Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет7/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25

         
ҮЙ МЕН ІРГЕТАС 
 
Сəулетті үй десе де: «көріктімін», 
Іргесі оның болмады берік,мығым. 
Сəні кетіп,құлады қабырғасы, 
Қабылдаушы тұрғындар көріпті мұң. 
 
Ой жіберсең сөзімнің  мəніне,  дос, 
Ірге берік болмаса,бəрі де бос. 
 
 
           
ТЕЖЕУІШ 
 
«
Тездеп» соқты машинаның маторы,- 
Тежеуіш тез шектеді оның жүрісін. 
Тежемесе, опықтырар маторды 
Тежеуіш те-жылдамдыққа ірі сын. 
 
Тежеу керек мінез бен сөз, екпінге, 
Өр мінезден онсыз азап шектім де.  
 
 
    
АҚЫЛ  МЕН  КҮШ  
 
Күш  ақылды менсінбей,  тасып көпті,  
Ақыл сабыр, айламен асып  кетті:  
Амал  тауып, үйретіп істің мəнін,  
Ақылына көндірді күштің бəрін.  
 
Ақыл күшті игерер арымен де,  
Ақылсыз күш қауіпті бəрінен де.  
 

ТҮЙЕНІҢ ТҮҢІЛУІ  
 
«
Тым үнсіз жүгіңді тасыдым,  
Тынымсыз өткіздің күніңді.  
Демалмас, миы жоқ басыңның!» -  
Деп түйе адамнан түңілді.  
 
Орынсыз  айтылған «ақыл» - жат,  
Ойсызға бас име мақұлдап.  
 
 
ШӨЛМЕКТІҢ МАҚТАНЫШЫ  
 
«
Біл, сезін, мен боламын ірі мықтың!  
Бір өзім үш  адамды ұрып жықтым!» -  
Деп, шөлмек аса  мақтап ішкілікті,  
Мастарды күлкі қылып, ышқыныпты.  
 
Қаскүнем нəпсі адамды азғырады, -  
Маскүнем  тек арақты жазғырады.  
 
ҚАЙШЫНЫҢ «ІСІ»  
 
Өткір қайшы бағбан ісін меңгеріп,  
Өркендерді қырқып шықты «теңгеріп».  
Биік өскен талай бұтақ қырқылды,  
Қиып кескен, қалды жерде, қырқынды.  
 
Шаш ал десе бас алады кей надан,  
«
Қырқу», «құрту» - түзеу емес, ей адам!  
 
 
ҚАЙНАР МЕН ӨЗЕН  
 

Атаңмын! – деген қайнарды,  
Кекетті өзен сайдағы:  

Көпіріп ақтым сенсіз-ақ,  
Көкіме сөзбен қайдағы!  
 
Ассаң да өмір  көгіне, -  
Атаңа бас и – тегіңе.  
 
 

ДАЛА МЕН ЖЕЛ  
 
Кербез  дала паң жатты, -  
Келді де жел, шаңдатты:  

Мекерлік пен  күштілік  
Менде!- деді ол ысқырып. 
 
Тентек қың тек бүлдірер: 
Тентектігін білдірер. 
 
 
ҚЫРАН МЕН ҚЫРҒИ 
 
Қыранша жем ілем деп, 
Қырғи қойды торыпты: 
«
Өз күшімді білем!» - деп, 
Қошқарды ілмек болыпты. 
 
Ойлан шама- шарқыңды: 
Ойрандама парқыңды. 
 
 
АҚЫЛ МЕН ТІЛ 
 
-
Жаман сөз сүйектен өтеді, 
Жақсы сөз жүрекке жетеді, 
Сөз-өткір! – деді тіл. 
Ақыл – мұң: 

Сөз – ойға тəн, - деді ақырын. 
 
Асыл сөз шығар ой – сезімнен: 
Ақылың байқалар сөзіңнен. 
 
 
ЕКІ ҚОШҚАРБІР ИТ 
 
Екі қошқарға бір ит кеп, 
Ерегістіріп, «үрит» деп, 
Бүліктірді де, кеңкілдеп 
Күліп тұрды: - Соқ! Өлтір» - деп. 
 
Залымның тілін алмаңыз: 
Иттікке сеніп қалмаңыз. 

БУЫРШЫНЫҢ СЫНЫ 
 

Бұзау жүйрік құлыннан, 
Бұл – ақиқат бұрыннан! – 
Деп, буыршын «сын» айтты, 
Дес бермеді, мың  айтты. 
 
Əңгі «сөзім – жөн» дейді, - 
Əділдікке көнбейді. 
 
АЛТЫН АҚША  
 
Алтын  ақша мақтаныпты жалтырап:  

Адам  маған  қол  созады қалтырап!  
Менен артық зат жоқ деп жұрт ұғады:  
Мені көрсе бəрі «жолдан» шығады.  
 
Өрнектеген зерлеп  алтын сымбатты:  
Өнер ісі – алтыннан да қымбатты.  
 
ОТ ПЕН КҮЙЕ  
 
Адам отты жағып, күндей жайнатты,  
Қазан оты қазы қарта қайнатты, -  
Күйе күндеп, отты өшіріп, қағынды:  

Иемін! – деп, қазанға өзі жағылды.  
 
Иемденген от жалынның еңбегін,  
Күйемен тең, пірсіз  езге сенбегін.  
 
 
ЖЕЛ МЕН ГҮЛ  
 
Есті де жел, есіріңді, жұлқынды,  
Жұпар гүлді жұлмақ болып, бұлқынды.  
Ал гүл бақта: - Ескер менің халімді!  
Ажыратпа жерімнен! – деп, жалынды.  
 
Гүлсіз жерсіз өніміңнің сəні жоқ,  
Ұлсыз - ерсіз өміріңнің мəні жоқ.  
 
 
 

  
ЕСЕКТІҢ ОЙЫ  
 
-
Басым үлкен! – деді есек, -  
Менде ми да, күш те бар!  
Айтқан  сөзі демесек,  
Ақылға – жоқ, іске-бар.  
 
Мақтаншақ  тым  ақылы аз:  
Өзін  мақтап болар мəз.  
 
 
БАС ПЕН  ҚАРЫН  
 
Қарын өсіп «биіктеп»,  
Қампиып тым «өрледі», -  
Бас жылады «күйік» деп,  
Көз  алдын да көрмеді.  
 
Қанағатсыз  асыңа  
Қарын – азап басыңа.  
 
 
ШЫНДЫҚ  ПЕН  ЖАЛҒАН  
 
Жалған болып «шын мықты»,  
Жауып қойып шындықты.  
Жездің нарқын асырды, -  
Алтын құнын жасырды.  
 
Күн бетін кім  жасырар:  
Күндей шындық  ашылар.  
 
ҚАСҚЫРДЫҢ УƏДЕСІ  
 
Түсіп қап  қасқыр қақпанға,  
Жалынды адам соққанда:  

Қасқырлығымды қоямын,  
Қастандығымда жоямын!...  
 
Қастекі, қаскөй – қанды ауыз  
Қасқырға сеніп қалмаңыз.  
 
 

ЖҮЙРІК  ПЕН  ЖАБЫ  
 
Жүйрікке жабы: - Талмай шап!  
Жүйтки бер, - деді, - қалмай шап!...  
Озған  соң жүйрік «олжа» алып,  

Оздық біз! – деді ол,  айғай сап.  
 
Еңбексіз  табыс – арам  ас:  
Арам ас бойға тарамас.  
 
 
МЕГЕЖІННІҢ ӨСИЕТІ  
 
Мегежін: - Жатып, ауна сор  айдынға –  
Деп, өзін үлгі қылды торайына.  
Саз  болды торайдың  да  таңдағаны  
Мəз болды,-  былғанғанын аңғармады.  
 
Масылдың «тəлімінен» жирен, түсін, -  
Асылдың ақылы мен үйрен  ісін.  
 
 
АРЛАН  МЕН ҚОЯН  
 
Арлан  мен  қоян  достасты, -  
Арасы аян дос-қастың:  
«
Жарқыным-қоян!» - деп қойды, -  
«
Жарқынын» ноян жеп қойды.  
 
Асырып залым  айласын,  
«
Достасар» ойлап пайдасын.  
 
КИТТІҢ АСТАМДЫҒЫ  
 

Теңізді жұтып қоям! – деп,  
Кит бөсті, - күшім аян! – деп.  
Сескенткен «таудай, алыпқа»,  
Сеніпті қорқып балықта.  
 
Көрінер  істен өз  шамаң, -  
Астамдық  артық сөз – жаман.  
 
 

ЛАУАЗЫМДЫ ЕСЕК  
 
Лауазымы биіктепті есектің,  
Лақылдаған сөзі – анайы, кесек тым:  
Құлап ішіп, а дегенге ақырды,  
Құрақ ұшып, «пірадарлар» бас ұрды.  
 
Ессіз есер, қиқар қырсық, ол – бір нас.  
«
Есек» елге басшы болып оңдырмас.  
 
 
АРЫСТАН МЕН ИТ  
 
Арыстан дəу серуендеп жүр  еді,  
Арс-арс етіп  оған Ақтөс үрді енді.  
Аң патшасы «əңгір таяқ ойнатты»,  
Ақтөс тайқып, ұстап  берді Мойнақты.  
 
Жанын қорғап, жала жауып, жауықты:  
Жаман жолдас жауыңнан да қауіпті.  
 
ТЫШҚАН КҮЗЕТШІ  
 
Жаз өтті де, жиын  терін күз жетті,  
Ит сайлады: тышқан қойма күзетті:  
«
Епті қасқа» астық ұрлап тауысты,  
Енді басқа қызметке ауысты.  
 
Обыр жанды жақындатсаң қоймаға,  
Ол қойманы қорғайды деп ойлама.  
 
ШЫРМАУЫҚ  
 
Шырмауық қайыңды шырмады,  
Шырмауын мақтан қып, жырлады:  
«
Қайыңды демедім, сүйедім!  
Қапсыра құшамын, сүйемін!»...  
 
Обыр дос – айлакер, «зырлауық»:  
Ол саған оралған шырмауық.  
 
 
 

ҰРЫ ИТ ПЕН СҰҚ ИТ  
 
Майлаяқ ұрлық  ет  жеп семіріпті,  
Ал  Пират құр  сүйекті кеміріпті.  
«
Тазамын ұрлықтан» деп, жүрсе Пират, -  
Жазаның ауыры оған  беріліпті.  
 
Ұрлықта «үлкен» жəне «кіші» болмас:  
Ұрыға жақындассаң, ісің ңбас.  
 
 
АЛМАС ПЕН ҚАҢЫЛТЫР  
 
Ақ қаңылтыр қорлап асыл  алмасты,  
«
Алмастан да жылтырмын», - деп, алжасты. 
Ақ  алмас тұр мəңгілік нұр от шашып, -  
Ақ қаңылтыр тез-ақ тозды тот басып.  
 
Ақын жырын қорлап, ез «сын қозғайды», -  
Ақ  алмастай өлең мəні тозбайды.  
 
 
АТ ПЕН ЕСЕК  
 
Ат  көмекке шақырды дос есекті, -  
Ақыл  айтып, ол сенімді еш етті:  

Орынымен жұмса да күшіңді,  
Орындай біл, үйрен менің ісімді...  
 
Ақымаққа ісің түссе, сол-қайғы:  
Ақылгөйсіп, кісілікті қорлайды.  
 
КӨКЕК ПЕН  КЕНГУРУ  
 

Қалтаңа сап  балаңды көтересің,  
Көрмейсің ғой, кенгуру, өтемесін, -  
Деді көкек, Кегуру күлімдеді:  

Аналық бір бақытым – мұным! – деді.  
 
Ақ сүтін де анамыз бұлдамайды, -  
Оған бірақ ойсыз қыз, ұл да – қайғы.  
 
 

МАСКА  
 
Қойға ұқсас бір аңды маскалы  
Қой ғой деп, Жолбарыс бас салды, -  
Арыстан маскасын шешті де,  
Азуын көрсетті ессізге.  
 
Алданба сыртқы сəн, «пішінге»,  
Адамның бар сыры ішінде.  
 
 
 
ИТТІҢ АРМАНЫ  
 
Ит қыс  сайын «жазда үй сап  алам» деп,  
Ал  жазында «келмеді ғой шамам» деп,  
Қатты қыста өзін  тағы аяды:  
Қайталады сол  арманын баяғы.  
 
Еріншектің «тірлігінде» түйткі көп,  
Еш қылады өмір парқын итшілеп.  
 
 
ҚЫРАН МЕН  АДАМ  
 
Қыран: - Менен қайтсең де кемсің! деді:  
Қанатсыз деп, адамды менсінбеді.  
Адам: - Мен де ұшам, - деп, күлімдеді:  

Аспаным – ой, қанатым-білім, - деді.  
 
Білімсіз ой – түйінсіз, түс елес де,  
Білімсіз жан-қанатсыз құс емес пе?  
 
УЫҚ ПЕН ШАҢЫРАҚ  
 
Шаңырақ шалқайып тіл қатты:  

Үй сəні – менмін, ең қымбатты!  
Сөз айтты уық та: - Шырағым!  
Сені мен төбеме шығардым...  
 
Басына көтерсе сүйіп көп, 
Тасыма халқыңнан биіктеп.  
 

САҒАТ ПЕН ҚОҢЫРАУ  
 
Қоңырау соғылды да, сыңғырлады,  
«
Сағатты жүргіздім!» - деп сылдырлады. 
Ал сағат өз  міндетін  атқарғалы,  
Ақырын сыртылдады мақтанбады.  
 
Мақтаншақ қол соғады омырауға:  
Ұқсайды сылдыр, қуыс қоңырауға.  
 
ШІЛІК ПЕН  ТАМЫР  
 
«
Шірік» деп өз тамырын,  
Шілік бірде есірді.  
Тамыр жоймай сабырын,  
Кесірліні кешірді.  
 
Арсыз тегін білмейді,  
Анасын да тілдейді.  
 
АРА МЕН ШЫБЫН  
 
Ара: - Жүр, бал тасу – жөн! – деді, -  
Ал шыбын  ақылға көнбеді.  
«
Тегін» деп, қонды кеп шырынға, -  
Ол дерт боп жабысты шыбынға.  
 
Тегі – нас обыр боп өтеді:  
«
Тегін ас» түбіне жетеді.  
 
ҚАСҚЫР –СОТ  
 
Бағбан бақтан ұстап «борсық сотқарды»,  
Сотқа берді, Қасқыр оны соттады:  

Бақ иесі сойып алсын  терісін,  
Бас сирағы, еті сотқа берілсін!  
 
Əбілеттің тыйым болмас құлқында:  
Əділетті «жем» қылады, құлқынға.  
 
ТАС ПЕН БАЛҒА  
 

Қойшы, балға, тарсыл – мақтан бөсуді,  

Ісің бітпес төсемесем төсімді, -  
Дегенде төс, балға сөзге көнбеді:  

Күш те менде, іс шебері мен! – деді.  
 
Бөспе, досым, өмір заңын түсін де:  
Өссең өстің өз  ортаңның  ішінде.  
 
 
ҰЛАН МЕН ЖЫЛАН  
 

Улы да, ұзын  тіліңді сенің  
Кесемін! – депті жыланға Ұлан.  

Тіл  кеспек болсаң, қарғаған  елің  
Өсекші тілді кес, - депті жылан.  
 
Өрт салып, дақпырт шығарған əман,  
Өсектің тілі жыланнан жаман.  
 
 
БҰЛТ ПЕН ЖЕЛ  
 
Жел бұлтты желпіп, көтерді көкке, -  
Желге бұлт ұрсып, «жөтелді» текке:  

Мазамды алсаң, қуам! – деп, сөкті.  
Желсіз бұлт енді тұман боп шөкті.  
 
Адамға пейлің адал, кең болсын:  
Адамның күні адаммен, досым.  
 
 
СЫН МЕН ЖЫН  
 
Жын – жалқау жатып  алды түске дейін,  
Сын – маса шағып алды, іске бейім:  

Тұр кəне! Тірлігіңнің бəрін жаса!...  
Жын ұрды, майып болды сары маса.  
       
Ез қыңның ашуы – мол, терісі – тар:  
Сөзіңнің пайдасын ол теріс ұғар.  
 
 
 
 

ЕСЕК ПЕН ҚҰНАН  
 

Құнан, маған мүсініңмен ұнадың,  
Құп  аумаған мендей болса құлағың...  
Жас құнаным, тегің тұлпар демесек,  
Бас, құлағың мендей емес! – деді есек.  
 
Өзеуреген қың «мініңді» тереді:  
Өзгелерден өзін артық көреді.   
 
АЮ БАЛШЫ  
 
Аю-балшы бармағын жалап еді,  
Бал шырыны тілінде қала берді:  
Дəм бітті де, таңдайын қаға берді,  
Дəнікті де, бал ұрлап ала берді.  
 
Ұры-қырыс қылғуын қойған ба бір:  
Ұрлық-қылмыс: «татқан да, тойған да бір».  
 
 
КӨКЕКТІҢ «СЫНЫ»  
 

Дегелекше егіндікті таптайсың» -  
Деп, сынапты көкек бірде тауықты.  
Ол егінді шегірткеден сақтайтын, -  
Айтпай соны, көкек тек «мін тауыпты».  
 
Сын атаулы мінсіз бе? Өмір заңын ұқ:  
Тек жамандап, қорлаған сын – залымдық. 
  
ЕСЕКТІҢ ТƏЛІМІ  
 
Есек тəртіп, əдепті бұзып, бұрып,  
Наша тартты қодықты қызықтырып.  
Қодық қапа, жұқтырып ащы дертті:  
Қорлық, жапа, көріп жүр, қасіретті.  
 
Жирен бұрыс əдеттен безін, шошын.  
Үйрен, дұрыс əдепті сезін, досым.  
 
 
 

ТОРҒАЙ МЕН БАЛАПАН  
 
Қанша бағып, өсіргенмен, ана – таң:  
Сонша лағып, қанаттанған балапан 
Анасымен қоштасуға жарамай,  
Ұшып кетті артына  бір қарамай.  
 
Көргенсіз боп, көңлін жыққан ананың,  
Көмегі жоқ көрлат, топас баланың.  
 
 
АРЫСТАН МЕН ЖОЛБАРЫС  
 
Жолбарысты мақтады арыстан көп,  
Жокең соқты: «Арыстан –данышпан!» - деп.  
Екеуінің қанішер жыртқыштығын  
Есек айтты «жария», қалыстан кеп.  
 
Сыбайластар қылмысын  жасырады:  
Бір-бірінің мақтауын асырады.  
 
 
ҚАРҒА МЕН ТОҚЫЛДАҚ  
 
Бір топ құсқа қарға бастық болыпты,  
Орынбасар тоқылдағы: ол – «мықты».  
Іс тапсырып тоқылдақтай сабазға,  
Қарға бастық қол қойды тек қағазға.  
 
Басшыға жұрт игі жұмыс жүктейді:  
Ол қағазға қол қоюмен бітпейді. 
  
АЛТЫН ОЙЫНШЫҚ 
 
Алтындаған ойыншық арайланды:  
Арайына жас бала қарай қалды.  
Оңашада сындырып көріп еді, -  
Ол оншама нұрлы боп көрінбеді.  
 
Алтындаған кеуекте құн болмайды,  
Тани білсең, алтында мін болмайды.  
 
 

ШЫМШЫҚ ПЕН БҰЛБҰЛ  
 
Шымшық бұлбұл болам деп, шиқылдады:  
Əнге мəнер салам деп, қиқылдады:  
Бұлбұл əнге көпшілік қол соққанда,  
«
Сайрап ем ғой мен де» деп, қипыңдады.  
 
Шын дарынға өнердің «кілті қолда», -  
Өнер таппай, дарынсыз күлкі болма.  
 
КҮШ ПЕН БІЛІМ  
 
Күш тұрып білімге сыр  ақтарыпты, 
«
Күштілік жеңеді» деп, мақтаныпты.  
Ал білім бар қуатын ішке сақтап,  
Айтпапты бар қуатын күшке мақтап.  
 
Ғылымды жасап берген күш – білімде:  
Білімді меңгере алсаң, күштімін де.  
 
 
ТӨБЕТ ПЕН КҮШІК  
 
Күшік «күшпен»  мансабы өсіп  еді, -  
Ісі түскен төбетті менсінбеді.  
Əдепсіз  боп, кергуін арсынбады:  

Əдепсіз! – деп, көк төбет  арсылдады.  
 
Қиық, кеще көрсетіп надандылығын,  
Биіктесе, жояды адамдығын. 
 
  
ТҮЛКІ МЕН ҚАСҚЫР  
 
Күзетші болған қасқырды 
Көп «сынап» түлкі, «састырды».  
Жазасын тапты «ойлап мың»:  

Орнынан түссін, қой бақсын!  
 
Жегіштер мақтап бір-бірін,  
Жебейді қылмыс – ұрлығын.  
 
 

ШЫМШЫҚТЫҢ «ƏУЛЕТІ»  
 

Шырылдауды білмейсің, - деп, бұлбұлды,  
Шымшық бастық қызметіне алмады.  
Ол басқарған мекемеде бұл күні,  
Шымшықтардан басқа құстар қалмады.  
 
Қарау басшы тек жақынын жақтайды,  
Қастекі, пес, топасты да мақтайды.  
 
 
КӨРТЫШҚАН МЕН САРШҰНАҚ  
 
Саршұнақ кең əлемге қарап тұрды:  
Əуезді үн тыңдады, қалап нұрды.  
Көртышқан көруге да жарамды:  
Жақсыны «көргем жоқ», - деп, жамандады.  
 
Əсемді ез ұқпайды, безін мейлі:  
Өнердің қасиетін сезінбейді.  
 
 
ҚАСҚЫР МЕН КІРПІ  
 
Қасқырды кірпі сынады:  
Аңдарға сол сын ұнады.  
Қылмыссыз кірпі  бірақ та  
Қызметінен «құлады».  
 
Кекшіл пес болса бастығың,  
Сын үшін жасар қастығын.  
 
ҚОРАЗ ҚОҚИЛАНДЫ  
 

Қо-қо-қо!  Таңды мен  атырдым! –  
Деді де нəн қораз «батырың»,  
Қоқиланып, əлемге жар салды, -  
Таңды жұрт онсыз-ақ қарсы алды.  
 
Бөспенің сөзінде «мені» көп,  
Сондықтан өзіне сенім жоқ.  
 
 

ҚЫРАН МЕН ТОҚЫЛДАҚ  
 
Қыран мен тоқылдақ іс «бөлісіпті»:  
Қыран – нуға, тоқылдақ «өрге ұшыпты».  
Тоқылдақ атқара алмай қыран ісін,  
Қыран құс қор қылыпты бұлан күшін.  
 
Əркімнің бұл өмірде орны – басқа:  
Тірліктен орныңды тап,  қор қылмасқа.  
 
 
 
КҮН МЕН ГҮЛ  
 
Гүл айтты: - Нұрыңды тек түсір маған!  
Күн айтты: - Мен – көпшілмін, түсін, балам!  
Сəн берем, қуатымды аямаймын:  
Сəулеммен өркендейді бүкіл ғалам.  
 
Жақсы адам күн сияқты – тұлға жайлы:  
Жасаған жақсылығын бұлдамайды.  
 
 
ЕСЕК ПЕН БҰЛАН  
 
«
Бастық болар есек» деген өсекті  
Естіп, бұлан мақтап еді есекті, -  
Жалғандығын білген кезде табанда-ақ  
Шыға келді «ол-қырыс» деп, жамандап. 
  
Мансапқорды жылпос мақтап, қолдайды, -  
Мансұқ қалса, жамандайды, қордайды. 
 
ҚАНДАЛА МЕН ҚҰМЫРСҚА  
 

Тойып жүрмін қанын сорып  адамның, -  
Деп, қандала құмырсқаға сыр шертті.  
Ал, құмырсқа: - Мен еңбекте адалмын! –  
Деп, еңбектің құдіретін жыр етті.  
 
Қаражүрек обыр ойлап бас қамын,  
Қараяды қанын сорып басқаның.  
 

 
ƏЙНЕК ПЕН ЛУПА  
 
Əйнек айтты – Мөлдірліктің досымын, -  
Жасырмаймын əрбір заттың пошымын...  
Айтты лупа: - Мен ұлғайтып көрсетем:  
Адам байқап, ұсақты да көрсе екен.  
 
Əрбір затқа əділ баға бере біл,  
Ұлыны да, ұсақты да көре біл.  
 
 
ТОҢАЗЫТҚЫШ  
 
Тоңазытқыш демін тартып, дірілдеп:  

Мол азықты жидым, - деді, - біріндеп...  

Өзгелерге қимаймын! – деп сыздады,  
Өзегіне қырау тұрып, мұздады.  
 
Сараң  адам білмей ізет, ұятты,  
Қалтырайды тоңазытқыш сияқты.  
 
 
ЕСЕК ПЕН МАШИНА  
 

Есек, сенің өз дəуірің өткен! – деп,  
Жүк машина қағытты тым өктем кеп.  
Есек айтты: - Мені неге тілдейсің?..  
Түтін, газ, шаң... Зияның көп, - білмейсің.  
 
Көлгірсіме, мақтанба,  дау тумасын,  
Көп пайдаңды бір зияның жумасын.  
 
ҚОҢЫРАУ МЕН ҚАСЫҚ  
 
Қасық айтты: - Қоңырау, сылдырлайсың,  
Маған ұқсап, бір жұмыс тындырмайсың.  

Бағалағын, - деді ол, - шатылмағын:  
Балаларды оқуға шақырамын.  
 
Күншіл пасық ер парқын білдірмейді.  
Күндеп: «жасық, ол – суайт, сылдыр» дейді.  
 

 
МАСКҮНЕМ МЕН ГАСТРИТ  
 
Қарғыс айтты салауатқа гастрит, -  
Алғыс айтты маскүнемге жалақтап:  

Ішіңе енді арақ досым – «қасқыр ит»,  
Ішіп өлгін, рахмет, азап тап!  
 
Ішкілікке масайрадық – мастандық, -  
«
Іш бүлікте», таптық содан қастандық.  
 
МИКРОП  
 
Микропты жұрт «дұшпан, - дейді, - сасық!»  
«
Сүйкімді» етті оны да кейбір пасық.  
Қағылып бір көрмеген микроптар,  
Қағынып жүр оларға ауыру тасып.  
 
Настығың көп сезініп, ойға алмайсың –  
Қастығың ол өзіңді ойрандайтын.  
 
ҚҰСТАРДЫҢ ЗАРЫ  
 

Жарқанат-ау, қалаң іші қандай лас?!  

Бұлбұлжан, бұл адам ісі сондай нас!  
«
Тазалықты сақтаймын» деп күнде айтар...  
Мазақ тіпті, қала мұңын кімге айтар?!  
 
Ісі оңбайды қырсыз, ойсыз, олақтың:  
Құс қонбайды көшесіне салақтың.  
 
 
ЕТ ПЕН БЕТ  
 
Бет ұялып, қызарды:  

Бағаң қымбат сенің! – деп,  
Ет сөреде қызарды:  

Ием бетсіз менің! – деп.  
 
Саудабұзар сараңда  
Ұят болмас əманда.  
 
 

«
ЖЕКЕМЕНШІК» ЖЕР  
 
Жекеменшік  қақсады  жер:  

Жеміс екпей, қор қылды Кер!  
Кесірленіп, кербаққанды 
Қарғасам, жұрт орынды дер.  
 
Халық мүлкін иеленсең,  
Қайтар оған жүйемен сен.  
 
АРАҚ ПЕН КІТАП  
 
Арақ кекіп, мақтанды: 

Өтімдімін сенен! – деп,  
Кітап сөреде сақталды:  
Өтпей қалып, елеңдеп.  
 
Тəн азыққа «тойған» нас.  
Жан азығын ойламас.  
 
ДҮНИЕҚОҢЫЗ  
 
Дүние-доңыз – жалғандық:  
Дүниеқоңыз алданып,  
Қақты көзі қимады, -  
Жатты босқа жиғаны.  
 
Көңіліңді алаң қып,  
Қоқсық жинау – надандық.  
 
ИТ ПЕН КҮШІК  
 
Ит құйрығын түріпті,  
Күшігіне үріпті:  

Ақта сөзді, үр мықты:  
Сақта біздің ғұрыпты!  
 
Ит иттігін қоймайды:  
Ит болуды ойлайды.  


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет