Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


№1 тақырып Ежелгі шығыс халықтарының тарихы Мақсаты



Pdf көрінісі
бет59/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
№1 тақырып Ежелгі шығыс халықтарының тарихы
Мақсаты: Ежелгі Шығыс халықтарының даму кезеңдерімен таныса отырып, 
формалары мен ерекшеліктері туралы білімді бекіту. 
Негізгі сұрақтары:
1. Алғашқы құлиеленуші мемлекеттер.
2.Ежелгі Шығыс халқы және тілдік топтары. 
3. Ежелгі Шығыс халықтарының дамуын кезеңдерге бөлу. 
Тапсырма: Ежелгі шығыс халықтарына тоқталу,кезеңдерге бөлу, ежелгі 
шығыс халықтарының мәдениетінің ерекшеліктеріне сипаттама жасай 
отырып конспект әзірлеу. 
Әдістемелік нұсқау: Алғашқы таптық мемлекеттерге,«Классикалық шығыс 
» деген атауға тоқталу, Ежелгі Шығыс халықтарының дамуын кезеңдерге 
бөле отырып сипаттама беру, ежелгі шығыс экономикасының дамуындағы
қауымның рөліне сипаттама жасау қажет. 
Есеп беру түрі: Студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 1- апта, 
4балл 
№2 тақырып Ежелгі Египет. 
Мақсаты: Ежелгі Египетегі фараондардың саяси реформаларымен таныса 
отырып білімді бекіту және оқу дағдыларын қалыптастыру. 
Негізгі сұрақтары:
1.Эхнатонның діни – cаяси реформасы. 
2. Рамсес ІІ ішкі және сыртқы саясаты. 
3.Камбиз бен Дарий І тұсындағы Египет. 
4.Б.з.д. 322ж Александр Македонскийдің Египетке жорығы, оның 
державасының құрамына Египеттің енуі. 
Тапсырма
:
Эхнатонның діни саяси реформасына сипатама беру,Рамсес ІІ
жүргізген ішкі және сыртқы саясатының мәніне тоқталу, Камбиз бен Дарий І 
тұсындағы Египеттің саяси жағдайына тоқтала отырып. Александр 
Македонскийдің Египет тарихында алатын орнына тоқтала отырып студент 
конспект әзірлеу. 
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Эхнатонның діни – cаяси 
реформасы, Рамсес ІІ ішкі және сыртқы саясаты, Камбиз бен Дарий І 
тұсындағы Египет, Б.з.д. 322ж Александр Македонскийдің Египетке 
жорығы,оның державасының құрамына Египеттің енуі тақырыптарындағы 
зерттеулерін талдау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет