«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус)



бет1/11
Дата08.11.2022
өлшемі133,33 Kb.
#48360
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
Педагогика факультеті

«Ежелгі дүние тарихы» пәні бойынша
оқу бағдарламасы (силлабус)
2022-2023 оқу жылының 1 семестріне арналған
6В01601-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша
күндізгі оқу бөлімінің 1 курс студенттеріне

Орал- 2022 ж.



Құрастырған: доцент, т.ғ.к., Калменов Мурат Дабылович
Тарих және құқық кафедрасы
«№ 413 кабинет»

Кредит саны – 5
Дәріс – 30 Практикалық жұмыстар – 15 сағат СОӨЖ – 30 сағат СӨЖ – 60 сағат Бақылау түрі емтихан – 15 сағат Барлығы – 150 сағат


1. Оқытушы туралы мәліметтер


Калменов Мурат Дабылович – «Тарих және құқық» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.ID -kalmenoff
2. Өткізу орны мен уақыты
Өткізу уақыты: 1 семестр 2022-2023 оқу жылы
Өткізу орны: Орал қаласы, Н.Назарбаев данғылы 194. Сағаттар: сабақ кестесі және СӨЖ кестесі бойынша өткізіледі.
3. Пререквизиттер мен постреквизиттер
Пререквизиттер:Алғашқы қауымдық қоғам тарихы, Қосалқы тарихи пәндер, Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы, Орта ғасырлардағы Азия және Африка елдерінің тарихы,
Постреквизиттер:Курс соңында студент тер Ежелгі дүние тарихы туралы нақты материалдар арқылы тарихи-ғылыми заңдылықтарды жете түсінеді, тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және курс студенттерде патриоттық сезімнің оянуына себе етеді, ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді.
4. Курстың қысқаша мазмұны (таңдау компоненті)
«Ежелгі Шығыс» және «Антика» ұғымы. Курстың мазмұны мен мәселелері. Хронологиясы мен географиялық шегі. Ерте мемлекеттік құрылымдыр. Палестина жеріне ежелгі еврейлік тайпа одағының шабуылы. Израиль-Иудей патшалығының құрылуы. Сирия, Финикия, Палестина мемлекеттерінің даму ерекшеліктері. Б.з.д. Ү-ІҮ ғғ. классикалық Греция. Грек-парсы соғыстары. Ежелгі Қытайдың табиғат жағдайы мен шаруашылық дамуының ерекшеліктері. Курстың міндеттері:
Құл иеленушілік қоғамдық формацияның теориялық-методологиялық аспектілері және ежелгі дүние кезеңдеріндегі маңызды тарихи үдерістер назарға алынып, Шығыс елдерініңі тарихи дамуын негіз ете отырып, Еуропа елдерінің тарихи дамуының негізгі және өзекті мәселелерін айқындап, олардың маңызын ашып көрсетуге бағыт беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет