Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет9/12
Дата24.03.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Е

53

www.kazektep.kz

Бәйтерек еді. Нұрахмет Қайырбайұлының арамыздан өткеніне 10 жылдың 

жүзі болды.  «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді» демекші, 

мектебімізде жыл сайын «Н.Қайырбаев атындағы аймақтық математикалық 

олимпиада», спорт жарыстары өткізіледі. Заманауи электрондық техника-

лармен жабдықталған «Н.Қайырбаев атындағы математикалық кабинет» 

жұмыс жасайды. Мектептің сыртқы кіре берісінде Нұрахмет Қайырбайұлына 

арналған ескерткіш тақта орнатылған. Жыл сайын мектеп ұжымының 

қолдауымен үздік оқушыларға «Н.Қ.Қайырбаев атындағы шәкіртақы» 

тағайындалады. Үстіміздегі оқу жылында 16 оқушы осы құрметке ие болды, 

оның 6-ы «Алтын белгіге» үміткерлер. Мектеп мұражайында Н.Қайырбаевқа 

арналған арнаулы бұрыш бар. Сынып жетекшілері, оқушылар тәрбие 

сағаттарында бұл материалдарды пайдаланып жүр. Н.Қайырбаев тура-

лы Қарқаралының тарихи-өлкетану мұражайында да бұрыш берілген. 

Мектептің  қазіргі  таңдағы осындай жетістіктерімен және қысқаша даму та-

рихымен таныстырған мектеп директоры  Қ.Ілімбаев бүгінгі кешке қатысып 

отырғандарды таныстырып, оларға сөз берді. Ардагерлердің естелік сөздерін 

қысқартып беруді жөн көріп  отырмыз.

И.Ш. Әбдіреимов: – Облысымызда қазақ мектептерінің ішінде 

бірінші болып гимназиялық білім беру ошағына көштік. Алғашқы ресми 

төлқұжаттарын жасау, гимназиялық оқу бағдарламарын жасау, гимна-

зия мәртебесін бекіттіру жұмыстарында бірге жүрдім. Қай жерде болсын 

ойларының дұрыстығын дәлелдей алатын. 

М.Ж. Жұмашева: – Мектептегі ұлан-ғайыр істердің із-түссіз жоғалып 

кетпеуін, оларды кейін тәрбие жұмыстарына пайдалану жағына көп көңіл 

бөлетін, қадағалайтын, мектеп түлектерінен шыққан атақты тұлғалар ту-

ралы деректер жинап, жүйеге келтіруді Нұрекеңнің басшылығымен жүзеге 

асырдық. Соның нәтижесінде мектеп мұражайы үлгілі деңгейге көтерілді.

Ш.Жекебаева: – Мектепті бітіріп, осында пионер вожатый болып, 

еңбек жолымды бастадым. Кейін жоғары білім алып, кәсіби маман бо-

лып қалыптасуыма Нұрағаң тікелей көмек көрсетті. Содан бері сол кісінің 

еңбегінің игілігін көріп келемін. Біздің үйдегі төрт бала да осы мектепті 

бітіргендер. Нұрағаң бейнесі есімізден кетуге тиісті емес. 

Б.Бексейітова: – Киелі мектептің түлегі екендігімді мақтан етемін. Мен 

Нұрекеңнің де, осында отырған М.Жұмашеваның да, Ш.Жекебаеваның 

да, Уәзилә Хамитованың да шәкірті екенімді бақытым деп есептеймін. 

Бүгін өзім де ардагер ұстаздардың қатарындамын. Күні бүгінге дейін қол 

үзбей осы мектепте істеп келемін. Жоғары санатты мұғаліммін, еңбектерім 

бағалануда. Менің өмірлік бақытым осы ұжымнан басталған. 



О.Суханберлин: – Жұмысымыз кафедралық жүйе болатын. Бұл да 

жаңалықтың бірі еді. Мен математика-информатика кафедрасында едім. 

Сабақтарға жиі қатыстыратын. Математиктер арасында деңгейлеп, сара-

лап,  даралап  оқыту  жүйесін  енгізді,  іске  асырды. Сол уақыт тұрғысында 

бұл да жаңалық еді. Менің Д.Әбікеновпен бірге жасаған оқушылардың 

білімін компьютерлік бағалау бағдарламамыз республикалық «Информати-

ка негіздері» журналында жарияланғанда қолдап қана қоймай, әдістемелік 

құрал ретінде басқа пәндерге де пайдалануға басшылық жасады. 



Қ.Смағұлова: – Нұрекең жан-жақтан тәжірибелі мамандарды алғы-

зып, жағдай жасады, оларға үй бергізді. Ұжымды жас мұғалімдермен 

толықтырып, қамқорлық жасап, пәтер алуға көмектесетін. Риза болған, 

ренжіген сәттерінде айтатын зілсіз әзілдері де болатын. Біз Нұрекеңнің 

«шекпенінен» шыққандармыз. Ұстаз бейнесі әлі көз алдымызда.

Н.Жұмақасова: – Уақытпен есептеспей жұмыс істей беретін. Шарша-

ғанын көрген емеспіз. Оптимист еді. Бізге «Балам оян, бізді ұлы істер күтіп 

тұр» деген француз ойшылы Сен Симонның осы сөзін үнемі еске салып, 

осындай ойлармен сергектікке шақырып отыратын. 



Уәзилә Хамитова: – Отбасынан гөрі мектеп жұмысын алға қоятын. 

Ұжым алдында сыйлы, жұмысым нәтижелі бола тұра, маған: «директордың 

әйелі алдыңғы қатарда болуы керек, оны мадақтаудың қажеті бола қоймас»  

дейтін. Құдайға шүкір, жаманат келтіргем жоқ. Бүгінгі осы кездесуді 



54

www.kazektep.kz

ұйымдастырып отырған мектеп басшыларына үлкен алғысымды айтамын. 

Нұрахметтің аты өшкен жоқ. Соған көңілім толып отыр. 

Кеш  барысында мектеп тарихы, Нұрахмет Қайырбайұлының педа-

гогтік қызметінің 60 жылдығы туралы түсірілген шежірелі бейнефильм  

көрсетіліп отырды. Сонымен қатар ардагер ұстаздардың Нұрахмет Қайыр-

байұлының әдістемелік оқу құралдар жинағын жасауы, білім сапасын 

арттырудағы  ғылыми-практикалық  еңбектер жазуы және 70-жылдардағы 

мектепті  жабылып  қалудан  сақтау жолындағы қажырлы күрестері жөнін-

дегі  естеліктерін  оқушылар  жігерлі  сезіммен  ұйып  тыңдады.   

«Егер сіз адамның Алла алдындағы бағасын білмек болсаңыз, онда ол адам ту-

ралы халықтың пікіріне құлақ түріңіз» деген Пайғамбар хадисінде. Олай болса, 

бүгін елінің баянды болашағы үшін тер төгер ұл-қыздарымызды тәрбиелеу 

ісінде  аянбай  еңбек  еткен, халық құрметіне  бөленген  ұлағатты  ұстаз жай-

лы осылайша азды-көпті ой өрбіттік. «Өткеніңді  ұмытсаң,  өшкеніңнің белгісі.  



Өткеніңді  еске алсаң, өскеніңнің белгісі» деп Жұбан ақын жырлағандай,  

ғасырға  жуық  тарихы  бар, өткеннен  өнеге  алып, қасиетті киелі  шаңырақта  

еңбек еткен, тер  төккен  абзал адамдар  жайлы кейінгі ұрпақ біле жүрсін 

деген мақсатпен өткізген осы кездесу аз да болса шәкірттерімізге ой салса 

мақсатымыздың орындалғаны. 

Оқушыларға ой салар осындай өнегелі әңгімелерді айтатын, бірін-бірі 

білетін, бір-бірін көрген ардагерлердің арамызда жүргені қандай жақсы. 

Қарағанды қаласы.

тнопедагогиканың компоненттерін, оның педагогикамен арақа-

тынасын қарастыра отырып, біз енді қазақ этнопедагогикасының 

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ 

МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ 

Клара ҚОЖАХМЕТОВА,

педагогика ғылымының докторы, профессор

мәнін талдауға көшеміз.

Этнопедагогиканың құрамына енетін компоненттерді зерттеу, педаго-

Батыс Қазақстан облысының тумасы. Орал педагогика институтының 

түлегі Қожахметова Клара Жантөреқызы – бүкіл саналы ғұмырын ғылымға 

арнаған көрнекті ғалым. Ол педагогика ғылымының докторы, профессор, 

халықаралық педагогикалық академия мен халықаралық педагогикалық білім 

беру ғылымдары академиясының (Ресей), Қазақ педагогикалық ғылымдар 

академиясының академигі, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының сти-

пендиаты және этнопедагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негізін 

қалаушылардың бірі ретінде де танымал еді.

Өзіндік ғылыми мектебі қалыптасқан ғалымның 4 монографиясы, 6  оқу 

құралы, 3 оқулығы жарық көрген, республикалық ғылыми басылымдарға 

200-ге жуық мақаласы жарияланған. Оның негізгі ғылыми бағыты – этнопе-

дагогика, ұлттық мектеп және мәселелері болды.

Ғылымға әлі де берері мол ғалым Клара Жантөреқызы 2014 жылдың 

желтоқсан айында дүниеден озды. Марқұмның отбасына, туған-туыс-

қандарына қайғыра көңіл айта отырып, журнал оқырмандары назарына белгілі 

педагогтің 2013 жылы жарық көрген «Этнопедагогика: әдіснама, теория, 

тәжірибе» оқу құралынан үзінді ұсынғанды жөн санадық.

Э


55

www.kazektep.kz

гиканың құрамдас бөлігі болып саналатын этнопедагогиканың, оның 

құрамына енетін компоненттер есебінен, олардың өзгешелігін зерттеудегі 

басқаша тұғырды талап ететін ерекше қасиеттерге ие болады. Яғни 

педагогиканың кұрамдас бөлігі ретінде этнопедагогикаға, педагогикалық 

заңдар, зандылықтар, принциптердің әрекеті де қатысты болады. Алай-

да, интегративті салада, білімнің этникалық спецификасы болады, яғни 

педагогикалық және мәдениеттанушылық проблеманың этникалық 

аспектісін көрсетеді. Сол себепті түйісу саласы ретінде, этнопедагогиканың 

объектілі саласы, этностың өмір сүруінің этникалық жағы алынады: эт-

нопедагогика  үшін  –  дамушы  этнопедагогикалық  болмыс;  этнология             

үшін – этнос және өзіне ұқсас этностарға қатынас; этникалық мәдениет 

үшін – аталған этностың мәдениеті. Бірақ, пәндердің әрқайсысы өзінің 

аспектісін: берілген жағдайда этнопедагогика – этникалық тәрбиенің 

ерекшелігін қарастырады.

Қазақ этнопедагогикасын анықтауда (маңызды мән) біз Т.И. Ого-

родниковтың  идеясын бастапқы негіздеме ретінде алдық, оның пікірі 

бойынша: «этнопедагогика этнография және фольклористикамен педа-

гогиканы байланыстыратын жаңа сала ретінде пайда болды» [12, 6-б.]. 

Этнопедагогика – педагогиканың құрамдас бөлігі, біртұтастың бір бөлігі 

ретінде, оған педагогикалық  белгілер  тән: заңдар, заңдылықтар, педа-

гогика теориясының принциптері, олар өз кезегінде этнопедагогикаға 

қатысты әдіснамалық болып  табылады; бірақ этнопедагогиканың өзіндік 

ерекшелігі бар, атап айтсақ: ол  өзгешелік аспектіні – этнопедагогикалық 

аспектіні зерттейді. Этнопедагогика – этнопедагогиканың зерттейтін 

объектісіне жақын педагогиканы басқа ғылым салаларымен біріктіретін 

саласы болған себепті, біз этнопедагогика мен этнографияның, этно-

педагогика мен этнофилософияның, этнопедагогика мен мәдениет 

философиясының арасындағы байланыстарды тереңірек қарастыруға 

шешім қабылдадық. Осы мәселе бойынша біз Б.Кедровтың [83], В.И.  

Журавлевтің [84] зерттеулерін негізге алдық, осы зерттеулер арқылы 

қазақ этнопедагогикасының ерекшелігін айқындау үшін ұмтылыс 

жасадық, біз қазақ этнопедагогикасының компонентті құрамын; қазақ 

этнопедагогикасының  құрылымын;  қазақ этнопедагогикасының функ-

цияларын; педагогикамен арақатынасын анықтауға мүмкіндік беретін, 

этнопедагогиканың көптеген анықтамаларын жан-жақты талдау арқылы:

– педагогика – жалпы, оның заңдары этнопедагогика саласына да 

ортақ;

– этнопедагогика – ерекше, яғни педагогикада барлық этникалық 



топтарға, этносқа тән этникалық өзгеше аспектіні айқындайды деген 

тұжырым жасадық.

Қазақ этнопедагогикасы – бұл дара, яғни мұнда зерттеуші тілде, 

әдет-ғұрыптарда,  дінде, салт пен дәстүрде көрініс беретін, этникалық 

мәдениеттің өзіндік бейнесін ескеру арқылы құрылатын ерекшеліктерді 

анықтайды. Қазақтардың этникалық психологиясының, шаруашылық 

іс-әрекетінің, тұрмысының, орта жағдайларының әсерімен тарихи 

қалыптасқан, әлемді этникалық өзіндік бейнелі қабылдау есебінен, өзінің 

көрінісін қазақ этносының мінезінде, ұлттық сезімдерінде, ұлттық өзіндік 

санасында табады. Мұның бәрі педагогикадағы түйісу нүктесін табады, 

ол өз кезегінде білімнің барлық түрлерін «қоя» отырып, кіріктіру, яғни 

интеграциялық және реттеуші рөл атқарады.

Кіріктірмелі жүйе құраушы компонент ретінде не алынады? Біздің 

ойымызша, бұл қазақтың этникалық тәрбиесі, яғни қазақ этнопедаго-

гикасының пәні болып саналады.

Мұның бәрі қазақ этнопедагогикасының өзгешелігін айқындап 

көрсетеді: педагогиканың құрамдас бөлігі бола тұрып, сонымен бірге 

оған қайталанбас сипат беретін өзгешелік, өзіндік ерекшеліктері болады. 



56

www.kazektep.kz

Сондықтан этнопедагогика – педагогикалық  қасиеттердің, педагогикалық 

функциялардың басымдылығын ашық көрсететін педагогикалық білімнің 

қалыптасып келе жатқан жас саласы болып табылады.

Этнопедагогиканың негізін этнофилософия, этнос теориясы, эт-

нопсихология, мәдениет философиясы, педагогиканың әдіснамасы құ-

райтын себепті, олардың әрқайсысы этнопедагогикаға біріктірілетін, 

қазақ этнопедагогикасының ағзасына өзіндік бөлігін енгізеді. Қазақ 

этнопедагогикасының құрылымдық және мазмұнды тұрғыда толық 

зерттелмегені белгілі. Сондықтан этнос теориясының, этнофилосо-

фияның, этномәдениеттің, этнопсихологияның, педагогиканың әдісна-

масының өзара қандай байланыста екендігі және қандай күйде болатыны 

біз үшін маңызды болып саналады.

Қазақ этнопедагогикасы педагогикалық білімнің бір саласы ретінде, 

педагогиканың  түйісуінде   қалыптасты (бұл тәрбиенің этникалық  аспек-

тісін  зерттейтін педагогиканың бір саласы және педагогиканы этноло-

гиямен байланыстырады, бұл сала теориялық этнография деп аталады). 

Ал этнопедагогика – рухани этникалық мәдениеттің ажырамас бөлігі, 

компоненті. Осылайша, осы салада этнопедагогикалық білімнің маңызды 

блоктары шоғырландырылған – этнософия туралы (фольклор, халық 

даналығы), әлеуметтік-нормативті  танымдық мәдениет, халықтың дәстүрлі 

өмірін қамтамасыз ету саласы, салт-дәстүрлер, дін, тіл, этноәлеуметтік 

рөлдерді ұстану мәдениеті және т.б.

Бұнда назардан тыс қалдырмайтын бір жайт бар, себебі этнопеда-

гогика – педагогиканың құрамдас бөлігі, оның міндеттері, пәні, нәти-

жесі – педагогикалық, бұнда білімнің кіріктірмелі саласы ретінде этно-

педагогика өзінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін, тәрбие іс-әрекетінің 

ерекшелік құралы ретінде, этникалық мәдениеттің компоненттерін 

қолданады. Осылайша,  этнопедагогиканың  педагогикалық  мәні  айқын-

далады.  Бұдан  басқа, қазақ этнопедагогикасының  нысаны ретінде, да-

мушы этнопедагогикалық болмыс (кең мағынасында); қазақтың ұлттық 

мәдениеті  (тар мағынасында), ал пәні ретінде этникалық тәрбиенің даму-

шы үдерісіндегі этнос субъектісі алынады:

Нысаны – этникалық педагогикалық мәдениет, дамушы, этнопеда-

гогикалық болмыс.

Пәні – адам өмірінің барысында жалғасатын этникалық тәрбие үдерісі, 

соның аясындағы этноәлеуметтік рөлдерді меңгеру үдерісі.

Заңдары: шынайы өмір арқылы тәрбиелеу; параллельді әрекет арқылы 

тәрбиелеу (тәрбие әлеуметтік қалыптастырудың қоғамдық-тарихи үдерісі 

ретінде (әлеуметтендіру), этнизация.

Заңдылықтары: барлық педагогикалық заңдылықтар.

Осылайша, педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде, этно-

педагогиканы тыңғылықты талдау, педагогиканың құрамдас бөлігі бола 

тұрып, оның өзіндік ерекшеліктері болатынын көрсетеді, бұл өз кезегінде 

педагогикалық білімнің кіріктірілген саласы болуымен негізделеді.



Өсиетте – насихат 

Парасаттылық, шарапаттылық, кеңдік, адалдық ғылымда қызмет 

істеген әрбір адамға лайық, халқымыздың мәпелеп, бетке ұстары – ғылым 

адамдары.

Евней Букетов

* * *


...барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған. Білімсіз-ғылымсыз өнер 

табылмайды.

Шәкәрім Құдайбердиев.

57

www.kazektep.kz



Педагогикалық идеялар фестивалі

республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының іс-

шаралар жоспарына сәйкес 2014 жылдың 11-12  желтоқсан күндері  

ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗДАР БАЙҚАУЫ

Бауыржан ӘЛІҚОЖА,

журналист

Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайы базасында VIIІ республикалық 

инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалі өтті.  Осы орайда 

фестивальдің барысы, жай-жапсары жөнінде орталықтың педагогикалық 

инновация зертханасы меңгерушісі, “Ы.Алтынсарин” төсбелгісінің  иегері, 

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Жәмила Жакенованы аз-кем 

әңгімеге тартқан едік.

–   Бұл фестиваль 2000 жылдан бері екі жылда бір рет тұрақты өткізіліп 

келеді. Байқаудың мақсаты  –  мұғалімдерді қолдап-қуаттап  бір-бірімен 

тәжірибе  алмастыру,  мектеп мұғалімдері мен жетекшілерінің инновация-

лық тәжірибелерін кеңінен насихаттап тарату. 

Фестивальде жалпы орта білім беру жүйесін жаңартудағы маңыз-

ды сұрақтарды талқылау үшін пікірталас құру, жас мұғалімдерге пси-

хологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, жаңашыл мұғалімнің құры-

лымдық-мазмұндық үлгісін жасау қарастырылды. Дарынды балаларды 

дайындау үшін қарымды педагогтер керек. Бұл шара –  сол мұғалімдердің 

шеберлігін шыңдау алаңы. Жаңашылдықтарын қолданысқа  енгізетін ме-

ханизмдер тетігі. «Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін білім», – деп 

М.Әуезов айтпақшы бұл байқауды дамыған озық елдермен теңесу  жолында 

жасалған бірден-бір бағыт десек болады. Байқауға категориясы жоғарылар 

ғана емес, кез келген жаңашылдығы бар мұғалім қатыса алады. Биыл 213 

мұғалім бақтарын сынады. Оның жетпісі ауылдық жерден. 

Біз әр фестиваль жүлдегерлерінің еңбектерін құрастырып жинақ етіп 

шығарамыз. Үздік жұмыстардың жаңалықтары, ерекшеліктері үлгі ретінде 

ұсынылады.

«Дарын» орталығында оқу-әдістемелік кеңес бар. Сол кеңесте жоспар 

бойынша 1-дәрежелі диплом иегерлерінің жұмысын қайтадан ғылыми 

кеңеске салып қарастырамыз. Кеңестің Білім және ғылым минстрлігі 

бекіткен  мүшелері  бар. 1-дәрежелі жеңімпаздардың   еңбектерін  жинақ   

Секция жұмысынан көрініс.

Р


58

www.kazektep.kz

логия, математика, физика, информатика, қазақ тілі мен әдебиет, тарих, 

құқық, орыс тілі мен әдебиет, ағылшын тілі пән мұғалімдері шеберліктерін 

ортаға салды. Үшінші бағытта мектепке дейінгі және  бастауыш білім беру 

педагогтері өзара сайысқа түсті. «Сабақ аяқталған соң…»  төртінші бағытта 

сынып жетекшілері, тәрбиешілер, қосымша білім беру педагогтерінің 

 

біліктілігі сарапқа салынды.



Сонымен қазылар алқасының шешімі бойынша Алматы қаласындағы 

М. Ганди атындағы  №92 мамандандырылған мектеп-гимназия дирек-

торы  Е.Жиенбаевтың «Астро-ғарыштық оқу-зерттеу кешенінің  ІТ және 

ғарыштық технологияларды игерудегі маңызы», Семей қаласындағы №37 

мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Г.Жұмақсанованың «Се-

мей өлкесінің қысқаша тарихы»,  Тараз қаласындағы дарынды балаларға 

арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернатының ағылшын тілі мұғалімі 

С.Айдарбекованың «Интерактивные методы обучения английскому языку» 

әдістемелік құралы,  Тараз қаласындағы №24 мектеп-гимназиясының  хи-

мия пәні мұғалімі Е.Пактың «Исследовательская деятельность учащихся на 

практических  занятиях по химии», Астана қаласындағы  дарынды балаларға 

арналған №9 «Зерде» мектебінің  математика пәні мұғалімі К.Тердікбайдың 

«Бағдарлы  оқытулар арқылы оқушылардың математикалық  дарынын, 

ой-қабілетін жетілдіру» бағдарламасы, Павлодар қаласындағы дарын-

ды балаларға арналған Абай атындағы №10 қазақ орта лицей-мектебінің  

информатика пәні мұғалімі Б.Нұрғазинаның «Ертегі әлеміне логикалық 

саяхат», Ақтау қаласындағы №24 орта мектебінің тарих пәні  мұғалімі 



Л.Қонбаеваның «Білім  беруді  жетілдірудің  заманауи үрдістері», Се-

мей  қаласындағы №9  «Айгөлек» балабақшасының музыка пәні мұғалімі 



Г.Корчевскаяның  «Как  дать  детям энциклопедические знания в области 

музыки»  тақырыбындағы жобалары  үздік  деп танылып,  бірінші  дәрежелі 

дипломдармен  марапатталды. Мұнымен  қоса  21 жұмыс  екінші дәрежелі,  

30  жұмыс  үшінші  дәрежелі  дипломдармен  марапатталды.

Фестивальге қатысушы педагогтердің дарынды балалармен жұмыс 

жүргізуде жеке кәсіби деңгейлерінің жоғары екендігі атап өтілді. Бұл да-

рынды балаларға арналған білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік 

қамтамасыз ету және «Дарынды балалармен жұмыс жүргізуге педагогтердің 

кәсіби-тұлғалық дайындығын қалыптастыру» тақырыбында тұрақты 

өткізіліп  тұратын семинарлардың, мектептер мен республикадағы да-

рынды балалармен жұмыс жүргізетін аймақтық орталықтар жұмысының  

нәтижесі десек артық айтқандық емес.

етіп, әр жеңімпаздың мектебінде республикалық семинар өткізіліп 

жұмысының нәтижесі талқыланады. Баламен қалай жұмыс жасайды, 

сабақтан тыс қалай жұмыс істеп жатыр, неше баласы оқуға түсті, неше ба-

ласы олимпиада жеңімпазы дегендей. Осының бәрі сол республикалық се-

минарда тағы да сарапталады.

Фестивальға қатысушы мұғалімдер.

Бұл фестивальдің республи-

калық кезеңіне әртүрлі  бағыт бо-

йынша педагогтердің оқушылармен 

жүргізетін оқу-тәрбие және сабақтан 

тыс қызметінің жеке және ұжымдық 

220 жоба келіп түсті. Жобалар мына-

дай бағытта қорғалды: «Білім берудегі 



менеджмент жүйесі» бағытында жал-

пы орта  білім беру ұйымдарының 

директорлары, директор орынба-

сарлары, білім  басқармасының 

және «Өрлеу» БКҰО АҚ маман-

дары, әлеуметтік педагогтер мен 

психологтер бақтарын сынады. 

«Әртүрлі сабақтар, бірақ әрқайсысы 

шеберлікпен құрылған...» бағытында 

химия, биология, география, эко-



59

www.kazektep.kz



45 минут

алауатты өмір салтын қалыптастыруда ұлттық ойындардың маңызы 

зор. Денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық ту-

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ 

САЛАУАТТЫ ӨМІРГЕ БАУЛУ 

Әйгерім ЖОМАРТОВА, 

№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінің 

дене шынықтыру пәні мұғалімі

ризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру салауатты өмір сүруге апаратын сара 

жолдар. Мәселен, кешкі тамақтан соң таза ауада бір-екі сағат серуен құрып 

ұйықтаудың пайдасы үлкен. Ұйқы 7-8 сағаттан  кем болмауы керек. Алланың  

табиғатты  адам  үшін жаратқанын және парыз еткенін,  тіршілігінде қажетіне  

дұрыс пайдалануды,  денсаулығына  зиян келмейтіндей  жағдайда болуын  

қадағалауды  салауатты  өмір  салты  деп  білеміз.

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғанымыз 

абзал. Оларға мыналар жатады: темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, 

есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, 

темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайда-

ланба, қайта көңіл көтеретін мәдени-көпшілік орындарына баруды әдетке 

айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден 

қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармай-

ды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның 

тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.

Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз ке-

рек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-

бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр 

жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем 

сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім 

қорқынышын елестетуі ойды бұзады.

«Денсаулық  – зор байлық, адам  бақытының  бастауы»   дейді  халқымыз. 

Ата-бабаларымыздың   бұл дана  ой-пікірі  талай  ғасырлар  белесінен  өтіп 

бізге жетіп  отырғаны шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан-асыр байлық 

екені рас, тек оған ие болу  үшін көп күш жұмсауымыз қажет. Денсау-

лық –  адамға бір-ақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке 

берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай 

тұрып іс - әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер 

қажет, онсыз  баянды  әрі  ұзақ  денсаулықты  сақтау  қиын.

Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық 

ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орай-

да соңғы жылдары бұл тақырыпта бірнеше ғылыми еңбектер жарық 

көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы 

әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. 

Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық 

ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.

Денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді сол 

бақытты  уысынан  шығармауға  тәрбиелеуіміз  керек.  Денсаулық –  сала- 

уатты   өмір   кепілі.   Осы   салауатты   өмір   кепілін,  оның  қыр-сырын              

білу – басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын 

ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын 

салауаттылық.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет