дөнен  қойлардың  əрқайсысын  сексен  килограмнан 
етке  өткізсе,  герой  болады  да  шығады,-  деп  бөсті  Боржық,  бастың  миын 
мылжалап отыр. 

Көкең одан да асырады!- деп көпірді Тепен. 
Ертесінде  Тепеннің  тегене  құйрықты  еділбай  қойларын  санап  бердім. 
Мың қой! Не артық, не кем емес. Бəрі де тайдай- тайдай, майы тегіне шығып 
тұр. «Тепен шынымен-ақ герой болатын болды» деп ішімнен қуанып қалдым. 
Тіпай-тіпай,  тіліме  гүл  бітсін!  Егер  ауылымыздан  бір  еңбек  Ері  шықса, 
бəріміздің абыройымыз емес пе? «Жаңатұрмыс» ұжымшарынан бақандай бір 
шопан бүкіл елге белгілі болады. 
Бірер апта өткен соң Тепеннің қойын санасам, жеті бас жетпейді. 

Тепен-ау, білдей жеті қой жоқ! Бұл қалай? 

Мен сойып жеген жоқпын!.. Қасқыр жеп кетті. 

Қатар  отырған  менің  қорама  шаппаған  қасқыр,  сенің  қораңды  қалай 
ойрандады? 


Семіз  дөнен  қойлар  тұрғанда  қасқырға  сіздің  қабырғасы  қаңқайып 
тұрған  саулықтарыңыз  таңсық  дейсіз  бе?  О  несі  ей?-  деп  көршімнің  езуі 
көбектеніп кетті. 

Қой,  шырағым!  Қасқыр  тартқан  қой  бүйтіп  жым-жылас  жоғалып 
кетпейді! Сіздің қақыңыз болмасын! 
Тепеннің көзі аларып, түсі бұзыла бастаған соң, одан əрі тіл қатуға дəтім 
бармады. «Осындағы бір сұмдық бар-ау» деп ойлап, ішқұса болып қайттым. 
Арада біраз уақыт өткен соң, ыңғайсыз оқиға болды. Шаңқай тал түсте 
«
Қарашыбырдың»  қақ  ортасында  Тепеннің  қой  үйіргенін  алыстан  байқап 
қалдым.  Отарға  қара  жол  жақтан  қасқиған  шаң  келді.  Өз  отарымды 
көмекшіме  тапсырып,  желе  жортып  келсем,  Тепен  бес-алты  қойды  матап, 
машинаға  тиеп  қойыпты.  Бейтаныс  шофер  мені  көргенде  сойған  түлкіше 
ыржақтай  берді.  Менде  қан-сөл  жоқ.  Тапатал  түсте  ауыл  қазынасын 
арттырып жатқан Тепенді жерге қазық қылып қағып жібергім келіп, қасына 
жетіп бардым. 

Ау, мырза, мұның қалай, тал түсте?! 

Мұның осылай, ағай! Менде жұмысың болмасын дедім ғой, өзім жауап 
беремін! Табаныңды жалтыратпасаң, майып боласың! 
Саржалақ  бетінің  түгі  сыртына  шығып  кетіпті,  қаны  қарайып,  кісі 
өлтіруден  тайынбайды.  Ең  болмаса,  машинаның  нөмерін  біліп  алайын  деп 
ойласам, əккі шофер барлық номерлеріне балшық жағып тастапты. 

Көрдім  деп  біреуге  айтсаң,  ісім  сенімен  болады.  Тіліңді  байлап  жүр. 
Тіліңнен  табасың!-  деп  қорқытты  ол  мені.  Алпамса  денесімен  аюша  бас 
салмақ па, қалай? 
Тепен  қанша  қорқытқанымен  шындықты  бір  айтармын  деп  жүргенде 
арада тағы да екі-үш апта өтіп кетті. Бір кездескенімде Тепенге: 

Шырағым, мен достығымды айтамын, түбіңді ойла? 
Қалың қойға қарызданып, өтеуге шамаң жетпей жүрмесін!- дедім. 

Ол  жағынан  қам  жемеңіз,-  деді  інім  райланып,-  тек  ешкімге 
аузыңыздан  шықпасын,  сізге  жанашыр  ағайын  деп  шындығын  айтып 
отырмын: осынша қойды əкемнің малынша сата беретін мен ақымақ емеспін. 
Мəселе мынада – (ол менің құлағыма алақанын тосты) – Боржық екеуміз тең 
ортақпыз.  Ол  «қасқыр  қырды»  деп  акт  жасап  береді.  Ал  алтындай  ақша 
қалтада.  

Сонымен неше бас дөнен қойды қасқырға жегіздің? 

Əзірше жүз бас қойды қасқыр жеді… 

Онда қалтаңа елу мың теңге түскен екен ғой! 

Иə!  Дəл  таптыңыз.  Осы  сіз  əулие  сияқтысыз.  Қалайша  бəрін  біліп 
қоясыз? 

Мен  əулие  болсам,  Боржық  сені  сызға  отырғызады,  шығынды  өзің 
төлейсің, не сотталасың! Судың да сұрауы бар. Арам тамақ құстырады. 


Естінің есебі бар деген, ағай? Қорықпаңыз, «намазыңа сенбе, қағазыңа 
сен» деген мақал шығыпты осы кезде. Қағаз мықты болса, бəрі де, сəтті де 
болады. 

Е, шырағым, «халықты қанағанның жаны қара» емес пе? Қараниетпен 
тапқан  тəркіл  дүниенің  не  қасиеті  болады!  Менің  ақылымды  алсаң,  мынау 
жауыздықты тез тоқтат, өткен қылмысың да бір басыңа жетіп жатыр! 

Өзім  де  соны  ойлап  жүр  едім,  ақыл  бергеніңізге  рахмет!-  деп 
алпамсадай Тепеннің мойны салбырап кетті. 

Аң  қасқырдан  адам  қасқыр  қауіптірек,  енді  ондай  обыр  қасқырды 
отарыңа жолатпа!- дедім. 

Мақұл!- деген болып Тепен кетті. 
Кейін естідім, Тепеннен өз үлесін алған соң Боржық ревизияның аузына, 
«
бухгалтердің аузына», «ветврачтың аузына» деп қалған ақшаның тамтығын 
қалдырмапты.  Ал  тексеру  комиссиясының  мүшелері  қой  санауға  келгенде 
Боржық Тепенге тепсініп: 

Ей кеще, мұнда қой қайда?- деді. 

Қайда болушы еді, өзіңнің қалтаңда! 

Жүз  он  дөнен  қой  бір  адамның  қалтасына  сыйып  кетіпті  деген 
сұмдықты қайдан естідің? 

Өзіңіз ғой, акт жасатып беремін деген. 

Мені өкімет бұл жұмысқа сеніп қойған. Ондай арамниет мен емес! Тап 
қойды, əйтпесе, сотталасың! 

Сен сотталасың, төбет! –деп Тепен қатты ашуланып, жүрегі қысылып 
құлап қалды. Тексеру мүшелеріне болған жағдайларды айтып едім: 

Ақсақал,  біз  шындыққа  сенеміз,  Боржықтың  қой  сатқанын  көзіміз 
көрген жоқ,- деді. 

Адам  қасқырдың  ең  көкжалы  сен  екенсің!-  деп  Боржықты 
балағаттағаннан  басқа,  менің  қолымнан  басқа,  менің  қолымнан  ешнəрсе 
келмеді. 

Мен кінəлімін! Жүз он қойды төлеймін,- деді Тепен есін жиып. 
Су  жаңа  «Волгасын»,  сұр  биесін,  төрт  бөлмелі  үйін  сатып,  қарызынан 
құтылды да, Тепен басқа ауылға көшіп кетті. Боржық боржиып семіріпті, түк 
білмегенсіп  жүр.  Тағы  да  кімді  қақпанға  түсірерін  кім  білсін.  Арсыздың 
алдауына  түскен  Тепеннің  күні  не  болды  екен?  Түбін  ойламағаннан  түңіл 
деген осы-ау! 
 
ЗАРЖАҚ 
 
Осы  жұрт  қызық!  Кейбіреулерге  өздерінше  ат  тауып  қояды.  Закончик, 
жылпос,  апайтөс,  кеңбалақ,  босбелеу,  дəуқарын,  қисық  ауыз...  тығысын- 
тағылар. Енді міне жарқын мінезді Жапардың аты «Заржақ» болыпты. 

Мен  өз  басым  Жапарды  «Заржақ»  дегенге  қымсынатынмын.  Бірақ 
ағаймен  құрылыста  істес  болған  күні-ақ  бұл  атаудың  дұрыс  қойылғанына 
көзім жетті. 
Біз  ауылдағы  құрылыс  жұмысына  келгеміз,  Жапакеңнің  қолынан  гөрі 
аузы  қаттырақ  қимылдап,  құлағымызды  сарсытты,  істі  жұмыла  істеуге 
мұрша беретін емес.  

Біздің жақта қарбыз баланың жұдырығындай ғана болып өседі,  дейді. 

Сондай қарбызды жеп көрдіңіз бе,- деді бір жігіт. 

Ей,  бала,  байқап  сөйле,  жұмырығыма  жұғып  болмайтын  нəрсені  не 
қыламын?  Өзің  бір  тілінен  шиқаны  шығып  тұрған  қиқар  жігіт  екенсің. 
Сөйлей білмеген соң, тіліңді несіне қор қыласың? 
Жапардың тығыны ағытылды, тоқтай алатын емес. Əлгі жігіттің  сабыры 
таусылып, саңқ етті. 

Апыр-ай, ағай-ау, «біздің жақ», «сіздің жақ» деп қоймайсыз, сонда сіз 
бөтен планетадан келдіңізбе? 

Шырғым,  шиқылдама.  Бөлініп,  жарылып  сөйлейтін  сендер  сияқты 
емеспін  мен.  Біліп  сөйле,  іліп  сөйлеме.  Сендей  шешенсінгендерді  көргеміз. 
Өз əкесін танымай, аға деген жетесіз жетпегірдің бірісің ғой, шамасы… 
Жапарға  қыңқ  дей  алмадық.  Егер  күңк  етсең,  жағы  талмай  жарты  күн 
сөйлейтін түрі бар. Тыныш жүріп, тымпындап жұмыс істей бердік. 

Əй,  сендердің  ауыздарыңа    құм  құйылды  ма?  Неге  сөйлемейсіңдер,- 
деді  Жапар,-  əлде  бəрің  жабылып  мені    алапеске  шығарып,  аластайын 
дедіңдер  ме?  Жібі  түзу  жігіт  жоқ  екен  араларыңда…  Кілең  мыңқибай 
жиналған  екенсіңдер.  Сендерге  де  адам  деп  сөйлеймін-ау.  Сөздің  жүйесін, 
ақылдың иесін танымайтын өңшең өркөкірек топастар. 
Бізде үн жоқ. Тек ақындыққа бейім Асан: 
 
Заржағым-ау, Заржағым. 
Кешке дейін зарладың. 
Армансыз-ақ сөйледің. 
Айтпай-ақ қой ар жағын,- 
 
 
деп  күліп  еді,  Жапар  одан  əрмен  атылып,  қыз-қыз  қайнап,  қиқылдап 
кетті. 

Осы  сендер  «Заржақ»  деген  атты  қайдан  тауып  жүрсіңдер?  Заржақ 
болып  мен  кімді  зарлатыппын?  Зарлату  керек  болса,  сорлатармын  бəріңді. 
Алты ауыз өлең білмей жүріп ақын бола қалуын. Сендей ақынның талайын 
көргем! 
Кешінде  Жапар    ас  пісіріп  жүрген    Алтын    жеңгейге  тиісіп,  есін  
шығарды. 

Замандас,  өзіңіз  де  жақсы,  көзіңізде  жақсы,  бірақ  істеген  тамағыңыз 
сүйкімсіздеу  екен.  Жігіттер,  көңілдеріңе  келмесін: «жұтқан  жұтамайды,» 

«
қазанға    түскен  қапқа  түспейді»  деген.  Ауызға  салып,  айдай  беріңдер. 
Былтырғы аспазымыз да оңған емес болатын, етті шикі пісіріп беретін. 

Жапеке,  аздап  аузыңызға  тыйым  болмаса,  мына  ыстық  асты  алдыға 
келген соң, ішейік,- деді тəмпіш мұрын тəпелтек жігіт. 
Жапар  оның  жер-жебіріңе  жетіп,  сүйгенінен  өтіп  барып,  əңгіме 
тақырыбын ауыстырды. 

Аман болсаңдар, ағаңның тілін алып жүріңдер. Менің тілімді алсаңдар, 
қор  болмайсыңдар.  Былтыр  осындай  жұмыста  көзге  түсіп,  көпті  басқарып, 
абырой  алғанымыз.  Оған  мына  Омардың  баласы  куə.  Көрмедім  десе,  көзі 
шықсын.  

Ағай, абайлап сөйлеңіз. 
  - 
Абайлап сөйлемегенде, жабайлап сөйлеп отырмын ба? Ей, жігіт, сен 
өзің абалайтын Саққұлақ деп отырсың ба? Одыраңдама. Одыраудың да жөні 
бар. «Сөз  жұйесін  табады,  қарғыс  иесін  табады»  деген  мақалды  білесің  бе? 
Мақал түгіл, ана тіліңді толық білмейтін шорт- порттың өзісің ғой, шамасы. 
Одыраңдағаның  жаман  екен. «Ойсыз  баладан  ожар  мінез  туады»  деген  осы 
мінекей. 
Жапардың,  əсіресе,  кешкі  демалыс  кезіндегі  əсіреңкілігін  айтсаңшы. 
Анекдот  айтамын  деп  əлекке  түседі,  қисынсыз  бір  нəрселерді  қоқсытып, 
мазаңды алады. 

Жапар аға, жетеді, енді демалайық. 

Ей,  шырағым,  маған  команда  беретін  сен  қайдан  туып  едің?  Əлде 
құдайдың  балағынан түстің бе? Жұрттың мазасын алмай, жайыңа жат. Ишь 
ты  какой.  Еще  командует.  Маған  команда  беретін  адам  бұл  дүниеге  келген 
жоқ. Жақ өзіңдікі болса, қарыстыр. 
Жапардың  сілесі  қатып,  көзі  ұйқыға  барғанша  маза  болмады.  Азар  да 
безер болдық... Əй, Заржаққа дауа жоқ көрінеді. 
 
 
«
МЕНІҢ ƏЙЕЛІМ СҰЛУ» 
 
 
Əншейінде  томсарып  жүретін  Бекбол  балдызының  үйлену  тойында 
қатты қызды. Ол сырын ақтарып, бізге өз əйелі туралы хикая соға бастады: 
«
Өздеріңізге  белгілі,-  деді  ол  маңғазданып,-  менің  əйелім  Əсем  пəни 
дүниедегі  пəк  сұлу,  əсем  десе  əсем  емес  пе?  Көзі  ботаның  көзіндей! 
Кірпіктерінің өзі таң алдында шашырап шыққан күннің шұғыласындай. Ұзын 
бұрымды  шашын  қайыра  түйдектеп,  төбесіне  түйгенде,  сəнді  сəукеледей 
болады да қалады. Шаш демекші, менің əйеліме қызыл шаш, көк шаш, қара 
шаш,  бурыл  шаш,  ақ  шаш-  бəрі  де  жасара  береді.  Əсемтайым  анада  қалаға 
барып, қара шашын күрең түрге боятып келді. Сəндену де ұшықиырсыз: қас 
қию, кірпік сүрмелеу, тырнақ бояу, бет əрлеу, тырнақ бояу, бет əрлеу, сырға, 
сақина  салу...  Мəникөрдің  мəнін  көр:  əшекейге  бөленген  Əсемді  танымай 

қаласыңдар, өңі де өзгереді. Көк кірпік, қара қас, күрең шаш, қызыл бет, ақ 
маңдай... Мұндай əсемдікті ешбір адам көрген емес! 
 
Қара қасты, күрең шаш, 
Айналайын Əсембас, 
Өзің сұлу, мəңгі жас: 
Сендей адам табылмас!.. 
 
Əсемнің  əсерімен  осы  мен  ақын  боп  кетермін,  ей!  Ə?  Пісте  мұрыннан, 
қызыл еріннен, ақ тамақтан-ай! Хи-хи-хи! Өздеріңізге белгілі, Əсемтай мені 
жақсы көреді, мен оны сүйемін! Он жыл ғашық болып жүріп қосылғам оған, 
ондай  жарыңды  сүймегенде,  кімді  сүйесің?  Міне!  Махаббат  бұйрығы  оңай 
дүние емес! Əманда мен оның айтқанын обизатілний орындаймын! 

Əйел бедеу болса, беті бұзылмайды екен!- деді. 

Божалыста!- дедім. 

Доқтырмен келістім!- деді. 

Божалыста!- дедім. 
Күндіз  ырылдатып,  түнде  шырылдатып  бала  бағу  оңай  ма?  Əсемім 
ондайдан  қартайып  кетер...  Оның  беті  əрман!  Балаң  шешесінің  мойнына 
асылып, аяғымен кеудесін тепкілеп жатса, сен оған: «Ойбүй, айналайын, қой, 
мамаңның  үстін  грязный  етпе!»  деп  тұрсаң.  Мұндай  мехнатты  Əсемтайым 
өңінде түгіл, түсінде көрмесін! Доқтырмен келіскені жақсы болды!.. 
Өздеріңізге белгілі, менің арқамда Əсемнің ұйқысы қанық, түсте тұрады, 
ерте жатады. Мен тірі болғанда, Əсемтайға шөптің басын сындыртпаймын!... 

Беке, шалбарыңды өтектейін бе?- дейді Əсем. 

Рахмет! Өзім-ақ нетемін!- дедім. 

Беке, жейдеңді жуып қояйын ба? 

Рахмет, Өзім-ақ. 

Беке, əкім жұмысқа шықсын деп жатыр дейді... 

Жоқ,  жоқ!  Жалғыз  жарымның  жанын  қиып  жұмысқа  салғанша, 
жарылып өлгенім артық! «Жұмыс» дейді. Жұмыс былай тұрсын əуелі, еденді 
де  өзім  жуамын,  əні,  керек  болса!  Арудың  ақ  саусағын  қоқсыққа 
былғаттырмаймын!  Біліп  қойыңдар!  Ұйқысы  қанбай,  ұйпаланып  жүрген 
əйелдерді көріп жүрмін. Аруды аялай білу керек, жолдастар! «Еркек тананың 
басы» дегендей, еркекпіз ғой! Ə? Солай емес пе? Жалғыз жарыңды асырауға 
шамаң келмесе, басыңа бөрік кимей-ақ қой!  
Өздеріңізге  белгілі,  Əсем  алшаңдай  басып  аяңдап  көшеге  шыға  қалса, 
бір  ауылдың  сəні  кіріп,  жарық  дүние  жайнап  кетеді!..  Ол  сылқ-сылқ  күліп, 
наздана  қарағанда,  құрбы-  құрдастары  құрдай  жорғалайды.  Бір  күні  əлгі 
өзіміздің  Өгізбай...  Əсеммен  əзілдесіп,  көшеге  көлбеңдеп  тұр!  Зығырданып 
қайнап кетті. 

Марш атсуда!- дедім. 

Беке, құрдасыңызға ашуланбаңыз!- деді Əсем. 


Какой шорт, құрдас! Құрдас деген өстеді ме екен?! 
Əсемді «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмаймын!» 
Ол бір жексенбіде: 

Беке, жолдас- жораларыңды менің туған күніме шақырайық!- деді. 

Рахмет, өзім нетемін!- деп айтқанын істедім. 
Шақырдым «жора-жолдастарымды».Ақыры не болды? 

Мантының   қамыры піспепті!- деді таңқы танау Маржан. 

Шыны аяқтарың қасаң ғой!- деді керме қас Айша. 
Ызадан булығып өліп кете жаздадым. 

Ойбай-ау, мынау еттің тұзы у мен зəр ғой!- деді Боржық гүжілдеп. 

Боржеке, əдеп сақтау керек, ондай мініңіз болса, өз əйеліңізге айтыңыз! 
Понимайышь! 
Əсемге  мін  таппақшы!  Ондай  «жолдас-жораның»  маған  бір  тиынға  да 
керегі жоқ! Ұйбай-ау, жыным келді! Əлгі Өгізбай, Боржық екеуі сол кеште 
қайта-қайта Əсемді биге шақырып өкпесін өшірді. 
-
Уже хватить!- дедім. 
Əрқайсысы бір құшақтай бермесін!.. Əйел менікі! 
Мен əйелімді осылай ухаживайт  қыламын! Жер бетінде менің əйелімнен 
артық ешкім жоқ, вот іпсо!.. 
Ол танауын көтеріп көкке қарады. 
Міне, хикая! Əділін айтсақ, Бекеңнің əйелі қандай адам?.. 
 
 
 
                                  
ГҮЛШЫРЫННЫҢ  ƏҢГІМЕСІ 
 
 
Менімен  бірге  емханада  істейін  Жараскүл  досым  сыр  шертуге  икемсіз. 
Ол  өмірінде  шешіліп  сөйлеген  емес.  Бір  күні  досым  жымиып,  менің  бетіме 
қарап күле берді. 

Неге күле бересің, Жараскүл? 

Жай, əшейін... 
- «
Жылағанды сұрама, күлгенді сұра» деген, сенде бір сыр бар... 

Гуля, сен білесің бе?.. Мен күйеуге шығатын болдым! 

Құттықтаймын! Күйеу жігіт кім? 

Борпық!.. Өзі армиядан жаңа келді... Танысқанымызға бір апта болып 
еді... Тегі, жанымды қоятын емес... 

Сонымен? 

Сонымен кешке той мерзіміне келісім беріп қойдым... 

Тым тез екен... Адамбыз ғой... ақылдаспайсың ба? 

Тойға  дайындық  жасайық,  өзің  басы-қасында  болмасаң,  мен  не 
білемін? 

Құрбы- құрдас, дос- жарандар Жараскүлдің тойына жанымызды салып, 
жаңаша өткізуге тырыстық. Көрші ауылдың көркем жігіттерінің бірімін деп, 
кеуде  қағып  жүретін  кербез  жігіт  екен  Борпық,  толықтау,  сымбатты-ақ. 
Əсіресе  менің  қыбымды  тауып,  бəйпектеп  жүр.  Əдетте  тойымды  білікті, 
жасы  үлкен  құрметті  ағайлар  басқарушы  еді,  ал  мына  Борпық  əдеп  пен 
əдепке  қарайтын  емес,  алғашқы  тостан  соң-ақ  думанды  өзі  басқарып, 
өршеленіп  кетті. «Пысық»  екен.  Кемелді  ақындарша  тост  кезегін  өлеңмен 
ұсынады. 
 
«
Түнде бесік таянған, 
Мың мəртебе оянған» 
Айтқаны ақыл, сөзі епті 
Анаға бердім кезекті!    
 
-  
Рахмет, баларамын! Бақытты, тату- тəтті өмір сүріңдер! 

Горько! Сүйісіңдер! 

Тек- ей, Телпекбай, бірден сүйістірмей қоя тұршы!.. 

Екі жастың келешегі үшін, өлсем де, ішемін!.. 
Жұрт даурығып, у да шу болды. Əркім бір сөйлеп жатыр. Құйылғанды 
құлқ еткізіп, Борпық «кезекті» жиелете бастады: 
 
Алға бізді сүйреткен 
Ақыл-кеңес үйреткен. 
Жақпай қалсақ таяқпен, 
Жағымызды күйреткен! 
Əңгімешіл, сөзі көпті!-деді ол əзілдеп айтқаны болса 
керек. 

Ха-ха-ха! Дұрыс айтады. Сөйле əке!- деді Текебай. 

Балалар,  жас  отбасы  бақытты  болсын!  Əдепті,  инабатты,  сыйлы-
сыпайы болыңдар! Сол үшін! 

Жоқ!- деді Телпекбай, орнынан жұлқына тұрды. 
Қызып  алған  қыз-жігіттер  ду  күліп,  қол  соғып  жіберді.  Масаң  жігіттің 
құлқына жиреніп, сөзінен жүрегім айныды. Əке- шешенің қуанышы қойнына 
сыймады, сондықтан олар əдепсіз қылықтарға көңіл аударатын емес, тек күле 
береді, күле береді. Айналайын анажан-ай! (Анам есіме түсіп кетті). Қандай 
елжірегіш еді? Кенет Борпық шалқая шалқып, маған қарай өлең бұрды: 
Қарақат көзді, сүмбіл шаш, 
Алма бетті, қара қас, 
Айдай болған қарындас, 
Алауы мол, жалын жас, 
Ақылшы дос, сөзі епті- 
Гуляға бердім кезекті! 
 

Ол  шалқып  орнынан  тұрып  кетті,  менің  алдыма  келіп,  сөзімді  күтіп, 
кербездене кейкейіп, танауын көтерді. 

Махаббат, шын махаббат берік болсын, екі жас жанұяға көрік болсын!- 
дедім. 

Ура, сол үшін! 

Қандай ақылды қыз!- деп көпшілік даурығып кетті. 

Осыны алып қоймасаң, екі дүниеде риза емеспін!- деді Телпекбай. 

Егер тік көтеріп қоймасаң, мен өзімді- өзім бауыздап жіберемін!- деді 
Борпық. Есім шығып кетті. Мына Борпық ешнəрседен тайынатын емес. Мен 
өмірімді бірінші рет шарап іштім. 

Гуля, мен сен үшін құрбандық боламын!- деді Борпық. 

Менің атым Гуля емес, Гүлхадиша!.. 

Гуля деген сөз ұнамды маған, Гуля деген «гүл» деген сөз ғой... 
Борпық  менің  қасыма  жайғасып  отырып  алды.  Той  жайына  қалды. 
Борпықтың  салалы  қолы  сумаңдап  менің  иығыма  асылады,  шашымды 
сипайды. Мен орнымнан тұрып кеттім.  Сенекке шығып, сенделіп тұр едім, 
Борпық келіп, құшақтай алды. 

Сені мен сондай сүйіп қалдым, - деді ол жүрегін қолына ұстап,- бұдан 
үш күн бұрын кездескенінде, саған үйленетін едім, Гуля!.. 

Кейін тұрыңыз, кербез жігіт! 

Киіктің шүкейтіндей Жараскүлдің қасында, жөн- жосықты білетін өзің 
айдайсың!- деді ол беті бүлк етпей.  

Сөйлеме!- дедім құлағымды басып. 
Түйіліп,  түйіліп  келіп  жаумай  кеткен  бұлт  секілді  ызалы  сөздерім 
айтылмай қалды. 
Стол  басында  қайта  келдік.  Борпық  бір  мезетте  Жараскүлмен  əпеке–
шəпеке бола қалды. Бұйығы қыз оспадар қылық пен əзəзіл күлкіге балқып, от 
алау  болып  отыр.  Етек-  жеңі  кең,  аңқау  қыз  зымияндық  пен  сормаңдай 
тірлікті қайдан сезсін: неке қиысып, сүйісіп мəз болды. 
Дəрігерлік  жұмыс  оңай  емес  екенін  білесіз.  Ай  өткен  соң,  бір  күні 
жұмыстан  кеш  шығып,  шаршап  келе  жатыр  едім,  Борпық  жолымды  тосып 
тұр екен. 

Сəлем,  Гуля,  амансың  ба,  денсаулық  жақсы  ма?-  деп  мың  құбылып, 
ыстық  сүтті  айналған  мысықша  жаны  қалмады.  Бұлталаң,  қитұрқы  мінезін 
көріп, ызам қайнап кетті. 

Жараскүл аман ба? Неғып жүрсің?  

Гуля!- деді ол өндіршегі үзіліп. 

Саған не керек? 

Гуля жаным, мен сені сүйемін! Жараскүлден ажырадым... басым бос!.. 
Сырымды ұңғыл- шұңғылына дейін айтып тұрмын: бірге өмір... 

Доғар сөзіңді, ұятсыз, деліқұлы!.. 
Жараскүл есіме түсіп, ішім əлейім- тəлейім болып кетті. 

«
Сормаңдай  Жараскүл-  ай!»  деп  еңіреп  жібердім. «Жасты  жасытып 
өмірін  қор  етіп...  көрсеқызар  көргенсіз-  ай!..»  Борпықты  ала  көзіммен  атып 
жібердім.  

Мен де жігітпін!- дейді Борпық мыңқылдап ( Жігіт болмай ...). 
 
МЕНІ  ҚҰРТҚАН- «ЖИЫРМА ЕКІ» 
 
Жайсаң  жаз.  Кең  жайлау.  Алуан  түрлі  шешек  атып  құлпырған 
гүлмайсадағы жылқылы ауыл, қаздың жұмыртқаларындай қаз- қатар тігілген 
боз үйлер. Жұпар ауа, гүлді қыр. Сапырылған сары қымыздың қышқыл тəтті 
иісі  өңешіңе  жетіп,  өзегіңді  бойлайды.  Мың  бұралған  тасбұлақтардың 
сарылдаған сарынына өшпес өмірдің өрнекті күйін естисің. 
Мен жылқышымын. Бала кезден жылқы бағуды арман еттім: Жылқышы 
ағайымның  қол  баласы  болып  жүріп  аттың  құлағында  ойнадым.  Міне,  енді 
желі  байлап,  саба  пісіп  сары  қымызды  үйірілте  сапырып  отырмын.  Жылқы 
деген  жарықтықтың  қыстай  бейнетін  тартсаң,  жаздай  зейнетін  көресің. 
Қымыз  ішіп,  қырға  шығамыз.  Мал  болса  бабында,  соны  жайлауда  былқып 
жатыр. Еріккенге ермек керек.  

Кəне «мыңдық» тастап жіберейін бе, - деймін Божбанға. 

Мыңдығың  құрысын, «тоғыздық  ойнайық!-  дейді  дауысы  гүрілдеп 
Божбан.  

Əуелі «астынан тастамайдан» бастайық!- дейді жылтыр қара Жолай. 
Атлас картаны суыра тартып, сусылдап «ойынға» кірісемін. Карта- менің 
қызығым.  Кітап  оқуға  құлқым  жоқ.  Радионы  қашаңға  тыңдай  бересің? 
Домбырасымақ  мыңғырағым  бар  еді,  балалар  əлде  қашан  оның  шегін  үзіп, 
шанағын бұзып тастаған. Əңгіме- кеңеске өрем жетпейді. Көйлек- көк, көңіл- 
тоқ. Ойнаудан басқа не ермек бар? Малға баламды шаптырып жіберіп, шарта 
жүгініп отырмын. Есі- дертім картада. «Күліс», «мыңдық», «тоғыздық», «беті 
қалды», «жиырма бір», «кинга», «преферанс» дейсің бе, шүкір, мен білмейтін 
ойын  жоқ.  Сен  картаның  майын  ішкенсің  дейді  əйелім.  Онысы  рас  шығар. 
Көк  төбенің  басына  көгалға  отыра  қалып,  карта  ойнаудан  жалықпаймын. 
Бірақ картаны қанша жақсы ойнай білсем де, соңғы уақытта, сорым қайнап, 
ұтыла бергіш болдым. Əркім ұту үшін ойнайды, бүгін «кингадан ұтамын ба» 
деген  үмітпен  үздігіп  отырмын.  Күндіз  күлкі,  түнде  ұйқы  жоқ,  осы  жолы 
ұтпасам əйелім Əзигүлге қарайтын бет жоқ. 

Бисмиллə!- деп, Божбан бастаған үш ойыншының есебін шығардым. 
- «
Қалам ұшы» болып жүрмесін!- деп гүжілдеді Божбан. 

Адал қарап, айқын есептеймін. 

Кім ұтыпты! 

Сіз! Сіздер! 

Сал ақшаңды!.. 

Əзигүл-əй, əкел тиынды!.. 

 
Тиындап,  титығымды  құртып  бара  жатқан  соң, «кинганы»  тастап, 
«
жиырма  бірге»  ауыстым.  «Дəрдікем!»  деп,  картана  сырғыта  бастадым, 
менің «бағыма»  бір жолайтын емес. 

Əзияш, əкел! 
        - 
Осымен доғар енді, жетер! 

Əзияш, əкел жүз теңге!  

Қалта түбі қағылып барады, қысқарт қырсығыңды! 

Əзия, əкел мың теңге! 

Ойпыр- ай, Тарпаңбай-ай, тартып аласың ба, қалта қағылды! 
Бір  кезек  аяқталған  соң,  сыбағамды  ит  жегендей  итініп,  мойным  түсіп 
кетті.  Карта  түлкінің  құйрығы  сияты  ыңдынымды  тағы  да  тартып    отыр. 
Жалғыз  атымның  жартысын  ұттырдым,  одан  қалса  жалғыз  сиырым  бар. 
«
Тəуекел!». 

Ал картаны!- деді Божбан. 

Алдым, қайтсем де ұтамын! 

Көтер! 

Қанша? 

Жиырма екі! 

Сал ақшаңды! 
Бар  ақша  тып-  типыл  болған,  енді  жалғыз  атымның  екінші  жартысын 
есепке салып, қарыздана бастадым. «Қырсыққанда қымыран іриді» дегендей 
адамның баласы пəлені өзі сатып алады екен. Əзигүл менен тұңілді. Қанша 
қақсап, ақылын тауысты бейшара.  
Тұз-  жүрегім,  кароль-  құдайым,  дама-  махаббатым,  валет-  сүйенішім... 
Божбан  қымыз  ішіп,  қызара  бөртіп,  сілтеп  отырғанда  мен  сауысқанша 
қыпылықтап,  жаным  қалмайды,  асқан  жан  кешпе  ме,  Божбан  картаны  мың 
саққа  жүгіртіп,  əйтеуір  амалын  тауып,  менің  жанымды  қоятын  емес.  Не 
керек,  жалғыз  аттың  жартысын  да    ұттырып,  сымпиып  шықтым. «Құмар 
ойнаған құриды!» деген мақалдың даналықпен айтылғандығына əбден көзім 
жетті. Сұп-сұр болып, ұсқыным кетіп, Əзигүлдің алдында аҺ ұрып отырмын. 

Құмар ойнама, құрисың деп айтпапппа едім саған?!- дейді Əзигүл. 

Енді карта ойнасам төбемді көрме... 

Қанша қарғансаңда, сөзіңде тұрасың ба? 

Жалғыз атымды ұттырдым, елден ұят! Бұданда у ішіп өлген артық! 
Картадан ұтылсаң ойыныңды тый! Ал өмірден ұтылу- өкінішті! 
Иə... Енді ойланатын болдық қой, Əзияш! 
 
Өзегім  өртеніп,  ішім  ашып  барады!  Ұтылу  деген  у  ішкен  мен  бірдей 
екен...  Құрысын!  Басым  айналып,  жүрегім  шаншып  тұр.  Жүдеп-  жадап, 
қатып- семіп құрыдым... Мені құртқан «жиырма екі». 
 
 
 
 

БЕТІМАЙ
 

Бетім-ай!  Маржан-  ау,сен  не  білдің?  Жаңа  ғана  осы  жерде,  менің  көз 
алдымда  сұмдықтың  сұмдығы  болды!-  деп,  Маржанға  Мөржан  жеңгеміз 
керемет айта бастады. Бүйрек бетін бүлкілдетіп, шымши береді. 
 - 
Байғұс-ау,  бетіңді  шымшылай  бермей,  байыздап  баяндасаңшы...  Не 
болды? 

Кереметтің кереметі... Несін айтасың. Ел естімесін... 
Мынау  мен  туғалы  көрмеген  көрім...Несін  айтасың,Маржан-ау,  адам 
баласы тірі болса, не бір сұмдықты көреді екен. 
 - 
Сұмдық,  сұмдық  деп  сұңқылдай  бермей,  айтсаңшы  əкесі  өлгенді  де 
естіртеді. 

Ұйбай, ұят-ай! Мынау əкей өлгеннен əрі болмаса, бері емес, Маржан-
ау, айтып тұрмын ғой өз көзіммен көрдім.мына...  

Не көрдің? 

Əлгі біздің Көзжақсы бар ғой... 

Көзжасың кім еді ? 

Əлгі хатшы Қарашашты айтамын. 

Е,əлгі сұлу бикеш пе?Бастықтың хатшысы...                    

Дəл таптың! Соның өзі...   

Ол не істеді сонша?  

Маржан-ау,оның  істемегені  жоқ.  Сен  өзімсің  ғой,  ешкімге  аузыңнан 
шықпасын, бір керемет болды. 

Рас па? Мынауың бір қызық екен... «Жақ ашарыңды» айтшы кəне!  

Сұлу қызға сұқтанбайтын еркек бола ма, тəйірі! Өзің білесің, бригадир  
Борпық қайным бір жібі түзу жақсы жігіт қой, иə... 

Рас айтасың!.. Осы қайнымды атасаң, жүрегім бір түрлі болады, онысы 
несі- ей!.. 

Ə, пəле! Сенің бір пəлең бар! 

Сонымен... 

Қайнымыз келіншегі қайтыс болғалы, қасіреттеніп, қабақ түйіп жүрген 
соң, жаным ашып: 

Сұлу мұрт қайным- ау, өткен өтті, кеткен кетті... 
Қапа-  қасіретті  қой,  төсек  жаңартпайсың  ба?  Кеудемізде  жанымыз  бар 
ғой,  қыздарға  сөз  айтып,  бір  адамды  көндіруге,  құдайға  шүкір,  шамамыз 
келеді!- дедім. 

Қойшы  əрі!  Абысынымыз  дүние  салғалы  бір  жылға  толған  жоқ. 
Ренжітіп қайтесің... 

Ренжіген  жоқ.  Қызық  болды.  Қайта  көзі  жайнап,  күлмең  қағып, 
«
жеңешетай, менің жағдайымды сіз білмеген де кім біледі!» деп, қолымнан 
ұстап  алғаны!  Құдайым-  ай,  сымбатты  жігіттің  оңашада  қолыңнан  ұстай 
алғаны  қызық  болады  екен.  Өзің  айтқандай,  жүрегім  бір  түрлі  қобалжып 
кеткендей болды. Содан кейін... 


Содан кейін не істедіңдер? 

Қойшы  əрі  «не  істегені»  несі?  Бір-  бірімізге  күлімдеп,  қарама-  қарсы 
тайаныштай  тақалып  тұрып  қалыппыз.  Есіме  Қарашаш  түсті... «Қарашаш 
ақылды қыз»,- дедім. 

Жас  қой...  Мені  менсінеді  дейсің  бе?..  Ондай  атты  күн  қайда?!-  деді 
қайным... Қызыл шырайлы жүзіне нұр ойнап, қарақат көзі ұшқынданып тұр. 
Қап- қара, қарлығаштың қанатындай қияқ мұрты дір еткендей болды. Қыран 
кеудесіне мені қысыңқырай құшып, жалынышпен күлімдеп қарады. «Қайным 
үшін отқа түсіп өссем де, арманым жоқ » деп ойладым. 

Мен тірі тұрсам, Қарашаштың тілін табамыз!- дедім. 

Сонымен не болды?  Қыздың жүрек қылын  шертіп  байқадың ба?  

Саған    шынымды  айтайын,  қайнымды  мақтаудан    бастап  едім, «сіз 
қайныңызды неге сонша мақтай бересіз, өткізе алмай жүрсіз бе»  дегені.  

Е,  неге  өткізе  алмаймын,  қайным  аман    болса,  оған      талай 
бойжеткеннің    көзі  түседі,  одан    да  сен...  деп,  сөз    бастай  бергенімде, 
Қарашаш    қайқайып,  орнынан    тұрып    кетті.  Орыстар  «молчание-знак 
согласия» дейді емес пе? Мен қайныма келіп:  

Қыз  келісті,  енді сөйлесіп  тіл жалғасу өзіңнен болсын, - деп  соғып  
салдым. Өмірімде өтірік  айтқаным  осы шығар.  

Сен  де қызық  екенсің. Сөзді əуелі пісіріп алмайсың ба?  Мен  болсам  
қыздың жүрегін  елжіретіп жіберетін  едім. Иə?  

Сонымен  сұмдық  болды. Қайным  қарап  жатсын  ба? «Ой айналайын 
ақ жеңешем!» деп, маған батасын бере-бере кетіп  еді. Жаңа байқап қалдым,  
бақтың ортасындағы жолда қайным қызды тосып  тұр, қыз  бұлаңдап  келе  
жатыр.  Бұталарды  паналап,  жақын    келіп    байқап  тұрдым.  Қайным 
Қарашапен амандасып:  

Сəлем,  айналайын!  И-е,  балдызынан!  Иə...  нетіп! – деп    сөз    айта 
алмады. «Қап» деп қапаланып мен тұрмын.  

Мені бастық  шақырып  жатыр екен,  асығыс едім, - дейді қыз.  

Иə... Саған  əлгі... бір нəрсе...  

Не  айтайын  деп едіңіз?  

Əлгі маржан  жеңгең айтқан шығар,  менің  шаруам  бітті ғой шамасы.  

Шаруаңыздың біткені жақсы болған!...  
-
Айналайын, Қарашаш, маржан жаңашең дұрыс  айтады, менің  шаруам-
сол.  
- «
Шаруасы» несі? Мен асығыспын, жезде.  
-  
Хи-хи! Қарағым Қарашаш! Айналайын, мен  сені былай... ұнатып... 

Жезде,  мұныңыз қалай? Ұят  емес пе?  

Айып  етпе, шырағым! «Бас екеу болмай, мал  екеу болмайды».  

Сіз не деп  бара  жатырсыз, жезде?! «Бас екеуіңіз» не?  

Маржан  жеңешең  дұрыс    айтады.  Иə...  Менің    арман-тілегім – сол. 
Міне-жаным.! Міне-жүрегім!  

... 
Саған  өтірік – маған  шын.  Борпық  Қарашашты  қапсыра  құшақтап 
тұрғанда, Сапарбек тракторшы келіп  қалды.  

Бөке,  мұныңыз қалай,  шаңқай түсте қызды ренжітіп тұрсыз?  

Сапарбек! Сенің жұмысың  болмасын! Бар! 

Қайда барамын? 

Жұмысыңа бар? 
Қарашаш  құрыш  құшақтан    босап,  жасын  сүртіп  тұрғанда,  екі  жігіт  
кежілдесіп  кетті.  

Қарашашқа  тиіспей жүр!   Менде де намыс бар?! – деді Сапарбек.  

Тек,  ей! Намысың не?- деп  Борпық кеуде тіреді.  

Намысым    сол:  Қарашашқа  мен    хат  жазғанмын.  Жауабын    күтіп 
жүрмін. Егер  жауап  болмаса, жанымды құрбан  етемін!  

Ей, жігітім! Менің намысым жоқ па? Байқап  сөйле!  

Байқасаң байқа! Мына мұрын  өзіңдікі болса!  
Сапарбек құрыш  денелі  күшті жігіт қой, өзің білесің  
Лезде сарт та сұрт  төбелес болып кетті. Бір  кезде тракторшы жігіттің  
қайнымның    алқымынан  алған  қолы  қарысып    қалды.  Қайным  
қырылдағанда,  құлындағы  дауысым  құраққа  кетіп,  шыңғырып    қастарына 
келдім.  Қарашаш  та  қарбаланып,  оларды  ажыратып  жүр.  Оларды  зорға 
ажыратып  тұрғанымызда,  пошташы  Жаңабай  келіп  қалды.  Ол  Қарашашқа 
телеграмма ұсынды.  

Телеграмма! – деді Жаңабай.  

Кімнен! – деп қарашаш  алып-ұшты.  

Жапалдан!  

Иə,  сіздің ініңіз... «Армиядан келе жатырмын,  тосып  алыңдар!» депті, 

деп Қарашаш күлімдеп тұр.  

Оның  саған  қандай қатысы бар? – деп Сапарбек қып-қызыл  болды.  

Ағай,  енді,  расын    айтайын!  Біз    көңіл  қосқамыз! – деп  Қарашаш 
қасқайып тұр.  

Шын  айтасың ба, Маржан-ау?! Бұл  сонда ағасымен де,  інісімен де... 

Шын    емегенде!  Менің  өтірік    айтқан  күнім  болды  ма?  Ұят-ай, 
Борпыққа  ой  кетіп,  Сапарбекке  көңілі  кетіп  жүрген  Қарашаш  Сапарбектің 
інісіне  сөз    берген    екен.  Тағы  да  ұялмай  «тойға  жүріңіздер!»  деп  жаңағы 
төбелескіш «серілерді» ертіп  кетті.  

Бəсе, бұл қызда ұят жоқ! Бұл  əуелі...  

Беті сұлу адамның  несін  айтасың?  

Бетім-ай!  
Маржан  бетін    тағы  да  шымшыды.  Желіккен  жеңгелердің  əңгімесі 
аяқталатын  емес.  
Қарашашты талай саққа жүгіртіп,  жерден  алып  жерге салды.  

Қой  құрысын! «Екі  елі  ауызға  бір    елі  қақпақ»  деген.  Мұны  жұрт  
естімесін, - деді Маржан.  


Сөзден  сөз шығады,  сөзге сөз қосылады. Өсек содан шығады, - дейді 
Мөржан.  
– 
Мен  көргенімді айтып тұрмын... Бетім-ай! 
Айналайын    жеңгелерім,  дұрыс    айтасыңдар! «Екі  елі  ауызға  бір    елі 
қақпақ» керек. Сонда өсек болмайды.                 
 
 
 
 
      
МАЗМҰНЫ 
 
Мысқылдыр........................................................................... 3 – 62 
Сықақ өлеңдер.......................................................................  63 – 100 
Мысалдар ...............................................................................  100 -135 
Шымшыма шумақтар............................................................   136 -144 
Скетчтер .................................................................................    145 -223 
Сықақ əңгімелер  ...................................................................     224 -335 
 
 
 
 
                                        
 
 
 
 
 
                            
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет