Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы Жоспар



бет1/8
Дата07.01.2022
өлшемі45,25 Kb.
#17792
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы
Жоспар:
1. Б.з. дейінгі V ғ.-XІ ғ. тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық танымдар.

2. Герадоттың еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары. Страбонның Географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері.

3. Фукидидтің ғылыми-тарихи сыншылдығы.

4. Б.з. дейінгі ІІ ғ.-б.з. VІІІ ғ. қытай тарихнамасының Қазақстан халықтары үшін маңызы.





  1. Б.з. дейінгі V ғ.-XІ ғ. тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық танымдар.

Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең ұзақ кезеңі. Адамдар


табиғаттан бөлініп қоғам болып өмір сүргенге дейін, миллиондаған жылдарды
бастан өткеріп, тас дәуірі, мыс дәуірі, қола дәуірі сияқты ондаған мың
жылдарға созылған кезеңдерді өткізді. Тарихты былай дәуірлеу өндіріс құрал-
жабдықтарын пайдалануға және жетілдіруге байланысты болған.
Адамдар бірден қоғам болып өмір сүрген жоқ. Олар алғашқы кезде, тас
дәуірінде тобыр ретінде өмір сүрді. Тобыр тәртіппен реттелмейтін адамдардың
тобы. Табиғаттың дүлей күшіне оған қарсы бірігіп күресу қажеттігі адамдарды
біріктірді. Мұндай тобырда күштінің дегені болды немесе биологиялық
көрсеткіштер үстемдік етті. Тобыр жағдайындағы некенің түрі топтық неке
болды.

Біртіндеп рулық қоғам қалыптасты. Рулық қоғамның басты ерекшелігі ол


туыстас адамдардың қауымдастығы болып, ру ішінде некеге тұруға тыйым
салынды. Мұндай некені экзогамиялық неке дейді. Осылай рулық қоғамда
биологиялық емес әлеуметтік көрсеткіштер немесе алғашқы қоғамдық дәстүрлік
тәртіп үстемдік құра бастады.

Адамдар арасында тұрақты неке мен отбасы қалыптасты. Неке мен отбасы да ұзақ эволюциядан өтті. Олардың түрлері туралы арнайы әдебиеттерде


айтылғандықтан біз оған тоқталмаймыз.

Жақын рулардың бірлестігінен тайпалар құрылды.


Ұзақ ғасырлар табиғаттың дайын өнімдерін жинаумен және аңшылықпен
айналысқан адамдар біртіндеп жер және мал шаруашылығына көшіп, өздері өнім
өндірушілерге айналды. Мұның өзі басы артық өнімнің пайда болуына әкелді.
Алғашқы қауымдық құрылыста адамдардың арасында шын мәніндегі теңдік
болды. Ру мүшелері бір-бірімен тең болды. Тайпаларға біріккен рулардың да
мүмкіндіктері бірдей болды. Рулық қоғамның негізгі жоғарғы органы ру
мүшелерінің сайлап қойған жиналысы болып есептелді. Жиналысты ру мүшелері
сайлап қойған жасы үлкен беделді ру ақсақалы басқарды. Ру ақсақалының басқа
ру мүшелеріне үстемдігі болмады. Барлық мәселелер өзара келісіммен,
ымырамен шешілетін.

Рулық қоғамға сай отбасын ғылымда патриархалдық отбасы дейді. Мұндай


отбасында ер адамның — әкенің билігі жүрді. Ер адам отбасын асыраушы әрі
әулетті жалғастырушы болып есептелді.

Алғашқы қауымдық құрылыста мемлекет те, құқық та болмады. Себебі рулық қоғамдық қатынастар мемлекет және құқық сияқты қондырмаларды қажет етпеді.

Өзін-өзі басқаратын рулық қоғамда құқықтың ролін моральдық, адамгершілік нормалар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер атқарды. Әркім өз міндетін ар-ұяты және руластардың алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, орындап отырды. Әдет-ғұрып пен дәстүрлер үстемдік құрған алғашкы қауымдық құрылыс нағыз қарапайым демократияның үлгісі болды.

Металдың қолданылуына байланысты алғашқы қауымдық құрылыс жаңа кезеңге өтті. Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіші Андронов мәдениеті деген


атпен тарихқа енген (Ачинск қаласының маңыңдағы Андронов поселкесінің атына байланысты).

Қоладан кетпен, орақ, қару-жарақ, т.б. заттар жасалды.


Андронов мәдениеті Қазақстанның үлкен бөлігін және Сібірді алып жатты.
Мұнда қол өнері де дамыды. Отырықшы болған андроновтықтар үй маңында
бағылатын малмен айналысты. Андронов мәдениеті шамамен б.э.д ХҮШ-ХІІ
ғасырларды алып жатты. Андронов мәдениетінің соңына қарай малшы тайпалар
бөлініп, көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты. Көшпелі мал шаруашылығы малға жеке меншіктің қалыптасуына алып келді және тарихта ерекше роль атқарған көшпенділер өркениетінің негізін қалады. Ұзақ ғасырлар бойы көшпелі
тайпаларда рулық қоғамның принциптері сақталып қалды. Байлықтың негізгі
көзі мал мен жер рулық қоғамның жалпы меншігі болып есептелді. Мұның өзі
көшпенділерде мемлекет пен құқықтың пайда болуына ерекше әсер етті.
Көшпенділерде мемлекеттің пайда болуы отырықшы болған.

Европа мен Азияның


басқа өлкелеріне қарағанда мүлде бөлек жүрді. Мемлекеттің пайда болуының
классикалық үлгісі болып саналатын Ежелгі Египет (Мысыр), Вавилон, Греция,
Рим, Үндістан мен Қытайда алғашқы қауымдық құрылыстың демократиялық
принциптері құлдық қоғамның нағыз деспотиялық принциптерімен ауыстырылса,көшпенділерде құлдық жүйе мүлде болмады. Көшпелі өмір құлдық қоғамдықажетсінбеді, себебі оның өндірісті ұйымдастыру принциптері көшпелі қоғамғасәйкес келмеді.

Бұдан көшпелілер мемлекет құруға бейімсіз болды деген


қорытынды тумайды.

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау дәуірін әскери демократия кезеңі деп атайды. Бұл ұзақ уақытқа созылған алғашқы қауымдық құрылыс пен мемлекеттің пайда болуы арасындағы көпір іспеттес кезең. Әскери демократия туралы Ф.Энгельс өзінің "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы" деген еңбегінде кеңінен жазған.

Әскери демократияға мынандай ерекшеліктер тән. Рулар мен тайпалар
арасында соғыстар мен қақтығыстар үнемі болып тұрады. Осындай жағдайда
қоғам өмірі әскери-соғыстық сипат алады. Рулық қоғамдағы жасы үлкен беделді
ақсақалдардың орнына күш-қуаты мол жас әскери көсемдердің рөлі артады.
Әскери көсемдер әлі де рулардың жалпы жиналысына тәуелді болды. Жалпы
жиналыс әскери көсемдерді сайлап қойды, қаласа алып тастады. Әскери
көсемдердің жеке билік құруға бейім екендігін сезген рулық демократия
оларды тежей отырып, соғыс жағдайында оларға төзуге мәжбүр болды. Дегенмен
жеке меншіктің шығуы, байлықтың шоғырлануы, үнемі жалғасқан соғыстар
жағдайында әскери демократия енді рулық қоғамның шеңберіне сыймады. Әскери көсемдер біртіндеп рулық демократияны талқандап жеке билігін орната
бастады. Әдет-ғұрып пен дәстүрдің орнына құқық пайда болып, рулық қоғамды
мемлекет ауыстырды.

Қазақстан мен Орта Азия территориясын б.э.д. VIІІ-III ғасырларда


мекендеген сақ тайпалары әскери демократияның гүлдену және мемлекеттің
қалыптасу кезеңіңде өмір сүрді. Осы VIII-VII ғасырларда Қазақстан даласын
мекендеген тайпалардың өмірінде ірі бетбұрыс, өзгеріс туғызған темірді
пайдалану және толық көшпенділік өмірге өту сияқты елеулі оқиғалар болды.
Темірді пайдалану өндірісте үлкен төңкеріс жасады. Темірден түрлі қару-
жарақтар мен өндіріс құралдары жасалды. Мал саны барынша молайып бір жерге
симаған соң көшпелі өмірге өтуге тура келді. Саны мол малды сыртқы жаудан
қорғаудың қажеттілігі туды. Мал бай адамдардың қолына шоғырланды. Екінші
жағынан малы аз, бай мал иелеріне тәуелді ру мүшелері пайда болды.
Кедейленген қоғам мүшелерінің бір бөлігі көшіп жүрсе, екінші бөлігі жер
шаруашылығымен айналысты.

Көшпелі өмір мал бағу мен оны қорғау үшін жылқыны мініс құралы ретінде


пайдалануға кеңінен жол ашты. Мұның өзі садақ пен найзамен қаруланған
топтардан тұратын атты әскердің пайда болуына әкелді. Көшпелі малшы
тайпалардың өмірі алғашқы кезден-ақ жаппай қаруланған қоғамға ұқсайтын.
"Алтын адам" дәуіріндегі және онан кейінгі сақ тайпаларында мемлекеттің
белгілері болғанын көреміз. Ең алдымен рулардың үлкен тайпаларға, тайпалар
үлкен тайпалық одақтарға бірікті. Осы тайпалық одақтар алғашқы мемлекеттік
құрылымдар болды. Себебі оларды көсемдер немесе сақтардың патшалары
басқарды. Сақ патшалары әскер басы болып саналып, соғыс және бітім
мәселесін, көшіп-қону, көрші елдермен қарым-қатынастарды реттеді. Сақ
тайпаларындағы патшалық билік тек бір рудың қолында болды деп есептеуге
болады. Кейде патшалардың рөлінде әйелдердің де болғанын көреміз. Есік
қорғанынан табылған "Алтын адам" аталып кеткен сақтардың патшазадасы оларда мемлекеттік институттың көп белгілерінің болғанын көрсетеді. Сондай-ақ
парсылардың әйгілі Кир патшасын талқандаған массагеттердің көсемі
Томиристің де патшалығының мемлекеттік құрылымы белгілерінің болғанын
байқауға болады.

Іргелес елдер мен парсылардың шабуылы, кейінірек А.Македонскийдің


әскерінің шапқыншылығы, тағы басқа көршілердің басып кірулері де сақ
тайпаларында мемлекеттің күшеюіне, әсіресе сыртқы жаудан ұйымдасып
қорғануға басты себеп болғанын көреміз.

Сақтар қоғамында көсемдерге әлі де болса халық жиналысымен есептесуге


тура келген Б.э.д. IV-III ғасьфларда сақтарда мемлекеттіліктің ең басты белгілерінің бірі — жазу пайда болған. Жазудың пайда болуы адамзат өркениетінің ең зор жетістіктерінің де бірі еді. Ал жазу мемлекеттік қарым-қатынастың даму қажеттілігінен туатыны белгілі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет