Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Вавилонның әлеуметтік-экономикалық дамуы



бет20/92
Дата08.09.2022
өлшемі442.2 Kb.
#38696
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
Вавилонның әлеуметтік-экономикалық дамуы

І Вавилон әулетінің патшалары Ларса мен Уруктың алғашқы билеушілері тәрізді аморейлердің құдіретті Амнанум тайпасының көсемдерінен шықты. Иссиннің ерте жазба деректерінің бірінде Хаммурапидің арғы атасы Дадбанайяның қайтыс болғаны маңызды бір оқиға ретінде көрсетілген. Бұл уақытта Хаммурапидің ата-бабалары Вавилонда патшалық құрмаған еді, бірақ сол кездің өзінде-ақ бұл әулет Месопотамияда үлкен саяси роль атқарған болуы керек. І Вавилон әулетінің негізін қалаушы Дадбанайяның ұлы Сумуабум (1894-1881) болды. Хаммурапи осы әулеттің алтыншы, ең атақты патшасы болды (1792-1750). Ол таққа өте жас кезінде, өзінің әкесі – Синмубаллит қайтыс болғаннан кейін отырды. Тақтың мұрагері болған кезінің өзінде-ақ Хаммурапи мемлекеттік істерге белсене араласып, маңызды әкімшілік міндеттерді атқарған. Хаммурапи мұраланған мемлекеттің ауқымы, орналасқан жері мен оның әскери қуаты оны Вавилониядағы ең қуатты патшалардың біріне айналдырды.
Хаммурапидің өз ата-бабаларынан мұраланған саяси қызметінің маңызды бағыты Евфрат суын бөлуге бақылау орнатуды қолға алу болды. Мұндай саясат міндетті түрде Евфрат өзенінің қолайсыздау төменгі жерінде орналасқан Ларса патшалығымен қақтығысуына алып келді. Осы бағыттағы алғашқы қадамдарын Хаммурапи өз билігінің ең алғашқы жылында-ақ жасаған еді. Дәл сол жылы Ларса патшасы – Рим-Син Ларса мен Вавилония арасындағы буферлік қызмет атқарып тұрған Иссинді жаулап алады. Хаммурапи бірден-ақ Ур мен Иссинді тартып алғысы келді, бірақ ол жерде тұрақтай алмағандықтан өз әскери әрекетін солтүстікке және шығысқа бағыттады. Мұнан кейінгі 20 жыл ішінде Месопотамияның аса маңызды қалалары – Мари, Ашшур, Эшнунна, Вавилон және Ларса арасында тікелей әскери қақтығыстар болған жоқ, алайда жанама түрде одақтас іздеу, коалиция құру, шекаралық бекіністерді нығайту бағытында белсенді саясат жүргізіліп жатты. Оның есесіне Хаммурапи билігінің кейінгі 14 жылы үздіксіз соғыстарға толы болды. 1764 жылы Хаммурапи Тигрден шығысқа қарай жатқан, аса маңызды металл өндірісі бар Иран территориясына өзін өткізбеуге тырысқан басты күштер – Ашшур, Эшнунна мен Элам одағын талқандады. 1763 ж. Хаммурапи Ларсаға қарсы әскери қимылдарын бастады, бұл жорыққа көптен бері астыртын түрде дайындық жүріп жатқан болатын. Бұл жорықта ол, кезінде әкесі қолданған стратегияны ұтымды пайдаланды. Хаммурапи Ларсаны сумен қамтамасыз етіп тұрған басты канал суын плотинамен бөгеп, оны кейін тосыннан ашып жіберу арқылы Ларсаны топан сумен басып тастағысы келді немесе жай ғана өмір сүрудің негізгі көзі болған суды жібермей қоюды ойластырған болуы керек. Рим-Синнің соңғы тірегі – Ларса қаласын қоршау бірнеше айға созылып, ақыры Хаммурапидің жеңісімен аяқталды. Ларсаны талқандағаннан кейін Хаммурапи өз мемлекетінің шығыс шектеріндегі соғыс қимылдарына тартылды. Вавилоннан 500 шақырым жерде орналасқан, Вавилонның адал одақтасы - Мари қаласына қарсы соғыстың себебі бізге беймәлім. Бұл тағы да сол баяғы су көзіне бақылау орнату жолындағы соғыс, немесе Маридің қолынан маңызды сауда жолдарының қиылысына бақылауды тартып алу жолындағы соғыс болуы мүмкін. Екі жыл өткеннен кейін Хаммурапи тағы да өз әскерін шығысқа аттандырды, осы әскери жорық кезінде Эшнуннаны толықтай талқандады. Бұл жеңіс те ескі әдіспен, яғни су көздерін жауып тастау жолымен іске асқан болуы керек. Алайда осы жеңістің нәтижесінде Хаммурапи Вавилониядан шығыс халықтарын бөліп тұрған соңғы бөгетті жойған еді. Бұл халықтардың ішінде 160 жыл өткеннен кейін Вавилонияны жаулап алған касситтер де бар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет