Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет11/12
Дата24.03.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Павлодар облысы

Ақсу қаласы.

Қ

68

www.kazektep.kz



ЖАҢАШЫЛ, ЗЕРТТЕУШІ ҰСТАЗ

Жанар АУСОФИНА,

Қапиза  Әбдіғұлов  атындағы                                                                                                                                                                                                                                                                                             

№ 34 мектеп-гимназиясы директорының

оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары

“Ұ

стаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға»,  – деген Абай сөзін өзінің 

өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы 

бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, 

олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жол-

мен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні 

де сондықтан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөзі де орынды 

айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-

қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.

Біздің мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін Мақсат Тумабаев – сон-

дай мақтауға лайық ұстаздардың бірі. Ол «Ақын-жыраулар поэзиясындағы 

имандылық пен адамгершілік мәселесін жастар тәрбиесінде пайдала-

ну» кітабын дайындап, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелегені үшін 

Қазақстан ардагерлері қауымдастығының төрағасы, Халық қаһарманы, 

генерал-лей-тенант Ертаев Бақытжан Ертайұлының алғыс хатымен ма-

рапатталып, «Қазақстан Республикасының Отан патриоты» төс белгісін 

омырауына тақты. Ал аудандық «Дарын ғылыми-зерттеу» жарыстарында, 

«Жарқын болашақ»   республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасын-

да, «Махамбет», «Мұқағали» оқуларында әділқазылар алқасының мүшесі 

болды. Ал Алматы облыстық педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру 

институты атынан және Талғар аудандық білім бөлімінен алған құрмет гра-

моталары мен алғыс хаттары қаншама. 

Мақсат Тумабаев өзі еңбек етіп отырған білім ордасында іс-тәжірибесін 

шыңдай түсіп қана қоймай өзгелерге көмек боларлық зерттеулер еңбегін 

жазыр, жас ұрпаққа және жалпы жас мамандарға көмектесерлік мақалалар 

мен бірнеше әдістемелік оқу-құралдарын шығарды. Атап айтар болсақ, ол – 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Өрлеу» БАҰО 

АҚ-на қарасты Алматы облыстық педагог қызметкерлерінің біліктілігін 

арттыру институты ғылыми кеңесінің мақұлдауымен «Мұқағалитану таңдау 

курсының бағдарламасы мен сабақ жоспары», «Жас тілші таңдау курсының 

бағдарламасы мен сабақ жоспарлар жинағы», «Сын тұрғысынан ойлау 

технологиясын қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пайдалану», «Ақын-

жыраулар поэзиясындағы имандылық пен адамгершілік мәселесін жастар 

тәрбиесінде пайдалану» оқу-әдістемелік кітаптарының авторы. Өзі осы 

зерттеулері негізінде сабақтар өтіп, курстар мен үйірмелер жұмыстарын 

жандандырып келеді. Негізінен ол сабақ беру үрдісінде жаңа технология-

ларды тиімді пайдаланады, соның ішінде Дж. Стил, К.Мередит, Ч.Темпл, 

С.Уолтердің сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін 

қолдана отырып өзін-өзі оқыту және сұрақ қою,  оқушының өз білімін  

бағалауға баулиды. Ол – оқушылардың өздеріне сын көзбен қарауы, 

яғни бала бойында еркіндік,  мақсаткерлік, ар-намыс,  мақтаныш сезім,  

дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттерін  да-

мыту.        

Шәкірт  ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәсе-

лен, Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім және осы замандағы көптеген 



69

www.kazektep.kz

дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген. Шәкіртке өмір 

сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік 

түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрмет осы себептен де айрықша 

болса керек. 

Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық 

сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне 

жағымды ықпал етері анық. Ұстаз  Мақсат  Тумабаев  дарынды оқушылармен 

жұмыс жасауы нәтижесінде 2012-2013 оқу жылы Талғар аудандық «Дарын» 

ғылыми-практикалық конференциясында екінші жүлделі орын алды. 

Ал 2013-2014 оқу жылы Талғар аудандық «Дарын ғылыми-практикалық» 

конференциясына қатысып жұмысын қорғаған оқушысы жүлделі екінші 

орын иеленді.  Ал 2013-2014 оқу жылында аудандық «Жарқын болашақ» 

республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында «Жазушылар» но-

минациясы бойынша оқушысы жүлделі екінші орын иеленсе, 2012-2013 

оқу жылында Талғар аудандық Махамбет оқуларында оқушысы үшінші 

орын иеленді. Ал 2013-2014 оқу жылында өткен Талғар аудандық Ма-

хамбет оқуларында оқушысы бірінші орын иеленсе сол, 2013-2014 оқу 

жылында аудандық «Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ 

тілі олимпиадасында «Сөз шебері» номинациясы бойынша және бір 

оқушысы үшінші  орын иеленді. Бұдан тыс сол оқу жылы Талғар аудандық 

Махамбет оқуларында оқушысы жүлделі үшінші орын иеленсе, Талғар 

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған «Нұрсұлу 

Сатыбалдықызы атындағы көркем сөз оқу шеберлері» байқауына белсенді 

түрде қатысқаны үшін оның оқушылары арнаулы дипломдармен марапат-

талды.

Бір сөзбен айтқанда, Мақсат Тумабаев жаңаны жақтаушы, ізденімпаз, 



зерттеуші ұстаз. 

Алматы облысы

Талғар ауданы. 

70

www.kazektep.kz

абақ тақырыбына сәйкес Бб дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы 

берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету, Б дыбысына қатысты жаңа 



БАЛА ҚЫЗЫҒУЫН ОЯТУ ҮШІН

Г.МҰҚАНОВА,

№42 Қ. Баймағанбетов атындағы мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі

 

М

сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту көзделген 

бұл дәрісте  балалардың «Балдырған» журналына қызығушылығын ояту, 

ұлттық салт-дәстүрге баулу, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу 

мақсат етіледі.

Бала, бата, баба сөздерінің мағынасын түсіндіру арқылы дамыту міндеті 

алға қойылады.

Интерактивті тақта, «Әліппе» оқулығы, оқу құралдары мен жаб-

дықтары, кеспе әліппе, «Балдырған» журналы, «Б» дыбысына берілген 

әліппе бағандарындағы сөздер. «Сәйкестендіру» тесттік материалдары, 

қуыршақтар сабақтың көрнекілік қызметін атқарады. 

Бұл сабақ барысы төмендегіше ұйымдастырылады.

Армысың, асыл күн,  

Армысың, жан досым!

Армысың, көк аспан. 

Жылуыма жылу қос,

Армысыздар, қонақтар! 

Міне, менің жүрегімнің жылуы!

– Балалар, біз өткен сабақтарымызда көптеген әріптермен таныстық. 

Енді осы әріптерді қалай меңгергенімізді бақылайық.

1. «Сәйкестендіру» тесті.

2. «Адасқан буындар» ойыны.

Ай-на, та-мақ, ма-та,  мақ-та, қа-лам, Ар-ман.

– Біздің, бүгінгі сабағымызға «Балдырған» журналы қонаққа келіпті. 

«Балдырған» журналының ішінде бізге арналған өлеңдер, ертегілер, 

әңгімелер, жұмбақтар болады.

Біз ертең барлық әріптермен танысқаннан кейін осы журналды алып 

оқимыз. 

Бал-дыр-ған сөзіне талдау жасау. Журнал бетіндегі оқушы шығарма-

ларымен таныстыру. 

Ба-қа, ба-лық, ба-ла-пан.

– Балалар, бақа қайда мекендейді?

– Ал, балық ше?

Бб дыбысы және әрпімен  таныстыра отырып, хормен Б дыбысын 

айтқызамын. 

Б – дауыссыз дыбыс. Ба, бо – буындарын оқыту.  

«Кім көп біледі?» ойыны. 

«Б» дыбысынан басталатын кісі есімдерін атау.

– Балалар, бүгін бізге қонаққа қандай журнал келді?

– Балдырған.

– «Балдырған» бізге бір ертегі ала келіпті, қандай ертегі екен көрейік. 

Баяғыда бір ата мен әже болыпты. Бір күні олардың қарны ашып, 

бауырсақ пісіріп жемекші болыпты. Үйлеріндегі соңғы ұндарына қаймақ 

қосып бір бауырсақ пісіріпті. Оны суыту  үшін терезенің алдына қойыпты. 

Сол кезде бауырсақ домалай жөнеліпті. Домалап келе жатса, алдынан қоян 

шыға келеді. 

– Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

– Жеме, жеме мен саған өлең айтып беремін.

Қанекей, балалар, бауырсаққа қосылып өлең айтып берейік. 

(«Бауырсақтың әні»).


71

www.kazektep.kz

– Рахмет, балалар!

Алдынан қасқыр шықты. Ал балалар, бауырсаққа көмектесейік.



Жаңа сөздермен жұмыс.  

Хормен, жеке оқу. Кеспе буындармен жұмыс. 



Сөздік жұмысы.

Бала, баба, бата.

Бауырсақ домалай жөнелді. Алдынан аю шықты.

Суретпен жұмыс.

– Бота, балапанға қара. 

Бауырсақ алдынан түлкі шықты. 

Жазу жолындағы сөздерді оқу. 

Жазу дәптерімен жұмыс.

Бұдан кейін балаларды сәл сергітіп алып болғасын сабақты қорытын-

дылаймыз. Сабақты бір оқушыға бата бергізу арқылы аяқтаймыз.



БАТА

Жас ұрпақ өмірлі болсын, 

 

 

Тұрмысы көңілді болсын.

Ағайын-туысқа пейілді болсын. 

 

Ата-анасына мейірімді болсын.

Он саусағы майысқан шебер болсын.   

Өнер-білімге зейінді болсын! 

Жаманшылық 

көрмесін, 

  Аумин!

Қызылорда облысы

Сырдария ауданы.

72

www.kazektep.kz

абақ мақсаты мынадай.

1. Мағжан өмірін тереңірек таныту, жан-жақты талдау,өлеңдерінің 

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ 

ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУ

Майра  НЫҒМЕТОВА,

М.Ғабдуллин атындағы №3 үштілде  

оқытатын мектеп-гимназиясының 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі

С

мән-мағынасын,идеясын ашу арқылы ақын бейнесіне ой жүгірту.Ұлы Абай 

өлеңдерімен салыстыру арқылы екі ақынның өзара үндестігін айқындау.

2. Білімнің пайдасын түсіндіру арқылы білім құмарлыққа, оқу-білімді 

махаббатпен үйренуге баулу.Туған елге,жерге деген сезімдерін оятып,оны 

Мағжанша сүйе білуге тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ой-танымын жетілдіріп, көркем, жүйелі сөйлеу 

қабілеттерін дамыту. Ақын өлеңдері негізінде оқушыларды шығарма-

шылыққа баулу.

Аралас сабақ түрінде өтетін дәрісте сын тұрғысынан ойлау техноло-

гиясы, сұрақ-жауап, жатқа мәнерлеп оқу, салыстырмалы талдау, топпен 

жұмыс, ойтолғау әдісі қолданылады.

Көрнекілігіне ақын портреті, қанатты сөздер, топтастыру  стратегия-

сына байланысты пластер, талдауға арналған сұрақтар жүйесі, слайдтар 

пайдаландым.

Сабақ мақсатымен  таныстырғаннан кейін оқушыларды 2 топқа бөлдім.



«Ой қозғау» стратегиясы.

– Ақын  «Мен кім»? өлеңінде өзін нелерге теңейді? Себебі неде?, – де-

ген сұраққа оқушылар өлеңді мәнерлеп жатқа оқи отырып, ақын бейнесін 

ашады, топтастырып көрсетеді.



Мұғалім.

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? 

Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? 

Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар?

Арыстан тобы: 

Көкте – Күнмін, көпке нұрым шашамын, 

Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,

Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын. 

Ерігемін – толқып, шалқып, тасамын.

Жолбарыс тобы: 

Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, 

Күл болсын көк, жемірілсін жер, 

Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. 

   

 

         уайым жоқ,

 

Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мұғалім. Біз бұл шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, өмір 

тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз. Ақын өзін «арыстанмын, жолба-

рыспын» дейді. Бұл асып-тасудың, мақтанудың белгісі емес, асылдықтың, 

өткірліктің белгісі. Өлеңде асқақ арман бар. Ақын ешқайда, ешкімге 

жалтақтамайды. Болашаққа нық сеніммен қарайды. Ақын жігітке тән 

өршіл де өжет, жігерлі болуды талап етеді. Осындай поэзия әлемінде ерек-

ше із қалдырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы туындыларын кейінгі 

ұрпаққа аманат етіп қалдырған ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен 

шығармашылығы туралы Мағжантанушыларға сөз берейік.

1-топ. Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік 

Қазақстан облысы Булаев ауданы «Молодежный» кешенінде дүниеге кел-

ген. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауатын ашқан. Білімге жаны құштар 

Мағжан Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған. Араб, парсы, түрік, орыс 



73

www.kazektep.kz

тілін жақсы меңгеріп алған.

Ақын «Сен сұлу» әнін сүйікті жары Зылихаға арнаған. 1993 жылы 

Мағжан Жұмабаевтың поэмасы бойынша «Батыр Баян» толық метражды 

фильмі түсірілген. 



2-топ. Мағжан әр қилы тақырыпта көлемді поэмалар жазған.  «Қорқыт», 

«Жүсіпхан», «Оқжетпестің қиясында», «Тоқсанның тобы» поэмалары 

кезінде баспа жүзін көрген. 

Мағжан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, оған «Алтын хакім 

Абайға» атты өлеңін арнады. Осылайша ол  Абайға деген махаббатының 

нәзік қылын шертті. Ұлы Абайды рухани ұстаз санап, оған еліктеп бірнеше 

өлеңдер жазған. Сондықтан Мағжан Абай дәстүрін өсіруші, өрбітуші бо-

лып табылады.



Мағжан – Абай дәстүрін өсіруші, өрбітуші. 

Мұғалім. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін... Бұдан соң 

Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін... Бүгінгі 

күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық 

қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі».

«Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – ақынның ақыны» деп, ұлы 

М.Әуезов биік баға берген, ендеше екі ұлы ақынның шығармаларын 

салыстырайық.

I топ. Абайдың «Қыс» өлеңі. Өлеңнің мән-мағынасын, идеясын ашу, 

қандай тәсілмен жазылған?



II топ. Мағжанның «Қысқы жолда» өлеңімен салыстырады. Кейіптеу 

деген не? Абайдың қысы қандай, ал Мағжанның қысы қандай?



I топ.  Мағжанның «Балалық шақ» өлеңі. Білімді адамның артықшылығы 

туралы Мағжан не дейді?



II топ. Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен салыстырады. 

Өлеңнің мән-мағынасын, идеясын ашу, қандай ерекшелігі бар? Абайдың 

өсиеті (Бес асыл, бес дұшпан).

Ойтүйін. «Білім артық па,байлық артық па?».

Білім артық,өйткені...

Байлық артық,өйткені...

«Ой толғаныс» стратегиясы. (алдын-ала балаларға ізденіс жұмысы 

берілді.)

«Балалық шағың – патшаның тағы» ой толғауларын оқыту.

Мағжан – сұлу сезім иесі.

Оқушылар «Сағындым» өлеңіне талдау жасайды.

Мағжан сағынады: алыстағы анасын, алтын күнді, қазағын, туған елді, 

Сарыарқасын, ағайынды, жан достарын, жүйрік желді, бостандықты, ай-

дын көлді. 



I топ. Сыртқы талдау.

1.  Алғашқы 4 шумақты жатқа айту.

2.   Өлең неге «Сағындым» деп аталған? Ақын бұл өлеңді қашан, қайда 

жазған?


3.   Түрме қандай?

4.   Ол не үшін,кімдер үшін түрмеге қамалған?

5.   Ақын түрмеде отырғанда кімдерді, нелерді сағынады?  

II топ. Ішкі талдау.

1. Кейінгі 4 шумақты жатқа айту.

2. Өлеңде қандай сөз көп қайталанады?

3. Эпитет деген не? Өлеңнен эпитет сөздерді тауып оқу.

4. Өлең құрылысына талдау жасау.

5. Ақынға мінездеме беру.

Сағыныш жайлы еркін, ауызша ой-толғаныс.

– Сағыныш қандай сезім?


74

www.kazektep.kz

– Біз өз өмірімізде кімдерді, нелерді сағынамыз?

Мұғалім. Мағжан – ол ұлтын,елін,жерін тереңнен сүйген,сарқылмас 

сағынышқа берілген, намысшыл,шыдамды,ұлты үшін жанын қиюға даяр 

болған, қайтпас қайсар мінезді ақын. Қазақ жастарына,қазақ халқының 

жарқын болашағына сенген. Халқының азаттығын аңсаған,тәтті 

тәуелсіздігін сағынған. Бүгінде Мағжанның аңсаған арманына біз жетіп от-

ырмыз. Ақынға деген сағынышымыз ғасырдан-ғасырға ұласып, ұлғая бер-

мек.

Сабақты Мағжанға арнау өлеңімен аяқтаймыз.



Қазағымды азат жолы ирелең, 

Қапаланба, қара бұлтты қақ жарып,

Кейде қорлап,тірі өліктей сүйреген 

Кеңістікке бізбен бірге жеттің сен.

Сол сүйреуге көнбеймін деп атылған, 

Тұраншылмыз, құраншылмыз, азатпыз

Мағжан аға! Сізден мінез үйренем, 

Көрген бақыт келген жоқ қой азапсыз.

Мағжан аға! Хабар салмай көп жүрсең,  Айқын бұрдың бетімізді кең  жолға,

Шындық үшін құрбан болып өттің сен. 

Біз өзге емес, біз Мағжаншыл қазақпыз!

Оқушылардың еңбегі бағаланып, үйге Мағжанға деген сағыныштарын  

ойтолғау арқылы жазып және сурет салып келу тапсырылады.

Ақмола облысы

Көкшетау қаласы.


75

www.kazektep.kz

омплексное преподавание орнаментального искусства с другими 

учебными предметами в вузе: рисунком, живописью, композицией, 



КОМПЛЕКСНОЕ ПРЕПОДАВАНИЕ 

ОРНАМЕНТАЛЬНОГО ИСКУССТВА 

С.КУПТИЛЕУОВА, 

заведующий лаборатории  эстетико-

технологического образования  

НАО им.Ы.Алтынсарина

К

историей искусств, дает возможность интеграции педагогического процес-

са на новом более высоком уровне, способствующем профессиональной 

подготовке будущих специалистов высшего образования. В настоящее вре-

мя подготовка специалистов декоративно-прикладного творчества ведется 

с учетом государственных стандартов, современных тенденций преподава-

ния дисциплин художественно-эстетического цикла.

Орнамент (от лат. «ornamentum»), являтся самой древней формой на-

родного декоративно-прикладного творчества, представляет собой узор, 

художественное украшение в котором присутвтвует ритмическое и после-

довательное расположение составных элементов.

Н.П. Бесчастов рассматривает  орнамент, как одну из наиболее древних 

и стабильных форм существования искусства….. «знание всего арсенала 

средств изображения орнаментального творчества умение им пользовать-

ся, позволяет художнику в каждом конкретном случае правильно выбрать 

самое необходимое решение, определить целесообразность его примене-

ния с учетом всех технологических возможностей в реализации творческой 

идеи из различных материалов».

Историю орнаментального искусства,  специфику его развития,  отража-

ли в своих трудах известные представители искусствоведения: А.Б. Бакушин-

ский, В.М. Василенко, В.С. Воронов, Ю.А. Герчук, М.А. Некрасова и др.

Глубокое изучение основ орнаментального искусств, разработка ее 

композиций в процессе обучения, является для студентов творческим по 

существу и эмоциональным по характеру. Изучение традиций народного 

искусства, ее развитие, позволяет сохранить ее и укрепляет преемствен-

ность поколений.

Орнаментальное искусство разных народов имеет определенные раз-

личия, но в итоге заложен глубокий смысл и содержание. Как отмечает в 

своем диссертационном исследовании С.И. Ботова, ...«взаимозависимость, 

условия быта, культуры, социально-экономические и торговые отношения 

постоянно воздействовали на жизнь, стиль, традиции [2].

Т.А. Якупова отмечает: «если ввести в учебный процесс разные техно-

логии освоения традиций орнаментального искусства, то есть историю раз-

вития орнамента, разновидность орнамента, символику, композиционные 

средства (ритм, симметрия, асимметрия, статика, динамика, и др.); законы 

и правила построения орнаментального искусства, способы подачи, освое-

ние приемов изображения орнамента в различных техниках (при усвоении 

организации учебного процесса на базе современной, научно-обоснованной 

методики преподавания, с учетом психологических, индивидуальных осо-

бенностей личности студента), то развитие художественно-творческих спо-

собностей студентов средствами орнамента будет более эффективным» [4].

Авторы учебного пособия «Основы декоративно-прикладного ис-

кусства» Л.В. Косогорова и Л.В. Неретина, в своих трудах подробно рас-

сматривают виды декора, принципы его построения, художественно-

выразительные особенности [3].

Изучение орнаментального искусства в образовательном процессе 

влияет на развитие личности, отражается на гуманистической направлен-

ности в образовании на современном этапе

Орнаментальное искусство, как вид декоративно-прикладного твор-


76

www.kazektep.kz

чества характеризуется обучающим и развивающим свойствами, это про-

является в способности человека чувствовать красоту, и благодаря знаком-

ству со спецификой разных видов народного искусства: резьбы и росписи 

по дереву, керамики, металла, ковроткачества, ювелирное искусства и т.д.,  

воспитывает уважение к творчеству народных мастеров, популяризации  

народного искусства с его традициями и обычаями. 

Одним из эффективных способов формирования эстетических и 

идейно-нравственных представлений личности, является приобщение 

к отечественной культуре, самобытному профессиональному наследию, 

которое является гармоничным сочетанием локальных особенностей с 

прогрессивными традициями мировой культуры. Для осуществления 

формирования содержания образования в области культуры и искусств, 

необходимо комплексно-методическое обеспечение педагогического 

процесса: разработка научно-обоснованных планов, учебных программ, 

пособий и учебников, проведение научно-методических исследований

нацеленных на выявление межпредметных комплексных связей в препо-

давании орнаментального искусства студентам высших учебных заведений  

культуры и искусств.

Как показывает практика, межпредметные связи являются выражени-

ем интеграционных процессов, происходящих сегодня в науке и в жизни 

общества. Эти связи как отмечают в своих трудах ученые исследователи: 

Л.С. Выготский, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин 

и др. играют важную роль в становлении целостной личности, в повыше-

нии практической и научно-теоретической подготовки студентов.

В формировании образовательного процесса, подготовки, специали-

стов народного декоративно-прикладного творчества применяется ряд 

принципов из области культуры и искусства:

– принцип единства идейного содержания и художественной формы;

– принцип гармоничного культурного развития личности;

– принцип идейной общности и взаимосвязи искусства;

– принцип учета возрастных особенностей.

Внедрение вышеперечисленных принципов также направлено на по-

вышение общего культурного уровня студентов в процессе профессио-

нальной подготовки специалиста декоративно-прикладного искусства.

Комплексное преподавание орнаментального искусства включает про-

ведение семинаров, экскурсий, конференций, расширение практики сдво-

енных семинарских занятий, на которых могут решаться узловые миро-

воззренческие проблемы средствами различных учебных предметов и наук 

одновременно.

Проблема развития личности в образовательной среде актуальна, во-

просы образовательной среды, ее взаимодействия с социальными, куль-

турными процессами, являются предметом перспективного междисципли-

нарного изучения.

Развитие художественного вкуса средствамиорнаментального искус-

ства из студентов, это – процесс познания ими художественного культу-

ры своего и других народов, что является одним из важнейших способоб 

развития и формирования личности, его духовного, интеллектуального и 

эмоционального богатства.  

Таким образом, в содержании современного художественного образо-

вания, необходимо учитывать:

– формирование культурно-исторической компетентности, подразу-

мевает: изучение культуры и историю искусства разных эпох и народов и 

способность применять знаний в педагогическом процессе;

– формирование художественно-практической компетентности, под-

разумевает: овладение средствами художественной выразительности раз-

личных видов искусства и способность пользоваться ими в собственной 

творческой деятельности;

– формирование методической компетентности, которая подразуме-

вает: овладение методическими приемам, технологическими средствами и 

оценочными критериями в контексте духовно-нравственных и эстетиче-

ских идеалов в образовании и искусстве.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет