Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Өзін-өзі тексеріу сұрақтары



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата07.09.2022
өлшемі1.3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Өзін-өзі тексеріу сұрақтары; 
1.Крит-Ахей өркениеті қай жылдар қалыптасты. 
2.Ежелгі Крит пен Ахеи мемелекетінде таптар мен мемелекеттер қалай пайда 
болды? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 Тақырып № 12 Б.з.д VIII - VI ғғ. Архаикалық Греция.
1. Ертегректік полис. Оның шығуы және мәні. 
2. Полистік құрылыс және оның түрлері. 
3. Полистік әлеуметтік құрылым. 
4. Ұлы Гректік отарлау саясаты. 
Полис_қала- мемелекет. Дариліктердің шапқыншылығынан кеиін Грекия 
жерінде қайта өрлеу басталды Жергілікті халық жаңа қалалар салды. 
Грекияда қалалардың өрлеуі қолөнердің дамуымен қатар сауда да дамыды. 
Қала мемлекеттерді полистер деп атады. Грекияда жүзге жуық полистер 
болды. 
Эпикалық түпдеректер («Илиада» және «Одиссея»). Нумизматикалық 
түпдеректер: эфбейлік және фокейлік мина, статер, обол, драхма. 
Эпиграфиялық түпдеректер Осы кезеңнің аздаған деректері үш негізгі 
категорияға бөлінеді: жазба ескерткіштер, олар буындық жазумен жазылған, 


95 
тұрақтар мен қалалардағы жасалған археологиялық қазу жұмыстарынан 
алынған мәліметтер және грек авторларының шығармаларында б.з.д. II 
мыңжылдығындағы тарих бойынша мәліметтер. Б линералымен жазылған 
тақтайшалар 1901 жылы Криттегі қазу жұмыстары кезінде табылып, оны оқу 
тек 1953 жылы ағылшын ғалымы М.Вентриспен жүзеге асты. Қазіргі 
уақытта Б линеарымен жазылған мыңдаған тақтайшалар белгілі. Олар 
Криттегі Кноссадағы үйінділерден, Микен мен Пилос қалаларындағы қазу 
жұмыстары, Фивыда, Тиренфеде, ал ең көбі Кносса мен Пилос 
мұрағаттарында табылған. Тақтайшалардың көбі б.з.д. ХIV-ХII ғасырларға 
жатады. Жазбалар өте қысқа және шаруашылық қызметтің есебі болып 
табылады. Оларда жалға берілген жерлер, мал басының саны, қызмет 
көрсетуші персоналмен жұмысшыларға берілген азық - түлік пен сарай 
қызметінде жүрген құлдардың тізімі, қолөнершілер және оларда бар 
шикізаттар тізімі, мобилизацияға жатқан әскерлермен матростардың тізімі, 
сонымен бірге кәмпескеленген мүлік жағдайындағы мәліметтер береді. 
Тақтайшаларда сарайлық шаруашылықтың қызмет етуі, сарай мен төменгі 
әкімшілік бірліктер арасында қалыптасқан қарым - қатынас мемлекетті 
жалпы басқару туралы мәліметтер келтірілмеген. Осыларға қарап, б.э.д. II 
мыңжылдығындағы ахейлік патшалықтың экономикасы мен басқарудың 
негізгі белгілерін көруге болады. Археологиялық қазу жұмыстары 
материалдық мәдениет туралы әр түрлі мәліметтер береді. Көптеген маңызды 
матариалдар сарайлық кешендерді қазу кезінде алынды: Кносста және Фесте, 
олар Крит аралында орналасқан, Пелопонестегі Микен мен Пилоста көптеген 
сарайлық ғимараттардың апартаменттері, қабылдау залдары, храмдық 
бөлмелер, шаруашылық қоймалар, күнделікті тұрмыстағы әр түрлі заттар 
б.э.д. II мыңжылдығындағы ірі монархиялардың қым-қиғаш өмірін 
сипаттайды. Б.з.д. II мыңжылдығындағы Лерн мен Рафина сияқты қалалық 
типтегі тұрақтары ашу үлкен қызығушылық тудырады. Онда қала құятын 
өндіріс ашылған. Б.з.д. II мыңжылдығының екінші жартысында Микен, 
Пилос, Афина, Фива сарайларының маңайында қалалық кварталдар пайда 
болды. Осылайша, сарайлық кешендерден қала орталықтары шығады. 
Ахейлік тұрғындардың көпшілігі Коринф маңындағы Кораку, Микен 
төңірегіндегі Зигурисс, Аттика мен Спартада тұрған. Осы жерлерден 
қарапайым 
тұрғын-жай, 
мегарондық 
типті 
ғимараттар 
табылған. 
Ғимараттардың өлшемінің үлкен болуы, керамика санының көп кездесуі, 
алтын мен қала заттарының көп болуы II мыңжылдықтың екінші жартысында 
село тұрғындарының мүліктік теңсіздік процесінің болғанын көрсетеді. Ахей 
және Крит патшалықтарының тарихы жайлы бірқатар ақпатараттар кейінгі 
грек әдебиеттерінде кездеседі. Ол б.э.д. IХ-VIII ғғ. Гомердің «иллиада» және 


96 
«Одиссей» поэмаларында келтіріледі. Осы поэмаларда траян соғысының 
алдындағы Грекияның саяси жағдайы Микенді алу, гректердің негізгі 
одақтастары мен қарсыластары, Траян соғысының барысы мен оның 
нәтижелері шынайы түрде сипатталады. Гомер поэмаларында ахейлік 
уақыттың көптеген ақиқаттары жазылған; тұрмыстық заттардың сипатталуы, 
қарулар түрі, соғыстық колесницалардың құрылуы, соғыс тәсілдері т.б.
Б.э.д V- IV ғғ. грек авторларының Геродот, Фукидид, Аристотель және одан 
кейінгі авторлардың шығармаларында Страбон, Пиутарх, Павсани гректердің 
өткен шағының тарихын, ұлы қуатты Криттік патша Минос және онымен 
құрылған ірі держава туралы айтылады. Б.э.д II мыңжылдығындағы гректің 
салт-дәстүрі мен діні, мәдениеті және тарихы туралы әр түрлі материалдар 
гректердің құдайы мен батырлары жайындағы мифтері мен ертектерінде 
айтылады. Крит және Ахей патшалықтарының сыртқы саяси жағдайы 
туралы ежелгі шығыс ескерткіштерінде келтіріледі. Б.з.д ХIV-ХIII ғғ. хеттік 
жазбаларда Кіші Азияның батыс бөлігінде орналасқан. Аххиява 
мемлекетімен хеттердің одақтас болғаны туралы мәліметтер береді. Б.з.д II 
мыңжылдығындағы бірқатар египеттік заттар Криттен табылған. Крит 
Тутмос III перғауынның жазбаларында Египет патшалығының одақтасы 
ретінде сипатталады. VIII-IV ғасырларда Грекия тарихын зерттеу үшін 
деректердің саны және сан алуандығы артады. Ең толық әр түрлі жанрдағы 
жазбаша деректер болып табылады. Ең ежелгі деректер эпикалық поэмалар 
болып табылады, Гомердің «Иллиада», «Одиссея» поэмалары болды. Бұл 
шығармалар дүниежүзілік әдебиеттің ең жақсы нұсқасы болып табылады. 
Олар көптеген айтулар, аңыздар, өлеңдер, ауызша халық дәстүрлері негізінде 
құрылған. Бірақ түрлі бөліктерді бірыңғай көркем шығармаға біріктірудегі 
жинақтау және өңдеу б.з.д. IХ-VIII ғасырларда болды. Бұл жұмыс Гомердің 
еншісінде болды. Поэмалар көптеген уақыт аралығында ауызша берілді
б.з.д. VII-VI ғасырларда жазбаша түрінде берілген, б.з.д. VI ғасырда 
ортасында Писистрат тираны кезінде Афиныда поэманы жазу және 
редакциялау жүргізілді. Әрбір поэма 24 кітаптан құралған. «Иллиаданың» 
сюжеті 10 жылдардағы Троян соғысының эпизоды, оның ішінде грек әскерін 
басқарушы патша Микен Агамеанон және Фессалий тайпаларының басшысы 
Ахилл арасындағы ұрыс туралы эпизод болып табылады. Бұл фонда Гомер 
грек және трояндықтардың діни сенімдері, тұрмыстық өмірін бейнелеп, 
сипаттайды. «Одиссея» поэмасында Итака патшасы Одиссеяны Троя 
қирағаннан кейінгі Итакаға қайту жолындағы болған қызықты оқиғалар 
туралы баяндалады. Құдайлар Одиссейді көптеген сынақтардан өткізеді: ол 
циклопқа тап болады, кемесін екі құбыжық Сцилла мен Харибда арасына 
өткізеді, лестригондарды адам жегіштерден аман алып қалады, адамдарды 


97 
шошқаға айналдыратын Кирка сиқыршысының істеріне қарсы шығады. 
Гомер өзін батырын бейбіт өміріндегі әр түрлі жағдайларында көрсетеді. Бұл 
оған өмірдің әр түрлі жақтарына сипаттама беруге мүмкіндік береді. 
Шаруашылықтық іс, поместье және сарайдың тұрмысы, билік басындағылар 
мен кедейлер арасындағы өзара қарым-қатынасы, дәстүрлер сонымен бірге 
күнделікті тұрмысын сипаттайды. Бірақ Гомер поэмаларының мәліметтерін 
қолдану үшін, тарихи шындықты қалпына келтіру үшін тиянақты талдау 
қажет. Поэманың әрбіреуі ең алдымен, көркем шығарма болып табылады. 
Онда тарихи шындық және поэтикалық ойдан шығарулар араласқан. 
Сонымен бірге, әр түрлі хронологиялық қабаттар көрініс тапқан: ахей 
патшаларының дәстүрлері және өмірі Гомер кезеңінің қоғамдық 
қатынастары, поэманың жазылу уақыты көрініс тапты. Егіншілік шаруаның 
ауыр еңбегі селолық тұрмыс туралы құнды мәліметтерді беотийлік ақын 
Гесиодтың (б.з.д. VIII-VII ғғ.) «Еңбек және күндер» поэмасынан алуға 
болады. Гесиодтың тағы бір шығармасы «Теогонияда» гректердің діни 
сенімдері, құдайлардың шығу тегі, олардың генеологиясына, өзара қарым-
қатынастарына толығымен сипаттама берілген. Б.з.д. VII-VI ғасырлардағы 
грек қоғамындағы болған әлеуметтік-саяси күресін зерттеу үшін маңызды 
мәліметтер грек ақындарының саяси элегияларында келтіріледі. Паростан 
Архилох, Афинадан Солон, Мегардан Феогнида ақындар еңбектерін жазған. 
Олар шынайы түрде кедейлердің ауыр өмірі, демостың аристократияға жек 
көрініш сезімдері, қудалау және кәмпескелеу, өз отандарынан қашық 
орналасқан кезбелердің өмірін бейнелейді.
Жазба түпдеректері – заң құжаттары
Ең маңызды дерек ежелгі тарихшыларының шығармалары болып 
табылады. Ақындарға қарағанда, шығармаларда тарихшылар шынайы 
тарихты, нақты фактілерді беруге тырысады. Ең алғашқы тарихшылар 
логографтар болды. Оның ішінде танымалылары Милеттен Гекатей (б.з.д. 
540-478 жж) және Мителеннен Гелланик. Логографтар өз қалаларының 
ежелгі тарихын зерттейді. Бұл мәліметтердің кемшілігі, олар мифтерге 
жүгінді және мифтердегі мәліметтерді саналы түрде талдауға тырысты. 
Логографтармен жүргізілген мифологиялық дәстүрлерге сыни талдау үстірт 
болды, сондықтан олар келтірген мәліметтерге сенім арттыруға болмайды. 
Логографтар тек мифологиялық дәстүрлерді талдаумен шектелген жоқ. 
Өздерінің шығармаларына әр түрлі грек қалалары және Шығыс Жерорта 
теңізінің елдеріне жүргізген сенімді мәліметтерді қолданды. Логограф 
еңбектерінде миф және шындық әлсіз ажыратылды және бұл еңбектердің 


98 
шектелген маңыздылығын анықталды. Логограф шығармалары бізге тек 
үзінділер түрінде жетті. Ең алғашқы зерттеу Галикарнастегі Геродот еңбегі 
болды. Геродот (б.з.д. 485-425 жж) ежелде тарих атасы деп аталынды. 
Геродот ауқатты отбасында дүниеге келді. Жақсы білім алды, өз қаласында 
саяси күреске қатысты, жеңген қарсыластармен қудаланды. Қудалауда бола 
отырып, Геродот көп саяхаттады. Шығыс теңізі, Вавилония, Египет және 
Қара теңіз жағалауындағы елдерінің барлығына саяхат жасады. Оливияға 
барып мекендеген скиф тайпаларының тарихын және тұрмысын зерттеді. 
Ересек жасында Геродот Афиныда өмір сүрді, Афины демократиясының 
жақтаушысы, оның көсемі Периклмен дос болды. Геродот үлкен Парсы 
державасын жеңгеннен кейін болған грек тарихының гүлденген кезеңі, 
мәдени гүлдену және тез экономикалық даму кезеңі және афины бірінші 
маңыздылыққа айналғанның куәсі болды. Геродот пікірінше, бұл 
кездейсоқтық болған жоқ. Геродот еңбегі грек-парсы соғысына арналған. 9 
кітаптан құралған. Б.з. III ғасырында кітаптар тоғыз музаның атымен аталды. 
Соғыстың тарихына соңғы кітабы арналған, алғашқы төртеуінде жеке 
елдердің тарихы, Кіші Азия, Вавилония, Мидия, Египет, Скиф тайпалары, 
Балкандық Грецияның грек қалалары мен халықтарының тарихы туралы 
баяндалады. Геродот назарын жиналған мәліметтердің сұрыптау және сыни 
талдауға аударады. Ол жазатын қалалары жер және қалаларға барып, білетін 
адамдардан сұрастырды. Сонымен бірге, жазу және мұрағатты қолданды, 
өзінің алдындағы логографтарды жақсы білді. Геродотта баяндалған 
оқиғалар қатаң түрде фактілік негізде келтірілген, кейде мифологиялық және 
күмәнді мәліметтерге саналы түрде түсіндіріп, сүйенеді. Қазіргі 
археологиялық мәліметтер Геродоттың көптеген мәліметтеріне куә болып 
табылады. Шығыс Жерорта теңізінің тарихы бойынша үлкен фактілік 
материал, оны сыни талдауға ұмтылыс, барлық халықтардың мәдени 
жетістіктеріне сыйластық, жоғары әдеби жетістіктер Геродот шығармасын 
грек және дүние жүзілік тарихнаманың танымал еңбегі етті. Геродот 
шығармасы б.з. д. VII-V ғасырдың басындағы Таяу Шығыс тарихы бойынша 
құнды ақпаратты дерек болып табылады. Грек тарихи ойдың белгілі 
шығармасы афиндік тарихшы Фукидид еңбегі болды. Фукидид б.з.д. 431-404 
жылдардағы Пелопонес соғысының оқиғасына арналған шығарма болып 
табылады. Фукидид жақсы білім алды, Афиныда жауапты қызметтерді 
иеленді. Соның ішінде, жоғары әскери қызмет стратег болды, өз кезеңінің 
саяси оқиғалардың механизмін жақсы білді. Б.з. 424 жылы соғысты сәтсіз 
жүргізгені үшін Афиныдан қудаланған Фукидид Фракияда орналасты және 
өмірінің соңғы жылдарын «Тарих» жазуға арналды. Пелопонес соғысының 
тарихы бойынша үлкен фактілік материал жинауға бос уақыты және қажетті 


99 
қаражаты болды. Егер Геродот өзінің тарихында аңыздық мәліметтерді 
қолданса, Фукидид күмәнді мәліметтерді алып тастап, фактілерді тиянақты 
түрде тексерді. Деректермен сыни жұмыс антикалық тарихнаманың ұлы 
жетістігі болды. Фукидид еңбегі 8 кітаптан құралған, онда б.з.д. 431-411 
жылдар аралығындағы Пелопонес соғысындағы оқиғалар баяндалды. Бірақ 
Фукидид әскери қимылдары тиянақты және толық сипаттама берумен 
шектелмейді. Ол соғысушы жақтардың ішкі өмірі, әр түрлі халық 
топтарының өзара қарым-қатынастары және қақтығыстары, саяси 
құрылыстағы өзгерістерді бейнелейді. Фукидид грек полистерінің 
дамуындағы маңызды факторы әлеуметтік күрес деп көрген ең алғашқы грек 
тарихшысына айналды. Фукидид соғыс қандай сансыз зардаптар 
әкелетіндігін ғажайып күшпен көрсетті. Өзінің «тарихында» гректерді бейбіт 
түрде бірігуге, Пелопонес соғысына ұқсас қиратушы күштен бас тартуға 
шақырды. Фукидидтің кіші замандасы әр түрлі әдеби мұра қалдырған, 
Афиныдағы Ксенофонт (б.з.д. 430-355 жж) тарихшы және публицист болды. 
Ксенофонт парсы патшасы Кирдің жалданушыларында қызмет етіп, 
спартандықтар әскерінде шайқасты. Өзінің полисіне қарсы соғысқа 
қатысқаны үшін ол Афиныдан қудаланды және де өлім жазасына тартуға 
байланысты шешім шығарылды. Көп уақыт бойы Пелопонесте өмір сүрді. 
Өмірінің соңғы кезеңінде амнистия жарияланды және Афиныға шақырылды, 
бірақ бұл шақыруды қолданған жоқ. Тәжірибелі саясатшы және жауынгер өз 
ғасырында көп нәрсені көрген Ксенофонт өзінен кейін әр түрлі шығармалар 
қалдырды. Өзінің «Грек тарихында» ол Фукидид еңбегін оқиғалардың б.з.д. 
411 жылдардан бастап жалғастырып, б.з.д. 362 жылғы Мантинейдегі 
шайқасына дейін жеткізді. Бірақ Фукидидтен айырмашылығы, Ксенофонт 
өзінің материалын тиянақты талдаудан өткізген жоқ. Оның еңбегінде 
көптеген бос жерлер, айтылмай қалған жерлер, нақтылық жоқ мәліметтер 
көп. Ксенофонт тарихи еңбегінің құндылығы ол өз кезеңі туралы жазды, 
көптеген оқиғалардың қатысушысы және мәліметтерді ең бірінші қолдан 
білді. Ксенофонтқа сыни талдау жетіспейді. Сонымен бірге, еңбегінде Спарта 
және оның саясатын мақтауға тырысады.Ксенофонт басқа да шығармалар 
жазды: экономикалық тақырыпқа бірнеше шығармалар «Экономика», 
«Табыстар 
туралы» 
трактаттар, 
публицистикалық 
трактаттар 
«Лакодемоняндықтардың мемлекеттік құрылымы жайлы», «Киропедия». 
Ксенофонт консервативті идеяны дамытады, спартандық олигархияны 
идеалды түрде көрсетеді. «Кир тәрбиесінде» идеалды басқарушы бейнесі 
арқылы монархиялық идеялардың жемістілігін негіздеуге тырысады. Кіші 
Азияның шығыс облыстарының тұрмысы және өмірі туралы құнды 
мәліметтер, жалдамалы әскер туралы құнды мәліметтер «Анабасис» 


100 
еңбегінде келтіріледі. Сонымен бірге, Сократ философтың оқушыларымен 
әңгімесінің мазмұнын Ксенофонт «Естеліктер» деген трактатында 
сипаттайды. Ксенофонттың әр түрлі тақырыптарға жазылған шығармалары 
б.з.д. V-IV ғасырдың бірінші жартысындағы грек қоғамының өмірінің 
жақтары жайлы әр түрлі және құнды мәліметтер келтіріледі. Басқа грек 
авторлары ішінде Эфор және Феопомпты атауға болады, бірақ олардың 
шығармалары 
бірнеше 
үзінділерде 
сақталынған. 
Өздерінің 
саяси 
қарсыластары - Афины демократтары және Афины демократиясының 
мемлекеттік 
құрылымын 
жалынды 
түрді 
әшкереленген 
саяси 
публицистиканың ең жарқын үлгісі б.з.д. IV ғасырдың 20 жылдарындағы 
белгісіз афиналық олигархтың трактаты болып табылады. Трактат шартты 
түрде псевдоксенофонттық Афиндық полития деп аталады. Әр түрлі 
ерекшеліктегі мәліметтер б.зд. IV ғасырындағы Афины шешендерінің 
сөздерін келтіріледі. Оның ішінде Лисий, Исократ, Демосфен, Эсхил, 
Гиперид атауға болады. Ең ежелгісі Гиперид және Динарх сөздері. 
Шешендер әр түрлі тақырыптарға сөздер құрастырды: саяси жала жабу 
немесе қорғау, азаматтық арыз, парақорлық және қазына тонаушылық, 
немесе қорғады және бұл мәселенің мақсатына байланысты материал 
жинақтады. Сөздер өте тенденциялық дерек болды. Онда шынайы орны 
саналы түрде бұрмаланды. Бірақ сөздерде әр түрлі ерекшеліктегі үлкен 
материалдар бар. Шешендер көбінесе, заңдардың баптарын, заңдық қаулыны, 
халықаралық келісімдер баптарын талқылап, мұра және заңдық туралы 
мәліметтер 
келтірді. 
Сөздердің 
құндылығы 
тарихи 
шындықтың 
шынайылығын көрсетеді және кезеңнің тірі құжаты болып табылады. 
Өзін-өзі тексеріу сұрақтары:
1.Грекиядағы полистер қалай пайда болды? 
2.Неліктен Пелопоннестегі қалалар Спартаның төңірегіне бірікті? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет