Әдістемелік жұмыс



Дата31.12.2021
өлшемі90,73 Kb.
#22935

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік жұмыс – бұл педагогикалық кадрлардың ғылыми-теориялық,жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық даярлығы мен кәсіби шеберлігін жоғарылатуға бағытталған жүйелі ұжымдық және жеке қызмет

Әдістемелік жұмыстың міндеттері


1. Педагогикалық білім деңгейін жоғарылату

2. Заманауи педагогикалық технологияларды, нәтижелі оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдерін зерттеу және өзінің кәсіби қызметінде пайдалану

3. Шығармашылық қызметке қызығушылықты дамыту

4. Өз бетімен білім алуға қызығушылығын дамыту және жағдай жасау

5. Тұрақты кәсіби құндылықтар мен көзқарастарды қалыптастыру

6. Оқушы нәтижелілігін диагностикалаудың заманауи әдіс-тәсілдерін зерттеу және тәжірибеде пайдалану

7. Заманауи тәрбие әдістемелерін зерттеу және практика жүзінде қолдану

8. Авторлық бағдарламалар, құралдар, нұсқаулықтарды жасақтайтын педагогтерге қолдау көрсету

9. Педагогтердің ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру


Мектепішілік әдістемелік жұмыс –педагогтердің үздіксіз білім алуына, олардың кәсіби біліктілігін жоғарылатуға бағытталған біртұтас жүйенің басым бағытының бірі. Қоғам дамуының заманауи кезеңінде педагог тұлғасын бағалауға көзқарастар өзгереді, педагогтер жаңа сапалық сипаттамаларға ие болды. Олар –коммуникативтік, өзін-өзі бағалау, сыни тұрғыдан ойлау. Бүгінгі күні зерттеу жүргізуге қабілеті бар, шығармашылық ойлауды жүзеге асыра алатын, ғылым жетістіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану арқылы өз қызметінің мазмұнын жаңарта алатын педагогке деген сұраныс өсіп отыр. Әдістемелік жұмыс-бұл ғылым мен озық педагогикалық тәжірибе жетістіктеріне негізделген біртұтас жүйе. Әдістемелік жұмыс әрбір жеке мұғалімнің және тұтас педагогикалық ұжымның кәсіби дамуы мен өсуіне бағытталған өзара байланысқан іс шаралардан құралады

Әдістемелік қызметкелесі негізгі бағыттарды қамтиды

  • Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жан –жақты көтеру
  • Жалпы мектептің педагогикалық ұжымының шығармашылық әлеуетін дамыту мен жоғарылату
  • Оқу -тәрбие үдерісін жетілдіру,оқушылардың оқу, тәрбие және даму дәредесінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету
  • Оқу тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз етілу үздіксіз сипатта жүргізіледі, нақты мәселелерден туындайды, педагогикалық қызметтің сан түрлі формалар мен мазмұнын қамтиды



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет