Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет92/92
Дата08.09.2022
өлшемі442.2 Kb.
#38696
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Тарау бойынша сұрақтар:
1. Тарауда айтылғандардың негізінде өркениетке анықтама беріңіздер.
2. Картадан кельттер мен германдар орналасқан аймақтарды көрсетіңіздер.
3. Римдіктер мен германдықтардың арасындағы қандай соғыстар туралы тарауда айтылды? Оларды атап шығып, бұл соғыстардың нәтижесі қандай болғандығын айтыңыздар.
4. Римдіктерге қарсы соғысқан герман көсемдерінің есімін еске түсіріңіздер.
5. Герман тайпаларының негізгі одақтарын атап шығыңыздар, картадан олардың орналасқан жерлерін көрсетіңіздер.

Қорытынды
Сонымен ежелгі дүние тарихын қорытындылай келіп, аталмыш дәуірдегі тарихи аймақтар мен елдердің өзіндік ерекшеліктерін, бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтарын көрсете отырып, олардың даму барысында көптеген ортақ белгілердің де болғандығын айтуға болады.
Шумер мен Египетте алғашқы таптық қоғамдардың пайда болуы ежелгі дәуірдің бүкіл болмысын түбірімен өзгертті. Алғашқы қауымдық тайпалардың шетсіз-шексіз әлемінде жоғары дамыған орталықтар пайда болды. Ерте өркениеттердің өзін қоршаған ру-тайпалық қоғамдармен қарым-қатынасы күрделі болды.
Шығыстың барлық елдері өте ұзақ мерзімге созылған алғашқы қауымдық қоғам кезеңін бастан кешті және алғашқы таптық қоғамға өте баяу қарқынмен көшті. Шығыста қауымдық жер иелену мен жеке меншік жер иеленудің ара қатынасы туралы мәселе үлкен таластар туғызып келеді. Бұл процесті зерттеуде жергілікті айырмашылықтарды мұқият ескеріп отыру қажет, өйткені қауымдық жердің ыдырауы әр аймақта әр түрлі қарқынмен жүрген болатын.
Ежелгі Египет пен Месопатамия қоғамдарында шаруашылық жүргізудің патшалық және храмдық формалары басым болды. Египетте негізгі өндірушілер патша хемуулары болғандығын байқаймыз. Олар патша, храм шаруашылықтарында да, шонжарлардың жеке шаруашықтарында да еңбек етті. Әлеуметтік жағдайы бойынша олар құлдарға жатпады, бірақ еркіндіктері шектеулі, патшаның өзіне ғана тәуелді, әр түрлі кәсіптерге маманданған жұмыскерлер болды. Шығыс елдерінде құл еңбегі қолданылды, бірақ олар көбіне қоғам үшін маңызы төмендеу салаларда, көбіне үй шаруашылығында пайдаланылды.
Ежелгі Шығыстың барлық дерлік елдерінде мемлекеттің номдық формасы бірте-бірте күшті орталықтандырылған жүйелерге қарай дамыды. Патша билігі қауымдардан жоғары тұрды және оларды байланыстырушы, біріктіруші күш болды. Патша өзін барлық жердің иесі санады. Сонымен бірге орталық биліктің тым күшейген кезеңдері, оның әлсіреу уақытымен алмасып та отырды. Сондай-ақ бұл мәселеде жергілікті жағдайларды да ескеру қажет. Мысалы, Египет перғауындары қай кезде де аса қуатты күшке және шексіз билікке ие болып отырғанда, Палестина мен Финикияның кішкентай мемлекеттерінде патша билігін күшейтуге деген талпыныстар қарсылықтарға ұшырап, жиі-жиі сәтсіздікпен аяқталып отырған.
Жалпы алғанда Шығыстың жекелеген аймақтарының қоғамдық дамуындағы өзіндік ерекшеліктерді былайша жинақтап көрсетуге болады. Ежелгі Египетке орталықтандырылған экономика, тәуелділік қатынастарының сан алуандылығы, заңдық тұрғыдан ерікті және жартылай ерікті адамдарды перғауын өзінің деспоттық билігі арқылы құлдық жағдайға дейін жеткізуі, мемлекеттің жеке өмір мен шаруашылыққа үнемі араласып отыруы тән болды.
Ал Месопотамия қоғамдарына тікелей өндірушілерді мемлекеттік және жеке қанаудың араласып келіп отыруы, экономикадағы жекеменшік сектор, шаруашылық және саяси қатынастардағы қуатты қалалар, Қосөзен аңғарына жауынгер көршілерінің баса-көктеп кіруіне ашық шекараның болуы тән болды.
Ассирия ежелгі қоғамы мен мемлекетінің айқын әскери сипаты, бүкіл Таяу Шығыс елдерінің парсылар билігіне бірігуі – Ежелгі Шығыс тарихының маңызды құбылыстары болып табылады.
Сонымен бүкіл Шығысты бірыңғай схемамен қарауға болмайды. Оның дамуындағы жалпы белгілер мен жергілікті ерекшеліктерді айыра білу қажет.
Ежелгі Шығыс елдері бай мәдениет қалыптастырды, бұл мәдениет әлемдік мәдениеттің дамуына орасан зор ықпал етті. Жазудың барлық дерлік ерте түрі осы жерде жасалды. Соның ішінде гректер, римдіктер, ал кейінірек әлемнің барлық басқа халықтары қабылдаған әліпбилік (алфавиттік) жазу да ең алғаш Шығыста қалыптасқан болатын. Атақты «Гильгамеш туралы эпос», «Синухет әңгімесі», ежелгі еврей пайғамбарларының кітаптары, Ежелгі Иран халықтарының жазбалары, алып пирамидалар, Ассирия патшаларының көркем сарайлары, ежелгі Египет абыздарының медицина саласындағы, вавилондықтардың астрономиядағы және құқық саласындағы жетістіктері – мұның бәрі Ежелгі Шығыс халықтарының әлемдік мәдениет қорына қосқан үлесінің тек бір бөлігі ғана болып табылады.

Әдебиет
1. Амусин И.Д. Рукописи Мертвого моря. М., 1960.
2. Амусин И.Д. Кумранская община. М., 1983.
3. Амусин И.Д. Проблемы социальной структуры древнего Ближнего Востока (І тыс. до н.э.) по библейским источникам. М., 1993.

  1. Антонова Е.В. Очерки культуры древних земледельцев Передней и Средней Азии: Опыт реконструкции мировосприятия. М., 1984.

  2. Белова Г.А. Египтяне в Нубии. М., 1988.

  3. Берлев О.Д. Трудовое население Египта в эпохи Среднего царства. М., 1972.

  4. Берлев О.Д. Общественные отношения в Египте эпохи Среднего царства. М., 1978.

  5. Бикерман Э. Хронология древнего мира: Ближний Восток и античность. М., 1975.

  6. Вейнберг И.П. Рождение истории: Историческая мысль на Ближнем Востоке середины І тысячилетия до н.э. М., 1993.

  7. Горелик М.В. Оружие древнего Востока. ІҮ тысячелетие – ІҮ век до н.э. М., 1993.

  8. Государства и социальные структуры на древнем Востоке. М., 1989.

  9. Грантовский Э.А. Происхождение мидийского государства. – Советское востоковедение: Проблемы и перспективы. М., 1988.

  10. Дандамаев М.А. Политическая история Ахеменидской державы. М., 1985.

  11. Древние цивилизации. Под общей ред. Г.М. Бонгард-Левина. М., 1989.

  12. Дьяконов И.М. Языки древней Передней Азии. М., 1967.

  13. Дьяконов И.М. Архаические мифы Востока и Запада. М., 1990.

  14. Дьяконов И.М. Пути истории. М., 1995.

  15. Жак К. Египет великих фараонов: История и легенда. М., 1992.

  16. Жұмағұлов Қ.Т., Қартабаева Е.Т. Таяу Шығыстың ежелгі мемлекеттері. Оқу құралы. – Алматы, 2007.

  17. Жұмағұлов Қ.Т., Қартабаева Е.Т. Таяу Шығыстың ежелгі мемлекеттері. Электронды оқу құралы. – Алматы, 2007.

  18. История древнего Востока. Под ред. В.И.Кузищина. 2-е изд. М., 1988.

  19. История древнего Востока: Зарождение древнейших классовых обществ и первые очаги рабовладельческой цивилизации. Ч.1. Месопотамия. М., 1983. Ч.2. Передняя Азия. Египет. М., 1988.

  20. История Востока. Т. 1. Восток в древности. М., 1999.

  21. Картер Г. Гробница Тутанхамона. М., 1959.

  22. Кинк Х.А. Как строились египетские пирамиды. М., 1967.

  23. Коростовцев М.А. Писцы древнего Египта. М., 1962.

  24. Коростовцев М.А. Религия древнего Египта. М., 1976.

  25. Лурье И.М. Очерки египетского права ХҮІ-Х вв. до н.э. Л., 1960.

  26. Массон В.М. Первые цивилизации. М., 1989.

  27. Межгосударственные отношения и дипломатия на Древнем Востоке. М., 1987.

  28. Мелаарт Жд. Древнейшие цивилизаций Ближнего Востока. М., 1982.

  29. Монте П. Египет Рамсесов. Повседневная жизнь египтян во времена великих фараонов. М., 1989.

  30. Савельева Т.Н. Хромовые хозяйства древнего Египта времени Древнего царства. М., 1992.

  31. Шампальон Ж.Ф. О египетском иероглифическом алфавите. М., 1950.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет