Әдістемелік тәсілдердің түрлері, оларға сипаттама «Дәлелденген эссе»



бет1/3
Дата17.03.2023
өлшемі22,62 Kb.
#75288
  1   2   3

Әдістемелік тәсілдердің түрлері, оларға сипаттама


1.«Дәлелденген эссе» әдісі - белгілі бір тақырып бойынша екі оқушы шығып, пікірталас өткізеді. ( тақырып жайында шолу жасап, оқушы пікірін тыңдап болып, таңдауларын жасағаннан кейін мұғалім немесе оқушы өзі пікір білдіруі керек. Бірі сол берілген тақырып бойынша теріс пікір (яғни жақтамайды, немесе келіспейді) айтса, ал екіншісі тура пікірде (яғни жақтайды, немесе келісетінін білдіреді) болады. Бұл оқушылар тоқтамастан, өз ойларын білдіріп, қарсыласына жауап қайтарып отыруы керек.

2. INSERT- әдісі «Түртіп алу жүйесі» - мәтінмен жұмыс кезінде орындаған жөн. Бұл әдісті пайдалану үшін мәтіннің талдануға ыңғайлы, баланың түсінігіне лайық, жете меңгере алатындай бірнеше мәліметтері болуы керек. Оқушы мәтінді оқу кезінде бірнеше белгілер қойып отырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.
«!» - білемін
«-» - келіспеймін
«+» - мен үшін жаңа
«?» - таң қалдым, сұрақ туды
Оқып, белгілеп болғаннан кейін оқушы жеке отырып кестені мәліметтермен жоғарыдағы үлгі бойынша толтырады. Артынан жұппен, топпен талқылау өткізеді.

3. «Әдеби үйірме» әдісі - берілген мәтінді оқу, талдау жұмыстарын өткізгеннен кейін сыныпты топтарға бөлу.
1-топ Сілтеме табушылар. (Мәтіннің қызықты жерлерін табады)
2-топ Сұрақ қоюшылар. (Мәтіннің желісі бойынша топты ойландыратын сұрақ қояды)
3-топ Баяндаушы. ( Мәтін бойынша, топта өткен ой талқысы туралы баяндама жасайды.)
4-топ Ізденуші. ( Қосымша ақпарат, мәлімет жинақтайды)
5-топ Реттеуші. ( Ой талқысына қатысады, кезекпен сөйлейді, тәртіпті, бәрінің қатысуын қадағалайды.)

Жүйелілігі,


бірізділігі

4. «Биопоэма» әдісі - сынып оқушыларын екі-екіден жұптап отырғызу. Төмендегі сұрақтарды тірек ете отырып, бір-біріне сауалнама өткізеді. Сол арқылы бір-бірін жақынырақ танып, көршісі туралы поэма жазады.
Мақсаты: бір-бірімен жақынырақ таныстыру, толығырақ білу.
1.Аты.
2. Үш-төрт етістік ( нені жасағанды ұнатуына байланысты).

3.Басқалармен қарым-қатынасы.


4.Үш-төрт ұнататын заты.
5.Үш-төрт басынан өткізген немесе қазір сезініп отырған сезімі.
6. Екі- үш жеткен дәрежесі (нәтижесі, шыңы)
7.Екі-үш көргісі келетін немесе сезім ұялататын заттары.
8.Ол қорықпайтын екі-үш заты.
9.Мекен-жайы.
10. Фамилиясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет