Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Рим әдебиетінің кезеңдерге бөлінуі әдеби латын тілінің дамуымен сәйкес 
келеді. 
І. Ежелгі кезең – рим әдебиетінің пайда болуына дейін (б.д.д. 240 ж, дейін). 
ІІ. Архаикалық кезең – Цицеронның әдеби қызметіне дейін (б.д.д. 240ж.- 81 
жж.). 
ІІІ. Рим әдебиетінің «алтын дәуірі»: 
1) Цицеронның заманы – рим прозасының гүлдену кезеңі (б.д.д.81-43 жж.);
2) Августың заманы – рим поэзиясының гүлдену кезеңі (б.д,д. 43-14 жж.). 
IV. Рим әдебиетінің «күміс дәурі» (14-117 жж.). 
V. Соңғы императорлық кезең (117-476 жж.). 
Рим мифологиясы. Римдіктер олимп құдайларына құлшылық етті, бірақ 
олардың аттарын өзгертіп алды. Мысалы, бас құдай Зевсті – Юпитер, теңіз құдайы 
Посейдонды – Нептун, өлілер патшалығының әміршісі Аидты – Плутон, неке, аналар 
мен балалардың қамқоршысы, Зевстің әйелі Гераны – Юнона, соғыс құдайы Аресті – 
Марс, сауда-саттықтың құдайы Герместі – Меркурий, сұлулық пен махаббат құдайы 
Афродитаны – Венера, қолөнері мен өнерді қорғаушы әйел құдай Афинаны –
Минерва, аңшылық құдайы Артемиданы – Диана, ұста құдай Гефесті – Вулкан деп 
атады, бақыт құдайы Тюхэні – Фортуна, махаббат құдайы, Афродитаның ұлы 
Эротты – Амур немесе Купидон деп атаған.
Б.д.б. І ғ. соңы мен б.д. І ғ. басын рим поэзиясының «алтын ғасыры» деп атайды. 
Римнің аса көрнекті ақындары осы уақытта өмір сүріп, өз шығармаларын жасап 
кетті. 
Рим театрыларында грек және рим драматургтарының трагедиялары мен 
комедиялары қойылды. Император Помпей Грекиядағы театр жұмысымен танысып, 
солардың үлгісі бойынша Римде тастан қаланған алғашқы театр салдырды. І ғ. 
Римде 50 мың көрермен сиятын атақты Колизей театры салынды. Грек 
жазушыларының шығармалары латын тіліне аударылды. Рим ақындарының өздері 
де көптеген тамаша дастандар мен өлеңдерді жазды.
Плавт – біздің заманымызға дейін шығармалары тұтас жеткен, комедия 
жанрында жазған алғашқы рим авторы (б.д.д. 184 ж. шамасында дүниеден кетті). Тит 
Макк (жалған аты Плавт – «жалпақ табан» деген мағына береді) Умбрияда туып-
өскен. Ол туралы мәлімет өте аз. Танымал драматург көптеген комедияларын 
қалдырды. 
Оның 
комедиялары 
грек шығармаларының 
сюжеттеріне 
жазылған. Көбіне Плавт «жаңа» аттикалық комедия авторларын алды – Менандр, 
Филемон, Дифилды. 
Плавт 
демократиялық 
бағытта 
жазған 
драматург.Оның 
көптеген 
комедияларында икемді құлдың бейнесі үлкен сүйіспеншілікпен суреттеледі 
(«Елес», «Вакхидалар», «Псевдол»). 


109 
Плавтың әйгілі комедиялары – «Мақтаншақ сарбаз», «Екі Менехм», «Тұтқын» 
т.б. Плавтың пьесалары шешен диалогқа, күлкіге құрылған. Олар гректер мен 
римдіктердің өмірін, тұрмысын шебер суреттеп, ескі әдет- ғұрыпты күлкі етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет