Ежелгі Қосөзен



Дата11.03.2023
өлшемі0,84 Mb.
#73419

Ежелгі Қосөзен

Қосөзен

Месопотамия өркениеті (б.з.б. 3000 – 331) – әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі. Тигр мен Евфрат өз-нің аралығындағы (Қосөзен) халықтардың мемлекет құру, мәдениет және әлеум. Қатынастар жүйесінде қол жеткізген, өзге әлемдік мәдениет және қауымдастықтармен ықпалдастық барысында пісіп жетілген рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы.

Шумер және Аккад


Оңт. Қосөзен бойын алғаш шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ Қосөзеннің оңт. Жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең ежелгі мәдени орт-тарының бірін негіздеді. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жатқан.

Вавилон

  •  Хаммурапи (б.з.б. 1792 – 1750) тұсында бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды. Ол елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырып, оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 ж. тауып, зерттеген. Елдегі тәртіп пен тыныштық заң бойынша қадағаланды, адамдардың міндеттері белгіленді. Заңның іске асып отыруын патшаның өзі тікелей бақылауына алды. Аймақ, қала әкімдерінен заңның дұрыс орындалуын талап етіп отырды. Б.з.б. 604 – 562 ж. билік еткен Навуходоносор патшаның кезінде Вавилон ең әсем қала ретінде бүкіл әлемге әйгілі болды

Аспалы бақ

  • Атақты “Аспалы бақ”, Иштар құдайдың құрметіне арналған алып қақпа, Мардук құдайдың ғибадатханасы осы кезеңдерде дүниеге келді. Ұибадатхананың мұнарасына байланысты “Вавилон аласапыраны” деген аңыз (миф) тараған. Аспалы бақ ежелгі дүниедегі әлемнің жеті кереметінің бірі. Вавилондықтар ақыл-ойының тамаша жетістігі болып саналған бұл бақ қаланың сәулеті мен даңқын асқақтата түсті.

Жазу

  • Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтірген шумерліктер. Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды. Біртіндеп суретті толық салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы жазу қалыптасты. Бұл жазу жүйесі сына жазуы деп аталды. Сына жазу мен аккад тілі бүкіл Таяу Шығыста халықар. Қарым-қатынас құралы дәрежесіне жеткен. Археологтар сына жазу жүйесін зерттей отырып, ежелгі әдеби шығармаларды, заңдарды, жылнамаларды оқыды. Шумерліктер жазуын кейіннен бүкіл қосөзендіктер үйреніп, Урарту, Сирия, Финикия елдерінде осы шумерліктер негіздеген жазуды пайдаланды. Оларды кейіннен гректер де үйренді. Шумерлік жазу әр түрлі өзгерістерге түсе отырып, бүгінге дейін жеткен. Жазушы О.Сүлейменов “Аз и Я” атты еңбегінде шумер жазуына кеңінен тоқталған

Ғылым

  • Вавилондық астрономдар египеттіктерді едәуір басып озып, аспан денелерін, яғни басқа планеталарды және қозғалмайтын жұлдыздарды бақылап зерттеуде үлкен табысқа ие болды; олар Күннің, Айдың айналасын және тұтылудың қайталану заңдылықтарын есептеп шығарды. Олардың барлық ғыл. Білімдері мен ізденістері бақсылық, балгерлікпен байланысты болды. Оқымысты абыздар математикамен де айналысты. 60 санын олар киелі деп есептеді. Олардың ізімен біз күні бүгінге дейін сағатты 60 минутқа, шеңберді 360 градусқа бөлеміз

Қорытынды

  • Вавилон Адамзат тарихындағы алғаш жетілген әлеум. Қоғамдар мен мемлекеттер Қосөзен бойында қалыптасып, жалпы адамзаттық өркениеттің тамаша ошағына айналды


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет