Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1

www.kazektep.kz



ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ

Журнал  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  шешімімен 1925  жылы  құрылған

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 

ЖУРНАЛ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК

№1, 2015

(1068)

ҚАҢТАР

РЕДАКЦИЯ:

Бас редактор – Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің үздігі, 

“Ы.Алтынсарин” белгісінің иегері.

Бас кеңесші – Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ,

“Құрмет” орденінің, “Ы.Алтынсарин” медалінің иегері, ҚР білім беру жүйесінің 

құрметті қызметкері.

Бас редактордың орынбасары – Жолдас САРМАНОВ.

Менеджер – Досқали ЖҮНІСБЕКОВ.

Оператор-беттеуші – Нәзигүл СӘДУАҚАСОВА.

Корректор – Күлила МАЙТЫБАЙ.

Андриенко Елена – педагогика ғылымының 

докторы, Новосибирь мемлекеттік уни-

верситетінің  профессоры,  академик.  Ресей    

Федерациясы.

Ахметова Гүлнас – Ұлттық “Өрлеу” білік-

тілікті арттыру орталығы акционерлік 

қоғамының басқарма төрайымы, педаго-

гика ғылымының докторы, профессор.

Аяшев Оңалбай – Оңтүстік Қазақстан 

мемлекеттік педагогика институтының 

ректоры, профессор.

Далабаев Жандарбек – Алматы облыстық 

білім басқармасының бастығы.

Жылбаев Жанбол – Ы.Алтынсарин 

атындағы ұлттық білім академиясының 

президенті.

Кабуш Владимир – педагогика  ғылымының 

докторы, профессор. Беларусь  Республи-

касы.

Кеун Джанг Ли – КИМЭП   университетінің 

Журнал Кеңес Одағы Жоғарғы  Кеңесі Президиумының өкімімен 1975 жылы 

“Құрмет” белгісі орденімен, 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

Құрмет грамотасымен марапатталған.  

ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ди-

ректоры. Лондон экономика мектебінің про-

фессоры. Оңтүстік Корея Республикасы.

Пірәлиев Серік – Абай атындағы 

Қазақ ұлттық мемлекеттік педагоги-

ка университетінің ректоры, педагогика 

ғылымының докторы, профессор.

Сақыпов Нұрлыбек – Қарағанды мемле-

кеттік медицина университетінің про-

фессоры, медицина ғылымының докторы, 

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, 

Қазақстан педагогикалық ғылымдар ака-

демиясының академигі.

Таубаева Шәркүл – әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің профессо-

ры, педагогика ғылымының докторы.

Тәжібаева Салтанат – педагогика ғылы-

мының кандидаты,  профессор.

Тұрғынбаева Ботагүл – педагогика ғылы-

мының докторы, профессор.

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ: 

Электрондық пошта: kaz_mektep@mail.ru   

Сайт: www.kazmektep.kz

2

www.kazektep.kz



МАЗМҰНЫ

Бас редактор сөзі

С. Бектенғалиева. Жазылуға әлі де кеш емес ....................................... 3

Білім жүйесі: ізденістер, игі істер

З. Тастемірова. 12 жылдық білім беру моделіне көшу – уақыт 

 талабы 

 ........................................................................................... 5

Қ. Ахинбасов. Ғылыми-әдістемелік қызметтің нәтижелілігі мен 

 тиімділігі ......................................................................................... 8

Ш. Имашева.  Дарынды оқушыларға нәтижеге бағытталған 

  білім беру ........................................................................................11

А. Рүстемова. Мұғалім жаңашыл үрдістерге бейім болуға тиіс ........ 14

А. Искакова. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау .................... 17

Г. Мадиева. Обучение функциональной грамотности на уроках 

  русского языка и литературы ....................................................... 20

А. Сүлейменова. Жаңа оқыту технологиялары және интерактивті 

 тақта ........................................................................................... 25

А. Инсебаева. Компьютерлік ойындардың бала психологиясына 

 әсері ............................................................................................... 27

Педагогика ғылымы: зерттеулер

Қ. Бақтиярова. Сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілінің тиімділігі ........ 29

С. Мұхамбетова, А. Ибраһимова. Кәсіби коммуникативтік құзы-

 реттілік ........................................................................................ 32

В. Кабуш. Моральные ценности детского объединения ..................... 37

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында

Н. Сұлтанова. Білім беру  жүйесінде “Базалық алаң” бағдарлама-

  сының жаңа мазмұны .................................................................... 44

М. Досаев. Өндірістік оқуды ұйымдастыру және басқару ................ 47

О. Жәли. Экономикалық тәрбие мен білім берудің маңыздылығы ..... 49

К. Себепова. Құқықтық мәдениет – басты мәселе .......................... 50

Тағзым

О. Суханберлин. Білімнің бұтақ жайған бәйтерегі .......................... 52

  К. Қожахметова.    Қазақ этнопедагогикасының мәні, құрылымы ... 54

Педагогикалық идеялар фестивалі

Б. Әліқожа. Жаңашыл ұстаздар байқауы ......................................... 57

45 минут

Ә. Жомартова. Ұлттық ойындар арқылы салауатты өмірге баулу ... 59

Г. Нұғымарова. “Алып бала” әңгімесі ................................................ 60

Б. Нұрғалиева. Әдебиеттік оқу .........................................................61

Г. Тұрлыбекова. Қазақстанның ХІХ ғасырдағы жағдайы ................. 62

3

www.kazektep.kz



Бас редактор сөзі

ЖАЗЫЛУҒА  ӘЛІ  ДЕ  КЕШ  ЕМЕС



Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты, 

доцент

ұғалім – жауапкершілігі өте жоғары мәртебелі 

мамандықтардың бірі. Олай деуге негіз: ол – бала 

М

қалыптасып жетілуі жолындағы күрескер десек болады. Демек, ұстаз 

ұлағатты, білікті де білімдар, мәдениетті де парасатты, жан-жақты хабар-

дар болуы ләзім. Ендеше осы жауапты міндетті мойнына артқан әрбір 

мұғалім білім мен тәрбие берудің қыр-сырын игеріп, тынбай ізденуі тиіс.  

Ол үзбей оқу арқылы келеді. Мұндайда көмекке келетін кәсіби салалық 

басылымдар мен әдістемелік оқу құралдары екені күмәнсіз. Қазақ елінде 

тұңғыш дүниеге келген “Қазақстан мектебі” (алғашқы атауы – “Жаңа 

мектеп”) журналының қажеттілігі сол, түсінген мұғалім үшін таптырмас 

көмекші құрал. Қазір ғаламторға иек артқан заман. Дегенмен, кәсіби 

басылымдардың өзіндік орны бөлек. “Қазақстан мектебі” журналының 

әрбір санынан ғалымдардың, ізденушілер мен магистранттардың ғылыми 

еңбектерін, озат мұғалімдердің үздік іс-тәжірибелерін үнемі оқи аласыз-

дар. Бұдан тыс журнал мұғалімдер қауымының әрбір талап-тілегін, мұң-

мұқтажын қанағаттандыруға қашанда әзір.

Журналға жазылуды талдап көргенде, 2012–2014 жылдары көңіл 

көншітерлік болмағаны анықталған. Ал 2015 жылға жазылу барысы 

бізді тіпті таң қалдырды. “Қазпошта” мәліметі  бойынша 2015 жылға 

“Қазақстан мектебі” журналына Оңтүстік Қазақстан облысы – 124, 

Шығыс Қазақстан облысы – 118, Алматы облысы – 102, Атырау об-        

лысы – 96, Қарағанды облысы – 94, Батыс Қазақстан облысы – 87, Ақтөбе 

облысы – 65, Қызылорда облысы – 63, Маңғыстау облысы – 58 данаға 

ғана жазылған. Ал қалған облыс мұғалімдерінің жазылғаны 10–30 дана 

айналасында қалып отыр.



“Қазақстан мектебі” журналы – сонау 1925 жылдан шығып келе жатқан 

тұңғыш педагогикалық басылым. Биыл салалық қарашаңырақ журналға 

90 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде мұғалім мерейін тасытқан, 

ұстаз ұлағатын дәріптеген төл журналын бұрынғы ардагер ұстаздар ардақ 

тұтып, тігінділер жасап көзінің қарашығындай сақтағанын кейінгі буын 

мұғалімдерінің бірі білсе, бірі білмейтіні анық.

Тоқсан жылдық мерейтойы атап өтілетін 2015 жылы қарашаңырақ 

саналатын  “Қазақстан мектебі” журналына қолдау көрсетіп, тығыз бай-

ланыс орнатыңыз. Хат жазып, хабарласып, өз ой-пікірлеріңізді,  соңғы 

жаңалықтарды, тың ізденістерді редакция поштасына жолдаңыздар, ре-

дакция сайтына кіру мүмкіндіктеріңіз де бар.

Тағы бір ескертеріміз: “Қазақстан мектебі” журналы атауына ұқсас 

басылымдар бар. Соны шатастырып алмауларыңызды өтінеміз. Біздің ин-

декс – 75737.

Ал облыстық білім басқармасы басшылары журнал мерейтойы 

құрметіне “90  жылға – әр  ауданнан  90  журнал” ұраны негізінде 

“Қазақстан мектебіне”  жазылуды ұйымдастырса, құба-құп деп қуанар 

едік. Журналға жазылу жыл бойы жалғаса беретіні белгілі. Ендеше кеш 

емес, ұстаздар.

Жаңа 2015 жыл баршаңызға құт-береке, молшылық әкелсін! 2015 

жылы да бізбен бірге болыңыздар.

бағбаны, білім мен тәрбие беруші, яғни ата-анасынан 

кейінгі үлкен өмірге бағыт-бағдар көрсетіп, олардың 


4

www.kazektep.kz

института. Под его руководством сформировался профессиональный твор-

ческий коллектив преподавателей и методистов института, активно реа-

гирующий на все изменения, происходящие в отрасли образования. При 

активном участии Толеша Мукашевича в регионе начали жизнь конкурсы 

«Учитель года», научные конференции молодых исследователей, различ-

ные педагогические чтения.

Были в его послужном списке и должности в Министерстве просвещения 

Каз ССР, где Толеш Мукашевич занимался инспекционной деятельностью, 

был заместителем директора инспекционного отдела по научно-методической 

работе.


За верность педагогическому делу, за заслуги в области образования и 

многолетнюю профессиональную деятельность в феврале 1992 года  Мажи-

кеев  Толеш  Мукашевич  получил  звание    «Заслуженный  работник  Республики              

Казахстан». 

Т.М. Мажикеевым издано 43 научно-методических пособий, свы-

ше 60 статей, опубликованных в журналах «Казахстан мектебі», «Білім –

Образование»,«Творческая педагогика», «Фемида», «Открытая школа», «Білім 

технологиялары – образовательные технологии», «Вопросы воспитания» 

(Минск, Республика Беларусь) и др. Статьи печатались в газетах «Казахстан-

ская правда», «Учитель Казахстана», «Огни Алатау», «Труд» в Казахстане» и др. 

тезисные статьи в сборниках международных, всесоюзных, республиканских 

конференций (Москва, Ленинград, Ярославль, Казань, Симферополь, Минск, 

Гомель, Рига, Алматы, Семипалатинск, Костанай). Толеш Мукашевич вел целе-

направленное научно-педагогическое сотрудничество с учеными России, Бело-

руссии, Украины, Латвии, Эстонии, Молдавии, Киргизии, Грузии (Ю.К. Бабан-

ский, А.М. Моисеев, В.Ю. Кричевский, Е.П. Тонконогая, Ю.А. Конаржевский, 

Р.Х. Шакуров, Г.Г. Габдулин, В.К. Дьяченко, С.Н.Лысенкова, Н.В. Кухарев, 

В.Т.Кабуш, В.Г. Литвинович, О.С. Саметис, А.Отс, И.П. Раченко и др.).

В любом своем начинании, в любом деле Толеш Мукашевич во главу угла 

ставил внимание к человеку, его образованию и воспитанию, что в свою оче-

редь ставило вопросы об их смысле и назначении, сущности и результатах. И в 

свои 80 лет он по-прежнему в строю. Учится сам и учит других! Толеш Мукаше-

вич уверен, что любому человеку должны быть свойственны:

– формирование активной жизненной позиции;

– творческий подход к решению жизненных задач и проблем;

– стремление к совершенству в профессиональной сфере;

– наличие положительной установки в жизни;

– умение преодолевать неудачи;

– стремление в любом возрасте к усвоению новой информации;

– овладение новыми навыками;

– обогащение опыта.

С этим он живет! Этому он учит всех! Потому что быть в АКМЕ означа-

ет быть в полном цвете цветущая пора на высшей ступени развития. АКМЕ 

как расцвет, вершина – есть соматическое, физиологическое, психологи-

ческое и социальное состояние личности, которое характеризуется зрело-

стью ее развития, достижением наиболее высоких показателей в деятель-

ности, творчестве.

Желаем нашему дорогому Толешу Мукашевичу здоровья и благопо-

лучия! А также всего самого хорошего тем, кто ему безмерно дорог…Пусть 

жизнь почаще дарит те самые маленькие радости, из которых складывается 

большое счастье!  

Коллектив общеобразовательной 

средней школы №17 с дошкольным мини-центром

Талгарского района Алматинской области.

(Продолжение. Начало на 2-й странице обложки)

ЧЕЛОВЕК  С  НЕУТОМИМОЙ  ЭНЕРГИЕЙ



5

www.kazektep.kz



12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНЕ КӨШУ –

УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Зейнеп ТАСТЕМІРОВА,

Маңғыстау облыстық білім басқармасы 

басшысының орынбасары

«ХХІ ғасырдағы дамыған  ел дегеніміз – белсенді,  білімді 

және денсаулығы мықты азаматтар».

Н.Назарбаев

Білім жүйесі: ізденістер, игі істер

Қ

азақстан Республикасының білім беру кеңістігінде барлық деңгейдегі 

сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім берудің ұлттық 

моделін дамытуға қолайлы жағдайлар жасалуда.

Қазіргі қоғамымыздағы өзекті мәселелердің бірі – өзгермелі әлеуметтік 

және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын, айналасындағы шынайы 

өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, 

қабілетті, дербес келген жеке тұлғаны қалыптастыру. 

Еліміздегі білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасында жалпы орта білім беретін мектептер 

жөніндегі мәселелерді тиімді шешу арқылы 12 жылдық білім беру жүйесіне 

көшу көзделген.  12 жылдық білім беруге көшудегі бірінші сатыдағы негізгі 

бағдар – оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен қоршаған ортасының 

шынайылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу, оқуға талабын 

және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына қажетті 

танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың біртұтас 

оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету басты мақсат етіп қойылған.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстан жолы– 

2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына жолдауында 

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруін қамтамасыз 

ету жолындағы басым бағыттарды айқындап берген болатын. Соның ішінде 

білім беру жүйесін дамытуды басты бағыттардың бірі деп атап көрсетіп, алға 

қойған мақсатты жүзеге асыру үшін ұлттық білім берудің барлық деңгейінде 

сапаны жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атқаруымыз керек екендігін тап-

сырды.

Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғырту бағытында жүргізіліп жатқан 



іс-шаралар мен олардың нәтижелері елімізде білім беру реформасының 

жаңа кезеңге өтуге бет алғанын көрсетеді. Елбасымыздың тапсырмаларын-

да  көрсетілгендей, қазіргі мектеп партасында отырған балалар ертеңгі күні 

әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге  

көтерілуі керек.  Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында елімізде білім 

берудің жаңа жүйесі жасалды және әлемдік стандартқа енуге  бағыт алып, 

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қолға алынуда.       

Халықаралық стандарт бойынша жалпы орта білім беру 12 жылдыққа 

негізделген. Еуропа Кеңесінің университет проблемалары жөніндегі 

тұрақты конференциясы 1992 жылы қабылдаған декларациясында «әлемдік 



тәжірибеде 12 жылдық орта білім беру жүйесі ең таңдаулы болып саналады» 

деп жазылған. Бәлкім содан болар, әлемнің дамыған елдерінің 80 пайыз-

дан астамы  осы 12 жылдық оқыту жүйесінде білім береді.  Бұл соңғы 20–

30 жылда ғылым мен техниканың дамып, жаңа технологиялардың қоғам 

өмірінің әртүрлі саласына кеңінен енгізілуіне байланысты туындап отыр.  

Ендеше біз де әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде бұл мәселеден 

шет қалмауымыз керек. Керісінше, Қазақстанды әлемдік деңгейде көрсету  


6

www.kazektep.kz

бағытында мейлінше алға ұмтылуымыз керек. Осыған байланысты қазіргі 

таңда білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір 

педагог қауымының ойлануына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 

жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына 

негіз болары анық. 

Ағымдағы жылы ҚР Үкіметі, Білім және ғылым министрлігі, 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Назарбаев 

Зияткерлік мектептері бірлесе  «Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш 

білім беру стандартын»  жасақтады. Бұл  бастауыш білім берудің жалпы 

білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы 

оқу үрдісін ұйымдастыруға арналған негізгі құжат болып табылады. 

Қазір  қолданыста жүрген стандарт  мұғалімге бағытталған, яғни көп 

ақпаратты педагог айтады,  бала кітаптан ғана оқып шектелетін еді. Ал 

жаңа жүйе оқушыға бағытталады, бала өз бетінше ізденіс жасап, сондай-

ақ ғаламтордан әртүрлі ресурс құралдарын пайдаланып, бірінші сыныптан 

бастап зерттеуге деген дағдысын қалыптастыруға жол ашады. 

12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – әлеуметтік-

экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуға дайын, бәсекеге 

қабілетті жеке тұлғаны дайындау, яғни адамның жеке тұлғалық қасиетін 

қалыптастыру. Қазіргі қоғамның жаһандануы, адам ресурстарының 

мобильділігі, қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа көшу, бұқаралық 

ақпарат құралдары мен технологиялар ықпалының артуы, ғылымдағы ин-

новациялар – осылардың бәрі  уақыт талабы болып отыр. 

Бүгінгі болып жатқан өзгерістерге дайын болу үшін, ең алдымен, білім 

беру жүйесіне ықпал ететін факторларға тоқталып кетуіміз керек. Қазіргі 

таңда ғылым мен білім тұрақты жаңаруда, техника мен технологиялардың 

жылдам даму қарқыны байқалады, сонымен қатар қазіргі кезеңде белгілі 

бір сала мамандықтары бойынша берілетін стандартты біліктіліктің 

жұмысқа орналасуға жеткіліксіздігі сезіліп отыр. Ол үшін орта білім берудің 

мақсаты, мазмұны, әдіс-тәсілі жаңартылуы керек. Оқушылар бойында 

 

көшбасшылық, бастамашылық және кәсіпкерлік дағды,  икемділік, кез  кел-



ген туындаған мәселені шеше білуге, ұжымдық жұмыс ұйымдастыра  білуге,  

өз ойын ауызша да, жазбаша да сауатты және анық білдіру қасиеттеріне    

баулуымыз керек.  

12  жылдық  білім  берудің  басты  ерекшелігі:  баланың  жан-жақты                       

дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне және шығармашылық 

әлеуетін толық іске асыруына ықпал етпек. 

12 жылдық білім жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жасынан бара-

тын болады.  Бастауыш білім беру жүйесі 1–4 сыныптар аралығында бол-

са, 5–10 сынып оқушылары толық орта білімге ие болады. Ал 11-12 сы-

ныпта оқушылар қандай да бір профиль арқылы белгілі бір мамандыққа 

бейімделеді. 

Мамандардың зерттеулері бойынша, 12 жылдық білім беру жүйесінің 

төмендегідей артықшылықтары бары анықталған.         

1. Мектепті бала денсаулығына кері әсер етіп отырған бүгінгі 

ауыртпашылықтан құтқарудың жолы. Соңғы 15 жылда мектептегі сабақ 

кестесі ауырлап кеткен. Бұл балалардың денсаулығына кері әсер ете 

бастаған. Мектеп түлектерінің 10 пайызының ғана денсаулығы қалыпты 

нормаға сай көрінеді. Оқушылардың 15 пайызында жүйке ауруларына 

шалдығу, 50 пайызында әртүрлі созылмалы ауруларға ұшырау фактілері 

анықталған. Шектен тыс сабақтың ауырлығын 12 жылдық білім беру жүйесі 

жеңілдетері сөзсіз. 

2. Білім беру мазмұнын жаңарту. Соңғы жылдардағы сараптау 

қорытындылары көрсетіп отырғанындай, кеңестік білім беру жүйесі өзге 

өркениетті мемлекеттердің білім беру стандарттарына жауап бере алмай-

тындай деңгейге жеткен. Әсіресе, математика, жаратылыстану ғылымы бо-

йынша білім беру мәселесіне келгенде Қазақстан көптеген мемлекеттердің 



7

www.kazektep.kz

көш соңында тұр. Бұл білім жүйесінде информатика, экология, өмір сүру 

қауіпсіздігінің негіздері енгізілмеген, гуманитарлық пәндердің тәрбиелік 

мүмкіндіктері бағаланбайды. 

3. Материалдық-техникалық базаны жаңарту. 12 жылдық білім беру 

жүйесіне көшу арқылы біз бүгінгі талапқа сай келмейтін материалдық-

техникалық базаларымызды жаңартатын боламыз. 

4. Жұмыссыздықты  азайту  12 жылдық  білім берудің басты артық-

шылығы болып саналмақ. Бұл жүйе бойынша орта мектепті тәмамдаған жас 

жеткіншек жоғары немесе арнайы оқу орнына түсе алмаса, қол қусырып 

үйде отырмайды. 12 жылдық мектепте алған кәсіптік мамандығы  бойынша 

еңбек істеуге қабілетті болады. 

Әрине, бұл сараптауларға қарасақ, 12 жылдық білім берудің артық-

шылығы көрініп тұр. Біз білім берудің жаңа жүйесіне көшуге дайынбыз ба? 

Ол үшін облыста қандай жұмыстар жасалып жатыр деген сұрақтарға жауап 

іздеп көрейік. 

Білім және ғылым министрлігі тарапынан қойылған тапсырмаларды 

орындау үшін ұлттық білім берудің барлық деңгейлерінде сапаны жақсарту 

бағытында жергілікті атқарушы органдармен 2014–2016 жылдарға арналған 

3 жылдық меморандум,   12 жылдық білім беруге көшу жөніндегі 2014–2027 

жылдарға арналған жұмыс жоспары әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 

жылғы 4 шілдеде №263 бұйрығы негізінде облыстағы екі мектеп баста-

уыш 12 жылдық білім берудің оқу бағдарламаларын даярлаудан өткізу  

бойынша тірек мектеп болып белгіленді. Олар – Ақтау қаласындағы 

№11 мамандандырылған физика-математика мектебі және Түпқараған 

ауданындағы  М.Горький атындағы мектеп-лицейі.

12 жылдық оқу жүйесін енгізу бойынша 30 сынақтан өткізетін 

мектептердің бірі – Ақтау қаласында орналасқан  №11 мамандандырылған 

физика-математика мектебі мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес 

жабдықталған. Алдағы 2015-2016 оқу жылында 1-сыныптар бойынша  5 

сынып кешенін ашу жоспарлануда.  Бұл мектептегі 21  мұғалім  «Өрлеу» 

БАҰО АҚ  филиалдарында және Назарбаев Зияткерлік мектептері дер-

бес білім беру ұйымдары педагогикалық шеберлік орталығында деңгейлік 

бағдарлама бойынша курстардан өтті. 

Мектептің материалдық-техникалық базасын 40 оқу кабинеті, 2 

зертхана кабинеті, 2 мультимедиалық-лингофондық кабинет, 1 химия 

кабинеті, 1 физика кабинеті, 1 биология кабинеті, 9 интерактивті тақта, 

100 орындық асхана, лицензиясы бар 1 медкабинет, спортзал, 30 орындық 

мектеп жанындағы шағын орталық, 1 психологтің кабинеті, 2 информа-

тика кабинеті, дарынды оқушыларға арналып жабдықталған 1 медиатека 

кабинеті құрайды. Оқушылардың және мұғалімдердің ақпараттық білім 

беру ресурстарын пайдалануы үшін компьютерлер интернет желісіне 

қосылған. Мектептің жобалық қуаты 920 оқушыға арналған. Оқу екі ауы-

сымда жүреді.

Түпқараған ауданында орналасқан М.Горький атындағы мектеп-

лицей де мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жабдықталған. 

Мектептің материалдық-техникалық базасын бастауыш сыныптар, 

математика, физика, химия, биология, мультимедиа кабинеттері, 

компьютерлік сыныптар құрайды. 72 орындық асхана, спортзал, мед-

пункт, психолог кабинеті, химия және физика пәндерінің зертханалық  

кабинеттері және интерактивті тақта,  8 мобильді  компьютер, 24 прин-

тер, 6 көпфункционалды қондырғы, 4 сканер, 3 теледидар, 2 музыкалық 

орталық бар. Оқушылардың және мұғалімдердің ақпараттық білім беру 

ресурстарын пайдалануы үшін компьютерлер интернет желісіне қосылған. 

Оқу екі ауысымда жүреді. 

Мектепте 13 мұғалім «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарында және  Назар-

баев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары педагогикалық 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет