Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



жүктеу 212.72 Kb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата15.03.2017
өлшемі212.72 Kb.
1   2   3

3.4-тақырып: Мереке күндері.

1-тапсырма.  Төмендегі сөздерді   пайдалана отырып сұхбат құрыңыз.  Мереке, мейрам,

демалыс, серуендеу, қыдыру, концерт тамашалау, теледидар көру,қызықтау, құттықтау,

шақыру, сыйлау, сыйлық. Бүгін жұмыс күні ме?Жоқ, бүгін мейрам емес пе? Онда үйде

отырмайық, концертке барайық. Барсақ, барайық. Жақсы, келістік.

2-тапсырма. Болымсыз етістіктерге айналдырыңыз. [1,  294-б. 17-жаттығу] 

Үлгі: келгенбіз – келмегенбіз, келген жоқпыз, келген емеспіз;...

Үйреткен,   барғансыңдар,   сөйлескенмін,   бергенбіз,   шақырғанбыз,   ішкенсіндер,   қашқан,

тындаған, кигенмін.



3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1,112-б. 27-жаттығу] 

Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері

Мерекенің екі түрі бар: бірі – үкіметіміз ресми түрде бекіткен тойлар, екіншісі –

ресми емес, ұлттық мерейтойлар.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз ел. Тәуелсіз ел – бақытты ел. Бақытты

елде мереке көп. Қазақстанның Тәуелсіздік күні желтоқсанның он алтысында. Бұл мереке

және   Конституция   күні   (тамыздың   отызында),   Республика   күні   (қазанның   жиырма

бесінде) – ұлттық ресми мереке күндері. Қаңтардың бір-екісінде тойланатын Жаңа жыл

мерекесі, наурыздың сегізінде тойланатын Халықаралық әйелдер күні, наурыздың жиырма

екісінде   тойланатын   Наурыз   мейрамы,   мамырдың   бірінде   тойланатын   Халықаралық

Ынтымақ күні және мамырдың тоғызында тойланатын Жеңіс күні – бұрыннан тойланып

келе жатқан ресми ұлттық мерейтойлар. 


Ал екіншісі – 1999 жыл – тұңғыш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың сайланғанжылы; 1998 жыл – мемлекетіміздің жаңа астанасының Ақмолаға

көшіп Астана аталуы. Абай, Жамбыл, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсрепов, Қаныш Сәтбаев

мерейтойлары, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараз қаласының 2000 жылдығы, Алматы

қаласының 150 жылдығы – ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар. 

Қазақ халқы – тойшыл халық. Тәуелсіз ел болғалы облыстарда, аудандарда, тіпті

ауылдарда   тойлар   өтуде.  Бұл  –  елімізідің  әл-ауқаты  жақсарып  келе  жатқанның   белгісі.

Мұның бәрі – тәуелсіз ел болғанымыздың арқасы. Қазақ халқында жақсы тілек бар: «Той

тойға ұлассын!» Біз осы тілекті тәуелсіз елімізге тілейік.

4-тапсырма. Ответьте на вопросы. (Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. «Казахский язык для

всех» Основной  курс. 113-б. 28-жаттығу).

1. Мерекенің қандай түрлері бар? 2. Қазақстан қандай ел? 

3. Қазақстанда мереке көп пе? Олар қандай мерекелер және қашан? 

4. Мерекенің екінші түрі қандай? 5. ЮНЕСКО көлемінде аталып өткен тойлар қандай? 6.

Қазақ халқы қандай халық? 7. Тәуелсіз ел болғалы не өуде?  Бұл ненің арқасы? 8. Бұл

неніңбелгісі? 9. Мұның бәрі ненің арқасы? 10. Қазақ халқында қандай тілек бар?

5-тапсырма.   Перечислите   праздники   по   их   типам.    (Бектұров   Ш.К.,   Бектұрова   А.Ш.

«Казахский язык для всех» Основной  курс. 113-б. 29-жаттығу).

Жаңа жыл; Абай мерейтойы; Республика күні; Түркістанның 1500 жылдығы; Тараз

қаласының   2000   жылдығы;   Наурыз   мейрамы;   Алматы   қаласының   150   жылдығы;

Халықаралық   әйелдер   күні;   Қаныш   Сәтбаев   мерейтойы;   Халықаралық   ынтымақ   күні;

Жеңіс   күні;   Жамбыл   мерейтойы;   Конституция   күні;   Ғабит   Мүсірепов   мерейтойы;

Тәуелсіздік күні; Мұхтар Әуезов мерейтойы...  Үкімет   ресми   түрде   бекіткен   тойлар:   ...

Ресми емес, ұлттық мерей тойлар: ...



6-тапсырма. Прочтите и скажите, какие праздники отмечаются в этот день [1,113-б. 29-

жаттығу].



Мамырдың бірі, желтоқсанның он алтысы, наурыздың жиырма екісі, мамырдың тоғызы,

наурыздың сегізі, тамыздың отызы, қаңтардың бірі, қазанның жиырма бесі.

3.5-тақырып: Шақыру, құттықтау, тілек айту.

1-тапсырма.  Төмендегі   сөздерді   пайдаланып   жолдастарыңызды,   туыстарыңызды

тойыңызға   шақырыңыз   және   құттықтау   жазыңыз.  Туған   күн,   мерейтой,   кездесу   кеші,



салтанатты жиын, тойға келу, шақыру, күту, құттықтау, рұқсат ету, зор денсаулық,

ұзақ өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру,

тілеу.

Сөйлесім үлгілері:

- Мерекеңіз құтты болсын! -Рахмет, бірге болсын!  - Мейрамыңызбен! - Құтты болсын!

-   Бүгін   маған   қонаққа   келіңіздер.   -   Жақсы,   сағат   нешеде?   -   Жеңіске   жетуіңізбен

құттықтаймын.     -   Еңбегіңіздің   жемісін   көре   беріңіз.   Сәттілік   тілеймін!   Рахмет.

Айтқаныңыз келсін. 

2-тапсырма.  Мына   етістіктерге   көсемшенің  –ғалы/-гелі  жұрнағының   бірін   қосыңыз

[1,390-б. 17-жаттығу]. 



Жазу, бару, көру, ашу, біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу.

3-тапсырма. Мына етістіктерге  көсемшенің  –а/-е/-й  жұрнағының бірін  жалғаңыз  және

жекеше түрде жіктеңіз [1,  404-б. 14-жаттығу]. 



Біту, келу, тебу, үйрену, жіберу, болу, жату, беру, алу, бару, көру, ашу

4.1-тақырып: Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі. Мерекелік дастархан 

1-тапсырма. Сіздің сүйікті асыңыз туралы сұхбат құрыңыз.

Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті, сүйікті ас, ас

әзірлеу (даярлау), пісіру, қуыру, аршу, тазалау, турау, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл, тұзды,

тұзсыз.

Сөйлесім үлгілері: Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды? Маған қазақша ет ұнайды.Оны

қалай әзірлейді? Иә, өте оңай.  Айтып берейін. 

2-тапсырма. Көптік жалғауын жалғап, орыс тіліне аударыңыз. [1, 315-б. 26-жаттығу] 

Көкөніс, аспаз, жүзім, құймақ, тұздық, жұмыртқа, асхана, құрал, тауық, үйрек, сиыр,

пісірме, сорпа.

3-тапсырма. Кестені пайдаланып етістіктерді бұйрық рай формасына қойыңыз. 

Келу, жату, жасау, істеу, орындау, білу, қарау, көрі, үйрену.

Жекеше түрі

Көпше түрі

І мен жаз-айын

ІІсен жаз –

   Сіз жаз-ыңыз

ІІІ ол жаз-сын

І біз жаз-айық

ІІсендер жаз – ыңдар

   Сіздер жаз-ыңыздар

ІІІ олар жаз-сын

4.2-тақырып: Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Ет,   сорпа,  қуырылған   картоп,  тұшпара,  мәнті,  бұрыш,   тұз,  пияз,  көк  пияз,  асқабақ,

сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын, жеміс, көкөніс,

дастарқан мәзірі, тағам, дәмді.

Сөйлесім   үлгілері:   Сәлеметсіз   бе?Сәлеметсіздер   ме,   жоғарылатыңыздар!   Дастарқан

мәзірін көруге бола ма?Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.Рахмет.

Бізге   қуырылған   еттен   екеу,   қияр   салатынан   біреу,   және   қызылша   салатынан   біреу,

жеміс   шырынынан   екеу   әкелсеңіз   (әкеліңіз).   Жақсы.   Ас   болсын,   тағамдарыңыз   дәмді

болсын. 

2-тапсырма.  Сөздерге   шығыс   септігінің   жалғауын   жалғап,   орыс   тіліне   аударыңыз.   [1,

335-б. 4-жаттығу] 



Қалам, оқушы, апта, кесе, бала, немере, қыз, табақ, тәрелке, қонақ, қаймақ, кеш, қасық,

әке, әке-шеше, адам, қала, ауыл. 

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына  мен/бен/пен  жалғаулықтарының бірін қойңыз. Орыс

тіліне аударыңыз. [1, 244-б. 23-жаттығу] 



Қыз   Жібек   ...   Төлеген;   Қозы   Көрпеш   ...Баян   Сұлу;   «Қан   ...   тер»   романы;   Өскемен   ...

Семей; тіл ... көз; қас ... көздің арасында; Қазақстан ... Ресейдің президенттері; қолы

...аяғы; өмір ... өлім; жер ... көк; ән ... күй. 

5.1-тақырып: Дене мүшелері (мәтін құру).

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек,

кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ.

Сөйлесім үлгілері: Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?Алдын ала сақтану

керек. Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба? Әрине, баспен ойлайды, көзбен

көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1,  245-б. 28-жаттығу] 

Дене мүшелері

Адамның дене мүшелеріне бас, мойын, қол, аяқ, тізе, шынтақ, саусақ, кеуде, қарын,

иық, т.б. жатады. Мұны адамның қанқасы дейді. Адамның бас мүшесінде шаш, бет, көз,

құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, т.б. мүшелер орналасқан.

Адамдар баспен ойлайды, көзбен көреді, мұрынмен дем алады, құлақпен естиді, ауызбен


тамақтаннады, тілмен сөйлейді, тіспен тамақ шайнайды, аяқпен жүреді, қолмен ұстайды.

Бұлардың бәрі – көзбен көруге болатын дене мүшелері.



3-тапсырма.  Мына сөздерге көмектес  септігінің жалғауларын қосып айтыңыз.  Мәтінді

оқыңыз, аударыңыз [1, 246-б. 29-жаттығу] 

Шаш, бет, көз, құлақ, мұрын, ауыз, маңдай, шеке, иек, қас, ерін, тіс, тіл, таңдай, қаңқа,

өкпе, жүрек тамақ, іш, сабын.



5.2-тақырып: Емханада. Ауруханада.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

 Емхана, кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір

болу.

Сөйлесім үлгілері: Қай жеріңіз ауырады?Басым ауырад. ,Тамаққа тәбетіңіз қалай?

Нашар (тәбетім жоқ).Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?Білмей тұрмын, өлшеп көрсеңіз

қайтеді?Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.

2-тапсырма. Мына үстеулерді пайдаланып сөйлем құраңыз. [1, 326-б. 25-жаттығу] 

Амалсыздан, себепсіз, текке, бекер, босқа, құр босқа, шарасыздан.

3-тапсырма. Мына сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыз [1, 326-б. 26-жаттығу].

1.Рет-ретімен   қояйық.   2.Екеулеп   отырыңдар.   3.Бір-бірлеп   санаңдар.   4.Аз-аздан   ішсін.

5.бас-басына жете ме? 6.Үшеулеп жүріңдер. 7.бір-бірден сал. 8.топ-тобымен бөлінсін. 9.

көп-көптен алсын.

6.1-тақырып: Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).

1-тапсырма.  Сөздерді   пайдалана   отырып   «Менің   туған   жерім»   тақырыбына   шағын

шығарма жазыңыз. 



Туған   жер,   өлке,   аудан,   аймақ,   облыс   орталығы,   жергілікті   тұрғындар,   үлкен   көше,

бұлақ,  көл,  сулы  жер, тоғай, табиғат,  әсем,  әдемі, келбет,  үй, тас үй, шым  үй, көп

қабатты үйлер, бау-бақша, аула.

Сөйлесім үлгілері: Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?«Туған жер – алтын

бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» т.б. Туған жеріңіз қандай

қасиетімен   ерекше?   географиялық   орнымен;   табиғатымен;   өндіріс   орнымен;   ауыл

шаруашылығымен т.б.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына көмекші етістікті қойыңыз [1, 366-б. 15-жаттығу]. 

Ермек бүгін кешке театрда ән ... . неге жұмыс істемей ... , шаршап ... ба? Біз дәрісханада

сурет ... . аяқ киім аяғына тар ... . уақыт қанша болды? Сағатым тоқтап ... . әлихан бұл

баланы ермек ... . сен балаға көз ... . дұрыс, ұялма, айта ... . қайда жүрсең де, аман ... .

3-тапсырма. Мына сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз тіркесімен сөйлем құраңыз [1, 366-

б. 16-жаттығу]. 



Разрешение, делать, ответ, напротив, выгода, язык, рука – алу; гость, мечта, забава,

труд, служба, помощь, смех, выгода, свободный – ету; переводить, рисунок, дать, крик,

сказать, глаз, сила – салу.

6.2-тақырып: Менің туған қалам (Павлодар қаласы, орналасқан жері, келбеті, көрінісі,

тұрғындары, табиғаты).



1-тапсырма. Павлодар қаласы жайлы әңгіме құрыңыз.

Сөздік минимум: Көне қала, жаңа қала, шаһар, өте әдемі, керемет, тамаша, ауа-райы

қолайлы,   қолайсыз,   демалыс   орындары,   спорт   кешендері,   зәулім   үйлер,   ғимараттар,

театр, мұражай, саяжай, саябақтар.

Сөйлесім үлгілері: Туған қалаңыздың тарихын білесіз бе?Иә, білемін. Жоқ, білмеймін. Иә,

ол өте көне қала. Оның негізі 19 ғасырда қаланған. Ол Ұлы Жібек жолының бойында

орналасқан. Қандай мұражайлар бар? Мемлекеттік мұражай. М.О.Әуезов мұражайы... 

2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз [1, 121-б. 20-жаттығу].

Алматы қаласы

Алматы қаласы – бұрынғы Қазақстан Республикасының астанасы. Ол – оңтүстік

астана. 

Алматы - өте үлкен, әдемі қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері

бар.   Олар   қаланың   орталығында.   Алматының   көшелері   түзу   және   кең.   Осы   кең,   түзу

көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар өте көп.

Алматыда көп қабатты үйлер, Әуезов қазақ драма театры, лермонтов орыс драма

театры,   «Арман»,   «Алатау»,   «Байқоңыр»   кинотеатрлары,   Мәдениет   сарайы,   Орталық

спорт кешені, мейрамханалар, дүкендер бар. Қаланың орталығында 25 қабатты қонақ үйі,

цирк, «Заңғар» сауда үйі, теміржол бекеті, әуежай, орталық кітапхана және оқу орындары

бар. Медеу мұзайдыны да жақын. 

3-тапсырма.Ответьте на вопросы по тексту [1, 121-б. 20-жаттығу].

Қазақстан Республикасының  бұрынғы астанасы не? Алматы қандай қала? Алматыда

қандай   өзендер   бар?   Алматының   көшелерінде   не   көп?   Алматыда   қандай   театрлар,

кинотеатрлар бар? Тағы нелері бар? 

4-тапсырма. Раскройте скобки [1, 120-б. 18-жаттығу].

Ыдыс-аяқ серванттың (внутри) тұр. Ағаш екі үйдің (между) тұр. Сөренің (на) кітап

тұр. Ағаштың (у) шелек тұр. Диванның (возле) екі кресло тұр. Кереуіттің (под) мысық

жатыр. Мектептің (перед) көп бала жүр.

6.3-тақырыпКөшеде. Көлікте.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік   минимум:   Көше,   аялдама,   жаяу,   көлікпен,   осы   жерден,   көшелердің   қиылысы,

бұрыш,   алыс   емес,   Кутузов   даңғылы,   Сәтбаев   пен   Торайғыров   көшелерінің   қиылысы,

Фрунзе көшесіне  дейін, түзу, шығу, кіру, отыру, сыйлау, жол беру, өткізіп жіберу, күте

тұру, бәрекелді, қап, әттеген-ай т.б.

Сөйлесім   үлгілері:   Кешіріңіз,   Өлкетану   мұражайына   қалай   баруыма   болады?Меніңше,

жаяу   барған   дұрыс,   Кривенко   көшесімен   тура   шығыңыз   да,   Фрунзе   көшесіне   дейін

жүріңіз.   Сол   жерде.   №10   автобуспен   баруға   болады.   ЦУМ   аялдамасынан   түсесіз.

«Манақбай»   сауда   үйі   осы   жерден   алыс   па?Жоқ,   алыс   емес.   ЦУМ-ға   қарама-қарсы

орналасқан. Рахмет!

2-тапсырма. Үлгі бойынша кімнің қай жерде тұратынын айтыңыз.

Үлгі: Марал – Алтынсарин даңғылы,10. - Марал Алтынсарин даңғылы 10-үйде тұрады.

Айгүл – «Ақсай» ықшамауданы, 25; Мәншүк – Достық даңғылы, 129; менің ағам – Абай

даңғылы   мен   Әуезов   көшесінің   қиылысы,   9   қабатты   үй;   менің   ата-анам   -     «Усолка»

ықшамауданы, 24; Динара – Сатпаев көшесі, 25; әкемнің бажасы – Ақсу ауданы, Кеңес

ауылы; өзім – Павлодар қаласы, Абай көшесі, 265.



3-тапсырма. Оқыңыз. Екпінді қойыңыз. Әр сөзде қанша буын бар? [1, 164-б. 1-жаттығу].

Қазақстаннан,   факультетінің,   астаналықтар,   американдықтар,   филология,

Голландияданмын, мүшелеріне, мемлекеттік, үйленгенбіз, тұрмыстамын, фирмасының,

мемлееттерден, қаласынан, әйелінің, ағылшындар.

4-тапсырма. Жоғарыдағы жаттығудын жуан буынды сөздерді бір бөлек, жіңішке буынды

сөздерді екінші бөлек, аралас буынды сөздерді үшінші бөлек бағанға жазыңыз. Олардың

неге  жуан,  неге  жіңішке  екендігін   түсіндіріңіз.   Кейбір   сөздердің   сингармонизм  заңына

неге бағынбайтынын айтып беріңіз [1, 164-б. 2-жаттығу].



6.4-тақырып: Әмбебап дүкенінде. Базарда.

1-тапсырмаСөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік  минимум:  Әмбебап  дүкені,  әр  түрлі,   бөлімдер,   сатушылар,  касса,   қызмет  ету,

сатып алу, баға, сапалы, сапасыз, нашар, тура, дәл, үлкен, тар, шақ, әдемі, орап беру,

алғыс айту.

Сөйлесім үлгілері: Айтыңызшы, сізде өлшемі 37- қара аяқ киім бар ма? Өкінішке орай,

жоқ.   Қоңыр   түсті   бар.   Оған   қалай   қарайсыз?Қай   дүкеннен   іздеуіме   болады?Келесі

көшедегі «Артур» сауда үйінен қарап көріңіз. Жақсы. Рахмет!

2-тапсырма.  Мына   сөздерге   өзгелік   етістің   жұрнақтарын   қосыңыз.   Орыс   тіліне

аударыңыз [1, 430-б. 6-жаттығу].



Жуу, тию, жіберу, ашу, тұру, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, тосу, тесу, демалу,

апару, келу, бұзу, құю, сүрту, ұру, жұму, ішу, сату, бөлу, қосу, ілу, деу, жабу, кіру, салу, буу.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз [1, 430-б. 7-жаттығу].

Сізге   мына   жаттығуды   кім   орындатты?   Мұғаліміңіз   Сізге   жаңа   тақырыпты

түсіндірді   ме?   Студенттерге   не   істетті?   Кітапханадан   жаңа   оқулық   алғызды   ма?

Сабақтан   кейін   жолдасыңыз   Сізді   кіммен   таныстырды?   Сіздер   не   ұйымдастырып

жүрсіз? Бөлмені кімге жинатты?

6.5-тақырып: Мұражайда.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік   минимум:   Мұражай,   мұрағат,   естелік,   ескерткіш,   пайдаланылған   заттар,

өмірбаян, сирек кездесетін, көшірме, түпнұсқа, бұйымдар, құралдар, портреттер.

Сөйлесім үлгілері: Павлодар қаласында қандай мұражайлар бар? Өлкетану мұражайы

бар. Көркемсурет мұражайы бар. Бұқар жырау атындағы тарихи мұражайы т.б.

2-тапсырма. Мына етістіктерді бұрынғы өткен шақта жіктеңіз [1, 378-б. 6-жаттығу].

Ашу, тұру, жабу, келу, кету, қуану, үйлену, жету, сату.

3-тапсырма.оқып   өткен   шақтың   және   бұрынғы   өткен   шақтың   формаларын

салыстырыңыз. Орыс тіліне аударыңыз. 



Мен кеше дүкенге барды. -  Мен дүкенге барғанмын.

Сен жазда Шымкентте болдың. – Сен жазда Шымкентте болғансың.

Сіз ауылда демалдыңыз. – Сіз ауылда демалғансыз.

Болат теледидар көрді. - Болат теледидар көрген. 

4-тапсырма.  Мына   сөйлемдерді.   Бұрынғы   өткен   шаққа   айналдырыңыз   [1,  379-б.   13-

жаттығу].



Біз мына үйде тұрдық. Ксения сауда ортылығынан керемет көйлек сатып алды. Біздің

пәтерімізде   бұрын   екі   бөлме   болды.   Менің   қарындасым   ауылға   хат   жіберді.   Біз

таңертең   дене   шынықтыру   жаттығуларын   орындадық.   Ауылда   егіншілер   егін   екті.

Дана кітапханада жұмыс істеді. Сенің отбасың Астанаға көшті. Сауда үйінен мата

алдым. Кешке Әуезов атындағы театрға бардық. Сіз сағат алтыда тұрдыңыз.

6.6-тақырып: Кітапханада.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік   минимум:   Кітапхана,   оқу   залы,   тіркелу,   құжаттар,   оқырман   билеті,   кітап,

оқулық, әдебиеттер, библиография, оқырман, тұрақты оқырман, үйге кітап алу, мерзімді

баспасөз, каталогтар жүйесі.

Сөйлесім үлгілері: Маған әліпбилік каталогты көрсетіп жіберіңізші. Бірінші қабаттан

табасыз.   Кешіріңіз,   оқу   залы   нешінші   қабатта?   Екінші   қабаттағы   3-ші   зал.     Міне,

мынау ғой. Иә, рахмет!

2-тапсырма. Университетіміздің кітапханасы жайлы әңгімелеңіз.

3-тапсырма. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаларды қайталап, мысал келтіріңіз.

6.7-тақырып: Саябақта.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік   минимум:   Саябақ,   тыныштық,   таза   ауа,   демалыс   сәті,   серуендеу,   кітап   оқу,

балмұздақ, жеу, әңгімелеу, ойын түрлері, шахмат, дойбы ойнау.

Сөйлесім үлгілері: Ертең саябаққа барасыз ба? Әрине, барған дұрыс.

2-тапсырма.  Мәтінді   оқып,   ырықсыз   етісте   тұрған   етістіктерді   жазып   алыңыз.

Жұрнақтардың астын сызыңыз [1, 443-б. 8-жаттығу].



Кеше   демалыс   күні   болды.   Біз   үйде   болдық.   Қаншама   іс   істелді!   Терезе   жуылды,

төсеніштер   қағылды,   заттар   жиналды   да,   орнына   қойылды,   еден   сыпырылды   және

жуылды.  Кір  үтіктелді,   көйлек   тігілді,  шұлық   тоқылды.   Картоп  аршылды,   қурылды,

салаттар жасалды, ет пісірілді, капуста тұздалды. Бірақ... сабақ оқылмады, баяндама

жазылмады, мәтін аударылмады, жазбаша мәтінге сұрақтар қойылмады, сұрақтарға

жауап берілмеді, хат жазылмады, ауылға жіберілмеді. Көп іс істелмеді.

3-тапсырма. Ырықсыз етістің жұрнақтарын қосыңыз, орыс тіліне аударыңыз [1, 443-б. 9-

жаттығу].



Жуу, тию, жіберу, ашу, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, апару, бұзу, қию, сүрту, ішу,

сату,   қою,   қосу,   жабу,   буу,   жеңу,   басу,   жинау,   сыпыру,   бітіру,   істеу,   жасау,   аудару,

тексеру, толтыру, арнау, атау, бастау, есептеу, үтіктеу.

6.8-тақырып: Театрда.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Драматургия, сахна, актер, режиссер, балет, опера, үлкен зал, кіші зал,

билет кассасы, жоғары төлем, алдыңғы қатар, орындар, алыс, жақын, үзіліс, гүл шоғын

ұсыну, репертуар, қолайлы уақыт, қойылым.

Сөйлесім үлгілері: Сіз қаладағы қандай театрларды білесіз? Ж. Аймауытов атындағы

қазақ музыкалық драма театры. А. Чехов атындағы орыс драма театры.

2-тапсырма. Павлодар қаласының театрлары жайында шағын шығарма жазыңыз.

3-тапсырма. .Ортақ етістің жұрнағын қосыңыз [1, 455-б. 7-жаттығу].

Жуу, тию, жіберу, ашу, өшіру, әперу, теру, кесу, шашу, шешу, апару, бұзу, қию, сүрту, ішу,

сату,   қою,   қосу,   жабу,   буу,   жеңу,   басу,   жинау,   сыпыру,   бітіру,   істеу,   жасау,   аудару,

тексеру, толтыру, арнау, атау, бастау, есептеу, үтіктеу.

Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk pdf -> Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk pdf -> «Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы» Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет