Әдістемелік нұсқау


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Робот-тазартқыш» жасау



бет121/162
Дата12.09.2022
өлшемі423,05 Kb.
#38907
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162
25-сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Робот-тазартқыш» жасау

Бөлімі:

Ұзақмерзімді жоспар тарауы:
3-бөлім. Роботтехника. Жоба (ортақ тақырыптар: «Өнер», «Көрнекті тұлғалар»)

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Робот-тазартқыш» жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.5.3.1 орташа мотор жылдамдығының мөлшерін орнату, жылдамдығын реттеу;
3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:
Қоқыс жинайтын роботтың қозғалысын ұйымдастыру үшін, орта мотор мен циклді қолданады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің ісәрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту: «Жаңалық ашамыз» ойыны
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл тапсырма болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан, салмағы мен ұзындығын жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады (мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы, полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.

Топтастыру:

Топтастыру: «Фигуралар» әдісі
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру I топ – Үшбұрыштар

  1. топ – Дөңгелектер

  2. топ – Төртбұрыштар

Мақсаты: оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерін пайдалану, оқу мақсаттарына қол жеткізуде







оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет