Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.03.2017
өлшемі212,72 Kb.
#9765
  1   2   3

Әдістемелік нұсқаулардың

 титулдық парағы 

Нысан 

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Қазақ тілі кафедрасы

                                            

                                            Қазақ тілі пәні бойынша

5В070900     «Металлургия»,         5В071200     «Машинажасау»,         5В071300

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары»,    5В072400 «Технологиялық

машиналар   және   жабдықтар»,   5В090100   «Көлікті   пайдалану   және   жүк

қозғалысы   мен   тасымалдауды   ұйымдастыру»,   5В073200     «Стандарттау,

сертификация   және   метрология»     мамандықтарының       студенттеріне

арналған

                             ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА 



                                          

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ 

Павлодар


 

Әдістемелік нұсқауларды 

бекіту парағы

 

Нысан


ПМУ ҰС Н 7.18.3/41

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор 

___________      Н.Э.Пфейфер

     (қолы)             (аты-жөні)

20__ж. «___»____________

Құрастырушы:  оқытушы Г.М. Акумбаева

Қазақ тілі кафедрасы

                                       Қазақ тілі пәні бойынша

5В070900     «Металлургия»,         5В071200     «Машинажасау»,         5В071300

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары»,    5В072400 «Технологиялық

машиналар   және   жабдықтар»,   5В090100   «Көлікті   пайдалану   және   жүк

қозғалысы   мен   тасымалдауды   ұйымдастыру»,   5В073200     «Стандарттау,

сертификация   және   метрология»     мамандықтарының       студенттеріне

арналған


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА

әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар 

    


Кафедраның отырысында ұсынылды 

20__ж. «___»______________, №__ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі    

_____________      А.Ф. Зейнулина   20__ж. «____» ________

      (қолы)                     (аты-жөні

)

_____________________________________________ОӘК мақұлданды



                                                     (факультет атауы)

20__ж. «___»______________,  №____ Хаттама

ОӘК төрағасы   

_______________       Е.Н.Жұманқұлова     20__ж. «____» ________

                                                 (қолы)

            (аты-жөні)



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы         

_____________             А.А. Варакута     20__ж. «____» ________

                                               (қолы)                            (аты-жөні)

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды     

20__ж. «___» ______________    №____ Хаттама

 

    


    Практикалық сабақтардың мақсаты:

 күнделікті өмірде қарым-қатынасқа, қатысымдық міндеттерді шешуге 

керекті сөйлеу үлгілерін үйрету;

- негізгі әдеп ережелерін қолдана білуге дағдыландыру;

- өз ойын білдіруге қажеттілікке (интенция) қатысты қарапайым 

синтаксистік конструкцияларды меңгерту;

- салт-дәстүр туралы білімдерін тереңдету;

- берілген мәлімет бойынша өз түсінік-пікірлерін айта білуге үйрету;

- болашақ мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, сұрай, анықтай, 

хабарлай білуге жаттықтыру;

- жұмысы жөнінде, өзі туралы мәлімет беруге, жарнама, 

хабарландыруларды оқи білуге, олардың қажеттісін іріктеп ала білуге 

үйрету;

- кәсіби терминдермен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет-журналмен 



жұмыс істей білуге, түсінігін айта білуге жаттықтыру;

- ресми-іскерлік, әдеп ережелерін қолдана білуге үйрету;

- ресми хабарлар мен жұмыс түрлері туралы (теледидар, радио тыңдау, 

газет-журнал оқу, әдебиеттер оқу) түсініктерін жаза білуге, айта білуге 

дағдыландыру;

- ресми кездесуге, жиналыс, мәжілістерге қатысып, оларды өз бетімен 

жүргізе білуге үйрету.


Практикалық сабақтардың тапсырмалары мен жаттығулары

1.1-тақырып: Амандасу.

1 - тапсырма.  Төмендегі сөздерді  пайдалана отырып диалог құрыңыз:

 Сәлемдесу, амандасу, қоштасу, денсаулық, хал-жағдай, жақсы, жаман, шүкір, рахмет,



кездесу;   Сәлеметсіз   бе?Сәлеметсіз   бе?Халіңіз   қалай?Шүкір,   жақсы.Кездескенше   сау

болыңыз!Сау болыңыз!

2 – тапсырма. а)Жуан, жіңішке дауыстылар аралас сөздерді дұрыс  айтып жаттығыңыз:

Дәрісханада,   дәрісхананың,   кітаптарды.  ә)   Жіңішке   дауысты   дыбыстарды   жазыңыз;

б)Жуан дауысты дыбыстарды жазыңыз;  в) Орыс тілінде жоқ дауыстыларды жазыңыз.



3 – тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстармен 5 ер және 5 әйел атын жазыңыз: 

1.2 -тақырып:

 

 Танысу.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздерді  пайдалана отырып диалог құрыңыз:

 Ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол 



-Таныс   болайық.   Сіздің   атыңыз   кім?Менің   атым   –   Гүлнәр.Сіздің   атыңыз   кім?Менің

атым – Ержан.Өте жақсы.Танысқаныма қуаныштымын.

2 – тапсырма. Мына сөздерді оқыңыз, орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі Ы дыбыстарын

айтудағы   айырмашылықтарға   көңіл   бөліңіз.   Прочтите,   обращая   внимание   на     разницу

произношение русского-Ы и казахского-Ы:

[1, 20-б. 3-жаттығу]



Жир – жыр    Сыр – сыр   Сын – сын     Жил – жыл           Дым – дым 

3   –   тапсырма.  Ы   және   І   артикуляциясындағы   ерекшеліктерін   түсіндіріңіз.   Прочтите,

объясните разницу в артикуляции Ы и І: [1, 21-б. 7-жаттығу] 



Ыс – іс 

Ыл – іл 

Тыс – тіс  

Сыз – сіз 

Ызыл – ізсіз 

1.3-тақырып: Кешірім. Өтініш. Алғыс. Келісу. Қарсылық білдіру. Құптау. Құптамау.

1 – тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерді  пайдалана отырып диалог құрыңыз:

- Кешірім, ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы

болмау, жоқ, келісу, әрине, келіспеу, құптау.

- Кешіріңіз, кіруге бола ма?       Кіріңіз.     Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін.     Оқасы жоқ, не

айтайын деп едіңіз?   Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды?   Сағат 8-ден 5 минут

кетті.     Сізбен   әңгімелесуге   бола   ма?     Жоқ,   уақытым   жоқ.     Кешіріңіз,   әңгімелесуге

уақытым жоқ.

2 – тапсырма. Ы және І дыбыстарының айтылудағы ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып,

мына сөздерді оқыңыз. Прочтите, обращая внимание на произношение звуков Ұ и Ү: [1,

71-б. 5-жаттығу] 

 ұқ- үк,       ұн – үн,        ұр – үр,         ұш – үш,       құн – күн,       сұр – сүр,          тұр – түр.  



2.1-тақырып: Өзім туралы.

1 – тапсырма. «Өзім туралы» тақырыбына шығарма жазыңыз. 

Мына сұрақтар қамтылсын:



-фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты кім?

- туған жеріңіз қайда?,  жасыңыз нешеде? 

-қайда оқып жүрсіз, нешінші курста?, қайда жұмыс істеп жүрсіз? 

-аға, апа, іні, қарындастарыңыз барма?

-олардың жастары нешеде?

-олар не істеп жүр?, ата-анаңыз не істеп жүр?  

2 – тапсырма.  Ғ - Қ, Х - Қ артикуляциялық ерекшеліктерін оқыныз, түсіндіріңіз [1, 31-б.

3-жаттығу]:



Баға – бақа                        қат – хат 

        ғана – қана                             қал – хал 

таға – тақа                     қош – хош                 жаға – жақын                        Қасен – Хасен 

3   –   тапсырма.  Жіктік   жалғаулардың   лайықтысын   жалғап,   жекешесін   бір   бағанға,

көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз [1, 158-б. 15-жаттығу] :



Мен абзал... .  Біз егіз... .  Мен мұғалім... .  Біз дәрігер... .  Мен жігіт... . Мен қазақ... .  Мен

жалқау... .   Мен елуде... .   Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз

еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда... .

4 – тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз: (Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский

язык для всех» Основной  курс. 158-б. 17-жаттығу)



Бірінші, мұғалім, үлкен, адам, жас. 

2.2-тақырып: Досым туралы.

1   –   тапсырма.  Төмендегі   сөздерді     пайдалана   отырып   ең   жақын   досыңыз   туралы

әңгімелеңіз:



Менің досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым

шекпейді, ақ көңіл, жақын, ең, өте. 

Сөйлесім үлгілері:

-

Сіздің досыңыз кім?

-

Менің ең жақын досым – Болат.

-

Ол қандай адам?

-

Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.

2 – тапсырма.   Дыбыс аркуляциясындағы айырмашылыққа көңіл бөліп, мына сөздерді

оқыңыз:


 Прочтите следующие слова, обратив  внимания на разницу в артикуляции звуков [1,59-б.

3-жаттығу]:



Ен - «ширина», ең - «самый»  

Кен – «руда», кең – «просторный» 

Он – «десять», оң – «правый» 

Мен – «я», мең – «родинка»

Жене – «союз И», жаңа – «новый» 

2.3-тақырып:

 

Отбасы.

1- тапсырма. Төмендегі сөздердің көмегімен өзіңіздің отбасыңыз жайлы әңгіме құрыңыз:

Отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас, сіңлі, әпке, нағашы,

жиен, немере, немере туыс, ағайын.

Сөйлесім үлгілері: Бұл кім?Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.Ал анау ше?Ол – менің

ұлым, аты – Айсұлтан.

2 – тапсырма. Жалпылау есімдіктерін  қатыстырып, өз ойларыңнан бес сөйлем құраңдар.

3 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз. [1, 221-б. 3-жаттығу] 

1. Менің отбасым үлкен, ал сенің отбасың? 2. Менің әжем мен атам жоқ, ал сенің ше? 3.

Менің әке-шешем ауылда тұрады, ал сенің әке-шешең қайда тұрады? 4. Біз жеке меншік

үйде   тұрамыз,   ал   сендер?   5.   Менің   әкем   мал   бағады,   ал   сенің?   6.   Менің   шешем   үй

шаруасымен айналысады, ал сенің шешең? 7. Менің ағам үйленген, ал сенің ағаң? 8. Менің

апам тұрмысқа шықты, ал сенің апаң? 9. Мен пединститутта оқып жүрмін, ал сен? 10.

Біз мереке күндері әке-шешемнің үйіне жиналамыз, ал сендер?

2.4-тақырып: Мекенжай (Біздің үй. Менің бөлмем).

Сөздік минимум: Біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3 бөлмелі, үлкен, екі, үш, бес қабатты, жеке

меншік, қазыналы үй, кең, қонақ бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді,

қолайлы, жуынатын бөлме.

Сөйлесім  үлгілері:  Сіз қай көшеде тұрасыз?Мен С. Торайғыров көшесінде, 25-үйде, 9-

пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?Менің мекенжайым: Естай көшесі, 125-үй, 27-пәтер.

1-тапсырмаМәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 134б.] 

Біздің үйіміз

Біздің үй Алматы каласында, Абай данғылында. Нөмірі алтыншы, тоғыз қабатты уй —

біздің   үй.  Ол  жеке  меншік  үй   емес,  қазыналық  үй.   Біздің  пәтеріміз   төртінші  қабатта.

Пәтеріміздің үш бөлмесі бар.

Kipe  берісте   кең,  үлкен   деліз   бар.  Бipiнші  және   ең  үлкен   бөлме  —   төргі  (қонақ)

бөлме.  Tөpгі  бөлменің  үлкен   6ip  терезесі  бар.   Терезеде  әдемі  перде  ілулі  тұр.  Tөpгі

бөлменің  оң  жағында  екі  кресло, бұрышта теледидар тұр.  Қабырғада кілем  ілулі  тұр.

Tөpгі  бөлменің  сол жағында диван және жорнал  үстелі  тұр.  Қабырға жиһазы да осында.

Қабырға жиһазында кітаптар және  қымбат ыдыс-аяқтар тұр.  Қабырға жиһазының  үстінде

үстел  сағаты  тұр.  Tөpгі  бөлменің  едені  -  паркет. Паркеттің  үстінде әдемі кілем  жатыр.

Ортада үлкен дөңгелек үстел, сегіз орындық тұр.

Екінші бөлме - әке-шешемдікі. Ол жататын бөлме. Мұнда екі кереует,  тумба, үлкен

үш eciктi шифоньер және үлкен айна (трюмо) тұр.

Үшінші бөлме — менікі. Бөлмемде eкi кереует, гардероб, жазу устелі, бip орындық бар.

Үстелде   калькулятор,  өшіргіш,  калам,  қарындаштар,   кітап   және   дәптерлер   жатыр.

Компьютер, кітап cөpeci де осында. Онда оқулықтар, көркем әдебиеттер тұр.

Ас үйде ас үй жиһазы бар. Онда ыдыс-аяқтар тұр. Тоңазытқыш, мұздатқыш та осында.

Жуынатын   бөлмесі,  әжетханасы   бөлек.   Бөлмелер   оңаша,  өте  колайлы.

Телефонымыз да бар.

Ағамның  үйi  - жеке меншік  үй.  Yйi  —  eкi  қабатты, сегіз бөлмелі. Аулалары кең.

Гаражы, моншасы, алма бағы да бар. Жазда өте қолайлы.

Сөздік

даңғыл — проспект

жеке меншік — частный

қазыналық - государственный

пәтер — квартира

Kipe берісте — у входа

Дәліз — прихожая

Төргі (қонақ) бөлме - гостиная

оң жағында — справа

сол жағында - слева

қабырға жиһазы — стенка

қымбат — дорогой

ыдыс-аяқ — посуда

үстінде - на, наверху

дөңгелек – круглый

2-тапсырма. Составьте предложения, используя слова таблицы. [1, 135-б.34-жаттығу] 

1 Біздің үй 

Ағамның үйі 

Әке-шешемнің  үйі

Жолдасымның үйі 

Досымның үйі

Абай даңғылында, Төле би көшесінде, Қарағандыда, Атырау

қаласында,

 "Көктем"   ықшамауданында,   қаланың

орталығында,   қаланың   шетінде,   ауылда,  Ақсу   ауданында,

қалада.

2 Біздің үй 



Ағамның үйі 

Әке-шешемнің үйі

жеке   меншік  үй,   қазыналық   үй,  үлкен  тоғыз қабатты  үй,

бес қабатты үй, eкi қабатты үй, өте әдемі үй.



3 Біздің үйімізде

Ағамның үйінде

Төргі бөлмеде 

Әке-шешемнің

бөлмесінде

Менің бөлмемде

Ас үйде

Жататын бөлмемде



Жуынатын бөлмеде

Кіре берісте

кілем, перде, сурет, монша,  жорнал үcтeлi, үстел

сағаты,  кресло,   айна,   телефон,   сегіз  орындық,

кереует,   гараж,   ас  үй   жиһазы,   жазу   устелі,   уш

eciктi   шифоньер,   кабырға  жиһазы,   кітап   сөpeci,

шкаф,  теледидар,   диван,   алма   бағы,  дөңгелек

устел,   гардероб,   компьютер,   тоназытқыш,

мұздатқыш ...

тұр. 


жатыр. 

ілулі тұр. 

бар. 

жоқ.


3-тапсырма. Сан есімдерді сөзбен жазып, олардан реттік сан есім жасаңыз.

Үлгі: отыз бір – отыз бірінші.

31, 25, 17, 59, 36, 78, 57, 13, 45, 654, 258, 346, 555.

4-тапсырма.  Заполните   таблицу,   заменив   цифровые   записи   чисел   словесными,   а

словесные — цифровыми. [1, 135-б. 14-жаттығу] 

Үш мың жүз елу сегіз

. . . . . . . . . .

     . . . . . . . . . .

5 349


     . . . . . . . . . .

10 578


Он екі мың төрт жүз алпыс бес

. . . . . . . . . .

     . . . . . . . . . .

978 314


     . . . . . . . . . .

34 709


елу бес мың жеті жүз тоқсан

. . . . . . . . . .

     . . . . . . . . . .

475  120


     . . . . . . . . . .

209 179


тоғыз   жүз   сексен  үш

мың жеті жүз

   . . . . . . . . . .

31  587


бес   жүз   жиырма   төрт

мың сегіз жүз он алты

. . . . . . . . . .

eкi  миллион  үш   жүз

тоқсан  eкi  мын,   тоғыз

жүз қырық

. . . . . . . . . .

. . . . . . . . . .

1 902 357 785

он бес миллиард сегіз жүз отыз

алты миллион төрт жүз жиырма

жеті мың үш жүз жетпіс екі

. . . . . . . . . .

1-тапсырма.'>3.1-тақырып: Жыл мезгілдері. Ай, апта, күн.

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді  пайдалана отырып сұхбат құрыңыз.

Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық, жаңбыр, қар,

аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты. Сізге жылдың қай мезгілі

ұнайды?Маған көктем ұнайды.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 100-б. 26-жаттығу] 


Жыл мезгілдері

Бір жылда төрт мезгіл бар: қыс, көктем, жаз, күз. Бір мезгілде үш ай бар. Үш ай –

бір тоқсан.

Жылда он екі ай бар. Қыс айлары – желтоқсан қантар , ақпан; көктем айлары –

наурыз, сәуір, мамыр; жаз айлары – маусым, шілде, тамыз; күз айлары – қыркүйек, қазан

қараша.


Көктем - тамаша кез. Көктемде күн жылы, салқын емес, кейде жаңбырлы, кейдк

құрғақ.


Жаз – ең жақсы кез. Жазда күн ыстық, жаңбыр аз. Жаз – демалыс кезі. 

Күзде күн салқын, жаңбыр көп. Күзде жеміс-жидек, көкөніс өте көп.

Қыста күн суық, қысқа, ал түн ұзақ. Қыс - өте әдемі, ақ қарлы, керемт кез!

Әр   айда   төрт   апта,   әр   аптада   жеті   күн   бар.   Олар:   дүйсенбі,   сейсенбі,   сәрсенбі,

бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Демалыс күндері – сенбі,  жексенбі,  қалған күндері   -

жұмыс күндері. 



3-тапсырма. Ответьте на вопросы. [1, 101-б. 28-жаттығу] 

1.  Қантар күз айы ма? 2. Көктем айлары не? 3.  Шілде күз айы  ма, жаз айы ма? 4.

Жаз айлары кай айлар? 5. Қыркүйек күз айы ма? 6. Қaзip жаз ба? 7. Қазір маусым ба? 8.

Қазір қай ай? 9. Демалыс жазда ма, қыста ма? 10. Демалыс қай айда? 11. Наурыз, cәyip,

мамыр жаз айлары ма? 12. Желтоқсан, каңтар, ақпан күз айлары ма?

3.2-тақырып: Сағат неше?

Сөздік минимум: Уақыт, сағат, минут, жарым, тура, дәл, кетті, қалды.

Сөйлесім үлгілері: Кешіріңіз, сағат неше болды? Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. [1, 343-б. 33-жаттығу] 

Сағат

Мыңдаған жылдар бұрың адамдарға уақытты дәл білу онша қажет болмады. Олар

күн   шыға   оянып,   күн   бата   ұйықтаған.   Біртіндеп   өмір   күрделене   бастағанда,   сағаттың

қажеттілігі туып, рөлі артты.

Уақытты санаудың ең алғашқы қарапайым күн сағаты болағн.  Ол бұдан 3500 жыл

бұрын пайда болды. Бірақ күн бұлтты күні бұл сағат қолайсыз болды.  Сондықтан адамдар

су сағатын ойлап тапты. 

Су бір ыдыстан екніші ыдысқа тамшылап тұрады. Бірінші ыдыстың суы біртіндеп

азайып уақыттың дәл мезгілін білдіреді. Құм сағаты да осылай жұмыс істейді.

Механикалық сағаттар жөніндегі деретер  VІ ғасырдың аяғында-ақ белгілі болған.

Ол туралы ғалымдар Византиялық қолжазбалардан тапты. Мұнда сағаттың бір ғана тілі

болған. 


Кварцты сағат 1929 жылдары пайда бола бастады., ал 1404 жылы Мәскеуде тұңғыш

мұнара   сағаты   орнатылды.   Кремльдегі   бұл   сағат   Ресейдің   басқа   қалаларында   да

орнатылды. 

2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз. [1, 343-б. 32-жаттығу] 

1. Қазір Астанада кешкі сағатжетіден он минут кетті, ал Мәскеуде ... . 2. Қазір Ақтөбеде

түскі сағат екіден он бес минут кетті, ал Алматыда ... . 3. Қазір Петропавлда түнгі сағат он

бірге бес минут  қалды, ал Шымкентте ... . 4. Қазір Қызылордада таңғы сағат алты, ал

Семейде... . 5. Қазір Парижде кешкі сағат бестен он жеті минут кетті, ал Ханойда ... . 6.

ҚазірТокиода түнгі сағат он екі, ал Аляскада ... .   7.Қазір Лондонда таңғы сағат алтыға

жиырма минут қалды, ал Стамбулда ... . 

3-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз. Жауабыңызды цифрдің астына сөзбен жазыңыз. [1,

340-б. 23-жаттығу] 



Үлгі: уақытыңыз қанша? – екі жарым.

02:30                                     15 :20                                      21:34            

_____________                    _____________                      _____________

 

17:50                                       12:45                                        18:08    



_____________                    _____________                      _____________   

10:15                                       19:39                                         08:30

_____________                     _____________                     _____________                        

 

3.3-тақырып: Жұмыс күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс.



1-тапсырма. «Менің жұмыс күнім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. [1, 343-б. 33-жаттығу] 

Демалыс күні

Адамдардың көбі демалыс күні кеш тұрады, өйткені жұмысқа  асықпайды. Бұл күні

ұйқыларын қандарғысы келеді. Кейбір адамдар  демалыс күні ешқайда шықпайды. үйде

отырып теледидар көреді,  демалады немесе демалыс күнін паидаланып үй шаруасымен

айналысады. Содан кейін жалқауланып теледидардың алдында отырады.

Ал   кейбір   адамдар   ерте   тұрып,   үй   жұмысын   тез   бітіруге   тырысады.   Сонан   сон

қыдырады, қонаққа барады, каланың сыртына шығады. Үйде отырып демалыс кундерін

босқа өткізгілері келмейді. 

Мен үйде отырып демала алмаймын, өйткеш ішім пысады. Жол-достарыммен кездесіп,

қыдыруды  ұнатамын.   Кейде   жолдастарымды  үйге   шақырыл   аламын.   Олармен   музыка

тыңдап,  әңгімелесеміз. Сонан соң  далаға шығамыз. Кейде киноға, театрларға барамыз,

қыста коньки, шанғы тебеміз, жазда жағажайға барып суға түсеміз. Мен суда онша жузе

алмаймын, ал менің жолдасым жаксы жузеді, өйткені ол жүзумен шуғылданады.

Әрине,  үйге   де   көмектесемін:  үй  ішін  жинаймын,  кілемдерді  қағамын,   еденді

сыпырамын, жуамын, жиһаздың  шанын  сүртемін, кірімді  жуып,  үтіктеймін, содан кейін

оларды шкафтың сөрелеріне тәртіппен қоямын, ілемін. Тамақты да өзім пісіремін, дүкенге,

базарға   барып,  азық-түлік,   көкөніс,   жеміс-жидек  әкелемін.   Кейде   күн   жылы   болса,

саяжайға барып,  әке-шешеме көмектесемін: жер  қазамын, тырмалаймын, арам шөптерді

жұламын, оларды және түскен жапырақтарды  сыртқа шығарамын,  өртеймін, ағаштарды

суарамын, уйдін, айналасын сыпырамын.

Ертен   тағы   демалыс   күні,   жексенбі.   Бұл   күнп   жоспарым  өзгеше:  мен   ертең  ерте

тұрмаймын.   Терезенің   желдеткішін  ашамын,   кереуеттің  алдында   дене   шынықтыру

жаттығуларын  орындаймын, жуынамын,  киінемін, таңертеңгі  тамағымды  ішемін. Сонан

сон үй ішін жинап, жолдастарыма барамын. Ертең спорт кешенінде жеңіл атлетикадан спорт

жарысы болады. Мен өзім көркем гимнастикамен шұғылданамын. Аптасына үш рет спорт

кешеніне барып тұрамын. Спорттың барлық түрін  жақсы көремін. Спорт жарысын көріп,

кафеге барып тускі асымызды ішеміз. Содан кейін киноға барамыз.

Түстен   кейін  үйге  қайтамыз.  Үйде   музыка   тындаймын.  Keшкi  тамақты  әзірлеймін.

Менің ең жақын досым ұлттық билер үйірмесіне қатысады. Кешке оның концерті болады.

Концерттен кейін үйге барып демаламын, теледидар коремін. Ерте жатамын, өйткені келсі

куні жұмыс аптасы басталады.

Сөздік:


шаруа — дела, хозяйство    айналысу — заниматься    жалқаулану — лениться;  іш пысу — умирать от

скуки; суға тусу — купаться;  жүзу – плавать;  шұғылдану – заниматься   әрине — конечно

тырмалау - разравнивать граблями   арам шөп жұлу — рвать сорную траву    жапырақ — листья

ортеу   —   сжигать   жени   атлетика   -   легкая   атлетика   жарыс   —   состязание       көркем   гимнастика   —

художественная   гимнастика үйірме - кружок   қатысу - участвовать

3-тапсырма.  Сұрақтарға  кестедегі  сөздерді   пайдаланып   жауап   беріңіз.  [1,  343-б.   31-

жаттығу] 



  1. Демалыс күні Ciз қай 

уакытта тұрасыз?

кеш, ерте, сағат онда, сағат алтыда, сағат он жарымда,...

3.   Спорттың   кай   турімен

шұғылданасыз?терезенің

желдеткішін ашу, жуыну, дене

жеңіл   атлетика,   ауыр   атлетика,   курес,   дзюдо,  ушу,   каратэ,

баскетбол, дойбы, волейбол, футбол, гандбол, жузу,  бокс, шаңғы,

шахмат,   теннис,   допты   хоккей,   шайбалы   хоккей,   көркем

4.   Қандай

 үйірмеге

қатысып жүрсіз?

драма  үйірмесі,  пішім-тігін   үйірмесі,   көркеменөрпаздар  үйірмесі,

музыка  үйірмесі,  бал билері  үйірмесі, ұлттық билер үйірмесі,  вокал

үйірмесі, сурет салу үйірмесі, шетел тілдері үйірмесі, ...

5.   Бос   уақытыңызды

қалай өткізесіз?

Көрмеге  (театрға, музейге, бассейнге, спорт  кешеніне,  киноға,

шанғы   тебуге,  қонаққа)  бару,   теледидар   көру,  кітап   оку,

компьютерде ойнау, коньки тебу, қонақ шақыру, күнімен диванда

жату, ұйықтау, жағажайда демалу,...

6.  Үй  ішінде  қандай

жұмыс істейсіз?

үи ішін жинау, кілемдерді тазалау, тігу,

еденді сыпыру, терезе (ыдыс-аяқ) жуу, тоқу, тамақ пicipy, қамыр

илеу   (жаю),   ет  қуыру,  салат   жасау,   дастарқан   жаю,   шанды

сүрту, аяқ киімді тазарту, кір жуу (үтіктеу), саяжайда жер қазу, ...

7. Қонақ келсе, оны қалай

күтесіз?

Қарсы   алу,   он  айту,  қонақтарды   6ip-6ipiмeн  таныстыру,  музыка

қою, кешті қызықты және көнілді өткізу, домбыра тарту, гитарада

ойнау,   конактардың  көңiлiн   көтеру,  әр   турлі  тағамдар   беру,

әңгімелесу, суреттер көрсету,  суретке  тycipy, әp турлі ойындарды

ойнау, ...




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет