Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады



бет1/16
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#13464
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ежелгі дәуір әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті бес кезеңнен тұрады:

1. Біздің заманымызға дейінгі жазу-сызулар мен аңыз-жырлар. (Сак,

үйсін дәуірі б. з. б. VII ғ. - б. з. IV ғ.) Бұл дәуірлерден білге келіп жеткен Edir

жазуы, Тарғытай, Алып Ер Тұңға (Тоңа), Тұмар патшайым, Ширақ батыр

Зарина сұлу, Мөде батыр т. б. жайындағы аңыз-жырлар бар. Сақтардың 26

әріптен тұратын жазуы болған. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген.

2. Түрік қағанаты дәуіріндегі әдебиет. (V-VIII f.f.) Орхон ескерткіштері

"Білге", "Күлтегін", "Тонұқұқ" жырлары, жазған кісі - Йоллығ тегін.

3. Оғыз дәуіріндегі әдебиет. (1 X-X ғ.ғ.) "Қорқыт ата кітабы","Оғыз қаған"

жыры (VIII-IX ғ.ғ.).

4. Ислам дәуіріндегі әдебиет. (X-XII ғ.ғ.) Бұл дәуір әдебиеті шығарма

иесінің шыққан ортасына қарай екіге бөлінеді:

a) Сыр бойы әдебиеті: әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Ахмет Йүгінеки,

Сүлеймен Бақырғани.

ə) Қарахан әдебиеті: Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари.

5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. (XIII-XIV r.f.) Рабғузи, Хорезми, Сәйф

Сараи.

Алып Ер Тоңа - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі, Иран



ақыны Фирдоусидің "Шаһнама" (XI ғ.) кітабының кейіпкері (Афрасияп деп

аталған) болған. Төрт ұлы болған: Барысхан, Қарахан, Шиде, Алақ. Алып

Ер Тоңаны жоқтау жыры М. Қашқаридің "Түркі сөздерінің жинағына"

енген.


Қорқыт (VIII ғ.) - тарихи тұлға әрі аңыз кейіпкері. Туып-өскен жері - Сыр

бойындағы Жанкент (Жаңакент) қаласы. Қобыз аспабын ойлап тапқан,

ұрпақтарға "Желмая", "Аққу", "Елім-ай", "Қорқыт күйі", т. б. күйлерді

қалдырған.

"Қорқыт ата кітабының" (XV ғасырда жазылған) бізге жеткен екі

нұсқасы бар: Дрезден қаласында 12 жырдан тұратын қолжазбасы және

Италияда (Ватикан) 6 жырдан тұратын қолжазбасы. Алғаш рет ХХ ғасырда

хатқа түсірілген.

"Қорқыт ата кітабы" - VIII ғасырларда және одан бұрын туған

аңыздардың жинағы. Кітаптағы жырлар: "Қазан бектің ауылын жау

шапқаны туралы жыр", "Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр", "Төбекөз дәуді

жеңген Бисат батыр", т. б. "Бамсы-Бейрек жыры" оқиғасы, құрылысы

жағынан "Алпамыс батыр" жырына жақын келеді. Кітапта нақыл сөздер

көптеп кездеседі.

"Оғыз қаған" жырының ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Париж

кітапханасында сақталып келген. 40-тан астам хикаядан тұрады. (Жыр

кейіпкерлері: Оғыз, анасы - Айқаған, ақылшы-кеңесшісі - Ұлық Түрік,

ұлдары - Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз. Ормандары тажал аң - Қат,

жол көрсетуші - Көк бөрі).

Жыр IX ғасырда жинақталып, XIV ғасырда хатқа түскен. Жырдың басты

идеясы - бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке

үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу. Қыпшақ, қаңлы, қарлұқ, қалаш ру-

тайпаларының шығу тегін жеке кісілердің оқиғасынен байланыстырады.

Жырда оғыздардың Көк Тәңіріне табынып, өздерін Көк Бөріден

тарататыны аңғарылады.

Әбунасыр әл-Фараби (870-950 ж.ж.) ақын, ойшыл, ғұлама. Музыка,

математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен

айналысқан. Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз"

деген атақ берген.

Ғылымның көптеген салаларын меңгеріп, 150-ге тарта ғылыми еңбектер

(трактаттар) жазған. Еңбектері: "Музыканың үлкен кітабы", "Қайырлы

қала тұрғындарының көзқарасы",

"Өлең өнерінің қағидалары"."Риторика", "Китаб аш-шеер" ("Өлең кітабы"), "Философияны оқу үшін не білу керек?", "Ақылдың мәні туралы" т. б.

"Музыканың үлкен кітабында" түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз

ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған. Платон, Аристотель, Пифагор,

Евклид, Птоломей еңбектерін меңгеріп, оған араб тілінде түсініктеме жазған.

Ахмет Иасауи (XII ғ. туған жылы белгісіз, 1166 жылы қайтыс болған). Ақын,

ойшыл, ұстаз, діни ағартушы, сопылардың пірі. 90 мың шәкірті болған.

"Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы"), түркі тілінде араб әліпбиімен

жазылған, 149 хикметтен тұрады. "Диуан" - жинак, "хикмет" -"Алланың ақ

жолы" деген ұғымды білдіреді. "Диуани хикмет" - әдебиетіміздегі

сыншылдық дәстүрдің басы, оғыз-қыпшақ тілінде жазылған әдеби туынды.

63 жасқа келгеннен кейін қылуетке түсіп отырған.

Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ. 1015-1016 жылдары туған, қайтыс болған жылы белгісіз)

ойшыл ғалым, білімпаз ақын. "Құдатғу білік" ("Құтты білік"). 85 тараудан,

6500-ден аса бәйіттен тұрады (13040 жол) және 3 қосымшасы бар. Кемел

мемлекеттің сипаты баяндалады. Кітапты Шығыс патшалары көшіртіп

алып оқитын болған, Фирдоусидің "Шаһнамасы мен" қатар қойып, "Түркі

шаһнамасы" деген атақ берген.

Кітапта төрт кейіпкер бар: Күнтуды бек- әділет бейнесі, Айтолды үәзір- бақыт

бейнесі, Өгдүлміш- уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесі, Одгұрмыш- уәзірдің

бауыры, қанағат бейнесінде алынған.

Махмұт Қашқари (XI ғ. 1029-1039 жылдар аралығында туған, қайтыс болған

жылы белгісіз) білімпаз тілші, ғалым, әдебиет үлгілерін жинақтаушы.

"Диуани лұғат ит-түрк" ("Түркі сөздерінің Жинағы"). 1070 жылдары

жазылған, 3 кітаптан тұрады. 6,5 мыңға жуық Түркі сөзіне арабша түсінік

берілген. 260-тан астам мақалдың 60-ы қазіргі күнде тілімізде ешбір

өзгеріссіз қолданылады.

Кітапта бүгінгі әдебиетімізге, түркі тілі, тарихы, географиясы, тұрмыс-

тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер мол. Қазақ жерінің дөңгелек

картасын жасаған. Баласағұн, Тараз, Қашқар, Каспий сияқты ежелгі елді

мекендер сызылып көрсетілген. 29 түркі тайпасының аты аталады. Алып

Ер Тоңа мен Афрасияп бір адам екенін көрсетіп, маңызды деректер береді.

Рабғузи (XIV ғ.) "Қисас-ул-әнбие" ("Әулие-әнбиелер туралы қиссалар"), 1370

жылы жазылған, ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің

жинағы. Кітапта табиғат, жаратылыстың пайда болуы, әулие-әнбиелер,

пайғамбарлар, діни қайраткерлер туралы баяндалған. Түркі тілінде жазып

шыққан.


Сәйф Сараи (1320-1396 ж.ж.) Еңбектері: "Гүлстан бит-түрки" ("Түркіше

Гүлстан"), 8 тарау, кіріспе, қорытындыдан тұрады, 7 тарауы қысқа

әңгімелер, 8-тарауы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер.

Тараулары: "Махаббат пен жастық", "Кәрілік пен әлсіздің", "Тәрбиенің

ықпалы", "Патшалардың өмірі туралы", "Азға қанағат елудің

артықшылығы", "Қарым-қатынас ережелері", т. б.

Сағдидің "Гүлстан кітабынан" (1258) түркі тіліндегі аударма нұсқасы.

Төл туындысы - "Суһаил мен Күлдірсін".

Хорезми "Мұхаббатнама", 1353 жылдары жазған, 473 бәйіттен тұрады;

Ҳұсам Кәтиб "Жұмжұма сұлтан";

Құтып (Құтб) "Хұсрау-Шырын", 1341-1342 жылдары Әзірбайжанның

ұлы ақыны - Низамидің осы аттас поэмасы негізінде түркі тілінде жазған;

Сүлеймен Бақырғани "Дүниенің ақыры",

Ахмет Йүгнеки "Хибатул-хақайқ" ("Ақиқат сыйы") 14 тарау, 235 өлеңнен

тұрады;

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 ж.ж.) "Тарихи Рашиди" кітабы,

"Жаһаннама" дастаны.

• Ежелгі дәуір әдебиеті: (5 кезеңге бөлінеді)

• Қазақстанның қазіргі аумағында өмір сүрген сақ, ғұн, үйсіндердің

"түркілер" атанған ғасыры: (Заманымыздың V ғасыры)

• "Ага, саған бұл ошақ! Ошағынан безгендер, тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол

болғай!"- деген сөз жазылған шығарма: (Есік қаласынан табылған Алтын

Бекзаданың жанындағы күміс тостағанда)

• Сақ, ғұн дәуірінен келіп жеткен туынды: ("Алып Ер Тұңғаны (Тоңаны)

жоқтау")

"Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер," - деген үзінді алынған жер: ("Алып Ер Тұнғаны

жоқтау")


• Алып Ер Тұңғаның өз заманындағы мәртебесі: (Түркілердің көсемі)

• Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің "Шаһнама" кітабының кейіпкері болған

түркі көсемі: (Алып Ер Тұңға)

• "Алып Ер Тұңғаны жоқтау" жырын қазақ тіліне аударды: (Асқар Егеубай)

*** Ерлікті қаза сынады,

Бектерім жасын бұлады.

Бөрідей ұлып жылады,

Жоқтады жыртып жағасын, - деген жолдар арналған жоқтау: (*Алып

Ер Тоңа)

• Ғалымдардың көне түркі жазуларына берген атауы: (Руна жазуы)

• "Руна жазуы"деген ұғым: (Скандинавия халықтарының сөзі)

• "Күлтегін" жырын тапқандар: (Швед Иоганн, орыс ғалымы

Н. М. Ядринцев (XVIII-XIX)

• Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалым: (Вильгельм Томсен - дат ғалымы)

• Орхон жазуының сырын алғаш рет … ашты: (В.Томсен 1893 жылы)

• Тасқа қашалған көне жәдігерліктердің ішінде бізге жеткендерінің ең

ірілері: ("Күлтегін", "Тоныкөк", "Білге қаған" ескерткіштері)

• "Күлтегін", "Тоныкөк" дастандары қай ғасырдың туындысы? (VI-VIII f.f)

• "Күлтегін", "Тоныкөк" дастандарының тастағы жазулары табылған жер:

(Орхон-Енисей өзендері аңғарлары)

• Орхон жырларының негізгі ойы мен мұраты: (Ел тәуелсіздігін аңсау)

• "Күлтегін" жырының негізгі тақырыбы: (Ерлік, ел қорғау)

• "Күлтегін" жырында суреттелетін түркілердің қасиетті мекені: (Өтүкен

аймағы)


• "Күлтегін" жырларында баяндалатын оқиға: (Түркі қағанатының

жорықтары)

• "Күлтегін", "Тоныкөк" жырларын жазған: (Йоллығ Тегін)

• "Күлтегін" жырындағы жырау: (Тоныкөк (Тоңұқұқ)

• Тоныкөк кім болған? (Қағанның кеңесшісі)

• Күлтегін батырдың ақылшы, кеңесшісі: (Тоныкөк)

• "Күлтегін" жырында Елтеріс, Қатаған, Білге қағандардың ақылшысы

болған кейіпкер: (Тоныкөк)

• "Күлтегін" жырындағы Күлтегін мен Білгенің әкесінің аты: (Елтеріс

қаған)


• Елтеріс хан өмірден өткенде, артында қалған ұлы: (Білге)

• Әкелері Елтеріс қаған қайтыс болған кезде балалары Күлтегін мен Білгенің

жастары: (Білге 7 жаста, Күлтегін 5 жаста)

P.S…Әкем қаған өлгенде

Інім Күлтегін жеті_жаста қалды.

Он жаста Үмай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды, - деген ("Күлтегін" жырынан) (9-сынып."Қазақ

әдебиеті" хрестоматиясы)

"Күлтегін" жырындағы "тауғаштар" деп аталатын тайпа: (Қытайға

қараған түркі тайпалары)

"Күлтегін" жырында түркілер 50 жыл бойы қай халықтың бодандығында

болған? (Тауғаштардың)

"Күлтегін" ескерткішінің көшірмесі қойылған жоғарғы оқу орны:

(Л. Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті)

"Күлтегін" ескерткішінің көшірмесі Астана қаласына қай жылы әкелінген?

(2001 ж.)

*** "Күлтегін" жырына сәйкес мәліметтер: (*Түркі қағанатының

жорықтарын суреттейді; *Алғаш тапқан швед офицері Иогани; *Руна

жазуымен жазылған)

*** Орхон - Енисей жырлары кімге арналған? (*Тоныкөк, *Күлтегінге)

*** Орхон Енисей ескерткіші кейіпкер(лер)і: (*Білге қаған; *Тоңұқұқ;

*Күлтегін)

• VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, күйші, аңыз

кейіпкері: (Қорқыт)

"Қорқыт ата" кітабындағы жыр саны: (12) (Кітаптың сақталған 2 нүсқасы

бар)


• "Қорқыт ата" кітабында нақыл, мақал-мәтел: (Жиі ұшырайды)

• «Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба тілін бүгілікенше, бүгілтпегені игі»

нақыл сөзінің авторы: (Қорқыт)

"Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,

Ел атадан көрмейінше, сапар шекпес," - деген нақыл сөздің иесі: (Қорқыт)

• 12 жырдан тұратын "Қорқыт ата" кітабындағы қай жыр оқиғасы,

құрылысы жағынан эпостық жырдың қайсысына жақын келетіні: ("Бамсы

Бейрек" жыры "Алпамыс батыр" жырына жақын келеді)

• "Қорқыт ата" кітабына енген жыр: ("Байбөрі баласы Алып Бамсы"

жыры)


• "Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр": ("Қорқыт ата" кітабындағы әңгіме)

• "Қорқыт ата" кітабындағы "Дерсеханұлы Бұқаш туралы жырда" сөз

болатын тақырып: (Анаға деген түркі халықтарының құрметі)

• "Қорқыт ата" кітабында кездесетін кейіпкер: (Қазан бек)

• Аңыз бойынша ажал Қорқытқа келеді: (Жылан болып)

• Қорқыт бабаның қобызшылар сақтап қалған күйі: ("Желмая")

• *** "Қорқыт ата" кітабына сәйкес мәліметтер: (*Алғаш рет ХХ ғасырда

хатқа түскен; *Қара сөзбен жазылған 12 жырдан тұрады; *Қазан бектің

ел қорғаған ерлігін жырлайды)

*** Қорқыттың нақыл сөздері: (*Ескі қамыс біз болмас, Ежелгі дұшпан дос

болмас; *Алла демейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінші, ер байымас;

*Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес)

• Түркі халықтарына ортақ көркем шығарма: ("Оғызнама")

• "Оғызнаманың" ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы сақталған жер:

(Париждің кітапханасы)

"Огызнамадағы" хикая саны: (Қырықтан астам )

"Огызнаманың" басты идеясы: (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру,

достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға карсы күресу)

"Огызнамада" мол кездеседі: (Мифологиялық суреттер)

"Оғыз Қаған" жырындағы Оғыздың ақылшысы: (Ұлық Түрк)

• Үрім қаған елін бағындырған кейіпкер: (Оғыз қаған)

• Жырдағы Оғыз қағанның анасы: (Айқаған)

• Оғыз батырдың жер қайысқан қолын жеңістен-жеңіске бастап жүреді: (Көк

бөрі)


• Оғыздар киелі санаған түс: (Көк)

• "Мұзтау" деген тау атауы көне әдеби ескерткіштің қайсысында аталады?

("Оғызнама")

• Ислам дәуіріндегі әдебиетке жататындар: (Әл-Фараби, А. Яссауи,

Ж. Баласағұн, М. Қашқари)

*** Орта ғасырлық ойшылдар: (*Әл-Фараби; *Ахмет Йасауи; *Ахмет

Йүгнеки)

*** Орта ғасырлардағы түркі әдебиетіне жататын шығармалар: (***Құтты

білік" кітабы; **"Даналық кітабы" еңбегі; ***Түркі сөздерінің жинағы"

кітабы)


• Әбу Насыр әл-Фараби: (Ғалым, ақын, әдебиетші)

• Әл-Фарабидің толық аты-жөні: (Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн узлағ

Тархани)

• Әл-Фарабидің шығармалары жататын ежелгі дәуір әдебиеті кезеңі: (Ислам

дәуіріндегі әдебиет)

• Ескендір Зұлқарнайынның тәрбиешісі болған ұлы ғалым: (Аристотель)

• "Шығыстың Аристотелі" атанып, 70-ке жуық тіл білген, "Екінші ұстаз"

атанған: (Әбу Насыр әл-Фараби)

• Орта ғасырда өмір сүрген ойшыл, "Музыканың үлкен кітабы" деген

еңбектің авторы: (Әл-Фараби)

• Тоғыз ішекті домбыра құрылысын сипаттаған Әл-Фарабидің еңбегі:

("Музыканың үлкен кітабы")

• Әл-Фараби өміріне байланысты дерек: (150-ге тарта ғылыми еңбектер

жазып қалдырған)

• Ислам дәуіріндегі әдебиетке тән өлең үзіндісінің авторын көрсетіңіз.

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ. (Әбу Насыр әл-Фараби)

Әл-Фарабидің шығармалары: ("Ақылдың мәні туралы", "Китаб аш

шеер"("Өлең кітабы"), "Философияны оқу үшін не білу керек?")

• Әбу насыр әл-Фараби еңбегі: ("Өлең өнерінің қағидалары")

Әбу насыр әл-Фараби "Өлең өнерінің қағидалары" кітабында ақындарды

неше топқа бөледі? (3)

"Кімде-кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең

алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы керек", - деген

пікірді айтқан ғұлама ғалым: (Әл-Фараби)

• Мұхтар Шахановтың "Арман", Әнуар Әлімжановтың "Ұстаздың оралуы""

атты тарихи туындылары арналған: (Әл-Фараби бабамызға)

• М. Шахановтың "Арман" өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға

қалай түсіндірген? (Ғылым мен өнердің шамын жағу)

• М. Шахановтың "Арман" өлеңінің оқиғасы өтетін жер: (Отырар)

*** Әбу насыр әл-Фараби өміріне байланысты деректер: (*Оқу іздеп

Бағдатқа барады; *Шығыс ғалымдары «Екінші ұстаз» деген атақ

берген; *150-ге тарта ғылыми еңбектер жазып қалдырған)

• Ахмет Йасауидің өмір сүрген уақыты: (XII ғасыр)

• Қожа Ахмет Йасауи: (Діни ағартушы)

• Сопылық әдебиеттің негізгі өкілі: (А. Йасауи)

• Ахмет Йасауидің әкесі: (Шайқы Ибраһим)

• Ахмет Йасауидің анасы: (Қарашаш)

• Ахмет Йасауидің ұстазы: (Арыстан баб)

• Ахмет Йасауидің өміріне тән дерек: (7 жасында Арыстан бабты іздеп

табады)

• А. Йасауи сопылық әдебиетті жазып таратты: (Түркі тілінде)

• Түркі халықтарының оғыз-қыпшақ тілінде дүниеге келген шығарма:

("Диуани хикмет"Ахмет Яссауи )

• А. Йасауидің "Диуани хикмет" еңбегі неше хикмет-жырдан тұрады? (149)

• "Диуани хикмет" кітабының қазақша атауы: ("Даналық кітабы")

• А. Йасауидің "Даналық кітабын" тақырып жағынан бөлуге болады: (2

топқа); (1. Сопылық ілім туралы. 2. Дәуір, қоғамды жырлаған шығармалары)

• А. Йасауидің "Диуани хикмет" еңбегінде сөз болған мәселе:

(Адамгершілік, әдептілік, ынсап, қанағаттылық)

"Жеті жаста Арыстан бабқа қылдым сәлем,

Осы халде мың зікірін қылдым тәмам…" - тармақтарының иесі: (А.Йасауи)

• Қожа Ахмет Йасауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өмірі

суреттеледі? (63)

• 63 жасқа келгенде Мұхаммед пайғамбардың жасынан артық өмір сүруді

қажетсінбей, қылуетке түскен ортағасырлық ойшыл: (Ахмет Йасауи)

(Қылует - арабша "оңашалану" деген сөз, жер астындағы үй)

• Ахмет Йүгінекидің еңбегінің аты: ("Ақиқат сыйы")

• Ахмет Йүгінекидің "Ақиқат сыйы" атты кітабы неше өлең жолынан

тұрады? (466)

"Ақиқат сыйы" кітабының қолжазбасы қайда сақталған? (Стамбұлдағы

Топқалы сарайы)

• Жүсіп Баласағұн мен Махмұд Қашқари өмір сүрген ғасыры: (XI f.)

• "Түркі шаһнамасы" атанған орта ғасырдағы түркі әдебиетінің үлгісі:

(Ж. Баласағұн "Құтты білік")

• Ж. Баласағұнның "Құтты білігі" қазақ тілінде тұңғыш рет қашан жарық

көрді? (1986 жылы. Аударған Асқар Егеубаев)

• Валидов қайсы әдеби жәдігердің нұсқасын тапты? ("Құтты білік")

• Кемел мемлекеттің сипаты баяндалатын

• "Құтты білік" дастанының басты идеясы неше принципке негізделіп

жазылған? (4)

• Әділет, дәулет, ақыл мен қанағат жайлы кітап: ("Құтадғу біліг"); Әділет,

бақыт, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұлама: (Ж. Баласағұн)

• Күнтуды бек - әділет бейнесі;

Айтолды уәзір - бақыт бейнесі;

Өгдүлміш - уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесі,

Одгұрмыш - уәзірдің бауыры, қанағат бейнесі.

• Ж. Баласағұнның "Құтты білік" дастанында мемлекетті дұрыс басқару

үшін ең алдымен керек нәрсе: (Әділдік)

• "Құтадғу білік" дастанындағы Өгдүлміш айтқан пайдасыз үш нәрсе:

(Өтірік айту, сараңдық, жауыздық)

• Жазған кітабын Табғаш Қара Боғра ханға тарту еткен ақын: (Ж. Баласағұн)

• Ж.Баласағұнға берілген "хас хажиб" атағының мағынасы: (Сарай

министрі)

"Көп сөйлеме - азбен келтір иінін.

Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін, " - деп айтқан: (Ж. Баласағұн)

• Махмұт Қашқаридің өмір сүрген мезгілі: (XI f.)

• Әр жердің сөйлеу ерекшеліктерін зерттеп, мақал-мәтел, жырларын

жинаған, қазақ жерінің дөңгелек картасын жасаған ойшыл: (М. Қашқари)

• Махмұт Қашқаридің ғылыми еңбегі: ("Диуани лұғат ат-түрк")

• "Диуани лұғат ат-түрк" еңбегі жарық көрген ғасыр: (XI ғасыр)

• М. Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағы» кітабы неңе кітаптан тұрады? (3

кітаптан)

• Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан

құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек: ("Диуани лұғат ат-түрк")

• Еділ, Маңғыстау, Іле, Сайрам, т. б. жер-су атауларына байланысты маңызды

деректер айтылған еңбек: (М. Қашқари "Түркі сөздерінің жинағы")

• Түркілер туралы жазылған: "Ұлы Тәңір айтады: "Менің бір тайпа қосыным бар.

Оларды "Түрк" деп атап, Күншығысқа қоныстандырдым. Түрктер - көрікті,

өңдері ұнамды, жүздері мейірімді, әдепті, үлкендерді құрметтеу білетін кішіпейіл,

уәделеріне берік тұратын мәрт…" - деген сөздердің авторы: ( М.Қашқари)

М. Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрк" кітабында аталатын тайпа саны: (29)

"Диуани лұғат ат-түрк" еңбегі: (Түркі халықтарына ортақ мұра)

М. Қашқаридің "Түркі сөздерінің жинағы" еңбегіне жатпайтын қатар:

(Түркілердің музыкалық аспабы болған 9 ішекті домбыраның

құрылысы сипатталған); (Жататындары: "Бүгінгі әдебистімізге, түркі тілі,

тарихы, географиясы, тұрмыс-тіршілігіне қатысты құнды мәліметтер мол; *Қазам

жерінің дөңгелек картасы; *Баласағұн, Тараз, Қашқар, Каспий сияқты ежелгі елді

мекендер сызылып көрсетілген; * 29 түркі тайпасының аты аталады; * Алып Ер

Тоңа мен Афрасияп бір адам)

• М. Қашқаридің «Түркі сөздерінің жинағы» еңбегіне енген мақалдың

тақырыбы:

Кең тігілген тон тозбас,

Кеңесілген іс бұзылмас. (Бірлік)

• Алтын Орда дәуірі әдебиетінің өкілдері: (Сәйф Сараи, Разғузи)

• XIII-XIV ғасырларда, Алтын Орда мемлекеті кезінде жазылған "Қисас-ул-

әнбиа" кітабының авторы: (Рабғузи)

• Лұқман хакім туралы қызықты әңгімелер кездесетін шығарма: ("Қисас-уд-

әнбиа'')

• Ежелгі шығыс мифтері мен аңыздары, өлең-әңгімелерінің жинағы:

("Қисас-ул-әнбие")

• «Қарлығаштың адамға достығы» ертегісі кездесетін еңбек: (Рабғузи

"Қисас-ул әнбие")

*** Рабғузидің "Қисас-ул-әнбие" кітабының мазмұны: ("Діни

қайраткерлер туралы; "Табиғат, жаратылыстың пайда болуы;

*Әулие-әнбиелер, пайғамбарлар туралы)

• Сәйф Сараи - қай дәуірдің өкілі? (Алтын Орда дәуірі)

• Парсы ақыны Сағдидің "Гүлстан" кітабының түркі тіліндегі аудармасын

жасаған ақын: (Сәйф Сараи)

• С.Сараидің назиралық үлгіде жазылған дастаны: ("Гүлстан бит-түрки")

• "Гүлстан бит-түрки" неше тарау? (8 )

• XIII-XVI ғасырда ежелгі дәуір әдебиетіндегі қыпшақ тілінде жазылған

қисса, дастан, шежіре: ("Гүлстан бит-түрки")

• С.Сараидің төл туындысы: ("Суһаил мен Күлдірсін")

• *** С. Сараи "Түркіше Гүлстан" кітабының тараулары: (***Махаббат пен

жастық"; *"Кәрілік пен әлсіздік"; *"Тәрбиенің ықпалы"") (және

"Патшалардың өмірі туралы"; "Азға қанағат етудің артықшылығы"; "Қарым-

қатынас ережелері")

"Мұхаббат-наме" дастанының авторы: (Хорезми)

• "Мұхаббат-наме" дастаны жататын әдебиет кезеңі: (Алтын Орда

дәуіріндегі әдебиет)

• "Мұхаббат-наме" дастаны қай жылдары жазылған? (1353-1354 ж.)

• Сарай қаласынан шыққан Құтб ақынның өмір сүрген ғасыры: (XIV ғасыр)

• Құтбтың Низамиден аударған дастаны: ("Хұсрау-Шырын")

• "Хүсрау-Шырын" дастанының басты кейіпкері: (Шырын); (Бисат, Темірул,

Дерсехан, Бамсы байрақ - "Қорқыт ата кітабынан")

• Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді,

оның қандай тіл екендігі: (Араб, парсы сөздері араласқан түркі ру-

тайпаларының кітаби тілі); (ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға

түсінікті тіл болған)

• Ұлы Моғол империясының негізін қалаған: (Мұхаммед Бабыр)

• "Жамиғат-тауарих" ("Жылнамалар жинағы") еңбегінің авторы:

(Қадырғали Жалайри)

• Фирдоусидің кітабы: ("Шаһнама")

• "Фирдоусидің "Шаһнама сын" жатқа айтып, "жыршы бала" атанған Сәбит

бірте-бірте сауат ашады. " Бұл пікірдің иесі: (Т. Әлімқұлов)

• Ежелгі түркілер әйел тәңірі деп санаған: (Май ананы (аңыз бойынша)

• Ежелгі түркілер табынған құдіретті күш иесі: (Көк Тәңірі)

• Араб тілінде "баяндау, әңгімелеу" мағынасын білдіретін ежелгі әдебиет

жанры: (Қисса)

халық ауыз әдебиеті

Қазақтың ауыз әдебиеті материалдың молдығы, мазмұндылығы және түр

көркемдігі жағынан қай халықтың ауыз әдебиетінен де кем түспейді.

(Қ. Жұмалиев)

Халқымыздың игі салт-дәстүрлері - біздің ең асыл мұрамыз. (Б. Момышұлы)

Ауыз әдебиеті (фольклор) - халқымыздың ауызша шыгарып, ауызша тарап

отырған асыл мұрасы.

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен айырмашылықтары, ерекшеліктері:

1. Белгілі бір авторы жоқ. Ауызша тарағандықтан заман өте келе алғашқы

шығарушыларының есімі ұмытылып, жалпы халықтық шығармаға айналып

кеткен;

2. Бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады. (Мысалы, "Қозы Көрпеш-Баян

сұлу" жырының 15 нұсқасы бар делінеді);

3. Синтаксистік қайталаулар, тұрақты ұйқастар, сөздер мен сөйлемдердің,

кейіпкерлер мен оқиғалардың қайталануы жиі кездеседі.

- тұрмыс-салт жырлары;

- батырлар (эпостық) жыры;

-лиро-эпостық (ғашықтық)

жырлар;

- мақал-мәтелдер;

- жұмбақтар, жаңылтпаштар;

Ауыз әдебиетінің түрлері:

- айтыс;

- ертегілер;

- аңыз әңгімелер;

- шешендік сөздер;

-тарихи жырлар, т. б

• Қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеген батыр-жазушы: (Мәлік

Габдуллин)

• Қазақ фольклоры саласында еңбектер жазған: (С. Сейфуллин)

• Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп жіктеген ғалым: (А. Байтұрсынұлы)

• Халык ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарын: ( Қиыншылықты

жеңіп, жақсы өмір сүруге үндейді)

Тұрмыс-салт нсырлары

Тұрмыс-салт жырлары мазмұны жағынан 5 түрге бөлінеді:

1) Төрт түлік малға, еңбекке, аңшылыққа байланысты туған шығармалар

және Наурыз жырлары,

2) Баланың дүниеге келуіне, есейіп ер жетуіне байланысты туған

шығармалар (шілдехана өлеңдері, бесік жыры, тұсау кесу жыры, атқа

мінгізу тойы),

3) Үйлену салтына байланысты өлең-жырлар (тойбастар, жар-жар,

беташар, сыңсу);

4) Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар (қоштасу, естірту, көңіл айту,

жоқтау)


5) Бата-тілектер.

Қойдың пірі - Шопан ата, төлі - қозы, шақыруы - "пүшайт-пүшайт".

Ешкінің пірі - Шекшек ата, төлі - лақ, шақыруы - "шөре-шөре".

Жылқының пірі - Қамбар ата, төлі - құлын, шақыруы - "құрау-құрау".

Сиырдың пірі - Зеңгі баба, төлі - бұзау, шақыруы - "ауқау-ауқау".

Түйенің пірі - Ойсылқара, төлі - бота, шақыруы "көс-көс".

• Тұрмыс-салт жырларының басты түрлері: (Еңбек пен шаруашылық

кәсібіне байланысты туған және әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең

жырлар)

• Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең: (Лирикалық жанр)

• "Бақыт іздеп, ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы -

қазақ халқы, " - деген пікірдің иесі: (М. Әуезов)

• Еңбек пен шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең жырларға

жататындар: (Наурыз жыры, төрт түлік мал мен жануарлар және

аңшылық туралы өлең жырлар)

• Қазақтың ертедегі негізгі күнкөріс кәсібі: (Төрт түлік мал)

• Халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі жайлы шығарылған өлең

түрі: (Төрт түлік малға, еңбекке байланысты туған жырлар)

• "Бақташының сөзі" деген халық өлеңінің негізгі тақырыбы: (Әр түлікті

бағып-қағудың қиындығы, өзіндік ерекшелігі)

• "Малдың баласын сүюі" не үшін айтылған? (Адамның малды бағалауы

үшін)


"Ай мүйізі шақпақтай,

Шуйделері тоқпақтай.

Тегене құйрық қошқарлы,

Малды берсең, Қойды бер!" ("Шопан ата") - деген шумақтағы буын, бунақ

сандары: (7-8 буынды, 2 бунақты)

"Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп,

Ештеңені білмеген момыным деп, " - деген жыр: ("Малдың баласын сүюі")

• Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз: "Ешкі сүйеді баласын … ": (лағым

деп, Тастан-тасқа секірген шұнағым" деп)

• Ауыз әдебиетінде аз тоқталады: (Сиырға)

Сиыр туралы жыр: ("Зеңгі бабаға")

• Тұрмыс-салт жырлары бойынша төлін "қараңғыға баспаған қорқағым" деп

сүйетін түлік: (Сиыр)

"Шөк!" деп айтылатын мал: (Түйе)

Түйені шақыру: ("Көс-көс")

"Шудаларын шаң басқан,

Төрт аяғын тең басқан,

Екі өркешін қом басқан, " - деген жолдар арналған мал түрі: (Түйе)

• Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз:

Түйе сүйеді баласын …

Жаудыраған көзіңнен тоташым деп. : (боташым деп)

• Жылқы жылы жыл санауда нешінші ретте? (Жетінші)

• Аңшылық туралы өлең-жырлардағы сұлулықтың, әдеміліктің символы:

(Аққу мен ақбөкен)

• Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең-жырлар:

(Аңшылық туралы өлең-жырлар)

• Қазақ арасында аса дәріптелетін аңшылық түрі: (Мергеншілік)

• Қазақ халқының ерте заманнан бері тойлап келе жатқан мейрамы: (Наурыз

мерекесі)

• "Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін!

Ўлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң жол болсын!" - деген өлең жолдары айтылатын уақыт: (Наурыз

мерекесінде)

"Ала биең құлындап,

Алатауға сыймасын.

Қара биең құлындап,

Қаратауға сыймасын." Салт өлеңінің түрі: (Наурыз батасы)

• "Наурыз жырының" ауыз әдебиетінде жататын жанры: (Тұрмыс-салт

жырлары)

• "Наурыз жыры" тұрмыс-салт жырларының қай түрі? (Еңбек және

шаруашылық кәсібіне байланысты туған жырлар)

• "Құшақтасып көріскен, жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өбіскен"

басталатын жыр түрі: (Наурыз жыры)

• Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең жырларға жататындар: (Тойбастар,

жар-жар, сыңсу, беташар, қоштасу, көңіл айту, естірту, жоқтау, т.б.)

• Әдет-ғұрыпқа байланысты туған өлең-жырлар лирикалық жанрға

жақын.

• Тұрмыс-салт жырларының қатары: (Бата-тілек, жоқтау)



• Бала дүниеге келгенде айтылатын салт өлең: (Шілдехана)

Айналайын шырағым,

Какге біткен құрағым.

Жаламдағы құндызым,

Аспандағы әҫелдызым, - деген жолдар айтылатын өлек үлгісі: (Бесік жыры)

• Қаз-қаз балам, қаз балам:

Тақымыңды жаз, балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық (Бұл - тұсаукесер жыры)

Этнограф-фольклорист ғалым А. В. Васильев тұрмыс-салт жырларының қай

түріне қатысты пікір айтқан? (Бата)

• "Бата - қазақ поэзиясының ерекше түрі, онда бата беруші адамның үй иесіне

деген шын жүректі жарып шыққан ықылас, пейілі, ақ ниеті, Алладан тілер тілегі

поэзия түрінде ақтарыла айтылады, " - деген пікірдің иесі: (А. Васильев)

…Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан

тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күтті? (Бата ("Абай жолы")

"Ас бергенге бас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін.

Кетпес дәулет, кең пейіл

Қайырымды дос берсін!" - деген: (Ас қайыру батасы)

• Жамбылдың бата түріндегі туындысы: ("Аттандыру")

"Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан.

Құсқа салған аңшымын.

Сізде қыз бар, бізде ұл бар,

Қызыңа келген жаушымын…" - деген жолдар айтылатын жағдай: (Қыз

айттыру)


…Құтты болсын айтамыз тойыңызға,

Той иесі тойыңыз тойға ұлассын!" - деген: (Тойбастар жыры)

• Жырдың түрін анықтаңыз.

Бағлан серке - марқасқа қой бастайды,

Қой алдында жануар ойқастайды,

Құтты тойға кез болған жолды жігіт,

Бұрынғының жолымен той бастайды. (Тойбастар)

• Тойбастар аяқталады: (Бата беріп, жақсы тілекпен)

• Қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең: (Жар-жар)

• Үзатылатын қыздың тойында айтылатын өлең түрі: (Жар-жар)

• Жар-жар: (Қыз тобы, жігіт тобы болып екіге бөлініп айтылады)

Жар-жардың көркемдік ерекшелігі құрылған: (Психологиялық

параллелизм)

- Үзатылатын қыз баланың ел-жұрты мен қоштасардағы элегиялық

сарындағы өлең жыры: (Сыңсу)

"Алтын да менің босағам,

Аттап бір шығам деп пе едім?!"--тармақтары қай жырдан? (Сыңсу)

Сыңсу - (Элегиялық өлеңге жатады)

"Жат жұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім…

деген үзінді алынған салт өлеңі: (Сыңсу)

• Жаңа түскен келінді елмен таныстырып, тәрбие беретін жыр: (Беташар)

• Әдет-ғұрып жырының түрі:

Келін, келін келіп тұр.

Иіліп сәлем беріп тұр. (Беташар)

"Айт, келін-ау, айт, келін!

Сауысқандай сақкелін!" - деген үзінді: (Беташар жырынан алынған).

• Беташардың "Айт, келін" бөлімінің мазмұны мен мәні: (Жас келіннің

отбасы мүшелері мен үлкендерді, жора-жолдастар мен қонақтарды

сыйлау ғұрпы)

"Балталы, Бағаналы, ел аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол, " - деген "Қозы Көрпеш-Баян сұлу"

жырындағы Ай мен Таңсықтың сөздері салт жырларының ішіндегі

қоштасуға жатады.

• Жамбылдың "Аттандыру" өлеңі: (Қоштасу)

• Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңі: (Қоштасу)

• Жоқтау, сыңсу - лирикалық жырлар.

• Қаралы жыр: (Жоқтау)

• Салт жырларының ішіндегі ең молырақ сақталғандарының бірі: (Жоқтау)

• Жоқтау қандай өлең? (Ауыр қазалы адамның дүниеден өткен адамға

деген қадір-құрметін білдіретін өлеңдер)

"Бөрідей жұрт ұлысып,

Айқаймен жаға жыртысып,

Өкірген үнін өшіртіп,

Жылаған көзден жас өрер," - деген үзінді: ("Алып-Ер Тұңғаны жоқтау"

жырынан)


• Абайдың баласы Әбдірахманға арнаған өлеңдері: (Жоқтау өлеңдер)

• "Абай жолы" романында Тәкежанның баласы Мақұлбай қайтыс болғанда

Абай жоқтау айтқызған адамның есімі: (Өйгерім)

• Бөжейді жоқтайтын: (Сары апа ("Абай жолы" М.Ә.)

• Уа, Алатаудай Ақшадан

Асып тудың, Бөгенбай…- деп жоқтау айтқан жырау: (Үмбетей)

• Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақын: (Жамбыл)

"Алла ісіне шара жоқ-ау!

Жетпесті қуып алқынба!

Қайырлы гұмыр бере көр-ау,

Козыжанеа: артында. " Тұрмыс-салт жырларының ішіндегі жататыны.

(Жұбату)


Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс-салы

жырында естіртуге жатқызамыз.

Ак сункар утп шелке кетти

Егер адасып кеткен жоқ,

Әркім барар жеріне кетті.

деп Сарыбайдың бұл дүниеден өткендігін

жұмбақтап естірткен. (Тазша) ("Қозы Корпеш-Баян сұлу")

"Сол еріккен хан болдың

Әлем асқан жан болдың…

деген өлең жолдары: (Үмбетейдің Бөгенбай

өлімін Абылай ханға естіртуі)

• Көңіл айту - жақын жаны қайтыс болған адамның қайғысына ортақ болу.

• Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ.

Өлгеннің сонынан өлмек жоқ.

Өлген қайтып келмек жоқ… (Бұл - көңіл айту жыры).

"Түңлігімнің төрт бауы мақта, ата,

Сен кеткен соң балаңды жоқта, ата.

Жыл айналып сағынып мең келермін,

Боз інгеннің ботасын сақта, ата. " ("Қайым айту") - өлең тармақтарының

буын саны: (11 буынды)

*** Ауыз әдебиетінің түрлері: (*Эпикалық жыр)бар, жұмбақ;

*Шешендік сөздер, ертегі; *Тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер)

*** Тұрмыс-салт жырларының түрлері: (*Бата-тілек; +Тойбастар;

*Беташар)

*** Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар: ("Беташар;

*Тойбастар; *Жар-жар)

*** Көңіл күйді білдіретін өлең-жырлар: (*Естірту; "Жоқтау;

*Қоштасу)

* *** Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған шығармалар: (*Бата-

тілектер; *Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар; *Наурыз жырлары)

* *** Ананың жас сәбиіне деген арман-тілегі айтылған бесік жыр(лар)ы:

(*Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы

айырып, Жігіт болар ма екенсің?!)

*** Берілген жер қай қатарға тән?

Ата-анам еді дәулетім,

Мен жұртыма жау ма едім?

Жат жұрттық болып кеткен соң,

Кетер-ау бастан сәулетім. (*Сыңсу)

Мақал-мәтелдер, жұмбақтар

Мақал - ӨМірлік тәжірибеден туындаған түйінді пікір, тұжырымды сөз

өрнегі немесе тоқсан ауыз сөздің тобыктай түйіні.

Мәтел - белгілі бір ойға, ұғымға ишара жасайтын, астарлап, жұмбақтап

айту мәні басымдау болатын халық мұрасы.

Мақал мен мәтелдің айырмашылықтары:

1) Мақал құрылысы екі, үш бөлімді болып, көбінесе құрмалас сөйлем

түрінде келеді, ал мәтел бір бөлімді болып, жай сөйлем түрінде

қолданылады.

2) Мақалда себебі мен салдары қатар айтылады, ал мәтелде салдары

айтылады да, себебі айтылмайды.

3) Мақалда ой нақты айтылады, ал мәтелде ишара, тұспал түрінде

айтылады.

4) Мақал акыл-кеңес, өнеге түрінде айтылады, ал мәтелде эмоциялық

мағына басым болады.

Мақал-мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделеді. Көп қолданылатын көркем

өрнек - синтаксистік Параллелизм, әсірелеу, теңеу, т. б.

Мәтелдер: Көппен көрген ұлы той. Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда,

Байтал түгіл бас қайғы. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен. Сиырдың сүті

тілінде. Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады. Әлін білмеген әлек. Баяғы

жартас, бір жартас. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Қалауын

тапса, қар жанар. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Біреу тоңып секіреді,

біреу тойып Секіреді. Сыныққа сылтау. Сұлуынан жылуы. Тазы ашуын тырнадан

алады. Кемедегінің жаны бір. т. б.

• Мақалдың ең басты ерекшелігі: (Аз сөзбен көп мағына беруі)

• Өмір құбылыстарын аз сөзбен Шебер кестелеуі жағынан шешендік

сөздерге төркіндес келетін ауыз әдебиетінің түрі: (Мақал-мәтел)

• Мақал-мәтелдің авторы: (Халық)

• Мақал-мәтелде көп қолданылатын көркемдік өрнекті табыңыз. Мысалы:

"Су кірді тазартса, Ақыл миды тазартады. " (Синтаке)стік параллелизм)

• Мақалдағы көркемдік өрнек:

"Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді.

Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді. " (Синтаксистік параллелизм)

• Мақал-мәтелдегі көркемдік әдіс; "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді"

(Шендестіру)

• Мақалдағы көркем сөз айшығы: "Туган жердей жер болмас, Туған елдей ел

болмас. " (Теңеу)

• Астарлы, ауыспалы мағынада қолданылған мақал-мәтел: (Сабасына қарай піспегі, мұртына қарай іскегі)

• Ойы тұспалсыз, ашық айтылған мақал-мәтел: (Оқусыз білім

білімсіз күнің жоқ)

• Кең болсаң, кем болмайсың. Әқыл - жастан, асыл - тастан. Тәуекел кемесі суға

батпайды. Жігітті жолдасынан пәні, Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл

болады. Атаның баласы болма, адамның баласы бол. Еңбек етсең ерінбей, тояды

қарның тіленбей. Өнер алды - қызыл тіл - мақалдар)

• Мақалды белгілеңіз: (Бірлік болмай, тірлік болмас)

• "Өжет адам …" нені жеңеді? (Өлімді жеңеді)

"Жігітке жетпіс өнер де аз" деген мақал-мәтелдің тақырыбы: (Үлгі-

өнеге, тәлім-тәрбие туралы)

• "Ақ жүрген азбас" мақалының тақырыбы: (Адамгершілік, жақсы-

жаман мінез туралы)

• Адамгершілікке байланысты мақал: (Жақсының ашуы щәйі орамал

кепкенше, Жаманның ашуы басы жерге жеткенше)

• "Асырауын тапса, адам болар" мақалының тақырыбы: (Тәлім-тәрбие

туралы)

"Матауала болса, ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" маақалының тақырыбы: (Ынтымақ,

бірлік тақырыбы)

• "Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар" мақалының тақырыбы: (Еңбек

туралы)


• Мақалдың тақырыбы: "Қасықтап жинағанды, Шөміштеп төкпе, "

(Үнемшілдік туралы)

• "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі" мақалының тақырыбы: (Батырлық,

ерлік тақырыбы)

• Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақал: ("Отан оттан да ыстық")

• Еңбек тақырыбындағы мақал: ("Жан қиналмай жұмыс бітпес");("Бейнетін қатты болса, Татқаның тәтті болар")

• "Бейнет, бейнет түбі - зейнет" мақалының тақырыбы: (Еңбек)

• "Ерлік тәрбиеден туады" мақалының тақырыбы: (Отанды сүз тақырыбы)

• "Жылай-жылай арық қазсаң,

Күле-күле су ішерсің." Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)

• Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақал: ("Кеңесіп пішкен тон

келте болмас")

• Еңбек еткен емеді,

Еңбексіз ер өледі. Мақалдың тақырыбы: (Еңбек туралы)

• Әке көрген - оқ жонар,

Ана көрген - тон пішер. Мақалдың тақырыбы: (Тәлім-тәрбие туралы)

• "Болған адам болдым демес,

Болдым десе, болғаны емес", - өлең шумағындағы тақырып: (Ақылдылық)

• Мақалдың алғашқы жолы: "…, тірлік болмас. " (Бірлік болмай)

• Мақалдың екінші жартысы: "Батыр туса - ел ырысы, …" (Жаңбыр жауса -жер ырысы)

• Мақалдың екінші жартысы: "Қатардан асан да …"

(Халыктан аснак

жок)

Жақсы адам қартайса,



Жазып қойған хаттай.

Жаман адам қартайса, … Мақалдың дұрыс аяқталуы: (Бықсып жанған

оттай)

• Мақалдың жалғасы: "Ер бір рет өледі, …" (Қорқақ мың рет өледі)



• "Өнер алды - қызыл тіл" мақалы қандай мағынада қолданылған? (Тура

мағынада)

• Абай өзінің 29-қара сөзінде "Ата-анадан мал тәтті", "Періште

алтын көрсе жолдан таяды", "Атың шықпаса жер өрте" деген

мақалдардың Дұрыс еместігін дәлелдеген.

*** Отбасы, туыстық қатынас туралы мақал-мәтел(дер): (*Туысы бірге

кетпейді, түбі бірге түтпейді; *Ағайынды жігіттің отарында малы

бар; *Ерге жаттың тізесі батса, ағайыншыл болады)

*** Мақал-мәтелдердің құрылымдық ерекшеліктері: (*Ой дәлдігі;

*Мазмұндылық; *Ықшамдылық)

*** Мәтелдер: (*Сыныққа сылтау керек; *Сабақты ине сәтімен;

Қорыққанға қос көрінеді)

• "Қара бүркіт томағасын түсірді,

Оны мен томағаламай,

Кім томағалайды?" Ауыз әдебиетінің қай түрі? (Жаңыл)паш)

• "Қазақтың халық жұмбақтары" деген кітабында М. Әуезов жұмбақтың

20 тақырыбына тоқталады.

• Тапқырлықты, аңғарымпаздықты қажет ететін алыс әдебиетінің түрі:

(Жұмбақ)

Аяғы жоқ, жүреді,

Сылқ-сылқ күледі. Жұмбақтың шешуі мен көркемдік тәсіл: (Балақ, кейіптеу)

• "Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ. " Жұмбақтың шешуі: (Су немесе кұдык)

"Белін бекем байлаған,

Қоқысты қоймай айдаған. " Жұмбақтың шешуі: (Сыпырғыш)

• "Қашсам - құтылмадым,

Ұстасам - қолыма түспеді. " Жұмбақтың шешуі: (Көлеңке)

"Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп тербеледі, адам соқса.

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда, үндемейді адам жоқта. " Жұмбақтың шешуі: (Домбыра) (Үш қазық

екі құлағы, бір тиегі; Екі желі - екі ішегі; Тоғыз ноқта - тоғыз пернесі)

• "Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді, "- деген қанатты сөздің авторы: (М. Әуезов)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет