Әдістемелік жұмыстар туралы



бет1/12
Дата13.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#82361
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдістемелік жұмыстар туралы

Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу


Әдістемелік жұмыс – педагог кадрлардың ғылыми-ілімдік, кәсіптік, әдістемелік, мәдени деңгейін сапалы көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке жұмыстар жүйесін қосатын кешенді және шығармашылық даму үрдісі. Ол – оқу-тәрбие жұмысын басқару, мұғалімдерді жоғары әдістемелік мәдени рухта тәрбиелеу және өз еңбегінің сапасы мен нәтижесінде талап қоя білудің маңызды бағыты – оқыту тәжірибесінде ұтымды, тиімді әдістерді шығармашылықпен игеру, бұл оқушылардың танымдық, ойлау қызметін жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.

Директордың ғылыми-әдiстемелiк жұмыстар жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiр дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.




Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар


Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет