Ежелгі рим мәдениеті



бет1/2
Дата14.10.2022
өлшемі17,99 Mb.
#43056
  1   2

ЕЖЕЛГІ РИМ МӘДЕНИЕТІ

  • Рим немесе Рома (айтылуы /rəʊm/; итал. Roma, айтылуы /'roma/; лат. Roma) — Италия елінің астанасы, Лацио әкімшілік аймағына қарасты Рим провинциясында орналасқан.
  • Рим Тиррен теңізінен 25 км қашықтықта орналасқан Тибр өзенінің сол жағалауында және Апеннинс тауы шатқалынан бірдей қашықтықта, Апенниннен теңізге дейін созылған аңғарда орналасқан.
  • Көптеген еуропалық қалалардан айырмашылығы, қала құрылысы ауданы қала шекарасының төрттен бір бөлігі ғана.
  • Рим қаласы муниципияға (аймақ), 22 ауданға, 35 махалла, 6 қала маңындағы шағын елді мекен және 53 зонаға бөлінген.

Рим атауы аңыз бойынша қаланың негізін қалаушының бірі Ромул есімінен туған. Көне заманғы аңызға қарағанда, Рим алғаш б.з.б. 754—753 ж. салынған (археол. мәліметтерде Римнің орнында одан әлдеқайда бұрын мекенжайлар болғаны дәлелденді). Кішігірім қала-мемлекет (полис) — Рим біртіндеп Апеннин түбегін, кейін одан тысқарғы кең байтақ жерлерді бағындырып, Жерорта теңізі алабындағы — Ежелгі Рим мемлекетінің астанасына айналды.
Ежелгі римдіктер Рим тарихын аңыз бен әфсана түрінде жеткізген. Солардың ішінде ең атақтылардың бірі қасқыр емізген егіздер Ромул мен Рем туралы. Олар қала құру туралы шешім қабылдайды, алайда даудан кейін Ромул өз бауырын өлтіреді. Римдік тарихшыларға сәйкес қаланың іргетасы б.з.д. 753 жылдың 21 сәуірінде орын алған.

АРХИТЕКТУРАСЫ


Римнің іргетасы қаланғанына үш мың жылға жуық. Рим жәдігерлерінің ұзын санын ешкім де анық айта алмас. Осы ғажайып шаһардағы Әулие Петр Соборы, Венеция сарайы, Сикст капелласы, Капитолий Консерваторлар сарайы, Рим форумы, Апий жолы, Треви субұрқағы, Әулие Каллиста Катакомбасы, Испания алаңы, Пантеон, Әулие періште қамалы сияқты ғимараттардың әрқайсысын жеке алып айтса да болар еді.
  • Колизей. Ол расында да қалай асқақтатып айтса да, соған тұратындай ғажайып ғимарат. Колизей атауы латынның «колоссеум» («алапат ауқымды») деген сөзінен шыққан. Бұл амфитеатрдың ұзындығы 188 метр, ені 156 метр, сыртқы қабырғасының биіктігі – 48 метр, бұл дегеніңіз кәдімгі 12 қабат үймен тең, іргетасының тереңдігі 13 метр, амфитеатрдың мыңдаған жыл бойы қозғалмай тұрғанының да себебі сонда. Колизейге бір мезгілде 50 мың көрермен сыятын болған. Мұндай ауқымдағы стадионға 100 мың адам да сыйып кететіні белгілі, бұл арадағы айырмашылық ерте замандағы көрермендердің қазіргідей сығылыспай, еркін отырғандығында. Сексен жерден кіріп шығатын есіктерден енген адамдар айналасы он минуттың ішінде толық жайғасып үлгереді екен. Сол заманда бүгінгідей трибунасы, секторлары, отыратын орны көрсетілген билеттер болған, сондай-ақ Колизей гладиаторлар айқасын қызықтайтын да жер болған.
  • Қаладағы тағы бір құдірет – Пантеон. Таң қаларлық басты қасиеті - архитектуралық шешімнің қарапайымдылығы. Пантеонның кереметі - оның 9 метрлік шаңырағы. Онда жалғыз есік пен жалғыз тесік бар. Нөсерлеген жаңбыр жауса да, оған бір тамшы су тамбайды. Оған кіргеннен-ақ бір жерден түсетін күн сәулесі тек қана сіздің жүзіңізге түскендей тылсым бір күй кешесіз. Оның себебін түсіндіру қиын.
  • Римге барған адам Ватикан мемлекетіне соқпай кетпейтіні белгілі. Католик әлемінің ең қасиетті ғибадатханасы Әулие Петр соборы осында. Адамзаттың ұлы суреткерлері Микеланджело мен Рафаэльдің таңғажайып талантының арқасында Капитолий қырқасында тұрғызылған бұл ғимарат дүние дидарындағы шын кереметтердің бірі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет