Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


ҮІІ-ТАРАУ МЕСОПОТАМИЯ ТАРИХЫНЫҢ КӨНЕ ВАВИЛОНДЫҚ ДӘУІРІ



бет18/92
Дата08.09.2022
өлшемі442.2 Kb.
#38696
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92

ҮІІ-ТАРАУ

МЕСОПОТАМИЯ ТАРИХЫНЫҢ КӨНЕ ВАВИЛОНДЫҚ ДӘУІРІ




1. Көне Вавилон қоғамы
Урдың ІІІ әулетінің құлауымен Қосөзен аймағы қайтадан бірқатар ұсақ мемлекеттік құрылымдарға ыдырайды. Оңтүстікте орталығы – Ларса болған элам әулетінің патшалығы, солтүстікте амарей әулеттерінің билігіндегі бірнеше патшалықтар - Исин, Эшнунна, Ашшур және Мари т.б. қалыптасты.
ІІІ Ур әулетінің құлауынан Месопотамияны касситтер жаулап алғанға дейінгі (ХХ-ХҮІІ ғғ.) дәуір тарихнамада Көне Вавилон дәуірі деп аталады. Осы кезде Вавилон алғаш рет Қосөзеннің басқа қалаларынан көтеріліп, бүкіл Төменгі және Жоғарғы Месопотамияның бір бөлігін біріктірген мемлекеттің астанасына айналды. Бұл бірігу тек бір ұрпақтың өміріндей ғана уақытқа созылғанына қарамастан ол халық жадында ұзақ уақыт сақталып қалды. Вавилон аккад тілі мен сына жазулы мәдениеттің өмір сүру дәуірінің өн бойында елдің дәстүрлі орталығы болып қалды.
Бұл дәуірде де, бұған дейінгі дәуірдегідей Месопотамия «қалалар елі» деп аталды. Бұл қалалар Тигр мен Евфраттың жағалауларында, ірі каналдардың қиылысқан жерлерінде шашырап орналасты. Бұл қалалардың ауданы – 2,4 шаршы шақырым болды, оларда бірнеше ондаған мың халық тұрды. Қаланың орталығында патшаның және билеушінің сарайы және мемлекеттік, әдетте храмдық кешен орналасты. Қаланың басқа бөлігінде қалалықтар үйлері және басқа да құрылыстар орналасты, ал олардың арасында ұсақ құдайлардың кіші-гірім храмдары болды. Үйлер бір-біріне тығыз орналасып, ені 1,5-3 м болатын көшелерді құрады. Қалалықтардың көпшілігінің мүліктік жағдайы мен өмір сүру деңгейі бірдей дерлік болды.
Қалалықтардың үй шаруашылығы, әдетте, тұрғын үйден және ешқандай құрылыс салынбаған, бос жер учаскесінен тұрды. Жекелеген үйлердің көлемі 35-70 шаршы шақырым аралығында болды. Көршілерді бір-бірінен дуалдар бөліп тұрды, бұл дуалдың бұзылмай сақталуына көршілердің өздері жауапты болып отырды. Көптеген қалалықтардың тағы бір мүлкінің түрі – құрма баулары болды. Мұндай баулар қалалардың шетінде немесе маңайдағы ауылдарда болды. Баудың көлемі көбіне 1 га-дан аспады. Негізгі жұмысы мемлекетке қызмет ету немесе қолөнер болған қалалықтар көбіне бау өсірумен өздері айналысқан жоқ, олар өз жер телімдерін жалға беріп отырды. Олар түскен өнімнің бір бөлігін аренда ақысы ретінде алып отырды.
Қалалықтардың да, ауыл тұрғындарының да негізгі азығы сұлы болды. Бүкіл ел халқының әл-ауқаты сұлының шығымдылығына тәуелді болды. Мемлекеттік шаруашылықпен байланысты қалалықтар өз қызметі үшін алған үлесінен басқа, село қауымының мүшесі ретінде, қауымнан да жер үлесін ұстай алатын еді. Осы екі типтегі жер үлестерінен басқа кейбір қалалықтарда ірі жер иеліктері де болды, алайда олардың қайдан шыққаны жөнінде жеткілікті деректер жоқ. Мүмкін, ірі шенеуніктерге немесе патшаға жақын кейбір жеке тұлғаларға берілетін патша сыйлықтары шығар. Бау-бақшалар сияқты, алқаптарды да қалалықтар, көбіне, өздері өңдеген жоқ, олар бұл жерлерді село тұрғындарына арендаға беріп отырды. Участоктар арендаға тұрақты ақыға немесе өнімнің бір бөлігі, көбіне 3/1 бөлігі үшін беріліп отырды.
Қалалықтардың көпшілігі мал ұстамады, сондықтан да құлдары да аз болды. Құлдардың көпшілігі шетжерліктер еді, олар жергілікті жауынгерлерге тұтқынға түскендер немесе саудагерлер басқа елдерден сатып алып әкеліп отырды, соңғылардың да шығу тегі сол соғыс тұтқындары еді. Көпшілік жағдайда құлдар отбасының басқа да мүшелерімен тең дәрежеде, олар атқарған жұмыстарды атқарды және құқықтық жағдайы бойынша отағасының патриархалды билігіне бағынған отбасының кіші балаларына жақын жағдайда болды.
Осылайша, қалалықтың өзін және өзінің отбасын асырауға мүмкіндік беретін дүниесі – кіші-гірім тұрғын үйі және оған қызметі үшін берілетін кіші-гірім жер учаскесі, кейде оған азғантай ғана құрма алқабы қосылып отырды.
Қалалықтар табысының тағы бір көзі қызметі үшін натуралды түрде берілетін паектар еді: храм мен сарай кейбір өз қызметкерлеріне жер үлесін берген жоқ, оларға азық-түлік, басқа да өнімдер – астық, жүн, өсімдік майы, кейде аз мөлшерде күміс беріп отырды. Бұдан басқа храм мерекесі кезінде айтарлықтай мөлшерде азық-түлік таратылып отырылды.
Ірі және ұсақ қалалардан басқа, Месопотамия территориясында, көневавилон дәуірінде көптеген кіші-гірім ауыл қоныстары болды, олар әдетте өзендер мен каналдар жағалауында орналасып, қалаларды бір-бірімен қосып жатты. Мұндай қоныстардағы құрылыстар бірнеше гектар жерді алып жатты, онда күйдірілмеген кірпіштен немесе қамыстан өріліп, батпақпен сыланған тұрғын үйлер орналасты. Олардың халқы 50-ден бірнеше жүз адамға дейін болуы мүмкін еді, халықтың негізгі жұмысы – егіншілік болды. Тұрғындар бір немесе бірнеше қоныстарды біріктірген территориялық қауымдар құрып отырды. Басты ауыл шаруашылық дақылы – сұлы болды. Одан басқа құрма, пияз, бұршақ тұқымдастар егілді. Мұндай қоныстардың барлық өмірін тұрғындардың өзі неғұрлым сыйлы, бай отбасыларының қатарынан сайлап отыратын ақсақалдар кеңесі басқарды, кеңестің басында әдетте, патшаның өзі тағайындап отыратын қауым басшысы тұрды. Кейбір қауымдар мемлекетке салықты натуралды түрде өтеді, ал кейбіреулерінде суғармалы жердің бір бөлігі мемлекеттік шаруашылыққа беріліп отырылды. Бұл жерлерді патша өз шенеуніктеріне қызметі үшін таратып берді немесе бұл жерлерге оның қамқорлығына қашып келген кедей-кепшіктерді отырғызып, олардан түскен өнімнің бір бөлігін алып отырды.
Ұсақ шаруашылықтардың көпшілігінің басты міндеті ұдайы өндіріс болды, олардың тауарлылығы өте төмен болды, соған қарамастан әрбір шаруашылық өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алуы қажет болды. Мұндай жағдайда негізгі төлем құралы ретінде күміс жүрді. Барлық заттың күміспен өлшенетін бағасы бар еді. Алайда қалалықтардың көпшілігінде, сондай-ақ селолықтардың ешбірінде дерлік күміс тіпті болған жоқ, күміс негізінен саудамен айналысатын адамдарда ғана болды. Ал күмістің басым бөлігі мемлекеттің қолында (сарайлар мен храмдарда) жинақталды, мемлекет оны қызметкерлеріне ақы ретінде бөліп беріп отырды.
Күмістің өте аз мөлшерде болуы және оның тек аз ғана топтың, яғни саудагерлер мен храм және сарай шаруашылығындағы қызметкерлердің қолында шоғырлануы жағдайында күміске деген сұраныстың табиғи салдары – несиенің дамуы болды. Алған қарызды күміспен өтеу тағы да ауқаттылардың ғана қолынан келетін болғандықтан, көпшілік отбасылар қарыз алу үшін өзін немесе өз отбасының мүшелерін немесе өзінің жылжымайтын мүлкін кепілдікке өткізді. Мұндай сипаттағы келісім-шарттар уақытша ғана болды және белгіленген уақыт өткеннен кейін шарттың күші жойылып отырды.
Месопотамияның көпшілік тұрғындарының мүліктік жағдайы осындай еді, яғни олардың табыстары шектеулі болды, бірақ азды-көпті болса да, тұрақты түрде табыс тауып отырды. Осы бұқараның үстінен мемлекеттік және феодалдық шаруашылықтар немесе қауымда ең жоғарғы қызметтерде болған отбасылар тұрды. Бұл отбасылардың көптеген жер иеліктері болды, олардан түсіп тұрған табыс ондаған мың литр астық және айтарлықтай қой отарларымен өлшенді. Мұндай имениелердегі барлық жұмыс арендаторлардың, жалдамалы жұмысшылардың және құлдардың еңбегімен атқарылды.
Қоғамның ең төменгі бөлігін кедейлер құрады, олардың қатарына белгілі-бір табиғи немесе әлеуметтік апаттардың салдарынан кедейленіп кеткен қала және село тұрғындары, шет жерлерден келіп қоныстанушылар жатты. Сандық жағынан алғанда, бейбіт кезеңде орта топпен салыстырғанда байлар мен кедейлер өте аз болды, бірақ олар қоғамның дамуына және әлеуметтік өмірге айтарлықтай ықпал етіп отырды.
Халықтың басым бөлігінің қарапайым мүліктік жағдайы мен табыстары олардың тұтынуының да қарапайым болуын анықтады. Көне Вавилон дәуірінде Месопотамияда мемлекеттік және жеке шаруашылықта да адамның өмір сүруі үшін қажет тұтыну деңгейінің анықталған мөлшері болды. Ересек ер адамның күн көріс мөлшері – күніне 1,5 л сұлы (немесе жылына 550 л) жеткілікті деп саналды, одан басқа жыл бойы ол 1,5, – 3 л өсімдік майын, 1,5 кг жүн тұтынылды, яғни бұл бір көйлекке кететін шикізат. Ал әйел адамның күн көрісіне сұлының жарты мөлшері жеткілікті деп есептелді, ал май мен жүн ер адаммен бірдей мөлшерде тұтынылды. Етті халықтың көпшілігі пайдаланған жоқ, ол тек храм мерекелерінде, құрбандыққа шалынған малдың еті түрінде ғана қолданылды.
Сословиелік жағынан қоғам қандай да бір қауымға мүше болуы негізінде толық құқылы азаматтарға (авилиум), ешқандай жылжымайтын меншігі жоқ, бірақ мемлекеттен қызметі үшін шартты түрде жер үлесін алып отырған, шектеулі заңдық және саяси құқықтарға ие адамдарға (мушкенум) және өз қожаларының меншігі болған құлдарға (вардум) бөлінді. Сарай мен храм шонжарлары авилиумдарға жатты.
Қалалар мен селолық қоныстар өздерінің өңдейтін жерлерімен Месопотамия жазығының тар ғана территорияларын алып жатты, оны екі жағынан жайылымдар қоршайтын, бұл жерлерде үнемі бір-бірімен жауласып отырған батыс семит-аморей көшпелі малшылары мекендеді. Жыл сайын белгілі-бір маусымда малшылар отырықшы ауданға баса-көктеп кіріп отырған. Далалы аймақта жазда шөп күйіп кетіп немесе бастаулар кеуіп қалғанда, немесе қыста малдың азығы таусылып қалғанда, немесе суық желден ықтайтын жер таппағанда малшылар отырықшы аудандарға келіп отырған. Отырықшы халық пен малшылар көптеген әр түрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлар арқылы бір-бірімен байланысып жатты. Экономикалық өмірде қой шаруашылығы өнімдері мен егіншілік өнімдері арасындағы айырбас маңызды роль атқарды.
Көшпелі мал шаруашылығы Месопотамия қоғамының әлеуметтік дамуына да айтарлықтай ықпал етіп отырды. Тұрақты факторлардың бірі малшы тайпалардың бір бөлігінің отырықшылыққа бірте-бірте өтіп отыруы болды. Малшы тайпалардың ең байлары өздерінің малдарының басы жайылымдардың мүмкіндігінен асып кеткен кезде отырықшылыққа өтіп, жер иелерінің, әскери қолбасшылардың және қала элитасының құрамын толықтырып отырған. Ал олардың ең кедей бөліктері мал басының мөлшері отбасын асырау үшін жеткіліксіз болып қалған кезде отырықшылыққа өтіп, храм немесе мемлекеттік шаруашылыққа кіріп өз отбасыларын асыраған, сөйтіп Месопотамияның ең кедей, тәуелді топтарының қатарын толықтырып отырған. Мұның өзі әлеуметтік жіктелісті одан әрі күшейтті.
Малшы тайпалардың Месопотамияның саяси өміріне ықпалы одан да гөрі маңызды болды. Оның тарихының өн бойында малшылардың жыл сайынғы бейбіт миграциялары, орталықтандырылған мемлекет біраз әлсіреп қалған кездерде, үнемі жаулаушылықтарға ұласып отырған, мұндай процесс біз қарастырып отырған дәуірде де орын алып отырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет