Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата07.09.2022
өлшемі1.3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


42 
Ежелгі дүние тарихы пәніне әдістемелік нұсқау. 
 
Ежелгі дүние тарихыкурсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге 
Ежелгі Шығыс, Греция және Рим қоғамының алғашқы қарапайым қауымдық 
қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту тарихының басты белгілерін 
және мемлекеттік институттарының пайда болу тарихын, адамзат 
дамуындағы жаңа қоғам- өркениеттік қоғамның даму тарихын жан-жақты 
талдап оқыту, үйрету және игерту болып табылады. Сонымен қатар, Ежелгі 
дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамының дамуының барлық өрістеріне, яғни 
қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрістерінің 
өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі мен 
орасан зор ықпалын студенттерге жете түсіндіру болып табылады. 
 
- ЕДТ қатысты экономикалық, саяси, географиялық және генеологиялық 
ұғымдарды; 
- Аталған курста қаралатын елдердің даму ерекшеліктерін: табиғи 
ортаның ролі, тарихи даму қарқындылығы, өзіне дейіңгі қоғамның 
ықпалы мен әсерін және олардыажырата білуі туралы
- Мемлекеттік ұйымдасудың, идеологиялық және діни өмірдің жаңа 
қалыптарының пайда болуы мен дамуы туралы
- Құл иеленушіліктің пайда болуы мен дамуы және күйреуіне, оның 
дүниежүзілік экономикалық үрдістегі өзіндік мән-мағынасы бар 
қоғамдық құбылыс сипаты туралы; 
- Адамзат қоғамының одан әрі дамуына бастапқы негіз болған мәдени 
жетістіктер туралы; 
- Аталған курстың деректанулық және тарихнамалық жүйесіндегі 
концепциялар туралы; 
- Курстың басқа да курстармен тығыз байланыста екендігін, әсіресе 
алғашқы 
қоғам 
тарихымен, 
географиямен, 
философиямен, 
саясаттанумен, экономикамен және т.б. 
Ежелгі дүние тарихы курсы екі бөлімнен тұрады: Ежелгі Шығыс және Ежелгі 
Греция мен Рим тарихынан. Бұл курс институттың тарих факультетіндегі 
«тарих» мамандығы студенттеріне екінші семестрде оқытылады. ЕДТ курсы 
арнасында Ежелгі Шығыс және Ежелгі Греция мен Римнің ортақ белгілері, 
әлеуметтік-экономикалық құрылысындағы, саяси институттарындағы, діни-
мәдени өрістеріндегі жалпы негіздері және әрқайсысының өзіне ғана тән 
қоғамдық-саяси әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларындағы 
ерекшеліктері де қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет