Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10157
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

77

www.kazektep.kz

Для развитие творческой активности, художественного интереса и 

воспитании особых качест творческого человека, необходимо, овладеть 

знаниями, умениеми навыками, которое требуются в профессиональной 

деятельности. Совокучность этих качеств приводят к умению создавать и 

понимать художественный образ и выражать свое отношение к искусству 

и действительности.

Вклад народного, орнаментального искусства, в профессиональную 

подготовку, состоит, из: всестороннего изучения произведений народного 

творчества, развития и формирования эстетических вкусов, в оценке и по-

нимании разнообразных видов народного промысла, воспитании нацио-

нального самосознания и развитии творческих и культурных навыков у бу-

дущих специалистов декоративно-прикладного творчества, 



Литература

1. Бесчастов Н.П. Художественный язык орнамента:  [учеб.  пособие]  для  студентов 

 

вузов,  обучающихся  по  специальности  «Дизайн».  –  М. : Гуманитар. изд.  центр  



 

ВЛАДОС, 2010. – 335 с.; 32 с. ил. 

2. Ботова С.И. Искусство орнамента в процессе подготовки будущего учителя к про- 

 

фессиональной деятельности: Автореф. дис. канд.пед.наук. - Москва,  1995. – 26с.



3. Косогорова  Л.В.,  Неретина  Л.В.  Основы  декоративно-прикладного  искусства.  

 

Учебник для высших учебных заведений (бакалавриат). Издательство «Академия»,  



 

2012 – 300 с.; с ил.

4. Якупова Т.А. Развитие художественно-творческих  способностей  студентов  сред- 

 

ствами  орнамента  (на  примере  занятий  декоративно-прикладным искусством в 



  системе художественно-графических факультетов педагогических вузов): Автореф. 

 

дис.канд.пед.наук. – Москва, 2010 – 28с.



Резюме

В статье рассматриваются вопросы формирования эстетических и идейно-нравственных 

представлений личности через приобщение к традиционному народному искусству.

Summary

The article presents the formation of the aesthetic and ideological and moral notions of  a person 

through the  introduction to the traditional folk art.

г.Астана.

78

www.kazektep.kz

ліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім 

беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол  



ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Жаңылсын  АРЫСТАН,

«Шеңгелді» шағын жинақты жалпы 

орта мектебінің математика пәні мұғалімі

Е

білгеніңді іске  қолдана  білуде»  дейді.  «Әркім  қолда барын ұсынады» деп 

немқұрайдылыққа салынсақ, алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің 

тағдырына қиянат жасаған болар едік.  Мақсатымыз – алдымызда тұрған 

өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы – 

әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы  алғашқы  қадамдар жасау.  Қай 

заманда, қандай реформа болсын, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.  

Мемлекеттік  білім  саясаты да осы мұғалім  арқылы  жүзеге аспақ. Ал 

бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай,  жан-

жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр 

халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жата-

тыны белгілі. Сол  ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын  тәрбиелеуге  

қолданып  келеді. Оқушыға белгілі бір дәрежеде білім берумен қатар оқып 

үйренуге деген ынтасын арттыру – әр ұстаздың басты міндеті. Сондықтан 

бала бойындағы қасиеттерді ескере отырып сезімін, ынтасын оятар іс-

әрекетті жоспарлап, оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат 

еткен жөн. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне 

интел-лектуалдық, эмоционалдық, жігерлік іс-әрекетке оқушылардың 

белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының 

түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жал-

пылама баяндау, сұрақ-жауап, дәріс тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін 

бере алмайды. М.Жұмабаев “Педагогика” еңбегінде “Сабақ барысында 



мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін 

білімді жат күйінше емес,баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін” де-

ген. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін 

нәрсенің ерекшеліктерін саралап,оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы 

жаңа білімді алуға ұмтылады. Өзім сабақ үрдісінде оқытудың жаңа әдіс-

тәсілдерінің бірі деңгейлеп - саралап оқыту педагогикалық технология-

сын пайдаланамын және бұл өте тиімді. 

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш дең-

гейлік: 1-деңгей – міндетті,оқушылық; 2-деңгей – алгоритмдік; 3-деңгей 

– эвристикалық материалды саналы түрде меңгеру; ал қосымша 4-деңгей 

– шығармашылық. Ол өз бетімен ауқымды оқу материалын меңгеру 

талаптарынан тұрады.  Бұл технологияның   басты  мақсаты – сынып 

оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. 

Сабақта  қандай  оқушы болсын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты 

I деңгейден бастап орындайды.  I деңгей тапсырмаларын орындау 

мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. 

I деңгейді  орындаған  оқушы  «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 

I деңгейді орындауга міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырма-

ларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен оқушы 

жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады?» деген сұрақ 

туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда калған тапсырмаларды 

үйде орындауға беру керек.                      

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы –

оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай 

әдісіне баулу. Деңгейлік  тапсырмалар  рейтинг-ұпай балл жинау әдісімен 

бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін 


79

www.kazektep.kz

де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда 

қолданған тәсілдеріне талдау жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай 

білуге мүмкіндік береді.  Келесі  тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек 

ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша матери-

алдардан білім жинайды. Бұл  технологияда бірінші орында оқушы тұрады 

және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады. 

Оқушылардың пәнді оқуға деген мақсаттарын айқындай келе, 

балалардың өз бетімен жұмыс істеу әрекетін төрт деңгейге бөлуге болады. 



Бірінші деңгей – бар білімін қолдана білу. Оқушы, әсіресе, жаттығу 

орындау кезінде керекті ережелер мен формулаларды қолданып, өз бетімен 

тапсырмаларды орындайды. Бірінші деңгейдегі оқушылар есеп шығару 

үлгісі болмаса, яғни есеп үлгіге сәйкес келмесе онда есепті шығара ал-

майды. Тіпті есепті шығарудың басқа әдістерін іздестіруге ұмтылмайды. 

Көбінесе «мұндай есептер шығарған жоқпыз» деп есепті қарастырмайды. 

Мұндай оқушылармен жеке жұмыс істеп, қосымша сабақта тапсырма беру 

арқылы деңгейін көтеруге болады.



Екінші деңгей – бірнеше анықтамаларымен формулаларды талқылап, 

керегін өз бетімен қолданатын оқушылар. Бұл деңгейдегі оқушылар есепті 

шығару кезінде өзі есепке талдау жасай алады.

Үшінші деңгей – есепті шығару кезінде тиімді әдістерін таңдап, есепті 

бірнеше әдістермен шығаратын оқушылар. Мұндай оқушылар өзінің оқу 

әрекетін жоспарлап, ұйымдастыра алады.

Төртінші деңгей – оқушылар  сыныптан тыс оқулықтармен есеп-

тер шығарған, мектеп курсында қарастырылмайтын тақырыптарда өз 

бетімен оқитын оқушылар. Мұндай оқушылар кіші ғылыми академияға 

шығармашылық жұмысын дайындап, олимпиадаларға қатысып, шығарма-

шылық ізденісте болады.

Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерін көтеру 

үрдісі төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде мұғалім оқушыға қарапайым таным әрекетімен таны-

стырады. Ұлы адамдардың есептерінен, тарихи есептерден, ертегі есептерді 

шығару әдістері көрсетілген есептерді жинақтап, рефераттар дайындауға 

үйретеді. Логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді жеңілдерінен 

бастап тапқырлыққа жетелейтін әзіл есептерді шығару барысында пәнге 

деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. 

Оқушының әрбір алға басқан қадамына көңіл бөліп, мадақтап отырған 

жөн. Сонда оқушының өз мүмкіндігіне сеніп, қызығушылығы артады. 

Кейбір жеке есептерді шығару барысында кітаппен жұмыс істеуге, 

шығарылған есептерді оқып түсінуге, соған ұқсас есептерді тауып шығаруға 

көмектеседі. Есептердің шығарылуына нұсқау беріп, өз бетімен орындалу-

ына мүмкіндік береді.

Екінші кезең – бұл кезеңде мұғалім есепті шығарудың әртүрлі әдіс-

тәсілдерін көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге 

үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен шығарылуын талап 

етеді. Кейбір жаңа материалдарды оқушының өз бетімен оқып, әр түрлі 

қиындықтары бар тапсырмаларды оқу құралдарын, анықтамаларды пайда-

ланып шығаруы керек. Ол есептерді шығарудың қалыптан тыс тәсілдерін 

қолдана білуге үйретеді. 

Үшінші  кезеңде оқушыға өте үлкен  жауапкершілік жүктеледі. Ол 

кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. Мұнда оқушы сыныптан тыс 

қосымша оқуға жалпылама қорытынды жасай білуге үйренуі керек. 

Оқушылар өз жұмыстарына талдау жасап, қателіктерді болдырмау үшін 

нені әлі жетік білмеймін деген мақсатта өз жұмысын қорытындылап, 

алдағы жұмысына жоспар құра білуді үйренуі керек. 

Төртінші кезеңде оқушы жұмысы шығармашылық ізденпаздық мағына 

алады. Математикалық заңдылықтарды, теоремаларды дәлелдеудің басқа 

тәсілдерін іздестіруге, есептеулер жүргізіп, бақылау тәжірибелерінің 

қорытындысы бойынша формула құрастыруға жетелеу керек.



80

www.kazektep.kz

Мұнда оқушының танымдық қызығушылығы, қажеттілігі, кәсіби 

бағдары ескерілген таңдаған тақырыбы бойынша шығармашылық ізденіс-

терге мұғалім басшылық жасап бағыт-бағдар беруі керек. 

Оқу үрдісінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл 

әдістеме бойынша оқушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар ашу пози-

циясын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.

– Не себепті бұл тапсырманы таңдап алдың?

1. Өзімді сынағым келді.

2. Пән бойынша өз мүмкіншілігімді білгім келді.

3. Пәнге деген қызығушылық.

4. Осы ғылым саласында көп білгім келеді.

5. Келешектегі жұмысыма  қажет.

6. Келешектегі білім алуыма осы пән қажет.

7. Пән бойынша жетістікке жететініме сенемін.

8. Оқуға жеңіл.

9. Қиыншылықты жеңгім келеді.

10. Мұғалімге ұнау.

11. Көп білетін білімді адам болу.

12. Өз бетімен өмір сүруге үйрету үшін.

13. Мәдениетті, жан дүниесі бай, қоғамға пайдалы адам болу.

Оқуды негізгі  қажеттілік деп санайтын оқушылар төмендегідей бағыт-

тар бойынша топталады.

1. Танымдық.

2. Өзін-өзі айқындау.

3. Өзін- өзі дамыту.

Қазіргі кездегі математика пәні мұғалімнің міндеті – оқушыларға тек 

білім беру ғана емес, сондай-ақ оларды өздігінен білім алуға, математика 

және оның практикалық қосымшаларын қызығушылықпен оқып-үйренуге 

тәрбиелеу, білімді қалыптастыру болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарды орындалудың бірден-бірі тиімді әдісі 

 

ретінде ол оқушылардың дүниетанымын дамытып, математикалық мәде-



ниетін жоғарылатады. Ол үшін мектеп арнайы шарттарын дамытып іс – 

шаралардың көзін табу керек. Орта мектептің мұғалімдері бірнеше жылдар 

бойы сыныптан тыс жұмыстардың әр түрлерін өткізіп келеді. Атап айтқанда, 

олар – үйірмелер, кештер, апталықтар, сайыстар, олимпиадалар. Алайда 

сабақ теориялық және әдістемелік тұрғыдан қаншалықты жоғары деңгейде 

өткізілгенімен, бұл бағыттағы сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі де ойлы 

ұйымдастыра білмеген жағдайда күткендегідей нәтижеге жету мүмкін  емес.

Жалпы  орта мектептерде паралель сыныптар көп болғандықтан, сыныптан 

тыс жұмыстар оңай өткізіледі. Себебі әр сыныпта ең болмағанда 2-3 оқушы 

дарынды болып келеді. Ал  шағын жинақты орта мектепте оқушылар аз 

болғандықтан, математикалық білімін дамыту мақсатында барлық сынып-

тарда сыныптан тыс жұмысқа жұмылдыру көзделеді. 

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеті – оқушылардың пәнге 

қызығушылығын күшейтіп, қызмет белсенділігін арттыру, білім мен 

математикалық таным көкжиегін кеңейту. Әдістемелік әдебиеттер мен 

мектеп жұмысының тәжірибесінде математика пәнінен сыныптан тыс 

жұмыстарды ұйымдастыруда үйірмелер, кештер, апталықтар, олимпиа-

далар, экскурсиялар және басқа түрлері мейлінше кең қолданылатыны 

белгілі.  Пәндер бойынша әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарды жүйелі өткізу 

әрбір оқушының талғамы мен талабын ұқыпты, оның бос уақытының пай-

далы іске жұмсалуына жол ашады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушының 

жауапкершілік, пәнге деген қызығушылық сияқты көптеген құнды 

қасиеттерін танып білуге септігін тигізеді.

Деңгейлік тапсырмаларға математика пәнінен мынадай талаптар 

 

қойылады.



Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:  1) жаттап алуға лайықталған  болуы  

керек; 2)  алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін  өзгертпей  



81

www.kazektep.kz

қайталап пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс; 3) тапсырмалар  жаңа  тақырып  

үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.



Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:  1) өтіп кеткен материалдарды рет-

теуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар; 2) оқушының ойлау қабілетін 

жетілдіруге берілетін тапсырмалар (логикалық есептер, ребустар және 

сөзжұмбақтар).



Үшінші деңгейдегі тапсырмаларға:  1)  танымдық-іздену;  2)  әртүрлі 

әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер; 3)  өздігінен мысалдар мен есептер 

құрастыру. Өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма,графиктер 

салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар 

дайындауға берілетін тапсырмалар, ой қорытуға арналған, дағды қалып-

тастыратын тапсырмалар. 



Төртінші деңгей тапсырмалары:  1) Олимпиадалық есептер; 2) Берілген 

тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. 

Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын 

қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап әрқайсысы білім 

игерудегі өз қабілетіне қарай өз биігіне жетеді. 

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:

1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын 

қайталанып, пысықталынып отырады. 



2. Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен 

орындалады.



3. Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады.

4. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.Талдаудың барлық 

түрінде сабақ сайын қайталап отырады. 



5. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады,алған білімдерінің 

нәтижесі айқын көрініп тұрады. 



6. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды. 

7. Әр оқушының әр пәннен 100 пайыз үлгеріміне қол жеткізудің кепілі 

болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда 

міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. 

8.  Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін 

оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес балдық жүйемен ерекше 

бағаланады. 

9. Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі. 

10. Бос отырған оқушы болмайды 

11.  Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте 

түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.                    

Шәкіртіміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау 

–  мұғалімдердің жауапкершілікті міндеттерінің бірі. Сондықтан тын-

бай, жалықпай, үнемі шығармашылықпен іздене жүріп, білімді ұрпақ 

тәрбиелеуге атсалысуға тиіспіз.



Әдебиет

1. И. Ф. М журналы 1998 жылы маусым

2. И.Ф.М журналы  2001 жылы ақпан, мамыр

3. И.Ф.М журналы 1999 жылы сәуір

4. И.Ф.М журналы 2001 жылы сәуір

5. Көбенқұлұлы Н, Жұмаділлаев, Өтеміс.Ә. Математика  әлемі. – Алматы. 2011.



Дидактикалық материалдар 

1. Әлімов А.Интербелсенді әдістердің тиімділігі.   

2. Математика Қазақстан мектебінде 2010 жылы, мамыр.

3. Қазақстан мектебі, 2013 жылы, №3.



Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауданы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет