Əкем мен Анамның рухына, құрметіне бағыштадым!



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата03.03.2017
өлшемі1,8 Mb.
#6661
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

ЖАРАСЫМ
Мұрагер жүрсе ізіңде,
Тілегің қабыл болғаны.
Тіл қатпайсыз, Сіз мүлде
Тек Сізге аян, ол жағы!?
Амандық-саулық , ел тыныш,
Айтқанға оңай бəрі де.
Ағатай алғын кел тыныс,
Сол жарасар кəріге.
ЖАЛҒЫЗ ЖАМПОЗ
Ата қаздың қойқаңдауы көбейді,
Балапанға не дейді?!
Мама қаздың жақпай қойды жүрісі,
Өзін кімге теңейді?!
Ұясының кетті солай бірлігі,
Түлкі-қарсақ есепке алып жүр мұны.
Жем саларға шығып едім аулаға,
Жайрап жатыр бір күні.
Асқан састы, аңдыған жау келісті,
Ынтымақсыз ұя сəні теріс-ті.
Ата қаздың əулетінен бақ ұшты,
Тойлап жатыр түлкі-қарсақ жеңісті.
Өз бағыңды өзің қорлап тепсінбе?!
(Түлкі-қарсақ кетсін де)
Өз бағыңды қорлағаның тексіздік,
Бақыт құсы тұрақтамас тексізге!
(Баққа лайық жалғыз жампоз, тек, Сіз бе!?...)
* * *
Алғау қоғам,
Ала-құла, сұр күнім.
(Қарақшының халық сүймек ұрлығын)
Əн тілесең əз жырымды саяла,
Сəуле іздесең нұрлымын.
Шық жамылған шың басында бір шынар,
Соның өзі жыр шығар.
Өлең-жырды қазақ тастап кетті деп,
Екі бетін жел-жеңешем шымшылар.
Поэзия – періштелі таныс бақ,
Өсіп едің қарыштап.
Парасаттың падишасы, сұлтаны –
Барасың ба қазағымнан алыстап?!
СЕКСЕУІЛ ТЕКТЕС ҰЛТ ЕДІК
Жақсының бойы-жан ізгі.
Жаныма нұрын тамызды.
Айбалта бірақ неғылсын,
Атадан қалған аңызды.
Қабыртқа тұсы ашылып,
Ақ құмдар қалды басылып.
Тамырдан шауып талқан ғып,
Сексеуіл жатыр шашылып.
Бел берді міне беріктім,
Күлі де шықты көріктің.
Боз қаңбақ боздап жөнелді,
Үстінен аттап өліктің.
Сексеуіл сертке құл еді,
Серттесіп мың жыл тұр еді.

340
341
Тамырын шапқан ай балта,
Өзінен туған ұл еді.
Сексеуіл өлді селдіреп,
Өлгенім дұрыс енді деп.
Өзімнен шыққан мəңгүрттер,
Балтасын қайрап келді деп.
Қайдағы ойға берілдім,
Белімді жазбай егілдім.
Ауылға шауып қу надан,
Атаңа нəлет не білдің!?..
Надандар қаузап іргеден,
Болмадық жолдас кімменен.
Сексеуіл отқа құлады,
Жанарын алмай бір менен.
Наданның көрдік қорлығын,
Қазады бұған орды кім?!
Сексеуіл тектес ұлт едік,
Балташыл болды ол бүгін.
Жақсының бойы-жан ізгі.
Жаныма нұрын тамызды.
Айбалта бірақ неғылсын,
Атаңнан қалған аңызды.
ЖАУДЫҢ МАЛЫ СЕКІЛДІ
Қар жамылып қайысады күркешік,
Шатырлары қырық құрау, мың тесік.
Бай баласы
Балпаң-балпаң күледі,
Қарды анау келе жатқан кім кешіп.
Сирағынан аяз жалап шыттанған,
Тайқы маңдай бір татпаған құттан дəм.
...Маскүнем боп кетті – дейді, көрген жұрт,
Осы бала заманды ерте ұққаннан.
Құрбандығы əділетсіз майданның,
Көкірекке көріп тұрып қайғы алдым.
Шыныменен біз «жетіскен» екенбіз,
Жеткен жері осы болса байламның.
Қарға күлді,
Қара суық есірді,
Намазшам мен күтіп алдым бесінді.
Төрт құбыла түгел обыр, жебірмен,
Қазақстан –жаудың малы секілді.
* * *
Мамығын бұрқыратып мама қаздың,
Бұл жырды қалам қандап жаңа жаздым.
О, дəурен айтарыңды бізге айтқын,
Сағымы сайран көңіл ала жаздың.
Желбіреп жер түбінен ебелектім,
Еркемді аптап соқты, төбелеп күн.
Бақшасын баһар жырдың іздеп өткен,
Мен де бір қоңыр қанат көбелекпін.
 
Ер жеттік, етек жиып сырыңменен.
Салт-дəстүр, дінім таза, ырымменен.
Бұл күнде етек басты елім мынау,
Шаруасы бола қоймас жырыңменен.

342
343
КӨБЕЛЕКТЕР ШАМ ТҮБІНЕН ТАРАЙДЫ
Ал, айтпадым көргенімді жарайды.
Нұсқамадым алтын күмбез сарайды.
Түн көзінен
Ірің аққан көшеде,
Көбелектер шам түбінен тарайды.
Етегінде елдің ары былғанған,
Бикеш-тағдыр билігі жоқ шырғалдаң.
Қолтығында тұмсықтының тулайды,
Жем іздеген торғайдай боп қырманнан.
Көбелек-күз,
Ебелек-қыз намысым.
Жаратылған жан періштем жар үшін.
Құрсағыңды құрт жеп жатыр көрдің бе,
Қайда əлгі, «Самұрық пен Барысым!?.»
Қазақстан етегіңе ие бол,
Құрсағыңа кірін жақпақ, күйе қол.
Адал бақан ақ төріңнен құламақ,
Жүгір-жүгір, жұмыл-жұмыл сүйе бол!
Ағалаған, жағалаған елігім,
Күннен көрік, гүлден жерік ерінің.
Өз төріңде жауға төсек болдың ба,
Келімсектің керімін!..
...Елігім, елігім!
Елің менен қоса шайнап тастапты,
Қансырап тұр ерінің.
ҰЛЫҢДЫ КӨРСЕТ 
Отырар
1
 ойдың қазығы,
Жемсеген желдің азығы.
Неден де болды қасқаның,
Жайраған сүйек жазымы. 
Бабтардың бабы Арыстан,
Түркістан түпсіз ғарыштан.
Пердесін түріп тылсымның,
Періште менен жарысқан.
Дін араз, міне, ұлты дау,
Рухың лас, құлқы жау.
Тарихтан алған тағылым,
Ұлыңды көрсет, Жұртым-ау!?..
* * *
Өлеңім үлбіреген гүлім сынды,
Ғайыптан келіп жеткен бір үн сынды.
Көңілім көпке жайған алтын базар,
Кешегі керуен сарай Үрім
2
 сынды.
Жалғаған жаңа күнді ескіменен,
Талмау қыр, таранған күн, кешті көрем.
Жанымның жайлауында қалың қазақ,
Келемін күйме тартып бесті менен.
Ақ тілек, ақ арманның бəрі міне,
Елімнің көп бөлендім тəліміне.
Батаңды берші қазақ: «Құлыным!» – деп,
Бағаңды жеткізейін Тəңіріме.
1
 Отырар – Ескі Отырар қаласы.

Үрім – ежелгі керуен сарайы.

344
345
* * *
Қара дүрсін,
Қоңыр тірлік, көз торлады мұнары,
Есіл жігіт құлады.
Қауырсынын жастап жатыр табытқа,
Ата қаздың айдындағы сыңары.
Жоқтық деген
Керегеде кер жылан,
Мойын толған тұр əлі.
Қайран жеңгем қайғы шекті бұралды,
Жарық болсын жанын берген құл алды.
Хақтың құлы,
Аманатын тапсырды,
Əке орнына ер жеткізбек ұланды.
Шөгіп кетті
Қайран жеңгем қаралы,
Əне, тағы, қорым жаққа барады.
Жетімдерге
Көз сала жүр дегендей,
Маған үнсіз мейіріммен қарады.
Қайран жеңгем,
Беліңді бу, бекемден,
Хақ қаласа су астынан жетер дем.
Кімдер қайда
Айырылмай жүр дейсіз,
Жар мен туыс, не теңнен.
* * *
Не бітірдік!?..Ұят қысты, бет қызды.
Алдады ма тек бізді?!
Өз құйрығын көрмек болып бір тістеп,
Бала мысық таңды кешке жеткізді.
Көп елесті қуып келе жатырмыз,
Сарғайды, əне, тақыр күз.
Аппақ тірлік – аппақ қардай құбыла,
Қансонарға шақырды із.
Қансонарда бірді-біреу аңдымақ,
Мен де шықтым, жалғыз ат.
Бірін-бірі келеді аңдып дүние,
Арасында қалғып ап.
* * *
Көкектердің көмейінде сұмдық бар,
Бір-біріне сыбырлайды сыр ғып тал.
Безгек тілдің
Берен қылыш кескегі,
Бейкүнəні қылғытты ал.
Қалтыратып буындарын қарағай,
Құлап түсті жарамай.
Көкектерге ол да қызық айтарға,
Шулап кетті обалына қарамай.
Қарқылдады қарға құзғын жиналды,
Жинап қойды обал-сауап иманды.
Патшасы да тым «ақ көңіл» орманның,
Көкек айтса болды соған иланды.
 
* * *
Күннің іздеп бүр жарады жарығын.
Гүл толғайды – ар үнін.
Бүлкілдеген жүрегінің дүрсілі,
Дүниенің солқылдатты тамырын.
Бал бақшаның шырын дəмі таңдайда,
Кер жусан мен тал қайда?
Тағдырға мөр басылады бір рет,
Осы шығар жазылғаны маңдайға.

346
347
Алыс барып маңырады қыр үркіп.
Түсінбедім сырын түк.
Дүмше мысық
Ін түбіне көз сатқан,
Неге маған еріп келіп тұр ұрсып.
Қазақстан тереземнен үңілді,
Үнсіздіктен түңілді.
Тышқан қашты,
Мысық қуды, мен күлдім,
Сол бір күлкі жеңілдетті жүгімді.
* * *
Жасап алдың шоқтан мұң.
Сұра, енді, оттан құн.
Өз отыңа қанатыңды қақтадың,
Сойыл ұстап келе жатыр сотқар күн.
Ашып қара жүрегімді сенбессің,
Керегі жоқ енді ешкім.
Өмір жасап сезімдердің күлінен,
Жəне, оны ешкімге де бермеспін.
Өртенбесең, қайтер едің күймесең,
Өліп-өшіп сүймесең.
Салып алып бір бақыттың сұлбасын,
Көңіліңнің күймесімен сүйре, Сен!
* * *
Өлең іздер,
Өлең іздер өзгеше,
Бұл қазақтың ауруы бар сөз десе.
Өлең іздер
Жан біткеннен түңіліп,
Қу тірліктен қурап көңіл, төзбесе.
Өлең іздер,
Жыр жазайын, соларға,
Өлең өлсе, оның орны толар ма?!
Өмір деген
Жылатпайды кімдерді,
Жалғыз қалған жолаушыдай боранда.
Өлең іздер,
Өртін басып көрмекке,
Өлең өлсе, тірлік болмас жер-көкте.
Төрт құбыла
Түгел болмас ешқашан,
Мың күн тұрып, бір күн сынар шөлмек те.
Осы жырды,
Жастанып жат, тілекшің,
Жыр ішінде бүлкілдеген жүрекпін.
Тəңірімнен
Тілегіңді тілейін,
Сен өзің де бақытыңды күзеткін?!
* * *
Өте арзан өргеу пенде нарқыңыз,
Оған куə анау бүкір қартыңыз.
Базар шығып болған болсаң саудалап,
Қорымдарға тартыңыз.
Бəсін айтар тірлігіңнің махшарда.
Тауып алар тығылсаңда Қашқарға.
Желмаясы жетер бір күн ажалдың,
Таң сəріде, ақшамда.
Атақоныс – ақ парақтың бедері.
Ақ сөйлесін, десін жылап: «Ер» еді.
Дұға қылса шын пейілмен бір Қазақ,
Жалғыз сол ғой, керегі.

348
349
* * *
Ару елдің деп ем шашын өрген кім?..
Ауызыма құя салды өрден құм.
Тақуаға таяқ сілтеп күледі
Іңір салып, ібіліс пен төрден жын.
Жол-жөнекей құлап жатты нар талап,
Тына қалған, бұла жалған шар танап.
Мынау елдің обалы мен ырысын
Біреу алып бара жатыр арқалап.
 
Тəуелсіздік келіп еді қайда жүр!?
Жұлдыз біткен айға құл.
Хан-Атама айтып берем мен енді,
Мүмкін болар пайда бір!..
* * *
Дəл осылай талай ақын жырлаған,
Жырмен жырғап, мұңмен ырғап сырлаған.
Көк аттыға ермек болған ауыл тұр,
...Енді əрине, біздер жаман, кім жаман.
Тағы бізді тарпаң тарих жығып па!?
Ұлық қайда!? ...Қойшы!..Ол да ығып па?!
Жарғақ тон мен жауып қымтап кетіп ем,
Ауыл қалай?!..Қыстан аман шығып па?!
ҚАҚПА МЕНІҢ ҚОЛЫМДЫ
Жаңа өлең,
Ескі жоқтау ермегім,
Естігім кеп елеңдеймін ерден үн.
Жанартауын жайлап алдым өлеңнің,
Екіталай бермегім.
Жыр өртенсе,
Ізде мені сол маңнан.
(Өмір-базар арба сүйреп толған жан)
Қақпа менің өлең өрген қолымды,
Сəл былай тұр, олжамнан.
Базар батпақ
Жинатпайды ел есін,
Енді амал жоқ, келер күнге сенесің.
Бір бұрышта өңештер мен қарын тұр,
Ішіп алған атау менен кересін.
 
 
СОТТАЙМЫН
Мөлдіретіп жыр жазғанды қаладың,
Өмір анау, қара балшық нала-мұң.
Безілдейді қоңырауы қор күннің,
Бермесіне қолын салып сананың
Тартып алды бар құны мен құнарын,
Құлақ кесті құлға айналды Тұраным!
Сайқымазақ саясаттың құрбаны,
Тəй-тəй басып, бір Алла – деп құладым.
Көз жасыммен жүрегімді көп шайдым,
Қу күнімді қуырады оттай мұң.
Шемен-шермен шоққа басып кеудемді,
Өзімді-өзім соттаймын.
* * *
 
Тау жамылды қара бұлтты қалқалап,
Күй күмілжіп, болды сосын əн талақ.
Тар төсекке төсін басып жылады,
Жатқан ару шалқалап.

350
351
Ай жеңгесі төс түймесін ілгеді,
Бикешім-ай бұл да бақыт біл деді.
Тор ішінде екі торғай сүйісті,
Иелеп ап іргені .
(...Ғашықтардың білгені мен білмегі)
* * *
 
Алда мені, тағы аз күн алдағын,
Болса тағы алмағың!?
Үміт еткен қандай жақсы тірлікте,
Армандайық, кел ендеше, ал, жаным!
Мынау ғалам сенің тұтас арманың,
Шарықтағын, шарлағын.
Саған ортақ қара жер мен көк аспан,
Хақтан ізде бар мəнін.
Ақ жанымның азығы сол, Арманым!
 
* * *
Есенбісің ерке бұлақ сайдағы,
Құрақтардың қайда əні?
Құдайым-ау көрінбейді үкілі
Сыбызғылы, кер қамыстың айдары.
Есенбісің жалғыз ағаш жетімек,
Сені қимай кетіп ек.
Қабығыңнан бір қара бас құрт көрдім
Қабырғаңыз тұрған білем сетінеп.
* * *
Қай халықтың Құдай сүйсе қылығын,
Көп қылады білімін.
Кеудесіне шырақ жағып иманнан,
Тыныштығын күзетеді Ұлығым!
Ой кезеді орман сынды ұлдары,
Ашылады жыр бағы.
Мойынына бақыт келіп асылар,
Дүниенің құшақ жайып сырлары.
Аппақ уыз, аппақ арман адалым.
Иесі бол уақыт пенен жаңаның.
Өткеніңе арқа сүйеп алға бас,
Білім – Хақтан, қарағым!
ҚАНЖАР ДАЙЫН ДҰШПАНҒА
Сұлап жатыр бір сұңқар,
Қарасына Сіз де келіп тұрсыз ба, ал?!
Өлім барын біледі екен бұларда,
Иман ада нұрсыздар.
Əңгіме еді ұзақ бір,
Жүрегімде тоқсан тоғыс сызат тұр.
Тірісінде бəрі бірге кесектеп,
Өлгеннен соң жылап тұр.
Аяр сөзбен шаңытты,
Көз жастарын көп көрсін деп ағытты,
Ел Тұлғаны тұрмастай ғып табытқа,
Үш жерінен таңыпты.
Құспын дейді ұшқанға,
Құзғындарға құрсау салар күш бар ма!?
Сөзбен атты!..Түкіргенім бар менің!
Қанжар дайын дұшпанға.

352
353
* * *
Аттанайын өлең менен құйып əн,
Жүрегіңді бер елім.
Күміс сəуле дір-дір етіп ұйыған,
Тəңірімнің қарашы енді шеберін.
Жан сəулесін жүзік қылдым қолыңа,
Таңмен талас сұлу-ды.
Ғұмырымды арнап өттім жолыңа,
Алтын шатыр құрулы.
Алтын шатыр, өлең-өрнек күміс-ті,
Безенгенім, таққаным.
Суарылған ақ қаламым-қылышты,
Шарға салмай жатпады.
Қызыл тілдің бас кеспегі бар сынды,
Тіл кеспегі жоқ дейді.
Көрдік өмір заманың мен зарпыңды,
Табан асты шоқ дейді.
Жан қайтсада райлап,
Сөз қайтпайтын – оқ дейді.
* * *
Дидарымнан самал өпті еппенен,
Осы ерін, ыстық сезім жетпеген.
Көзін алмай қарап қалған əлемге
Мен де сіңіп кеткен ем.
Сорғалайды уыз арман, бал үміт.
Үміт нұрын кірпігіңе қал іліп.
Сəлден соң– ақ күн шығыстан таң атты
Оята алмай жалынып.
Əз жаныңды əсем гүл мен тал ұқсын,
Тегің сұлу, өзің ару халықсың.
Бұлақтардың бұрымынан сүйрелеп,
Қайда кетіп бара жатыр алып кім?!..
Жүзімді кеп
Сүйіп жатыр аппақ таң,
Жүрегімнің лүпілінен танып күн.
ІЗДЕР
Сұлусиды судан өзін тал қарап,
Сыңғыр-сыңғыр су күледі алдамақ.
Кəрі ағаштың кеңірдегі сорайып,
Күреңітті күнге біткен аңғалақ.
Селдірейді жапырақтар біртіндеп,
Жұлып алған кім күндеп?.. Өсіп еді үлпілдеп.
Анау жолы
Отап шықты бəрінде,
Сасық теке діңкілдеп.
Көк күледі күншіл неме шіркін деп.
Жел жеңешем жолаушыны жүр тілдеп.
Аспан көзін
Шел қаптапты қызарып,
Батар күннің бұғақтары іркілдеп.
Арпалыстық,
Арман қуып алдандық,
Енді соған отыр менің күлкім кеп.
Сайқал самал
Қолтығымнан түртеді,
«Тұр!.. Тұр!..» – деп.
Барсыңыз ба жалғаншыда сіз деді,
Көшкен бұлттар жоқпыз мəңгі біз деді.
Қарғыс атқан дүниенің көзінде
Жоқ пен бардың сайрап жатыр іздері.
ОЙНАП ЖҮР...
Көрмедім көңіл алдар бүтін жалған,
Жұтаған бақ сұрап жүр жұтылғаннан.
Көк аспан көзің соқыр, тілің мылқау,
Үндемей құтыласың құтырғаннан.
Тау біткен асқақтығын сатып жеген,
Біледі құл мойынның бəсін көген.

354
355
Босқа өткен қайран уақыт
Қалғып-мүлгіп,
Ойнап жүр біздің қазақ ғасырменен.
Жалқаудың мен де бірі желідегі,
Желігіп жел сөз айттық «Сері» деді.
Баласы ендігінің бізден де өткен
Оқуға жазған жырды ерінеді.
Одан соң кім туылмақ алашыңнан
Рухың құлап жатыр қара шыңнан.
Көк туды көкке қарай көтереді
Ақ үйлер ауызы май дарасынған.
* * *
Жан Алласын жаным тапсын, іздесін.
Жан жүрегім сізге сын.
Халық байлық – халал ерген ізінде,
Алып кетіп жатыр дейсің кім несін!?
Халық қалар сен кеткенде үзіліп,
Алды иман, ізі құт –
Болсын дейді тізіліп.
Тəн шіриді бұзылып,
Жан мекенін тапқан-ды,
Шынтағынан шың сүйеп, қолтығынан құз іліп.
Елің сенің ертеңгі күн жоқтаушың,
Дүниені қуа берме қызынып.
КИІКТЕР
Қу таяқ қара сырық,
Қу тақым дала шіріп.
Өліпті ақ киіктер,
Күйе мен қара сіңіп.
Киесі кеткен-дағы,
Өлді ме тектен бəрі.
Айдамай аранға кеп,
Ажалы жеткен дағы.
Тылсымның сыры-дағы,
Бірі сəн, бірі нəрі.
Ниетің ластанса,
Киігі қырылады.
Қан болдық қара талақ,
Кім қалды арашалап.
Сен де бір ақ киіксің,
Басыңнан тараса бақ.
БІЗДІҢ ҚҰСТАР
Мен ердім,
Құс атарым жақтырмады.
(Ақынды аңшыменен тап қылғаны)
Кесек боп маған тиіп жатыр əне,
Үркітіп қырғауылға лақтырғаны.
Аядым дегелегін, бөденесін.
Құл мезгіл құсшы даттап не демесін.
Қонысын сайдан сайлап өңкей мерген,
Қосынның жайып қойған керегесін.
Көлден қаз
Көңілден саз жымға қашты,

356
357
Көл көзін көрмейін деп тырнап ашты.
Топ торғай тонын киіп,
Əлін жиып,
Тасалап тал біткенді зырлап асты.
Шөл дала,
Анау тұста айдыны бар.
Болармыз құс біткенге қай күні зар!?
Ұлт едім ұя басқан аққулар кеп,
Бұл күнде айдынға да қайғы құмар.
Бір-бірін тасалайды шіл мен шілік,
Болады қатер содан, кімнен күдік.
Не дейсің иесіз ел,
Киесіз көл,
Кеткесін тілден тінің, ділден ғұрып.
Есемнің есебі жоқ, құны қараң,
Өңкей жат құрып алған ұлы қаған.
Құстардың түймешедей жүрегі айтты,
Мергеннің қазанынан мұны маған.
Мені де сыйлаған боп бауырсыды,
Ұйқыда...Белгілі ғой ауыл сыры.
Мергендер кетті ертесі елдеріне,
Ал, маған, қалды құстың қауырсыны.
ҚОНАҚПЫЗ
Сұлу жыр іздеп шөлдедім,
Сыланып шықты өрге күн.
Көлеңке тектес көп үйік,
Отырған анау төрде кім!?..
Төрдегім менің – өр дедім,
Өр жаным толған мөр менің,
Аңқасы кеуіп аңырап,
Су сұрап тұрған шөлде кім!?
Шөл менің – қансыз тамырым,
Алтыннан еді əдібім.
Жемсауға түскен жемітпін,
Табанға түскен тарымын.
Өр дедім – олай болмады,
Өлекшіндерді қолдады.
Дəмелі жұрттың – үміті,
Дəруіш көрсең жол дағы.
Қонақпыз мынау жалғанға,
Жалғанға көңіл қалған ба?!
Көп үйік көрдік дейміз бе
Махшарға ертең барғанда.
Үйік те сайын бір қарға
Жалықтық сосын жырдан да.
Өкпеміз біздің көп айтар
Өзіңмен өткен жылдарға.
Құдайдың бізде пақыры,
Ағайын ала, жат ұры.
Қонақ боп келіп отырып,
Қой болып кеттік ақыры.
* * *
Қарғам-ау неге жыладың
Əлемнен қымбат бір əнің.
Ағаның жаны – ақ жайлау
Жылама менің шырағым.
Бағалар жан жоқ басыңды,
Даттауға дайын асылды.
Тек өзім сүртіп берейін
Көрмесін өзге жасыңды.
Жаным бір сендік күзетте,
Шомылдым кəусар ізетке.
Тəңірдің өзі зəру-ді
Жылайда білер жүрекке.

358
359
ТАУ БОЛУ ДЕГЕН
Қабырғасын кескілеп қалжа қылған мың ғасыр,
Қыран шертер шыңға сыр.
Шырқыраған тау көрдім келеді көкке кеткісі,
Бұйдасын бермес бұл да сыр.
Əдіра қалғыр тірліктің тау көрген білем қорлығын,
Жылауын қара сорлының.
Жарықтық қайтсін көп тұрды жасыннан сайлап қанжарын,
Жан пида болмақ ол бүгін.
Тау болу деген оңай ма, етегің ел де, төбең бұлт.
Төзімді өтер көген қып.
Алатау – анау ақ самай, Қаратау – мынау қайғылы,
Көргенін жатыр өлең ғып.
* * *
Ауыл қайда ақ көңілі нұрланған,
Күлкісінен бау мен бақша бүр жарған.
Сен оны да жермен жексен қылдың ба
Əділетсіз сұм жалған.
Көген қайда қозыларым байланған,
Уыз еміп ұрты ақ пен майланған.
Тəуелсіздік алды дейді біреулер
Көрдіңіздер қай маңнан?!..
Бота қайда желідегі үлпілдек,
Күбі қайда шұбат толы күрпілдек.
Қазағымның көңіліндей далам-ау
Құлазиды біртіндеп.
Қайтем енді көп қатырып басты кеп,
Өксігіммен кеміремін тасты жеп.
Қурай жастап қу төбеде қалғимын
Сырласуға жақсы деп.
* * *
Шағыл кешіп бара жатыр сорлы күн,
Кімге айтады,
Кім байқады қорлығын.
Жылай-жылай жылға асып кетпекші
Ол бүгін.
Айдан қайғы,
Күннен қайғы жер талақ,
Қыдыр күтіп, қылмайды енді, ер талап.
Жаназасын шығарайық бір күннің
Шер жалап.
Ноқталы бас көнер-көнбес байлаулы,
Кімдер əділ шешіп жатыр қай дауды.
Бұлбұл көңіл бұрынғыдай қойыпты
Сайрауды.
Ақ шағылдың ақ самайы күмістен,
Əрең-əрең əлін жимақ тыныспен.
Кенезесі кеуіп өлді жолаушы
Шығып еді бір іспен.
ӨЛЕСІҢ ҒОЙ БАЛАПАНЫ ҚАСҚАНЫҢ
Жел ұлиды жер мен көктен түңіліп,
Жаңғырады ескі жұрттан ұлы жұт.
Бір қария көзін сүртті кемсеңдеп,
Үні шықпай құмығып.
Таралғысын тартып көріп ғұмырдың,
Маңдайыма қамшыменен бір ұрдым.
Жетім көңіл жесір бұлақ сыңсыған,
Желідегі құлынмын.

360
361
Жанарымнан жанның мұңын көрдің бе?
Керегі жоқ алтын тақ пен төр мүлде.
Тағы бір күн басын салды батысқа,
Шыныменен сөндің бе!?
Жапырақтар жармасады ағалап,
Ақ қайың тұр қос бұрымын тарап ап.
Қайран өмір тоз-тоз болған көп үміт,
Бірін-бірі қаралап.
Босағасын боз күндердің аттадық,
Қайталадық, қара өлеңді жаттадық.
Жүрек байғұс адал еді, ақ еді,
Алдық, міне, басқа ғып.
Ақ параққа ноқат болып сызылдым,
Өшіреді өрт сезімнің ізін кім?!..
Уыз едім уылжыған бір кезде,
У-ға айналып бұзылдым.
У дарыған өлеңімнен татпағын,
Өлесің ғой балапаны қасқаның.
Тарлық етіп бара жатыр соңғы кез,
Қара жер мен аспаным.
Осы екен ғой,
Өмір атты сұр қамал,
Қанып ішпей,
Қаталадық нұрдан ал.
Жанып-күйіп сексеуілдің шоғындай,
Күлім қалды құрғап ал.
Желмен бірге бұрқыраған күл едік,
Күл ішінде күлген болып жүрелік.
Сайғақты сай, моласынан бағзының
Көр қарайды түнеріп.
* * *
Жасыл құрақ жамылып ап жағалы,
Өзен толқып ағады.
Өз бағыты сол баяғы арнасы,
Жақындасаң жанға моншақ тағады.
Сыңғыр-сыңғыр күлкісінде тəттілік,
Мөлдірейді көздеріне бақ тұнып.
Сақтап қалған сара жолдан айнымай,
Ағып жатыр талды тербеп, тасты үгіп.
Толқындардың еріндері үлпілдеп,
Сүйіп алар мұнда қайдан жүрсіз деп.
Өзендерге өз еркімді бере сап,
Құшағына қойып кетем үнсіз кеп.
ЖҮРЕКПЕН САНАСЫҢДАР
Аққумын шалғайдағы,
Шақырған əн майданы.
Əн деген – əлди өмір,
Əжемнің балқаймағы.
Жан-кəусар
Сазым менің,
Рас па сарғайғаны!?
Келеді
Керім күндер,
Кестелі сезім гүлдер,
Гүлімді мақтан қылдым,
Үкілеп аттандырдым,
Үнімді шалғайдағы.
Қауырсын қанатым бар,
Сыншысың,
Сыралғысың,
Сəуегей данасыңдар.

362
363
Сен мені
Естисің бе?
Сендейлер көп дейсің бе?
Қалғыған қара шыңдар.
Көкмойын көлден едім,
Орным бар төрде менің,
Əнімді таратыңдар.
Жан білмес жарасым бар.
Жан-лəззат аласыңдар.
Қаңқылдап қаз боп ұшып,
Қай жаққа барасыңдар.
Мен сүйдім
Əр қайсыңды,
Əдемі дарасыңдар.
Əлпештеп жыр өсірген,
Жүрек пен санасыңдар.
...Санасыңдар?!
Аралап өмір гүлін,
Құс болып келіп жүрмін.
Самал боп сайын қырда,
Əн шырқап беріп жүрмін.
Қалғыма қан жүрегім,
Əн сүйген балғын едім.
Шалқыған шарайнасы,
Шаракөз əн айнасы,
Айдыным қалды менің.
Айдыным мөлдіреген,
Аққуы селдіреген.
Аңқасы жыр деп кепкен,
Арманы бүрлеп көктен,
Кірпігін қамастырып,
Кіл ару талас қылып,
Пəк сүйіп
Періштедей,
Кетпеймін өрістемей,
Бəріңді қазақ қылып.
Ақ қанат өлеңдерім,
Параққа көгендедім.
Əн менің – ақ арманым,
Жыр менің – жан ардағым,
Күй менің – шежірем-ді,
Тал бойым сезім енді,
Жаныңмен сезін енді.
Сəулемін жарқыраған,
Сəулесін таң сұраған.
Ел сүйген ермін ерен,
Көк тумын желбіреген!
Байлап көр шамаң жетсе,
Сағасы сонау көкте,
Сарқылмас мен бір өлең!
* * *
Ұша ғой көкке, жаным ұш!
Көк аспан неткен сағыныш.
Не дейін саған жолаушы,
Ақын да сендей дəруіш.
Жанарын қара мұң басқан,
Жанымен кім бар сырласқан!?
Жалғыз-ақ оның сырласы,
Қара жер менен пірлі аспан.
Бұлттармен бірге жөнелдім,
Бумасын шешкен өлеңмін.
Көк аспан көздің құрты едің,
Көп жүріп жерде не көрдім?!

364
365
* * *
Қарайсың қалқам қалжырап,
Кім білер оны, ал, бірақ?
Көзіңнің жасы күйдірген,
Жанымда менің қалды дақ.
Күн болып жүзіп көктегі,
Көзден де ғайып шеттеді.
Құлазып қалды бұл ауыл,
Ерке қыз елден кеткелі.
Өртеніп жұлдыз тамған-ды,
Тағдырға аз күн алданды.
Кеткенге қолын бұлғайды,
Кім аяр үнсіз қалғанды?!
* * *
Тұншығып жүріп жырладың,
Тылсымын жырдың тыңдадым.
Бозторғай көңіл теріп жүр,
Шашылған күннің қырманын.
Қайтесің енді жан-жырым,
Жырыңның ашқын сандығын.
Қол созсын маған қанеки,
Өлең бір жетпей қалды кім?!..
* * *
 
Қартайды қалың ормандар,
Қалтырап дір-дір қарағай.
Сарғайып барып солғандар,
Жалғызын күткен анадай.
Еменнің белі бүгілген,
Қайыңға біткен сəн қайда.
Кəрі дің қаусап үгілген,
Жел соқса құлап қалмай ма?!
Опасыз жалған күліп тұр,
Оңтайын тауып құлатпақ.
Көңілім көкке ұлып тұр,
Көп күнім алыс ұзақтап.
Жанымның бұлты жамырап,
Себездеп көзден шық тамды.
Ойласаң тірлік бəрі жат,
Кезегі менен жыққанды.
* * *
Қарағай, қайың, көк талым,
Саяңа келіп тоқтадым.
Тірілей күйіп өртендік,
Тірліктің іздеп жоқ мəнін.
 
Тасым жоқ маңдай соқпаған,
«Досым» көп мылтық оқтаған.
Көз жұмып құзға қол создым,
Жерім жоқ жасып тоқтаған.
* * *
Дүркіреп көшті дүйім көп,
Тарқады той да түйін боп.
Қоңыр жел есті содан соң,
Қоштасқан үнсіз күйім боп.
Аз ғана сəтке алдандым,
Айығып шер мен жаннан мұң.

366
367
Сағыныш толы жұпардың,
Самалын жұтып қалғанмын.
 
Біз татар енді бал қайда,
Атізін ару салмай ма?!
Көңілге мөрлеп дидарын,
Қызғалдақ кетті шалғайға.
* * *
Бір менсіз өмір құнсыз ба?
(Мұң айтып нем бар мұңсызға.)
Қарайсың үнсіз қарагөз,
Қанжылап Сізде тұрсыз ба!?
Күн күліп көктен қарай ма?!
Сен де қал күліп жарай ма!?
Бір жүрмек жоғын білген соң,
Қоштасқан дұрыс алайда.
Көңілдің үнсіз тілі бар,
Өкпешіл, өртшіл міні бар.
Сағыныш деген дерттің де,
Лəззаты барын біліп ал.
* * *
 
Əлди де – əлди жан жырым,
Көтергін елдің бар жүгін.
Сенен де басқа тірі жоқ,
Өткеннен, сірə, қалды кім?!
Обал-ай жасап бардан жоқ,
Қанша жыр қауыз жарған жоқ.
Өлеңмен бір күн дос болып,
Өлген де жанда арман жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет