Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


ІІ Өтпелі дәуір және гиксостар жаулаушылығы



бет9/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92
3. ІІ Өтпелі дәуір және гиксостар жаулаушылығы

Екі жүз жылдан аса уақытқа созылған ІІ Өтпелі дәуір – ішкі тұрақсыздық пен қиын-қыстау жылдары болды. Бізге дейін жеткен патша тізімдері екі жүзден аса перғауындарды атайды. Патшалардың осыншама көп болуы патша тағының бір-бірімен жауласқан сарай шонжарларының қолындағы ойыншыққа айналғандығының айқын айғағы.


Осы бір, ел үшін ауыр жағдайларда, б.з.д. ХҮІІІ және ХҮІІ ғғ межесінде шығыстан, Синай түбегі арқылы Египетке басқыншы-гиксостар баса көктеп кірді. Олар өз этникалық құрамы бойынша біртекті емес, Оңтүстік Сирия мен Солтүстік Аравияны мекендеген тайпалар одағы еді. Ішкі қырқыс соғыстардан әлсіреп қалған Египет басқыншыларға айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Египеттіктерге бұрын белгісіз болған гиксостардың ат арбалары жаулаушылар басып алған Шығыс Атырауда толып кетті. Олар Нілдің шығыс жағалауында орналасқан Аварис қаласын өз орталығына айналдырып, сол жерден елдің оңтүстік аудандарына шапқыншылық жорықтарын жасап отырды.
Гиксостар Египетте 110 жылдай билік құрды. Дәстүр бойынша ХҮ, немесе ХҮІ Манефон әулеттеріне жататын гиксос патшалары елді толықтай бағындыра алған жоқ. Тек соңғы екі патша – Хиан мен Апепи тұсында ғана гиксостар билігі бұған дейін өз тәуелсіздігін сақтаған Египеттің оңтүстігіне айтарлықтай тереңдеп ене алды. Батыс Атырау да гиксостарға бағынбаған тәрізді. Египеттіктердің гиксостарға қарсы азаттық күресін бастаушы Атыраудан 800 км оңтүстікке қарай жатқан Фива номы болды. Бастапқыда әлсіз болған, бірақ тәуелсіз Фивалық ХҮІІ әулет патшалары бірте-бірте өз айналасына Жоғарғы Египеттің көпшілік номдарын топтастыра бастайды, олар айтарлықтай материалдық және әскери күшке ие бола отырып, гиксос басқыншыларын елден қуып шығу жолындағы күресті бастайды.
Гиксостармен күресте соңғы жеңіс ХҮІІІ әулеттің негізін қалаушы Яхместің (І Амасис) үлесіне тиді. Ол Египет тағына б.з.д. 1600 ж. отырды. Осы уақыттан бастап Жаңа патшалықтың тарихы басталады.


Білімін тексеруге арналған сұрақтар:
І Өтпелі дәуірдің мәні?
Орта патшалық дәуірдегі техникалық және технологиялық өзгерістер?
Орта патшалық дәуіріндегі Египеттің әлеуметтік-саяси құрылымы?
ІІ Өтпелі дәуірдің ерекшелігі?
Гиксостар Египетке қандай жаңалық алып келді ?

ІҮ ТАРАУ
ЕГИПЕТТЕГІ ЖАҢА ПАТШАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕЙІНГІ ЕГИПЕТ






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет