Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

8

www.kazektep.kz

шеберлік орталықтарында деңгейлік бағдарлама бойынша курстардан 

өткен.       

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана 

емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны 

да, тәні де таза, білімді, жан-жақты мәдениетті, патриот  азаматтар 

болуын тәрбиелеуге міндеттіміз» деп атап айтқаны белгілі. Ендеше жеке 

тұлғаның жан-жақты өсуіне біз, ұстаздар, тікелей жауаптымыз.

12 жылдық білім беру жағдайында педагог, ең алдымен, кәсіби деңгейі 

жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға болуы тиіс. 

Ол – оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие 

ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі, оқу-тәрбие 

үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына кешенді тұрғыда қарайтын, 

зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен тәжірибелік  іс-әрекетін біріктіре 

білетін, өмірлік құндылық қағидалар:  адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, 

парасатты мінез-құлық сияқты қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.



«Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда,…

Қапы қалып жүрмелік» деген ұлы көреген Абылайханның     ой-тұжырымы 

қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған 

өзекті мәселені шешуде баршамызға ұран болуы тиіс. 

Әдебиет

1. ҚР  Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауы//Қазақстан жолы – 2050:  бір мақ-  

 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ», 17.01.2014.



2. ҚР «Білім туралы» Заңы, 27.07.2007. 

3. ҚР білім беруді  дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарла- 

 

масы. – Астана, 2010.



4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың  2012–2016 жылдарға ар-  

 

налған Ұлттық жоспары//ҚР Үкіметінің Қаулысы  25.06.2012. №832. – Астана, 2012.



5. Оқытудың тәрбиелік  әлеуетін  күшейтудің типтік  кешенді жоспары,  тәрбие  тұжы-  

 

рымдамасы//2012 жылғы 26 маусымдағы №873 ҚР Үкіметінің Қаулысы.



6. 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы. – Астана, 2006.

7. Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты. – 2014.

діскер ... Осы сөздің мағынасына үңіліп көрейік. Педагогикалық 

қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып 



ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ

НӘТИЖЕЛІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІ

Қуанышбек АХИНБАСОВ,

Казталов аудандық білім бөлімінің 

гуманитарлық пәндер әдіскері

отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне 

қолдануға бағыт-бағдар беріп отыратын, мұғалім жұмысын ұйымдастырып, 

оның шығармашылық құзыреттілігін арттырып, жаңартып отыратын ма-

ман деп түсінуге болады. Әдіскер мамандықпен тікелей байланысты 

болады. Өз мамандығын жетік білетін адам сол саланың өзгерісін өзге 

біреуге үйретумен, ұйымдастырумен айналыса алады. Әдіскер зерттеуші, 

ізденімпаз тұлға болуы керек. Мамандығын қызметке айналдыра білген 

жаннан әдіскер, яғни үйретуші үлкен тұлға қалыптасады.

Сонымен бірге әдіскерден оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, 

түрлерін, мазмұнын іздеу, пән бойынша білім беру мазмұнын қарастыру, 

мақсатын қою, жетілдіруде жаңа философиялық, психологиялық-педа-

гогикалық тәсілдерді дайындау және жүзеге асыру талап етіледі. Бүгінгі 

таңда инновация теориясының дамуына жаңаның қалыптасуы, жаңа 



Ә

9

www.kazektep.kz

қолданыстарды тарату, инновациялық шешімдер жасау, оны білім беру 

үрдісіне енгізу 12 жылдық білім беруге көшуде өзекті  мәселе болып отыр.

Осы өзекті мәселеге үн қосып, мұғалімнің кәсіби даярлығын арттыру-

да әдіскер де үлкен рөл атқарады. Мектептегі мұғалімнің шығармашылық 

әлеуетін дамыту үшін әдіскер, әсіресе, бүгінгі таңда дамыту жұмыстарын 

өз қолына алады және мектептегі алдыңғы қатарлы көшбасшы 

мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенеді. Ол үшін әдіскердің бойында іске де-

ген жауапкершілік , құзыреттілік, білімділік, өз қызметін жоғары дәрежеде 

ұйымдастыратындай біліктілік қажет. Пән әдіскері ретінде ғылыми-

әдістемелік жұмысты дұрыс жолға қою үшін оның жоспары да нақты алы-

нуы тиіс. Жоспардағы мәселелердің кейде орындалып, кейде біразының 

орындалмай жататыны да жасырын емес. Бұл тығырықтан шығу үшін 

жоспар бойынша ең ділгір мәселені анықтап, оны шешу жолдарының 

тетіктерін қарастыру, ұйымдастыру көшбасшы мұғалім мен әдіскердің 

бірлескен жұмыстары арқылы көрінеді.

Мен кейде ойланып қаламын. Әдіскер болу қиын әрі қызық та сияқты. 

Қиындығы – мектеп жүрегі болып саналатын мұғалімнің бәрі сенің 

ұйымдастырушылық шеберлігіңе қарайды, үміт күтеді, сенеді, ал қызығы – 

сен тек пән бойынша ілімнің қалай оқытылатынын емес, оның әдістемесін, 

қойылатын талаптарын, заңдылығын, сонымен бірге әр мұғалімнің 

ерекшелігін де танисың.

Әдіскер кәсіби құзыретті  болуы тиіс. Кәсіби құзыреттілік білімділік 

арқылы ашылады, яғни әдіскер өз ісіне бейім, білім, білік, дағдылары 

жеткілікті болатын болса, онда оны кәсіби құзыретті дей аламыз. 

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің ең басты міндеті – кең көлемдегі 

ақпарат тасқынында өзін еркін сезінетін және сыни тұрғыда ойлана ала-

тын азаматтарды тәрбиелеу, даярлау. Осы орайда мұғалім де жаңашыл 

әрі парасаттылығы мен білімділігі, шеберлігі педагогикалық үрдістің 

нәтижесін жақсартатындай күшке ие жан болуы қажет. Мұндай мұғалім 

жұмысын ұйымдастыратын, әрине, әдіскер.  Жаңа тұрпатты әдіскер мы-

надай құзыретті ізгіліктерге ие болса деймін. Ол – әдіснамалық, жал-

пы мәдени, пәндік – бағыттылық. Біріншіден,  педагогикалық қызметті 

шығармашылыққа бағыттау, екіншіден, зияткерлік мәдениетін, мінез-

құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты 

меңгеруі, үшіншіден, қазіргі кіріктіру үрдістерін, әлемдік білім берудің даму 

тенденцияларын бағдарлай алуы міндетті.

Қазақтың ұлттық энциклопедиясында «Білім – адамдардың белгілі 

бір жүйедегі ұғымдарының, деректер мен пайымдауларының жиынтығы» 

делінген. Педагогика сөздігінде «Білім – ақиқат өмірдегі зат және 



құбылыстардың, табиғат пен қоғамның заңдары мен заңдылықтарын танып 

біліп, оны ұғымдар және түсініктер түрінде көрсеткен адамдардың іс-әрекет 

нәтижесі» деп жазылған болса, философияда «объективті өмір ақиқатын 

үрдіс емес, нәтиже ретінде қарастыратын адамдардың рухани іс-әрекеті» 

деп тұжырымдалған. Олай болса, білімнің өзі рухани іс-әрекет екен, ал сол 

білімді жетілдіру жолында жұмыс жасайтын мамандар да рухани тұғырды 

берік ұстайтын, нәтижелі іс-әрекетке сенімді түрде жол бастайтын қызмет 

иелері болып табылады.

Әр пән әдіскерінің қызметтік міндет бөлінісі, зерттеу тақырыбы, 

әдістемелік қызмет жұмысы, байланыс ортасы және әдістемелік қызмет 

құрылысы, басқарушылық стратегиясы, жұмыс ортасы, қызметті жүзеге 

асыру жолдары, тәжірибе – сынақ алаңдары, шығармашылық тобы, 

бағдарлама шаралары, озат тәжірибе зертханасы, педагог кадрлардың 

біліктілігін арттыру бағыттары, пән мұғалімдеріне жүргізілген мониторинг 

жоспарлы түрде жүзеге асып отыруы.  Жоспарлауды  кемелдендіру,  мақсатты 

дұрыс қоя білу – нәтижеге жетудің бір шарты. Мысалы, әдіскердің жұмыс 

ортасы әдіскерлермен, педагог кадрлармен, білім беру мекемелерінің бас-

шыларымен, сондай-ақ оқушылар, ата-аналармен тығыз байланысты.

Осы жұмыс ортасы арқылы әдіскер өзінің басқарушылық стратегиясын 

жүргізеді. Ол үшін жұмыс мақсатын айқындайды. Мысалы, ол мақсатты 

2. “Қазақстан мектебі”№1, 2015.



10

www.kazektep.kz

былай деп алайық. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы жаңашыл іс-

әрекет. Жаңашыл іс-әрекетті ұйымдастыру үшін мұғалімдердің тұрақты се-

минарларын түрлендіріп өткізу, кәсіби байқаулар ұйымдастыру, танымдық 

ізденістерге тақырыптар беру, педагогикалық оқу өткізу, идеялар аукцио-

нын ұйымдастыру және оларды барынша заман ағымына сай түрлендіріп 

отыру қажет етіледі. Өйткені, қазіргі заман – өзгермелі заман.

Әдіскер оқу-әдістемелік кешен қалыптастыру арқылы педагог маман-

дардың кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отырады. Оқу-әдістемелік кешен 

қалыптастыру, ғылыми-теориялық және нормативтік-құқықтық қамта-

масыз ете отырып, әдіскердің шеберханасы қалыптасады. Ол шеберхана 

бірнеше міндеттерді көздеп, нәтижеге жету жолдарын қарастырады. Ол 

міндеттер мыналар:



– инновациялық қызметпен айналысушы педагогтердің кәсіби даму стра-

тегиясын жасауға қатысу;

– қазіргі технологиялар туралы мұғалімдердің ақпараттылығын артты-

ру жағдайын қамтамасыз ету;

– педагогтердің әдіснамалық, психологиялық, технологиялық дайын-

дығын теориялық жағынан қамтамасыз ету;

– ұстаздар қауымына өзін-өзі дамыту, кәсіби шеберлігін жетілдіруге 

жан-жақты қолдау көрсету;

– мұғалімдердің шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында жаңа 

бағдарламалар құрастыруға жағдайлар жасау.

Әдіскер шеберханасы осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыра оты-

рып оның жүзеге асу формаларын да қарастырып отырады. Олар:

– шығармашылық шеберхана жұмысы болжау, ұйымдастыру, жетілдіру, 

зерделеу, талдау бағытында жүреді.

– іс-тәжірибеге бағытталған дәріс, семинар-практикум танымдық 

ізденістер түрінде өткізіледі.

– ғылыми зерттеу қызметі білім берудің жаңа түрін талдау мен енгізуде 

оқыту тиімділігін қарастырады.

Шеберхана жұмысынан күтілетін нәтижелер:

– педагогтердің кәсіби құзыреттілігі дами бастайды;

– іс-тәжірибелерін жинақтау, қорытындылау, көрсетілімдер жасау 

орын ала бастайды;

– әрбір мұғалім білім сапасының көтерілуіне жауапкершілік танытады.

– көшбасшылық қасиеттері көрініп, бірлескен іс-әрекетке жол ашылады.

Шығармашылық шеберхана тиімділігі пән мұғалімдері арасында 

ынтымақтастық қалыптасып, білім моделінің белгілі бір жүйелі жолмен 

дамуына ықпал жасайды және мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті да-

мып, жеке бағдарлама құрастырып, білім мазмұнына өзгерістер енгізуге 

құқылы болады. Әдіскердің жұмыс жоспары ғылыми негізде жүйелі 

құрылып, өз мақсатына жетіп жатса, мұғалімдердің жұмыстарында да 

нәтиже болады, өйткені, ол әрбір ұстаздың ғылыми-әдістемелік деңгейін 

көтеруіне жағдай туғызады.  Әдіскердің басқарушылық стратегиясы – бұл 

тек тәжірибе арқылы ғана жүзеге асатын өнер, ал оны меңгеру тек қана та-

лантты адамдардың қолынан келетін іс. Ол үшін оның бойында теориялық, 

тәжірибелік, әдістемелік білім-білігімен бірге жекебасының сапалық 

қасиеттері де қажет етіледі. 

Білімділік. Бұл қабілет – қызметтің шығармашылық нысандары-

на  талпыну,  білімін  тереңдету,  бастамашылдық,  дәлелді  тәуекелге  да-                       

йын болу, өзін-өзі ұстай білу, тіл табыса білу, адамдарды өзіне қарата білу, 

тыңдай білу, түсіне білу және түсіндіре білу, көшбасшылық, өзін-өзі сый-

лау, жігерлілік. Әдіскер басқарушылық қызметпен бірге өз қарамағындағы 

адамдарға әсер ету механизмдерін меңгеруі керек. Олар: сендіру, үйрету 

және қолдау. Бұл, әрине, бейімділікке байланысты. Сонымен әдіскер 

дегеніміз – қызмет, мамандық, бейімділік іс-әрекеттерді ішкі уәжімен 

атқара алатын, жоспарлауға қабілетті, басқару стилін өзгерте білуге шебер, 

креативті, сарапшылық қасиеті бар, жаңалық енгізуге құштар, әдістемелік 

және құқықтық құзырлылығы басым жан.



Батыс Қазақстан облысы.

11

www.kazektep.kz



егінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез  деген  қасиеттерімен 

озады» деген  ұлы ақын Абай сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық 

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА НӘТИЖЕГЕ

БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ

Шынар ИМАШЕВА,

Ы.Алтынсарин атындағы №11

орта мектеп директоры

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың   қолында, ал жас 

ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».

Н.Назарбаев

Т

ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады.

Дарынды, талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын 

болашағы. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық 



қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен 

қыздарын, тарланбоз  жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», – деп 

еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.

Мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған 

ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Ғылыми-педагогикалық әде-

биеттерді талдау, мектеп тәжірибесін зерделеу – дарындылықты дамытуға 

септігін тигізетін функционалдық мүмкіндіктердің бірі.

Психологтер  дайындаған  «Дарындылық  тұжырымдамалары» құжа-

тында  «Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктермен ерекшеленетін  



және іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айта-

мыз» делінген.

Баланың бойында күш-қуаты жеткілікті,  шын  дарынды  екеніне сен-

діру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. 

Дарындылық, данышпандық, қабілетті дегеніміз не? Оқушы дарын-

дылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кейбір адамдардың 

(Паскаль, Моцарт, Гете, Архимед) қабілеті ерте жасында байқалады? Ал 

кейбір  адамдардың (Ньютон, Дарвин, Менделеев) ересек жасында пай-

да болады? Осы сұрақты талмай іздеп таба білген ұстаз  ғана дарынды 

оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі 

жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын 

жазбай танушылық қасиет қажет-ақ.

Дарынды баланың психологиялық ерекшеліктерін әрдайым оқу-тәрбие 

жұмысында басты назарда ұстау керек.

Жалпы, адам психологиясының өте күрделі екені аян. Ал дарынды 

баланың ой-пікірімізге  тиек етіп отырған психологиялық ерекшелігі өте 

айқын көрінеді, оны оңай түсінуге болады деп үстірт қарауға тағы бол-

майды.Мұны әрдайым есте ұстау керек. Себебі, өмірде жасөспірімдердің 

ерекшеліктерін үлкендердің дұрыс түсіне алмауы жиі ұшырасады. Нәти-

жесінде қабілетті шәкірттің дарындылығына тән қасиеттер дер кезінде 

жетілмей қалуы мүмкін.

Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы 

танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау – заман талабы. Ал оқытудың 

түпкілікті  нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан-жақты білімді, білімін 

жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, 

ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін 

белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, 

шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау үшін белгілі бір бағыт-

бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет.



12

www.kazektep.kz

Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен 

талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес 

келуі керек. Оқыту мазмұнының басты талаптары мыналар:

– оқу пәндерінің сандық және сапалық ерекшеліктері;

– оқыту мазмұны мен әрбір оқу пәнінің  мазмұны және зерттеушілік си-

патта болып келуі;

– әр тарау көлемі мәліметтер қорына байланысты түрлі мөлшерде берілуі.

Бұл тәсіл  оқытудың негізгі бағыттарына, яғни білім, білік, дағдыны 

шығармашылық тұрғыда меңгерулеріне жақсы әсер етеді. Мұндай әдіс 

оқытудың жаңа бағыттарын шешуде, яғни балалардың қабілеті мен 

шығармашылық ойлауын кеңейтіп, оны одан әрі дамытуға мүмкіндіктер 

беретінімен маңызды. Дарындылықты дамытуда оқушыға талап қоя білу 

қажет. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс оқушының шығармашылығын 

шыңдап, жақсы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Ерекше қабілетті  

оқушыларды анықтауды жүзеге асырудың жеке жолдары мынадай:

– жеке тұлғаны (дарынды) жалпы сынып оқушылары арасынан табу, 

іздеу;

– іс жүзінде оны сынып оқушыларының білім деңгейінен күрделірек әртүрлі 

грамматикалық,  логикалық  тапсырмалар беру арқылы білім деңгейін, қабі-

летін бақылап сынақтан өткізу;

– осы жұмыстардың нәтижесінен  кейін қабілетті оқушымен белгілі бір 

бағыт-бағдар бойынша жұмыс жүргізу.

Ол бағдарламаның негізі Қазақстан Республикасының «Білім тура-

лы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, 

дағдысын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Дарынды  оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың мақсаты:

– жан-жақты дамыған , білімді, білікті жеке тұлғаны қалыптастыру;

– оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі  ретінде тұлғалық бағдарлы, 

гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

Міндеттеріне мыналар кіреді:



– өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ре-

сурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру;

– оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінде 

жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану;

– оқушының өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы жеке 

тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу;

– оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, 

түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып дарынды 

тұлғаны дамыту.

 Әрбір талантты бала еңбекке бейім келеді, шығармашылық тапқыр-

лықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады» демекші, 

дарынды оқушылардың көп болуы шығармашылықпен  жұмыс жасай-

тын ұстаздарға  байланысты. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаз– 

теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін 

жаңашылдықпен дамытып, үнемі кәсіби шеберлікке ұмтылатын, тәлім-

тәрбие ісінде жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын, шығармашылық 

ізденістегі адам. Дарындылықты данышпандылыққа айналдыру үшін 

қажымай-талмай еңбектену қажет. Әр ұстаз алдында отырған шәкіртінің 

табиғи дарынын танып, оны одан әрі дамытуға күш жұмсауы керек. Осы 

мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін біз мынадай жұмыс түрлерін 

қолданып келеміз.

1.  Дарынды оқушылардың  қызығушылығын анықтау.

2.  Дарынды оқушылардың қызығушылығына байланысты оқу жоспа-

рын құру.



3.  Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім 

қабылдауына ықпал ету.



13

www.kazektep.kz



4.  Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу.

5.   Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін 

пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп 

отыру.

6.  Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға, пәндік олим-

пиада мен ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен 

шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы 

түрде жүргізу.

Көп жағдайда алған білімнің дәйекті ойдан кетпестей болып қалып-

тасуы оқушылардың материалды саналы игерулеріне байланысты. 

Сондықтан да мұғалімнің өзі құрған сабақ жүйесінің шығармамен  және 

оқулықпен өзектесіп, үндесіп жатуы, қолданатын әдіс-тәсілдер оқушының 

сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, жауапкершілігін арттырып, ой 

белсенділігін, шығармашылық қабілетін шыңдауы қажет.

Дәстүрлі оқыту жүйесінің қазіргі талапқа сай еместік ерекшелігінің 

бірі: мұғалім сабақты ұйымдастырғанда өз іс-әрекетіне көп назар ау-

дарады. Ал оқыту үрдісінің  мәні – оқушының танымдық іс-әрекетіне 

дұрыс ұйымдастыру мен ынталандыру. Мұғалім әрбір сабақта оқушыға  

берілетін тапсырмаларды бірте-бірте күрделендіре отырып, белсенді іс-

әрекетке келтіріп, таным жолдарымен баланың ойлауын дамытуы қажет. 

Өте тиянақты ұйымдастырылған сабақ – өзіндіқ құнды, оқытушылық, 

дамытушылық және тәрбиелік мәні бар оқу формасының бірі болып таны-

лады. Оның жемісті жүргізілуіне мұғалім барлық жағдайды жасайды, яғни 

мақсатқа сай мазмұнды таңдайды, оқуды ұйымдастырудың әртүрлі форма-

ларын пайдаланады және ойлап шығарады. 

Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі-ірі өзгерістер дүниеге 

келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына  көтерілу кезеңінде 

түрлі-түрлі  реформалар жасалуда. Оқыту формасы бұрынғы білім беруді 

ғана негіз еткен әртүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру 

формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп 

үйрену іс-әрекетін басты форма  ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі 

басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. 

Мұғалім оқыту мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде 

оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға  көшті және оқушыларды зерттеп 

үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін қолдануда.

Дарынды балаларға нәтижеге  бағытталған білім беру жағдайында био-

логияны оқытуда қазіргі заманғы білім берудегі технологияларды сабақ 

типіне байланысты жүйелі түрде қолдану қажет. Қазіргі біздің «Жаңа 

технология»  деп жүргеніміз бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту 

әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген 

педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі деуге болады. 

Осы оқыту технологияларын қолдану арқылы, оқушылардың әртүрлі 

қабілеттерін жетілдіріп, интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін 

дамытып, қарапайым нәрседен ой тұтатып, ойын еркін айта алатын тұлға 

тәрбиеленеді.

М.Жұмабаев өзінің 1923 жылы жарық көрген «Педагогика» кітабында 



«Жаңа алынған білім мен ескі білімнің қатынасы болсын. Яғни білім берген-

де,  жақыннан алысқа, таныстан жатқа көшсін, жаңа білімді ескі біліммен 

байлап беру керек» деп жазды. Олай болса, мектеп қабырғасында қалыптаса 

бастаған осы үрдісті одан әрі дамытып, оқушылардың өздігінен ізденулеріне 

басшылық жасап, бағыт беріп отыру керек. Адамға қажетті білім көлемі 

күрт және тез өсіп отырған қазіргі жағдайда белгілі бір фактілер жиынтығын 

игеруді басты міндет етіп қалдыра беру мүмкін емес. Адамды өз білімін дер-

бес толықтыра білуге, ғылыми ақпараттың үдеген тасқынында бағдар таба 

білуге баулу қажет.

Дарындылықтың негізгі сипаттарының бірі – танымдық қызығудың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет