Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік



Pdf көрінісі
Дата06.03.2017
өлшемі76,77 Kb.
#8094

Әдістемелік ұсыныстар мен

нұсқаулардың; әдістемелік

ұсыныстардың; әдістемелік

нұсқаулардың титул парағы 

Нысан 

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 

Филология, журналистика және өнер  кафедрасы

 

«Құрмалас сөйлем тарихы» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен



әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша

  

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР 

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен

нұсқауларды; әдістемелік

ұсыныстарды; әдістемелік

нұсқауларды бекіту парағы 

Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41



БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор 

__________ Пфейфер Н.Э.

     (қолы)           (аты-жөні)

20__ж. «___»____________

Құрастырушы: _____________ ф.ғ.к.,доцент Г.Т.Кәріпжанова

                ( қолы)

               (аты-жөні)  

Қазақ филологиясы

 

   кафедрасы



                                                        (кафедра атауы)

«Құрмалас сөйлем тарихы» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

мамандығының студенттеріне арналған 

пәнді оқыту бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР 

    


Кафедраның отырысында ұсынылды 

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама 

Кафедра меңгерушісі _____________  Жүсіпов Н.Қ.    20__ж. «____» ________

      (қолы)                     (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер   факультетінің ОӘК мақұлданды

                                                     (факультет атауы)

20__ж. «___»______________,  №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________     Жұманқұлова Е.Н.   20__ж. «____» ________

                                                 (қолы)

            (аты-жөні)



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________        А.А.Варакута   20__ж. «____» ________

                                               (қолы)                            (аты-жөні)

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды     

20__ж. «___»______________  №____ Хаттама

    


Теориялық курс мазмұны

1.   Тақырып:   Кіріспе.   Құрмалас   сөйлем   жүйесін   оқудың   мақсаты,

мазмұны. Құрмалас сөйлемдердің синтаксистік жүйедегі орны.  

Мазмұны:  Құрмалас   сөйлемдер   жөнінде   оқытылатын   мағлұмат   мына

тарауларға   бөлініп   берілетіні:   1.   Құрмалас   сөйлемнің   сипаты.2.   Салалас

құрмалас сөйлемдер. 3. Сабақтас  құрмалас сөйлемдер. 4. Көп компонентті

құрмалас сөйлемдер. 5. Құрмалас сөйлемдердің коммуникативтік талаптарды

жүзеге асыру ережелері. Осы арқылы құрмалас сөйлемдерді танудың – оны

құрылымдық,   функционалдық   жағынан   танудың   басты   түбегейлі

тұжырымдамалары ашылатындығы. 

2. ТақырыпСалалас құрмалас сөйлем.

Мазмұны: Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, олардың

түр-түрге   топтасу   принцибі.   Жалғаулықты   салалас   құрмалас   сөйлемдер,

олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипаты;   ыңғайлас   салалас

сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар, олардың түр-

түрлерінің   жұмсалу   ерекшеліктері.   Жалғаулықты   ыңғайлас   салалас

сөйлемдердің тыныс белгілері.  



3. ТақырыпҚарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер.

Мазмұны: Олардың грамматикалық, семантикалық сипаты. Қарсылықтық 

салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтар, 

олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері. Жалғаулықты қарсылықтық 

салалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Жалғаулықты себептік салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, 

семантикалық сипаты.

Себептік салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын 

жалғаулықтар, олардың түр-түрлерінің жұмсалу ерекшеліктері. Жалғаулықты

себептік салалас сөйлемдердің тыныс белгілері.

Жалғаулықты талғаулық салалас құрмалас сөйлемдердің 

грамматикалық, семантикалық сипаты.

Талғаулық   салалас   сөйлемдерді   байланыстыратын   жалғаулықтар,   олардың

түр-түрлерінің   жұмсалу   ерекшеліктері.   Талғаулық   салалас   құрмалас

сөйлемдердің тыныс белгілері. Деп көмекші етістігінің қатысуымен жасалған

құрмалас сөйлемдер, олардың мағынасы, жұмсалуы. 

4. Тақырып: Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, 

функционалдық сипаты, іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің 

грамматикалық, семантикалық топтары.

Мазмұны:  Жалғастық   қатынасты   білдіретін   іргелес   салалас   сөйлемдер,

олардың   грамматикалық   семантикалық   сипаты.   Бұл   сөйлемдердің   тыныс

белгілері.

5. Тақырып: Мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер. 

Мазмұны: 

Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипаты.   Бұл

сөйлемдердің тыныс белгілері.


6.   Тақырып:  Қарсылықтық   қатынасты   білдіретін   іргелес   салалас

сөйлемдер.

Мазмұны: 

Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипаты.   Бұл

сөйлемдердің тыныс белгілері.

7.   Тақырып:  Талғаулықтық   қатынасты   білдіретін   іргелес   салалас

сөйлемдер.

Мазмұны: Олардың грамматикалық, семантикалық сипаты, тыныс белгілері.

8.Тақырып: Себептік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер.

Мазмұны: 

Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипаты.   Бұл

сөйлемдердің тыныс белгілері.

9. ТақырыпШарттық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер.

Мазмұны: 

Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипаты.   Бұл

сөйлемдердің тыныс белгілері.

10. Тақырып. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер.

Мазмұны: 

Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипаты.   Бұл

сөйлемдердің тыныс белгілері.

11. Тақырып. Сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Мазмұны: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты, сабақтас

құрмалас   сөйлемдердің   нақты   танытатын   белгілері.   Сабақтас   құрмалас

сөйлем   теориясының   проблемалары.   Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің

компоненттерінің байланысу амалдары.



12. Тақырып. Есімше формаларының қатысуымен құрылатын сабақтас

құрмалас сөйлемдер.

Мазмұны: 

Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   компоненттерін

байланыстыратын предикатив тұлғаның есімше негізінде жасалуы. 

13. Тақырып. Көсемше формалы етістіктің қатысуымен жасалған 

сабақтас құрмалас сөйлем.

Мазмұны:  Өткен   шақ   көсемше   формалы   етістіктің  /   -   п,   -ып,   -іп/

қатысуымен   құрылатын   сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   семантикалық,

грамматикалық   сипаты.   Бұл   құрмалас   сөйлемдердің   басқа   типті   сабақтас

құрмалас   сөйлемдермен,   салалас   сөйлемдермен   функциялық   қарым-

қатынасы.

Келер шақ көсемше формалы етістіктің  / -а, -е, -й/  қатысуымен құрылатын

сабақтас құрмалас сөйлемдердің семантикалық, грамматикалық сипаты. Бұл

құрмалас сөйлемдердің басқа типті сабақтас құрмалас сөйлемдермен, салалас

сөйлемдермен функциялық қарым-қатынасы.

Көсемшенің   –ғалы,   -гелі   формаларының   сабақтас   құрмалас   сөйлем   құруға

қатысуы, бұл типті сөйлемнің семантикалық, грамматикалық сипаты. –стан,

-стен формалы көсемшенің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдер, бұл

типті сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық сипаты.

14. Тақырып. Көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

Мазмұны: Көп компонентті құрмалас сөйлемдер, олардың грамматикалық, 

семантикалық сипаты, түрлері.



15. Тақырып. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің 

компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктері.

Мазмұны: Компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастардың 

ерекшеліктері



16. Тақырып. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Мазмұны: Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің 

компоненттерінің байланысу сипаты, компоненттерінің арасында көрінетін 

мағыналық қатынастар.

17. Тақырып. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты.

Мазмұны: Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу 

ерекшелігі. Құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі. 

Құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасу.

18. Тақырып. Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы.

Мазмұны: Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихына 

шолу, ондағы тілші ғалымдардың еңбектері, ол зерттеулердің түркологиялық 

зерттеулермен байланысы. 

3.3 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1   Тақырып:   Құрмалас   сөйлемдердің     синтаксистік   тұлға   ретіндегі

сипаты, грамматикалық белгілері.

Мазмұны: Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік беру, құрмалас сөйлемді

күрделенген   жай   сөйлем   түрінен   айыра   білу,  құрмалас   сөйлемдердің

синтаксистік тұлғасын, грамматикалық белгілерін айқындау. Грамматикалық

белгілеріне   арнайы   жаттығулар   орындау.   Құрмалас   сөйлемнің

компоненттерін,   байланыстырудағы   жалғаулықтардың,   септеуліктердің

анафористік   сөздердің,   орын   тәртібінің,   морфологиялық   тұлғалардың,.

амалдардың жұмсалу сипаттарын меңгерту. 

2   Тақырып:  Құрмалас   сөйлемдер   компоненттерін   байланыстыратын

амалдар, оларды сипатына қарай топтау. 

Мазмұны:

 Құрмалас   сөйлемдер   компоненттерін   байланыстыратын

амалдарды   айқындау.  Құрмалас   сөйлем   құрылысы   мен   пікірдің   қарым-

қатынасы   және   құрмалас   сөйлемнің  тілге   тән   тұлға   ретінде   ерекшеленуін,

құрмалас   сөйлем   жүйесі   мен   жай   сөйлем   жүйесінің   құрылымдық,

функционалдық   қарым-қатынасын   меңгерту.   Шылаулар,   септеуліктер,

есімше, көсемше тұлғалы етістіктердің қызметін көрсету. Құрмалас сөйлемді

байланыстыратын амал, тәсілдерге көркем шығармалардан мысалдар теру.

3 ТақырыпҚұрмалас сөйлемдердің негізгі түрлері, оларды түрге бөлудің

принцибі. 

Мазмұны:

 Құрмалас   сөйлемдердің   түрлерімен   танысып,   әртүрлі

ғалымдардың   құрмалас   сөйлемдерді   түрлерге   бөлу   жіктемелерін,   негізгі



белгілерін,   мағыналық   түрлерін   бір-бірінен   ажыратуды   қарастыру.   Қазіргі

зерттеулерге   сүйеніп,   құрмалас   сөйлемдердің   жасалу   жолдарын,   негізгі

айырым белгілерін ғылыми тұрғыдан талдап, айқындау. Олардың түр-түріне

мысалдар келтіріп, сөйлемдерді талдау арқылы дәлелдеу.   



4   Тақырып:   Ыңғайластық   салалас   сөйлемдердің   компоненттерін

байланыстыратын   жалғаулықтар,   ол   жалғаулықтар   арқылы   құрылған

құрмалас сөйлемдердің сипаты. 

Мазмұны:   Ыңғайластық   салалас   сөйлемдердің   компоненттерін

байланыстыратын   жалғаулықтарға   мысалдар   келтіріп,   сөйлемдер   құрау.

Салаластың   басқа   түрлерінен   айыра   білуді   үйрету,   жаттығу   жұмыстарын

жүргізу   арқылы   құрмаластың   түрлерінің   негізгі   белгілеріне   және   жасалу

амалдарын жан-жақты қарастыруға дағдыландыру. 

5   Қарсылықтық   салалас   құрмалас   сөйлемдерді   ұйымдастыратын

жалғаулықтардың   қызмет   ерекшелігі,   қарсылықтық   қатынастың

нақты көрінісі.

Мазмұны: Олардың грамматикалық, семантикалық сипатын айқындау. 

Қарсылықтық салалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстыратын 

жалғаулықтардың жұмсалу ерекшеліктерін меңгерту. Жалғаулықты 

қарсылықтық салалас сөйлемдердің тыныс белгілеріне жаттығу жұмыстарын 

жүргізу.

6Тақырып:  Себептік   салалас   құрмалас   сөйлемдердің   ұйымдасуы,

мағынасы.

Мазмұны:  Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипатымен   таныстыру.

Себептік   қатынасты   білдіретін   іргелес   салалас   сөйлемдердің   тыныс

белгілерін дұрыс қоюға үйрету. Бұл сөйлемнің түріне көркем шығармалардан

мысалдар келтіріп, талдатқызу. 



7 Тақырып: Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасуы,

семантикасы.

Мазмұны: Талғаулықтық қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдердің

жасалу   тұлғаларына,   олардың   семантикалық,   грамматикалық   белгілеріне

жаттығу   жұмыстарын  жасап,  негізгі  айырым  белгілерін,   жасалу   жолдарын

үйрену,   тыныс   белгілерінің   қандай   жағдайда   қойылатындығына   назар

аударту. Деп көмекші етістігінің қатысуымен жасалған құрмалас сөйлемдерге

көркем шығармадан мысалдар теру. 



8 Тақырып: Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысы, түрлері. 

Мазмұны: Грамматикалық, функционалдық сипатын, іргелес салалас 

құрмалас сөйлемдердің грамматикалық, семантикалық топтарын айқындау.

Жалғастық   қатынасты   білдіретін   іргелес   салалас   сөйлемдерге

Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» шығармасынан картотека теру. 



9 Тақырып: Тұрақты, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер.

Мазмұны:    Олардың   грамматикалық,   семантикалық   сипатын,   тыныс

белгілерін конспектілеу. Тұрақты, ауыспалы іргелес салалас сөйлемдерді бір-

бірінен   ерекшелегін   таныту   үшін   жаттығу   жұмыстарын   жүргізіп,   олардың

жасалу тұлғаларына мысалдар жазғызу. 



10 Тақырып.  Салалас құрмалас сөйлемдерді зерттеуге арналған негізгі

еңбектер. 

Мазмұны:  Алдымен,  салалас   құрмалас   сөйлемдерді   зерттеуге   арналған

негізгі   еңбектермен   танысу,   оларды   жүйелеу.   Студенттің   ол   зерттеу

еңбектерге   тұжырым   жасап,   түйіндей   алуы.   Зерттеу   жұмыстарын   саралай

отырып,   ғылыми   ой-пікірлерді,   талдауларды   үйренуге   машықтану.

Құрмаластың   бұл   түріне   арналған   зерттеу   еңбектердің   қашан

басталғандығын, яғни қай ғасырдан немесе кезеңнен қарастырылғандығын,

сол   кездегі   зерттеулер   мен   қазіргі   кезеңдегі   ғылыми   еңбектердің

арақатынасы, өзгешелегі неде екенін жан-жақты қарастыру. 



11   Тақырып:   Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   грамматикалық

белгілері, байланысу амалдары. 

Мазмұны:  Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   грамматикалық   сипатына,

сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   нақты   танытатын   белгілеріне   тоқталу.

Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   компоненттерінің   байланысу   амалдарына

қатысты зерттеу еңбектерді қарастырып, оларды бір-бірімен салыстыру. 



12 Тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері,

олардың танылу принцибі.  

Сабақтастың грамматикалық түрлеріне арнайы жазба жұмыстарын жүргізу,

олардың тыныс белгілеріне дұрыс көңіл бөлуге үйрету.

13 Тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелері, 

оларды зерттеуге арналған еңбектер. 

Мазмұны: Сабақтас құрмалас сөйлемдердің теориялық мәселелеріне 

қатысты зерттеу еңбектерді қарастырып, оларды бір-бірімен салыстыру, 

жүйелеу. Ғалымдардың: А.Байтұрсынов, С.Аманжолов, С.Жиенбаев, 

Қ.Жұбанов, С.Исаев, М.Балақаев, Н.Сауранбаев тағы басқалардың зерттеу 

жұмыстарын жан-жақты қарастыру, ғылыми тұрғыдан студенттерді өз 

бетінше тұжырым жасауға, түйін шығаруға, саралуға машықтандыру.  



14   Тақырып:  Сабақтас   құрмалас   сөйлемдердің   синтаксистік   жүйедегі

функционалдық орны.  

Мазмұны:  Олардың   синтаксистік   жүйедегі   функционалдық   орнына,

коммуникативтік қызметіне тоқталу. 

белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем теориясының проблемалары. Сабақтас

құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу амалдары.



15 Тақырып. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымдық 

белгілері, олардың түрлері, қызметі. 

Мазмұны: Көп компонентті құрмалас сөйлемдерің аралас сөйлемдерден 

айырмашылығын тану, олардың жасалу жолын, тұлғалық ерекшеліктерін

компоненттерінің арасында көрінетін мағыналық қатынастарын білу. 

Жаттығу жұмыстарын жүргізу. 



16 Тақырып. Көп компонентті құрмалас сөйлемдердің құрылымы, 

функциясы жөніндегі теориялық зерттеулер.

Мазмұны: Көп компонентті сабақтас, салалас құрмалас сөйлемдердің 

компоненттерінің байланысу сипаттарын, компоненттерінің арасында 

көрінетін мағыналық қатынастарын теориялық тұрғыдан зерттеу 

жұмыстарын жасауға үйрету.



17 Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихы, ол 

зерттеулердің түркологиялық зерттеулермен байланысы. 

Мазмұны: Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелу тарихына түркі

тіл білімінен бастап, қазіргі күнге дейінгі еңбектерді қарастыру, оларды 

салыстыру, жүйеге келтіру. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемдерінің 

зерттелу күйін бағдарлау. Түркі тіл білімімен қатар, орыс тіл біліміндеі 

қрмаластардың зерттелу тарихына, дамуына, қазіргі жағдайына да зер салу. 

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құмалас сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 

1995.

2 Қазақ грамматикасы. Алматы, 2002. 



3 Есенов Қ.  Сабақтас  құрмалас сөйлемнің құрылысы. –А., 1995.

4 Есенов Қ.  Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты 

бағыныңқылы сабақтас ҚС. –А., 1969.

5 Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі .-А., 1995.

6 Қордабаев Т.  Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер. –А., 1995.

7 Қазақ тілінің грамматикасы.Синтаксис.  2 б . –А., 1967.

8 Қапалбеков Б.  Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы иен 

мағыналық түрлері. Ф.ғ.к. дисс. … автореф. 2000.

9 Жұмаділова З. Қазіргі қазақ тіліндегі салыстырмалы сабақтас құрмалас   

сөйлемдер. Ф.ғ.к.  дисс. … автореф. –А., 1999.

10 Вопросы грамматики тюркских языков. –А., 1958.

Қосымша: 

1.  Черемисина М.И., Колосова Т.А. Очерки по теории сложного 

предложения. Новосибирск, 1986.

2.  Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Алматы,

1948.

3.  Байтұрсынов А. Тіл құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері. III. Тіл 



танытқыш құрал. – Байтұрсынов А. Тіл таным. Алматы,1962.  

4.  Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. Алматы,

1994.

5.  Севортян Э.В. О некоторых вопросах сложноподчиненного 



предложения в тюркских языках. – Исследования по сравнительной 

грамматике тюркских языков, III, Синтаксис, М., 1961. 

6.  Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. Алматы, 1941.

7. Ысқақов А. Құрмалас сөйлем мәселелері// Халық мұғалімі, 1940.

8. Кононов А.Н. Грамматика языка тюркских рунических памятников. Л., 

1980.


9. Гаджиева Н.З., Серебренников Б.А. Сравнительно-историческая 

грамматика тюркских языков, синтаксис. М., 1986.

10.Әміров Р.С. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар. Алматы, 1959.

11.Амиров Р.С. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи. 



Алматы, 1972.

Document Outline

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    • «Құрмалас сөйлем тарихы» пәні бойынша 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
  • (қолы) (аты-жөні)


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет