Ежелгі Ќытай философиясы



бет1/2
Дата19.02.2023
өлшемі0,71 Mb.
#69277
  1   2
  • Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы – Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
  • Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады
  • Брахмандар – ой еңбегімен,
  • кшатрийлер – әскери істермен,
  • вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен,
  • шудралар – қара жұмыспен шұғылданды.
  • Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
  • Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
  • 1) ғылыми оймен байланысының аздығы;
  • 2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
  • 3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
  • 4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі;
  • 5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі.
  • Ежелгі Үнді философиясының бастауы – біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.
  • «Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен түрады:
  • 1) Самхиттер – құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
  • 2) Брахмандар – діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр.
  • 3) Араньяктар – «Орман кітаптары» – қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды.
  • 4) Уланишадалар – философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Uрапі-sаd ( «қасында отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді. Упанишадалар – ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы – болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет