Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата03.03.2017
өлшемі245,87 Kb.
#7355
  1   2   3   4

Әдістемелік нұсқаулардың

 титулдық парағы 

Нысан 

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Қазақ тілі  кафедрасы

Қазақ тілі пәні   пәні бойынша

5В070900     «Металлургия»,         5В071200     «Машинажасау»,         5В071300

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары»,    5В072400 «Технологиялық

машиналар   және   жабдықтар»,   5В090100   «Көлікті   пайдалану   және   жүк

қозғалысы   мен   тасымалдауды   ұйымдастыру»,   5В073200     «Стандарттау,

сертификация   және   метрология»  мамандықтарының       студенттеріне

арналған


                             

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды 

бекіту парағы 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

                     _________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________

                     

                     Құрастырушы:

 оқытушы  _______  Г.М.Акумбаева 

                

Қазақ тілі 

 

кафедрасы



Қазақ тілі пәні   пәні бойынша

5В070900     «Металлургия»,         5В071200     «Машинажасау»,         5В071300

«Көлік, көлік техникасы және технологиялары»,    5В072400 «Технологиялық

машиналар   және   жабдықтар»,   5В090100   «Көлікті   пайдалану   және   жүк

қозғалысы   мен   тасымалдауды   ұйымдастыру»,   5В073200     «Стандарттау,

сертификация   және   метрология»   мамандықтарының       студенттеріне

арналған

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА



әдістемелік нұсқаулар 

Кафедраның отырысында ұсынылды 

20__ж. «___»______________, №__ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі _____________  А.Ф. Зейнулина

 20__ж. «____» ________

      


ГПФ    ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________,  №____ Хаттама

ОӘК төрағасы 

_______________    

Е.Н. Жуманкулова

   20__ж. «____» ________

                                                 

МАҚҰЛДАНДЫ:

ГПФ бастығы _____________   Ж.Т. Сарбалаев    20__ж. «____» ______



МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы ____________     А.А.Варакута     

20_ж. «_____» ____

                                          

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды     

20__ж. «___»______________  №____ Хаттама



    

Практикалық (семинар)  сабақтардың мақсаты:

 күнделікті өмірде қарым-қатынасқа, қатысымдық міндеттерді шешуге 

керекті сөйлеу үлгілерін үйрету;

- негізгі әдеп ережелерін қолдана білуге дағдыландыру;

- өз ойын білдіруге қажеттілікке (интенция) қатысты қарапайым 

синтаксистік конструкцияларды меңгерту;

- салт-дәстүр туралы білімдерін тереңдету;

- берілген мәлімет бойынша өз түсінік-пікірлерін айта білуге үйрету;

- болашақ мамандықтары туралы түсініктерін кеңейту, сұрай, анықтай, 

хабарлай білуге жаттықтыру;

- жұмысы жөнінде, өзі туралы мәлімет беруге, жарнама, 

хабарландыруларды оқи білуге, олардың қажеттісін іріктеп ала білуге 

үйрету;

- кәсіби терминдермен жұмыс істеуге, сөздікпен, газет-журналмен 



жұмыс істей білуге, түсінігін айта білуге жаттықтыру;

- ресми-іскерлік, әдеп ережелерін қолдана білуге үйрету;

- ресми хабарлар мен жұмыс түрлері туралы (теледидар, радио тыңдау, 

газет-журнал оқу, әдебиеттер оқу) түсініктерін жаза білуге, айта білуге 

дағдыландыру;

- ресми кездесуге, жиналыс, мәжілістерге қатысып, оларды өз бетімен 

жүргізе білуге үйрету.


А1 тіл құзырлығының минималды-жеткілікті деңгейі

1-тақырып: Әдеп ережелері. 

  «Амандасу»,   «Танысу»,   «Кешірім»,   «Өтініш»,   «Алғыс»,   «Келісу»,   «Қарсылық

білдіру», «Құптау», «Құптамау» тақырыптары бойынша өнімді лексиканы игеру, берілген

тақырып бойынша қойылған сұрақтарға (жай фразалармен) жауап бере алу 

Сөздік  минимум:  Сәлемдесу,  амандасу,  қоштасу,  денсаулық,  хал-жағдай, жақсы, жаман,

шүкір, рахмет, кездесу, ат, есім, аты-жөні, танысу, қуаныш, қуану, мен, сен, сіз, ол, кешірім,

ғафу ету, айып етпеу, алғыс айту, риза болу, оқасы жоқ, айтып жіберу, қарсы болмау, жоқ,

келісу, әрине, келіспеу, құптау.

Сөйлесім үлгілері:

-

Сәлеметсіз бе?



-

Сәлеметсіз бе?

-

Халіңіз қалай?



-

Шүкір, жақсы.

-

Кездескенше сау болыңыз!



-

Сау болыңыз!

Сөйлесім үлгілері: 

-

Таныс болайық. Сіздің атыңыз кім?



-

Менің атым – Гүлнәр.

-

Сіздің атыңыз кім?



-

Менің атым – Ержан.

-

Өте жақсы.



-

Танысқаныма қуаныштымын.

Сөйлесім үлгілері:

-

Кешіріңіз, кіруге бола ма?



-

Кіріңіз.


-

Ғафу етіңіз, сөзіңізді бөлейін.

-

Оқасы жоқ, не айтайын деп едіңіз?



-

Айтып жіберіңізші, сағат қанша болды?

-

Сағат 8-ден 5 минут кетті.



-

Сізбен әңгімелесуге бола ма?

-

Жоқ, уақытым жоқ.



-

Кешіріңіз, әңгімелесуге уақытым жоқ.



2-тақырып.  Адам.  Өзім   туралы.   Досым   туралы.   Отбасы.   Туыстық   қатынастар.

Мекенжай. Біздің үй. Менің бөлмем.

Берілген   тақырып   бойынша   өнімді   лексиканы   игеру,   мәтіндегі   жаңа   лексиканың

мағынасын түсіну

Сөздік   минимум:   Ұлтым,   туған   жерім,   туған   жылым,   жасым,   дүниеге   келдім,   тудым,

мектеп, балабақша, спортпен айналысу, сурет салу, ән шығару, өлең шығару, ән айту, менің

досым, оның аты, есімі, бір мектепте, көрші, өнерлі, ақылды, сабырлы, шылым шекпейді,

ақ көңіл, жақын, ең, өте, отбасы, жұбай, әке, шеше, ата, әже, аға, іні, ұл, қыз, қарындас,

сіңлі, әпке, нағашы, жиен, немере, немере туыс, ағайын, біздің үй, менің бөлмем, 1-2-3

бөлмелі,   үлкен,   екі,   үш,   бес   қабатты,   жеке   меншік,   қазыналы   үй,   кең,   қонақ   бөлмесі,

ұйықтайтын бөлме, ас бөлмесі, жиһаз, сәнді, қолайлы, жуынатын бөлме. 

Сөйлесім үлгілері:

-

Кешіріңіз, сіз неше жастасыз?



-

Мен 18 жастамын.



-

Қай жерде тудыңыз?

-

Павлодар қаласында.



Сөйлесім үлгілері:

-

Сіздің досыңыз кім?



-

Менің ең жақын досым – Болат.

-

Ол қандай адам?



-

Ол өте сабырлы, ақылды жігіт.

Сөйлесім үлгілері:

-

Бұл кім?



-

Бұл – менің жұбайым, аты – Толқын.

-

Ал анау ше?



-

Ол – менің ұлым, аты – Айсұлтан.

Сөйлесім үлгілері:

-

Сіз қай көшеде тұрасыз?



-

Мен С. Торайғыров көшесінде, 25-үйде, 9-пәтерде тұрамын. Ал сіз ше?

-

Менің мекенжайым: Естай көшесі, 125-үй, 27-пәтер.



 [1] 157-159 бет, 11-18 жаттығу,[1]  46-48 бет, 6-10 жаттығу,[1] 177-178 бет, 12-16 жаттығу,

[1] 251-252бет, 8-11жаттығу



3-тақырып. Мезгіл, уақыт.  Жыл мезгілдері.  Ай, апта,  күн. Сағат неше?  Жұмыс

күні. Демалыс күні. Жазғы демалыс. Мереке күндері. Шақыру. Құттықтау. Тілек айту.

Берілген   тақырып   бойынша   лексиканы   игеру,   мәтіндегі   жаңа   лексиканың

мағынасын түсіну.

Сөздік минимум: Жыл, мезгіл, мерзім, уақыт, маусым, көктем, жаз, күз, қыс, наурыз, суық,

жаңбыр, қар, аяз, боран, жел, самал жел, жылы, ыстық, ашық, бұлтты, уақыт, сағат, минут,

жарым, тура, дәл, кетті, қалды, бүгін, ертең, бүрсігүні, кеше, таңертең, әдетте, ерте, кеш,

ояну,   тұру,   музыка   тыңдау,   биге   бару,   спортпен   айналысу,   шахмат   ойнау,   тауға   шығу,

мереке,   мейрам,   демалыс,   серуендеу,   қыдыру,   концерт   тамашалау,   теледидар

көру,қызықтау,  құттықтау,  шақыру,  сыйлау,  сыйлық, туған  күн,  мерейтой,  кездесу кеші,

салтанатты  жиын, тойға келу, шақыру,  күту, құттықтау,  рұқсат ету, зор денсаулық, ұзақ

өмір, табысты еңбек, шаңырақ, шаттық, береке, шын жүректен, тілек білдіру, тілеу. 

Сөйлесім үлгілері: 

-

Сізге жылдың қай мезгілі ұнайды?



-

Маған көктем ұнайды.

Сөйлесім үлгілері:

-

Кешіріңіз, сағат неше болды?



-

Айтайын, сағат 10-нан 20 минут кетті.

Сөйлесім үлгілері:

-

Сіз жұмысқа (сабаққа) нешеде барасыз?



-

Мен жұмысқа таңертеңгі 8.00-де барамын.

-

Сіз демалыс күні не істейсіз?



-

Мен демалыс күні, әдетте, тауға шығамын.

Сөйлесім үлгілері:

-

Бүгін жұмыс күні ме?



-

Жоқ, бүгін мейрам емес пе?

-

Онда үйде отырмайық, концертке барайық.



-

Барсақ, барайық.



-

Жақсы, келістік.

Сөйлесім үлгілері:

1. - Мерекеңіз құтты болсын!

-

Рахмет, бірге болсын!



2. - Мейрамыңызбен!

- Құтты болсын!

3. - Бүгін маған қонаққа келіңіздер.

- Жақсы, сағат нешеде?

4. - Жеңіске жетуіңізбен құттықтаймын.

- Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Сәттілік тілеймін!

-

Рахмет. Айтқаныңыз келсін.



[1] 202бет, 6-7жаттығу, [1] 232бет,11-13 жаттығу, [1] 324бет, 16,17жаттығу, [1] 25-27бет, 21-

27жаттығу, [1] 203бет, 19-21жаттығу, [1] 25-27бет, 21-27жаттығу.



4-тақырып.  Ас   –   адамның   арқауы.  Дұрыс   тамақтану   –   денсаулық   кепілі.

Мерекелік дастархан Сіздің сүйікті асыңыз. Асханада (Дәмханада. Мейрамханада).

Берілген  тақырып бойынша  өнімді лексиканы  игеру,  мәтіндегі  жаңа лексиканың

мағынасын түсіну

Сөздік минимум: Тамақтану, ас ішу, тамақ ішу, уақытында ішуге үйрену, ас ішу мәдениеті,

сүйікті   ас,   ас   әзірлеу   (даярлау),   пісіру,   қуыру,   аршу,   тазалау,   турау,   дәмді,   тәтті,   ащы,

қышқыл, тұзды, тұзсыз, ет, сорпа, қуырылған картоп, тұшпара, мәнті, бұрыш, тұз, пияз,

көк пияз, асқабақ, сәбіз, қияр, қызылша, сүт қосылған шай, қаймақ, кофе, сусын, шырын,

жеміс, көкөніс, дастарқан мәзірі, тағам, дәмді. 

Сөйлесім үлгілері:

-

Сізге ұлттық тағамнан не ұнайды?



-

Маған қазақша ет ұнайды.

-

Оны қалай әзірлейді?



-

Иә, өте оңай. Айтып берейін.

Сөйлесім үлгілері:

-

Сәлеметсіз бе?



-

Сәлеметсіздер ме, жоғарылатыңыздар!

-

Дастарқан мәзірін көруге бола ма?



-

Әрине, міне, көріңіздер. Сіздерге ұнауға тиіс. Бәрі бар.

-

Рахмет. Бізге қуырылған еттен екеу, қияр салатынан біреу, және қызылша 



салатынан біреу, жеміс шырынынан екеу әкелсеңіз (әкеліңіз).

-

Жақсы.



-

Ас болсын, тағамдарыңыз дәмді болсын.

 [1] 188-190бет, 6-11жаттығу,  [1] 244бет, 21-25жаттығу.

5-тақырыпДенсаулық – зор байлық. Дене мүшелері. Емханада. Ауруханада.

Берілген  тақырып бойынша  өнімді лексиканы  игеру,  мәтіндегі  жаңа лексиканың

мағынасын түсіну;

Сөздік минимум: Бас, көз, құлақ, ауыз, мұрын, бет, жақ, маңдай, тіс, тіл, шықшыт, иек,

кеңсірік, мойын, иық, кеуде, жауырын, іш, аяқ, жамбас, буын, бармақ, тырнақ., емхана,

кабинет, дәрігер, дәрі, қан қысымы, дене қызуы, емдеу, тексерілу, айығу, тәуір болу.

Сөйлесім үлгілері:

-

Адам ауырмау үшін не істеу керек деп ойлайсыз?



-

Алдын ала сақтану керек.

-

Дене мүшелерінің қызметін айтып бере аласыз ба?



-

Әрине, баспен ойлайды, көзбен көреді, құлақпен естиді, мұрынмен иіс сезеді, дем 

алады, ауызбен сөйлейді, ас ішеді т.б.

Сөйлесім үлгілері:

-

Қай жеріңіз ауырады?



-

Басым ауырады,

-

Тамаққа тәбетіңіз қалай?



-

Нашар (тәбетім жоқ).

-

Қан қысымыңызда өзгеріс бар ма?



-

Білмей тұрмын, өлшеп көрсеңіз қайтеді?

-

Өлшеп көрейін. Жоғары екен. Жатып емделетін болдыңыз.



           [1] 176бет, 6-8жаттығу, [1] 326бет, 23-24жаттығу.

6-тақырып. Менің туған ауылым (орналасқан жері, табиғаты).

 Сөздерді пайдалана отырып «Менің туған жерім» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз. 



Туған   жер,   өлке,   аудан,   аймақ,   облыс   орталығы,   жергілікті   тұрғындар,   үлкен   көше,

бұлақ,  көл,  сулы  жер, тоғай, табиғат,  әсем,  әдемі, келбет,  үй, тас үй, шым  үй, көп

қабатты үйлер, бау-бақша, аула.

Сөйлесім үлгілері: Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?«Туған жер – алтын

бесік», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» т.б. Туған жеріңіз қандай

қасиетімен   ерекше?   географиялық   орнымен;   табиғатымен;   өндіріс   орнымен;   ауыл

шаруашылығымен т.б. 

Менің туған қалам  (Павлодар қаласы, орналасқан жері, келбеті, көрінісі, тұрғындары,

табиғаты).Павлодар қаласы жайлы әңгіме құрыңыз.



Сөздік минимум: Көне қала, жаңа қала, шаһар, өте әдемі, керемет, тамаша, ауа-райы

қолайлы,   қолайсыз,   демалыс   орындары,   спорт   кешендері,   зәулім   үйлер,   ғимараттар,

театр, мұражай, саяжай, саябақтар.

Сөйлесім үлгілері: Туған қалаңыздың тарихын білесіз бе?Иә, білемін. Жоқ, білмеймін. Иә,

ол өте көне қала. Оның негізі 19 ғасырда қаланған. Ол Ұлы Жібек жолының бойында

орналасқан. Қандай мұражайлар бар? Мемлекеттік мұражай. М.О.Әуезов мұражайы... 

7- тақырып: Менің елім – Қазақстан.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Қазақ халқы, қазақ ұлты, Қазқастан Республикасы, тәуелсіз, егемен,

біздің   ел,   жер   көлемі,   тауарлар,   өзен-көлдер,   теңіздер,   шөл   дала,   жазық   дала,

азаматтық, туған жер.

Сөйлесім   үлгілері:   Сіз   қай   елдің   азаматысыз?Мен   Қазақстан   Республикасының

азаматымын. Ал сіз ше? Мен Ресей Федерациясының азаматымын. Қазақ елі туралы

көбірек білгім келеді.

                           Ел рәміздері.

1-тапсырма. Қазақстан республикасының рәміздері туралы мәтін құру.  Сөздік минимум:

Рәміз, нышан, белгі, елтаңба, әнұран, ту, шекара, Қарулы күштер, ұлттық тіл, ұлттық

байлық,   ұлттық   мәдениет,   ұлттық   өнер,   шаңырақ,   сәулелі   күн,   қанатты   тұлпар

(пырақ),   қыран   құс,   ұлттық   ою-өрнек.   Сөйлесім   үлгілері:   Мынау   не?   Бұл   –   елтаңба.

Елтаңбаның авторлары кім? Әнұранды жатқа білесіздер ме? Иә, білеміз.   Авторлары

кімдер, не туралы айтылады?

 2-тапсырма. Мына сын есімдерді қажетті зат есімдермен тіркестірңіз[1,307-б.1-жаттығу].

а) қызыл, сары, көк, қара, қоңыр, көгілдір, жасыл, қызғылт,сұр;

ә) үлкен, кішкентай, кең, тар, биік, аласа, ұзын, қысқа;

б) жуас, тентек, еңбекқор, жалқау, тәртіпті, ұқыпты, сұлу;

в) ащы, тәтті, дәмді, дәмсіз, қышқыл, тұзды, тұзсыз.

г) қисық, түзу, дөңгелек, сопақ, қатты, жұмсақ, жалпақ, томпақ.

3-тапсырма. Мына зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріңіз [1, 307-б.,2-жаттығу].

Бақ, қыз, сарымсақ, көкөніс, қарындаш, көз, кітап, көйлек, сүт, тамақ, сағат, ат,

қой, үй, адам, жігіт, су, күн, түн, алма, қала, бөлме, доп, есік сөз, әже, әңгіме, мінез,

кітапхана, аяқ, айран, дәрі, көше, жол.

4-тапсырма. Төмендегі сын есімдерге антоним келтіріңіз [1, 307-б. 3-жаттығу].

Семіз,   тұщы,   кәрі,   жеңіл,   жаңа,   қысқа,   үлкен,   тәтті,   жақсы,   ыстық,   түзу,

қымбат жалқау, тентек, ақ, аласа, тар, қатты, толық.

                 Елордасы – Астана қаласы.

Сөздік минимум: Бас қала, елорда, Астана қаласы, орталық, Еуразия кіндігі, көркем, сәнді

көшелер, саябақтар, ғимараттар, сәулет өнерінің дамуы, мемлекеттік мекемелер, бұрынғы

Ақмола.


Сөйлесім үлгілері:  Бас қала, елорда сөздерінің қолданылуына не себеп болды? Өйткені

«астана» сөзі қала атауы «Астана» болды. Орталықтың Алматыдан Астанаға көшуіне

не себеп болды? Астана қаласы Еуразия ортасы – орталықта орналасқан.

         Қазақ халқының тарихы, ұлттық тілі, салт-дәстүрі.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік   минимум:   Қазақ   халқы,   ұлт,   тайпа,   көнеден   бері,   ғасырлар   бойы,   мекендеген,

тараған, жүздер: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, түркі тілдері, батыс гун, қазақ тілі,

діні.

Сөйлесім   үлгілері:   Қазақ   халқының   тарихы   туралы   не   білесіздер?   Қазақ   халқының

құрамына кірген рулар мен тайпалар біздің заманымызға дейінгі 4-3 ғасырлардан белгілі.

Қазіргі Қазақстан халқының саны қанша? 14,5 миллион шамасында.

                         Қазақстанның мәдениеті. Ұлттық өнері.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Мәдениет, ұлттық сана, өркениет, ғылым, білім, өнер, қолөнер, спорт,

мүсін,   сахна,   сәулет,   кино,   опера,   балет,   әдебиет,   телерадио,   баспасөз,   баспахана,

кітапхана, сәулет  мәдениеті, демалыс, саябақ,  мұражай, қонақ үй, тарихи кешендер,

ұлттық ойын.

Сөйлесім үлгілері: Қазақстанның ұлттық өнерінің қандай салаларын (түрлерін) білесіз?

Қазақ халқында өнердің барлық түрі жақсы дамыған

                       Қазақстанның өнеркәсібі.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, өндіріс орындары, өндіру, өнім шығару,

өңдеу, тасымалдау, машина жасау, мұнай, алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, көмір,

тұз,   ізбес,   тамақ   өнеркәсібі,   сүт   өнімдері,   ауыл   шаруашылығы,   астық,   егін,   мал

шаруашылығы, дәнді дақыл.

Сөйлесім үлгілері: Халық шаруашылығының қандай салаларын білесіз?Ауыр индустрия,

жеңіл   өнеркәсіп,   кен   (орындары)   өндіру,   ауыл   шаруашылығының   түрлеріне   мал,   егін,

көкөніс, мақта шаруашылықтары т.б. жатады.

                     Ұлы адамдар өмірінен.

Сөздік минимум: Ұлы, ұлылық, саналы,  табиғи дарын, еліне қызмет ету, білім  шыңы,

толығу, кемеліне келу, із қалдыру, болашақты болжау.

Сөйлесім үлгілері: «Ұлы» деген сөзді қалай түсінесіз? Ұлы адамдардан кімдерді білесіз?

8-тақырып: Біздің университет.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік минимум: Университет, негізі қаланған жыл, ашылған кез, бірінші ректор, бірінші

факультет деканы, оқу ісі бөлімінің проректоры, ғылыми бөлім, оқу бөлімі, жатақхана,

оқу ғимараттары, бас ғимарат, жаңа бөлім, түрлі мамандық.

Сөйлесім   үлгілері:   Сіз   қай   университетте   оқисыз?С.Торайғыров   атындағы   Павлодар

мемлекеттік   университетінде   оқимын.   Қандай   мамандықтар   бар?   Әр   түрлі

мамандықтар бар.

                     Менің мамандығым.

1-тапсырма. Сөздерді пайдалана отырып, сұхбат құрыңыз.

Сөздік   минимум:   Институт   атаулары,   кафедралар   атауы,   кафедра   меңгерушісі,

профессор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, практикалық сабақтар.

Сөйлесім үлгілері: Сіз қай институттансыз? Мен қаржы-экономика институтынанмын.

Институтыңызда   қандай   мамандыққа   дайындайды?   Әр   түрлі.   Банк   ісі,   салық

қызметкері, қаржыгерлер.

9-тақырыпКәсіби лексика 

 

                            

                           5В071200 «Машина жасау» мамандығы бойынша

1-мәтін.  Машина жасау өндірісінің негіздері. Кәсіби терминдердің қазақша - орысша

сөздігін жасау.

2-мәтін.  Қозғалтқыштардың   сипаттамалары.  Мәтін   бойынша   терминдердің   сөздігін

құрастыру

3-мәтін..  Машина жасаудағы өнімнің өзіндік құны.  Осы ұғымдарға байланысты жаңа

сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.

4-мәтін. Іштен жану қозғалқыштары. Берілген тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз

тіркестерін меңгерту.  Меңгерілген сөздер, сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлемдер

құрастыру.

4-мәтін. Іштен жану қозғалқыштары. Берілген тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз

тіркестерін меңгерту.  Меңгерілген сөздер, сөз тіркестерін пайдалана отырып сөйлемдер

құрастыру.    Мәтін бойынша сұрақтар  құрастырып, берілген  мәселеге қатысты  өз ойын

жеткізе білуі. Атаулы сөйлем. [2 ] 212бет,  123-жаттығу.

5-мәтін. Көлік және коммуникация. Тақырыпты талдау, жаңа сөздер мен сөз тіркестері

туралы түсінік беру. Алдында өткен тіл материалын сөйлеу үрдісінде бекіту, оның ішінде

өз мамандығы, ерекшеліктері туралы мәтін құрастыру. 

6-мәтін.  Машина   жасау   саласындағы   қайраткерлер.   Мәтінде     қолданылған

сөйлемдердің   сипаттамасын   беру.   Мәтінге   байланысты   терминдердің   қазақша   атауын,

жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін

жасау.  7-мәтін.  Машина   жасаудың   құрылымдық   бөліктері.   Осы   тақырыпқа

байланысты кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Арнайы мәтінді аудару. 

8-мәтін.  Машина жасау технологиясының бүгіні мен болашағы.  Тақырып бойынша

кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. Сөздікті пайдалана отырып, арнайы

мәтінді аудару, қысқаша мазмұнын жеткізе білу. 

9-мәтін.  Машина   жасау   өндірісін   дамыту   тәсілдері.  Тақырып   бойынша   кәсіби

терминдердің   орысша-қазақша  сөздігін  жасау.   Берілген   тақырып  бойынша   материалдар

жинап, аударма жасау. 

10-мәтін.  Нарықтық   кезеңінде   машина   жасау   саласының   даму   мәселесі.  Тақырып

бойынша   терминдердің   қазақша   атауларын,   жаңа   сөздер   мен   сөз   тіркестерін   меңгерту.

Кәсіби терминдердің орысша-қазақша сөздігін жасау. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет