Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Есеп беру түрі: Семинар сабағында студент ауызша жауап береді.
 
№5 тақырып Ертедегі Жерорта теңізінің Шығыс жағалауы мен Аравия. 
Мақсаты: Ертедегі Жерорта теңізінің Шығыс жағалауы мен Аравия туралы
тарихи деректер мен тарихнама сүйене отырып қолөнермен сауданың дамуы 
туралы білімдерін бекіту.
Негізгі сұрақтары:
5. Халқы мен шаруашылығы.
6. Финикия сауда қаларының гүлденуі. 
7. Дамаск патшалығы. 
8. Б.з.д. ІХ-ІІІ ғғ. Карфаген. 
Тапсырма: Ежелгі Шығыс Жерорта теңізі маңындағы мемлекеттердің даму 
кезеңдеріне сипаттама беру, Қолөнермен сауданың дамуына тоқталу керек, 
Дамаск және оның көрші жерлерді қосып алу мен әлсіреу себептерін талдау. 
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Ертедегі Жерорта теңізінің 
Шығыс жағалауы мен Аравияның халқы мен шаруашылығы, Финикия сауда 
қаларының гүлденуі,
Бұл аймақты мекен еткен халықтардың желге тиіп
күнге күйген түрлеріне қарап, гректер оларды (файнекес) - қоңыр түстілер 
десеп атауы, ал египеттіктер (фенеху) - кеме жасаушылар деп атауының 
себептеріне тоқталу. Осы ұғымдардың нәтижесінде Финикия түсінігінің
қалыптасуы. Финикияның Тир, Библ және Сидон қалалары Жерорта теңізінің 
жағалауында орналасқандықтан сауда жолдарының тоғысатын орны ретінде 
салыстыру. Қалаларда шеберлер, қолөнершілер, зергерлер, ағаш пен піл 
сүйегін өңдеушілер, мөлдір шыныдан әр түрлі бұйымдар жасаушылар және 
қара қошқыл түске боялған маталардың өндірілуі.
Дамаск патшалығы, ел 
ішіндегі шиеленістер мен әлеуметтік жіктелу. Ішкі және сыртқы саясатқа 
тоқталу, Әлеуметтік – діни реформалар оның мәні мен маңызын талдау, ұлы 
державалық сатыға дейін өрлеу кезеңіне тарихи деректер мен ғылыми 
зерттеулер негізінде сипаттама беру. Қала мемлекеттердің пайда болуына 
сипаттама беру, Карфагенге Египет, Хетт, Вавилон, Ассирия мәдениетінің 
әсері. Б.з.д. ІХ-ІІІ ғғ. Карфаген, Аравия түбегіндегі ертедегі мемлекетінің 
ежелгі кездегі дамудың ерекшеліктері мен мемлекеттік бірлестіктер туралы 
зерттеулерін талдау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет