Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


)Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері



Pdf көрінісі
бет28/66
Дата07.09.2022
өлшемі1.3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
1)Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері: 
1-кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ г.г.) — құлиеленушілік 
қоғамның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен катар, екі кезең 


80 
көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда 
болуының бастапқы кезеңдері ғана тән; э) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— XI г.ғ.) 
— таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. 
2- кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. XI — III ғ.г.) — иерархиялық әлеуметтік жүйе 
пайда болады; 
3 -кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) және Хань кезеңі (б.э.д. III ғ.— 
б.э. III г.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады. 
Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы санынан артықшылықты топ бөлініп 
шығады, оның құрамына билеуші — ван жэне оның туыстары, билеушіге 
жақын адамдар абыздар, шенеуніктер және бағынышты тайпалардың 
ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд — әлеуметтік ранглер 
пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін, құлдардың саны мен 
жалақының мөлшерін анықтаған. Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген 
өзгертулері негізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді, 
оған сәйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдындағы жетістіктері 
үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. III ғасырдан бастап оларды 
сатып алуға рұқсат етілген. Сонымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: 
мүліктік, әскери, қызметтік және саудагерлік.Цинь патшалығы, Цинь 
империясы (б.з.б. 221 — 206) — Қытайдағы орталықтанған тұңғыш ежелгі 
мемлекет. Ол Қытайды бір орт-қа бағындырған тұңғыш император Цинь 
Шихуандидің тұсында құрылды. Цинь патшалығына дейін Қытайда бір-
біріне бағынбайтын бірнеше ұсақ патшалықтар өмір сүрді.Мемлекеттің 
орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең 
алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар 
үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 
Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, 
астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. 
Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім 
ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер 
бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың 
қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. 
Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық 
баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша 
реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. 
Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып 
келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр 
түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы 


81 
жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. 
Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени 
тұтастырушы күшке айналды.Цинь Шихуан, Циньнiң әулеттiң негiздеушiсi 
және бiрiккен Қытайының бiрiншi императорының мүсiнi Цинь патшалығы 
сыртқы саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу 
жорықтарын жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып 
саналды және оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық 
қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды.Зерттеушілер қытай 
қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп есептейді. Бұл 
қорғандар кейіннен мыңдаған ылдар Қытайдың солүстік шекарасын қорғап 
тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет ішінде шеткі 
аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы қызу 
жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы сауда 
мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген тәртіп 
пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп мөлшерде 
материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың орталық 
өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс болғаннан 
кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі билеуші 
Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь патшалығын 
құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған Қытай 
мемлекеті 
сақталып 
қалды. 
Билікке 
жаңа 
әулет 
келіп, 
Хань 
мемлекетіқұрылды.Iшкi құрылысы.Цинь патшалығы ұзаққа созылған қиян-
кескі соғыстар нәтижесінде құрылды. Дегенмен, елдің бір орталыққа 
біріктірілуі оның болашақ дамуына орасан зор әсер етті. Мемлекеттің 
орнықтылығы патшаның шексіз билігіне негізделді. Патшалық өкімет ең 
алдымен егіншілікті дамытуға мүдделі болды. Елдегі барлық шаруалар 
үлестік жер алды. Алғашқы кезде оларға кейбір салық жеңілдіктері жасалды. 
Ал қолөнер мен сауда биліктің қолдауына ие болмады. Қайта тамақ, әсіресе, 
астық өнімдерінің бағасына қатаң мемлекеттік бақылау орнатылды. 
Мемлекетте шеберханалар жүйесі құрылып, ұсталар белгіленген мерзім 
ішінде келіп, билік иелерінің тапсырысына орай қару-жарақ, т.б. қолөнер 
бұйымдарын тегін жасауға міндеттенді. Бұрынғы ұсақ патшалықтардың 
қорғаныс қамалдары жойылып, ел жаңадан 36 әкімшілік аймақтарға бөлінді. 
Бұрынғы заңдар толығымен жойылып, орнына аса қатал қылмыстық 
баптармен толықтырылған жаңа құқықтық жүйе енгізілді. Ақша 
реформалары жасалды және өлшем бірліктері бірыңғай жүйеге келтірілді. 
Бұл шаралар өз кезегінде тауар-ақша қатынасының жылдам дамуына алып 
келді. Бірнеше мемлекеттің біріктірілуі нәтижесінде құрылғандықтан әр 
түрлі диалектіде сөйлейтін халық бір-бірін түсінбеді. Сондықтан бұрынғы 


82 
жазулар толығымен қолданыстан шығарылып, бірыңғай жазу үлгісі енгізілді. 
Ортақ жазу тілінің пайда болуы келер ғасырларда қытай халқын мәдени 
тұтастырушы күшке айналды.Cыртқы саясат. Цинь патшалығы сыртқы 
саясатта солтүстік және оңтүстік бағытта бірдей жаулап алу жорықтарын 
жүргізді. Жаулап алынған жерлер билеушінің меншігі болып саналды және 
оған әр түрлі жеңілдіктермен ішкі өлкелерден әкелінген халық 
қоныстандырылды. Солтүстікте Қытай қорғаны салынды. Зерттеушілер 
қытай қорғанын салу барысында 1 млн-ға жуық адам қаза болған деп 
есептейді. Бұл қорғандар кейіннен мыңдаған жылдар Қытайдың солүстік 
шекарасын қорғап тұрды және ол үнемі жаңартылып отырды. Мемлекет 
ішінде шеткі аймақтарды астанамен байланыстыратын жол салу құрылысы 
қызу жүргізілді. Жан-жақтан орталыққа бағытталған жолдардың салынуы 
сауда мен қолөнердің жедел дамуына алып келді. Қатал заңға негізделген 
тәртіп пен әрі құрылыстарға жүз мыңдаған адамдардың тартылуы аса көп 
мөлшерде материалдық және адам шығынына алып келді. Ол халықтың 
орталық өкіметке жаппай наразылығын туғызды. Цинь Шихуанди қайтыс 
болғаннан кейін халық наразылығы жаппай бас көтеруге ұласты. Келесі 
билеуші Эршихуанди 4 жылдай ғана билік құрды. Осыдан кейін Цинь 
патшалығын құрған әулет толығымен жойылып кетті. Бірақ орталықтанған 
Қытай мемлекеті сақталып қалды. Билікке жаңа әулет келіп, Хань мемлекеті 
құрылды.Хань мемлекеті, Хань империясы — Қытайдағы Хань әулеті құрған 
мемлекет (біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы — біздің заманымыздың 
220 жылы) Хань мемлекеті құрылған кезден бастап өзінің қарулы күзеті бар 
“күшті үйлердің” жер иеліктері пайда болды. Хань мемлекетінде ірі сауда 
орт-тары (Лоян, Чэнди, Ханьдань, Линьцзы) күшейіп, тауар-ақша 
қатынастары, сыртқы және ішкі сауда дамыды. У-ди патшалық еткен кезде 
(біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) қалпына келтірілген және 
өзгеріске ұшыраған конфуцийшілдік ілім үстем ресми идеология болып 
танылып, монархиялық биліктің тірегіне айналды. Хань билеушілері 
көршілес халықтарға қарсы ұзаққа созылған басқыншылық соғыстар 
жүргізді. Жоңғария мен Шығыс Түркістан арқылы батысқа қарай Еуропа мен 
Таяу Шығыс елдеріне дейін жететін “Ұлы Жібек жолы” ашылды. Вьет 
мемлекеті — Намвьет — Аулак (қазіргі Гуандунь провинциясы, Гуан-си-
Чжань автономия ауданы мен Үндіқытай түбегінің солтүстік), қазіргі 
Чжэцзян мен Фуцзянь провинцияларының оңтүстік бөлігі, Корей мемлекеті 
— Чосон (Чаосянь) жаулап алынды. Дегенмен, ұзаққа созылған соғыстар 
және ішкі тақ тартыстары салдарынан Хань мемлекетінде халықтың тұрмысы 
нашарлап, әлеуметтік қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті.Тақты басып 
алған Ван Ман (9 —23 жылы билік етті) жерге жеке меншікті жоюға 


83 
әрекеттеніп, құл сатып алуға, сатуға тыйым салды, басқа да реформалар 
жүргізді. Алайда оның реформалары елдегі саяси жағдайды тұрақтандыра 
алмады. Көп ұзамай шаруалардың, әскерлер мен құлдардың жаппай 
көтерілістері басталды.Хань Империясы, 2-ші ғасыр25 жылы көтерілісшілер 
ел астанасы — Чаньань қаласын басып алғаннан кейін алғашқы Хань 
мемлекеті жойылды. Көтерілісшілермен күрестің барысында жергілікті 
ақсүйектер Лю Сю бастаған жаңа — Кейінгі немесе Шығыс Хань әулетінің 
(25 — 200) негізін қалады.27 жылдың соңында “Қы-зыл қастылар” көтерілісі 
басып жанышталды, тек 37 жылы ғана Лю Сюға “күшті үйлерге” сүйене 
отырып, елді біріктірудің сәті түсті. Шығыс Хань әулетінің алғашқы 
билеушілері шаруаларға жеңілдіктер жасап, салық көлемін азайтты. 
Батыстағы елдермен “Ұлы Жібек жолы” және оңт-тегі теңіз жолы арқылы 
экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қайта жанданды. Елдегі 
жағдай тұрақтанып, мемлекет нығайғаннан кейін Хань әулеті сыртқы жаулап 
алу соғыстарын жалғастырды. Әскери қимылдар қолбасшы Бань Чаоның 
белсенді дипломаттық әрекеттерімен қатар жүргізілді. Хань мемлекетіне 
Жоңғария мен Шығыс Түркістандағы біраз иеліктер тәуелділікке түсті. 
Алайда Бань Чаоның өлімінен кейін империяға тәуелді жерлер оған қарсы 
көтерілді.184 — 204 жылы болып өткен шаруалардың қуатты “Сары 
орамалдылар” көтерілісінен кейін Шығыс Хань әулетінің билігі құлдырап 
кетті. Көтерілісші шаруалармен күрес барысында әскерді басқарған 
жергілікті билеушілер орталық үкіметтен іс жүзінде тәуелсіздікке қол 
жеткізді. Олар 220 жылы Шығыс Хань империясын жойып, оның орнына 
Саньго мемлекетін (220 — 280 жылы) құрды. Хань мемлекетінің батыстағы 
негізгі жауы ғұндар болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2 — 1 ғасырларда 
ғұндардың қауіпті болғаны сонша Хань мемлекетінің олардан қорғану үшін 
Қытай қорғанын салуға мәжбүр болды. Көшпелілермен соғыста жеңіске жете 
алмайтынын түсінген Хань билеушілері ғұндарды бір-біріне айдап салуға 
тырысты. Көп ұзамай бұл саясат өз жемісін беріп, көшпелілер өзара соғысты. 
Ғұн мемлекеті ыдырап, бір бөлігі батысқа ауып кетті де, қалғандары Хань 
мемлекетініңне бағынды.Хань әулеті — Қытайды біздің заманымыздан 
бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 220 жылына дейін билеген 
императорлық әулет. Батыс немесе Ерте (Үлкен) Хань (біздің заманымыздан 
бұрынғы 206 — біздің заманымыздың 25 жылы) және Шығыс немесе Кейінгі 
(Кіші) Хань (біздің заманымыздың 25 — 220 жылы) болып бөлінеді. Қытай 
тарихнамасында Ван Ман билеген уақыт (біздің заманымыздың 9 — 23 
жылы) пен одан кейінгі Лю Сюань билік еткен екі жыл ерекше кезең болып 
көрсетіледі және бұл жағдайда Батыс Хань әулеті біздің заманымыздан 
бұрынғы 206 жылдан біздің заманымыздың 8 ғасырына дейін биледі деп 


84 
есептеледі. Әулеттің негізін салушы — Лю Бан елді біріктіріп, 
орталықтанған күшті империя құрды. Алайда оның туыстары мен 
жақтастарына көлемді жер иеліктерін бөліп беру саясаты елдің жікке 
бөлінуіне алғышарт жасады. Өз әскері, қаржысы мен әкімшілігі болған 
дербес иеліктер орталыққа қарсы тұрған патшалықтарға айналды. Орталық 
өкімет император Цзин-Ди (біздің заманымыздан бұрынғы 156 — 141 жылы), 
әсіресе, У-ди (біздің заманымыздан бұрынғы 140 — 87 жылы) патшалық 
еткен кезде нығая түсті.Хань әулетінің ресми идеологиясы конфуцийшілдік 
болды. Хань әулеті солтүстік пен солттүстік-батыста ғұндарға, батыста цян 
тайпаларына, Шығыс пен солтүстік-шығыста Кореяға, оңтүстік пен оңтүстік-
батыста ухуаньдар мен сяньбилерге қарсы жаулап алушылық соғыстар 
жүргізіп, империя шекараларын елеулі ұлғайтты. Хань әулеті кезінде 
Орталық Азия мемлекеттерімен және Үндістанмен сауда және мәдени 
байланыстар орнатылды. Батыс Хань шаруалардың “Қызыл қастылар” және 
“Жасыл орман тұрғындары” (117 — 27 жылы) көтерілістерінің нәтижесінде 
құлады. Шығыс Хань шаруалардың ірі “Сары орамалдылар” көтерілісі (184 
— 204) мен әскери ақсүйек топтардың күресінің барысында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет