Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата24.03.2017
өлшемі1,89 Mb.
#10157
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ақсәуле ИБРАҺИМОВА,

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік 

университетінің магистранты

Аннотация. Мақалада студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалып-

тастырудың мәні, маңызы, басты проблемалары сөз етіледі.

Түйінді сөздер. Құзыреттілік, қарым-қатынас, коммуникация.

жетістіктер, Қазақстанның «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысуындағы 

мақсаты қазіргі таңдағы Н.Коперниктің жаңалығына пара-пар. Ұлы мате-

матик «Күн – астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына 



шоғырланады, оны айнала қозғалады», яғни, студент тұлғасы орталыққа ай-

налып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра 

жүргізіледі.

Адамның іскерлігі оның кәсіби коммуникативтік құзыреттілігінің 

 

қалыптасу деңгейіне, әлеуметтік-қоғамдық ортадағы, педагогикалық 



ұжымдағы коммуникативтік қатынасымен байланысты. Коммуникативтік 

Б

33

www.kazektep.kz

әрекеттің жоғары денгейде жүруі – білім беру саласында адамның 

педагогикалық әрекетті орындау нәтижелілігінің қажетті шарты, тұлғаның 

дамуы мен жетілуінің факторы. Болашақ маманның өмірлік қызметінде, 

психикалық дамуы мен тұлғалық қалыптасуында коммуникативтік 

әрекеттің маңызды рөл атқаратыны зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде 

ғылыми тұрғыда дәлелденген. Коммуникация теориясы бірнеше бағытта 

қалыптасты: бірінші бағыты – психоаналитикалық тұрғыда З.Фрейд, 

К.Юнг еңбектерінде негізделді, экзистенциалистік теориясы М.Бубер, 

К.Ясперс, көзқарастық негізде М.Вебер, футурологиялық идеялар 

А.Тоффлер еңбектерінде талданып, ғылыми қолданысқа енді. 

Студенттің коммуникативтік дағдысының қалыптасуы оқу-та-

нымдық, ғылыми-зерттеу, кәсіптік даярлық қызметіне, қоғамдық 

белсенділік деңгейіне, жеке тұлғалық ерекшелігіне байланысты қа-

лыптасады. Ғалымдардың зерттеулерінде студенттердің қарым-қатынас 

әрекетін қалыптастыру туралы педагог-психолог мамандығына қатысты 

олардың қарым-қатынасындағы ерекшеліктері жайлы мәселелер 

 

қарастырылмайды. Демек, ендігі жерде коммуникативтік теория 



тағылымдарын пайдалана отырып студенттерге, соның ішінде педагог-

психолог мамандығы студенттерінде коммуникативтік құзыреттілігін 

 

қалыптастыруға көңіл бөлуіміз қажет. Бұл болашақ мамандардың кәсіби 



іскерлік қабілетін жоғарылатып, қоғамдық өмірдегі белсенділік деңгейін 

арттыруға, коммуникативтік құзыреттілігін  танытуда маңызы бар мәселе.

Тұлғаны коммуникативтік әрекет, қарым-қатынас арқылы дамыту 

мәселесін зерттеу тиімділігіне сәйкес келетін ғылыми базис қажет. Бұл 

бағытта психологиялық-педагогикалық ғылымда белгілі бір жетістіктер аз 

емес. 


Сонымен қатар, коммуникативтік құзыреттіліктің табиғаты мен 

құрылымының түбегейлі мәселесін және олардың даму жағдайларын 

А.Н. Леонтьев, К.К. Платонов, С.Л. Рубинштейн, т.б. қарастырған, ал 

коммуникативтік құзыреттіліктің мағынасы қарым-қатынас дамуының 

негізі ретінде зерттеулерді  Б.Г.  Ананьев, С.Л.  Рубинштейн жүргізген.

Коммуниктивтік әрекет жалпы қарым-қатынас әрекетінің бір бөлігі 

болып саналады. Өйткені, ол тұлғаның ортақ әлеуметтік қасиетін көрсетеді 

және педагогикалық қарым-қатынас әрекетінің нәтижесі мен үрдісін 

біріктіреді. Коммуниктивтік әрекет «адам-адамға» мамандығы бойынша 

қызмет жасайтын қазіргі заман мамандарының қажетті сапасы болып сана-

лады. Сондықтан педагог-психолог мамандардың, осы мамандықта оқитын 

студенттердің қарым-қатынас әрекеті  түсінігі  мен  оның  ерекшелігін 

анықтау қажеттілігі туады.

Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігінің теориялық негізі 

 

М.Н. Вятютнев, И.А. Зимняя, А.Н. Леонтьев, А.А.  Леонтьев еңбектерінде 



зерделенген. Ш.Таубаеваның пікірінше, кәсіби-педагогикалық құзырет-

тілікті қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздерін ғалымдар төрт 

бағытта:  біріншіден, «сапалар мен іскерліктер жүйесі  әрі жүйе», екіншіден, 

«педагогикалық шеберлік», үшіншіден, «тұлғалық білімдарлығы мен 

қасиеттері, болмыс-бітімі», төртіншіден, «жеке тұлғаның қасиеті» ретінде 

қарастырады.

Кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру – бұл, біріншіден, 

мақсат-міндет болғанымен, бәрінен бұрын білім беру болашақ маман 

тұлғасын даярлаудағы негізгі проблема. Қазіргі кезеңде жоғары оқу орын-

дарында студенттердің болашақ кәсіби маман ретінде коммуникативтік 

құзіреттілігін қалыптастыруды зерттеуге деген қызығушылық үздіксіз артуда. 

Бүгінде коммуникация теориясындағы негізгі ұғым терминдерін 

қарастыра  отырып, білімнің  қарқынды  дамығанына  қарамастан,  комму-

никация  мәселелері  әлі де шешімін таппаған.  Коммуникация  теориясы ХХ 

ғасырдың 50-60 жылдары  академиялық  оқу  пәні  ретінде  қолданысқа  еніп, 

бұл  пәннің  өмірге  келуіне  ықпал  еткен  электрондық-коммуникативтік 

технологиялар  сияқты  қарқынды  дами  бастады. Кибернетиканың, комму-

никацияның математикалық теориясының дамуы, қазіргі электрондық 



34

www.kazektep.kz

байланыс жүйесінің қалыптасуы оған деген қызығушылықты өрістете түсті. 

Коммуникация мәселесіне деген зерттеушілердің ынта-ықыласы бөлек, 

оның өзіне тән тарихи даму жолы бар. 

Алғаш рет «коммуникация» термині (латынша communication, 

communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында 

ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым 

ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды:

– бихевиоризм (коммуникацияның негізі жүйе ретінде тіл емес, тікелей 

кез келген  адамды  тәрбиелеуге болатын дыбыстары), бұл әдістің өкілі 

Д.Уотсон); 

– коммуникация символикалық интеракционализм (персонализм-дер-

бестік) тұлға  ішкі  метафизикалық  қабілеті арқылы өз бойында басқа 

біреудің  сезімдерін  ашу  болып  табылады,  бұл  әдістің  өкілі Дж.Г.Мид).

Қазіргі таңда бихевиорист ғалымдар тұлғаның коммуникативтік құзы-

ретін қамтамасыз ететін бірнеше міндетті шеберлікпен меңгеру қажеттігін 

атап көрсетеді:



– дұрыс сұрақ қоя білу және соған тұжырымды жауап қайтара білу 

икемділігі;

– ынта қойып тыңдай білу және оны белсенді талқылай білу дағдысы;

– бірге қарым-қатынас жасаушының айтқанына түсінік бере алу және 

оны сыни көзбен бағалай білу;

–   кез келген  топта  белгілі  бір  өз көзқарасын дәлелдеп бере білу ше-

берлігі;

– коммуникативтік  қарым-қатынас  орнатушыны өз  айтқанына  илан-

дыра  және  дағдыландыра  білу  икемділігін  меңгеру.

Көптеген ғалымдар «коммуникация» ұғымы немесе 

 «коммуника-

тивтік» термині қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы 

мәселесіне назар аударған. 

Қазақстанның ықшам энциклопедиялық сөздігінде «коммуника-



ция (латынша communicatio – ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп 

пікірлесемін): 1) қатысым жолы, бір орынның екінші жақпен байла-

нысы; 2) сөйлесу, ақпарат беру, деп көрсетілсе, ал философиялық 

сөздіктерде  «Коммуникация – әлеуметтік өзара әрекеттің мәндік және 

идеалдық-мазмұндық  аспектісі, яғни оның  мағыналық  қабылдауына  сана-

лы  бағдарлануы  коммуникативтік  әрекет  болып табылады» деп анықтама 

бере отырып, тілдің коммуникативтік құралы, қарым-қатынас, ой алмасу 

құралы  делінген.  Ал К.Ясперс,  О.Больнов,  Э.Муньенің  еңбектерінде  

адамдар  өзара келісімнің негізінде  өзара түсінушілігі, пікірталасқа түсе алу 

біліктілігінің негізін қалаушы деп анықталады.

Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде «коммуника-

тив» деген сөз  алпысыншы жылдардан бастап кездеседі, бұл терминді 

тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданады, бірақ мән-

мағынасына түсініктеме толық берілмейді. Сөзіміздің дәлелі ретінде 1959 

жылы шыққан казақ тілі  сөздігінің  бірінші  томында  «коммуникация» сөзі 

берілмеген. Бұл сөздікте «коммуникациялық» деген сын есім көрсетіліп, 

оған қысқаша: «Коммуникациялық» – сын. қатынастық, қарым-

қатынастық. С.И. Ожеговтың сөздігінде «коммуникация» сөзінің екі 

мағынасы көрсетілген және «коммуникация» сөзі алғаш жолдық қатынас, 

байланыс деген мағынаны білдірген. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева «коммуника-

ция» термині  туралы «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны «жалпы қарым-



қатынас», «араласу», «хабарласу», «байланыс» деген сияқты мағыналарды 

білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу үрдісін, тілдесу ерекшеліктерін, 

тілдің  әлеуметтік  мәні  мен қоғамдық қызметін,  адамдар арасындағы 

қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді» дейді. Ғалым «комму-

никация» сөзін «қатысым» деп  танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде 

жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім», «жазылым» 

және т.б. терминдерді енгізді.

 Қазір көптеген тілдерде ортақ термин ретінде қолданылатын «комму-

никация» сөзі жоғарыда келтірілген мәліметтерді талдай келе көп мәнді 



35

www.kazektep.kz

және «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп  пікірлесемін  және 

қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, 

ақпарат беру»  деген  мағына береді.  Коммуникация  термині жалпы 

қарым-қатынас, байланыс, бір-бірімен араласу, яғни адамдардың тіл 

арқылы сөйлеу үрдісін, тілдік қатынастың ерекшеліктерін, оның қоғамда 

атқаратын қызметін көрсетеді. 

«Коммуникативтік құзыреттілік» ұғымы 1970 жылдардан бас-

тап қолданыла бастады. Аталған термин әуелі даму психологиясы, 

когнитивті психология және социолингвистикамен байланыста да-

мыса, әлеуметтік психологияда  ішкі  қоры  (білім,  білік)  негізінде  

басқа   адамдармен  байланысты  құру  және  қолдау  қабілеті  ретінде  

қолданылған.  Бүгінде  психологиялық, педагогикалық  әдебиеттерде 

 

«коммуникативтік  құзыреттілік»  терминінен басқа да коммуникативтік 



дайындық, қарым-қатынас құзыреті, коммуникативтік қабілет, тұлғаның 

коммуникативтік әрекеті, мәдениет және біліктілік деген сияқты термин-

дер көптеп қолданылып келеді. Бір қарағанда бұл терминдер синонимдес 

сөздер сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ ғылыми тұрғыдан олардың 

мағыналық ара-жігін анықтап, ашуға болады. Мәселен, сөйлеу әрекетін 

жүзеге асыратын – тіл болса, оның іске асуына жағдай жасайтын – ком-

муникация. «Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектерінің 

қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты 

қасиеті баса айтылады. 

Коммуникативтік құзыреттілік студенттерді бақылаудан өзіндік 

бақылауға, әлеуметтік дамытудан өзіндік дамуға, монологтан диалогқа, 

түсіндіруден түсінуге ауысудың негізін құрайтын тұлғалық-бағдарлы 

педагогикалық технология шеңберінде білім беру парадигмасының 

өзгеруімен байланысты жүзеге асырылады. Коммуникативтік құзыреттілік 

бойынша сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру ау-

ызша және жазбаша тілде, сөзді таңдау тәсілдерін ұстану, көпшілік алдында 

сөйлеу дағдыларын меңгеру және тақырыпқа сай сөздерді қолдана білу та-

лаптарын кешенді меңгеру дегенді меңзейді.

Кеңес ғылымында «коммуникация» терминімен қатар «қарым-қаты-

нас» термині синоним ретінде қарастырылды. 

Қарым-қатынасты  жан-жақтан талдай  келе,  зерттеуші  ғалым   В.Березин  

«Көпшілік  коммуникация  теориясы»,  «Көпшіліктік-ақпараттық  комму-

никация: мәні, каналы, қызметі» еңбектерінде студенттерді  жаңа әлеуметтік 

ортаға  бейімдеуде, оқыту-тәрбиелеу  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруда  олардың 

қабілеттілігін дамытудың мәні мен маңызының  ерекше екендігін атап өтеді. 

Қарым-қатынас жасай білудің, тіл табысудың, қоғамдық қатынастың, 

әлеуметтік ортаның, жеке тұлғаның дамуының негізі тілде. Тілді да-

мыту – қарым-қатынасты дамытудың көзі, негізі. Қарым-қатынастың 

мақсаты – студенттің нақты салада белсенділігін дамыту. Студентке тән 

коммуникациялық  мақсат  сансыз  болуымен  есептеледі.

Студенттің мақсаты әлеуметтік, мәдени-шығармашылық, эстети-

калық, ғылыми-танымдық, интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, 

өзге де қажеттіліктерді  қанағаттандырумен байланысты  келеді. Қарым-

қатынас  мақсаты  биологиялық  және   әлеуметтік   болып  бөлінеді.  Био-

логиялық  қарым-қатынас  – ағзаның  өзіндік органикалық  қажетсінулерін 

қанағаттандыруға арналады, ал әлеуметтік қарым-қатынас – студент-

аралық байланыстарды бекіту, интерперсоналды қатынастарды қалып-

тастыру, өзіндік меннің ішкі әлемін байыту мақсатымен сипатталады. 

А.П. Панфилов  «Кәсіби қызметтегі іскерлік коммуникация» кітабында 

«Іскерлік қарым-қатынас – бірлесіп  әрекеттенуде,  әріптестік қызмет        

барысында   іс-әрекеттің  сапасын  көтеруге  бағытталады.  Іскерлік  қарым-

қатынас  мазмұны  жеке адамның мәселелерімен емес, атқарып  жатқан іс 

мәселесін  талқылаудан  көрініс береді»  дей  келіп,  студенттердің  кәсіби 

құзыреттілігін  қалыптастыруда  іскерлік  қарым-қатынас  шеберлігінің         

дамуына айрықша мән береді. Жеке адамның өзіндік қарым-қатынасы 

адамның  ішкі  әлеміндегі психикалық  мәселелерге  шоғырланады.  Бұл 



36

www.kazektep.kz

қарым-қатынас түрі өмір сүрудің мәнін, студенттің әлемге, басқа адамға 

қатынасын, айналадағы  құбылыстарға ішкі конфликт жағдайдан өз 

шешімін іздеп табуға бағытталады. Коммуникативтік әрекет  барысын-

да мақсатқа жету үшін түрлі құралдар, әдіс-тәсілдер кең пайдаланыла-

ды. Инструменталды қарым-қатынас студенттің нақты қарым-қатынаста 

жасырынды мақсатқа жетуіне бағытталады. Қарым-қатынас құралдары 

дегеніміз – адамның біріне-бірі ақпаратты жеткізуде, сол мәліметті код-

тау, символдық белгілер арқылы жеткізу, коммуникациялық үрдісті іске 

асыру, оның мәнін ашу, ой-пікірді ұғыну үшін пайдаланатын әдістері, 

амал-тәсілдері. Ақпаратты кодтау – ол ақпаратты бір адамнан басқа адамға 

жеткізу әдісі. Ақпараттар тікелей денелік контактілермен (қолды тигізу), не 

арақашықтықта жеткізіледі, қабылданады. Г.Г. Почепцов «Жиырмасыншы 

ғасырдың коммуникативтік технологиялары»,  А.В. Соколов «Әлеуметтік 

коммуникация теориясына кіріспе» еңбектерінде «Қарым-қатынас сезім ор-



гандары арқылы (көру, басқа адамды байқау, дыбысты сигналдарды қабылдау, 

т.б.) іске асырылады. Табиғи құрал – тіл, жасанды: белгілер жүйесі, жазудың 

әртүрлі формалары. Ақпаратты жазып сақтауға арналған құралдар: радио, 

теледидар, видио, үнтаспа, компьютер, т.б. Осылайша қарым-қатынас 

құралдары мен әдістерін қарым-қатынас құрылымы, мазмұны, түріне сай 

қолдана білу дағдысын қалыптастыру әркез есте болуы қажет» деп ескертеді. 

Коммуникациялық әрекет құрылымында бірімен-бірі байланысты үш 

жағы, біріншіден,  коммуникативтік, екіншіден, интерактивтік, үшіншіден, 

перцептивтік жағы қарастырылады. Коммуникативтік жағы студенттердің 

бірінің-біріне білімді, идеяны, пікірді, сезімді жеткізуі. Бұл кезде сөйлеу аса 

маңызды рөл атқарады. Сөйлеу қарым-қатынастағы адамдардың ақпаратты 

жеткізумен қатар   өзара  жеке  әсерін  тигізеді.  Интерактивті  жағы  (ин-

теракция  ағылшын сөзі  «бірігіп  әрекеттену») – өзара әрекет,  ақпарат  

алмастыру  деген  мағынада қолданылады. Іс-әрекетті бірігіп атқаруда 

мәлімет алмасуды білдіреді. Перцептивті жағы тәрбиелеу,  тәрбиелік ықпал 

барысында адамдардың бірін-бірі түсінуімен сипатталады. Студентаралық 

коммуникацияның өзгешелігі: педагогикалық үрдістің ерекшелігіне, 

екі жақты сипатына: тура және кері байланысты жүзеге асыруға әрі 

комуникативті  кедергілерді жеңе білуге тәуелді келеді.  Бұл коммуникативтік 

құбылыстар (феномендер) арқылы анықталады. Коммуникативті әсер ету 

көріністері сезімдік құбылыс беру негізінде және ақпаратты жеткізудің 

әртүрлі деңгейіне байланысты болады. Коммуникативті әрекет вербал-

ды, вербалды емес болып бөлінеді. Вербалды деңгейде студенттің сөздерді 

орынды қолдануының, дұрыс сөйлей білуінің маңызы ерекше. Қарым-

қатынастағы студенттер өз қиындықтары туралы ой бөліскен кезде алды-

мен ақпаратты жеткізудегі қиындықтарының себебін іздестіре отырып, 

дара қиындықтардан жалпыға ауысады. Вербалды емес коммуникацияға 

қарым-қатынастағы адамның көздері, сыртқы түрі, бейнесі, жесттері, ми-

микасы, позасы, жүріс-тұрысы жатады. Вербалды емес коммуникация 

нақты түрде қатынастағы жеке адамның эмоциялық жағдайын білдіреді. 

Қарым-қатынас қызметі (функциялары) мазмұнына сай бөлінеді. 

1. Инструмент, функция дегеніміз – іске асыруға арналған әрекетті 

атқару үшін пайдаланылатын әлеуметтік механизм. Интегративті адам-

дарды біріктіруге арналған механизмдерді іске асыруда өзін-өзі таныту 

функциясын атауға болады. Ол психикалық тұрғыдан  өзара ұғынысуға 

көмектеседі. 

2. Жариялылық функциясы ол нақты әдістерді, іс-әрекеттерді  жеткізу 

қызметін атқарады. Коммуникациялық әрекет формалары: тікелей не жа-

нама, ықтиярлы  не  ықтиярсыз, көпшілік не жеке адамды қарым-қатынас-

тардың түрлеріне қарай ажыратылады. Студенттер арасындағы қарым-

қатынас түрлері: әлеуметтік, педагогикалық, қауымдастық, жеке тұлғалық, 

әріптестік, ұжымдық, достық, инструменталдық, диалогтық,  жасырынды 

мақсатқа жету, манипулятивтік, т.б.  қарым-қатынас болып бөлінеді.



37

www.kazektep.kz

Коммуникация – мәселесі  күрделі  әрі  толық  шешімі табылмаған 

мәселе. Коммуникация – әмбебап мағыналы ұғым. Ол кез келген объект- 

аралық байланыс түрінде сипатталады. Коммуникация – ақпаратты беру, 

жеткізу,  кері  байланыс  құру  құралы  ретінде  техникалық  мағынада  пай-

даланылады.

Студенттердің кәсіби коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасуына 

жоғарыда келтірілген дәлелдер маман ретіндегі дайындық сапасын 

айтарлықтай көтереді, еңбек нарығында олардың жан-жақтылығын және 

талаптылығын қалыптастырады. Осы мәселені шешу қоғамда еркін өмір 

сүре алатын тұлғаны дайындауда қоғамдық талаптарға сай берілген жұмысты 

тыңғылықты орындап қана қоймай, сонымен қатар өзіндік дамуының 

субъектісі ретінде болуына мақсатты бағытталуын жүзеге асырады. 



Әдебиет

1.  Дьюи Дж. Демократия и образование. – М.: 2000. – с. 354.

2. Философиялық сөздік/ ред.ұжым: Нұрғалиев Р.Н., Ақмамбетов Г.Г., Әбілдин Ж.Ж. 

 

– Алматы: Дәуір,1995. – 525-б.



3. Ясперс К.Смысл и назначение истории (пер.с нем). –М.: Политиздат, 1991. – с. 527.

4. Больнов О.Новая укрытость. Проблема  преодоления  экзистенциализма.  Филосо- 

 

фия экзистенциализма. – СПб.: Лань, 1999.  –  с. 222.



5. Мунье Э.Энциклопедия современной эзотерики. 

6. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас//Оқулық.– Алматы, 2002. – 109-б.

7. Березин В.М.  Массовая  коммуникация:  сущность,  каналы, действия.  – М.: Рип- 

 

  Холдинг, 2003.



8. Панфилова А.П. Деловая коммуникация в профессиональной деятельности//Учеб- 

 

ное пособие. – СПб., 2004. – с. 495.



9. Почепцов Г.Г. Коммуникативные  технологии   двадцатого  века. –  М.:  Рефл-бук,  

 

К.:  Ваклер. – 2002. – с. 352.



10. Соколов А.В. Введение в теорию  социальной  коммуникации. – СПб.: СПбГУП,  

 

1996. – с. 319.



Резюме

В статье рассматриваются проблемы формирования у студентов коммуникативной ком-

петентности.

етское объединение как форма детского движения, имеющая 

свободную организационную структуру, демократическую ие-

МОРАЛЬНЫЕ ЦЕННОСТИ ДЕТСКОГО 

ОБЪЕДИНЕНИЯ

Владимир КАБУШ,

доктор педагогических наук

рархию построения, инициативную деятельность, самоуправлен-

ческую систему, должно построить свою работу на принципиально 

новых основаниях. Реализовывать вышеуказанные положения воз-

можно не столько в отдельных мероприятиях и делах (даже удачно и 

хорошо проведенных), сколько в специальной обстановке, условиях, 

атмосфере.

Иными словами, педагогический потенциал объединения 

определяется его духом. В данном контексте дух – это то, что вос-

принимается интуитивно, без всяких утверждений и объяснений. В 

педагогической литературе синонимы этого понятия – «духовный 

коллектив», «социально-педагогическая обстановка», «морально-

этическая  атмосфера»,  «морально-психологический  климат»,  «со-     

циально-психологический климат». Дух объединения независимо 

от названия всегда определяет его лицо. Результат этой духовности, 

прежде всего, в самочувствии личности в объединении, ее эмоцио-



Д

38

www.kazektep.kz

нальном благополучии, социальной защищенности, этических га-

рантиях, удовлетворенности общением, наличии потребности в са-

мовоспитании, формировании устойчивой самооценки, создании 

условий для самоутверждения. И, как итог, создаются условия для 

формирования у членов объединения «жизненной позиции», «стиля 

жизни», «качества жизни», «образа жизни».

Бесспорно, для этого необходима тщательная, целенаправленная 

работа в коллективах объединения, построенная на моральных цен-

ностях.

Ценность – это представление о том, что свято для человека, 



группы, коллектива, общества в целом, их убеждения и предпочте-

ния, выраженные в поведении. Ценности служат эталоном, идеалом 

для всех людей.

Существуют ценности витальные: жизнь здоровье, безопасность, 

благосостояние, физическое состояние человека (сытость, покой, 

бодрость), сила, выносливость, качество жизни, природная среда 

(экологические ценности), практичность, комфорт, уровень потре-

бления и т.д.;

социальные: социальное положение, статус, трудолюбие, богат-

ство, труд, профессия, семья, патриотизм, терпимость, дисциплина, 

предприимчивость, склонность к риску, равенство – социальное и 

полов, способность к достижениям, личная независимость, активное 

участие в жизни общества ориентированность на прошлое или буду-

щее, локальная (почвенная) или сверхлокальная (государственная, 

интернациональная) ориентация;

политические: свобода слова, гражданские свободы, государ-

ственность, законность, хороший правитель, порядок, конституция, 

гражданский мир;

моральные: добро, благо, любовь, дружба, долг, честь, честность, 

бескорыстие, порядочность, верность, взаимопомощь, справедли-

вость, уважение к старшим и любовь к детям;

религиозные: Бог, божественный закон, вера, спасение, благо-

дать, ритуал, Священное Писание, церковь;

эстетические: красота (или, напротив, эстетика безобразного), 

идеал, стиль, гармония, следование традиции или новизна, эклекти-

ка, культурная самобытность или подражание престижной заимство-

ванной моде.

Назначение ценностей – формирование целостной личности как 

высшей ценности, личности, способной самостоятельно и творчески 

мыслить, имеющей чувство собственного достоинства, понимающей 

свое предназначение и сохраняющей личностный статус, несмотря 

ни на какие обстоятельства.

В детском объединении предпочтение должно отдаваться мораль-

ным ценностям, которые должны начинаться с определения идеала

Жизнедеятельности личности нет и не может быть без идеалов, осо-

бенно сегодня, когда многие прежние идеалы разрушены, что при-

вело к нежелательным и даже неожиданным результатам.

Может ли происходить развитие личности без идеала? Воспита-

ние без оптимизма? Можно ли предсказывать положительные по-

следствия воспитания? Не только можно, но и необходимо. Идеалы 

в человечестве, обществе, народе были и есть. Вопрос в другом: какие 

моральные ценности мы должны выдвинуть на первый план? Вряд 

ли сегодня у подрастающего поколения станут идеалами партийные 

деятели, руководящие работники. Да и общественные формации 

(капитализм, коммунизм, социализм) потеряли свою привлекатель-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет