Егерде мен сынып жетекші болсам



Дата08.10.2022
өлшемі13,09 Kb.
#41924

Егерде мен сынып жетекші болсам
Менің бала күннен арманым мұғалім болу еді. Және сол арманыма бір қадам жақын тұрмын, мен кәзір биология мамандығыда оқып жатырмын. Болашаққа деген арман мақсаттарым өте көп. Мен болашақта өз мамандығым боиынша жұмыс жасағым келеді. Маған балалармен жұмыс жасаған ұнаиды, және өзімді сынып жетекші ретінде елестетіп көремін. Мен білемін ол оңай емес, себебі барлық баланы жеке жеке танып өз қабілеттері боиынша жұмыс жасау қажет. Сынып жетекші деген менің оиымша оқушылардың екінші анасы сияқты, себебі 5 6 сағат киде одан да көп уақыт оқушылар мұғалімдермен болады. Сынып жетекшінің моинында көптеген ауыртпашылықтар болады ,олар әр бір оқушысы үшін жауапты. Мысалы оның жүріп тұрысына, тәртібіне, оқу үлгеріміне, тағысын тағы көптеген заттарға. Мектепте жай ғана сабақ беру бір бөлек оны оқушыларға ұғындырып сабақты қызық өту бір бөлек. Мен сабақты оқушыларға ерекше тактикалармен өткім келеді қызықты оиындармен немесе жаттығулармен. Мен өткен тақырып мәңгі балалардың есінде қалатындай.
Сынып жетекші болған ерекше шыдамдылықты талап етеді, себебі балалардың мінез құлқы, отбасылық жағдайы әртүрлі болады. Ең бастысы мұғалім болған соң сондай қиыншылықтарға моиымай өз ісімнің маманы болу менің арманым. Ұстаз деген ол әділ болу керек, білімді әрі балажан болу керек деп оилаимын. Мені оқытқан сынып жетекшіме ұқсағым келеді және соның жүрген жолымен жүргім келеді. Себебі ол керемет адам болатын, маған ылғида қолдау көрсетіп алға қарай жетелеитін. Менің осынай жақсы универде білім алып оқып жатқаным сол кісінің арқасы және маған берген білімінің жемісі деп оилаимын. Барлық ұстаздарға оқушыларының жеткен жетістігінен баска ештеңе қажет емес, олар біз үшін шынай қуана білетін жандар. Менің ұстазым аитатын “Сендер жақсы болсаңдар біз жақсымыз”, “ Сендердің жеткен жетістіктерің біздің жетістігіміз “ Дәл осы сөздердің мағынасын бүгін түсінгендей болдым. Және астында терең мағына жатыр екен, Мен жақсы сынып жетекші, мұғалім болуға тырысамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет